Инфоурок Другое Конспекты"2014-2015 оқу жылында оқыту мен оқу үдеріcтерін жетілдіруге бaғыттaлғaн іс-әрекеттер"

"2014-2015 оқу жылында оқыту мен оқу үдеріcтерін жетілдіруге бaғыттaлғaн іс-әрекеттер"

Скачать материал

Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады.

2014-2015 оқу жылында мектебімізде   оқыту мен оқу үдеріcтерін жетілдіруге бaғыттaлғaн іc-әрекеттер жоcпaрын іcке acыру мaқcaтындa «Арай» желілік қоғaмдacтығы құрылды. Бұл желілі қоғамдастықтың жетекшісі ретінде іc-әрекеттер жоcпaрын желілі қоғамдастықтың мүшелерімен біріге құрып, мақсат мен міндеттерді айқындадық. Желілі қоғамдастығымыз тек интернет желіcі aрқылы ғaнa емеc, ынтымaқтacтық жобaлaр aрқылы, яғни жеке кездеcу, өзара коучинг, cеминaрлaр өткізу aрқылы белгілі нәтижеге жетуді жоспарлады.

      Жаңа әдіс-тәсілдерді таныстыру  мақсатында жеті модуль идеясына   қызығушылық танытқан  әріптестеріме қыркүйектің 18 күні өз іс-тәжірибеммен бөлістім. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульіне тоқталып, «Бағалаудың шынайылығы» тақырыбында шеберлік сынып өткіздім.

       Баланың  санасына тілдің құндылығын, қасиетін, жан-жақтылығын, маңыздылығын қалыптастырып, тілді қадірлеп, құрметтеу парыз екендігін түсіндіру, алдындағы шәкіртін білімге, өнегеге, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп отыру ұстазға  жүктелген міндет.   Тіл мәртебесінің биік болуы үшін әдеби кештер, көрмелер, сахналық көріністер сияқты  іс-шаралар ұйымдастырылуы керек.

      Осы орайда,   қыркүйектің 22 күні 8 сыныптар аралығында «Язык – это самое великое творение человека» атты іс-шара өткіздім. Әр сыныптан 6 оқушыдан тұратын төрт топ құрылып, қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдеріне тоқталып, сол тілде сөйлетін халықтардың салт-дәстүрлеріне таныстырылымдар көрсетті. Әр топ қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдерінде  өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Іс-шарада оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар өткізілді.  Логикалық ойындар қатысушыларды тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып,  өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге итермеледі.

      8Г сыныбында 21 қазан күні  неміс тілі сабағынан «Meine Eltern haben Urlaub» тақырыбында ашық сынып сабағы өтті. Ашық сынып сабағына шет тілі пәндерінің мұғалімдері мен жас мамандар қатысты.

      Сабақта оқушылар тақырыпқа байланысты өз бетімен зерттеушілік жұмыстар атқарып,  білімнің есте сақталуына жағдай жасалды.   Топтық жұмыстарда жақсы, нашар оқитын бала болып бөлінбей, әр бала берілген тапсырмаларға өз үлестерін қосты. Сабақта критериалды бағалау әдісі қолданылып, оқушы өзін-өзі бағалап, өз іс-әрекетіне баға беріп, жауапкершілік  қабілетін дамытты. Тіл үйрену стратегиларын қолданған оқушылар болашақта алған білімдерін тәжірибеде қолданатындай жетістікке жете алды.

      Қазіргі  таңда  оқушылардың  оқу  нәтижелерін  бағалау  оқу  үдерісінің  маңызды  жақтарының  біріне айналып  отыр.  Оқушы оқу үдерісі ғана емес, өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін, бағалау үдерісін де үйрену керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылуы керек. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне cыни көзқараспен қарауға үйренеді. Бағалау арқылы оқушыны  cенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулуға болады.      

     Сондықтан оқушылардың өзін-өзін бағалауы мен   өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында 7 қараша күні 5-7 сыныптар арасында «Менің сыныбым», «Менің қалам», «Менің отбасым» атты және «8-10» сыныптар арасында «Мен тақырыпты түсіндіремін» бейнефильмдер байқауы өтті. Бұл байқау оқушыға өзінің жетістігін бағалауға және шыққан нәтижеге жауапты болуға мүмкіндік берді. Оқушылар аталған тақырыптарда бейнефильмдер түсіріп, табыстық өлшемдер арқылы бірін – бірі бағалады.

       Сыныптастарын және өзге сыныптардың жұмыстарын бағалаған оқушылар үшін бағалау бұл іс-шарада маңызды рөл атқарды, cебебі бағалау  байқауға қатысушылардың ынталандыру деңгейін көтерді, оқушыларға өз тілінде cөйлеуге мүмкіндік берілді, cынды қабылдауға ықпал етілді, сондай-ақ мұғалімдерге  жай ғана бақылауына мүмкіндік берілді. 

      8Г сыныбында  22 қараша күні  неміс тілі сабағынан «Wir reisen mit dem Zug» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта диалогтік оқыту әдісі сыни тұрғыдан ойлау модулімен байланыста болды. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану модулі бойынша оқушылар сабақта  интернет желісін тиімді пайдалана отырып, Германия елінің көрнекті орындарына саяхат жасап, түсініктерін ортаға салды. Сабақта оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша  топтар бір-бірін және өз-өздерін бағалады.

      Көптеген мұғалімдер интернеттен сабаққа қатысты қазақ тілінде материал іздесе таппай жатады. Ол заңды құбылыс. Көптеген әріптестеріміз интернетті қазына деп ойлайды. Бірақ сол қазына өзімізді қанағаттандыра алмай отырған жайы бар. Ол үшін интернеттегі қазақ тілді білім беру ресурстарын өзіміз жасауымыз керек. Осылай біз өзімізге қажет дүниеге толтыра отырып басқада әріптестерімізге көмек жасап, өзімізге де керекті ақпараттар ала аламыз.

     Осы мақсатта "Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы" деп аталатын сайттан жеке бұрышымды аштым. Жеке бұрышыма орта мерзімдік жоспарларымды салып, әлеуметтік ортамен іс-тәжірибелеріммен бөлістім.

    Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары    талаптар қояды. Осы дарынды балалармен жасалынатын жұмыс түрлері нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге жетуге мән бердім:     

·        дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік көзқарас тұрғысынан дамуына 

·        жан-жақты ақпаратты қабылдауына, сол ақпараттар негізінде өз ойын жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасының пайда болуына 

·        дарынды оқушының шығармашылық деңгейі дамып, кез-келген ортады өзін еркін ұстау мүмкіншілігінің арта түсуіне

    «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулін басшылыққа ала отырып, сыныпта дарынды және талантты оқушыларды дамыту мақсатында  жұптық және жеке жұмыстар  жүргізіп, кеңейтілген тапсырмаларды қолдандым, мектепішілік, қалалық және интернет-олимпиадаларға қатыстырдым.

   Желтоқсанның 11 күні 6Б сыныбында орыс тілінен ашық сабақ өтті.     Сабақ барысында оқушылар  топқа бөлініп, білім деңгейлері әр түрлі балалар араласып отырды. Бұл сабағымда көбінесе топтық әңгіме мен зерттеушілік әңгіме орын алды. Топтық әңгімеге белсенділігі төмен балалар да басқалармен сұхбаттасу арқылы қатысып отырды. Сабақта диалогтік оқыту әдісі де сыни тұрғыдан ойлаумен байланыста болды. Орыс тілінде өз ойын еркін жеткізу немесе диалог құру оңай емес. Соған қарамастан сабаққа толық араласа алмай отырған оқушылар  да, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауға берілген тапсырмаға қол жеткізу үшін,  топ ішінде талқылауға арналған ортақ сұрақтар бойынша жұмыс жасап, сыныптастарымен бірге ойланып, сол тапсырманы шешуге арналған ой-пікірлер айтып талқылады.
      23 желтоқсанда оқушылардың сахналық шығармашылықтарын көрсету мақсатында 6Б, Г сыныптар арасында  орыс әдебиетінен «Волшебный театр» атты  сыныптан тыс іс-шара  өткізілді.

       8 қаңтарда мектебіміздің педагогикалық кеңесінде «Білім беруде мұғалімнің қол жеткізетін жетістіктері: пәнді оқыту сапасын жетілдіру»  тақырыбында іс-тәжірибеммен бөлістім. Пәнді оқыту сапасын жетілдіруде оқушылардың функционалдық дағдыларын  мектеп қабырғасында қалыптастыру қажеттілік мәселесіне тоқталдым. 

     6Б сынып оқушыларының ұйымдастыруымен  14 ақпанда  әкелер мектебіне арналған «Әке-асқар тау» атты ашық  тәрбие сағаты өтті. Отбасындағы әкенің ролі туралы оқушылар мен әкелер өз ойларын ортаға салып. психологиялық-педагогикалық оқиғалар талқыланды. Сынып сағатының соңында оқушылар әкелеріне деген өлеңдерін оқып, өнерлерін көрсетті, орыс тілінде «Синяя птица» атты сахналық көріністерін ұсынды.

      Наурыз айыныңда  облыстық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фистиваліне қатысып, «Ұздік презентация байқауының «Оқыту сабағы» номинациясы бойынша 3 дәрежелі дипломға ие болдым.

Сәуір айында 6Г сыныбында орыс тілінен ашық сабақ өтті. Сабақ Блум таксаномиясы негізінде  құрылды. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар қойылды.        Білу деңгейінде оқушылар метану қағидаттарын қолданды.Топтар  тақырыпты «есте сақтау» мен «түсіну»  әдістерін пайдаланып, мұғалімге аса тәуелді емес екендерін көрсетіп, қалай оқу керектігін игерді.

     Қорытындылай келгенде, жеті модуль иделарын іске асыру  негізінде сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларда қолданылған әр түрлі әдіс-тәсілдер мен стратегиялар нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу, сұрақ қоя білу, сұраққа жауап беру, мәтінді сыни тұрғыдан сипаттау, таныс емес материалдарды меңгеру қабілеттері біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.

     Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін, қалай оқу керектігін түсінетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән бергеніміз жөн деп санаймын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""2014-2015 оқу жылында оқыту мен оқу үдеріcтерін жетілдіруге бaғыттaлғaн іс-әрекеттер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 303 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2015 618
    • DOCX 62.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калибекова Раушан Оралбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калибекова Раушан Оралбаевна
    Калибекова Раушан Оралбаевна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 7785
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 239 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе