Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы"Оқушылар арсындағы қарым - қатынасты дамыту"

"Оқушылар арсындағы қарым - қатынасты дамыту"

Скачать материал

«Байланыстыратын жіп»

Тақырыптық жоспар

1 – сабақ «Танысу»

Мақсаты: Топ болып жұмыс істейтін адамдардың бір – бірімен танысуы.

 

Жүргізуші тренинг тапсырмасы мен мақсатымен таныстырады.Топтық жұмыстың ережесі мен жұмыс тәртібі мен шарттары туралы келіседі. Жүргізуші, сабақ қандай формада өтетінін, қандай тақырыпқа арналатындығын айтады. Балалармен тығыз қарым – қатынасты орнықтыру үшін философиялық ашылу: баланың жеке басына деген құрмет және мойындау, ынтымақтастықта болуға ұмтылу.

«Байланыстырып тұратын жіп»

Мақсаты: Топты біріктіріп жағымды көңіл – күй және жұмысқа деген қабілеттілікті құру.

Қтысушылар шеңбер болып тұрады. Жүргізуші қолына шумақ жіпті ұстап тұрып, барлығымен амандасып одан кейін шумақ жіпті көршісіне береді. Шумақ жіп кімге түссе, сол барлығына амандасып, келесі ойыншыға береді. Жіптен кішкене өзіне орап алып қалады. Солай шеңбер бойынша жалғаса береді. Жүргізушіге шумақ жіп қайта айналып келген кезде, барлығы бір жіптей «байланысты» екені анықталады. «Жіпті жай тартып, - бұл өмірде барлығымыз бір бүтінбіз деп сезініңіздер».

 

«Көршіңнің қолы қандай»

Мақсаты: Топтағы қатысушылардың арасындағы байланысты орнықтыру, өнегелі сезімді дамыту.

Ата – аналар мен балалар бір – бірінің қолдарынан ұстап тұрады. Оң қолды жоғары, ал сол қолды төмен ұстаймыз. Толық тыныштықта қай қол (жұмсақ, жылы, дымқыл, суық, жағымды, жағымсыз және т.б.) екенін сезіну. Әр қайсысы нені сезгенін, сезінгенін айтады.

 

«Танысу»

Мақсаты: Топтағы қатысушыларды жақындастыру.

Ата – аналар мен балалар шеңбер болып отырады. Әр ата – ана өз баласының нені жақсы көреді,нені ұнатпайды, оның мінезі қандай екенін айтып елестетеді. Балалар ата – аналарының сөзін құптайды. Дәл осылай балалар өздерінің ата – аналарын елестетеді.

 

«Молекулалар»

Мақсаты: Топты біріктіре отырып эмоционалды, көтерінкі жағымды көңіл – күй орнықтыру, туғызу.

Нұсқау: «Барлығымыз өзімізді – атомбыз деп елестетейік. Атомдар былай көрінеді: қолын бүгіп, шынтақ сүйегін қысып иығына қояды. Атомдар әрқашан қозғалыста болып, уақыты келе молекула болып бірігеді. Атомдардың саны әр түрлі болуы мүмкін. Олар мен қандай сан айтамын сол бойынша бірігеді. Қазір барлығымыз осы бөлмеде тез қозғала бастаймыз. Уақыты келе мен қандай да бір санды айтамын. Мысалы: үш. Сол кезде үш атом бірігіп молекула болады. Молекулалар былай көрінеді: қарама – қарсы бір – біріне білектері тиіп тұрады.

 

Ертегі

«Баржа»

Мақсаты: Өзіне деген сенбеушілікті жеңу, таным процестерін дамыту, эмоционалды ауыртпашылықты алып тастау.

 

Қатысушылар шеңбер болып тұрады, бір – біріне допты лақтарып сөз айтады, яғни «баржаға салмақ салады». Мысалы: барлық сөздер «қ» дан басталады (қара балық, қасқыр, қайшы және т.б.).

 

«Презентация»

Мақсаты: Өзін – өзі жоғары бағалау және өзінің эмоционалды жағдайын адекватты айтып үйренуін дамыту.

 

Әр бала кезекпен шеңбер жасай тұрып, өзінің суреті жайлы айтады. Ата – аналар көрермен рөлінде болады.

 

«Ережесі жоқ ойын»

Мақсаты: Құрылған атмосфераға өзін қабылдау, түсіну, жаңа қарым – қатынасты дамыту, белсенді тыңдау, бір – бірімен жақсы араласуға үйрету.

 

Ата – анасы мен баласы бірге отырып сөйлеседі. Әр сөйлескен сөйлемінің басында фразаны қолданып отыру керек. «Маған ұнайды, сен ....» және осы сөйлемге өз сөздерін қосады. Жақсы өнегелі диалог орныққан кезде, ата – анасы баласына ал, баласы ата – анасына қайта байланыс жасайды.

 

«Өзіңді мен және сен деп қабылдау жаттығуы»

Мақсаты: Ата – ана мен бала арасындағы жақындықты қалыптастыру.

 

Ата – аналар мен балалар кілемнің үстіне арқаларын бір – біріне тигізіп отырады. Тыныш музыка ойнап тұрады. Олар бір – бірлерін сезінулері керек. Одан кейін ата – ана «сен» - баласын, «мен» деп айтады. «Мен» - баламын, «сен» деп ата – ана айтады. Солай кезектесіп отырады. Қатысушылар өздері қалаған кезде жаттығуды аяқтайды.

Үй тапсырмасы.

Жүргізуші ең басты өз – өздерінің не сезінгендерін және өз балаларын қалай сезінгенін орындап келуге үй тапсырмасы ретінде айтады. Күнделікті үй  тапсырмасын орындаған кезде мұқият назар аудару керек, өйткені пікір алмасу үнемі келесі сабақтарда болып отырады. Ата – аналар өздері және балалары үшін сұрақтарға жауап береді, балаларда дәл солай өздері және ата – аналары үшін жауап береді.

 

Рефлексия «Байланыстыратын жіп»

 

Шеңбер болып тұрып бірінші жаттығуға талдау жасайды: көңіл – күйлерін мінездейді, өз сезімдерін айтады не ұнады және не ұнаған жоқ, неліктен.

 

«Қоңырау»

Мақсаты: Топты біріктіру, көңіл – күйді және бұлшық етті босаңсыту, біріккен атмосфера құру.

 

Үлкендер мен балалар шеңбер болып тұрады, кезекпен оң және сол қолдарын жоғары көтереді. Қолдарын біріктіріп, қоңырау сияқты шеңбер жасап тұрады. «Бом!» деп айтады және бар күштерімен қолдарын төмен лақтырады. Кірерде қолдарын көтереді, ал шығарда «Бом!» деп айтады да қолдарын лақтырады. Жүргізуші ырғақты тапсырады. Бірнеше рет қайталайды. Екі «қоңыраудың» нұсқасы болуы мүмкін: үлкенде – ата – аналар ал кішісінде – балалар. Үлкеннің ішінде кішкентай.

 

 

2 – ші сабақ. «Үлкендер әлемі мен балалар әлемі»

 

«Байланыстыратын жіп»   (1 сабақты қарау)

 

Балалар не айтқысы келетіндерін айта отырып, шумақ жіпті береді. «Мен қалаймын ... әлемде ұшып, өзімді бақытты сезініп, көп достар табуға» және т.б.

 

«Күлкі сыйла»

Мақсаты: Біріккен атмосфера құру, жоғары өнегені көрсету, өзінің эмоционалды жағдайын айтып үйренуін дамыту.

 

Қатысушылар қолдарынан ұстап, шеңбер жасайды. Әр қайсысы кезекпен оң жақтағы және сол жақтағы көршісіне күлкі сыйлайды. Міндетті түрде бір – бірінін көзіне қарау керек.

 

Рефлексия: Не сезндіңіз? Қазіргі көңіл – күйіңіз қалай?

 

«Гүл» биі

Мақсаты: Күш – қуатын орнықтыру, өз – өзімен жеке болуын дамыту, ішкі «менің» тыңдау.

 

Үй тапсырмасын талқылау.

Тренингті талқылаған кезде қатысушылардың сұрақтары мен жауаптары еркін дискуссия түрінде болады. Жүргізушіге оны кешіруге тура келеді. Қатысушылардың өз ойларын айтқандары маңызды.

 

«Айна»

Мақсаты: Өзінің эмоционалды тәртібін түйсіну, ауыртпашылықты жеңу, біреудің талабына көнуге үйренуді қалыптастыру, өзіне бақылау, өзіне деген сенбеушілікті жою.

 

Топтағы қатысушылар бір – біріне қарап шеңбер жасайды. Солайынан жұптасып бөлінеді. Жұптың бір адамы – айнаға «қараушы», екіншісі – «айна». Біреуі айнаға қарайды, ал ол оның барлық қозғалысын келтіреді. Жүргізуші белгі бергенде рөлдерімен, орындарымен ауысады.

 

«Желімді жанбыр»

Мақсаты: Ауыртпашылықты төмендету, топтың бірлігін дамыту.

 

Балалар бір – бірінің артына тұрып, алдыда тұрғанның иығынан ұстайды. Осындай жағдайда олар болатын қиыншылықты көреді:

-         орындықтан көтерілу және түсу;

-         үстелдің үстінде билеу;

-         «ұзын өзенді» айналу;

-         «қалың орманнан» өту;

-         «жыртқыш аңдардан» тығылу.

 

Барлық жаттығуларды орныдаған кезде қатысушылар жұптарынан ажырамаулары  керек.

 

Ертегі

«Баржа»  (1 сабақты қарау)

Барлығы «ок» (мысалы, шұлық, кәрзеңке, бәліш және т.б.).

 

Презентация (1 сабақты қарау)

 

«Ережесі жоқ ойын» (1 сабақты қарау)

 

Ата – аналар мен балалар бір – біріне олар нені жақсы көретіндерін айтады. «Мен ойлаймын сен жақсы көресін ...»  Қалаулары тек тамақ немесе киімге байланысты болу маңызды емес. Балаға міндетті түрде иісті, дыбысты жақсы көруге болатынын көрсету керек.

 

Өзіне «иә – жоқты» қабылдау жаттығуы.

Мақсаты: Ата – ана мен бала арасындағы сезімді жақындастыру, бір – бірін қабылдау, жаңа қарым – қатынасты дамыту.

 

Ата – аналар мен балалар бір – бірінің арқасын тиістіріп кілемнің үстіне отырады. «Иә - жоқ», «жоқ - иә» деп сенімділікпен айтады. Жаттығудан кейін талқылайды: қайсыны айтқан  оңай «иә» немесе «жоқ»?

Үй тапсырмасы

Ркфлексия «Байланыстыратын жіп» (1 сабақты қарау)

«Қоңырау»  (1 сабақты қарау)

 

 

3 –ші сабақ. «Біздің барлығымызда бір ұқсастық бар»

«Байланыстыратын жіп»

Шумақ жіпті бере отырып, қатысушылар кім болғысы келетіндерін айтады. «Мен қалар едім .... болуды»

 

«Есім»

Мақсаты: Өзара өнегелі қарым – қатынасты дамыту, топтағы қатысушылардың ерекше мінезімен танысу, әр қайсысынын жеке қасиетін айту.

Әр қатысушыға өз атын айтып, және атынын бас әріпінен басталатын сөзбен өзін мінездеуі ұсынылады. Мысалы: Дария – дарынды, Тасқын – талантты, Мақпал – мықты және т.б.

 

Осыдан кейін қатысушылар қалаулары бойынша шеңбер бойымен барлығынын атын, мінезін айтады.

Топты біріктіріп билету.

Үй тапсырмасын талқылау.

Талқылау үй тапсырмасын орындаған кездегі болған ойлары мен таңқалулары, сезімдері түріндегі формада өтеді.

-         таблицаның қай бөлігін орындаған кезде қиындық болды?

-         Қай  жерде көп жазбалар болды?

 

Жүргізуші оң және сол жақтағы таблицадағы баланың кейбір мінездемесі сай келе ме соған назар аудару керек.

 

«Көлеңке»

Мақсаты: Бақылауын, ойлауын, ішкі еркіндігін және басқа біреудің орнына өзін қоюды үйретуді дамыту.

 

Барлық қатысушы жұптасып бөлінеді (ата – ана, бала). Тыныш әуен ойнайды. Бір адам (ата - ана) – «жолаушы», екіншісі (бала) – оның «көлеңкесі». «Жолаушы» егістік арқылы жүреді, оның артынан 2 – 3 қадамдай ілесіп «көлеңкесі» жүреді. «Көлеңке» «жолаушының» қимыл қозғалысын дәл солай салуға тырысады. Біраз уақыттан соң қатысушылар рөлдерімен ауысады.

«Жолаушы» әр түрлі қимыл – қозғалысты жасаған жақсы болады: «гүлді жұлу», «отыру», «бір аяқпен секіру», «тоқтап қолымен алысқа қарау» және т.б.

Ойыннан кейін талқылау.

 

 

 

«Ақ аюлар»

Мақсаты: Эмоционалды  ауыртпашылықты басу, топты біріктіру, бұлшық ет ауыртпашылығын алып тастау.

 

Жүргізуші сайланады. Ол залда жүгіріп жүрген ойыншыларды қуып жетеді. Ұстап алған адамды қамайды. Олар қолдарынан ұстап тізбектеліп тұрады. Келесі аюды «тізбекпен» ұстайды.

 

Бұл жаттығу ауыртпашылықты алып тастайды, жағымды атмосфера орнатады.

 

«Қыңырлық»

Мақсаты: Өзін – өзі бағалауын жоғарылату, еркіндікті сезінуін дамыту, ата – аналармен қарым – қатынаста автономды болу, назар аудару, өзін – өзі бақылау.

 

Ата – аналар мен балалар шеңбер болып тұрады. Ең қыңыр бала тандалады. Оның мамасы жүргізуші. Ата – ана  нұсқау береді, барлығы соны орындайды, ал баласы – керісінше. Мысалы: барлығы қолдарын жоғары көтереді – ал баласы төмен түсіреді.

 

Ертегі

«Баржа» 

 

Ата – аналар мен балалар адамдарды не біріктіретінің атап айтады. Мысалы: отбасы, достық, қайғы, мереке, саяхат және т.б.

 

Презентация

«Ережесі жоқ ойын»

 

Ойын кезінде ата – аналар мен балалар «Мен ойлаймын сен жақсы көрмейсің ... » деген сөздерді қолданғаны маңызды. Шын мәнінде қалай, солай бір – біріне ашылып, ашық айту. Мен осылай сеземін, мен осылай көремін деп өз сезімдерін түсіндірулері керек.

 

«Машиналар»

Мақсаты: Ата – ана мен бала арасындағы физикалық  қатынасты орнықтыру, дамыту.

 

Топтағы ойыншылар жұп болып бөлінеді (ата – ана және бала). Бала – «машина» рөлінде, ата – ана «машина жуушы» рөлінде. Машина жуушының көзі жабық немесе байлаулы. Бес минуттың ішінде «машинаны» қалыпқа келтіреді: жуады, сүртеді, жинайды, өз қызметін жасап жүріп мүмкіндігінше еркелететін, жағымды сөздерді көп айтуы керек. Содан кейін ата – ана рөлдерді баласымен алмасады.

 

Үй тапсырмасы

Рефлексия «Байланыстыратын жіп»

«Қоңырау»

 

4 – ші сабақ. «Өзіңді сүйікті адам ретінде сезін»

«Байланыстыратын жіп»

 

Жаттығудың тақырыбы «Мен сүйемін ...»

 

«Мейірімді есім»

 

Мақсаты: Жақсы көңіл – күй орнату, ойыншылардың бір – біріне деген сезімдеріне сенімділік танытуын дамыту, топтағы атмосфераға жағымды қолдау көрсету.

 

Әр ойыншы кезекпен шеңберге тұрады. Шеңбер бойынша қозғалысты кімнен бастағысы келетіндерін қолдарын көтеріп анықтап алады.

Ойыншының атын және бір нұсқадан жағымды, жақсы сөз айтып, шеңбердің ортасында тұрған адамға сыйлайды. Осыдан кейін қолдары мен қолдарын тиістіріп, көздеріне қарап, «сыйлық» үшін алғыс айтады.

 

 

Би – ойыны

Мақсаты: Назарын дамыту, эмоционалды және бұлшық ет ауыртпашылығын алып тастау, өз ойын еркін жеткізу қабілетін арттыру.

 

Барлық ойыншылар шеңбер жасап тұрады. Музыканың ырғағымен біреуі қандай да бір бидің қозғалысын көрсетеді, ал қалғандары біраз минуттан кейін соны қайталайды. Дәл осылай топтағылар әр түрлі билерді кезекпен билейді.

 

Үй тапсырмасын талқылау.

 

Ата – ана және балалар сұраққа жауап береді.

-         Қуанғанда, қанағаттанғанда, көңілі көтерілгенде балаңыза осындай қылықтар болғанда оның тәртібін басқа қырынан көре алдыңыз ба?

-         Балаңыздың жеке ерекшелік қасиеттерін қандай қылықтарынан көре алдыңыз.

 

Ата – аналарға және балаларға өз ойларын айтуларына мүмкіндік беру маңызды.

 

 

 

«Шеңбер бойынша қол шапалақтау»

Мақсаты: Қуаныш сезімін уайымдау, қобалжу, күту, топты біріктіру, жағымды атмосфера орнату.

 

Барлығы шеңбер болып тұрады. Жүргізуші кез – келген ойыншының қасына келіп, оның көзіне қарап, өзінің қошеметін сыйлайды, бар күшін салып алақанымен шапалақтайды. Одан кейін ол екеуі бірігіп келесі ойыншыны таңдайды. Ол да қошеметтен өз үлесін алады. Екеуі алдына жақындап барып қол шапалақтайды.Сөйтіп енді үш ойыншы келесі серіктесін таңдайды. Ылғи кімге қошемет көрсетсе, сол келесі ойыншыны таңдауға құқығы бар. Дәл осылай ойын жалғаса береді. Қол шапалақтау одан сайын қатая түседі.

Қошеметті тек қана құлақпен естіп қоймай, оны бар жаныңмен сезінген маңызды.

 

«Паровоздар»

Мақсаты: Еркіндігін дамыту, басқаларға қамқор болу, өзіне деген жауапкершілікті қабылдауға үйрету.

 

Көңілді әуен ойнайды. Ойыншылар бірінін артына бірі тұрып мықты ұстайды. Бірінші адам – «паровоз» , ал қалғандары - «вагоны». Қозғалыс кезінде вагондардың көзі жабық болады. Паровоз соғылып қалмау үшін, және жолда вагондарға ыңғайлы болу үшін  жауап береді. Әр ойыншыға «паровоз» және «вагон» рөлінде болу маңызды.

 

Ойыннан кейін міндетті түрде сұрақтарға талқылау жасайды.

-         Көбінесе қай рөл ұнады және неліктен ?

-         Көбінесе қай «паровоз» қамқоршы және абай болды?

 

 

«Біз сені жақсы көреміз»

Мақсаты: Эмоционалды қолдау, сенімді қарым – қатынас орнату.

 

Барлық ойыншылар шеңбер жасап тұрады. Әр бала кезекпен ортаға шығады, барлығы онын атын хормен үш рет атайды. Содан кейін хормен фраза түрінде айтады: «Біз сені жақсы көреміз». Баланы қандай да бір жағымды сөзбен атауға болады: («құлыным», «күнім» және т.б.).

 

Ертегі

«Баржа» 

Балалар домалақ затты атайды мысалы: алма, күн, сағат, түйме және т.б.

 

Презентация

«Ережесі жоқ ойын»

 

Белгілі бір сөйлемнің көмегімен «Мен жақсы көремін, сен ...» балалар және ата – аналар өз ойларын айтады. Өнегелі аспект берген маңызды. Өмірдегі барлық жағымды мінездемелерге сүйенеді (қарым- қатынас, мінезінің ерекшелігі, айналысатын ісі және т.б.).

 

«Өзара қарым – қатынасты жөндеу»

Мақсаты: Өз сүйіспеншілігін айтып жеткізу, қолдау, баланы қабылдау, тактильді қарым – қатынас орнату.

 

Жаттығу жұп бойынша орындалады. Тыныш музыка ойнайды. Барлығы кілемнің үстіне отырады (бала және оның ата – анасы бір – біріне арқасымен отырады), көздерін жұмып, бір – бірін сезінеді. Мама (әке) – үлкен, сенімді, жылы, мықты. Балалар – қамқорсыз, нәзік, жараланғыш. Одан кейін ата – аналар ақырын айтады:  «Мен сені сүйемін!» Бала жауап қайтарады: «Мен сені сүйемін!» - осылай қалаулары бойынша айтады.

 

Жаттығудың сонында  ата – аналар мен балаларға өз сезімдерін айтуға, білдіруге мүмкіндік беру. (құшақтау, сүйю, аймалау).

 

Үй тапсырмасы

Рефлексия «Байланыстыратын жіп»

«Қоңырау»

 

 

5 – ші сабақ. «Сенімділікке жол»

«Байланыстыратын жіп»

Жаттығудың тақырыбы «Менің қолымнан келеді ...»

 

«Белгі беру»

Мақсаты: топты біріктіру, қабілетін дамыту, жауапкершілік сезімін шоғырландыру.

 

Ойыншылар қолдарынан ұстар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші, барлығына көздерін жабуларын өтініп, қандай да бір белгі беріндер дейді (екі рет қолды қысу, қолды жоғары көтеру және т.б.). Оң жақтағы немесе сол жақтағы белгіні алған адам, оны келесі тізбекке жалғастыруы тиіс. Жүргізуші, келген белгіні алғаннан кейін ойын тоқтатылады. Ойында «бұзылған теелефон» принципі қолданылады. Бірнеше рет қайталанады.

 

«Гүл» биі (2 сабақты қарау)

 

Үй тапсырмасын талқылау

Ойыншылар сұрақтармен жұмыс жасайды.

 

-         кейбір іс – әрекеттерді алып көріндер, оны шын мәнінде жасауға мүмкін бе?

-         осы тапсырманы орындаған кезде не сезіндіңдер?

-         қай сұрақтарға жауап берген  оңай және неге?

 

 

«Соқыр және жетекші»

Мақсаты: Ата – ана мен бала арасындағы жақындық сезімдерін қалыптастыру, қауіпсіздік сезімін дамыту, басқа адамдардың сезімін түсіну.

 

Жаттығу жұп болып жүргізіледі (ата және бала). Ойыншылардың біреуі – «соқыр» , екіншісі – оның «жетекшісі». Ол «соқырды» әр түрлі қиындықтардан өткізуге міндетті. Алдын – ала дайындалып қойған (үстел, орындық, үй жабдықтары, басқа адамдар да кедергі болуы мүмкін). Сыртқы өмірмен танысады. «Соқырдың» көзі байлаулы. «Жетекшінің» мақсаты: құлатпай, жараламай, сүріндірмей жеткізу.

 

Бір айналып өткеннен кейін ойыншылар рөлдерімен ауысады.

Одан кейін ойыншылармен ойынның қалай өткенің талқылау, сұрау, олар не сезінді, «соқыр» мен «жетекші» рөлі ұнады ма, ойын кеінде не істегілерін келді, жағдайды қалай өзгертуге болады?

 

«Барлаушылар»

Мақсаты: Бақылаушылықты дамыту, есте сақтау, ұйымдастырушылық және қарым – қатынасқа түсу қабілетін, жауапкершілік және сезіміне сенуін қалыптастыру.

 

Топтан «барлаушы» және «командир» таңдап алынады. Қалғандары – «отряд». Залдағы орындықтар шашыратып қойылған. «Барлаушы» орындықтардың арасынан әр түрлі жақтан өтеді. «Командир» «барлаушының» қызметін бақылап тұрады.

Содан кейін «барлаушыға» көрсеткен жолмен «отрядты» өткізеді.

Одан кейін екінші «барлаушы» жаңа жол табады және басқа «командир» оны қайталайды.

 

 «Мысық пен тышқан»

Мақсаты: Эмоционалды және бұлшықет ауыртпашылығын алып тастау, қорқынышты жеңу.

 

«Мысық пен тышқан» таңдалып алынады. Қалғандары қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады , бұл – «тышқанның» үйі. «Мысықтың» тапсырмасы - «тышқанды» ұстау. Шеңберде тұрғандар «тышқанды» тығып, «мысықтын» қорғайды.

 

 

Ертегі «Баржа»

 

Ойыншылар қызыл нәрселерді атайды: мысалы, құлпынай, қызанақ және т.б.

Презентация

«Ережесі жоқ ойын»

 

Ойынның тақырыбы «Менің саған сенуіме болады.....»

 

«Кірпі»

Мақсаты: Эмоционалды қолдау, ата – ана мен бала арасында сенімді қарым – қатынас орнату, бір – бірін қабылдау, тығыз қарым – қатынас.

 

Жаттығу жұп болып өткізіледі (ата – ана және бала). Жұптың біреуі «айналып» домалақтанып сол жағдайын  сақтайды. Екіншісінің тапсырмасы – өзара қарым – қатынас орнатып, «кірпі» қашан өзі ашылғысы келетініне жағдай жасап, оның жазылуына жол табу. Күшті қозғалыстар, қытықтау, сөзбен көндіруге тыйым салынады. Одан кейін ойыншылар рөлдерімен ауысады. Жаттығу талқыланумен аяқталады.

 

-         сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

-         көбінесі қай рөл ұнады және неліктен?

-         мұндай жанасуды қайда қолдануға болады?   

 

 

Үй тапсырмасы

Рефлексия «Байланыстыратын жіп»          

«Қоңырау»

 

 

6 – шы сабақ. «Ашу және ыза»     

«Байланыстыратын жіп» 

 

Жаттығудың тақырыбы « Мен ашуланамын, ....»

«Өзіңді елестет ....»

Мақсаты: Жақсы көңіл – күй орнату, топты біріктіру, байқағыштық қабілетін дамыту, ішкі еркіндігін және өзіне сырт көзбен қарау мүмкіндігін арттыру.

 

Ойыншылар үлкен шеңбер құрады. Әр ойыншы кезекпен ортаға шығады (ертегі, әдеби шығармалардағы, қандай да бір кинодағы қаһарманның бейнесін алдын – ала ойластырып қояды, сол қызмет түрін орындайды) және сол атты айтады.

 

Мысалы: «Мен – Золушка», «Мен – Робин Гуд». Содан кейін таңдап алынған персонаждың мінездемелеріне сәйкес қимыл – қозғалыстарды орындайды. Осыдан кейін ойыншы өзінің бұрынғы орынына қайтып барған соң, топтағылар оның атын атайды, қозғалыс манерасын,  шеңбердің ортасына барғанша айтып барады. Солайынан үш рет қайталанады. Кімнің аты аталады сол, бұл процесті сырт көзбен бақылап тұрады.

 

«Атақты Шәкен» еркіндік және жеңіс биі

Мақсаты: Агрессияны алып тастау, кінә сезімі, ішке жиналған ауыртпашылықты, топты біріктіру және өз ойын айту қабілетін дамыту.

 

Бұл көне би, қол ұстасып ойнап жүрген топтағы ойыншылар шеңбердің ортасындағы драконды  «өлтіреді». Осынын арқасында  топтың динамикалық бөлігіндегі ауыртпашылықтан арылады. Ойыншылар өзара  би арқылы бөлінеді. Кінә сезімі күшейіп, агрессия пайда болған жағдайда басқа би түрі ұсынылады. Көңілді музыкамен шеңбер бойынша жүріп, драконды «өлтіргендері» үшін қуанады. Әр қайсысы қуаныш сезімдерін қалай жеткізгісі келсе, солай еркін жеткізеді.

 

Үй тапсырмасын талқылау

 

Ойыншылар сұрақтармен жұмыс жасайды:

-         Сезімді анықтаған кезде қандай қиындықтар туғызды?

-         Балалар өз ойларын үнемі мойындай ма?

-         Сол сәтте сіз олардың сезімін түсінесіз бе?

-         Оның сезімін түсінгеніңізді балаңызға қалай көрсетесіз?

 

«Тартысу»

Мақсаты: Ойын арқылы өзінің ашуын талдап үйренуін дамыту, өз күшін сынау, өзін – өзі бақылауда жаңа жұмыс жасау және ауыртпашылықты жеңу, топтағы қарым – қатынасты кеңейту.

 

Жаттығу жұп болып орындалады (ата – ана ата – аналармен, бала балалармен). Жүргізушінің заңы бойынша, ойыншылар бір – бірін алақандарымен итеріп, жұбын орнынан қозғалтуға тырысады. Ешкім бір – біріне ауыр, шұғыл соққы жасамасын деп, жүргізуші қарап жүреді.

 

Біртіндеп ойынның жаңа нұсқасын жасауға болады. Мысалы, ойыншылар жұптарының қолдарынан ұстап, өзіне қарай тартады.

 

 

«Өз құйрығын тістеген айдаһар»

Мақсаты: Ауыртпашылықты алып тастау, невротикалық жағдайын, қорқынышын жеңу.

 

 

 

Көңілді әуен ойнайды. Балалар ересектермен бірге бір – бірінің иықтарынан ұстап тұрады. Бірінші адама  - «айдаһардың» басы, соңғысы – «айдаһардың құйрығы». «Айдаһардың» басы «құйрығын» ұстауға тырысады, ал ол одан кері айналады.

 

 

Ойыншылар бір – бірін жібермес үшін, жүргізуші бақылап жүруге тиісті.

 

Барлық ойыншылар «айдаһардың» басы және оның «құйрығы» рөлінде болуға  тиісті. Және балалар міндетті түрде «басы» рөлінде, ал ата – аналары – «құйрық» рөлінде болғаны тиіс.

 

«Шеңберді бұзу»

Мақсаты: Эмоционалды ауыртпашылықты жеңу, тиран рөлін ойнауға мүмкіндік, жаман сезімін басу, жаңа тәртіп, әр түрлі жағдайларға топты біріктіріп дамыту.

 

Ойыншылар қолдарынан мықтап ұстап, үлкен бір шеңбер жасап тұрады. Ойыншылардың біреуі шеңбердің сыртында қалып, шеңберді бұзып кіруге тырысады. Қалай оның жолы болса, келесі біреуі шеңбердің сыртына шығуы тиіс. Және ол да шеңберді бұзып кіруге тырысады.

 

Ешкімге ауыр тигізбей, барлығы өз күштерімен шеңберге кіру мүмкіндігін жүргізуші бақылап жүреді. Мұндай жағдайды бала істей алмаса, онда оны міндетті түрде шеңберге кіргізу керек.

 

 

Жаттығуды орындағаннан кейін міндетті түрде талқылау.

-         шеңбердің бір бөлігі болған кезіңізде сіз не сезіндіңіз?

-         шеңберге кіруге ұмтылған кезде не сезіндіңіз?

-         шеңберді бұзып кіргенде қандай сезімде болдыңыз?

-          

Ертегі

«Баржа»

Ойыншылар адамның сезімдері мен уайымдарының барлығын айтады. Мысалы: қуану, ренжу, ашулану, бақыт және т.б.

 

Презентация

«Ережесі жоқ ойын»

Жаттығудың тақырыбы «Мен ашуланамын және тітіркенемін, сен......»

 

Бұл тапсырманы орындаған кезде адал, өз сезімін ашық, өзіне басқа біреудің көзімен қараған маңызды.

 

«Тек қана бірге»

Мақсаты: физикалық қарым – қатынас, бір – бірін сезіну мүмкіндігі, өзара түсіністік пен серіктестікке ұмтылу.

 

Ойыншылар міндетті түрде жұп болып бөлінеді (ата – ана және бала) , бір – біріне арқаларын тигізе тұрып, ақырын, өз жұбының арқасынан  ажырамай, еденге отырып көру және дәл солай тұру.

Жұптарын алмастырған жөн: бала – бала, ата – ана мен ата – аналар.

 

Ойыннан кейін талқылау.

-         Барлығынан кіммен бірге тұрған және отырған оңай болды?

-         Бұл жаттығудың ең қиыны не болды?

 

Үй тапсырмасы (қосымша 6)

Рефлексия

«Қоңырау»

 

7 – ші сабақ «Ашық ауа райы»

«Байланыстыратын жіп»

Тақырыбы «Мен қорқамын....»

«Шеңбер бойынша жалғастыр .....»

Мақсаты: Шаттану, таңқалу, эмоция, әр түрлі жағдайларды қабылдау, шығармашылық қиялын дамыту, өз ойын жеткізе білу қабілеті, топты біріктіру, жақсы көңіл – күй орнату.

 

Топ шеңбер жасайды. Ойыншылар қандай да бір «құпия» затты суреттеп, шеңбер бойынша жалғастырады. Міндетті түрде сол образды орындап жеткізу. Барлығына бірдей айналып шыққаннан кейін, ойыншылар қандай зат болғанын табады. Не нәрсені болсын жалғастыруға болады: доп, балмұздақ, мысық, және т.б.

 

«Соқыр биі»

Мақсаты: Қорқынышты басу, өзін – өзі бақылау дағдысын дамыту, басқа адамдарға деген сенімділікті арттыру.

 

Жұп биі. Жұптардың біреуі «соқыр» болады, оның көзін байлап қояды. Екіншісінің көзі «ашық» және ол «соқырды» алып жүреді. Жұптар бір – бірінің қолдарынан ұстап, жеңіл әуеннің ырғағымен билейді. (2 -3 минут). Содан кейін рөлдерімен ауысады.

 

Жаттығу орындалып болғаннан кейін міндетті түрде талқылау:

-         Сіздің көзіңіз байлаулы болған кезде, жұбыңызбен бірге өзіңізді сенімді сезіне алдыңыз ба?

-         Қалай билеген көбірек ұнады, ашық немесе жабық көзіңізбен? Неге?

 

Үй тапсырмасын талқылау

Жүргізуші қорқынышты үйді құлыптап жабуды өтінеді. Оны балалардың өздері салған, ал кілтті лақтырып жіберу немесе жоғалтып, сөйтіп маңызды қорқыныштарынан аздап болсын тыншталу.

 

Суретті талқылау.

«Доп ойыны»

Мақсаты: тежелуді басу, қорқыныш, бөгелу, өзіне деген сенбеушілікті жою, ұялшақ  және отбасындағы рөлін анықтау.

 

Алдын – ала ойын алаңы ұйымдастырылып қояды (көбіне кілем), кубиктар мен орындықтар шашыратылып орналасқан және олардың арасында жол қалдырылған. Ойында жалмауыз кемпір болады, оның тапсырмасы кез –келген біреуді ұстап алу. Кімді ұстаса сол қатты айқайлайды: Ой! Ай! А – а – а! және енді сол жұмысты атқарады.

 

Ойында эмоционалды қызу қорқыныш тудырады: «Осыдан қолыма түс!», «Көреміз!», «Ұста оны!», «Ұстап аламын да жеймін!», «А, ұсталдың ба!». Қашып жүргендер айғайлап жауап қайтарады: «Ұстай алмайсын!», жалмауыз кемпір ашуланады. Үлкендер мен балалар арасындағы қарым – қатынас, қорқыныш пен тітіркену екі жақты алмасады.

 

«Кеме»

Мақсаты: Қорқынышты жеңу, өз – өзіне деген сенімділігін жоғарылату.

 

Міндетті түрде кішкентай көрпе – бұл кеменің әдемі желкені. Ойыншылар – матрос. Бір бала – капитан. Капитан өз кемесін жақсы көреді және матростарына сенеді. Капитанның тапсырмасы – кемені назарда ұстау. Мүмкін қатты тербеліс бола қалса, ол әскерлеріне бұйрық беруі тиіс: «Зәкірді таста!», немесе «Машинаны тоқтат!», не «Барлығын жоғарыға!» дейді. Өйткені, кеме мен әскерді құтқарып қалу үшін. Одан кейін әскерлер желкеннің шетінен ұстап, кемені ақырындап қозғалта бастайды. Жүргізушінің бұйрығымен: «Дауыл!» тербеліс күшейіп барады. Капитанға оның тапсырмасын еске түсіреді. Қатты дауыстап бұйрық бергеннен кейін, кеме тыныш енді жерге түсуге болады дейді. Барлығы капитанның қолын қысып, оны  мақтайды.

 

Ертегі

«Баржа»

Ойыншылар барлық тәттілерді атайды: Мысалы, конфет, күлкі, түс және т.б.

 

Презентация

«Ережесі жоқ ойын»

 

Тақырып «Саған ескертіп қояйын ....» (бөтен адаммен сөйлеспе, тамақ ішер алдында қолынды жу және т.б.).

 

Балалар үлкендер позициясында болуға мүмкіндік алады. Білгіш адам ретінде ата – аналарына кез – келген нәрседен аулақ жүруді үйретеді. Бұл рөлді өзіне қолданады, ал ата – аналары қамқорлық рөлінде. Мұнда ашық айтуы мүмкін: анам (әкем) ол да нәзік, оны аялауымыз керек......

 

«Жанды қолдар»

Мақсаты: ата – аналар мен бала арасындағы эмоционалды және физикалық қарым – қатынасты дамыту, бір – бірін қабылдау, жақсы тәрбие қалыптастыру.

 

Жаттығу жұп болып жүргізіледі (ата – ана және бала). Ойыншылардың көздерін байлайды, тек қана қолдарымен жұмыс жасайды.Олар «танысады», «төбелеседі», «достасады», кешіреді «кешіреді».

 

Ойыннан кейін міндетті түрде ойыншылармен оның жүрісін талқылау не сезінгендерін, әр түрлі этаптарда не істегісі келгендерін сұрау және т.б.

 

 

Үй тапсырмасы

Рефлексия «Байланыстыратын жіп»

«Қоңырау»

 

8 – ші сабақ «Жер өмірі»

«Байланыстыратын жіп»

Тақырыбы «Мен қалаймын, барлығы.....»

 

«Мейірімді жануарлар»

Мақсаты: Жақсы көңіл – күй орнату, топты біріктіру, топқа деген сезімін арттыру, бір – бірімен араласа отырып жұмыс жасауын қалыптастыру.

 

Барлық ойыншылар бір – бірінің артына тұрады. Олар үлкен мейірімді жануар. Жүргізуші барлығына бірге жүруін, ұшуын, секіру, демалу және т.б. өтінеді. Жаттығудан кейін ойыншылар өз сезімдерін айтады.

 

«Қарама – қарсылық » биі

Мақсаты: қарама – қарсы эмоциямен жұмыс жасау, мәнерлі қозғалысын дамыту, қиял, өз ойын жеткізу қабілетін арттыру.

 

Жұп болып билейміз. Ойыншылардың біреуі – көңілсіз биді билейді, ал қалғандары – көңілді. Басқа сезім бөліктерін ұсынуға болады: ашуланшақ – салмақты, ренжулі – көңілді, қорқақ – батыл, сенімсіз – сенімді және т.б.

1 – 2 минут сайын ойыншылар рөлдерімен ауысады.

 

Суретті көрсетіп, үй тапсырмасын талқылау.

 

«Өз жұбынды тап»

Мақсаты: Эмоционалды ауыртпашылықты алып тастау, сөйлеу тәртібін, назарын дамыту (мимика, пантомимика).

 

Жүргізуші жануардың аттары жазылған карточканы таратады. (бұл аттар екі карточкада қайталанады). Карточканы кім алады сондағы жазуды тек өзі көруге тиіс. Тапсырма – әркім өз жұбын табуы керек. Мұнда жақсы сөздерді қолдануға болады. Бірақ, жануардың дыбысын, соған сәйкес мінезін айтуға тыйым салынады. Осыдан кейін ойыншылар өз жұптарын тапқаннан соң, соның қасында отырады және сөйлемеу керек. Тек қана барлық жұп анықталғаннан кейін, «жануар» сәйкес келді ме соны тексереді.

 

«Ақ аюлар» (3 – ші сабаққа қарау)

 

«Жануар болып ойнайық»

Мақсаты: Назарын жаттықтыру, есте сақтауын, сөйлеуін, қарым – қатынас дағдысын, жақсы жақтарын дамыту.

 

Ойыншылар шеңбер болып отырады, әр қайсысы өзіне жануар кейіпкерін және оны қандай ымның көмегімен бейнелейтінің таңдайды. Ойын тыныш өтеді. Әр қайсысының тапсырмасы барлық кейіпкердің ымын есте сақтау, бір ойыншыдан басқасына көшкен кезде ымды бақылап отыру. Ымды алған ойыншы оны бір рет қайталап, ойыншыға көрсетеді яғни ол келесі ойыншыға жүрісті береді.

 

Ертегі

«Жыртқыш, құс, болмаған нәрсе»

Мақсаты: Назарын, ойлау икемділігі мен жылдамдылығын, есте сақтау, қиялын дамыту. Эмоционалды ауыртпашылықты жеңу.

 

Ойыншылар жартылай шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші, кімге доп түссе сол допты лақтыру арқылы жыртқыш, құс немесе қандай да бір болмаған нәрсені атауды өтінеді. (мысалы, жыртқыш – аю, сауысқан – құс және т.б.) Содан кейін доп қайтадан жүргізушіге оралады.

 

Презентация

«Ережесі жоқ ойын»

 

Ойыншылар өз тілектерін айтады: «Былай болса...» (көрінбейтін, сиқырлы таяқшаны тапса, ешкім ауырмаса, сен әрқашан жас болсаң және т.б.).

 

«Сібірлік егіздер»

Мақсаты: Қызметті хабарлау дағдысын дамыту, басқа біреудің ойын түсінуін үйрету, жақсы қарым – қатынас орнату.

 

 

 

Жаттығу жұп болып орындалады (ата – ана және бала). Әр жұпқа бинттың бір қорабы, жұқа орамал, қағаз қажет. Ойыншылар бинтпен сол жақта отырған ойыншының оң қолын, өзінің сол қолымен біріктіріп байлайды. Олардың байланған қолдарына қалам беріп, бірігіп бір сурет салуларын өтінеді. Тәртібі: тек байланған қолмен сурет салу.

 

Ойыншыларға бір – бірімен сөйлесуге рұқсат етіледі. Өйткені олар қандай сурет салатындарын  ақылдасып шешеді. Бір ойыншының көзін байлап тапсырманы қиындатуға болады.

 

Ойыннан кейін талқылау жүреді:

-         бәрінен де не қиын болды?

-         өздерін салған сурет ұнады ма?

-         серіктес үшін не қажет?

 

Үй тапсырмасы (қосымша 8)

Рефлексия «Байланыстыратын жіп»

«Қоңырау»

 

 

9 – шы сабақ «Өзіңді бақытты қыл!»

«Байланыстыратын жіп»

Тақырыбы «Мен армандаймын....»

«Мақтау»

Мақсаты: Жақсы көңіл – күй орнату, адамдардың жақсы қасиетін байқауды үйрену және соны оларға айту, жақсыны көруді дамыту.

 

Сұрақтың көмегімен алдын – ала әңгімелесу: Мақтау деген не?

 

Ойыншылар қолдарынан ұстап, шеңбер жасайды. Әр ойыншы шеңбер бойымен бір – біріне мақтау сөз айтады.

 

Би «Бүршік атқан гүл түйнегі»

Мақсаты: Белсенді қызмет, жақсы көңіл – күй орнату, басқалармен қарым – қатынасты үйлестіруді дамыту.

 

Топтағылар қолдарынан ұстап, еденге отырады. Бір уақытта қолдарынан жібермей бірдей тербелуге, тұруға тиіс. Одан кейін «гүл» ашыла бастайды және желмен бірге тербеледі.

 

Үй тапсырмасын талқылау

 

Ойыншылар екі топқа бөлінеді: ата – ана және бала. Әр топ өз ережелерінің тізімін құрады. Топ тізімді дайындап болғаннан кейін, (балаларға жүргізуші көмектеседі) ата – аналар мен балалар кезекпен бір – біріне жариялайды. Әр жақ қандайда бір ережені алып тастауға немесе оны өзгертулеріне мүмкіндіктері бар. Жүргізуші, бақылап отырады, екі жақтың қабылдаған ережелерін жазып оырады.

 

«Театр»

Мақсаты: сөйлеуін, коммуникативті мүмкіншіліктерін дамыту және қорқыныш, үрейдімалып тастау.

 

Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Олар мимика және ымның көмегі арқылы өмірдегі қандай да бір жағдайды бейнелеу тапсырмасын алады. («Тіс дәрігерінде», «Мектпетегі бақылау жұмысы», «көрермендер») Бастықтары не көрсеткелі тұрғандарын олар табу керек.

 

Топтағы ойыншылардың таңдауы бойынша қозғалмалы ойын.

 

Шатастырғыш

Мақсаты: Жақсы көңіл – күй орнату, өзін – өзі бағалауын жоғарылату, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

 

Жүргізуші таңдалады. Қалған ойыншылар шеңбер жасап тұрады. Бір – бірінің қолын тартады, бір қадам алға жасайды  және  қолдарына түскенді әдейі тартады.

 

Ертегі

«Зат - түсі»

Мақсаты: Назарды дамыту, қоғамдағы қарым – қатынас, ойлау жылдамдығын арттыру. Өзіне деген сенімсіздігін жою.

 

Ойыншылар шеңбер болып тұрады. Доптың көмегі арқылы жүріс бір ойыншыдан екіншісіне өтеді. Жүргізуші бір түсті айтып, допты лақтыру арқылы жүрісті береді. Доп кімге барса, сол кез – келген түске байланысты затты айтып, келесі біреуден түсін сұрап жүрісті жалғастырады.

 

Презентация

«Ережесі жоқ ойын»

 

Тақырыбы «Мен сенің қандай болатыныңды айтайын ба....»  (10 жылдан кейін, бір жылдан соң, бір күннен кейін – әдемі, өз – өзіне сенімді, ашық боласын және сенің жақсы достарын көп болады және т.б.)

 

Ата – аналар өздерінің балаларына жақсы өмірлік сценариді жоспарлауға қорықпасын.

 

«Мүсінші мен саз балшық»

Мақсаты: Тығыз қарым – қатынас, өзара түсіністік, өз ойын шығармашылық қабілетін арттыру.

 

Жаттығу жұп болып орындалады (ата – ана мен бала). Бала – «саз балшық», ата – ана – «мүсінші». «Мүсіншінің»  тапсырмасы -  «саз балшықтан» жақсы мүсін жасау. «Мүсінші» өзі біледі, «мүсін» қалай көрінеді, басын қалай қояды, қандай қалыпта тұрады. Жұмыс аяқталғаннан кейін, барлығы «мүсінге» қарайды және «мүсінші» не жасағаның табуға тырысады.

 

Жаттығудан кейін талқылау жүреді:

-         не сезіндіңіз?

-         саған жасаған форма ұнады ма?

 

Үй тапсырмасы

Жүргізуші алдыңғы сабақтарда ойнап кеткен ойындардың қайсысын соңғы сабақта ойнауды ойланып келулеріне өтінеді.

 

Рефлексия «Байланыстыратын жіп»

«Қоңырау»

 

 

10 – шы сабақ  «Барлығымыз бірге!»

«Байланыстыратын жіп»

Тақырыбы  «Мен барлығына тілеймін ......»

Үй тапсырмасын талқылау

 

Талқылауды жүргізу кезінде алдында ойналып кеткен, өздеріне көбірек ұнаған 5 – 6 ойын таңдалып алынады. Дәл солай ұнаған билерін де таңдап алады.

 

«Сурет - сыйлығы»

 

Әр ойыншы қандай да бір «сыйлықтың» суретін салады. Осыдан кейін бір – біріне «сыйлықты» табыстайды және ешқандай ойыншы құр қол қалып қалмауы керек.

 

«Ортақ сурет»

 

Барлығы топ болып бірігіп үлкен қағазға бір сурет салады. Мысалы: «Өмірде жоқ жануар».

 

Қорытынды шығару

Ата – аналарға сұрақ:

-         сіздердің қарым – қатынастарыңыз өзгерді ме?

-         Балаңыздың тәртібінен өзгеріс байқадыңыз ба?

-         Мұндай жұмыста сізге ең қажетті және пайдалы не болып көрінді?

-         Тренингтің жүру барысында сіз өзіңізге не алдыңыз?

Балаларға сұрақ:

-         Сабақтан алған әсерлерінді бірнеше сөзбен айтып жеткізіп көріңдер.

-         Сабақта көбіне не ұнады?

-         Осы уақыт аралығында  ата – аналарыңның тәртібінен өзгеріс байқадыңдар ма?

 

Ортақ сұрақ:

Сіз өз – өзіңізге және бір – бірлеріңізге не тіледіңіздер?

 

Шай ішу

«Қоңырау»

 

Қосымша 1

1 тапсырма бойынша үй тапсырмасы

 

Сұрақтарға жауап беруіңізді өтінемін:

1.Сенің жақсы көретін түсін қандай және неліктен? Ұнатпайтын түсін қандай және неліктен?

2.Жақсы көретін және ұнамайтын ертегіңді ата?

3.Басқа адамдардың көбінесе мынандай қасиеттері ұнайды,...... ал ұнамайды.

4.Егер менде басқа біреу болатындай қиял мүмкіншіліктерім болса, бір күнде болар едім..... неліктен?

5.Мейірімді сиқыршыдан мен сұрар едім.......неліктен?

 

 

Қосымша 2

2 сабақтың үй тапсырмасы

Анкетаны толтырыңыз

 

Баламдағы мені ренжітетіні

1.      ------------------------

2.     -------------------------

3.     -------------------------

 

Баламдағы мені қуантатыны

1.     -------------------------

2.     -------------------------

3.     -------------------------

 

Қосымша 3

3 сабақтың үй тапсырмасы

 

Ата – аналарға. Сізді таңқалдырған немесе сіз күтпеген балаңыздың 10 қылығын атап шығыңыз.

Енді балаңыздың тәртібіндегі әр қылығынан сізді қуантатын, таңқадыратын, жаныңызға жағымды жақтарын табуға тырысыңыз. Қандай жағдай болмасын, балаңыздың тәртібі оның жеке қасиетін мінездейтінің анықтаңыз. Әр жасаған қылықтарынан сізге айтарлықтай жағын табыңыз: «Мен түсінемін неге ол солай жасағанын!».

 

Балаларға. Сендерді таңқалдырған және күтпеген ата – аналарыңнын 10 қылықтарын атап шығыңдыр.

 

Қосымша 4

4 сабақтың үй тапсырмасы

Ата – аналарға

-         Егер мен бар жоғы 5 жаста болсам, мен не істер едім?

-         Егер мен аздаған ғажайып жасайтын болсам, мен не істер едім?

 

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, өзіңізді шектемеңіз,жауаптар күтпеген, таңқаларлық болсын. Бұл ойлар мен қылықтардың басқаларға кесірі тимеуі тиіс және олар үлкен бақытқа еркіндікті сезінуге арналсын.

 

Қосымша 5

5 сабақтың үй тапсырмасы

 

Таблицаның 2 бөлігін толтырыңыз.Балаңыз не сезінеді, қашан сөйлем мүшелерін қолданып сөйлейтінін анықтап алыңыз.

 

Бала сөйлейді

Бала сезінеді

1.

1.

 

 

Мысалы бала айтады: «Қандай қателік екенін білмеймін! Мен бұл тапсырманы шеше алмаймын. Маған енді қайтадан шешіп көру керек емес шығар?»

 

Бала сезінеді:

А) өзін ақымақ..........

Б) ...............есі шыққан

В) тапсырманы орындамау көңіл – күйін кешеді.

 

Бала айтады:

1.     Әке, қарашы жаңа құралдармен мен қандай самолет жасадым.

2.     Ал, маған мүлдем қызықсыз! Менің еш нәрсе істегім келмейді.

3.     Мен ешқашан Даурен сияқты бола алмаймын. Мен қанша жаттықтым, бірақ ол бәрі бір меннен де артық жасайды.

4.     Біздің жаңа мұғалім үйге көп тапсырма береді. Мен барлық тапсырманы орындй алмаймын! Не істесем екен?

5.     Мен Данамен олай жасамауым керек еді. Мен жаман істедім.

6.     Мен ұзын шашыммен жүргім келеді – бұл менің шашым емес пе, солай ғой?

7.     Сен қалай ойлайсың, мен бұл шығарманы жақсы жаздым ба? Шын мәнінде жаман емес.

8.     Сабақтан кейін ол мені қалдырды? Жалғыз мен сөйлеген жоқпын. Оның мектепте ендігі әрі болмағаның қалай қалар едім.

9.     Мен өзім де бұны істей аламын. Маған көмектесудің керегі жоқ. Мен енді жеткілікті есейдім.

10. Кетші, мені жалғыз қалдыр. Менің ешкіммен сөйлескім келмейді, сенімен де басқамен де! Менімен не болатыны саған бәрі бір ме?

11. Мен жақсы болсын деп қаншама тырыстым, бірақ ештеңе болған жоқ, ал керісінше бәрі жаман болды. Мен қанша тырыстым, бірақ бәрі – бір көмектеспеді. Мұндай тырысудың қандай көмегі бар?

12. Мен басқа адамдардың емес, сенің және әкемнің қызы болғаныма өте қуаныштымын.

 

Қосымша 6

6 сабақтың үй тапсырмасы

 

Ата – аналарға:

- Қорқатын нәрселеріңіздің барлығын атап шығыңыз.

 

Балаларға: (ата – аналарының көмегімен орындалады)

- Міндетті түрде қағазға екі үй салу тиіс: қызыл – қорқынышты емес үй, қара – қорқынышты. Осы үйлерге 29 қорқынышты орналастыру.

 

 

Қорқыныш:

Сен қорқасын ба?

1.     Жалғыз қалғанда;

2.     Қарақшылар кездескенде;

3.     Ауырғанда;

4.     Өлімнен;

5.     Ата – аналарым өледі дегеннен;

6.     Қандай да адамдардан;

7.     Анамды немесе әкемді жоғалтып алудан;

8.     Олар сені жазалайтынынан,

9.     Жалмауыздан, қаңқалардан және т.б.

10. Мектепке, бала – бақшаға кешігіп қалудан;

11. Ұйықтар алдында;

12. Қорқынышты түстерден;

13. Қараңғыдан;

14. Қасқыр, аю, ит, өрмекші, жылан

15. Машина, поезд, самолет;

16. Дауыл, жел, суық, жер сілкінісінен;

17. Өте биіктен;

18. Өте тереңнен;

19. Өте кішкентай, қараңғы бөлмеде қалуда

20. Судан;

21. Оттан;

22. Өрттен;

23. Соғыстан;

24. Үлкен ауладын;

25. Дәрігерден;

26. Қаннан;

27. Уколдан;

28. Ауырудан;

29. Күтпеген тез дыбыстан.

 

 

Қосымша 7

7 сабақтың үй тапсырмасы

Ата – аналарға. Өзіңіз және балаңыз үшін сұрақтарға жауап беріңіз.

Балаларға.

Жауаптарды салыстырыңдыр.

-         Қандай жануар ұнайды және неге?

-         Қандай жануар ұнамайды және неге?

-         Сиқыршы мені және отбасымды қандай жануарға айналдырса екен дейсің? Неге?

 

 

Өз отбасынды жануарлар бейнесінде сал.

 

Қосымша 8

8 сабақтың үй тапсырмасы

Өз құқықтарыңның тізімін жасау.

Таблицаны ата – аналар мен балалар толтырады.

 

Ата – аналар құқығы

Балалар құқығы

1.

1.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Оқушылар арсындағы қарым - қатынасты дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 185 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2018 2679
    • DOCX 53.3 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бектурганова Асель Мамырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9183
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь детям с антивитальными переживаниями и самоповреждающим поведением методом когнитивно-поведенческой терапии

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 138 человек

Курс повышения квалификации

Расстройство пищевого поведения у детей разного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Курс повышения квалификации

Творческие ментальные состояния

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 91 человек

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек