Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту

библиотека
материалов

« Приозерск қаласының №2 МББК » КММ







Баяндама тақырыбы: «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту».
















Орындаған: Е.Ж. Жабагиева

















Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның қалыптасу негізін Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алу негізінде қалыптастырған. 
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез - келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым жасап, бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Біздің елімізде « Сорос-Қазақстан » қоры арқылы келген бұл жоба қазақ тілінде мектеп тәжірибелерінде кеңінен қолданылуда.
« Сын тұрғысынан ойлау жобасының » ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп санаймын.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары:

  • Интервью

  • Идеялар тақтасы

  • Инсерт

  • Болжау әдісі

  • Блумның сұрағы

  • ЖИКСО

  • Үш қадамдық сұхбат

  • Жұппен оқу, жұппен талқылау

  • Автор орындығы

  • Екі жақты түсініктеме күнделігі

  • Үш жақты түсініктеме күнделігі

Сыни тұрғыдан ойлау әдістерінің басты нысаны – бірлесіп жұмыс жасау немесе топтық жұмыс.

Бірлесіп жұмыс жасаудың тәртібі:

  • Ұйымшылдық

  • Сыйластық

  • Бір – бірін тыңдаушылық қасиеті жоғары

  • Жауапкершілік

Топқа бөлудегі басты қағида:

  • Топқа бөлгенде әртектілікті ұмытпау

  • Қарым – қатынасты қалыптастыру

  • Топ ішінде болған талқыға өз ойын айту

Бірлесіп жұмыс жасаудың нәтижесі:

  • Тақырыптың мағынасын толық ажырата аласың

  • Өзіңе керекті ой түйесің

  • Жаңа ой пайда болады

  • Білмегеніңді басқадан үйренесің

  • Жоғарғы деңгейдегі жетістіктер болады

  • Айтылған ойды түсініп, оған жан – жақты қарау мүмкіндігі артады

  • Достық қатынас
    Сын тұрғысынан ойлау - шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау сынып оқушыларына ғана тән емес. Жас балалардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында осы жобамен жұмыс жасау барысында байқадым. Жобаның ішкі құрлымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. 
    Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен міндеттері: 
    1. Қызығушылығын ояту-үйрену процесі –бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету жүзеге асады.

  • Тақырып туралы ой қозғау

  • Бұрынғы мен жаңа білімді ұштастыру

  • Баланың белсенділігін арттыру

  • Ой қозғауға ақпаратты жазу

  • Тақырып жөнінде ой қозғауға сын тұрғысынан қарау

Осы кезеңге қызмет ететін:

  1. Топтау

  2. Ойлау

  3. Жұпта талқылау және т.б. әдістер жинақталған.

Сонымен қатар үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс—әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте бағытталады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

2. Мағынаны тану (түсіне білу)-ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өздігінен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту әдістері бар. Оқушы оқу, тақырыппен танысу барысында – « білемін », « мен үшін

түсініксіз », « мен үшін жаңа ақпарат », « мені не таң

қалдырады » белгілері арқылы оқу тапсырылады. Оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мазмұнын жете түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірімен ұштастыра алмау жиі кездеседі. 

  • Жаңа идеяны қабылдау

  • Ескі мен жаңаны ұштастыру

  • Ойлау қабілетін дамыту

  • Не түсінгенін анықтау

  • Мақсат қою

  • Сын тұрғысынан талдау

  • Салыстырып талдау

  • Синтездеу
    3. Ой-толғаныс-тақырып туралы кезеңі. Күнделікті сабақ барысында

оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөз-дерімен айтып берулері тиіс. Бұл кезеңде оқушылар бір-бірімен ой алмастырады, ой түйістіреді, өз кестелерін жасап, басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады. Нәтижесінде бұл, үйрену сатысы – ойды қайта

түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

  • Үйренгеннің қабылданғаны

  • Іштей ойдың пайда болуы

  • Ой алмасу

  • Жинақталған ақпараттарды тәртіпке келтіру

  • Ой түйістіру

  • Өз ойының кестесін жасау

  • « Не істедік? » деген сұрақ қою

Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған

  1. Бес жолды өлең

  2. Венн диаграммасы

  3. Еркін жазу және т.б. әдістер әр сабақтың ерекшелігін, ауырдан жеңілділігіне қарай қолданылады. 
    Жоба 60-қа жуық әдістерден тұрады. Мысалы: 
    Джиксо - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты- жалпы мәселені алдымен жұпқа деген жауапкершілігі артады. Яғни топ бірнеше топтарға бөлінеді.   Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға « жұмыс тобында » мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті топ оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну оқушының талабына байланысты екенін түсіндіру қажет. Соңында ұжым мүшелері мәтін мазмұнын ортаға салулары керек. Осылайша оқушылар бір-бірін оқыту арқылы ойлауға үйретеді. 
    Сонымен қатар бұл әдіс мазмұнды жоғарғы табыспен меңгерту, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар мұғалімді түсінуге дұрыс көзқарас береді.Мұғалім сабақта оқушының білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет.Сол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Бұл жобаның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде « Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту » бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
    Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар — оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын)  салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Қорыта айтқанда, сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Білімді төрт жақты қарастырамыз.

1 . Құндылық

2. Жүйе

3. Үрдіс ( процесс )

4. Нәтиже

Осы төртеуі білім сапасын береді.

Сөз соңын ұлыларымыз, жай мұғалім – хабарлайды, жақсы мұғалім – түсіндіреді, керемет мұғалім – көрсетеді, ұлы мұғалім – шаттандырады, деген сөзімен аяқтағым келіп отыр.







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров200
Номер материала ДВ-315994
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх