Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Оқуға құштарлық 2 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Оқуға құштарлық 2 сынып

библиотека
материалов

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі

_______ Қ. Төлегенова

«06.09.10.12» «10»2015ж

Сыныптар: 2 «а,ә,б,в»



2-сынып «Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары»

6- сабақ Оқуға құштарлық

Сабақтың мақсаты: «Білім» , «махаббат» адамгершілік құндылықтары туралы

түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - оқу – білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік

беру;

  • оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;

  • кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті қағаз, қайшы, үнтаспа.

Шаттық шеңбері

Жаңа сабақты бастарда әр баланың жағымды көңіл күйін қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберін ұйымдастырамын.

  • Балалар, бәріміз бірге «Кел, билейік!» әнін қосылып айтайық.

  • Ортаға шеңбер құрайық.

Кел, билейік!

Кел,билейік, кел билейік,

Неге тұрсың билемей?

Кел,билейік,іркілмейік,

Неге отырсың билемей?

Қайырмасы:

Жалығуды білмейміз

Жабығуды білмейміз.

Жауқазындай көзді тартып,

Жайраң қағып билейміз.

  • Өлеңді жаттап алыңдар



Тапсырма



Оқушыларға білімнің көзі кітапта екенін және оқуға деген балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында, Е. Ашықбаевтың өлеңін тапсырма ретінде ұсынамын. Балалар сұрақтарға жауап береді.

Кітаптың жыры

Деме : Өмірдегі үлесің.

«Оңай үйренем» Мен отырсам қолыңда,

Ақыл айтсам – Білмегенді білесің.

Егеспе. Көп пайдадан құр қалма,

Оқу деген – Жалқауланып отырып.

«Инемен құдық қазу» емес пе? Қолдан келіп тұрғанда:

Менің әрбір жолымда – «Кел, балалар, оқылық!»



  • Неліктен кітапты «ұстаз» деп атаймыз?

  • Кітаппен қалай дос болуға болады?

Назар аударыңдар

Оқулықта Алпамыс пен Махаббаттың атынан ұсынылған тұжырымдамаларды жеке – жеке талдау жасаймыз.

Білім – өзіңді, өзгені танытады.

Білім – өмірді түсінуге көмектеседі.

Білім – табиғат құпияларын ашады.

Білім – болашаққа жетелейді.

Дәйексөз

Балалар , тақтаға назар аударамыз. Тақтадағы «Оқусыз күнің жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақалды жазып қоямын.

Балалар, кітап оқу арқылы білімді боласың. Білімді адам – ол күшті адам.

Өйткені , адам білімнің арқасында өмірдің ақиқатын танып біледі. Көп білсең адамдарға ақыл – кеңес бере аласың, сыйға бөленесің. Сондықтанда халық «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп бекер айтпаған.

Тапсырма

Оқулықта берілген мақал – мәтелдердің мағынасын түсініп, мүмкіндігінше жаттап

алыңдар.

«Оқу – білім бұлағы»

«Білім – өмір шырағы»

«Оқу инемен құдық қазғандай»

«Оқу түбі – тоқу»

Дәптермен жұмыс

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріңе орындаңдар.

Жүректен жүрекке

Ақылшым – мұғалім

Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім

Баулитын өмірге

Ақылшым –мұғалім

Тіліңді аламын

Айтқаныңды ұғамын

Мен сендей боламын





































Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:

_________ Қ. Төлегенова

«01.04.05.07» «09» 2015ж

Сыныптар: 2 сынып: «а,ә,б,в»

« Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары»

1 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Біз осындай баламыз

Сабақтың мақсаты: «Өзін – өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы

түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: - 2- сыныпқа арналған «Өзін – өзі тану» пәнінің

мазмұнымен таныстыру;

-өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын

арттыру;

- ізгілікке тәрбиелеу,

Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.

Шаттық шеңбері

  • Қош келдіңдер, балалар! Міне жазғы демалысымызда аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Балалар, енді сендер екінші сынып оқушысыңдар. Ер жетіп, ақылдарыңа ақыл қосылды. Сендерді алда қызығы мен шаттығына, жақсылығы мен жаңалығына толы «Өзін – өзі тану» сабақтары күтіп тұр.

  • Қанеки, дәстүрлі «Шаттық шеңберін» құрып,қол ұстасайық. Шеңбер аясында бәріміз бірге қуанышпен ән салайық.

Жас дәуірдің түлегіміз

Бау, бақша, белдер,

Орман , тау, көлдер -

Көрікті шексіз даламыз,

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді, ауыл қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей

Бақытты біздер баламыз!

Өзіміз туған,

Көбелек қуған –

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.



Тапсырма

Оқушылар суретке қарап, «Менің жазғы демалысым» тақырыбына әңгіме құраңдар.



Әңгімелесу



  • Өзін - өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?

  • Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?

Әр бала өз ойын айтып шығады.

Жаңа ақпарат

Оқушылар оқулықтан «Өзін – өзі тану сабақтары арқылы өзін , басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, бақыт, білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады».

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға «Өзін – өзі тану» пәні туралы білімдерін дамыту мақсатында өлең оқып беремін. «Мен қандаймын» , «Жақсы болу – өзіңнен» - деген өлең жолдарындағы ойларды айқындай түсу үшін сұрақ қоямын.

Өзіңді тану

Жақсы болу – өзіңнен, Жамандық көрсең біреуден,

Жаман болу – өзіңнен Мен қандаймын? – деп ойла.

Өзіңді өзің ая да, Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңнен үйрен, өзіңнен, Өзіңсің ақыл айнасы

Жақсылық көрсең біреуден, Тиеді саған мәні бар

Мен қандаймын? - деп ойла «Өзіңді тану» пайдасы.



Тапсырма

Оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін – өзі танудан үйренген құндылықтар туралы түсінік айтып беріңдер.

Олар: әдептілік, білім, қайырымдылық, достық, табиғат, Отан, денсаулық, отбасы, махаббат, бірлік сынды құндылықтар.

Дәптермен жұмыс

Тапсырма: кіші шеңберлердің ішіндегі әріптерден мейірім, қамқорлық, тазалық, денсаулық, рақмет, кешіріңіз деген сөздерді құрап, торкөздерге жазыңдар.

Жүректен жүрекке

Балалар, шеңберге жиналып, ән салады.

Біз бақытты балдырғандар

Асыр салып ойнаймыз да,

Ән шырқаймыз, билейміз,

Үлкендерді сыйлаймыз да

Тентектерді сүймейміз

Қайырмасы:

Біз – бақытты,

Біз – бақытты,

Біз бақытты балдырған.



















Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі

_________ Қ. Төлегенова

«08.11.12.14» «09» 2015ж.

Сыныптар: 2 сынып: «а,ә,б,в»

2-сабақ

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Біз осындай баламыз

Сабақтың мақсаты: « Өзін – өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін

кеңейту,

Сабақтың міндеттері:

  • 2-сыныпқа арналған «өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • Өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

  • Ізгілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балаларды шеңберге шақырады. Барлығы қосылып, ән салады.

Біз бақытты баламыз!

Жылай қалсақ, жұбанамыз, Біз қолқанат баламыз!

Ақыл тыңдап, тіл аламыз, Домбыра да тарта аламыз,

Біз тәртіпті баламыз! Өлеңді де айта аламыз.

Таңда ерте тұра аламыз, Біз өнерпаз баламыз!

Беті - қолды жуа аламыз, Аспаны ашық еліміздің,

Біз ұқыпты баламыз! Көркі сұлу жеріміздің,

Үлкендерді сыйлаймыз біз, Біз бақытты баламыз!

Үй тазалап, жинаймыз біз,


Дәйексөз

А.Пивеннің «өзіңді танығанда ғана өзгені білесің» деген сөз тақтаға ілінеді.

- «өзіңді танығанда ғана өзгені білесің» делінген нақыл сөздің үлкен мәні бар. Шынай өмірде жағымды да, жағымсыз да құбылыстар, әрекеттер кездесуі мүмкін.

Соларды ажырата білуіміз керек.

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек түсіндіру мақсатында әңгіме оқуды ұсынады.

Балапан

Жазғы демалыста Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаларды арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектеседі. Барса,жерде шиқылдап, сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызыл шақа. Балапан шиқылдай береді. арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салады. Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.


  • Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

  • Сендер жазғы демалыс кезінде қандай қамқорлық істер жасай алдыңдар? Енді сол туралы әңгімелеп беріңдер.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

  • Балалар, «өзін – өзі тану» пәнінен үйренген адамгершілік құндылықтарын өмір жағдайларына пайдаланып, адамдарға және айналаға жасаған жақсылықтарыңа қуанып тұрмын.

Ойын:

Ойынның шарты: «айнаға қарап, өздеріңнің бір жыл ішінде қалай өзгергендерің туралы ойланыңдар».

  • 1- сыныпта сен нені жақсы көруші едің?

  • Не істей алмаушы едің? Ал қазір ше?

  • Былтыр сен нені армандадың? Ал биыл ше?

  • 1-сыныпта досың қанша еді? Ал қазір ше?

Балалардың жауаптары тыңдалады.


Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс бойынша балалар суреттерге қарап, берілген сұрақтарды қолдана отырып, «Біз осылай өсеміз» тақырыбына әңгіме құрастырады.

  • Өсімдіктер мен жануарлардың өсуі үшін не қажет?

  • Адамның дамуына не ықпал етеді?

  • Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер байқадыңдар?

  • Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?


Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

Тапсырма

« Менің жазғы демалысым» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.


Қорытындылау

  • Балалар, біз 1-сыныпта «өзін – өзі тану» пәні бойынша жақсылық жасауды,

әдепті болуды, көмектесе білуді, үлкенді сыйлауды, көпшіл болуды, жақсы мен жаманды айыра білуді, қайырымды, жауапкершілікті болуды, Отанды, табиғатты сүюді, денсаулықты күтуді үйрендік. Сол бойынша бір – бірімізге айтып көрейік. Жүректен жүрекке

Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, ән айтады.

Біз осылай өсеміз

Суда жүзіп өсеміз, Таулар көріп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз. Баулар егіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз, Жеміс теріп өсеміз

Құмда шыжып өсеміз Жеңіскер боп өсеміз

Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз

Қанаттанып өсеміз.





























Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі

_______ Қ.Төлегенова

«15.18.19.21» 09 2015ж.

Сыныптар: 2сынып: «а,ә,б,в»

3- сабақ Өзін- өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Көңіл күйімізді басқара білейік

Сабақтың мақсаты: «Махаббат», «бақыт», адамгершілік құндылықтары туралы

түсініктерін кеңейту,

Сабақтың міндеттері:

  • жағымды қарым – қатынастар туралы түсінік беру;

  • өзін – өзі ұстай білу іскерліктерін дамыту;

  • ұстамдылыққа, сабырлыққа, ризашылыққа тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: әр түрлі көңіл күйді білдіретін суреттер.

Шаттық шеңбері

Оқушылар бәріміз шеңбер құрып тұрайық. Өлең шумақтарын бәріміз бірге қосылып айтайық.

Кел, балалар, күлейік

Кел, балалар, күлейік! Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік! Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек? Күлкімізді күн қылып,

Көңілді боп жүрейік. Гүл өссін деп тілейік.

Кел,балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.


  • Өте жақсы, жарайсыңдар.

  • Орындарыңа отыра қойыңдар.


Әңгімелесу

Оқушылардың айналасындағы адамдардың, өзінің көңіл күйі туралы сезінгендерін ортаға салып, әңгіме жүргіземін.

  • Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

  • Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Мәтінмен жұмыс

Сабақтың тақырыбын ашып түсіндіру мақсатында мәтінмен жұмыс жүргіземін. Оқушылар мен сендерге мәтінді оқып беремін, сендер мұқият тыңдаңдар.

Бос қайық

Бір данышпан өз оқушыларына былай деді.

  • Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен

керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.

Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық менің қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Мен көзімді ашып, менің мазамды алған адаммен ұрыспақ болып. Басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе-бет қалдым.

Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу - ыза қыса бастаса, өзімнен – өзім күлемін де : «Бұл бос қайық!» деп, сабама түсемін.

  • Аңызда адамның қандай көңіл күйі сөз болды?

  • Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер?

Жаңа ақпарат

«Адамның көңіл күйі әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық бар, қуаныш адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер етеді» деген түйіндеу сөзбен танысады.

Тапсырма

Балалар, суреттегі балалардың бет бейнелеріне қарап, қандай көңіл күйде тұрғанын әңгімелеп беру тапсырамын.

Қорытынды

  • Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады. Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап, өзімізді ұстай білуімізді және өзімізге,айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде мынадай тапсырма берілген: ребусты (орныдық, сызғыш, айна, от, шаш) суреттері берілген. Дұрыс шешсеңдер, мақал шығады. Мақалды оқыңдар. Шешуі «орынсыз ашу- от шашу»

Жүректен жүрекке

Балалар ,Шеңберге тұрып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтып, өз көңіл күйі қандай екенін сыныптастары алдында жария етеді.















Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:

________Қ.Төлегенова

« 20 23 24 26 » 10 2015ж

Сыныптар: 2 «а,ә,б,в»

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары

8-сабақ



Сабақтың тақырыбы: «Менің ұстаздарым»

Сабақтың мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары

туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға мұғалімнің, ата – ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары» екендігін түсіндіру;

  • Мұғалім еңбегіне сүйіспеншілік, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру,

  • Ұстаздарды бағалауға, сыйлап – құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, «жүрекше» пішіндегі ашықхат, фольга, түрлі түсті қағаздар.

Шаттық шеңбері

Балалар, ортаға шеңбер жасап, бір – біріңе жылы тілектеріңді айтыңдар.

Тапсырма

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін мынадай тапсырма беріледі:

Бұл тапсырманы берудегі мақсат – оқушылардың мұғалім еңбегін түсініп, бағалай білуге ықпал ету.

Мұғалім – білім беруші

Мұғалім – көмекші

Мұғалім – қамқоршы

Мұғалім – ақылшы

Мұғалім – сенімді дос

Дәйексөз

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мақалды жазып қоям. Осы мақалдың мағынасын оқушылардың қалай түсінетіндерін сұрау.

  • Балалар. Жалпы біз кіммен немесе неден, тәлім – тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз.

Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білуге, ажырата білуге үйретеді. Ұстаздан алған білімді бойына сіңіре білген, оны өмірде дұрыс қолдана алған шәкірт нағыз білімді болады.

Мәтінмен жұмыс

Балаларға Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесін айтып беремін

Бақша ағаштары

Жаздың әдемі бір күнінде, бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

  • Мынау ағаш неліктен тіп – тік, ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.

  • Оның себебі, балам анау ағашты бағу – қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп отырған. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпымен өскен, - деді атасы.

  • Олай болса, бағу – қағуда көп мағына бар екен ғой – деді баласы.

  • Бағу – қағуда көп мағына шек жоқ, шырағым. Мұнан сен де әбірет (өнеге) алсаң болады. Сен жас ағашсың. Саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзік кісі болып өсесің. Бағуымсыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің – деді.

  • Бақша ағаштарының түзу және қисық өсулерінің себебі неде?

  • Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
    осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?

Тапсырма

Суреттерге қарап, «Менің ұстазым» тақырыбына әңгіме құраңдар.

Назар аударыңдар

Оқулықта ұстаз туралы Алпамыс пен Махаббаттың атынан берілген үзіндіге көңіл аударыңдар.

Ұстаз біліммен сусындатады.

Ұстаз тәлім – тәрбие береді.

Ұстаз өмір қиындықтарын жеңуге баулиды.

Ұстаз табиғатты танып білуді меңгертеді.

Ұстаз адамдарды түсінуге үйретеді.

Шығармашылық жұмыс

«Түнгі аспан» атты шығармашылық жұмыс төмендегідей жүргізу керек.

Тақтаға түнгі аспанды бейнелейтін қою көк түсті плакатты ілініп тұрады. Өзі сары түсті қағаздан «Айды» қиып, плакатқа жапсырамын. Ал мәр оқушы фольгадан жұлдыздарды қиып, тақтадағы плакатқа шетінен орналастырады.

  • Жарайсыңдар! Біздің «Түнгі аспанды» жарық еткен ай мен жұлдыздар. Ай – мұғалім, ал жұлдыздар – оның шәкірттері.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орындау

Тапсырма

Берілген сөздерді орындарына қойып, сөзжұмбақты шешіңдер. Керекті сөздер: ұстаз,сағат, ата, кітап, қарбыз.

Қорытындылау

  • Иә, шәкірттерінің тек қана жақсы жақтарын көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі - ұстаз үшін үлкен қуаныш.

Жүректен жүрекке

Сағаттың қос тіліндей екі қолын екі жаққа созып ортаға тұрады. Балалар сағаттың тілімен оңға қарай қозғалыспен бірінен кейін бірі алақаны арқылы ұстаздан жылу алады. Әр бала алақанын ұстаздың алақанына тигізіп тұрып, алғыс білдіреді. Мысалы: білім бергеніңіз үшін рақмет! Оқуға үйреткеніңіз үшін рақмет!























































Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі

Қ. Төлегенова

«27 30 31 02\11» 10 2015 ж

Сыныптар: 2 «а,ә,б,в»

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары

9 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Адами қарым – қатынасқа үйренейік.

Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет.

Сабақтың мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

  • Сыйластықты қарым – қатынас жасау іскекрліктерін дамыту;

  • Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, ақ қағаздар

Шаттық шеңбер

Балалар, өлең жолдарын бірге айтайық.

Жақсылықтан үйреніп

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан

Әңгімелесу

Оқушыларға үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсету арқылы адамдардың қандай жетістікке жете алатын туралы түсініктерін дамыта түсу үшін оқулықтағы берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу әдісін жүргізіледі. Бұл сұрақтар арқылы оқушылардың қоғамда отбасында және достары мен туыстары, басқа адамдар арасында қарым – қатынастарын қалыптастыруға адам өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына жетелейді.

  • Өзіңді. Өзгені құрметтей білесің бе?

  • Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

  • Достарыңмен арада қандай сыйластық ба?

Мәтінмен жұмыс

Әңгімені оқып талдау барысында мұғалім адамның әр ісінде жүріс – тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындырады.

Үш дос

Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене – кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шекке болып ойнайды да жатады. Бүгінгі де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:

  • Ойындарыңа мен де қосылайыншы, - деп өтінді. Қазанқап:

  • Ойынға қоспаймыз, - деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.

Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.

Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты.

  • Балалар, неліктен бірге ойнай алмады?

  • Бір – бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Ойын – жаттығу. «Құрмет - ізет»

Тақтаға жапырақсыз ағаштардың суреті салынған плакатты ілемін. Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтарын таратып береді.

Оқушылардың жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса – «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса – «кіші ағашқа» іледі.

Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рақмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, кешірім ет, сау бол, айта ғой, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.

  • Балалар,енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді. Сондықтан, оны «Құрмет» ағашы деп атайық. Ал кіші ағашқа ілінген сөздер ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет» ағашы деп атайық.

Жаңа ақпарат

Адамдар бірін – бірі сыйлап. Түсіне білсе, жақсы қарым – қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.

Дәптермен жұмыс

Сабақта айтылған ойларды оқушылардың түсінгенін білу мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады.

  1. Тапсырма

«Менің айтар ақылым». Бос жолдарға қарындасыңа, ініңе арнап ақыл хат жаз.

  1. Тапсырма

«Менің тыңдар ақылым». Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жазуға ұсыныс жаса.

Жүректен жүрекке

Құрметтеп ата – анамды,

Ардақтап әпке, ағамды

Қамқор боп сіңлі ініме

Сыйлымын үлкен кішіге

Бәрін де жақсы көремін

Үнемі көмек беремін

Үлкенді сыйлау кішілік

Үлгілі мінез - кісілік

















































































Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі

Қ. Төлегенова___________

Сыныптар : 2«а,ә,б,в,,»

«03 13 14 16» «11» 2015 ж

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары

10 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Адами қарым – қатынасқа үйренейік.

Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет.

Сабақтың мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылығы туралы

түсініктерін кеңейту;

Сабақтың міндеттері:

  • Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

  • Сыйластықты қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: дәптер , оқулық, ақ қағаздар.

Шаттық шеңбері

Дана әжем сөзі мен әнін жазған М. Керейбаев

Мамамыздың анасы, Ертегі айтып,әлдилеп,

Ақ жаулықты ақ әжем, Әлпештеген жебеген

«Айналайын құлыным»- Көп қой, бізге айтатын

Деп айтатын дана әжем. Ақыл – кеңес, өнегең.

Қайырмасы:

Еркелетіп өсірген,

Айналайын дана әжем.

Мені жақсы көретін,

Сені жақсы көретін

Ірімшігін мейізін

Бізге сақтап беретін

  • Ата, әжелердің сендерге қандай ақыл – кеңестер айтады?

  • Сендер әжелеріңе қандай құрмет көрсетесіңдер?

  • Балалар,бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай жымиып бас ию – адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Адамға деген құрметің жымиып тұрып амандасудан басталады. Сый , құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жақсы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.

Тапсырма

Балалар, өздеріңнің ерекше сыйлайтын адамдары туралы түсініктерін және оның қандай ісі, қасиеттері сыйлауға лайықты екенін айтып беру үшін тапсырма беремін.

Жағдаяттарды шешу

Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын бекіте түсу мақсатында жағдаяттармен жұмыс жүргізіледі. Оқулықтағы берілген суреттерге қарап талдайды.

Сюжетті суреттер

  1. Шығармашылық кезінде өзіңді қызықтырған сұрақ қойғың келді. Ол ........

  2. Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі ...........

  3. Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді. Бірақ ...............

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтағы «Рақмет , ата» деген әңгімені оқып талдау.

Рақмет, ата!

Әңгіме

Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт – бес жасар шамасындағы қыз тұрды.

Қасына келіп:

  • Бұл жерде неғып тұрсың? – дедім.

  • Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.

  • Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?

  • Гүлнар.

  • Кімнің баласысың?

  • Әжемнің баласымын.

Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.

  • Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін. Рақмет, ата! жүзіме қуана қарады. Кіп -кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптіілігіне риза болып қоштастым.

  • Гүлнардың үлкенді сыйлайтынын, кіщіге қамқоршы екенін қандай іс - әрекеттерінен аңғаруға болады?

  • Атай Гүлнарға қандай ізеттілік көрсетті?

- Құрмет- үлкен адамға көрсетілетін сыйластықты қарым- қатыас. Ізет - үлкендердің кішілерге көрсететін сыйластықты қарым - қатынасы. Өзің сыйласаң, сені де сыйлайды. "Өзгеге жасаған ізетің - өзіңе жасаған құрметің" деген сөздің мағынасы осы.

Сахналау

Оқулықтағы "Сахналау" айдарымен берілген өлеңді үш оқушы(автор, бір кісі, қария) рольдерде орындату арқылы кісілік-кішілік қарым-қатынасын айқындай түседі.

Кісілік-кішілік

Көп ойланып есебі, Кезек күтіп сөйлеспек.

Келсе, керек білгісі Көрсетсе, ізет білгендік.

Сөз сұрапты деседі Кеуде кере келмесе,

Қариядан бір кісі. Сол -Кісілік үлкендік

- Уа, қария, данамыз

Алайық бір түсініп,

Үлкендік деп не ұғамыз?

Дейміз нені кішілік?

- Ағайынмен, досымен

Тату болса, ісімен.

- Өлеңдегі кісілікке тән қасиеттерді айтып беріңдер?

- Кішілікке тән қасиеттер туралы айтыңдар?

Тыныштық сәті

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Назар аударыңдар

Оқулықта сыйластық туралы Алпамыс пен Махаббаттың атынан берілген үзіндіге көңіл аударыңдар.

Адамдар өзара сыйласып, бір – бірінің жақсы, ізгі қасиеттерін құрметтесе, сыйластыққа қол жеткізеді.

Өзін – өзі сыйлайтын адам өзгелерді де сыйлай біледі.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орындау жолын түсіндіру.

1 – тапсырма

Сурет бойынша әңгіме құрастырып, дәптерге орындайды.

2 – тапсырма

Берілген сөздердің щеңбер ішінде берілген отбасы мүшелерінің қайсысына қатысты екендігін тауып белгілеңдер және айтып беріңдер.

Жүректен жүрекке

Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі ән айту мен жалғастырып, сабақты аяқтаймын.

Бақытты балдырған әні

Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз, сайраңдап,

Бақытты елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайраңдап.

Бөбектерді қуантып,

Құрметтейміз қарттарды

Өнерге біз құмартып,

Өсіреміз бақтарды.

Шынығамыз, ойнаймыз

Жас ұрпақпыз талапты,

Жас қызығын тойлаймыз,

Жақсы оқимыз сабақты.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1012
Номер материала ДВ-325346
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх