473403
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалыОқулыққа пікір "Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесі"

Оқулыққа пікір "Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесі"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесі

Оқулық атауы: Математика

Мектеп атауы: Есбол орта мектебі

Авторлары: Т.Қ. Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, Б.М.Қосанов, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева, М.В.Маркина

Оқыту тілі: Қазақ

Сыныбы:4 Оқулық саны 12

Баспа: Алматы «Атамұра» 2015

І.Нормативтік бағалау

Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес.

ІІ. Оқулықтың мазмұндық жағы, жалпы құрылымы

Мазмұны жағынан бағдарлама толықтай қамтылған. Оқу материалын іріктеуде және мәтіндік есептер оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген. Оқушылардың логикалық қабілетін дамытуға, зияткерлік интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар көбірек берілген. Өз бетімен, екеулеп орындауға арналған тапсырмалар бөліп берілген.

ІІІ. Оқулық мәтіні, тақырыптарға бөлінуі

Оқулықта сабақтың басталуы, жаңа ұғымдар, қайталауға арналған жаттығулар, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар, өз бетімен орындайтын тапсырмалар, геометриялық мазмұнды тапсырмалар, оқушылардың логикалық және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар шартты белгілер арқылы беріліп, оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіле білген. Оқулықтағы тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай беріліп, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар 8-9 есепті құрайды.

Оқулықтың 1-ші бетінде көп таңбалы сандарды қосу мен азайтуға арналған шығарылу алгортитмдері берілген.

ІУ. Өмірмен сәйкестілігі

Берілген тапсырмалар өмірде кездесетін мысалдар арқылы жеткізілген.Өмірмен сәйкестік бар.

У. Тапсырмалардың күрделілігі, жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі

Математика оқулығындағы берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес. Тапсырмалар тым күрделі емес. Шығаруға оңай. Оқушылар еркін, өз беттерімен шығара алады.

Жақсы оқитын оқушылар үшін 9 тапсырманы орындау қиындық келтірмейді. 20-25 минутта шығарып тастайды. Сондықтан деңгейі жоғары, оқушыны ойландыратын күрделі тапсырмалар берілсе;

VI.Мәтін тілі және стилі

Берілген мәтіндік есептердің баяндау тілі анық. Оқушылар есепті орындау барысында нені табу керектігін ешқандай көмексіз өздері шешуге бағытталады. Әр мазмұнды есептерге сәйкес суреттер берілген.

VII. Баспа қателерінің болуы

Оқулықта өрескел қателер жоқ. Дегенмен, 88 беттегі қайталауға берілген есепте берілген сандардан қате кеткен.

Арыстан 2 секундта 69 м жүгірді. Оның жылдамдығы қандай?

V=S:t; 4-сыныпта бүтін сандар туралы өтпейтінін ескеру керек.

VIII. Түптелуі

Оқулық мұқабасы жұмсақ. Түптелуі талапқа сай. Қағазы сапалы, жазу келесі беттен көрінбейді.

IX. Шрифт, безендірілуі

Шрифт өлшемдеріне оқушылар тарапынан ешқандай қарсы пікір болған жоқ.Талапқа сай, жолдар арасындағы ара қашықтық сақталған.

Оқулық бойынша ұсыныстар:

  1. Берілген5-6 тақырып бойынша оқушы білімдерін анықтау мақсатында өтілген тапсырмалардан тұратын тест тапсырмаларын енгізсе;

  2. Оқулықта оқушылардың деңгейлеріне байланысты күрделі логикалық тапсырмалар берілсе;




Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесі

Оқулық атауы: Әдебиеттік оқу

Авторлары: С.Р.Рахметова , Т.Әбдікәрім, Р.Базарбекова

Мектеп атауы: Есбол орта мектебі

Оқыту тілі: Қазақ

Сыныбы:4 Оқулық саны-12

Баспа: Алматы «Атамұра» 2015

І.Нормативтік бағалау

Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес.

2. Оқулықтың мазмұндық жағы, жалпы құрылымы

Оқу материалын іріктеуде оқушы жас ерекшелігі ескерілген. Оқу материалы оқушы үшін түсінуге ыңғайлы.

3. Оқулық мәтіні, тақырыптарға бөлінуі

Негізгі мәтіндер теориялық және тәжірибелік білімдер қатар берілген. Оқулықта берілген тапсырмалар оқушыны өз ойларын айта білуге, қорғауға және дәлелдеуге құрылған. Оқулықтағы шартты белгілерді назарға ала отырып, оқушы қай бағытта жұмыс жасайтынын біледі. «Әдебиеттік оқу» пәні оқу бағдарламасы бойынша 5 бөлім бойынша тақырыптар берілген.

4.Өмірмен сәйкестілігі

Әдебиеттік білімнің негізгі көзі- әлемді тану. Осы оқулық арқылы сыртқы дүниені, әлемді тани отырып, олардан алған білімдерін өз бойларына жинақтауды үйренеді. Шығармалар жалаң түрде емес, кеңінен ауқымды мысалдар арқылы дәлелденген.

Тапсырмалардың күрделілігі, жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі

Тапсырмалар күрделі емес. Қайта шығармашылыққа негізделіп құрылған. Жас ерекшеліктеріне сәйкес.

5. Мәтін тілі және стилі

Тілімен стилі қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкес. Баяндау тілі анық. Мәтін тілі дамыта оқыту технологиясына негізделіп жазылған.

6. Баспа қателерінің болуы

Оқулықта грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателер сипаты байқалмады.

7. Түптелуі

Оқулықтың беттеріндегі түрлі оқу материалын орналастыру мүмкіндігіне форматы сәйкес және пайдалануға ыңғайлы. Қағаздың сапасы жақсы, әріптері анық, тығыздығы, қалыңдығы жақсы, тасымалдауға ыңғайлы.

8. Шрифт, безендірілуі

Өлшемі талапқа сай, жолдар арасындағы ара қашықтық сақталған.

Ұсыныс:

  1. Оқулықта берілген кейбір авторлар туралы мәліметтер интернет беттерін де таба алмаймыз. Сол себепті автор туралы мәліметтер мен фото суреттері берілсе жақсы болар еді; Мысалы: Роза Әбілқадырова «Әскербектің әтеші»



Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесі

Оқулық атауы: Қазақ тілі

Авторлары: Г.И.Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева

Оқыту тілі: Қазақ

Сыныбы:4 Оқулық саны-12

Баспа: Алматы «Атамұра» 2015

І.Нормативтік бағалау: Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.

ІІ. Оқулықтың мазмұндық жағы .Оқу материалын іріктеуде оқушы жас ерекшелігі ескерілген. Оқу материалы оқушы үшін түсінуге ыңғайлы. Материалдар оқушының ізденісіне қарай бағытталып құрылған. Топпен, жұппен орындалатын жұмыстар, шығармашылыққа арналған тапсырмалар, терең ойлауға арналған тапсырмалар берілген. Оқушыларға сөйлем, ереже, мағұлмат, түбір, жұрнақ, жалғаулардың шартты белгілерін бере отырып, оқушыны жетелеуге тапсырмалар берген. Оқулық соңында қысқаша түсіндірме сөздігі берілген. Ол оқушы үшін түсінбеген сөздерді қарап шығуға мүмкіндіктері бар. Ал ол өз тиімділігін көрсетуде.

ІІІ. Оқулық мәтіні. Негізгі мәтіндер теориялық және тәжірибелік білімдер қатар берілген. Оқулықта берілген тапсырмалар оқушыны өз ойларын айта білуге, қорғауға және дәлелдеуге құрылған. Оқулықтағы шартты белгілерді назарға ала отырып, оқушы қай бағытта жұмыс жасайтынын біледі. Берілген суреттерге байланысты оқушыларға түрткі сұрақтар арқылы өз ойын өрбітуге де көңіл бөлінген. Оқулықта оқушы үшін берілген тапсырмалар күрделі болса, астына «үлгі» ретінде көретілген. Оқулық артында қиын сөздерге түсіндірме сөздіктері берілген.

Оқулықтағы материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жазылған.

ІУ. Мәтін тілі және стилі. Оқулықта баяндау стилі әдеби тіл нормаларына сәйкес.

У. Баспа қателерінің болуы. Оқулықта грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателер сипаты байқалмады.

УІІ. Шрифт. Өлшемі талапқа сай, жолдар арасындағы ара қашықтық сақталған.

Оқулықтың беттеріндегі түрлі оқу материалын орналастыру мүмкіндігіне форматы сәйкес және пайдалануға ыңғайлы. Қағаздың сапасы жақсы, әріптері анық, тығыздығы, қалыңдығы жақсы, тасымалдауға ыңғайлы







Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесі

Оқулық атауы: Дүниетану

Авторлары: К.Жүнісқызы, Ә.Бірмағамбетов, И.Нұғыманов, Н.Жапанбаева

Мектеп атауы: Есбол орта мектебі

Оқыту тілі: Қазақ

Сыныбы:4 Оқулық саны-12

Баспа: Алматы «Атамұра» 2015

І.Нормативтік бағалау

Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес.

2. Оқулықтың мазмұндық жағы, жалпы құрылымы

Оқу материалын іріктеуде оқушы жас ерекшелігі ескерілген. Оқу материалы оқушы үшін түсінуге ыңғайлы.

3. Оқулық мәтіні, тақырыптарға бөлінуі

Негізгі мәтіндер теориялық және тәжірибелік білімдер қатар берілген. Тақырып соңында әр оқушыға керекті қызықты қосымша материалдар берілген. Оқулықта білу-өз білімдерін толықтыратын деректер, түсіну- дұрыс түсінуге көмектесетін тапсырмалар, істеп көру-алған білімін өмірде қолдануға көмектесетін тапсырмалар, ойлан, пікіріңді айт-талдау жасау, дәлел келтіруге арналған тапсырмалар берілген. Тарау соңында орындауға берілген тест тапсырмалары берілген.

4.Өмірмен сәйкестілігі

Дүниетану оқулығындағы барлық тапсырмалар өмірмен байланысты алынған.

Тапсырмалардың күрделілігі, жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі

Тапсырмалар күрделі емес. Қайта шығармашылыққа негізделіп құрылған. Жас ерекшеліктеріне сәйкес. Картамен жұмыс жасау арқылы Қазақстандағы пайдалы қазбалардың шартты белгілерін айыра біледі.

5. Мәтін тілі және стилі

Тілі мен стилі қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкес. Баяндау тілі анық.

6. Баспа қателерінің болуы

Оқулықта грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателер сипаты байқалмады.

7. Түптелуі

Оқулықтың беттеріндегі түрлі оқу материалын орналастыру мүмкіндігіне форматы сәйкес және пайдалануға ыңғайлы. Қағаздың сапасы жақсы, әріптері анық, тығыздығы, қалыңдығы жақсы, тасымалдауға ыңғайлы.

8. Шрифт, безендірілуі

Өлшемі талапқа сай, жолдар арасындағы ара қашықтық сақталған. Оқулықта берілген суреттер анық, оқушы қызыға орындайды. Әр мәтін соңында тақырыпқа байланысты суреттер берілген.

Ұсыныс:

  1. Кенді пайдалы қазбалар және кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды өткен кезде металдарды суреттен көргеннен гөрі көзбен көрген тиімді болар еді. Ол үшін мектептерге пайдалы қазбалар түрлерінің коллекциясы жеткізілсе;



Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесі

Оқулық атауы: Еңбекке баулу

Авторлары: Б.Қалназаров, Н.Рахметова, А.Сманова

Мектеп атауы: Есбол орта мектебі

Оқыту тілі: Қазақ

Сыныбы:4 Оқулық саны-5

Баспа: Алматы «Атамұра» 2015

І.Нормативтік бағалау

Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес.

2. Оқулықтың мазмұндық жағы, жалпы құрылымы

Жалпы құрылымы талапқа сай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жасалған.

3. Оқулық мәтіні, тақырыптарға бөлінуі

Оқулықта әр оқушының жеке шығармашылық қабілетінің дамуына көп көңіл бөлінген. Сондай-ақ оқушылардың икемділік қабілеттерін арттыруға, бұйым құрастыруға, шеберлікке үйретуге, сәндеуге және табиғи материалдарды пайдалануға септігін тигізер әдіс-тәсілдер енгізілген.

4.Өмірмен сәйкестілігі

Еңбекке баулу оқулығындағы барлық тапсырмалар өмірмен байланысты алынған.

Тапсырмалардың күрделілігі, жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі

Оқулықта берілген тапсырмалар 4-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес.

5. Мәтін тілі және стилі

Тілі мен стилі қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкес. Баяндау тілі анық.

6. Баспа қателерінің болуы

Оқулықта қателер сипаты байқалмайды.

7. Түптелуі

Оқулықтың сыртқы мұқабасы басқа пәндерге қарағанда жұқа. Тез жыртылады. Қағаздың сапасы жақсы, әріптері анық, тығыздығы, қалыңдығы жақсы, тасымалдауға ыңғайлы.

8. Шрифт, безендірілуі

Өлшемі талапқа сай, жолдар арасындағы ара қашықтық сақталған. Оқулықта берілген суреттер анық, оқушы қызыға орындайды. Әр мәтін соңында тақырыпқа байланысты суреттер берілген.

Ұсыныс:

  1. Оқулықтың сыртқы мұқабасын қалыңдау етіп қайта өңделсе;

  2. Кесте тігуде тігіс түрлері анық, айқын түсінікті етіп берілсе;









Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесі

Оқулық атауы: Бейнелеу өнері

Авторлары: Н.А.Раупова, Ә.Т.Төлебиев.

Мектеп атауы: Есбол орта мектебі

Оқыту тілі: Қазақ

Сыныбы:4 Оқулық саны-5

Баспа: Алматы «Атамұра» 2015

І.Нормативтік бағалау

Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес.

2. Оқулықтың мазмұндық жағы, жалпы құрылымы

Жалпы құрылымы талапқа сай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жасалған.

3. Оқулық мәтіні, тақырыптарға бөлінуі

Оқулықта түстің теориясы туралы- жылы, суық түстер, олардың оптикалық қасиеті, түстердің контрастығы мен өзгешелігі туралы көп мәліметтер берілген.

4.Өмірмен сәйкестілігі

Бейнелеу өнері оқулығындағы барлық тапсырмалар өмірмен байланысты.

Тапсырмалардың күрделілігі, жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі

Оқулықта берілген тапсырмалар 4-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес. Термин сөздерге анықтама берілген.

5. Мәтін тілі және стилі

Тілі мен стилі қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкес. Баяндау тілі анық.

6. Баспа қателерінің болуы

Оқулықта қателер сипаты байқалмайды.

7. Түптелуі

Оқулықтың сыртқы мұқабасы басқа пәндерге қарағанда жұқа. Тез жыртылады.

Қағаздың сапасы жақсы, әріптері анық, тығыздығы, қалыңдығы жақсы, тасымалдауға ыңғайлы.

8. Шрифт, безендірілуі

Өлшемі талапқа сай, жолдар арасындағы ара қашықтық сақталған. Оқулықта берілген суреттер анық, оқушы қызыға орындайды. Әр мәтін соңында тақырыпқа байланысты суреттер берілген.

Ұсыныс:

  1. Қазіргі жаңадан танылып жүрген Қазақстандық, шетелдік суретшілердің аты-жөндерін,олар туралы мәліметтер қорларын фотоларымен қоса оқулыққа енгізсе;















Махамбет аудандық білім, денен шынықтыру және спорт бөлімінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 1602 санды қатынас қағазына орай 4-сынып оқулықтарына жазылған пікірлер

Мектеп атауы

Оқулық

Авторлары

Баспасы

Оқулық саны

Пікір, ұсыныс

1

Есбол орта мектебі

Математика

Т.Қ. Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, Б.М.Қосанов, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева, М.В.Маркина

Алматы «Атамұра» 2015 жыл

12

1.Оқулықта өрескел қателер жоқ. Дегенмен, 88 беттегі қайталауға берілген есепте берілген сандардан қате кеткен.

Арыстан 2 секундта 69 м жүгірді. Оның жылдамдығы қандай?

V=S:t; 4-сыныпта бүтін сандар туралы өтпейтінін ескеру керек.

2. Берілген5-6 тақырып бойынша оқушы білімдерін анықтау мақсатында өтілген тапсырмалардан тұратын тест тапсырмаларын енгізсе;

2.Оқулықта оқушылардың деңгейлеріне байланысты күрделі логикалық тапсырмалар берілсе;


2


Әдебиеттік оқу

С.Р.Рахметова , Т.Әбдікәрім, Р.Базарбекова

Алматы «Атамұра» 2015 жыл

12

Оқулықта берілген кейбір авторлар туралы мәліметтер интернет беттерін де таба алмаймыз. Сол себепті автор туралы мәліметтер мен фото суреттері берілсе жақсы болар еді; Мысалы: Роза Әбілқадырова «Әскербектің әтеші»


3


Қазақ тілі

Г.И.Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева


Алматы «Атамұра» 2015 жыл


12

Әр тарау бойынша берілген тапсырмаларды қорыту мақсатында тест тапсырмалары берілсе;

4


Дүниетану

К.Жүнісқызы, Ә.Бірмағамбетов, И.Нұғыманов, Н.Жапанбаева

Алматы «Атамұра» 2015 жыл

12

Кенді пайдалы қазбалар және кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды өткен кезде металдарды суреттен көргеннен гөрі көзбен көрген тиімді болар еді. Ол үшін мектептерге пайдалы қазбалар түрлерінің коллекциясы жеткізілсе;


5


Еңбекке баулу

Б.Қалназаров, Н.Рахметова, А.Сманова

Алматы «Атамұра» 2015 жыл

5

  1. Оқулықтың сыртқы мұқабасы қалыңдау етіп қайта өңделсе;

  2. Кесте тігуде тігіс түрлері анық, айқын түсінікті етіп берілсе;




Бейнелеу өнері

Н.А.Раупова, Ә.Т.Төлебиев.


Алматы «Атамұра» 2015 жыл

5

Қазіргі жаңадан танылып жүрген Қазақстандық, шетелдік суретшілердің аты-жөндерін,олар туралы мәліметтер қорларын фотоларымен қоса оқулыққа енгізсе;



















Общая информация

Номер материала: ДВ-521915

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»

Комментарии:

4 месяца назад
Оқулық атауы: Алгебра Авторлары: Шыныбеков Ә.Н., Шыныбеков Д.Ә. Оқыту тілі: қазақ Сыныбы: 7 Баспа: "Атамұра" 2017 Мектеп: Талапты орта мектебі Оқулық оқу бағдарламасымен сәйкес жазылған. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген. Оқушының түсінуіне ыңғайлы. Оқулықта грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателіктер байқалмады. Өлшемі қағазға сай. Оқулық теориялық білім мен тәжірибелік білімді қатар алып жүруге мүмкіндік береді.

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.