Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Оқу үрдісіне өзгеріс не үшін қажет?" ата-аналарға арналған коучинг

"Оқу үрдісіне өзгеріс не үшін қажет?" ата-аналарға арналған коучинг


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Қырғызбаева Қ.Т

Күні: 13.03.2015

Ата- аналарға арналған коучинг сессия



Сабақтың тақырыбы:

Оқу үрдісіне өзгеріс не үшін қажет?



Мақсаты:

Ата-ана , оқушы , мектеп арасында ынтымақтастық қалыптастыру

Күтілетін нәтижелері:

Ата-аналардың оқыту үрдісіне қатысты ой- пікірлері жинақталады

Оқыту әдістері:

Оқытудағы жаңа тәсілдер

Коучинг

АКТ



1. «Танысу» жаттығуы




ІІ.Топқа бөлу




ІІІ.«Родация» әдісі













IV. Ата –аналармен интервью








«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы








































Видео ролик



Қол моторикасын қолдану









Видео ролик көрсету ақылы қорытындылау













Кері байланыс






Қорытынды:


1. «Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1жақсы қасиетті кезекпен айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

ІІ.Топқа бөлу Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті қағаздарды таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

ІІІ.«Родация» әдісі -Топтық жұмыс

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.


I-топ. Оқу үрдісіне өзгеріс не үшін қажет?


II-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан қандай жағдайлар жасалады?


III-топ. Сабақтан келген балаңыздың көңіл-күйіне назар аударасыз ба?

(Ұсынылған проблема бойынша топтар әртүрлі түс маркерімен постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді. Белгі берумен сағат тілі бойынша постерлерді алмастырып отырады).

IV. «Топтық жұмыстың білім алуға әсері»

-Сіздің балаңыздың бойынан қандай өзгерістер байқадыңыздар?

-Осы өзгеріс туралы пікір алмастыңыз ба?

-Осы жаңашылдықты қаншалықты қолдайсыздар?

-Топтық жұмыстың нәтижесіне қаншалықты сенесіз?



«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

  • Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

  • Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.

  • Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.

  • Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.

Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл адам – қарым-қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.

Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.

Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.


«Теледидар»


Мынау үлестірген ақ парақ сіздің тәніне дақ түспеген балаңыз деп санаңыз .Енді осы ақ парақтан өзімізге қажетті тәрбиелі оқушы бейнесін шығаруымыз қажет.Сондықтан қайшы, кескіш құралдарын пайдаланбай қолымыз арқылы парақтың қажет етпейтін жерлерін алып тастау арқылы бала мүсінін шығарамыз.

Жасап болғандарыңыз жоғары көтеріңіздер. Көрдіңіздер ме тәрбиелі, білімді бала тәрбиелеп, қалыптастыру осындай өте қиын екен. Сондықтан да бала тәрбиесіне өте абай болуымыз керек.





«Сен өзгерсең өмір де өзгереді»видео ролик арқылы қорытындылау






Кері байланыс:


1.Менің коучинг барысында түйгенім______________________________________



2.Бәрінен де маған ұнады__________________________________________________




3.Ұсыныс______________________________________________________________


_______________________________________________________________________



Қорытынды сөз мектеп директоры Ж.Кадырбековке беріледі.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДВ-467171
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх