Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

Скачать материал

«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

 

1-бөлім: Тақырыпты негіздеу

Ынтымақтастық оқу – бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады  ( МАН 134 бет, 2 деңгей)

Коучинг өткізу барысында  деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен мектепішілік қоғамдастық отырысында пікірлесіп, коучингтің тақырыбын анықтадық. Іс-әрекет тобындағы мұғалімдермен пікірлесіп, «Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбына шықтық.

                    Бұл тақырып біз үшін маңызды, себебі оқыту барысында Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

Бірлескен оқудың мәні ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау, әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді.

Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары:

1.      Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2.      Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3.      Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4.      Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

5.      Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.

Оқушылар білуге тиісті бірнеше ережелер:

v кезекпен сөйлесу;

v  белсенді тыңдау;

v  сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;

v  ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;

v  өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардан

     идеялары мен пікірлерін білу;

v  ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;

v  көмектесу және көмек сұрау;

v  топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу

 

 

Коучинг сабағымызға қазақ тілі мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімі қатысты, қатысқан 9 мұғалім.

2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

Коучингке «Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбын алған себебіміз, топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.

Осы себепті назарға ала отырып,  коучинг сабағына қойған мақсатымыз -  Оқу үрдісінде ынтымақтастық ұйымдастыру туралы пікірлерін кеңейту. Мұғалімдердің топтық жұмыстың ережелері туралы ойларын анықтау.

Міндеті:

·          Үйлестіріп, ынтымақтастық орнатып бір нәрсе шығарады.

·         Өз көз қарастарын ортаға салады.

·         Жағдаяттан шығады

Күтілетін нәтижеміз:  

Сабақтағы топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп,өз сабақтарында пайдалану.Өзсабақтарындағы жүргізген топтық жұмыс туралы ойларымен кері байланыс орнатады. Мұғалімдердің топтық жұмысқа деген көзқарасы өзгереді. 
Мұғалімдер өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде нақты ақпараттар алады, тәжірибе алмасады.

Психологиялық ахуал туғызу мақсатымен презентациядан үш түрлі ағаш түрін көрсетті, ағаштың бір түрін таңдап, өздері қандай адам екені туралы естіді.

Қайың Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз. 

 Шырша- қатал болғандығымен сұлулығымен тартымды. Әрқашан біртума және элегантты. Ұстамдылығымен ерекшеленеді. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды

Алма – Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау. 

Нәтижесінде: қатысушылар көңілдерін көтерді.

Қатысушылар геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінді. Квадрат – 1 топ, шеңбер – 2 топ болып ұйымдастырды.

Миға шабуыл әдісінде Сіздер өзгере алсыздар ма? Өзгеріске қалай қарайсыздар? Қай жағынан өзгерер едіңіз?деген сұрақтар қойылды.

Нәтижесінде: Тапсырманы орындайды, өздерін бағалайды, басқа адамды бағалайды. Коучтың сұрағына жауап береді.

Тәжірибелік кезең І топ: Түрлі түсті кеспе қағаздар берілді. Мақсаты:үйлестіріп бір нәрсе жасап шығару.   Қалай жасағандарын түсіндіріп беру. Оған ат беру  болды. Болашақта оны қайда пайдалануға болатындығын түсіндіру. ІІ топ: Параққа белсенді сынып пен белсенді емес сыныптың айырмашылықтарын теріп жазу болды..

Нәтижесінде: Өз қорытындыларын айтты. Мұғалімдер өздерінің ойларын ортаға салды.

Білім беру үдерісіндегі өздерінің іс-әрекеттеріне өзгеріс енгізуге талпынды. Оң көзқарастар қалыптасады.

Коуч тапсырмадан соң,слайд презентациямен таныстырды.

Екінші тәжірибелік кезеңде жағдаяттарды шеш болды. Сахналау көрсету қажет болды.1 топ. Оқушы серіктесімен немесе топпен жұмыс жасаудан бас тартады. 2 топ. Топтағы қандайда бір нақты оқушымен ешкімнің жұмыс жасағысы келмейді деген жағдаят берілді.

Нәтижесінде: топтар белсене қатысып өз ойларын айтты. Екінші топ өз жағдаятын шешуде Гульмира Хасенқызы Қайырбекова өзінің тәжірибесінен мысал келтіріп, өз ойын жақсы жеткізе білді. Бірлескен жұмыс үдерісінде келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Жиі кездесетін келіспеушіліктер және оларды шешу жолдарымен шықты.

3бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

Коучингті қорыту үшін рефлексия “Аяқталмаған сөйлемдер” әдісі арқылы кәртішкені толтыру болды. Бүгін мен...................... білдім . ................. қызықты болды. .......................... қиын болды.  .................... тапсырманы мен орындадым.  ......................... екенін түсіндім.

 

 

 

 

Абылова Мейрамгүл Жұмағалиқызы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Оқу үрдісінде ынтымақтастық орнату» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2016 1514
    • DOCX 317.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абылова Мейрамгуль Жумагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 98967
    • Всего материалов: 43

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1709 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 150 человек

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе