Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / "Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер"

"Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы
“Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер”
Осы сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме? Сыныпта қандай оқушылар жи...
Оқыту ортасында мұғалім тұратын сынып Оқыту ортасында оқушы тұратын сынып Мұ...
ДЖИГСО Жалпы сипаттама Бірқатар сұрақтармен жұмыс істеудің құрылымдық әдісі,...
АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ Жалпы сипаттама Мәселені барынша мұқият талқылап, баланы...
ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК Қалыптастырылатын дағдылар: басқалармен жұмыс; ойлау, ш...
СТИКЕРДЕГІ ДИАЛОГ Жалпы сипаттама Көпшілік алдында «сөз сөйлеу» қажеттілігі ж...
ҮШ ҚАДАМДЫҚ СҰХБАТ Мақсаты: Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі...
ПАЗЛ Қалыптастырылатын дағдылар: ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу; бірл...
2. Оқушыларға пазл бөліктері таратылады. 3. Оқушылар өз пазлының бөлігі бар...
БЕС СҰРАҚ Қалыптастырылатын дағдылар: ойлау, шешім қабылдау; ақпараттарды бас...
ӘУЕ ШАРЫ Қалыптастырылатын дағдылар: басқалармен жұмыс; ойлану, шешім қабылда...
2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріле...
ЫСТЫҚ ОРЫНДЫҚ Қалыптастырылатын дағдылар: басқалармен жұмыс; креативтілік; ой...
5. «Ыстық» орындықтың тақырыбы жел электр стансаларын пайдалану, адамдарды кл...
БББ (Білемін – Білгім келеді – Білдім) Қалыптастырылатын дағдылар: ақпаратты...
Дарынды және талантты балаларды сыныптағы жұмысқа жұмылдыру жөніндегі жалпы ұ...
«Бағдаршам» әдісі Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу...
«Бас бармақты жоғары көтеру» әдісі Бұл оқушылардың жауаптарын жылдам қарап шы...
Ауызша кері байланыс Кері байланыс үш бағытта жүреді: • Мұғалімнен оқушыға –...
1 из 20

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 “Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер”
Описание слайда:

“Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер”

№ слайда 2 Осы сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме? Сыныпта қандай оқушылар жи
Описание слайда:

Осы сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме? Сыныпта қандай оқушылар жиналған, мысалы, қабілеттері сен қабылдау деңгейлері әртүрлі, саны, жынысы және т.б. Жекелеген оқушыларда жоспарлау барысында ескерілуі тиіс белгілі бір мұқтаждық, өзіндік мән-жайылары бар ма? ?

№ слайда 3 Оқыту ортасында мұғалім тұратын сынып Оқыту ортасында оқушы тұратын сынып Мұ
Описание слайда:

Оқыту ортасында мұғалім тұратын сынып Оқыту ортасында оқушы тұратын сынып Мұғалім “білім көзі”ретінде Мұғалім білімнің ұйымдастырушысы ретінде Мұғалімбалалар үшін “орындаушы” ретінде Мұғалім жәрдемдесуші “дәнекер” ретінде Оқушылар – білімді “енжер” алушылар Оқушылар белсенді және бірлескен Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар сұрақ қояды Оқушылар “шектен тыс қамқорлыққа алынған. Оқушылар өздернің рефлексивті оқуы үшін жауапты болады. Оқушылар бір-біріне бәсекелеседі Оқушылар оқу үдерісінде бірігеді Оқушыларөз пікірлерінбілдіреді. Оқушылар өзгенің пікірлерінбелсенді тыңдайды.

№ слайда 4 ДЖИГСО Жалпы сипаттама Бірқатар сұрақтармен жұмыс істеудің құрылымдық әдісі,
Описание слайда:

ДЖИГСО Жалпы сипаттама Бірқатар сұрақтармен жұмыс істеудің құрылымдық әдісі, сонымен қатар ұжымдық жұмысқа ықпал етеді. Сыныпты жоспарлау 3-4 адамнан тұратын топтарға арналған контейнерлер бөлме ішінде қойылады. Жұмыс алгоритмі «Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі. • Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі. • Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе төрт тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. • Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады. • Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына» сүйенуін қамтамасыз ету.

№ слайда 5 АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ Жалпы сипаттама Мәселені барынша мұқият талқылап, баланы
Описание слайда:

АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ Жалпы сипаттама Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс. Сыныпты жоспарлау Нақты ештеңе қажет емес. Жұмыс алгоритмі Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді. Ақылдың алты қалпағы (Де Боно) Ақ қалпақ: деректер мен шынайы ақпаратқа негізделген бейтарап ұстаным Қызыл қалпақ: болжам, интуиция, ішкі сезімдерге негізделген эмоциялық ұстаным Қара қалпақ: «кері» (негатив) дәйектеуге негізделген сыни, сараптамалық ұстаным Сары қалпақ: болашаққа сенімге, жағымды (позитивтік) дәйектеуге негізделген оптимистік ұстаным Жасыл қалпақ: келешекті, өсу мүмкіндіктері мен жаңа идеяларды анықтайтын креативті ұстаным Көк қалпақ: жоспарлы әрекет, нақты ұйымдастыру, бақылау мен міндетті түде шешім қабылдауды көздейтін салқынқанды ұстаным.

№ слайда 6 ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК Қалыптастырылатын дағдылар: басқалармен жұмыс; ойлау, ш
Описание слайда:

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК Қалыптастырылатын дағдылар: басқалармен жұмыс; ойлау, шешім қабылдау; өзін өзі басқару. Жалпы сипаттама Бұл әдіс жекелеген адамдар не оқушылар тобы арасында сындарлы өзара бағалау жүргізуге арналған. Өзара бағалаудың аталған техникасы оқушыларға өз жұмыстарын бағалау және жақсарту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Ол оқушыларға тапсырмаларды орындаудың әртүрлі тәсілдері мен қорытындыларын көруге, нәтижесінде болашақ жұмысты өзгертуге мүмкіндік береді. Сыныпты жоспарлау Оқушылар бөлмеде әртүрлі топтар ішінде кезектесіп ауысып отырса дұрыс болар еді. Немесе топтағы оқушыларға жұмыс үлгілері беріледі. Жұмыс алгоритмі Оқушылар тапсырманы орындауды бастамас бұрын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін (төмендегі 3-тармақты қара) пайдалана отырып, өз жұмыстарын қарай алады. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар басқа адамдардың жұмысын қарап шығу үшін бір топтан екінші топқа ауыса алады. Балалардың қолдарында стикерлер бар. Өздері қараған әрбір жұмыс үшін оқушылар, өздерінің пікірінше, ұтымды шыққан екі аспектіні және қарастырылған жұмысты жақсартуға бағытталған бір тілек жазады. Бұдан кейін оқушылар басқалардың стикерлерге не жазғандығын оқу және талқылау үшін өз жұмыстарына қайтып оралады. Бұдан кейін олар өз жұмыстарындағы жұлдыздар мен тілектердің тізімін жасайды да, өз жұмыстарын келесі жолы жақсартуды қалай жоспарлайтындығын қысқаша түрде сипаттап жазады.

№ слайда 7 СТИКЕРДЕГІ ДИАЛОГ Жалпы сипаттама Көпшілік алдында «сөз сөйлеу» қажеттілігі ж
Описание слайда:

СТИКЕРДЕГІ ДИАЛОГ Жалпы сипаттама Көпшілік алдында «сөз сөйлеу» қажеттілігі жоқ ашық пікірталас жүргізу арқылы визуалды, кинестетикалық және тыңдау аспектілерін дамытудағы тиімді әдістердің бірі. Талқылауға арналған маңызды тақырыптың болғаны жақсы. Сыныпты жоспарлау Әр оқушыға стикерлер, жүріп-тұруға арналған орын қажет. Жұмыс алгоритмі Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық: қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды үстелдің үстіне қоюға болады. Оқушылар оларды оқып, стикерлерге өз ойларын жазып қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. Оқушылар стикерлерде өз пікірлерін/эмоцияларын білдіре алады.

№ слайда 8 ҮШ ҚАДАМДЫҚ СҰХБАТ Мақсаты: Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі
Описание слайда:

ҮШ ҚАДАМДЫҚ СҰХБАТ Мақсаты: Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі. Сыныпты жоспарлау Сыныптағы оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Сыныпта шағын топтармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалуы керек. Жұмыс алгоритмі Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В. 1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады. 2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады. 3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

№ слайда 9 ПАЗЛ Қалыптастырылатын дағдылар: ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу; бірл
Описание слайда:

ПАЗЛ Қалыптастырылатын дағдылар: ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу; бірлескен жұмыс. Жалпы сипаттама Бұл әдіс жаңа топтар үшін «мұзжарғыш» ретінде, командалық тапсырма, ақпарат жинақтау құралы ретінде, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе алдағы жоспарлау, шешім қабылдау немесе егжей-тегжейлі пікірталас жүргізуге түрткі болатын, жетелейтін алғашқы қадам ретінде қолданылуы мүмкін. Ол сабақтың қызықты өтуіне ықпал етіп, балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Осы әдіске ұқсас тапсырма қажет болса, «Ойтамыздықты» қарауға болады. Сыныпты жоспарлау Оқушылар пазлдың келесі бөлігін табу үшін кабинеттің ішінде еркін жүрулері керек. Сондай-ақ алдын ала бөлінген топ өз пазлдарын партада жинастыра алады. Жұмыс алгоритмі 1. Мұғалім үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасайды. Оны А4 форматты қағазда/жұқа картонда жасап, содан кейін кесуге болады немесе арнайы бағдарлама пайдаланылады.

№ слайда 10 2. Оқушыларға пазл бөліктері таратылады. 3. Оқушылар өз пазлының бөлігі бар
Описание слайда:

2. Оқушыларға пазл бөліктері таратылады. 3. Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді. Пазлдар, мысалы, әртүрлі түске боялуы мүмкін. 4. Оқушылар өздерінің кездейсоқ топтарын тапқаннан кейін, олар командада жұмыс істеп, пазлды құрастырады және тапсырманы орындайды. 5. Жарыс элементін қосу мақсатында мұғалім регламент орната алады. 6. Тапсырма орындалғаннан кейін жауап алу жүргізіледі. 7. Бұл тапсырмадан кейін қосымша тапсырма ретінде «Идея іздеушіні» өткізуге болады.

№ слайда 11 БЕС СҰРАҚ Қалыптастырылатын дағдылар: ойлау, шешім қабылдау; ақпараттарды бас
Описание слайда:

БЕС СҰРАҚ Қалыптастырылатын дағдылар: ойлау, шешім қабылдау; ақпараттарды басқару. Жалпы сипаттама Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады. Жұмыс алгоритмі Үлкен қағаз бен маркер керек. Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады. Ұсыныстар оқу плакатында жазылады. Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады. Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.

№ слайда 12 ӘУЕ ШАРЫ Қалыптастырылатын дағдылар: басқалармен жұмыс; ойлану, шешім қабылда
Описание слайда:

ӘУЕ ШАРЫ Қалыптастырылатын дағдылар: басқалармен жұмыс; ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу; ақпаратты басқару. Жалпы сипаттама Бұл әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сыныпты жоспарлау Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында жұмыс істей алады. Жұмыс алгоритмі 1. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі.

№ слайда 13 2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріле
Описание слайда:

2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі: - Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар. Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады. Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторларды жазады. Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді. Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады. 3. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады. 4. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты қосымша тәсілдерді пайдалануға болады.

№ слайда 14 ЫСТЫҚ ОРЫНДЫҚ Қалыптастырылатын дағдылар: басқалармен жұмыс; креативтілік; ой
Описание слайда:

ЫСТЫҚ ОРЫНДЫҚ Қалыптастырылатын дағдылар: басқалармен жұмыс; креативтілік; ойлау, шешім қабылдау. Жалпы сипаттама Бұл шығармашылық рөлдік тапсырма белгілі бір мәселені талқылауға және ақпарат алмасуға көмектесетін тиімді құрал болуы мүмкін. Сыныпты жоспарлау Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Болмаса барынша жайлы пікір алмасуға жағдай жасау мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады. Жұмыс алгоритмі Оқушыларға белгілі бір персонаж беріледі немесе олардың өздері қарастырылып отырған мәселеге қатысы бар рөлді ойлап табады. Оқушылар рөлді топта немесе жеке қарастырып, талдайды. Топтағы басқа оқушылар «ыстық» орындықта отырған адамға қою үшін күрделі сұрақтарды дайындайды. Талқыланатын кейіпкер «ыстық» орындыққа отырып, сыныптастары оған сұрақ қоя бастайды. Бұл оқушыларға адамның қиналысын сезініп, өздері келіспейтін көзқарасты, пікірді қалай қабылдайтынын түсінуге көмектеседі.

№ слайда 15 5. «Ыстық» орындықтың тақырыбы жел электр стансаларын пайдалану, адамдарды кл
Описание слайда:

5. «Ыстық» орындықтың тақырыбы жел электр стансаларын пайдалану, адамдарды клондау, Ирактағы соғыс сияқты проблемалар немесе идеялар болуы мүмкін. Бұл тәсілді пайдаланғанда сыныптағы кез келген оқушы жауап бере алады. Жаттығудың аяғына қарай мұғалім «ыстық» орындыққа отырып, өзінің пікір/көзқарасымен бөлісе алады. 6. Бұл тәсілді пайдалана отырып, құпияны ашу ойынын ойнауға болады, ол жағдайда оқушылар «ыстық» орындықтағы адамның кім екенін табулары қажет. 7. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоюға болады: олар не білді, оларға не қызықты болды, «ыстық» орындықтағы адамның айтқандарынан олар бірнәрсеге қатысты дау айта алды ма. 8. Мұғалім топтың білім деңгейіндегі қандай да болмасын кемшіліктерді бағалап, өз ісінде нені ескеру қажет екенін анықтағаны пайдалы болады. Оқушылар қаралатын мәселеге қатысты алдағы жұмысты жоспарлау үшін «БББ» шәкілін қолдана алады. 9. Оқушыларға қосымша жарыс ойыны ретінде зерделеуге арналған тақырып немесе персонаж беріп, содан кейін олар еш кедергісіз, әрі бір-бірін қайталамастан сыныппен барынша толық мәліметпен бөлісуі үшін «ыстық» орындыққа бір минутқа отырғызу керек. Егер кімде-кім ережені бұзса, оқушылар ол адамды ойыннан шығара алады.

№ слайда 16 БББ (Білемін – Білгім келеді – Білдім) Қалыптастырылатын дағдылар: ақпаратты
Описание слайда:

БББ (Білемін – Білгім келеді – Білдім) Қалыптастырылатын дағдылар: ақпаратты басқару; өзін өзі басқару. Жалпы сипаттама Бұл әдіс оқушылардың өздерінің қазіргі білім деңгейін, оларда қандай олқылықтар бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға және зерттеуден кейін қандай жаңа ақпарат зерделенгенін талдауға арналған стратегия ретінде пайдаланылады. Бұл әдіс игерілген білімге негізделеді және командалық жұмыс пен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Жұмыс алгоритмі БББ кестесіндегі «Білемін» бағанына оқушылар олардың белгілі бір тақырып немесе сұрақ бойынша нені білетінін жазады. Егер оқушылар топтарда жұмыс істейтін болса, олар өздерінің бірлескен жауаптарын кестеге жазбай тұрып, алдымен «Стикер» тапсырмасын өткізе алады. Содан кейін оқушылар «Білгім келеді» бағанына не білгілері келетіндігі туралы жаза отырып, өз білімдеріндегі олқылықтар туралы ойланады. Тақырыпты меңгеру үдерісі аяқталғаннан кейін оқушылар соңғы «Білдім» бағанын толтырады. Бұл жерде олар бірінші екі бағанның дұрыстығын растайды және тақырып бойынша алған білімдерін өздерінің бұған дейін болған, «Білемін» бағанында жазылған білімдерін салыстырады.

№ слайда 17 Дарынды және талантты балаларды сыныптағы жұмысқа жұмылдыру жөніндегі жалпы ұ
Описание слайда:

Дарынды және талантты балаларды сыныптағы жұмысқа жұмылдыру жөніндегі жалпы ұсыныстар Дарынды және талантты балалар үшін жұмыс санымен емес, сапасымен ерекшеленетініне көз жеткізіңіз, дарынды оқушылар басқаларынан көп тапсырма орындамауы керек. Джон Фримен атап көрсеткен «үш қайталау» проблемасынан аулақ болыңыз; бірінші – бүкіл сыныпқа тапсырманы түсіндіру, одан кейін тыңдамағандарға арнап бір Барлық оқушылар- Негізгі тапсырма БАҒАЛАУ Негізгі тапсырма бойынша үздіксіз жұмыс істеу Табысты оқушылар нәтижеліліктің жоғары деңгейін талап ететін кеңейтілген тапсырмаларды шешуге көшеді 81 қайталау, кейіннен тағы да бір рет – жай ғана, барлығының есіне тағы бір рет түсіру үшін. Қайтадан түсіндіруді соған мұқтаж оқушылар үшін ғана қайталау қажет. Көбірек ынталандыруға мұқтаж және сыныптағы алуан түрлі тапсырмалармен жұмыс істей алмайтын оқушыларға тапсырма беру үшін әрбір оқушыға арнап жеке үй тапсырмасын дайындаңыз. Тапсырмаларды орындауды ерте бітіретін оқушылар үшін кабинет бұрышында қызықты жұмбақтары бар қорап қойып қойыңыз (кейбір оқушылар мұғалімнің кері байланысына/қатысуына мұқтаж болады). Сабақтың соңында пайдалану немесе жұмысты басқа топтартан бұрын бітірген топқа беру мақсатында ойлауды дамытуға бағытталған, тез шешуге болатын тапсырмалары бар қорабыңыз болсын. Әрбір оқушының даралығын дамыту үшін сараланған тапсырмаларды дайындау ұсынылады. Тақырыпты тереңірек қарастыруды қалайтын оқушыларға арнап пайдалы веб- сайттар тізімін құрастырыңыз. Бұл істе мұғалімге мектеп кітапханашысы көмектесе алады. Зерек оқушылардан талқылау кезінде айтылған негізгі ұғымдарды, ойларды тақтаға жазып отыруды сұраңыз. Сабақ басында зерек оқушылар тобынан жалпы сабақты дайындауды өтініңіз. Редакцияланған мәтіндерді қолданған кезде анағұрлым қабілетті деген оқушыларға мәтіннің толық түпнұсқасын қарастыруға мүмкіндік беріңіз. Кейде қабілетті оқушылардың белгілі бір идеяларды нақты баяндау үшін пайдаланатын сөздер санын шектеңіз. Ол қабілетті оқушылардың тілді нақты пайдалануына мүмкіндік береді. Сыныптағы оқу үлгерімін жақсарту мақсатында оқушылардың дарындары мен қабілеттерін әртүрлі салаларда қолданыңыз. Мысалы, суырыпсалмалығы бар оқушыға сабақтағы тақырыпқа байланысты рэп шығаруды ұсыныңыз; жобалаумен айналысатын оқушыға география сабағында белгілі бір ландшафттың моделін жасау тапсырмасын беріңіз. Уақытты көңілді өткізіңіз.

№ слайда 18 «Бағдаршам» әдісі Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу
Описание слайда:

«Бағдаршам» әдісі Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін және өзінің білімдеріне қаншалықты сенімді екендігін көрсетуді сұрайды. • Жасыл – мақсатқа қол жеткізілді, сенімді алға жүреді. • Сары – біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер бойынша табысқа қол жеткізілді, алайда сенімсіздік бар, кеңес, көмек сұрайды. • Қызыл – жетістікке қол жеткізбеді, абыржуда, сондықтан ол туралы мұғалімге мәлімдейді. Бұл әдіс мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға, ал оқушыларға мұғалімнен алдын ала көмек сұрауға мүмкіндік береді.

№ слайда 19 «Бас бармақты жоғары көтеру» әдісі Бұл оқушылардың жауаптарын жылдам қарап шы
Описание слайда:

«Бас бармақты жоғары көтеру» әдісі Бұл оқушылардың жауаптарын жылдам қарап шығуға мүмкіндік беретін стратегия – оқушылар өз жетістіктерін қалай сезінетінін көрсету мақсатында бас бармақтарын жоғары көтереді, көлденең немесе төмен түсіреді. • Бас бармақ жоғары – күтілетін нәтижеге қол жеткізгендігіне сенімді. • Бас бармақ көлденең – біршама дәрежеде қол жеткізілді, бірақ одан да жақсы нәтижеге жетуге болар еді. • Бас бармақ төмен – жетістікке жетуде прогресс шамалы.

№ слайда 20 Ауызша кері байланыс Кері байланыс үш бағытта жүреді: • Мұғалімнен оқушыға –
Описание слайда:

Ауызша кері байланыс Кері байланыс үш бағытта жүреді: • Мұғалімнен оқушыға – мұғалім оқушыларға ағымдағы жетістіктерге және алдағы қадамдарға қатысты ақпарат береді; • Оқушыдан мұғалімге – мұғалім оқушылардан өздерінің оқуына қатысты түсініктемелер алады; • Оқушыдан оқушыға – өзара бағалау барысында. Аталған бағыттардың барлығы маңызды, қажетті және бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Ауызша кері байланыс ұсынған кезде мұғалім алдағы уақытта оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастыруға тиіс.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров209
Номер материала ДВ-402738
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх