Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Оқушылар арасында өткізілгенҰлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған шеру /Ешкімде, ешқашанда ұмытылмайды/

Оқушылар арасында өткізілгенҰлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған шеру /Ешкімде, ешқашанда ұмытылмайды/


  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

Ол біздің жүрегімізде мәңгілік қалады


Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды


1-жүргізуші: Жеңіс күні адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр - азат күресінің айбынды күні. Жеңіс күні өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерленген кұштарлықтың құрамы.

Күрескердің амалы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекесі бұл оның.



1-жүргізуші: Біз бүгін соғыстың 64 жылдығына орай мерекелік жиында сол соғыста Отан үшін өмірлерін беруге даяр болған ардагерлермен бас қосып отырмыз. Отан үшін жан қиған ерлеріміз біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.


1-жүргізуші: 1941 жылы 22-мамыр күні таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан КССР шекарасынан ұрланып еткен жау оғымен адам баласының тарихында бұрын-соңды болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен, бала әкесімен қоштасты.


1-жүргізуші:

Ұлы ұрыс, қанды майдан даласында,

Жанған от, атылған оқ борасында

Жатыр бір жас жауынгер жараланып,

Өлім мен өмір көші арасында, - дегендей қанды соғыста қанша адам қанға боялып көз жұмды. Қатал соғыс талай адамның өмірін үзді емес пе!

1-жүргізуші:

Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың

Ерлігіне таңданамын ғажап тым.

Желбірейді бейбітшілік жалауы,

Орындалып жас ұрпақтың қалауы. Әлия,

Мәншүк жүрегі боп жанып тұр

Мәңгілік от ескерткіші алауы.

Ән: "Әлия".

1-жүргізуші:

Көркі сұлу, көк терек,

Көтер мені аспанға.

Көп жұлдызға еркелеп

Тапсын тыным жас жанда.

Сағынған жарын сарғайып.

Есіне сонда бір алсын.

Отырса сәулем мұңайып.

Сергіп бойы қуансын.

Күншығыста зарығып.

Күтіп отыр жарың да,

Сүйгендерін сағынып

Жүрген шығар бәрі де.

1-жүргізуші:

Аналар ғой алауланып от кешкендер,

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер.

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

Аналар ғой алаулап от кешкендер.

Ән: "0, аналар".

2-жүргізуші:

1-жүргізуші:

Соғыс берді Аналарға жесірлік,

Дей алмаймыз "Санамызды өшірдік".

Батыр халық бар қондырған құс қолға,

Қуанамыз ақ көгершін ұшқанға.

Сұм соғысты жерлеп қайтқан әкелер

Болған солай бізде әділ күш барда.

(Музыка ойнап тұрады.)

.

1-жүргізуші:

Біріктіріп үміті мен тілегін,

Біріктіріп барлық күшін, жігерін.

Ана үшін, бала үшін, жар үшін

Жасқанбастан тосты оққа жігерін.

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды.

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқанда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Жалғызынан айырылған Аналар.

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқанда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Отан деп өз өмірлерін берген ерлерімізді бір минут үнсіздікте еске алайық.

(Бір минут үнсіздік.)

"День Победы " әні орындалады.

1-жүргізуші: "Соғыстан қайтқан солдаттар "










{Музыка ойнап тұрады.)

Жаутаңдап қарап дала тұр,

Көз жасын сүртіп жаңа бір.

Хабарсыз ұлын сұрауға

Жолыңды тосып ана жүр.

Қанша үйдің ұрлап адамын,

Қанша үйде сөніп қалды оттар.

Көрдің бе ұлын ананың,

Соғыстан қайтқан солдаттар.


Кешікпей жарым келер деп,

Төрінен сайлап орынды.

Батысқа қарап елеңдеп,

Ару жүр тосып жолыңды.

Көтерді бәрін ауырдың

Азамат болып арды ақтап.

Көрдің бе жарын арудың,

Соғыстан қайтқан солдаттар.


Кетерде солдат жарының

Ішінде қалған ана жыл.

Көкемді айтпай танырмын

Деп бір сәби бала жүр.

Қайырылмай калай кетесің,

Хабарсыз қалай ол тоқтар.

Көрдің бе оның көкесін,

Соғыстан қайтқан солдаттар.































Қаралы қағаз жіберіп,

Қаншама кайғы салды оқтар.

Барады үнсіз түнеріп

Соғыстан қайтқан солдаттар.

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,

Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім,

Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін

Ардагерлер - естелігі соғыстың.

Құрметті ардагерлер, Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің ерліктеріңіз тарих бетіне өшпестей болып жазылады.




















Аңыздан туған қыз

(Кеңес Одагының батыры Әлия Молдағұлованың 85 жасқа

толуына арналган музыкалық деректі көрініс)

Сахна жабық. Проектор қосылган (Әлияның суреті).

Айғаным: (Сахнада Айғаньм ұялы телефонмен, әдемі етік киген.)

- Алло! Сенбісің? Сәлем! Иә, фотосуреттеріңді алдым, өзімдікін ММС-пен жіберемін! Кездескенше!

Кімнің суреті екен? Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры, 1924 жылы туып, 1944 жылы қайтыс болыпты. Жиырма жыл ғана өмір сүріпті, қандай жас, қандай әдемі. Кітапты алып оның өмірбаяны туралы оқып шығайыншы.


1-көрініс "Ауыл"

Қараңғы түскен, сахнада киіз үйдің көрінісі, паровоз дауысы, бақташының ысқырығы, иттің үргені, сиырдың мөңірегені. Әжесі сахнаға самаурын ұстап шығады.

Әубәкір: Амансыз ба, апа! Қалыңыз қалай? Аман-есенсіздер ме?

Денің сау ма, кұлыным! Қайдан жүрсің, тиыштық па, әйтеуір? Үй-іші аман ба?

Бәрі дұрыс, апа. Барлығы да жақсы!

Шүкір, Алла! Аман болсаңдар болды. Жалғыз жүрсің бе? Не жаңалықтарың бар?

Жаңалықтарымыз жақсы, апа. Мені партия қызметімен Алматыға жібергелі тұр, бәрі ойдағыдай болса мүмкін Ленинград қаласына да жіберер. Қызметім ілгері жылжып барады, апа! Құдай қаласа, балаң үлкен адам болады!

Дұрыс болған екен, жарады, ал келінжан қалай? Қызым не боратып жүр?

Келінжан сізге сәлемдемесін беріп жіберді, Сапура қызыңыз мектепке дайындалып жүр, бірінші сыныпқа барады ғой. Апа, айтпақшы, Әлия жиенім көрінбейді ғой, кайда жүр?

Өзенге суға шомылуға кеткен.

Сапура биыл мектепке барады, Әлия екеуінің жастары бір, оған да оқу керек, мен оны алып кетейін, мектепке Сапурамен бірге барады, саған да оңайырақ болады.

Оның жөн, балам, сөйтсең сөйтерсің, саған аманат еттім. Әне өзі де келіп калды. Әлия! Қайда жүрсің, нағашыңа сәлем бер!

(Әлия көңілді болып кіреді.)

Сәлеметсіз бе, Әубәкір нағашы, денсаулығыңыз калай?!

Жақсы, жаным, қайда болдың?!

Қобда өзеніне барып қыздармен шомылып келдім.

Әлия, жинал, жол жүреміз, сен енді бізбен Алматыда тұрасың, саған оқу керек. Сапурамен бірге бір мектепте оқисың, бір-біріңе тірек боласыңдар!

Қалай кетемін!? Әжемді тастамаймын, әжетай, мен бармаймын, барғым келмейді. Мен өскесін саған көмектесуім керек, жаныңда болып сені емдеймін.

Мені емдеу үшін мектепке барып, бітірген соң дәрігерлікті оқисың. Дәрігер болып шығасың.

Әжетай! Мені міндетті түрде дәрігерлікті оқып аламын да, ауылға оралып, жерлестерімді және сені емдеймін, әжетайым! Жыламашы, мен саған хат жазып тұрамын, сау бол, әжешім!

(Темір жол және паровоз дауысының фонограммасы.)

Менің Отаным, қандай кереметсің! Кең жайылған далаң, мөп-мөлдір өзен-көлдерің, көкке самғаған биік тауларың! Ал гүлдер қандай тамаша!

Бәйшешек, қызғалдақтар, раушан гүлі, неткен керемет! Құлпырған байтақ жерім!

(Сахнаның негізгісі ашылады. Би орындалады.)


2-көрініс "Алматыда"

(Сапура күйтабақты, Әлия айнаны алып шығады.)

Әлия, не істеп жатырсың?

Әжеме хат жазып отырмын.

Не туралы?

Екі жыл өткені туралы, мен Алматыны өте жақсы көретінім туралы, туған ауылымды сағынғаным туралы жазып отырмын.

Әлия, білесің бе, ағаны Ленинградка ауыстырғалы тұр. Енді біз Нева өзенінде орналасқан калада түрамыз! Ойлап көрші, ондай калада өмір сүрген неткен бақыт десеңші! Әрбір тасы азаматтық соғыс туралы айтып тұратын тарихи қала. Ескерткіштер, театрлар, мұражайлар, үлкен сарайлары қаншама!

Өзені үлкен қала шығар. Кобдада шомылып жүргеніміз есіме түсіп кетті, қандай тамаша кез еді!

(Күйтабақ пен айнаны қайтадан алып кетеді.)


3-көрініс "Ленинград"

(Қоңырау естілді, бұзық бала Сапура мен Әлияны жібермей тұрады. Үлкендеу қыздар ойнайды.)

Петров: Мен сендерді бұрын-соңды көрген емеспін, қай жақтан келгенсіңдер?

Әлия: Мен Актөбеде туғанмын, ал Алматыда оқыдым, енді міне Ленинградқа келдік, осында оқитын боламыз.

Петров: Қазақстан! Онда жылы болады! Алматы жасыл қала ғой!

Әлия: Иә, ол өте әсем кала, ал мынау біздің апорт деген алмамыз! Жеңіздер, мұнда барлығыңа да жетеді.

Петров: Рахмет, сараң емес екенсің!

Әлия: Сыныптастарым үшін аяйтын ештеңе де жоқ.

Петров: Атың кім?

Алия: Менің атым Әлия!

Петров: Біз сені Лия деп атаймыз!

(Таня мен Саша жүгіріп келеді.)

Таня мен Саша: Біз пионер белмесінде вожатыйлармен сөйлесіп отырдық.

Петров: Иә, онда не тұр!

Таня мен Саша: Демалыста пионер лагеріне демалуға баратынымыз туралы айтты.

Петров: Ура! Жазғы демалыс! Орман ішінде тұрамыз!

Алия: Ал онда өзен бар ма?

Петров: Әрине! Вожатыйларға барайық тезірек!

(Барлыгы кетеді, жарық өшіріледі, от жанып тұрады, "Взвейтесь кострами, синие ночи" әні орындалады.)


4-көрініс "У костра"

Сапура: Ойбай! Айнала ну орман ғой - түнде орманда қорқынышты, онда орман перілері бар!

Петров: Қыздар неге қорқақ болып туады екен!

Әлия: Неге, мен қорықпаймын, қазір мен орман ішіне барамын!

Сапура: Керегі не, адасып кетсең не істейсің?!

Әлия: Мен орманды жағалап қана өтемін, бір сәтке ғана!

(Кетеді, балалар "Взвейтесь кострами синие ночи" әнін айтып отырады, вожатый шаммен кіріп келеді.)

Вожатый: Лияны көрмедіңдер ме? Лия жоғалып кетті...

Барлығы: Лия, Лия! (Әлия мен Петров шығады.)

Петров: Лия, қорқынышты болды ма?

Әлия: Басында шамалы ғана, кейін қатты қорқып кеттім, бұтақтар көйлегіме оралған кезде. Бірақ ол перілер емес, бұтақ қана ғой!

Петров: Ал сен батыл екенсің!

Әлия: Барлығы да батыл бола алады! Тек жаттықтыру керек!

Петров: Әр ұл бала олай істей алмайды!

Әлия: Не ғып тұрмыз, барайық, мен онсыз да тәртіпті бұздым, тәртіп бұзуға болмайды ғой, вожатый енді не дейді екен.

Вожатый: Лияда достары көп болды. Ол кезі келгенде топжарған бола білетін, оны қыздар да, ұлдар да сыйлады. Ол батыл әрі мейірімді, көңілді әрі жақсы қыз болатын. Менің отрядымда басшы болатын.

ұғалім шығады.)

Мұғалім: Менің атым Мария Антиповна, тегім Голубева. 1938 жылы мен Ленинград қаласындағы №140 мектепке жолдама алғанымда қатты қобалжып жүрдім. Оқушылар мені қалай қарсы алады екен? Міне, бірінші сабақ. Сыныпқа кіріп келдім. Бәрі тұрды, ал бұзақы Петров орнында отыра берді. Сол кезде Лия қатал даусымен "Қалай ғана ұялмайсың, ұятың жоқ екен" деді. Петров тұрды.

Лия үздік окушылардың бірі болды, тек орыс тілінен қиналатын, бірақ оны да артта қалдырып, таза беске окыды. Үздік оқуы үшін марапаттау қағазы мен чемодан ұсынылды. Ал 1940 жылы балалар үйінің директоры жақсы оқуы мен кішкентайларға көмектескеніне байланысты Лияға Артек лагеріне жолдама берді.

(Кітаптан оқып А йғаным шығады.)

Айғаным: Соғыс басталған кезде Ленинградты жан-жағынан бомбылап жатты. Балалар үйіне Әубәкір ағасы келді. Оны және оның отбасын эвакуацияға жібергелі жатқаны туралы айтты. Ол Сапура мен Әлияны өзімен бірге Алматыға алып кеткісі келді.




5-көрініс "Соғыс"

(Бомбылар жарылып жатты. Ағасы Әлияны алып кетуге келді.)

  • Сапура, Әлия жиналыңдар, жол жүреміз, эвакуацияға барамыз.

- Мен ешқайда бармаймын. Ол менің де туған қалам. Біз осында келгенде, Ленинград бізді кең құшағын жая қарсы алды. Осында тұрып, көп нәрсеге үйрендік! Ал енді қаламыз осындай қиын жағдайға душар болғанда біз калай кетеміз? Жоқ, мен қай кезде де Отанымды қорғауға дайынмын, қолыма қару ұстап, керек болса жаудың алдынан да шығамын.

Сапура: Қымбаттым менің! Барайықшы бірге, Ленинград бомбылап жатыр, айналамызда адамдар қайтып жатыр.

Әлия: Міне сондықтан, ленинградтық балалардың қайтып жатқанын көргесін, достарымның қанын көргесін мен ешқайда бармаймын. Өз қаламды қорғауға шығамын!

Вожатый: Ленинград ол үшін туған қаласындай болды, онда бірге оқыған жолдастары мен ұстаздары, достары мен құрбылары болды. Лия басқа жастармен бірге өртеніп жатқан үйлерді сөндіруге көмектесіп, көшелерді тазартып жүрді. Ржевкаға шығатын қорғану окоптарын қазысты және Ленинградтың қорғаушысы ретінде өзін сезінеді. Ал суық қыс түскен кезде, су құбыры жұмыс істеуін қойған кезде, құрбыларымен Нева өзеніне суға барып жүрді. Ағаш үйлерді отынға бұзды.

(Айғаным кітаппен шығып оқиды. Әлияның құрбысы Дашаны есіне алады.)

- 1941 жылғы қыркүйек айында №140 мектеп шәкірттеріне есік ашқан жоқ, оны госпиталь ретінде дайындады. Біз еденді, терезелерді жуып, емхана керуеттерін кіргіздік, жараланғандар үшін үй-үйлерді аралап көркем әдебиеттерді жинап жүрдік, госпитальда концерт қойып жүрдік, жараланғандар-ға хат жазуға көмектестік.

Лия белсенділердің бірі болып қатысты. Ол Ленинградтан кеткісі келмеді. Бірақ эвакуацияға түсуге тура келді. 1942 жылы балалар үйі қоршауда тұрған қаладан балаларды шығару бұйрығы келді. Кетер алдында ешкімнің де ұйқысы келмеді, сөзден сөз құрып мына бір өлең жолдары сол түні туған.

(Айғаным кітаптан оқиды.)

Айғаным: Балалар үйі Ярославль облысы Некрасов ауданы Вятское селосында орналасқан. Ол жерде Әлия Рыбинский авиатехникумына оқуға түсті. Үш ай оқып шықты. Бірақ соғысқа кету оның ойынан кетпеді.

(Әлияның есейген кезі.)

Әлия: "Соғысқа! Соғысқа қалай кетсем екен? Бүгіннен қалмай военкоматқа барамын! Ал жоқ десе? Бірақ мен тылда отырғым келмейді! Жоқ, военкоматқа қазір барамын!"

(Надя соғысқа аттанар арызын ұстап тұр.)

Сәлеметсің бе, атың кім болады?

  • Надя.

  • Ал мен Әлиямын.

  • Сен соғысқа барғалы тұрсың ба?

  • Барғым келеді, кім бірінші болып кіреді?

  • Бірге кірсек қайтеді?

  • Кірейік.

(Айғаным кітаппен шығады.)

- Оларды мергендер мектебіне жібереді. Екеуіне төртінші ротаға кіргізеді. Он сегіз жасар Әлия Молдағұлова үшін әскердегі қызмет осылай басталды. Бәрімен қатар жүруге киындау болса да қоршауда болған қыс әсер етті, Әлия мойымады, үлкен төзімділік қажет екенін білді. Ол дайындалды.

Әлияның Сапураға хаты.

Амансың ба, қымбатты Сапура! Өзіңе қымбат адамдардан хат алған қандай қуаныш екенін білсең ғой! Кешегі күні ағамнан хат алдым, сол хатында ол маған сенің мекен-жайынды жазып жіберді. Неден бастайтынымды да білмеймін, қуанышым ішіме сыймай бара жатыр, хатын мәнді болмай қала ма деп ойлап тұрмын. Сапура, хатымды алғаннан кейін бір сәт қалдырмай маған хатыңды жаз. Жағдайың қалай, денсаулығың, кім болып істейсің, жалпы барлығы туралы жаз. Ауылдан не хабар бар, әжемнің халі қалай? Оған жазатын болсаң, менен үлкен сәлем айт, мен оны қатты сағындым.

Өзім туралы қысқаша ғана жазайын. 1942 жылғы наурыз айында біздің балалар үйімізді Ярославль облысының деревнясына эвакуациялады. Мен сол жерде үш ай оқыдым да соғысқа аттануға арыз жаздым. Мені мергендер мектебіне жіберді, сол жерде казір де оқып жүрмін. Соғысқа жіберетін шығар.

Толығырақ сосын жазамын, фотосуретімді жіберемін, мен онда қатал болып көрінемін. Сау бол, жазуды ұмытпа! Бетіңнен сүйдім, Лия.

(Үшбұрыштап бүктеп қояды. "Лизаветта" өлеңі айтылады.)

- Қайдасыңдар, менің аяулы құрбыларым, жолдастарым? Соғыс сендерді қайда жіберді екен?

(Солдат киімін киген Надя жүгіріп келеді.)

  • Лия, не болды, мұңайып тұрсың ғой?

Ленинградтық достарым есіме түсті, біреулері аштықтан кетті, біреулер атысқа түсіп, бомбылаған кезде қаза тапты. Не үшін? Адамдар не үшін өліп жатыр? Осы құрғыр соғыс қашан аяқталады екен? Егер тірі қалсам, Ленинград балалары туралы кітап жазамын.

Надя: Лия, өлеңдерді оқып берші.

амбыл өлеңін оқып тұрады. Командир келеді.)

  • Бұл кімнің өлеңдері?

  • Жамбыл Жабаевтікі, ол да қазақ, оның баласы да соғысқа аттанған. Ол қазақтың ұлы ақыны! Оның сөз күші Ленинградта қоршауда болған кезде тірі

қалуға дем берген, Жеңіс біздікі болатынына сендік. Мен жолдастарым үшін, өрт астында калған қалалар үшін, жоғалған жастық шақ үшін фашистерден өшімді аламын. Менің Қазақстаным, ленинградтықтар білсін: мен бәрібір жауынгер боламын!

  • Ендеше ойлаған мақсатына жеттім дей бер, ертең соғысқа аттану туралы айтайын деп келдім. Дегеніңе жеттің, қызым, бірақ мен қолдамаймын! Әйелдер ісі емес соғысу деген!

- Сіз неге мұңаясыз, қуану керек емес пе! Мен үшін ең қымбат Отанымды қорғауға барамын, кане көңілдірек.

(Әлия частушкаларды айтады.)

Наварили кулешу —

Получилась каша.

Сколько Гитлер ни воюет,

А победа наша!

Надя қостайды:

Скоро Гитлеру могила,

Скоро Гитлеру капут!

Куда руки, куда ноги,

Наши пули разнесут!

(Қыздар жүгіріп келіп қүттықтайды, шығарып салады.)

- Жарады Әлия, өз дегеніне жетті ақыры, мен аттанғым келеді!

"Прощание славянки " әні орындады.

Комбат кіреді.

  • Ефрейтор Молдағұлова, бері кел!

  • Құп болады!

  • Жарайсың, Әлия! Көңіл көтеруді де, билеуді де, өлең оқуды да біледі, ал соғысқанда қалай! Бүгін 7 фрицті өлтірді! Жаудың көзін құртқаны үшін алғыс жариялаймыз!

(Әлияның қолын қысады.)

  • Кеңес Одағына кызмет етемін! (Қыздар жүгіріп келіп құттықтайды.)

- Ал қазір демал, біз саған үш күндік демалыс береміз.

  • Алдыңғы қатарда болуға рұқсат етіңіз. Соғыс біткесін демаламын!

  • Ал жарайды, рұқсат етемін! Әлияға арнап мен бір ән шырқап жіберейін.

"Три танкиста" әні орындалады.

- Жолдастар, бүгін шабуылға шығамыз. Біздің 54 бөлек атқыш бригадасының алдында Насва станциясы ауданына қарай жау шебінісін бұзу және Ягодкино-Федорухново маңайындағы темір жолын алу мақсаты қойылған, келесі тұрғын жерлерін жаулап алу: захватить следующие населенные пункты: Щенайлово. Волгино, Воево и Казачиха. Жауынгер жолдастар, жоғарыда аталған деревнялар фашистермен ұоршауда тұр. Шайқасымыз ауыр болады. Бәріне де дайын болыңдар.

(Кетеді. Бомбылар жарылып, автоматтар атылады.)

- "Отан үшін! Ура! За Родину!".

(Жалғас атылыс. Жарық өшіріледі.)

Комбат: Жауынгер жолдастар, достар! Бүгін теміржол алаңын алу шабуылында, қатігез шайқаста мерген Әлия Молдағұлова ерлікпен қаза тапты. Немістер қатты оқ ашқан кезде ол туған тілінде "Отан үшін" деген ұранмен алға шықты. Ол жауынгерлердің рухын көтеріп, жау шебінісіне бірінші болып кірді. Жасаған ерлігі үшін Лия Кеңес Одағының батыры атағын қайтыс болғаннан кейін иеленді.

Надя: Сәлеметсіз бе, Сапура!

Сізге хат жазып отырған бейтаныс Надежда Матвеева. Лия менің ең жақын досым болатын. Лияның жоқ екені туралы ойлағым да келмейді. Ол қатты жарақат алып өмірден өтті. Мен осы уақытқа дейін жанында болдым. Ол сізге хабар жіберілсін деп айтқан, сол тілегін мен орындап отырмын. Лияның аты тарихымызға енетіні сөзсіз. Иә, мен құрбымды жоғалттым, тек суреті ғана қалды.

Сау болыңыз. Надя.

(Шам жанады. Айғаным шығады. Слайдтан ескерткіш көрсетіледі.)

- Мәскеу қаласындағы көшенің бірі Әлия Молдағұлова атында. Ленинградта №140 мектеп Әлия Молдағұлова атын иеленді. Кеңес Одағы кезінде мұхит пен теңізде жүрген Әлияның атымен теплоход аталған. Оған арналған деректі фильм түсірілді, балет қойылды, кітаптар жазылды. Оның аты бүкіл әлемге жайылды.

(Заяға барып құрдасының жанына отырады.)

- Керемет қыз! Нағыз аңыз! Бүгін ол 85 жасқа толар еді. Осы кітапты міндетті түрде оқып ал. Біз қаһармандарымыз туралы білуіміз керек. Әлия тек тарих бетінде ғана емес, біздің жүрегімізде де мәңгілік сақталып калады. Әлия өткен ғасырдың ғана емес, казіргі заманның да мақтанышы болып қалады, Отанды, өмірді сүюдің үлгісі

(Роза Рымбаеваның орындауында "Әлия"әні).

Кобда, Нева суларын сүйіп өскен.

Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.

Аққу құстың бейне бір баласындай!

Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.

Әлия - ару қызы сен халқымның

Әлия - батыр қызы сен халқымның,

Ерке құсы сен даламның!





Ерлік - елдік қорғаны

Мақсаты:

1) оқушылардың бойына Жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу;

2) жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, әкеге деген бала махаббатын ояту.

Көрнекілігі: ерлік туралы макал-мәтелдер жазылған плакаттар, суреттер, қазақстандық батырлар суреттері, гүлдер, шарлар.

Барысы.

Оқушылардың сабаққа даярлыгы тексеріліп, тәрбие сағатының мақсаты таныстырылады. Өткізілетін тәрбие сағатының екі бөлімнен туратынын айту.

I бөлімі: "Ер есімі - ел есінде"

II бөлімі: "Әке - асқар тау".

(Әнұран орындалады.)

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, конақтар! Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

I бөлімі. "Ер есімі - ел есінде"

1-оқушы:

Адам тарих! Адам кешкен жолын ұқ,

Неше ұрпақ күнтізбеден алындық.

Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық,

Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.

2-оқушы: Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс каһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.

Мұғалім: Енді осы соғыс кезінде ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардан кімдерді білесіңдер?

Оқушылар: Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышүлы, Талғат Бигелдинов және т.б.

(Әрқайсысын атаған оқушы суретін көрсетеді.)

Сөз кезегі оқушыларға беріледі.

3-оқушы:

Оқ борады күн-түні,

Жапты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды

Батыр казақ Тоқтаров.

4-оқушы:

Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар тапталды.

Қасиетті жер үшін,

Қастерлеп батыр елі үшін

Әлия, Мәншүк, Төлеген

Жаулардың көзін жойды олар.

5-оқушы:

Даламыздың гүлісің,

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып, халқы үшін

Жанып түскен ақ жұлдыз.

6-оқушы:

Қыр қызы орындады берген антты,

Халқына адал болу — ердің салты.

Елі үшін қасық қанын аямаған

Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.

Хор: "Жойылсын жалгыз сөз соғыс деген ".

7-оқушы: Сонымен, 1945 жылы 9-мамыр күні Жеңіс күні болып есептелді.

8-оқушы:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік.

Жеңіс келді, алақай,

Тойып жейтін нан болып.



Мұғалім: Құрметті ата-аналар, әкелер! Сіздерді Отан қорғаушылар күніне, яғни әкелердің мерекесіне арналады.

9-оқушы:

Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге -

Актілеуі әкенің.

10-оқушы:

Атамның ән-күйі ғажайып,

Әжемнің ән-күйі ғажайып.

Анамның мейірі ғажайып,

Әкемнін пейілі ғажайып.

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

Би бшенеді.

11-окушы:

Әкем шытса қабағын -

"Байқа, балам" дегені.

Алған кеп-ақ сабағым,

Жақсы көрем мен оны.

12-оқушы:

Бойға қуат береді -

"Әй, жарайсың!" дегені.

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

13-окушы:

Сабағымнан калмаймын,

Бес аламын бәрінен.

Озат оқып әрдайым

Қуантамын әкемді.

14-окушы:

Арайлы ақ тілекпен

Ән жолдаймын өзіңе.

Сағыныш сазды жүрекпен

Жыр арнаймын өзіне.

Ән: " Тойбастар ".

15-оқушы:

Теңіздей шалқып жүремін,

Сүйенер сенсің тірегім.

Барсам да қайда, жан әке,

Өзіңмен бірге жүрегім.

16-окушы:

Аққудай ак арманым,

Ауырмашы әкешім.

Ауруы көп-ау жалғанның,

Қартаймашы әкешім.

17-оқушы:

Көкке ермелеп көңілің,

Нұрға толсын өмірің.

Бақытты бол, жан әке,

Ұзақ болсын ғұмырың.

Ұл балалар арасында жұмбақ жасыру жарысын ұйымдастыру.

  1. Қырық екі жауынгер

Сапын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер қауымды ел

Сырын терең үғады. ліпби)

2)Маған да, саған да

Жақын туыс бес адам,

Үш әріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұртың,

Айтады, кәне, кім атын?

(Ата, ана, ana, аға, іні)

Мақал-мәтелдер жарысы. Жүргізуші мақалдың бірінші бөлігін айтады, ал оқушылар жалғастырып, мағынасын ашады.

  1. Баланың ұяты әкеге ...

(Қыздың ұяты шешеге).

  1. Мектеп - білім ордасы ...

(Ұстаз - мектеп тұлғасы)

  1. Бірлік болмай ...

(Тірлік болмас).

  1. Әке - аскар тау ...

(Ана - ағып жатқан бұлақ,

Бала - жағасындағы құрақ)

  1. Жақсы адам елдің ырысы ...

(Жақсы жер жанның тынысы)

Мұғалім: Балалар, сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жерлеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсындар. Ендеше, балалар, Отан туралы білетін нақыл сөздерімізді айтып жіберейік.

18-оқушы:

1) Отан оттан ыстық.

2) Ер ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

19-окушы:

1) Туған жеріңде туынды тік.

2) Отан үшін отқа түс, күймейсің.

20-оқушы:

1) Өз елің алтын бесік.

  1. Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің.

3)Халқын сүйген салтын сүйеді.

Хор "Атамекен ".









Сүрапыл жылдар

Мүғалім: Құрметті соғыс ардагерлері, мектеп әкімшілігі, ұстаздар және ата-аналар, оқушылар! Сіздерді Жеңістің 67 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!

Біз сол сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп, соғыстың тек қана азап пен қантөгіс екенін мойындата отырып, "Сұрапыл жылдар" әдеби монтажымызды бастаймыз.

Осыдан 67 жыл бұрын дүние жүзі тарихындағы ең, сұрапыл қантөгіс соғыс аякталды!

I бөлімнің I бөлігі "Майданға, майданға!"

1-оқушы: Қиылды

Қанаты тәтті арманның,

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.

Әлемде ен сұмдық күн ана үшін —

Майданға азаматтар аттанған күн.

Бұлт басты,

Ашық сәні қашты аспанның,

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте —

Боздап кеп,

Боздағымен қоштасқан күн.

Аналар уайымдаса

Уайымдасын,

Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын?

Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,

Жеткізді жерге дейін қайың басын.

2-окушы: Жабады

Дала төсін нала, қайғы,

Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.

Қып-кызыл көлдің бетін

Сұңқылдаған

Аққулар қанатымен сабалайды.

Долданып,

Лайланып, тасқын әні

Сай-сайды тастарменен бастырады.

Селкілдеп,

Желкілдеген қамыс құрақ

Өкіріп,

Өзен басын тасқа ұрады.

3-окушы: Күннің де жүзі кызыл күндегіден,

Иттердің ұлуы көп үргенінен.

Қан шапшып,

Қауызынан райханның,

Еменнің жас тамып тұр діңгегінен.

Жас бала дір-дір етті мұны көріп,

Жібереді төгіп-төгіп мұңын өрік.

Қоштасу,Жылау,Тілеу,

Қайрат беру...

Дүние кетті бір сәт күңіреніп.

(Ана)

Сен кетсең,

Солды гүлім, өшті күнім.

Жайылар қос қолым мен қос бұрымым.

Келгенше қайта айналып

Кім бар, кім жоқ,

Тапсырдым бір құдайға.

Қош, құлыным.

(Баласы)

Қайтармын, соғыстан қол босағасын,

Сенемін, сен үмітпен тоса аласың.

Майданға кіргеннен сон

Хат салармын, жылама.

Қош болып тұр, қош, анашым!

Ән: "Ана туралы баллада".

Қарындас

- Ағалар,

Жүрегімде жаңа әнім бар,

Кетпесін тұншықтырып оны ағыңдар.

Адамдар қалыпты өмір сүру үшін

Ауылға аман-есен оралыңдар!

1-ші Солдат

  • Біздерді сағынғандар еске алындар,

  • Біздің де жүректе үміт, баста мұң бар.

  • Арнаймын жеңісімді өздеріне,

Қара көз қарындастар, Қош болыңдар!

2-ші Солдат

Тасысақ көктемдегі айдындаймыз,

Жасақты.

Әскерді де жай құрмаймыз.

Өмірден айрылсақ та,

Анамыздай

Отаннан қасиетті айрылмаймыз!

Бақытқа қол созған ел едік анық,

Жау жауыз келгісі бар өлім алып.

Отанды

Ойраңдатып қоя алмаспыз,

Жеңеміз,

Жеңілмейміз! -

4 оқушы: Аналар тілек айтты, қол жайысты,

Қарлығаш ұясынан зарлай ұшты.

Ерлердің екпінінен дауыл тұрып,

Қалың қол табанында жер қайысты.

5-оқушы: Солдаттың көкірегі толы арманы,

Оқ жаңбыр астында да жоғалмады.

Отан мен анасы үшін "Алға!" деді,

Амал не,

Көпшілгі оралмады.

Қанымен қорғап қалған халқын олар,

Мәнгі өмір кешіп кетті бәлкім олар.

Ерлік жайлы ұмытып бара жатсаң,

Ерте тұрып

Панфилов паркіне бар.

Адамның әлсіз неге кейде енері,

Акиқат -

Қиналсаң көп ой келері,

Жауынгер жүрегінде жүрді-ау сонда

Ана, жар, бауыр, бала бейнелері.

Жеңістің туы желбіреп мың,

Қарайды тыныш түндер мөлдіреп тым.

Сонда да мазалайды-ау

Майдангерді

Санада қалған даусы зеңбіректің.

6-оқушы: Өткенде дүрбелеңді қатты дүбір,

Жүгіріп басылмаған аптығы бір.

Мейірімді медбике жете алмады-ау,

Үзіліп жапырақтай жатты ғұмыр.

Жар жазған хат,

Ашылмай мәңгі сол хат,

Жүрегінің тұсына болды салмақ.

Қайран елді соңғы рет елестетіп,

Қарағайлар жанғанда жанды солдат.

Ерлігін естіді ел соңғы ақпардан,

Қалың тұман орманды торлап та алған.

Осылайша Отанды қорғап қалған

Айрылдық біз қаншама солдаттардан!?

Бір есер әлдеқайда өмір беріп,

Жап-жасыл жапырақты жалын кешіп,

Жатты жер қанға бөгіп қасіреттен,

Жатты жер сонша қатты жәбірленіп.

Шошымас, шынын айтсақ, кім мұндайдан,

Кетпейді ер болсаң да бір мұң бойдан.

Болған емес

Тарихта мұндай шайқас,

Болған емес,

Дәл мұндай қырғын майдан.

3-ші Солдат

Жұлдыздардай жанамыз біз, сөнбейміз,

Қасиетті байтақ Отан!

Өлмей,

Біз

Жау қолына жолдарыңды бермейміз,

Көлдеріңді, белдеріңді бермейміз!

Әке өмір сүрген жерді бермейміз,

Сәби басар, жүрген жерді бермейміз!

Барлық барар өрістерді бермейміз!

Қасиетті жеңісті енді бермейміз!

Бермейміз! Бермейміз! Бермейміз!

Хор: "Катюша".

I бөлімнің IV бөлігі "Жеңіс"

7-ші оқушы:

Сен болмай, топталып жер, құрып eric,

Тауысып өзен суын, нуын өріс.

Отан сәл дағдарғанда дабыл қағып,

Келдің бе, айналайын, Ұлы Жеңіс!

Көркіңнен ел де өзгеріп, көл де өзгеріп,

Алдыңнан мейрамдаған ел кез келіп,

Келіндей кеп күттірген жарқ етіп бір,

Келдің бе, ұлы жеңіс, кербезденіп!

Бөленіп кеткендей-ақ алауға алап,

Гүлдердей ашылсын деп жадау қабақ,

Келдің бе май айында біздің байтақ

Далаға қызғалдақтан жалау қадап?!

8-ші оқушы:

Халықтың орындалды ұлы арманы,

Жігіттер, жасырмандар, жігер кәні?

Соғыстың заңы солай, қатысқанның

Қайтпайды туған жерге түгел бәрі.

Жолдардай қуаныш пен тоғысты мұң,

Жан толқыр сәттері бұл жер үстінің.

"Сүйінші!", "Сүйінші!" деп бебеу қағып,

Күй болып тартылып тұр жеңіс бүгін.

Қабағым - қату, жанарым жасты жабы бұлт,

Аспанды түгел алыпты басып жанығып.

Табиғат өзі көз жасын түр ма тыя алмай,

Кияда өлген қыршын жастарын сағынып.

Жақсы емес пе бүгінгі заманымыз,

Сол соғысты ойлаймыз неге әлі біз.

Неге бойдан бір күдік кетпейді әлі,

Неге ызаға толы әлі жанарымыз.

9-окушы:

Өйткені

Біз әлі де жаралымыз,

Өйткені

Біз әлі де қаралымыз.

Әлі күнге

Күтеміз ағаны біз,

Көріп өстік жоқтаған ананы біз.

Батырға бас иіндер сол үшін де!

Алтындай жарқырайды терек күзде,

Қуаныш ұялайды кенет жүзге.

Сәбидің, күлкісі неткен мөлдір,

Сол үшін өмір сүру керек бізге!

Біз бүгін басқалардай бөлекпіз бе,

Біз бүгін басқалардай ерекпіз де!,

Осынау таза аспанды сактау үшін

Күресе білу және керек бізге!

Ұраным - бұл,

Қолдамас мұны кімдер?

Ақыл-ойы әлемнің, бірігіңдер!

Жеңу керек ізгілік жер бетінде,

Келу керек мейірімді ұлы күндер!

Ән: "Соғыстан қайтқан солдаттар ".


































Отты жылдар шежіресі


Көрнекілігі: Ұлы Жеңіске арналған плакат "Ешкім де ұмыт калмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды", Сахна гүлдермен, ленталармен безендірілген.

Барысы.


Сахна ашылганда "Жеңіс күні" әнінің әуенімен екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған қауым!

2-жүргізуші: Қайырлы күн, кештің қадірлі қонақтары.

1-жүргізуші: Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл -көмей,

Абзал досым, мүгедекті жүр демей!

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.

Адамзаттың бейбіт дамуының, тұрмыс тіршіліктің рахатына кенелуінің бақыты үшін миллиондар жанын пида етті, қане барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.

Рахмет, отырыңыздар!

2-жүргізуші: Біз майдан мен тыл ерлерінің каһармандығы мен ержүректігін, партизандар мен астыртын әрекет етушілердің, концлагерьлер тұтқындарының табандылығы мен мұқалмас ерік-жігерін зор құрметпен еске алып, алапат майдан даласында қаза тапқандардың, соғыс салған жара мен қасірет салдарынан о дүниелік болғандардың бүгінгі күні арамызда жоқ жандардың жарқын бейнелері алдында бас иеміз.

1-оқушы:

Жеңіскерлер, ер елдің өрендері,

Солар жұрттың айбары әлемдегі

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа,

Мерей тапты солармен ел еңбегі. ("Жеңіс күні" әнінің әуені қаттырақ естіледі.)

2-оқушы: 194]-1942 жылдардағы Мәскеу үшін шайқас ірі соғыс оқиғаларының бірі болды. Кеңес Армиясының бұл соғыстағы Жеңісі гитлершіл соғыс жоспарының және неміс армиясының жеңілмейтіндігі туралы аңызды жоққа шығарады.

3-оқушы: Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал-майор Панфилов болды.

4-оқушы:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міні!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

5-оқушы:

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

6-оқушы:

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын кеңілі жақсы үмітпен.

7-оқушы:

Балалардың тілеймін күлгендерін,

Күн бетінде ешбір дақ тұрмасын деп.

Планета ең ғажап гүлдеп жерім,

Мәңгі үстінде Бейбіт күн орнасын деп.

Хор: "Бейбіт күун тілегі".

8-оқушы:

Қайран жан қайтып келмес замандарда,

Қазаққа оңай болған қоғам бар ма?

Сақтаған сабыр беріп тәңір бізді,

Садақтың оғы арқаға қадалғанда.

9-оқушы:

Қираған көп-көп қала, көп-көп корған,

Түңілмей үміт күттік аппақ таңнан.

Бір сүйем орыс жерін жауға бермей,

Қазақтың қайсарлығы сақтап қалған.

10-окушы:

Елдің жырын жырлаған,

Қайғысын да толғаған

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған.

Ән: "Нені аңсаймын".

11-оқушы:

Күлейікші, біз де бір жарқылдайық,

Өзгелердей елтиік, ән тыңдайық.

Биді де біз билейік төгілдіріп.

Күйді де біз тартайық, тартынбайық

12-оқушы: Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградты басып алуға ұмтылды. Қала тұрғындары тәулігіне 150-200 грамм нанды талғау етті.

13-оқушы: Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмектесті. Ленинградты қорғаушылар 16 ай, яғни 900 күн қоршауда аштық азапқа шыдап, қаланы жау езгісінен сақтап қалды. Бұл шайқаста А.Матросовтың ерлігін қайталаған батыр ұлымыз С Баймағанбетов пен жалынды мерген қызымыз Әлия Молдағұлова да бар еді.

Сахнада Ана мен немересі әңгімелесіп отырады. Немересі орнынан тұрып.

Немересі:

Айтшы ана, сонда сезіп пе ең,

Қара бұлттың төнгенін?

Ұйтқи соққан дауылдан

Бақыт шамы сөнгенін.

Естідің бе сонда сен,

Нөсер үшін селдеткен,

Үрейді алып өрекпіп,

Сұрапыл соғыс көлдеткен,

Сан мың адам қан төккен...

Ана жесір, бала жас,

Жетімдіктен көрді өктем.

Анасы немересіне мейірлене құшағын жайып Жер-Анаға табынғандай.

Ана:

Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем,

Әлсіреді ел күшті дауыл тезінен...

Ел қорғайтын ұл-қыздарым тұрғанда,

Бейбіт өмір болатынын болжадым.

Сахнага әскери киімді Мәншүк пен Әлия шығады.

Сахна сыртынан: 18 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ қызы Әлияның ерлікке толы өмірі қалай тебірентпесін.

Ол өзі туралы былай дейді:

Біз сендердей жана ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан - ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Мәншүк:

Отан ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Әлия:

"Отан" деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып,

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін тақпадық.

Мәншүк:

Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз.

Біздер елдік, елмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

Екеуі қосылып:

Жетсек деген арманымыз көп еді,

Айтылған жоқ махабаттың өлеңі.

Бізді туған күнімізбен құттықтап,

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

Монологтан кейін барлығы "Қазақ қызы" әнін орындайды.

Ана: (Немересіне және қос аруга қарап)

Шығысымның қос шынары,

Қос алауы, өздерің өмірден ерте кеткендеріңмен, ерліктерің қалды. Біз сендерді ұмытпаймыз. Жер Ана сендердің ерліктеріңді мәңгі ұмытпайды.

1-жүргізуші:

Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа?

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта,

Сұрапылдай соқты да жау қамалын,

Жеңіс туын қадады рейхстагқа!

2-жүргізуші:

Сарғая күткен ұлы күн,

Шұғыласын төккен күн.

Бағына талай миллионный,

Баянды күн, Жеңіс күн

1-жүргізуші:

"Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көнілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй" деп Абай атамыз айтқандай "Бегімайдың жыры" орындалады.

2-жүргізуші:

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра.

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған

Даламыздың үнісің сен, домбыра.

Күй орындалады

1-жүргізуші:

Қажымас қара нарым,

Кең байтақ даналарым.

Күнім деп еркелетер

Аман бол ағаларым.

Ән: "Ағаларым".

2-жүргізуші:

Асқар таудай тірек болған

Құттықтаймыз ерлерді.

Тілек көп кой жүрек толған,

Ардақтаймыз серілерді.

1-жүргізуші:

Бір-бір ата ұрпағы,

Құтты болсын мерекең.

Бұзылмасын қаймағың,

Кетпесін тек берекең.

Осы мектеп қыздары

Құттықтайды бәрі-бәрі.

Барлығының атынан

Қабыл алғын осы әнді.

1-жүргізуші:

Ескеріп келіпсіздер сіздер бізге

Өнерді аянбадық мына біз де.

Осымен ойымызды тәмәмдадық,

Рахмет сыйлап келген мына сізге.

2-жүргізуші:

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қош, сау болыңыздар!




Ү.Батырбекова


ОТТЫ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ


1-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жанды күні

Жақсы үміттің шырағы жанды міні,

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сәнді түні.

2-жүргізуші.

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті.

Жер бетінен жамандық мүлдем бітті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

1-жүргізуші:

Бүгін жайнап, жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын көңілі жақсы үмітпен.

2-жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін, жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

Екеуі кезекпен:

Жеңіскерлер әр елдің өрендері,

Солар жұрттың айбары әлемдегі.

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа,

Мерей тапты солармен ел еңбегі.


1 бөлім.

1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар-дағы Мәскеу үшін шайқас ірі соғыс окиғаларының бірі болды. Кеңес Армиясының бұл соғыстағы Жеңісі гитлершіл соғыс жоспарының және неміс армиясының жеңілмейтіндігі туралы аңызды жоққа шығарды.

2-жүргізуші: Гитлер сөзінде. «Кыс түскенше мәскеуліктерді жаныштап тастайтын, жойқын, акырғы соққыға жол аштық. Мәскеуді алу керек те, жер бетінен жойып жіберу керек», - деді. Мәскеуді басып алу операциясын фашистер «Тайфун» деп атады. Гитлер Мәскеуге 51 дивизиясын жіберді. Оның 13-1 танк, жетеуі - моторлы қайық, 31-жаяу әскер дивизиясы еді.

1-жүргізуші: Қазақстанда кұрылған 316-атқыштар дивизиясынын. қолбасшысы генерал-майор Пан­филов болды. 28-панфиловшылар қатарында Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Н.Есеболатов т.б, ұлт өкілдерінің жауынгер ұлдары Мәскеуді қорғауда ерекше ерлік көрсетті.

2-жүргізуші: Дубосеково разъезінде әр алуан ұлттардан құралған 28-панфиловшы батырлар жаудың 50 танкісіне қарсы жекпе-жек соғысқа

шықты. Ұрыс 4 сағатқа созылды. Батырлар жаудың 18 танкісін өртеді. «Россия ұлан-байтақ, бірақ шегінетін жер жоқ, артымызда - Москва» деген ұран тастады Клочков. Жауынгерлердің басым көпшілігі қаза тапты, бірақ бірде-біреуі шегінбеді. Сол 28 батырдың бірі - ер жүрек жауынгер Н. Есеболатов-тыңда ерлігі ұрпағы үшін үлгі.

(Сахна. Қолында гранатасы бар, шекесін дәкемен ораған Нарсутбай ортаға шығады. Гуілдеп соққан боран мен атылған мылтықтың дауысы естіліп тұрады).

1-жүргізуші: (сахнаның ар жағынан): Нарсүтбай сонда: «Қош», - деді. Нарсүтбай (жігерлі дауыспен):

Барамын тартып батысқа,

Жортуыл, қырғын, тун қату,

Өлтіру, өлу атысқа!

Жігіттің жігіт болғаны,

Жаудан елін сақтаса,

Жау шапқанда еліне,

Қояндай бұғып, қашпаса.

Атой сап жауға кіремін,

Ұлы Отаным, сен үшін!

Туысқан ұлы ел үшін,

Мына бір қалған бел үшін!

Менің жаным отандық,

Отан деп өлем, әлсем де,

О, сүйікті, Отаным,

«Балам» деп кем, кемсең де!

Нарсұтбай қолындағы гранатасын лақтыра бергенде оқ тиеді. Ол басын көтеріп, қарсы келе жатқан жау танкісіне (макет қағаздан жасалған) қарай гранатасын лақтыра беріп:

Ант еттім де, қорғадым мен,

Жасқанбай-ақ жауымнан,

Көргенім жоқ бой алдырған,

Бақытына мызғымайтын,

Тас қамал боп қаландым.

Сақтап қалам елімді мен

Өртті жойқын дауылдан!

Граната жарылысы, уралаған дауыстар естіледі. Нарсұтбай кұлап, анасы басын сүйеп отырады.

Н.Тілендиевтің «Сөнбейді, әже, шырағың» әні орындалады.

2-бөлім.(Құрманғазының күйі ойналып, сахна сыртынан жургізушінің дауысы естіледі).

1-жүргізуші: Қимылдаңдар - бәрі де майдан үшін,

Майдан үшін дегенде қайда күшің?

(Өлең оқылып отырғанда тылдағы ел тұрмысы кино немесе көрініс арқылы бейнеленеді. Қазақстандықтардың тылдағы ерен еңбектері баяндалады).

1-жүргізуші: (сахна сыртынан):

Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградты басып алуға ұмтылды. Қала тұрғындары тәулігіне 200 г, кейіннен 150 г нанды талғажау етті.

2-жүргізуші: Ленинград қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмектесті. Жыр алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңі қоршаудағыларға күш-қуат, дем берді.

Сахна. Прожектордың қызыл сәулесі Жамбылдың өлеңі басылған, оқпен шұрқ тесілген плакатқа түседі. Жамбыл бейнесінде киінген ақсақал ортаға шығып, «Ленинградтық өренім» өлеңін оқиды. Өлең оқыльп болған кезде Жамбыл бейнесі бірте-бірте көрінбей кетеді. (Экраннан Ленинград блокадасы көріністері көрсетіледі).

1-жүргізуші: Ленинградты қорғаушылар 16 ай, яғни 900 күн блокадада аштық азапқа шыдап, каланы жау езгісінен сақтап қалды. Бұл шайқаста А.Матросовтың ерлігін қайталаған батыр ұлымыз С.Баймағамбетов пен жалынды мерген қызымыз Ә.Молдағұлова да бар еді. (Экраннан суреттері көрсетіледі).

Сахна. Анамен немересі сөйлесіп отырады. Немересі (орнынан тұрып):

Айтшы, ана, сонда сезіп пе ең,

Қара бұлттың төнгенін?

Ұйтқи соққан дауылдан

Бақыт шамы сөнгенін

Естідің бе сонда сен.

Нөсер үшін селдеткен,

Үрейді алып өрекпіп

Сұрапыл соғыс көлдеткен,

Сан мың адам қан төккен.

Ана жесір, бала - жас,

Жетімдіктен көрді өктем.

Анасы: (немересіне құшағын жайып, Жер-анаға табынғандай)

Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем:

Ел әлсіреп, күшті дауыл тезінен,

Тыныш жатқан берекелі Отанға

Қанішердің көз қадарын сезіп ем.

Оу, немерем, қайдағыны қозғадың,

(Шейіт болды талай-талай боздағым)

Бірақ, бірақ тәңіріме табынып,

Ел қорғайтын ұл-қыздарым тұрғанда,

Бейбіт өмір болатынын болжадым.

Сахнаға әскери киімді Мәншүк пен Әлия шығады.

Сахна сыртынан:

1-жүргізуші: 18 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ қызы Әлияның ерлікке толы өмірі қалай тебірентпесін. Әлия өмір мен өлім арасында жүріп өмір сүруді үйренді, елін сүйе білді. (Прожектордың жарығы Әлияға келіп түседі). Ол өзі туралы былай дейді.

Әлия: Мен 18-ге толдым. Бірақ өзімді ересек адамдай сезінемін. Се-бебі, Ленинград балаларының өлімін, жолдастарымның төгілген қанын өз көзіммен көрдім. Енді фашист жыртқыштарын аулауға өзім шықтым. (Атады. Мылтық даусы естіледі) Әлия сол орнынан қозғалмай тұрып қалды. С.Бәйтерековтің «Әлия» әні,

Прожектордың жарығы Мәншүкке түседі. «Мәншүк туралы ән» фильміндегі Мәншүктің шайқас кезіндегі жараланған жері немесе Мәншүк туралы көрініс бейнеленеді. Өлеңнен кейін Әлия мен Мәншүк бір-біріне жақындап келіп, залға қарап, өзара сыр бөліседі (Ақырын күй тартылады).

Әлия:

Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан-ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Мәншүк:

Отан-ана жылағанда шерленіп

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық, дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Әлия:

«Отан» деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып,

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін тақпадық.

Мәншүк:

Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп, қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

Екеуі қосылып:

Жетсек деген арманымыз көп еді,

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі,

Бізді туған күнімізбен құттықтап,

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз,

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

(Диалогтан кейін И.Сапарбаевтың «Қазақ қызы» әні беріледі. Сахнаға Ана шығады).

Ана: (немересіне және қос аруға қарап:)

Қош болыңдар, Шығысымның қос шынары, қос алауы! Өздерің өмірден ерте кеткендеріңмен, ерліктерің қалды. Біз сендерді ұмытпаймыз. Жер-Ана сендердің ерліктеріңді мәңгі ұмытпайды.


3-бөлім

Экраннан Сталинград шайқасы жайында көрініс бейнеленіп, сол шайқасқа қатысушы Н.Әбдіровтің суреті көрсетілді (Өлең оқылады немесе Нұркеннің өмірбаяны, ерлігі баяндалады).

1-жүргізуші: 1942-1943 жылдарда Сталинград шайқасы Отан соғысындағы және тұтасай алғанда екінші дүние жүзілік соғыс барысындағы түбірлі өзгеріс болды. Бұл шайқас халық пен армияны жеңіске деген сенімге бөледі. Кеңес армиясы басымдық көрсетті. Сталинград шайқасы неміс-фашист әскерлерін Кеңес жерінен жаппай қуудың бастамасы жасады.

2-жүргізуші: 1944 жыл. Бас колбасшының жоспары негізінде Кеңес Қарулы Күштері әр аймақта ірі соғыс шабуылдарын жасап, жаудың негізі топтарын талқандай отырып, жыл аяғына дейін Кеңес Одағының бүкіл аумағы басқыншылардан азат етілді. Майдан шебі Германия шекарасына жақындады.

1-жүргізуші:

Байтақ Отан сия ма тар Қыспаққа?

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта,

Сұрыпталмай соқты да жау қамалын.

Жеңіс туын қадады Рейхстагқа!


2-жүргізуші: 30 сәуір, 14 сағат 25 минутта Рейхстаг төбесіне ту тіккен сержанттар Егоров пен Кантария қатарында жас қазақ Рахымжан Қошқарбаев та бар еді. (Экраннан суреті көрсетіледі).

1-жүргізуші: 1945 жылдың сәуір-мамыр айларындағы Берлин, Прага операцияларының нәтижесінде одақтастардың шабуылдары мен неміс-фашист әскерлерін талқандау аяқтаолыю 8 мамырда Берлин маңындағы Карлехорст қаласында Германияның қарулы күштері одақтастар алдында сөзсіз тізе бүгу жөнінде актіге қол қойды.

2-жүргізуші:

Сарғая күткен күн,

Шұғыласын бізге төкті.

Бағына қарай миллионның

Баянды жеңіс күні жетті!

(«Жеңіс күні» әні баяу естіліп тұрады)


1-жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Есен-аман болайық,

Енді соғыс келмесін.


2-жүргізуші:

Алғар саптан шықпасын,

Аналар қабақ шытпасын,

Бақытқа жетіп бар адам.

Сәбилер тыныш ұйықтасын!

«Әрқашан күн сөнбесін», «Ана туралы баллада» әндері орындалады. Соғыс ардагерлеріне гүл тапсырылады



C.A. Aхметова


Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды

(әдеби - музыкалық композиция)


Сахнаның алдында «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» және «1945-2005. Ұлы жеңіске - 60 жыл» деген жазулар көрнекі жазылады. «Жеңіс күні» әнінің әуенімен екі жүргізуші шығады.


1-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне.

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп, зұлымдықтың сәнді түні.


2-жүргізуші:

Жер бетін қан сасыткан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.


1-жүргізуші

Бүгін жайнап, жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілін жақсы үмітпен.


2-жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін, жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай!

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалады канат қақпай.


Екеуі кезекпен:

Жеңіскерлер - әр елдің ерендері,

Солар жұрттың айбары, әлемдегі.

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа,

Мерей тапты солармен ел еңбегі.

«Жеңіс күні» әнінің әуені қаттырақ естіледі.


1-жүргізуші: Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жанынды түршіктіреді, әрі ерліктерге басынды идіріп таң қалдырады. Соғыс адам жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Қарсы келген ажалға қасқайып қарсы тұрды.


2-жүргізуші: Әрине, әдемілеп суреттеуге болар. Бірақ, ет пен сүйектен жаралған пенденің күйі бөлек қой. Оған өз мүмкіндігінен тыс ерлік көрсет деп талап қоюдың жөні жоқ. Сен батыр атануға тиіссің дейтін бұйрықты ешқандай қолбасшы бере алмайды, орындата да алмайды. Қазақ қаһарманы Бауыржан Момышұлы туралы Александр Бектің «Арпалыс» кітабында осы түйін шындық тұрғысынан баяндалған. Кітаптың алғашкы тарауы «Қорқыныш» деп аталады. Алғашқы сөйлемі «біз керемет қорықтық...» деп басталады. Жеңгендер де, жеңілгендер де ештемені әсірелей алмаса керек. Соғыс - басқа төнген зауал. Бірақ, қорқудың да қорқуы бар екен. Соғыс оның да қандай болатынын керсетті. («Соғыстан кайтқан солдаттар» әні айтылып, инсценировка түрінде көрсетіледі.)

(Сахна. Колында фанатасы бар, шекесін дәкемен ораған Нарсүтбай ортаға шығады. Гуілдеп соққан боран мен атылған мылтықтың дауысы естіліп тұрады).


1-жүргізуші: (сахнаның ар жағынан): Нарсұтбай сонда: «Қош!», - деді. Нарсүтбай (жігерлі дауыспен):

Барамын тартып батысқа,

Жортуыл, қырғын, түн қату,

Өлтіру, өлу, атысқа!

Жігіттің жігіт болғаны,

Жаудан елін сақтаса,

Жау шапқанда еліне,

Қояндай бұғып, қашпаса.

Атой сап жауға кіремін,

Ұлы Отаным, сен үшін!

Туысқан ұлы ел үшін,

Мына бір қалған бел үшін!

Менің жаным Отандық,

Отан деп өлем, өлсем де,

О, сүйікті, Отаным,

«Балам» деп кем, көмсең де!

Нарсүтбай қолындағы гранатасын лактыра бергенде оқ тиеді. Әлсірей құлайды. Сол кезде Ана бейнесі керініп былай дейді:

Өсіріп пе ем сені мен,

Майданда үнсіз жатсын деп,

Қарай алмай жауына,

Жерге бетін бассын деп?!

Жарық сөніп, ақ сәуле тек Нарсүтбайға түседі. Ол басын көтеріп, қарсы келе жатқан жау танкісіне (макет кағаздан жасалған) қарай гранатасын лақ­тыра беріп:

Ант еттім де, қорғадым мен,

Жасқанбай - ак жауымнан.

Сақтап қалам елімді мен

Өртті жойқын дауылдан!

Граната жарылысы, уралаған дауыстар естіледі. Нарсүтбай құлап, анасы басьн сүйеп отырады.

Н. Тілендиевтің «Сенбейді, әже, шырағың» әні орындалады. (Құрманғазының күйі ойналып, сахна сыртынан жүргізушінің дауысы естіледі).


1-жүргізуші:

Қимылдаңдар - бәрі де майдан үшін,

Майдан үшін дегенде қайда күшін?

(Өлең оқытып тұрғанда тылдағы ел тұрмысы кино арқылы бейнеленеді. Қазақстандыктардьң тылдағы ерен еңбектері баяндалады).


1-жүргізуші: (сахна сыртынан)

Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградты басып алуға ұмтылды. Қала тұрғындары тәулігіне 200 г, кейіннен 150 г. Нанды тамақ етті.


2-жүргізуші: Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан кемектесті. Жыр алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңі қорғаушыларға күш, қуат дем берді.

Жамбыл бейнесінде киінген аксақал ортаға шығып, «Ленинградтық өренім» өлеңін оқиды.


1-жүргізуші: Ленинградты корғаушылар 16 ай, яғни 900 күн блокадада аштық азапқа шыдап, қаланы жау езгісінен сақтап калды. Бұл шайкаста Л. Матросовтын ерлігін қайталаған батыр ұлымыз С. Баймағамбетов пен жалынды мерген қызымыз Ә. Молдағүлова да бар еді. (Теледидардан Әлия мен Мәншүкке арналған бейнефильм көрсетіледі).


1-жүргізуші: 1 млн. 200 мыңға тарта қазақстандықтар осы бір тажалға қарсы тұруда үлкен ерлік көрсетіп жан қиды. Ақыры Ұлы Жеңіске қол жетті. Солардың бірі «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүк. Иә, иә ерлігі аңызға, жырға, әнге айналған - Әлия мен Мәншүк.


2-жүргізуші: Иә, содан бері 60 жыл уакыт өтсе де ешнәрсе де ұмытылған жоқ - (көрініс, әскери киімде Әлия мен Мәншүк)

Әлия: Мен 18-ге толдым. Бірақ өзімді ересек адамдай сезінемін. Себебі, Ленинград балаларының өлімін, жолдастарымньң төгілген қанын өз көзіммен көрдім. Енді фашист жыртқыштарын аулауға өзім шықтым. (Әлияға карсы 5 фашист әскері келе жатады) Әлия кектене: бұл бесеуін Ленинград үшін, жолдастарым, туған жерім үшін о дүниеге аттандырамын. (Атады. Мылтық дауысы естіледі) Әлия сол орнынан қозғалмай тұрып қалды.

С. Бәйтерековтың әніне жазылған «Әлия» әні.

Өлеңнен кейін Әлия мен Мәншүк бір-біріне жақындап келіп, залға қарап өзара сыр бөліседі (Ақырын күй тартылады).


Әлия:

Біз сіздердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан - ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.


Мәншүк:

Отан - ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шегеді екен жеріге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.


Әлия:

«Отан» деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін таппадық.

Мәшпүк:

Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп, қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.


Екеуі қосылып:

Жетсек деген арманымыз көп еді,

Бізді туған күнімізбен құттықтап,

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді,

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз,

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық кыз.

(Диалогтан кейін және И. Сапарбаевтың «Қазақ қызы» әні орындалады).


1-жүргізуші: Кош, Шығысымның кос шынары, қос алауы! Өздерін өмірден ерте кеткендеріңмен, ерліктерін қалды. Біз сендерді ұмытпаймыз. Жер - Ана сендердің ерліктеріңді мәңгі ұмытпайды.

2-жүргізуші:

Әлия, Мәншүк қазақтың

Мақтанышы емес пе ең?

Төрімде түр қос жұлдыз

Ескерткіш болып тілдескен.

(Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі орындалады).


1-жүргізуші:

Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа?

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта.

Сұрыпталмай соқты да жау қамалын,

Жеңіс туын қадады Рейхстагқа!


2-жүргізуші: 30 сәуір, 14 сағат 25 минут Рейхстаг төбесіне ту тіккен сер-жанттар Егоров пен Кантария қатарында жас қазақ Рахымжан Қошқарбаев та бар еді.


1-жүргізуші: 1945 жылдың сәуір - мамыр айларындағы Берлин. Прага операцияларының нәтижесінде одақтастардың шабуылдары мен фашист әскерлерін талқандау аякталды. 8 - мамырда Берлин маңындағы Карлехорст қаласында Германияның қарулы күштері одақтастары алдында сөзсіз тізе бүгу жөнінде актіге қол кояды.


2-жүргізуші:

Сарғая күткен ұлы күн,

Шұғыласын бізге төкті.

Бағына талмай миллионный,

Баянды жеңіс күні жетті!

(«Жеңіс күні» әнінің үні естіліп тұрады).

Өмір толқыны өзгерісте. Қираған қалалар қайта тұрды. Қазір қирамағандай. Блиндаждар мен окоптар жасыл құрақтың құшағына енді. Соғыс солдаттары атанған ардагерлердің қатары да көзімізге көп шалына бермейді. Тірі қалғандарынын өзі қартайғанда бала сияқты болып үйлерінде отыр. Алайда, бүгінгі ұрпақ - өздерінің бейбіт өмірінде, алаңсыз күлкісінде, тиыш ұйқысында, үміттері мен арманында, тербелген тал бесіктердің қуанышында. Отанды қорғаған аталарының, апаларының мәңгілік үлесі тұрғанын ұмьтпаулары керек. Ұмытпайды да.


І-жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Халқым өсіп, өрлесін.

Есен-аман болайық,

Енді соғыс келмесін.


2-жүргізуші:

Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабағын шытпасын.

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын!

«Әрқашан күн сөнбесін», «Ана туралы баллада» әңдері орындалады. Соғыс ардагерлеріне гүл тапсырылады.



Автор
Дата добавления 19.12.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров228
Номер материала ДВ-270957
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх