Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Химия / Рабочие программы / Оқушы белсенділігін арттырудағы формативті бағалаудың тиімділігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

Оқушы белсенділігін арттырудағы формативті бағалаудың тиімділігі

библиотека
материалов


Оқушы белсенділігін арттырудағы формативті бағалаудың тиімділігі


Медетова Ләззат Мүталлапқызы

Қызылора облысы Сырдария ауданы №44 орта мектеп


«Адам өміріндегі ең маңызды өзгеріс қарым-қатынастың өзгеруі болып саналады. Жақсы қарым-қатынас жақсы іс-әрекеттер тудырады» Уильям Джонстон

Жалпы білім беруде әр мұғалім көздеген мақсатына қол жеткізу үшін оқыту үдерісін жоспарлап қолданысқа енгізгенде оқушыларды бағалауды басты назарда ұстау керек. Себебі, бағалау сыныптағы оқушылар деңгейі әр түрлі болып келетіндіктен, мұғалімнің сыныпта бірқалыпты атмосфераны құруына және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.

Бағалау - одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин болып табылады. ((Мұғалімге арналған нұсқаулық 56 бет) Сондықтан балалардың өз білімін өзі бағалауы маңызды деп ойлаймын. Әрі қарай өзін қалай дамыту керек екенін, нені үйренгенін және не үйрену керек екенін оқушылар өздері шешу керек.

Оқу мен оқытудағы бағалаудың стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттырамыз. Алға қарай ұмтылыстарын арттырып, өздеріне деген сенімдіктерін күшейтеміз. Мұғалімнің бағасына тәуелді болмай критерийлер, өзін-өзі,өзара бағалау арқылы шыншылдыққа ұмтылады. Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық атмосферасы орнап,оқушылар бірін-бірі тыңдауға,мұғаліміне құрметпен қарауға,өзіндік жұмыс жасап пікірін ашық айтуға дағдыланады. «Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау» модуль мұғалімдерге:

  • Бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;

  • Бағалау түрлерін, мақсаттарын анықтауға және негіздеуге

  • Бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға,бағалауға;

  • Әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын, жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық 104 бет)

Осы мақсаттарда мектеп мұғалімдеріне коучингтер өткізуді жөн деп ойладым.

Коучинг сабағын төмендегі мақсаттарға сәйкес даярлау қажет:

1. Оқушылар үшін барынша оңтайлы болып табылатын оқудың кезеңдерін анықтау үшін белгілі бір бағалау нысандарын қолданады.

2. Бағалау нысанының бір түрі оқушылардың тиісті кезеңдегі білімі мен түсінігін бағалау үшін жүзеге асырады.

3. Оқуды критерий бойынша бағалау құндылықтары негізінде мұғалімге оқыту мен оқудағы бағалау модулінің идеясын, әдіс тәсілдерін қолдануға үйретеді.

Коучинг сабағына қатысушыларды өзара топтастыру үшін екі бірдей көбелек суреттері таңдалып топтастырып отырылғызды. Содан соң барлығына бірдей жасыл қағаз таратылып, жапырақ үлгісін жасау тапсырылды. Жапырақ жасап болған соң өзара бағалауларын сұрады. Олардың бағалауларына байланысты баға – оқушының білім, білік, дағды дәрежесін, деңгейін, сапасын белгілеу. Бағалау – оқушының білім жетістігінің деңгейіне баға берумен аяқталатын кез келген формалданған процесс. Бағалау балы (баға) – білім алушылардың білімін, іскерліктері мен дағдыларын мектептік бағалаудың шартты сандық көрінісі. Ал біздің бүгінгі коучинг сабағында оқыту үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттарында:

  • Бағалау ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе отырып,ол ақпаратты мұғалімдер мен оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға кері байланыс ретінде пайдаланады.

  • Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушылардың өзін-өзі бағалауға қарастырады.

  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып,оқытуды түрлендіреді.

  • Бағалаудың оқушылардың өзін –өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

  • Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керек екендігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық 109 бет)

Келесі тапсырма топтық бағалауға байланысты болды, ол жұмыста жасалынған жапырақтарды пайдаланып оған көбелек қондыру тапсырылды. Топтың ішінен "спикер" ролін атқарушылар жобаларын қорғады.

Коучинг сабағының соңында мұғалімдерге бағалау парағын толтыруды ұсындым , онда өздерінің осы коучинг бойынша түсінгендерін, жұмыс түрлерінде қандай нәтижеге қол жеткіздері туралы жазып берулерін өтіндім. Бағалау парағынан үзінділер келтіріп өтсем:

1. Бағалау мен бағаны қалай түсінесіз? Коучинг сабағындағы мақсаттар сіздердің сұраныстарыңызды қанағаттандыра алды ма? - деген сұрақтарға мұғалімдер:

Бағалау баланың білімін, түсінігін және сенімін арттыруға себебін тигізеді және осы бағалау нәтижесінде оқушының білім деңгейлері көтеріледі-деп жауап жазыпты. Осы жауаптардан мен коучинг сабақтың бір мақсатының орындалғанына көз жеткізе алдым.

2.Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың қайсысы бізге тиімді деп ойлайсыз?

Оқыту үшін бағалауда балалар оқыту үрдісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептерінің қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аударады. Оқыту үшін бағалау қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.

3. Мұғалім оқушының білімін бағалай отырып нені болжайды?

Бағалау білімді игеру ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың бейіндік қырының жетілуіне жағдай туғызады.Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі жақсартуға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады - деген ой қорытындыларды атап өтті.

4. Оқушы мен мұғалім үшін бағалаудың қандай пайдасы бар?

Оқушы алған білімінің нақты кезеңін анықтай алады, ал мұғалім оның даму деңгейін анықтап ары қарай дамытуға ықпал жасайды. Сол себептерден бағалаудың бұл әдіс- тәсілі мұғалімге көп пайдасын береді деген пікірмен аяқтады.Бағалаудың ең басты мақсаты,ол баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушы қай деңгейге жеткенін бағалап,оқу бағдарламасындағы сабақтарды талаптарға сай етіп, әр баланың тәжірибесінің табысты болуына себебін тигізеді. Ерекше талаптары бар қосымша көмек немесе араласуды қажет ететін баланы анықтау бағалаудың тағы бір себебі болып келеді. Дұрыс жасалған бағалау, нұсқау беру нені үйреніп, нені жаттап жатқандығы арасында белсенді байланысты қамтамасыз етуі керек - деп жауап жазыпты.

Коучинг сабағын "Екі жұлдыз бір тілек" бойынша бағалауын ұсынды. Мұғалімдерімнің тілектерінен бағалау әдіс -тәсілдерін сабақтарына қолданатындығын және түбегейлі өзгерулеріне тағы да коучинг сабақтарды ұйымдастыруды сұрағандарын білдім.

Сабақтың соңында бағалау парағы толтырылып ,коуч сабақтың өткізілу критерийлеріне байланысты қорытындылады. Коучинг сабағын екі жұлдыз бір тілек бойынша бағалау жүргізілді.

Мұғалімдерімнің 1 коучингтегі сұраныстары бойынша сабағымды "Оқытуда критерий бойынша бағалау стратегиясын қалай үйренеді?" тақырыбында алдым.

Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуі .

Бағалау процесіндегі критерийлерді жоспарлау бәріне анық және түсінікті етеді . Бағалау шкаласына сүйене отырып , өз –өзін бағалауды үйренеді.

Осыдан қорытынды ,

  • Бағалау критерийін дұрыс таңдау оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді

  • Критерийлер оқушылардың қалай бағаланатынын және олардан не талап етілетінін көрсетеді.

  • Оқушылар өз білімдерін зерттеуге мүмкіндік береді .

Оқушылар сабақтың мақсатын білуі және жетістікке жетуі үшін өз –өзін бағалауды үйренуі тиіс . Формативті бағалауды қолдану оқытудың тиімді әдісі , ол оқытудың зор құралына айналуы мүмкін . Формативті бағалау интерактивті оқытудың құрамды бөлігі , онда

  • Сыныпта ұжымдық талқылау енгізіледі .

  • Ойлау дағдылары жетіледі.

  • Оқушылардың сұрағына жауап беретін орта қалыптасады.

  • Оқушылардың өз білімдерін жетілдіре алатындықтарына сенімділіктері артады.

Коучингтің негізгі мақсаты мұғалімдерге әр сабағында критерий бойынша бағалау жасауды және оқу үдерісіне тиімді пайдалануды үйрету болып табылады.

Сыныптағы оқушыларды бағалау үшін бақылау жұмысында, тест тапсырмасын орындағанда және сынақ тапсырғанда ғана түгел қамти аламыз. Басқа уақытта оқушыларды үй тапсырмасын сұрау барысында, сабақ соңында бес-алты баланы ғана бағалаймыз. Осы коучинг сабағын өтудегі мақсатымыз мұғалімдерге критерий арқылы бағалау стратегиясын қолдану дағдысын қалыптастыру болып табылады. Олар әр сабағында бақылау немесе тест алмай-ақ сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беріп, топта талқылауын және сол тапсырмаға байланысты критерий белгілеу арқылы сыныптағы оқушыларды түгелдей бағалай алады.

Оқыту үшін бағалаудың оқушының оқу сапасына тигізетін оң әсерінің қаншалықты пайдасы бар екенін түсінбей отыр. Сұрақтарға жауап берген мұғалімдерді ынталандыру мақсатында жапсыратын жұлдызшалар таратып берді. Бұндағы негізгі мақсаты мұғалімдер формативті бағалаудың оқушыларға қаншалықты қажет екенін ұғындыру еді. Әрі қарай мұғалімдерге топта талқылап, орындау үшін «Қолшатырдың суретін салу» тапсырмасы берілді.

H:\КОУЧИНГ\DSC01595.JPGH:\КОУЧИНГ\DSC01594.JPGH:\КОУЧИНГ\DSC01596.JPG





Үш топтың "қолшатыр" суретін салу үстінде



Мұғалімдер қолшатырдың суретін салып, бірін – бірі және өздерін бағалады.Әрі қарай сұрақтарын қоя берді.

Коучтің берген сұрақтары:

1. Сізге не үшін «5» деген баға қойғанымды, ал сізге не үшін нашар баға

қойғанымды түсіндіңіз бе? Неге?

2. Бір-біріңізді бағалағанда бағалау сізге қаншалықты қиынға түсті?

3. Бағалаудың қандай түрін қолдандыңыз?

4. Сіз оқушыны сабақтың қай кезеңінде бағалайсыз? Неге?

5. Оқушыларыңыз бағаны не үшін алып жатқанын біледі ме?

6. Оқушыларыңыз әр сабақта бағаланып отырады ма? Неге?

7. Оқушыны бағалағанда қандай әдіс – тәсіл қолданасыз?

8. Сіз баға қойып жатқанда не нәрсеге көңіл аудардыңыз? деген сияқты қайта бағыттау сұрақтарын қолданып, мұғалімдердің қаншалықты түсінгені жайлы бағалап отырды.

Мұғалімдердің жауаптарынан түсінгенім:

Мұғалімдердің оқу үшін бағалау яғни жинақтаушы бағалауды жақсы меңгергендігі жөнінде білдім. Біздің елімізде жинақтаушы бағалауды 5 баллдық жүйемен бағалайтынын білеміз, 5 балдық жүйенің өзінде үшеуін ғана пайдаланамыз. Салынған қолшатыр суретіне байланысты критерийлер берілді. Әрқайсысы критерийлер бойынша өз жұмыстарын бағалады. Осы бағалау сізге түсінікті болды ма? Бағалаудың бұл түрі қалай аталады? Жұмысты бағалау керек, бірақ қайсысы тиімді, әрі әділ деп ойлайсыз? деген сұрақтар қойғанда мұғалімдер: "Түсінікті болды, критерий арқылы бағалауды біз сабақта қолданамыз, бірақ дәл осындай тиімді екенін білмейді екенбіз" деп жауап берді.


1 балл

2 балл

3 балл

Парақта

орналасу

Парақтың 1/3 бөлігін алады

Парақтың жартысына орналасқан

Сурет параққа толық орналасқан

Түстердің

үйлесімі

1 түс қолданылған

2-3 түс қолданылған

3-тен артық түс қолданылған

Бөлшектер

саны (төбесі,

таяқшасы

1-2 бөлшек

3-4 бөлшек

5-тен астам бөлшек



Бағалау шкаласы

  • «1» – 0-2 балл

  • «2» - 3-4 балл

  • «3» – 5-6 балл

  • «4» - 7-8 ба

  • «5» –9 балл


"Оқыту үшін және оқуды бағалау" модуліне презентация бойынша тоқталып өттім. Бағалаудың екі түрімен таныстырып оның ішінде оқыту үшін бағалауға түсінік бердім. Мысалы: смайликтер арқылы, дыбыстау арқылы, критерий арқылы бағалау, бағдаршам, екі жұлдыз бір тілек, кері байланыс сияқты түрлерінің бар екенін және өз сабақтарында пайдаланып көруге ұсыныс бердім. Коучинг соңында мұғалімдерден сабақтан не түсінгені, қандай дағды қалыптасқаны туралы "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы кері байланыс беруін сұрадым. Кері байланысты талдағанда мұғалімдердің критерий бойынша бағалауды жақсы түсінгенін және критерий арқылы бағалау стратегиясын сабақтарында тиімді пайдалана алады деген ой түйдім.


H:\КОУЧИНГ\DSC01560.JPGH:\100FSCAM\PHOT0328.JPG

екі жұлдыз бір тілек топтардың орындаған жұмыстары

Формативті бағалауда әрбір оқушы жеке өзін бағалайды және бір-бірін бағалайды. Бұл жұмыс баланың әрі қарай жетілуіне , кәсіптік деңгейде жұмыс жасауына ықпал етеді.

«Баға баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқының тәрбиедегі негізгі ролі, ол баланың өзіне де біліміне де ортақ болуы тиіс» Амонашвилидің осы сөзі негізгі бағалаудағы алынған стратегиям болып саналады.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

4. www.nao.kz

5.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар





Автор
Дата добавления 08.12.2015
Раздел Химия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров448
Номер материала ДВ-242619
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх