Инфоурок Другое Презентации«Оқу жетістіктерін бағалау жүйесіндегі оқушы партфолиосы»

«Оқу жетістіктерін бағалау жүйесіндегі оқушы партфолиосы»

Скачать материал

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Оқу жетістіктерін бағалау жүйесіндегі оқушы партфолиосы»
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі атап көрсетілген
Білім беру адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін ұрпақ тәрбиелеу және оқыту үрдісі болып табылады. Қазіргі білім саласына көптеген өзгерістер еніп жатыр. Бұл өзгерістер тек қана білімнің кейбір салаларына ғана емес, жалпы оқыту мен тәрбие жүйесіндегі түбейгелі өзгертулер. Қазіргі кезде халықаралық тәжиірибе мен қазақстандық мектептердің дәстүрлерін ескере отырып, ұлттық білім беру үлгісінің қалыптасқанын байқап отырмыз. Демек, Қазақстан республикасында білім беру жаңа бетбұрыс алуда. Ол экономикалық және рухани дамуын камтамсыз ету жолынжағы жеке тұлғаның адамгершілік, парасаттылық, эстетикалық және физиологиялық, психологиялық жағдайын үнемі жетілдіріп отыруын көздейді. Біздіңше, адамгершіл педагогикаға лайық тұлғалық – бағдарлы оқытуға жанасымды дидактикалық жүйе жайындағы әңгімені аяқтамас бұрын, енді енді ғана пайда болып келе жатқан технология жөнінде айтып өткен жөн сияқты. Ол технология «Оқушы портфолиосы» деп аталады. Бұл технология жоғарыда айтылған дидактикалық жүйелерге басқаларға қарағанда бір табан жақын әрі толыққанды қорытынды іспетті.
Бақылау-бағалау қызметін жүргізу үшін жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға бағытталған оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі әрекет етеді.

- оқушылардың білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктер түрінде ұсынылған білім нәтижелеріне қол жеткізуі бағаланатын болады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау түрлері 
• Сыртқы баға 
• Ішкі баға 
• Портфолио 
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Сыртқы баға - Мақсаты: оқушының қол жеткізген білім нәтижелерінің осы стандарттың талаптарына сәйкестігін белгілеу, түлектердің дайындық сапасын ұлттық масштабта бағалау. 5,10,12 сыныптардағы оқушылардың оқу жетістіктерінің стандартта берілген нәтижелерге сәйкестігіне мемлекеттік бақылау білім берудің әрбір сатысын аяқтағаннан кейін жүргізіледі. 1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады.Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс
2.2 Ішкі баға - оқыту сапасының ішкі бағасы оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалауды қамтиды.Мақсаты: оқушылардың шынайы тұлғалық жетістіктерінің оқу пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелеріне сәйкестігін белгілеу.Мұғалімнің білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін өлшеу үшін пайдаланатын стандартталмаған тапсырмалары арқылы жүргізіледі. Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды. Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы айтылып, бұқаралық ақпараттар құралдар арқылы да жарияланып келеді. Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Оқушылар тапсырманы шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе, ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс-әрекетте өзінің қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады. Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін қолданады. Оқушыларды білім алуға ынталандыруда формативті бағалаудың 12 түрін толық қолдануы оң нәтижелерін берері сөзсіз. Мұғалімдер оқушыларының іс-әрекеттерін сипаттап жазған рефлексивті есептерінде қиналады. Себебі, мұғалімдердің өздерін бүкіл курс барысында біз тренер ретінде бағалайтынымызды сезбейді. Оларды курс барысында басынан соңына дейін біз формативті бағалаймыз. Курстың соңғы айында толығымен рефлексия жүргізіледі. Олар мектептегі іс-тәжірибе кезінде орындаған жұмыстарын екінші бетпе-бетте осында келіп толығымен бағалану үдерісіне түседі. Тыңдаушылардың өздері алдымен формативті бағаланып, соңынан портфолио жинақтап, таныстырылымдарды қорғап, емтихан тапсырып жиынтық бағалау үдерісіне түсетінін бірі білсе, бірі білмей жатады. Бағалаудың бұл екі түрінің арасындағы байланысты түсінбей жатады. Ең үлкен қиындық, міне, осында жатыр. Әрине, бұл екі бағалауда да өздеріне қатысты өз критерийлері болады. Оны әр топтың тыңдаушыларын бағалайтын тәуелсіз бағалаушылардың құзырына береміз.

2.3 Портфолио - оқушының әлеуметтік белсенділігі оның іс-әрекетін белгілі оқу кезеңінде оқу және өмірлік жағдаяттарда бақылау нәтижесінде бағаланады. Жеке білім беру траекториясы іске асырылуының, оқудағы ілгерілеу байқалуының, тұлғаның дамуы мен оқушының әлеуметтік белсенділігінің деңгейін бағалау нысаны. Оқушының әлеуметтік маңызды, жеке жетістіктерінің нәтижелерін ұсыну тәсілі. Белгілі бір оқу кезеңі, оқу жылы бойындағы оқу жетістіктерін мақсатты, жүйелі, үздіксіз бағалау мен өзіндік бағалау нысаны [1]
Портфолио сөзі қолданысқа француз тілінен енген. Жалпы шет тіліндегі сөздік-терді саралай отырып, оның төмендегідей мағыналар беретінін анықтадық:
1) мазмұндау, алып жүру, құрастыру;
2) бет, қағаз;
3) дәйек, белгілі бір мағлұматтар жинағы, жетістіктер жинағы
ІІІ. Зерттеу бөлімі
3.1 Портфолиоға анықтама
 Жазба жұмыстарын, құжаттарды сақтауға және тасымалдауға арналған құрал: портфель, іс, папка;
 Министр лауазымы;
 Бір тақырыпқа біріктірілген жұмыстар сериясы, құжаттар, қағаздар: құнды қағаздар портфелі, суреттер папкасы; 
Қызметі
 Оқушының белгілі бір уақыт аралығындағы оқудағы жетістіктерінің жинағы мен бағасын тіркеу тәсілі;
 Оқушының білім, білік, дағдыларына мониторинг жасауға арналған жүйелі, арнайы жинақталған дәлелдемелер жинағы;
 Оқушының түрлі салалар бойынша қажыр-қайраты мен жетістіктерін көрсететін оқу нәтижелерінің жинағы;
 Оқушының жеке жетістіктері мен тәжірибесін рәсімдеп көрсететін сан алуан ақпараттарды жинақтаған жұмыс папкасы;
 Оқушының жеке өсуін қадағалау болып табылатын өзіндік көрме жұмыстары.
Портфолионың педагогикалық міндеттері:
 Оқушылардың оқуға деген жоғары қызығушылығын үнемі қолдайды;
 Олардың жеке және белсенді жұмыс жасауын ынталандырады, оқу және өздігінен ізденіп оқу мүмкіндіктерін кеңейтеді;
 Оқушылардың рефлексия жасау мен бағалау дағдыларын дамытады;
 Мақсат қою, өзінің оқу әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыруға үйрену білігін қалыптастыруға негіз болады. [2]
Бастауыш сынып оқушыларына арналған дербес жинақтаушы жұмыс папкасының мазмұны 1. Сырты. 2. Мазмұны:
- I бөлім «Менің портретім» (иесі туралы мәлімет); 
- II бөлім «Құжаттар портфолиосы» (ресми құжаттар);
- III бөлім. «Жұмыс портфолиосы» (шығармашылық жұмыстар, белсенділік бағыттары); -IV бөлім. «Жинақ сандықша» (жадынамалар, нұсқаулықтар, пайдалы ақпарат).
I бөлім. Портфолио иесі туралы ақпарат. 
Менің портретім. Портфолио жүргізуші оқушы туралы жеке мәліметтер кіреді. Бұл бөлімде балаға өз мінез-құлқын, қабілетін талдай білуге, өзіндік даму тәсілін, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі тануын, психологиялық диагностика нәтижелерін білуге көмектесетін ақпарат кіреді. Оқушы жыл сайын өз жоспарлары мен қызығушылықтарына өзіндік талдау жүргізеді; мақсат қояды, жетістіктерін талдайды, жыл қорытындыларына өзіндік талдау жүргізеді. Өзіндік талдауды бірінші сынып сағатында жасауға болады, содан соң толтырылған парақты жұмыс папкасына (портфолио) салады. Баланың ой-пікірінде өзгерістер бар ма, ол өз айтқан пікірінде тұра ма немесе жасының өзгеруіне, белгілі оқиғаларға сәйкес оның ойлауы өзгере ме және т.б. талдау қызықты. II бөлім. Ресми құжаттар. Құжаттар портфолиосы. Бұл бөлімде ресми құжаттар портфолиосына берілген тізбелер кіреді (қызметтің әр түріндегі жеке жетістіктерді дәлелдейтін оқушыда бар сертификатталған барлық құжаттар: әр түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға қатысуы жөніндегі дипломдар, байқауға қатысқаны үшін грамоталар, сертификаттар, алғыс хаттар, куәліктер, т.б.). Аталған бөлімде құжаттардың көшірмесін беруге болады. Бұл бөлім арқылы портфолио материалдарының сапалық әрі сандық бағасы мүмкіндігін білуге болады. Аттестатқа қосымша ретінде берілетін қорытынды құжатты сынып жетекшісі оңай толтырады. Бұл бөлімде берілетін құжаттар таблицамен сараланады. Құжат немесе оның көшірмесі оқушының үйінде немесе жұмыс папкасында сақталады.
III бөлім. Шығармашылық жұмыстар. Белсенділік бағыттары. 
Жұмыс портфолиосы. Бұл бөлімге оқушы әр түрлі шығармашылық, жобалық, зерттеу жұмыстарын, рефераттарын салады; сонымен қатар оның оқу және шығармашылық белсенділігінің негізгі түрлері мен бағыттарының сипаттамасы: ғылыми конференциялар, байқаулар, оқу лагерьлеріне қатысуы; қосымша білім беру мекемелеріндегі сабақтар, спорттық, музыкалық, көркемөнер жетістіктері және т.б. салынады. Осы бөлімде берілген материалдар оқушының оқу және шығармашылық белсенділігінің қозғалысы, оның қызығушылығының бағыты, бейін алды дайындығының сипаты туралы толық мәлімет береді. Оқушы «Шығармашылық жұмыстар тізбесі» бланкісінде және «Менің мектеп мейрамдарына және іс-шараларына қатысуым» таблицасына жұмыс папкасын жүргізуге белгіленген мерзім кезіндегі шығармашылық қызмет түрлерін саралап отырады.
3.2 Портфолио арқылы бағалау
Бағалаудың келесі түрі - портфолио арқылы тексеру.мұндағы мақсат - оқушының портфелінен сын тұрғысынан ойлай алатынын дәлелдейтін жұмыстарды көру.
Бағалау портфолиосы - уақыт арасындағы баланың ждақат - әрекеттерін, жетістігінің ілгерілегендігін көрсететін жұмыстарының жиынтығы.Осы портфолио ішіне салынатын жұмыс үлгілерін таңдау процесіне мұғалім де, оқушы да қатысқаны дұрыс.Бастауыш мектептерде бағалау портфолиосы төмендегі түсініктердің басын қосуы тиіс:

- Бағалау баланың білімін, түсінігін және сенімділігін арттыруға себін тигізуі тиіс
- Бағалау өте маңызды мақсаттарға бағытталып, әртүрлі ақпарат ресурстарына арқа сүйенуі тиіс
- Бағалау бала дамуын қамтамасыз ететін, сәйкес нұсқау тәжірибелерін ұсынып, қолдауы тиіс
- Ата-аналар мен оқушылар бағалау процесінде ең маңызды серіктес болып келеді.
Бағалаудың мақсаты - оқушыларға өз-өздеріне бағалауға мүмкіндік беру, басты бағыты - білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру.Сонымен қатар дәлме-дәл бағалаудың маңызды
бөлімі баланың әсерін ескеру болып саналады. Портфолио түрінде бағалау ол оқушының жасаған жұмыстарының жиынтығына негізделген бала икемділігін бағалау әдісі.Мұның қаншалықты пайдалы, әрі ұтымды екендігін сынып мұғалімінің тәжірибесіне және мүмкіндігіне байланысты болады.Портфолионың қызмет ету мақсаттары:

- Нұсқау беру мен бағалаудың біріктірілуі
- Баланың жетістіктерімен сыныпта қолданылатын әр қилы жаттығулар туралы мәліметті оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға және де басқа шешім қабылдайтын адамдарға жеткізу
- Балаларға өздерінің жұмыстарына баға беруге мүмкіндік туғызу
- Баланың жалпы жұмысын жан-жақты бағалауға негіз құру.

Балалар үшін білім алу туралы шешім қабылдау және оларды нақты бағалау өте маңызды мәселе.Мұғалімдердің балаларды оқып жатқанда, жазып жатқанда, бір-бірімен араласқанда, дамуға бағытталған оқу бағдарламасы барысындағы түрлі жаттығуларға қатысып жатқанын бақылауы, әр бала туралы мәлімет жинауға мүмкіндік береді.Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін бағалау процесі терең зейінмен сыныпта жасалған жаттығулар да үздіксіз жүргізілуі тиіс.
Қай уақытта болмасын бағалау жүйесін жасау өзекті мәселе болып келеді.Оқу мотивацияларындағы бұрмалаушылықтан оқушы жетістігінің динамикасын қадағалаудың объективтілігіне деген күдіктен, оқушының мұғаліммен, ата-анамен, өзімен өзінің қарым-қатынасының бұрмалауынан баланың жүйке жүйесінің жұқаруынан және мазасыздануынан жиі байқалатын бес балдық бағаның зиянын келтіретін нәтижесін болдырмау үшін оқушы жетістігін бағалаудың жаңаша жолдар іздестірілуде. [3]
3.3 Өзін - өзі бағалау
Оқушыға және оның ата – анасына қойылған бағасы түсінікті және маңызды болуы үшін, дамыта оқытудың маңызды міндеттерінің бірі болып саналатын өзіндік бақылаумен бағалау тәсілдері оқушы алдын-ала меңгеруі қажет. Өзін-өзі бағалаудың басты мазмұнына өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысуы жатады. Бірақ өзін-өзі бағалауды осындай тар шеңберде қарастыру жеткіліксіз. Менің ойымша, оқушы белсенділігін оятумен бірге, оқушыны өзіндік бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу және қалыптастыру қажет.
Сөйтіп, өзіндік бағалау білімді игерудің ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың процессуалдық қырының жетілуіне жағдай туғызады. Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады. [4]
Өзін - өзі бағалау оқушының оқу танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі оқу - танымдық әрекет кезінде оқушы өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады. 
Өзін - өзі бағалау бойынша оқушылар жұмысының психологиялық мағынасы жөнінде ХХІ ғасырда француз философы Мишель Монтень жасаған тұжырым бойынша «Кез-келген адам қандай да бір істі атқарудан бұрын ол алдымен өзінің кім және не нәрсеге бейім екенін білу қажет» деген. Ал оқушы өзінің білім шекарасының қайдан өтетінін біле бермейді. 

IV.Қорытынды.
 Оқушылардың ББД-ның ауқымын көрсете отырып, бағалау процесін жеделдетеді;
 Оқу мақсаттарын айқындайды, қолдайды;
 Оқушының өзгерісі мен өсуін тіркейді;
 Оқушы, мұғалім, ата-ана қатынасын нығайтады;
 Оқу процесінің сабақтастығы қамтамасыз етіледі;
 Өздігінен оқуды қолдап, оқу мүмкіндіктері ұлғаяды;
 Оқыту процестерін зерттеу мүмкіндіктері кеңейеді;
 Анықталған нәтижелерге орай дамуды айқындайды, нұсқау жасалады, бағалауға арналған ортақ тәсіл құрастырылады;
 Оқушылар өз оқуларын еркін бағалай алатын тәсілмен қамтамасыз етеді.
 Оқушылардың дамуын біркелкі қолдау мүмкіндіктері пайда болады. 
Бағалаудың ең басты мақсаты, ол баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушының қай деңгейге жеткенін бағалап, оқу бағдарламасындағы сабақтарды солардың талаптарына сай етіп, әр баланың тәжірибесінің табысты болуына себін тигізу. Ерекше талаптары бар қосымша көмек немесе араласуды қажет ететін баланы анықтау бағалаудың тағы бір себебі болып келеді. Дұрыс жасалған бағалау, нұсқау беру әдісі нені үйреніп, нені жаттап жатқандығы арасындағы белсенді байланысты қамтамасыз етуі керек. [5]

Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқыту керектігімен қалай оқыту керектігін көзге түртіп көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалып, бірізділікті сақтап отыру, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі, ата – аналармен мұғалімдер, мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы бірлескен белсенді қарым-қатынастың қамтамасыз етілуі, оқып үйренудің маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызылуы. Оқушылар мен олардың ата – аналарын бағалау жүйесінің анық түсінікті болуы.

Дәстүр бойынша бала үлгерімі әрдайым қолданылып жүрген қағаз және қалам арқылы бағалау жұмыс қағаздары, апталық үлгеру тестілері және қалыпты тест арқылы бағаланып келеді. Мұғалімдер білім алушыға баға бергенде өздеріне олардың ата – аналарына және басшыларға оқушыларға көптеген жетістіктерінің дәлелі ретінде сандық көрсеткіштерді берген. Дегенмен, кейінгі кездегі білім беру бағыты көптеген мұғалімдердің баланы бағалайтын және оның өсіп жетілуіне себін тигізетін жаңа әдістерді ашып, зерттеп жатқандығы белгілі. Бағалау әр түрлі мақсаттарға қызмет ете алады.
- оқушылар өздеріне өздері жауапты болып, білім алу процесін өздері бақылай алатын халге жетеді.
- Мұғалімдер оқу процесін тиімдірек етіп бағыттай алады.
- Мұғалімдер қай оқушыға көмек қажет екендігін анықтай алады.
- Білім берушілер білім алушылардың өсіп жетілу жетістіктерін анықтай алатын болады.

Бүгінгі таңда ынталықпен белсенділікті арттыруда осындай қосымша бағалау әдістері өзін-өзі ақтап отыр. Бағалау процесіне мұғалімдер, оқушылар, ата – аналар және мектеп әкімшілігі қатысуы тиіс. Мұғалімдер оқушылардың өсіп жетілуін және білім алуын үнемі бақылап отыруы тиіс. Үздіксіз бағалау мұғалімдерге балалар мен олардың жасаған жұмыстары жайлы сөйлесіп, осы мәліметті оқу бағдарламасына бағыттау үшін негіз етіп қолдануына мүмкіндік береді.

Бағалау ісіне ата – ананың қатысы тек табельді қабылдап, баланың жазған жұмыстарын анда-санда қарап шығу міндеттерінен әлде-қайда кеңірек болуы тиіс. Баланың жасаған жұмыстарынан деректі дәлелдер көрсе, ата-аналар баланың қаншалықты ілгерілегендігі жөнінде анық мағлұмат алады. Баланың жасаған жұмыстарының жинағы, оның уақыт аралығындағы ойлау мен даму сапасын анық көрсетеді. Мәліметтерді қорытындылап отыру, ата – аналарға есеп беру процесін түсінікті де тиімді етпек. Бастауыш мектептерге арналған бағдарламаның моделін алға жылжыту үшін бағалаудың осы түрлерін қолдану қажет. Сонда біз оқыту және бағалау бірін-бірі толықтырып, оқу процесінде дұрыс бағыттағы даму тәжірибелерін қолданылып жатыр деп айта алатын боламыз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 392 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.03.2015 6020
    • 0 байт
    • 181 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бисенгулова Фатима Абуталиповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45727
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе