Инфоурок Другое Конспекты"Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау" тақырыбында коучингтің жоспары

"Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау" тақырыбында коучингтің жоспары

Скачать материал

 

   «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучинг  жоспары

 

 

 

 

 

Сабақ тақырыбы:

 

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

Жалпы мақсат:

1.  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаумен таныстыру. 

2.  Формативті бағалауды мұғалімдердің тәжірибелерінде қолдануларына ықпал ету.

 

Сілтеме:

1.     Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  104-109 б.

2.     Үлестірмелі материалдар

 

Оқу нәтижесі:

Қатысушылар формативті бағалаудың маңыздылығын түсінеді,  тәжірибеде қолдануға бет бұрады.

 

Түйінді идея:

Оқушыларды формативті бағалау арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

 

Сабақта қолданылатын материалдар:

 А-4 парақтары, флипчарт, стикер, интербелсенді тақта, бейнежазба, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

2. Оқыту мен оқытудағы АКТ қолдану

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

1.  Жеке жұмыс

2. Топтық жұмыс

 

 

Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар, ғаламтор.

 

Тапсырмалар:

Сұрақ- жауап, формативті бағалауға байланысты топтық және жеке тапсырмалар, постер жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеттері:

 

Кезеңдер

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу:

«Үш тілек»   (5 мин.) 

1.      Қатысушыларға бір біріне үш

жақсы тілек айтуды ұсынады.

2.      Коучингтің тақырыбы мен

мақсатымен таныстырады.

Бір біріне үш жақсы тілек айтады.

Топқа бөлу

(3 мин)

 

 

Столдың бетіне сөйлем жазылған қағаз қиындыларын араластырып қойып, мұғалімдердің таңдауларын өтінеді.

Шағын 2 топқа бөледі.

Қағаз қиындысын таңдап алады. Құрастырған сөйлем бойынша 2 топқа бөлінеді.

«Миға шабуыл» әдісімен

сұрақ-жауап жүргізу

         (2 мин.)

Фильм көру  (3 мин.)

 

     Төмендегі сұрақтарды қояды:

 - Бағалау туралы не айта аласыздар?

 - Сіздер оқушыларды қалай бағалайсыздар?

 - «Оқыту үшін бағалау» фильмін көрсетеді.

Сұрақтарға  жауап береді.

Фильмді көреді.

Тапсырма №1

 «Ең әдемі лотос гүлін жасаңыз»   (20 минут)

1.      «Ең әдемі лотос гүлін

жасаңыз» тапсырмасын береді.

(13 мин.)

2.      Критерий, дескриптор ұғымын

таныстырады. (4 мин.)

3.      Топтардың жасаған гүлдерін

критериалды бағалайды. (3 мин.)

4.      Әр мұғалімді коучинг

барысында смайликпен бағалап отырады.

1.      Топ мүшелері

лотос гүлін берілген құрал мен қағаздардан жасайды.

2.      Критерий және

дескрипторларды коучтың көмегімен шығарады.

3.      Топтар бір бірін

формативті бағалайды.

Мақсаты: критериалды бағалаудың ерекшеліктерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже: критерий және дескриптор ұғымымен танысады.

Презентация

(10 мин.)

1.       Формативті және суммативті

бағалаудың ерекшеліктерімен таныстырады. Слайд 1-3   (5 мин.)

-          Оқыту үшін бағалау – бұл

білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен оларлың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

2.       Табыс критерийлер мен

бағалау стратегиялар туралы мәлімет беру.  Слайд 4-7         (5 мин.)

Таныстырылымды тыңдайды.

Сұрақтарын қояды.

Топ көшбасшысы топ мүшелерін бағалау парағы арқылы бағалап отырады.

Сергіту сәті

(3 мин.)

Қатысушыларға «Атом-атом» ойынын ойнауды ұсынады.

Ойынға белсене қатысады.

Тапсырма №2  «Постер» тапсырмасы    (16 минут)

1-топқа «Бағалау», 2-топқа «Бағалау стратегиялары» тақырыптарында постер жасауды тапсырады.

(10 мин.)

Әр топтың қорғауына 3 минуттан уақыт береді.

Топтарды формативті бағалайды.

Топ мүшелері бірлесіп постер жасайды.

Әр топтан 2 мұғалімнен шығып, постерді қорғайды.

Топтар бір бірін формативті бағалайды.

Мақсаты: тақырыпты түсіну деңгейін білу.

Күтілетін нәтиже: формативті бағалаудың маңызды екеніне көздерін жеткізеді, стратегияларды толық атап көрсетеді.

Тапсырма №3

 «Гүл құрастыр» ойыны

 (15 минут)

1.      Мұғалімдерге гүл

жапырақтарын таңдауды ұсынады.

2.      Жапырақтың екінші бетіндегі

жеке тапсырмаға дайындалуды тапсырады.     (5 мин.)

3.      Топ мүшелерінің жауаптарын

тыңдап, оларды формативті бағалайды.      (10 мин.)

Үстел үстінен өздеріне ұнаған гүл жапырағын алады.

Әр топтағы мұғалімдер тапсырманы жеке орындайды.

Топ мүшелері тақтаға шығып, өз жауаптарын айтып, бірлесіп гүл жасайды.

Мақсаты: әр мұғалімнің не түсінгенін білу.

Күтілетін нәтиже: өздеріне берілген тапсырманы аса жауапкершілікпен орындайды, «Бағалау» тақырыбын жан-жақты ашады.

Ой-түйін

«Сұрақ-жауап»     (5 мин.)

 

1. Топ мүшелеріне келесі сұрақтарды қояды:

-  Бұл тәсілді сабақта қандай мақсатта қолданар едіңіздер? Егер осы тәсілді қолдансаңыз, қандай нәтижеге жетер едіңіз? Бұл тәсіл қандай дағдыларды дамытады?

2. Дұрыс жауап берген мұғалімдерге қошемет көрсетіп смайликтер береді.

Сұрақтарға ауызша жауап береді.

Бір біріне қөшемет көрсетіп, қолдау жасап отырады.

Рефлексия

(3 мин)

 

 

 

«Барлығы түсінікті», «Түсіндім, бірақ кейбір нәрселерді қайта қарап шығуым қажет», «Түсінбедім» дегенді білдіретін смайликтерге стикерлерін ілуді ұсынады.

Әркім  жеке-өз ойын, ұсынысын стикерге жазып  тақтадағы смайлик тұсына іледі.

 

Сабақты қорытындылау.

(2 мин.)

Коучинг барысында ең көп

ұпай жинаған топқа және жеке қатысушыға қошемет көрсетеді.

Қатысушылар бір біріне қолдау көрсетеді.

Кері байланыс

(3 мин)

Қатысушыларға сауалнама парақтарын таратады.

Саулнамаға жауап береді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау" тақырыбында коучингтің жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 536 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 729
    • DOCX 30.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Артыкмуратова Феруза Алибеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17343
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой