Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс

Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс

Орыстың ойшыл ғалымы Д.И.Менделеев: «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкіртінде, өзі шашқан ұрпағының өсіп өнуінде» – деген екен. Және халықта «Әуелі тұқым, содан соң күтім» деген асыл сөз де бар. Сондықтан тұлғаның өсіп өнуінің сәтті болуы рухани күтімге байланысты. Баланың жанына ақыл-білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табатын да – ұстаз.

«Бүгінгі ұстаздың бірінші міндеті – оқушыға бүкіл өміріне азық ете алатындай жан-жақты білім беру» – деген президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты ұрпақ шығару мүмкін емес.

Оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетінше ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту.

Оқу үрдісінде оқыту жүйесінің бір ерекшеліктері  «жаман» деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушыны өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Оған мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, шыдамдылық осы оқушыдан үміт болады-ау деген сенім болуы керек. Яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастыққа, сыйластыққа, өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал туады.

  1. Оқу мотивациясы төмен оқушыны зерттеу

 

Оқу мотивациясы төмен, яғни үлгірмеуші оқушы қайдан шығады? Алдымен оларды сынып жетекшілері мектепке келген бойдан жан-жақты зерттеп алу керек.

Баланы зерттеу мынадай түрде жүргізіледі:

Баланы зерттеу: 1. Физиологиялық (медицина), 2. Психологиялық      

3. Педагогикалық

 Физиологиялық зерттеуге – дәрігерлер, психологиялық зерттеуге – психолог мамандар, педагогикалық зерттеуге – мұғалімдер қатыса алады.

Физиологиялық зерттеу

Мысалы, бала шыр етіп дүниеге келгенде, ананың босану процесіне байланысты баланың денсаулығына  кері әсерін тигізеді. (Басының қысылып қалуы, қол-аяғының кемтар болуы, т.б.) Өсе келе баланың даму заңдылығының бұзылуына әкеп соғады. Осы орайда баланың физиологиялық картасы жасалып, мұғалім + медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болу керек.

Психологиялық зерттеу

Психологиялық зерттеулер бойынша біз баланың таным процесі, зейін, ес, қабылдау мониторингін жасаймыз.

Мен мектептегі қабілеті өте төмен екі оқушыны зерттеуге алдым. Оларға психологиялық, физиологиялық зерттеулер жасадым.

Оқушының психологиялық даму заңдылығына сәйкес еместігі анықталған күннен                   бастап – ақ ол баланың қызығушылығы дамытатын әр  түрлі педагогикалық технологияларды пайдалан отырып, психологиялық әдістер жүргіземін.

1-сыныпқа келген оқушыдан Кэрн Иерасик тестін алып, баланың төмен-жоғары, оң-сол, сандарды тану, білу, жазу, сызу қабілеттерінің қаншалықты екенін айқындап алу керек. Қаламсапты ұстатып, одан баланың оңқай, солақай екенін білеміз.

Дәптер бетіне нүкте қойып, сол нүктеден жоғары бір тор көз, оңға, төмен қарай, солға, екі тор көзден қорша деген сияқты нұсқауларды бере отырып, оқушының қабілеттерін айқындаймыз.

Ал мен 4-сынып оқушыларына былай тапсырмалар бердім. Өзің білетін ақын өлеңін жатқа жаз және мына сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар:

Қоңырау соғылды, мұғалім сыныпқа кірді.

            Бұл – педагогикалық-психологиялық әрекетте баланың қызығушылығы артып, өзінің танымының жоғарылауына септігін тигізеді. Осындай неше түрлі фигураларды сыздыруға болады. Балада «мен» деген категория қалыптасып, «Менің қолымнан келеді», «Өзім жасай аламын» деген сенім пайда болады.

Педагогикалық зерттеу

Бұл зерттеуді мұғалім жүргізеді. Оларға әр пән бойынша білім дағдыларын қалыптастыру жатады.

Сөйлеу қабілетін байқау: Суреттегі заттардың атын атау, сурет бойынша сөйлем құрау, заттардың жекеше, көпше түрлерін атау, әріптерді тану.

Жазу қабілеті: Әріп элементтерін жазып көрсету

Қазақ тілі мен пәні бойынша: Көркем жазу, анықтама, мәтінді меңгеру, талдау

Осы зерттеулерді жүргізу арқылы оқушылардың қабілеттерін анықтап аламыз. Осыдан сабақ үрдісінде оқушылардың сабаққа қабілеттері, ынтасы ашыла бастайды.

  1. Оқушының үлгірмеу себептері?

Үлгірмеуші оқушы деген кім? Ол не себепті үлгірмейді? Оларға нендей факторлар әсер етеді? – деген сұрақтар туады, енді соны анықтауымыз керек. Үлгірмеуші оқушының ата-тегіне, тұқым қуалау себептері бар ма, нағашы жұртына, отбасы жағдайы, ата-анасына баласының еліктеуі, отбасындағы тәрбие соларды зерттеуіміз керек. «Тәрбие – отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мағынасына тереңірек үңілетін болсақ, оқушы тәрбиесі – отбасы тағылымына байланысты деген ұғымға да тірелеміз.

Отбасы – Ата-бабасы – Ата-анасы – Нағашы жұрты –   Бала 

Оқушының үлгірмеу себептері мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

1.Оқушының денсаулығының нашарлығы (жазылмайтын дерт, туа бітті,  кейін пайда болған              ауру т.б.)

2.Отбасындағы жағдайлар:

- анасының болмау себебі (қайтыс болуы, ажырасуы)

- әкесінің болмау себебі (қайтыс болуы, ажырасуы)

- ата-анасының ішімдікке салынуы

- әлеуметтік жағдайының төмен болуы

- отбасындағы қайғы-қасірет

- баланың қамқоршысының қолында болуы.

3.Алыстан келіп оқитын балалар.

- жатқан үйінің жайсыздығы;

- жатқан үйіне үйреніспеу.

4.Достарының әсері:

- досының ауқатты тұруы;

- досымен қарым-қатынас жасай алмауы т.б.

Міне, осы жұмыстардың бәрі зерттеліп, қабілеті төмен балаларға психологиялық, педагогикалық, физиологиялық талдау жасап, оларды дамытуға, тәрбиелеуге жағдай жасап отырылу керек.

Үлгірмеуші ата-аналардың кейбіреулерінің баласына, ұстазына деген көзқарастары да сан алуан. Оқушының үлгіріміне тек мұғалім ғана емес «Отбасы + оқушы + мектеп», яғни үштік одақ бірлесе отырып шешуге ықпал етуіміз керек. Бұл – үлгірмеуші баланы болдырмаудың бір жолы.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 17.09.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров551
Номер материала ДA-048826
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх