Инфоурок Школьному психологу Научные работы"Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолы" (Курстық жұмыс)

"Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолы" (Курстық жұмыс)

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Копия (2) феру курс жум.doc

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институты

Педагогика және филология факультет

Педагогика және психология кафедрасы

                                                  

«Қорғауға жіберілді»

____педагогика және психология

кафедрасының меңгерушісі, доциент

Ахметова П.Ә. Хаттама  №____

«_____» ____________ 2012ж

 

Курстық жұмыс

 

 

Тақырыбы: Оқущылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолы

 

 

 

 

Орындаған: 5В010300-«Педагогика және психология» мамандығының                      студенті Шынболат Ф. Р.

 

 

Ғылыми жетекші: Бижанова Ғ.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арқалық қ., 2012ж.

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................................4

 

I. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Ұжымның даму кезеңдері және ерекшеліктері..........................................................6

1.2 Оқыту процесінде  ұжымдық іс-әрекет жолдарын қалыптастыру маңызы....................................................................................................................10

 

II.ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Оқыту процесінде ұжымдық технологиясы.......................................17

2.2 Оқыту процесіндегі оқушыларды ұжымын нығайту жолдары................................................................................................... .....................22

 

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................................29

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолы" (Курстық жұмыс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Копия феру курс жум.doc

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда біздің мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі: берік, бірауызды ұжымды құру болып табылады.

Латынның "коллектив" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым - бұл адамдар тобы. Бірақ кез-келген топ ұжым ба? Қазіргі әдебиетте "ұжым" түсінігінің екі мәні қолданылады. Бірінші: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. "Ұжым" педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар.

 Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.

Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.

Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан айрылады.

Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.

Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның көпшілік беделін мойындаумен ерекшеленеді. Бұл жүйе обьективті және субъективті қарама-қайшылықтарды жеңе алатын, өз міндеттерін білетін ұжымның әрбір  мүшесінде айқын көзжарастар бағытын қалыптастырады.

 Мектеп ұжымы құрылымының негізін де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы.Осы сыныптық; ұжымда оқушылар арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.

Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы (ынтасы) - ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат - қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.

Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс перспективалар.

Жақын перспектива — ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.

Орташа перспектива — уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.

Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.

Мұңдай перспектавада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген  ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет.

 

Зерттеу мақсаты: тұлғаны ұжымда тәрбиелеу жолдарын теориялық негіздеп, әдістерін ұсыну.

 

Зерттеу міндеті: тұлғаны ұжымға бейімдеу жолдарын анықтау, оқушылар ұжымын нығайту ерекшелігін анықтау.

 

Зерттеу объектісі: тұлғаны ұжымдастыру.

 

Зерттеудің болжамы: егер сынып жетекші оқушылармен топтық формада үнемі іс-шараларды ұйымдастырып отырса, онда жеке тұлғаның ұжымда қалыптасуына мүмкіндік болар еді, өйткені жеке тұлғаны ұйымдастыру мұғалім алдындағы басты міндет.

 

Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пйдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


I. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЖЫМ ТЕОРИЯСЫ

1.1 Ұжымның даму кезеңдері, ерекшелігі

 

Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенің педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Н. К. Крупская, П. Н. Лепешинский, В. И. Сорока-Росинский, С. Т. Шацкий және т.б өз үлестерін қосты.

Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А. С. Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты белгілерін нақты тұжырымдап берді: ұжым-басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.

Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан(сыныптардан) тұрады. Осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсендіруге жағдайжасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л. И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т. Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершіліік дамуымен байланыстырады. Р. С. Немов, А. Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән берді.

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетінде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді меңгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.  

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.

Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс.
Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.       ,

Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.

Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:

  Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;

  Ұжым іс-әрекетінің дамуы.

  Жеке адам арасындағы қарым-қатынас, іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы.

  Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуі.

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б.

Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.

Ұжымның бұл даму кезеңінде қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең - белсенді топтың және үжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдың өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдың пікір пайдаланылады.

Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдың, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын түру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.

Ұжым қоғамдың пікірмен сипатталады. Қоғамдың пікір -бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді  немесе теріске шығарады. Демек, ұжымдың талқылау, бағалау жариялылық, әрекеттілігі — қоғамдың пікірдің негізгі ерекшелігі

Оқушылар ұжымын нығайтуға педагогикалық жетекшілік

Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педаготар жетекшілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.

Мұндай әсердің маңызды шарты - үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:

1)  Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді бірлікті (комплексті) пайдалану;

2) Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және жан-жақты көмегі;

3)          Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдамлар тудыру;

4)         Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;

5)         Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.

Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек:

1. Педагогикалық жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына,тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;

2.   Ұжым - динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және кемелденеді. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті.

3. Сынып жетекшісі ұжым тәрбиесіңде мұғалімдер тобына, сынып ұйымына сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жогары жетістіктерді көздеуі лазым.

4.   Формализм - тәрбиенің қас жауы;

5.   Жетекшіліктің жақсы көрсеткіші — сынып өміріндегі маңызды мәселелерге  ортақ ұжымдық пікірдің болуы;

6.   Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау  тәрбиені дамыту;

7.   Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу:

1) Жекеше қарым-қатынас жасау;

2)    Бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту;

3)     Әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатыннас жасау;

8)Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;

9. Ұжымдағы қатынастың етіп жатқан жағдайына белсене араласу;

10.Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;

11. Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс~әрекет түрлерімен олардың қалпын өзгертуді әр кез естен шығармау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Оқыту процесінде  ұжымдық іс-әрекет жолдарын қалыптастыру маңызы

 

  Педагогика ғылымы іс-әрекетті адамның қоршаған ортаға белсенді қарым-қатынасының және жеке тұлғаны тәрбиелеудің, жан-жақты дамытудың маңызды формасы ретінде қарастырады. Педагогикалық мақсатты іс-әрекет үрдісінде қажеттіліктер, бейімділіктер, сезімдер, мотивтер іске асады және жетіледі, білім меңгеріп, әлеуметтік тәжірибе игеріледі, жалпы және арнаулы қабілеттер пайда болып тереңдейді, ұжымда өмір сүріп жұмыс атқару біліктері қалыптасады. Іс-әрекет оқушының жеке тұлғалық қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.

Іс-әрекеттің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жас мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынған мақсат, мазмұны және ұйымдастырудан көрінеді.

Педагогика мен психология ғылымында және мектеп тәжірибесінде іс-әрекеттің негізгі үш түрі аталады: оқу-танымдық, еңбек, ойын. Бұдан басқа оқушылардың қарым-қатынасына үлкен көңіл бөлінеді. Себебі, ол кез келген іс-әрекеттің белгісі, кейде өзінше дербес іс-әрекет.

Іс-әрекеттің орны, ұйымдастырылуы және өткізу уақытына байланысты оқу, оқудан тыс, сыныптан тыс ұғымдары да қолданылады. Оқушылардың әрекеттерінің мазмұнына және бағыттылығына сәйкес еңбек, қоғамдық пайдалы, спорт, өлкетану, көркемдік іс-әрекеттерін бөліп айтуға болады.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті еңбекке және қоғамдық өмірге белсенді араласу үшін қажетті білім, білік, дағдыларды және әлеуметтік тәжірибені жүйелі меңгеру үрдісінде көрінеді. Оқыту өзінің міндеттеріне сәйкес дамытушы және тәрбиелеуші сипатқа ие.

Бұл үшін білім мазмұны жетілдіріледі, әр турлі тәсілдер мен әдістер, оқу үрдісін ұйымдастыру амалдары қолданылады, бұлардың мақсаты - оқушыны оқытудың белсенді мүшесі - субъекті ету. Бұл ретте білім беру мен тәрбиелеудің көптеген өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызатын ұжым-дық оқу-танымдық Іс-әрекеттің рөлі ерекше.

Оқытуды мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеті деп тану балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне, дамуына әсер етпейді деген түсінік тудырмайды. Керісінше еңбек пен ойынның мектептегі оқу кезеңінде үлкен маңызы бар. Оқу іс-әрекеттің барлық түрлерінің басын қосады.

Оқушылардың  ұжымдық  оқу-танымдық  іс-әрекетін  ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас ерекше маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған іскерлік қарым-қатынас ұжымдағы адамгершілік ахуапды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді.

   Н.Крупская жеке тұлғаның қалыптасуындағы, ұжымның ынтымақтасып дамуындағы ұжымдық іс-әрекеттің маңызына тоқтай келе "Ұжымдық жүмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Ұжымдық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар" дегені белгілі.

Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс саналуан әрекеттері, әлбетте, ұжымда өтеді. Бұлар сынып және пәндік үйірме, оқушылар бригадасы және әуесқсжлар клубы, спорттық секциялар мен көркемөнерпаздар үйірмесі болуы мүмкін.

Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру олардың оқу және оқудан тыс жұмыстарын жақындастырады, ұжымдық қарым-қатынастың дамуын ынталандырады, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге жұмылдырады.

Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің құрылымы мына бөліктерді қамтиды:

-  іс-әрекеттің мақсаты - не үшін қолданылады, соңғы нәтижесі қандай болу керек;

-  іс-әрекеттің мазмұны - негізгі пәндік бағыттары;

-  іс-әрекеттің маңызы - әлеуметтік пайдалы бағыттылығы және мотивтері,жеке тұлғаның және ұжымның дамуындағы маңызы;

-  іс-әрекетті   ұйымдастыру - ұйымдастыру формасы, уақытты бөлу, іс-әрекет үрдісінің бірізділігі, мерзімін белгілеу;

-  іс-әрекеттің технологиясы - тиімді тәсілдерді таңдау, нақтылы білім, білік,дағдыларды меңгеруге қажетті құралдар;

-  іс-әрекеттің қарқындылығы, көлемі,  ұзындығының оқушылардың   жас мүмкіншілігі мен педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;

-  іс-әрекеттің қарым-қатынастығы (коммукативность) - қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін байланыстырудың, қатынастардың, тәуелділіктердің сипаты;

-  іс-әрекетті бақылау - критериилерге сипаттама, ұжымның қалыптасуының нәтижесі, белгілі біліктердің, білім сапасының меңгерілуі.

-   Ұжымдық іс әрекет үрдісінің тиімділігінің міндетті шарты - оны басқара білу. Басқару циклі үшкезеңнен турады: жоспарлау, талқылау (орындалуы), қорытынды (ұжымдық іс-әрекетті бағалау).

Оқытудың тәрбиеленуші функциясы оқу үрдісінің ұйымдастыру формала-рын түрақты жетілдіріп отыруды талап етеді. Әрбір оқушыға дербес тіл табу -оқытудың маңызды ұстанымдарының бірі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің ұжымдық формаларын дамыту әрбір оқушының жақсы оқып жан-жақты дамуына тиімді жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Даралап оқытуды оқытудың ұжымдық формаларына қарсы қоймай, олардың өзара әрекеттестігін тиімді сәйкестендірудің жолдарын іздестіру қажет.

Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақтық жүйе. Оның бірқатар педагогикалық артықшылығы бар: педагогикалық урдістің реттілігін, ұйымдастыру дәлдігін, оқытудың жүйелік сипатын, мұғалімнің оқушылар ұжымына тұрақты идеялық-эмоциялық әсерін, ұжымдасып білім алуды қамтамасыз етеді. Мұның барлығы жалпыға міндетгі білім беруде сыныптық-сабақтық жүйенің өзін-өзі ақтағандығын, оны қастерлеүдің керектігін көрсетеді.

Сонымен бірге сыныптық-сабақтық жүйенің алдымызға қойып отырған жаңа оқу-тәрбиелік міндеттерді орындауға кедергі жасайтын кемшіліктері де бар. Салмақты кемшіліктердің бірі ~ теңестіру тұрғысынан қарау, "орташа" оқушыға теңелу. Бұдан нашар оқитын оқушы да, жақсы оқитын оқушы да азап шегеді. Нашар оқитындар сыныптың алға жүруіне ілесе алмаса, ал күшті оқитындар өз мүмкіндіктерін көрсете алмай зеріге бастайды.

Екінші кемшілік - алғашқы сыныптардан кейінгіге дейін сабақ құрылымдарының бір үлгіде болуы. Бұл оқушыларды қанағаттандырмайды. Үшінші кемші-лік - оқыту үрдісіі барысында оқушылардың арасында ұйымдастырылған қарым-қатынастың жоқтығы. Төртінші кемшілік - оқушылардың дара оқу жұмыстарының басымдылығы, ұжымдық жұмыс формаларының нашар дамуы.

Жалпы мақсат болғанмен, ұжымдық жұмыс көрінбейді. Жан-жақты (фронталдық) жұмыстарда оқушылар бірге емес қатар әрекет етеді, әркім өзінше диктант жазады, есеп шығарады, мұғалімді тыңдайды. Оқушылардың негізгі іоәрекеті оқытуда ұжымшылдықтың элементтері аз көрінеді.

Оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын оятпай тұрып, әрбір оқушының шығармашылығын дамыту мен өздігінен білім алуға үйретуді іске асыс мүмкін емес.

Оқуға мотивтерін қалыптастыру жолдарының маңыздыларының бірі - оку-танымдық міндеттерді шешу барысында ұжымдық іс-әрекет формапарын ұйымдастыруды қолдану. Бірігіп еңбек ету және жолдастық өзара көмек жағымды эмоциялық ахуал тудырады, білімге деген құмарлықтың дамуына, таным үрдісінің нәтижелі болуына әсер етеді.

Ұжымдық оқу әрекеттерінің кейбір элементері: жолдасының жауабын толықтырады, әңгіме, пікірталастарда талқылауға көпшілік қатысады, шешіміи ұжымдасып іздейді, шағын топтармен орындаған жұмыстардың қорытынды-сын шығарып бағалайды.

Өзара оқыту идеясы ұжымшылдыққа баулиды. Мұнда ұжымның әрбір мүшесі бірін-бірі оқытады. Бұл туралы Я. Коменский "Ұлы дидактикасында "Басқаларды оқытатын адам өзінің білімін тереңдетеді, бекітеді" деп көрсеткен. Бұл идеяны Н.Крупская да қызу қолдап "Балалардың өзін оқытушылыққа тартудың үлкен тәрбиелік маңызы бар... бала өзінің білімін тексеріп, толықтырып отыруға мәжбүр болады, оларда ұстамдылық, шыдамдылық, жолдастарының жетістіктеріне деген қызығушылық тәрбиеленеді" деп жазады.

Шағын топтарда дербес жұмыстарды ұйымдастыру (еңбекті бөлісу) ұжымдық іс-әрекетке мол мүмкіндік ашады, әркім жалпы тапсырманың бір бөлігін орындайды, одан кейін топтың барлық мүшелері жұмыстың нәтижесін тыңдап бағалайды, сынып алдында сөйлеуге ұжымдық есеп даярлайды.

Сабақ оқытуды ұйымдастырудың бірден-бір, жалғыз формасы емес. Кейінгі жылдары сабақтан тыс танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың қызғылықты әр түрлі формалары іздестірілуде: жоғары сынып оқушылары кіші мектеп балаларының алдына білімді игеруде баяндамалар, мәліметтер жасайды, үйірмелер жұмыстарын басқарады, жолдастық көмек көрсетеді. Сабақтарда оқушылардың сыныптан тыс іздену іс-әрекетін тереңдету мақсатында мәселелер жиі қойылуы керек. Сыныптағы және сыныптан тыс іс-әрекеттердің мұндай байланысы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ынталандырып, білімдерін тереңдетеді, ой-өрістерінің кеңеюіне және бүкіл сынып оқушыларының білуге құмарлығын дамытады.

Оқушылардың бірігіп атқаратын жұмыстарында ұжымдағы іс-әрекет пен ұжымдық іс-әрекеттің айырмашылығы бар. Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің елеулі белгілері: 1) әрбір ұжым мүшелерінің күш салуын талап ететін, бірегейде маңызды іс-әрекет мақсатын түсіну; 2) іс-әрекетке қатысушылардың арасында міндеттерді, атқаратын істі бөлісу; 3) жұмысты орындауда өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынастарды орнықтыру; 4) бақылауды, іс-әрекетті бағалауды іске асыру.

Ұжымдық іс-әрекеттің сабақтарда және сабақтан тыс дамуы оқушылардың оқу еңбегінің "ұжымдық деңгейімен" қарастырылуы мүмкін. Бұл деңгейлерді анықтаудың өлшемдері ұжымдық іс-әрекет пен оның құрылымының негізгі белгілерінің сәикестігінде. Олар мыналар:

-  ұжымда бір мезгілде жұмыс жасау (ең қарапайым түрі);

-  жұптасып жұмыс жасау (екі жақты сипатта);

-  топтасып жұмыс жасау, ұжымдықтың негізгі белгілері толық іске асады,ең азы 3 оқушы, ең көбі 6-7 оқушы;

-  топаралық жұмыс, топаралық мақсат, міндет айқындалады, оқушылардың топаралық жұмысына мұғалім басшылық етеді;

-  фронталдық-ұжымдық іс-әрекет - оқу-танымдық жұмысты ұйымдастырудың жоғары деңгейі. Бұл деңгейдің ерекшелігі барлық балалар түгелдей қатысады, ұйымдастыру жағынан қиыншылықтар   болғанымен, ұжымның бірігуіне,ынта-мақсатына зор әсер етеді;

-  ұжымдық іс-әрекетті педагогикалық мақсаттарға пайдалану үшін мұғалім оқушының жеке тұлғалық дамуының және ұжымның дамуының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін білуі қажет.

Е.Конникова ұжымдық іс-әрекет жетістігінің үш негізгі шартын атап көрсетті:

1) ол қызықтаратын болуы керек;

2) ол балалардың қызығуларын ескеріп, оған сүйенуі керек;

3) әрбір оқушы оның белсенді мүшесі болып өзінің үлесін қосуы керек.       Ал ғалым И.Первина ұжымның дамуының негізгі төрт көрсеткіштерін көрсеткен:

1) ұйымдастырушылық бірлігі;

2) психрлогиялық бірлік (еріктік, эмоциялық, интеллектуалдық);

3) дайындық бірлігі (біріккен іоәрекеттегі әркімнің тәжірибесі);

4) іс-әрекеттің бағыттылығы.

Тәжірибелер көрсеткеніндей, танымдық міндеттерді шешуде педагогикалық мақсатта ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекет көпшілік жағдайда оқушыларға жағымды әсер етеді. Ол оқушылардың танымдық қызығуын оятады және тұрақты (зейінді), ықыласты қамтамасыз етеді.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің жемістілігі жөнінде В.Шатапов "Ілім -ұжымдық урдіс" деп өзіндік іс-тәжірибесін ұсына отырып, автор "тірек сигналдарын" қүрастыруда өзара көмек әдістерін оқушылардың ұжымдық әрекеттерінің өзіндік формасы деп таныды.

Балапар мен жасөспірімдердің ұжымдық іс-әрекетін сипаттауда оның қоғамдық бағыттылығы ерекше рөл атқарады. Тек осы жағдайда қоғамдық пікір қалыптастырады, әрбір ұжым мүшесіне жайлы эмоциялық ахуал туады, оқушылардың азаматтық ұстанымдарының тұрақтануына ықпал ететін ұжымдық адамгершілік дәстүрлер қалыптасады.

Ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін ескеру қажет. Сондықтан мұғалім олардың дамуы мен тәрбиесін жоспарлауда іс-әрекеттің тиімді формалары мен мазмұнын таңдауы керек.

Ынтымақты, үйлесімді, дәл ұйымдастырылған іс-әрекет баланы қуанышқа бөлеп қанағаттандырады. Ендеше танымдык, міндеттерді шешудегі оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің тиімділігі еңбекті ұйымдастыруға байланысты.

Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін екі түрлі өлшемдердің көмегімен жорамалдауға болады: субъективтік және объективтік. Субъективтік өлшемдер оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың, қоғам қайраткерлері-нің бағалаулары. Бірақ, ұжымдық іс-әрекетті жан-жақты бағалау үшін объективті көрсеткіштер керек. Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеті тиімділігінің объективті көрсеткіші ретінде тәуелсіз сипаттамалар әдістерінің көмегімен алынған нәтижелік бағалауларды алуға болады, олар - арнаулы сауалнамалар және ұжымдық іс-әрекет жемісінің талдауы.

Енді ұжым мен тұлға мәселесіне тоқталатын болсақ. Ұжым мен тұлға арасыңдағы байланыс — тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмады. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.

Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа. Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Оқушыларды - болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкіи. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметгік тәжірибесінде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сезім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бүлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама-қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. Өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсеңділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұңдай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.

Әрбір адам аз немссе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті. себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сөйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай дабыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педагогакалық жағдайдың объективті себептері бар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау мәдениеті-нің кемшілігі, жолдасының ескерте тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.

Ғылыми зерттеулер нәтижесіңде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған:

1) Тұлға үжымға бағынады (конформизм);

2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады.

3) Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік).

Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талаптарына өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.

Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін:

1) Тұлға өз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай бағынады;

2) Тұлғаның кейбір өзіңдік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді. Мектеп ұжымдарында көп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс-қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары мен құндылықтарын сырттай қабылдайды, талқылау кезіңде ұжымның одан күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымдағы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ мектеп ұжымынан тыс жерде бұрынғы қалыптасқан тәжірибесі бойынша өзін басқадай ұстайды, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрынғы әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің мектептерімізде ұжымға ашық түрде қарсы шығу көп кездеспейді. Алайда, балалар кейде қарсылық білдіреді, оның өзі де негізсіз себептерден туындайды: көбіне өзін-езі қорғап қалу сезімінің үстемдігінен болады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай типі — бұл бірлікті өмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым-қатынаста болуы тиіс.

Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс. Нағыз лидер еңбектері, іс-әрекеттері ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын алады. Жарқын тұлға, оның өзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.

Психологтар мен педагогтар жекелік қасиетгердің жасырын түрде дамитын мектеп ұжымы мүшелерінің арасында кең тараған бағыт-бағдарын бөліп қарастырады. Берілген жұмыстарды, әсіресе жауапты тапсырмаларды  орындайтын оқушылар аз емес. Баршаның көпке түсу, басқаның үстінен өз билігін жүргізу —олардың талпынысына күш-қуат береді. Олар ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына көп мән бермейді, басты мақсаты - өз беделін ғана таныту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

2.1Оқыту    процесінде ұжымдық технологиясы

Еллбасының Қазақстан халқына Жолдауьшда "Білім беру реформасы — Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі.

Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет"деп атап көрсетілгендей, білім беру сала-сында елеулі өзгерістер жүріп жатыр.

Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды сипаты қазіргі кезеңдегі оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Осыған орай соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізілуде. Солардың бірі — Дьяченконың ұжым-дық оқыту технологиясы.

Ұжымдық оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

Ұжымдық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақ-сатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушьшьщ белсенділігі түрінде, ұжым мүшелерінің әрекеттестік, ынтымақтастық бірлігінде, олардың өзара қарым-қатынас сипатында, танып білу үрдісіңде.

Оқыту циклінің инварианттық негіздер жүйесінің 3 деңгейлік құрылы-мында көбіне репродуктивті әдіс пайдаланылады. Сұраққа жауап беру құқын топ жетекшісі анықтайды. Егер алдыңғы оқушы жауабында қателер жіберсе, жауап толық болмаса, онда келесі оқушы жауапты толықтырады, жіберілген қателіктерді түзетеді. Егер топтың басқа жауабы болмаса, онда оқулықтарды, оқу, дидактикалық, көмекші құралдарды пайдалана алады. Оқушылардың барлық жауабы (формулалар, сызбалар, суреттер, есептердің шығару жолы) бір ғана параққа түсіріледі.

Жаңа материалды меңгеру кезеңінде осы типтес тапсырмалар беріледі. Мысалы, сызбаны функцияның әр түрлі мәндеріне сәйкес тұрғызу (әрбір оқушы әр түрлі функция мәндерімен жұмыс жасайды).

Оқушылардың алған білімдерін жаңа жағдайда қолдануда ұжымдық та-нымдық іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясының 3 нұсқасы қолданылады.

Бірінші нұсқа бойынша барлық оқушыларға топта ұжымдық орындауды қажет ететін бірдей тапсырмалар беріледі. Бұл жұмысты ұйымдастырушылық қабілеті басым, достарының арасында беделі бар топ басшысы жүрпзеді. Бұл жерде мұғалім топ басшысы жұмысын нәтижеге қарай бағыттап, тек жол сілтейді.

Екінші нұсқа топ басшыларынан үлкен қарқынды жұмысты талап ететін ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруды көздейді. Бұл жерде оқушы-

ларға қиын есептерді шығару тапсырылады. Сынып бірнеше топтарға бөлінеді, алғашқы кезекте берілген есепті барлығы жеке шығарады. Есепті бірінші шығарып болған оқушы жұмысын мұғалімге көрсетеді. Егер есептің шешімі дұрыс болса, онда оқушы мұғалім тарапынан тиісті бағасын алады және мұғалім оған қосымша тапсырма береді. Осы кезде есепті екінші шығарған оқушы есептің шешімін бірінші оқушыға көрсетеді, бірінші оқушы екінші оқушының есебін бағалайды. Үшінші есепті шығарған оқушы жұмысын екінші оқушыға көрсетіп, сәйкесінше бағасын алады және солай кете береді.

Үшінші нұсқада жаңа меңгерілген білімді жаңа жағдайда қолдануды қажет ететін бірнеше сапалық есептерді шешуді ұсынады. (Есептің саны 5-тен артық емес.) Мұғалім 5 есептің тапсырмасын береді, оқушылар өздері қала-ған ретпен 5 есепті шығаруға кіріседі. Берілген есептер тоггга үлкен пікірталасты қажет ететіндей етіп алынған, сондықтан әрбір топ өзінің ұжымдық жауаптарын ұсынып, сабақ соңында толық әрі нақты жауап берген топ марапатталады.

Ең бастысы, ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру жұмысының басқа жұмыстардан едәуір айырмашылығы бар:

сабақта әрбір оқушының жеке орны, жеке рөлі болады;

оқушы жаңа білімді мұғалімнің  аузынан  емес, өәзінің  іс-әрекеті
нәтижесінің арқасында алады;

 


—     әрбір оқушы ізденеді, оқушы өз іс-әрекетін өзі багалайды.

Сонымен әрбір оқушының дамуына жағдай жасайтын ұжымдық оқыту мынадай міндеттерді шеше алады:

оқушының базалық білім, білік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;

оқыту үррдісінде оқушының теориялық және өнімділік ойлау әрекеттерін,танымдық қабілеттерін белсендіру;

оқушылардың танымдық қызығуын, оқуга деген мотивациясын дамыту;

белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, еріктестігін ұйымдастыру;

кәбіне оку жұмысының топтық түрлерін қолдану;

оқушының өзіндік ізденіс-зерттеу жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру;

оқушының өз біліміне, күшіне сенімін арту'

оқушының өзінің көршісінің (ұжымының) білімін тексеруге, бағалауға атсалысу;

оқушының өз білімінөәзі бағалауы;

оқу үрдісінде әр тұрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді (стандартқа сәйкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;

дамытушы оқытуга арналган оиындарды қолдану;

оқушының шыгармашылық қабілеттерін ашу.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үшін қазіргі кезеңде дарынды да талапты оқушы тәрбиелеп шығару — мектеп мүғалімдерінің алдына қойылып отырған басты мәселе. Ал бүл мәселені шешуде оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ұжымдық технологияны енгізудің маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Оқыту процесіндегі оқушыларды ұжымын нығайту жолдары

 

Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны таңдау. Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.

Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірдегі әр түрлі іс-әрекетке жеке тұлғаны ынталандыру, қызықтыру. А.С.Макаренко: "Егер балалар алдында қуанышты, қызықты, істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. Адам өмірін шын ынталандыру - ертеңгі қуанышты сезіну".

Жаңын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар.

Орта перспектива: балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу. Қашың перспектива -ұжымның немесе жеке адамның ұзаң мерзімге созылатын бір істі орындауға талаптануы. Қашық перспектива: келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе кәсіптік оқу орындарына түсу.

Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.

Әрбір мұғалімнің міндеті - перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалану, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындың дәрежесін еске алу.

Ұжым өмірінде дәстүрдің тәрбиелік маңызы зор. Дәстүр -бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер. А. С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітіп, нығайтып, оны толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжым өмі-ріндегі дәстүрдің түрлері: мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, аға ұрпақтың мүрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.

  А.С. Макаренко идеясын И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі" дамытты. Коммунар әдісінің мәні - ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлың іс-әрекет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдістері: ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттерді ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру. Бұл әдістер И. Л. Ивановтың "Кол-лектившілерді тәрбиелеу" атты еңбегінде жазылған.

Ұжымдық шығармашылың іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1-кезеңде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады. Іс жобасы жасалады.

2-кезеңде ұжымдың іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.

3-кезеңде ұжымдың шығармашылың іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.

4-кезенде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындың қорытындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы - сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.

5-кезенде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: "Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?" "Не істелмеді? Неліктен?" "Келешекке нені ұсынамыз?"- деген сұрақтарға жауап алады.

6-кезеңде ұжымдық іске ұорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.

Ұжымда балалардың іс~әрекеті мен қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.

 Даму кезендерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.

Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Мұндай психологиялық күш -болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.

Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттілігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады.

Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда сынып жетекшісінің ұйымдастыру жұмысы қажет. Міндеттері: оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі, балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызықты еткісі келетініне сендіруі, орынды талап қою, балалардың мүмкіндігіне сай жұмыстар беру, оның ұжымға және жеке тұлғаға қажеттілігін дәлелдеуі.

Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардың өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы - ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалау керек.

Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылды.

Іс-әрекеті - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.

Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Педагогикалық ұжымның міндеті - жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:

сергектік, ширақтың, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.

балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, түйықтық, бөлектенушіліктің болмауы.

басқа ұжымдарға жолдастың көмек беруге дайын тұру.

Гуманистік қатынас - ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудың құралы.

Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.

Біз қазан айының 1-і мен 27-сі аралығында мектептерге ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі бойынша практикадан өттік. Мен Бейімбет Майлин атындағы №3 орта мектептің 1а - сыныбына бөліндім. Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеу жұмысым 3 бөлімнен тұрады: бірінші, сынып оқушыларының мектепке қабылданғаннан бергі бір ай уақыт ішіндегі қалыптасқан ұжым деңгейін социометрия әдісі бойынша анықтадым. Екінші, ұжымды қалыптастыруға және нығайтуға 1-сынып оқушыларына арналған педагогикалық-психологиялық ойындар жүргіздім. Үшінші, ұжымды нығайтуға арналған ойындар жүргізіп болғаннан кейін, оқушыларға жұргізілген ойындардың нәтижесін, яғни оқушылар ұжымын алғашқы деңгейден айырмашылығын тағы да социометрия әдісі бойынша анықтадым.

Зерттеудің бірінші бөлімі: Социометрия әдісі адамның қарым-қатынасының психологиялық жақтарын анықтайды. Мысалы, оқушыдан тікелей «Сенің достарың кім?», «Кім саған ұнайды?» деген сұрақтар арқылы нақты жауап ала алмауымыз мүмкін. Сондықтан адамның белгілі бір іс-әрекетке араласуы кезіндегі өзара қарым-қатынасын анықтауқойылатын сұрақтардың дұрыстығынада байланысты. Социометрия әдісі бойынша «қай досыңды туылған күніңе шақырасын?» әдісін қолданып, балалардың бір-бірімен қатынасын анықтаймыз. Оқушыларға парақ таратылып беріліп, сыныбынан туған күніне шақырғысы келетін үш оқушыны жазғызады.

Зерттеудің екінші кезеңі жүргізіледі. Балалардан «сені кім шақырды деп ойлайсың?» деп сұралады. Зерттеу қорытындысы шығарылып, сыныптағы оқушылардың белсенділері және оқшау қалғандары анықталады.

Социометрия әдістемесінің мақсаты: сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу.

 

 

Таңдау матрицасы

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қанша рет таңдады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзара(бір бірін қанша рет таңдады?)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социограмма

4 шеңберден тұрады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-ші шеңберге (орталыққа) ең көп таңдалуға ие болған оқушылар жазылады.

2-шеңберге таңдау кезінде орташа ұпай жинаған оқушылар жазылады.

3-шеңберге орташа саннан төмен ұпай иеленген елеусіз балалар қамтылады.

4-шеңберге оқшау қалған балалар жазылады.

 

Бірінші бөлімнің қорытындысы бойынша: 1а сынып оқушыларына осы социометрия әдісі бойынша жүргізілген зерттеу кезінің нәтижесі: сынып оқушыларының арасындағы ең көп таңдалғаны бес рет болды. Олар: Ақбота және Мұхамбет. Ал Асхат, Ерасыл, Жасұлан және Томирис деп аталатын оқушылар бір рет қана немесе мүлдем таңдалмаған оқушылар. Яғни бұл оқушылар «оқшау қалғандар».

Зерттеудің екінші кезеңінде оқушыларға мына ойындарды өткіздім:

 

Гүл ұсыну

 

Мақсаты: балаларды бір бірімен жылы қарым қатынастыққа тәрбиелеу.

 

Мазмұны: Балалар шеңберге жиналады. Педагог қолындағы әдемі гүлді дөңгелене тұрған баларға ұсынады. Балалар бір біріне гүлді кезек кезек үсына отырып, өздерінің жылы сөздерін айтып, тілек тілейді.

 

Күн шуағы

 

Мақсаты: балалардың бір біріне деген достық қатынасын тәрбиелеу.

 

Мазмұны: Педагог айнаның көмегімен «Күн шуағын» ұстауды ұсынады. Бұдан әрі педагог «шуақты» ұстап алғанын, оны бір біріне шеңбер бойымен жағалата жіберіп, әрқайсысы сипап, жылу алуларын ұсынады. «Күн шуағы» педагогка қайта оралғанда, балалардың ықыласына бөленіп, олардың жылуынан нәр алғандықтан үлкейіп, алақанға симай тұрғандығына назар аудартады. «Шуақты» босатып жібереді, алайда оның жылуы мен нәзік сәулесі балалар жүректерінде қалады.

 

Аңдар мектебі

 

Мақсаты: баланы қайырымдылыққа үйрету.

 

Мазмұны: Педагог сиқырлы орманға саяхат жасауды ұсынады. Балалар жайланып отырып, көздерін жұмады. Олар өздерін күн шуағы түскен алаңда отырғандай сезінеді. Педагог төбедегі жапырақтың сыбдырын, аяқ астындағы шөптің жұмсақтығын сезініп, естуді ұсынады.

-Алаңнан сендер «Аңдар мектебін» көресіңдер. Айналаға қараңдар. Бүл мектепте қандай аңдар оқиды? Қай аң мұғалім? Оқушылар немен шұғылданады? Өздеріңді қандай аңға ұқсатасыңдар? Мен онға дейін санағанша, сендердің «Аңдар мектебінде» тағы да бола тұруға мүмкіндіктерің бар, енді көздеріңді ашыңдар.

Педагог балалар көздерін ашысымен қолдарына ермексаз алып, не коргендерін мүсіндеуді немесе бейнелеуді ұсынады.

Сабақ соңында балалар өз мүсіндерінен өздеріне ұнаған аңның бейнесін табады.

 

 

Сиқырлы гүл

 

Мақсаты: Өз ойын жеткізе білуге және топтағы өзге балаларға өзін таныстыруға баулу.

 

Мазмұны: Балаларға өздерін кішкентай гүл өсінділері тәрізді сезінуді ұсынады. Өз қалаулары бойынша гүлдерді таңдап алады. Бұдан әрі саз ырғағымен гүлдің ашылуын көрсетеді.

Әр бала өзі жайлы, яғни кіммен бірге қай жерде өскенін, өзін қалай сезінетінін, нені армандайтынын әңгімелеп береді.

 

Түрлі түсті гүл шоғы

 

   Мақсаты: Балаларды өзара әрекеттестікке, одан ұуаныш пен қанағат алуңа баулу.

 

   Мазмұны: Әр бала өзін гүл ретінде хабарлайды және гүл шоғын құру үшін гүл таңдап алады д, себебін түсіндіреді. Гүлдердің «күшкене шоқтары» бірігіп, «үлкен гүл шоғына» айналады.

 

«Карусель»

 

   Мақсаты: қарым-қатынасты дамытуға арналады.

 

Топ мүшелері екіге бөлінеді. Бірінші топ ішкі, екінші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі тпо пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы-сатып алушы; мұғалім-оқушы; дәрігер-қаралушы; полиция-шофер; әке-бала; анасы-қызы.

 

   Қорытынды: бұл жаттығң әрбір адамның өзінің мінезің, көңіл-күйін, қабілетін өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

    Екінші кезең бойынша қорытынды: сынып оқушыларына жоғарыда аталған ойындар жүргізілгеннен кейін балалар достасып, өздерін өздері басқара бастады. Өздерінің табыстарына деген сенім, мақтаныш пайда болды. Жақсырақ жұмыс істеуге қызығушылықтары қалыптасты. Істеген жұмыстарының сапасы жақсарды.

Үшінші кезеңде қайтадан социометрия әдісін жүргізіп, ұжымның қайта қалыптасу деңгейән анықтадым. Бұл кезең бойынша қорытынды: сынып белсенділерінің Ақбота мен Мұхамбеттің қатарына Гүлім мен Айжан қосылды. Ал оқшау ұалғандардың қатарынан Асхат пен Ерасыл шықты. Олар ойында өздерінің белсенділіктерін және тапқырлықтарын көрсету арқылы сынып арасындағы беделдерін көтерді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оқушылардың  қоғамдық бағыттылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі - ұжымның өмірін жандандыру, мазмұнын тереңдету. Бұл жөнінде оқушылардың ұжымдық іс-шаралардан алған әсерлері айғақтайды (пікірталас, тақырыптық кеш, кездесу, жорық). Ал ұжымдық іс-әрекеттің тәрбиелік тиімділігінің маңызды көрсөткіштері - балалардың белсенділігі мен ынталылығын көтеру, сыныпта және мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту. Ұжымдық іс-әрекеттің әрбір түрі өз белсенділерін шығарады, бірқатар жағдайларда өзін-өзі басқару органдарын құрады. Ұжымдық таным-дық іс-әрекетті ұйымдастыру оқу белсенділерінің есуіне, танымдық дербестіктің, қызығу мен шығармашылықтың нығаюына ықпал етеді.

Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасуына ұжымдық іс-әрекеттердің түрлі формаларының әсерін анықтау үшін мектепте және мектептен тыс өтетін сабақтарда жан-жақты талдау керек.

Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейін үлгіретін және үлгірмейтін оқушылардың пайызымен емес, әр оқушының оқу мен дамуындағы апға басуымен, жұмыс атқаруға деген талпынысымен өлшеуге болады. Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру оқушылардың жеке тұлғалық жауапкершілігін, өзара тәуелділігін дамытады.

Танымдық белсенділік пен дербестікті қалыптастыру оқушының жеке тұлғалық шығармашылық бағыттылығымен дамытудың қажетті шарты болып табылады. Ұжымдық еңбектену үрдісінде оқушылардың жеке тұлғалық қызығуы мен бейімділігін тереңдетудің алғы шарты жасалынады, қарым-қатынас аясы кеңейеді, әлеуметтік және адамгершілік тәжірибелер жинақтайды.

Оқушылардың дамуындағы алға басуы сынып жетекшісі әзірлеген жеке тұлғалық мінездемелерінде жазылады. Шығармашылық белсенділігі үш жақтан (сынып, белсенді мүше, мұғалім) бағаланады, бұл оқушының даралық шығармашылығының қалыптасуы жөнінде нақты мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Оқу-танымдық іс-әрекетте оқушының даралығын дамытудың маңызды көрсеткіші оқудан тыс бірлестіктерде қызығуларына қарай қатысушылар санының өсуінен көрінеді. Оқушылар өздерінің бейімділіктері мен қабілеттерін "шебер қолдар" үйірмелерінде, ғылыми қоғам, көркемдік студияларда, өлкетану саяхаттарында, өнертапқыштар клубында қолданады.

Ұжымдық іс-әрекеттің тиімділігінің маңызды шарты - оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының болуы. Балалар іс-әрекетке құр орындаушы ретінде қатыспай, оның дамуына өзінің шығармашылық үлесін қосуы үшін бар мүмкіндіктерді жасауы керек.

Ұжымдық іс-әрекеттің тәрбиелік тиімділігінің қажетті шарттарының бірі: оған кәсіби педагогикалық басшылық ету. Тәрбиелеу әдістемесін меңгеруден, әр жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін білуден басқа педагог оқушылар ұжымын, ондағы іскерлік және эмоциялық қарым-қатынастарды тиянақты зерттеп, ұжымдық іс-әрекеттің мақсаты мен міндетгерін түсініп және оны ұйымдастырудың түрлі тәсілдері мен амалдарын қолдана білуі керек.

Ұжымдық іс-әрекеттің тәрбиелік тиімділігінің шарттарын қарастыра отырып, бұл іс-әрекет оқу-танымдық үрдіс пен жеке тұлғаны тәрбиелеудің жалғыз ғана формасы деп түсінбеу керектігін ескертеміз. Ол оқушының жеке және дербес жұмысымен өзара үйлескенде ғана жақсы нәтиже береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.                                       Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазак; тәлім-тәрбиесі – Алматы 1995.

2.                                        Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. -Алматы, 1992.

3.                                        Мұсаева СА., Зейдалиева Ж. Қысқаша педагогика-психологиялқ сөздік-Тараз, 2001.

4.                                        Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындагы жаңа серпіліс жасау қарсаңында /Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана.   2006 жылғы 1 наурыз.

5.                   Педагогика. Лекциялар курсы. - Алматы, 2003.

6.                   С. Мұсаева, Т. Бегалиев, «Жас ерекшелік педагогикасы», Астана-2010

7.                   Н. Д. Хмель, «Педагогика», Алматы-2005

8.                   С. Әбенбаев, «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы, Дарын-2004

9.                    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолы" (Курстық жұмыс)"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Копия (2) феру курс жум.doc

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институты

Педагогика және филология факультет

Педагогика және психология кафедрасы

                                                  

«Қорғауға жіберілді»

____педагогика және психология

кафедрасының меңгерушісі, доциент

Ахметова П.Ә. Хаттама  №____

«_____» ____________ 2012ж

 

Курстық жұмыс

 

 

Тақырыбы: Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолы

 

 

 

 

Орындаған: 5В010300-«Педагогика және психология» мамандығының                      студенті Шынболат Ф. Р.

 

 

Ғылыми жетекші: Әбдірахманов Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арқалық қ., 2012ж.

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................................4

 

I. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

1.1 Ұжымның даму кезеңдері және ерекшеліктері..........................................................6

 

1.2 Оқыту процесінде  ұжымдық іс-әрекет жолдарын қалыптастыру маңызы....................................................................................................................10

 

II.ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1 Оқыту процесінде ұжымдық технологиясы.......................................17

 

2.2 Оқыту процесіндегі оқушыларды ұжымын нығайту жолдары................................................................................................... .....................22

 

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................................29

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолы" (Курстық жұмыс)"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Копия феру курс жум.doc

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда біздің мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі: берік, бірауызды ұжымды құру болып табылады.

Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушьшар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалык теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.

Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушьшар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалык теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.

Латынның "коллектив" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым - бұл адамдар тобы. Бірақ кез-келген топ ұжым ба? Қазіргі әдебиетте "ұжым" түсінігінің екі мәні қолданылады. Бірінші: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. "Ұжым" педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар.

 Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.

Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.

Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан айрылады.

Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.

Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның көпшілік беделін мойындаумен ерекшеленеді. Бұл жүйе обьективті және субъективті қарама-қайшылықтарды жеңе алатын, өз міндеттерін білетін ұжымның әрбір  мүшесінде айқын көзжарастар бағытын қалыптастырады.

 Мектеп ұжымы құрылымының негізін де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы.Осы сыныптық; ұжымда оқушылар арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.

Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы (ынтасы) - ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат - қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.

Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс перспективалар.

Жақын перспектива — ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.

Орташа перспектива — уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.

Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.

Мұңдай перспектавада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген  ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет.

Зерттеу мақсаты: тұлғаны ұжымда тәрбиелеу жолдарын теориялық негіздеп, әдістерін ұсыну.

Зерттеу міндеті: тұлғаны ұжымға бейімдеу жолдарын анықтау, оқушылар ұжымын нығайту ерекшелігін анықтау.

Зерттеу объектісі: тұлғаны ұжымдастыру.

Зерттеудің болжамы: егер сынып жетекші оқушылармен топтық формада үнемі іс-шараларды ұйымдастырып отырса, онда жеке тұлғаның ұжымда қалыптасуына мүмкіндік болар еді, өйткені жеке тұлғаны ұйымдастыру мұғалім алдындағы басты міндет.

Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пйдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 


I. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЖЫМ ТЕОРИЯСЫ

1.1 Ұжымның даму кезеңдері, ерекшелігі

 

XX ғасырдық бас кезеңінде балалардың және жасөспірімдердің скауттық ұйымдары пайда болды. Бұл ұйымдардық негізгі идеяларын жасаған ағылшын полковнигі Р.Баден-Поуэлл (1857-1941жж). Оның идеялары 1847 жылы шыққан "Инструкция для скаутов" атты кітаптатолық жарияланған.

Скаутизм - мектептен тыс тәрбие жүйесі, скауттық ұйымдардың негізгі әрекеті. Оның мақсаты - жас жеткіншектерді буржуазиялық қоғамның идеяларына берілгендік рухына тәрбиелеу.

1921 жылы мұндай ұйымдар Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция, т.б. елдерде өркендей бастады. 1972 жылы скауттар ұйымы 106 елде жұмыс істеді. Ресейде скауттардың отряды алғашңы рет 1909 жылы Пущино селосында ұйымдастырылды. 1914 жылы II Николайдың жарлығы бойынша "Русский скаут" қогамы құрылды. Негізгі мақсаты - жастарды ұлы державалық шовинизм және монархиялық құрылысқа берілгендік рухына тәрбиелеу.

1917 жылы Ресейде 50 мың скауттар болды. 1918-20 жылдары комсомолдардық I, II және IV съездерінің шешімдері бойынша скауттық топтар таратылып, олардың орнына жаңа балалар ұйымдары құрылды.

1920-30 жылдарда бұрынғы КСРО-да және кейбір басқа мемлекеттерде жасөспірімдер мен балалар ұйымдарының өсуі, скауттың ұйымдарының ықпалы төмендеуіне әсер етті. Өйткені бұл ұйымның Заңы, анты, ұраны буржуазиялық моральды бойнелеп келді. Скаут мүшелерінен өз басшыларына, ата-аналарға, мемлекетке бағынуды талап етті. Осыған байланысты кои жылдар бойы КСРО-ғы жастар ұйымдары мен скауттар үііымдары арасында қарама-қайшылықтар орын алып келді. 1990 жылдан бастап Бүкілодақтың пионер слетінің шешіміне сөйкес балалардың қоғамдық қозғалысының дамуына елеулі жаңа өзгерістер болды. В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық пионор ұйымының балалар қозғалысының жалғыз және бірыңғай пысаны, демек, орталық басқару органы болу уәкілдігі тоқтатылды.

Осыған орай, балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, бірлестіктері саяси-экономикалық, білім және тәрбие жүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесіне және тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға нақты үлес қосулары қажет.

Ол үшін барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық және басқа ұйымдар балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына барынша жәрдемдесіп, көмек көрсетеді.

XX ғасырдық 90-шы жылдарының бас кезінде скаутизм қайтатуды. 1990-91 жылы бұрынғы КСРО-да 70-тен астам скауттар отрядтары жұмыс істеді. Скауттар қозғалысының тартымдылығы, жақтаушыларының,

Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы" атты еңбегінде: "Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету", -деп атап көрсетті.

Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенің педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П. П. Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, П.Н.Лепешинский, В.И.Сорока-Росинский, С.Т.Шацкий және т.б өз үлестерін қосты.

Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы" атты еңбегінде: "Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету", -деп атап көрсетті.

Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А.С.Макаренко ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдіру-дің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы,оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.

Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына карағандағы ерекшеліктері:

- қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған

бірлескен іс-әрекеті;

- ұжым мүшелерінің еркін қарым-катынас жасауы;

- ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;

- өзін-өзі сайлау органдарының болуы.

Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең кұқықгык,

өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б. Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі кажет.

Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А.С.Макаренко ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.

А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Онын пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандыктан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. ¥жым дамуының негізгі зандылығы — перспективалык бағыттарының

болуы оның мәні ұжымының дамуы тек перспектива (мақсат.іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік маңызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалык бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.

Перспективаларды-ертеңгі қуанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатка жету қуанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-кұлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ыкпалында тікелей емес, жанама түрде, оның

оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін.

Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін басқару ұжымның дамуының келесі заңы — параллельді ықпалдар заңы.

Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсенділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық – тұлға аралық (достық, үнату, жаратпау т.с.с). Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткеңдей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш моделы қалыптасады:

1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;

2. Жеке тұлға және ұжым оптимальды қатынасты болуы (И.П.Подласый).

3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.

Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғаның даралығын,өзін-өзі көрсете білу қабілетін қалыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғаның ара қатьшасын, білуі кажет.

Ұжым даму зандылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А.С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын талаптармен сипатталады. Әрине, осы кезеңдердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезенінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қальштастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.

Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақгалған «құрама сынып» оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан окушылар ұжымымен

жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.

Бұл кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсеңцілері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.

Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.

Әрбір оқушы бұл кезенде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттері-нің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек.

Оқушы ұжымының дамуьшың үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыкқа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.

Ұжымның барлық даму сатыларыңда мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады?

Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгейге көтерілуі көп жағдайларда мұғалімнің дұрыс позициясына байланысты.

Сонымен қатар сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын, орта және алыс (А.С. Макаренко) деп аталатын үш көрінісін түсіндіру үшін үлкен жұмыстар жүргізуі қажет.

Оқушылар міндетті түрде алыс көрініс қоғам мүшелерінің жеке жоспарларымен байланысты екендігін терең түсінулері тиіс.

А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі - ортаң мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.

Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның кеңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.

А.С.Макаренконың ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір үясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.

А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:

•  ұжым алдындағы айқын мақсат;

•  ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;

•  ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;

•  өз арасында міндеттер белгілеуі;

•  белгіленген міндеттерді орындауы;

•  қатаң тәртіптің болуы;

•  өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.

В. А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Коллективтің құдіретті күші", т.б. баяндалды.

В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.

Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.

Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты белгілерін нақты тұжырымдап берді: ұжым-басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.

Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан(сыныптардан) тұрады. Осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсендіруге жағдайжасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершіліік дамуымен байланыстырады. Р.С.Немов, А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән берді.

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетінде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді меңгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.  

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.

Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс.
Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін. ,

Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.

Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:

  Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;

  Ұжым іс-әрекетінің дамуы.

  Жеке адам арасындағы қарым-қатынас, іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы.

  Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуі.

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б.

Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.

Ұжымның бұл даму кезеңінде қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең - белсенді топтың және үжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдың өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдың пікір пайдаланылады.

Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдың, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын түру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.

Ұжым қоғамдың пікірмен сипатталады. Қоғамдың пікір -бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді  немесе теріске шығарады. Демек, ұжымдың талқылау, бағалау жариялылық, әрекеттілігі — қоғамдың пікірдің негізгі ерекшелігі. [1. 177 б]

Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педаготар жетекшілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.

Мұндай әсердің маңызды шарты - үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:

-      Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді бірлікті (комплексті) пайдалану;

-      Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және жан-жақты көмегі;

-          Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдамлар тудыру;

-         Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;

-          Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.

Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек:

-                    Педагогикалық жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына,тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;

-          Ұжым - динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және кемелденеді. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті.

-      Сынып жетекшісі ұжым тәрбиесіңде мұғалімдер тобына, сынып ұйымына сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жогары жетістіктерді көздеуі лазым.

-          Формализм - тәрбиенің қас жауы;

-          Жетекшіліктің жақсы көрсеткіші — сынып өміріндегі маңызды мәселелерге  ортақ ұжымдық пікірдің болуы;

-          Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау  тәрбиені дамыту;

-          Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу:         

-          Бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту, жекеше қарым-қатынас жасау;     

-          Әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатыннас жасау;

-      Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;

-      Ұжымдағы қатынастың етіп жатқан жағдайына белсене араласу;

-      Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;

-                    Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс-әрекет түрлерімен олардың қалпын өзгертуді әр кез естен шығармау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Оқыту процесінде  ұжымдық іс-әрекет жолдарын қалыптастыру маңызы

 

Ең алдымен ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жәнінде түсінік бере кететін болсақ дилатиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады.
Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесіңде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де карама-қайшылық.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқьпу процесінің қарама-қайшьшықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықгарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама¬қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысыңдағы қиыншылық ретіңде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде. Сондықтан мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшьшықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады.
Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің калыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықгарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қаңдай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э.В.Ильенков). Қарама-кайшылық «оқушы (адам)» жүйесінде пайда больш «адам-адам» жүйесіңде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-қатынас жасау қажет болғаңдықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұңдай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқу процесінің субъектлерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесіңде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұл мәселелердің теориялык әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.
Казіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін
жұмыстар, интеллектуалдық құңдылықтармен алмасу мүмкіңдіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объекгілері тұрғысындғы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекет-тердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет – әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқгы субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғаім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы окушылардың біріккен іс-әрекеті.

Педагогика ғылымы іс-әрекетті адамның қоршаған ортаға белсенді қарым-қатынасының және жеке тұлғаны тәрбиелеудің, жан-жақты дамытудың маңызды формасы ретінде қарастырады. Педагогикалық мақсатты іс-әрекет үрдісінде қажеттіліктер, бейімділіктер, сезімдер, мотивтер іске асады және жетіледі, білім меңгеріп, әлеуметтік тәжірибе игеріледі, жалпы және арнаулы қабілеттер пайда болып тереңдейді, ұжымда өмір сүріп жұмыс атқару біліктері қалыптасады. Іс-әрекет оқушының жеке тұлғалық қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.

Іс-әрекеттің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жас мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынған мақсат, мазмұны және ұйымдастырудан көрінеді.

Педагогика мен психология ғылымында және мектеп тәжірибесінде іс-әрекеттің негізгі үш түрі аталады: оқу-танымдық, еңбек, ойын. Бұдан басқа оқушылардың қарым-қатынасына үлкен көңіл бөлінеді. Себебі, ол кез келген іс-әрекеттің белгісі, кейде өзінше дербес іс-әрекет.

Іс-әрекеттің орны, ұйымдастырылуы және өткізу уақытына байланысты оқу, оқудан тыс, сыныптан тыс ұғымдары да қолданылады. Оқушылардың әрекеттерінің мазмұнына және бағыттылығына сәйкес еңбек, қоғамдық пайдалы, спорт, өлкетану, көркемдік іс-әрекеттерін бөліп айтуға болады.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті еңбекке және қоғамдық өмірге белсенді араласу үшін қажетті білім, білік, дағдыларды және әлеуметтік тәжірибені жүйелі меңгеру үрдісінде көрінеді. Оқыту өзінің міндеттеріне сәйкес дамытушы және тәрбиелеуші сипатқа ие.

Бұл үшін білім мазмұны жетілдіріледі, әр турлі тәсілдер мен әдістер, оқу үрдісін ұйымдастыру амалдары қолданылады, бұлардың мақсаты - оқушыны оқытудың белсенді мүшесі - субъекті ету. Бұл ретте білім беру мен тәрбиелеудің көптеген өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызатын ұжым-дық оқу-танымдық Іс-әрекеттің рөлі ерекше.

Оқытуды мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеті деп тану балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне, дамуына әсер етпейді деген түсінік тудырмайды. Керісінше еңбек пен ойынның мектептегі оқу кезеңінде үлкен маңызы бар. Оқу іс-әрекеттің барлық түрлерінің басын қосады.

Оқушылардың  ұжымдық  оқу-танымдық  іс-әрекетін  ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас ерекше маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған іскерлік қарым-қатынас ұжымдағы адамгершілік ахуапды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді.

   Н.Крупская жеке тұлғаның қалыптасуындағы, ұжымның ынтымақтасып дамуындағы ұжымдық іс-әрекеттің маңызына тоқтай келе "Ұжымдық жүмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Ұжымдық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар" дегені белгілі. [4. 94б]

Ендігі кезекте ұжымдағы қарым-қатынас түрлеріне тоқталып өтсек. Ұжым ішіндегі қарым-қатынастың мынадай түрлері бар:

-   «Маска контактісі» – формальді қарым-қатынас, онда әңгімелесушінің жеке даралық ерекшеліктері ескерілмейді, яғни бастапқы маска қолданылады (кішіпейілділік, салмақтылық, қатысушылық және тағы басқа). Әңгімелесушіге деген шын қатынасын, әмоциясын көрсетпей, жестер, мимика қолданылады.

-   «Жабайы қарым-қатынас» – басқа адамды керекті және бөгет жасайтын объект ретінде бағалау – егер әңгімелесуші адам керек болса, қарым-қатынасқа белсенді түрде түседі, ал егер бөгет жасаса, агрессивті, ұнамсыз қылықтармен жауап береді.

-   Формальді-рольдік қарым-қатынас. Қарым-қатынастың тәсілі мен мазмұны алдын-ала белгіленіп қойған, және де әңгімелесуші туралы пікір оның әлеуметтік орнына қарай анықталады.

-   Іскерлік қарым-қатынас – онда әңгімелесушінін мінезі, жеке өзіне тән ерекшеліктері, жасы, оның көңіл күйі ескеріледі, бірақ іс мәнді болып қала береді.

-   Рухани, жеке адам аралық достық қарым-қатынас – мұнда кез-келген тақырыбта әңгімелесуге болады және тек ғана сөзбен емес, бір-бірін бет әлпеті, қозғалысы, интонациясы арқылы-ақ ұғады. Мұндай қарым-қатынас егер, қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің көзқарасын, қызығушылығын жақсы білсе ғана жүзеге асады.

-   Манипулятивті қарым-қатынас – әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы әңгімелесушіден пайда табуға бағытталған қарым-қатынас турі

Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс саналуан әрекеттері, әлбетте, ұжымда өтеді. Бұлар сынып және пәндік үйірме, оқушылар бригадасы және әуесқойлар клубы, спорттық секциялар мен көркемөнерпаздар үйірмесі болуы мүмкін.

Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру олардың оқу және оқудан тыс жұмыстарын жақындастырады, ұжымдық қарым-қатынастың дамуын ынталандырады, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге жұмылдырады.

Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің құрылымы мына бөліктерді қамтиды:

-  іс-әрекеттің мақсаты - не үшін қолданылады, соңғы нәтижесі қандай болу керек;

-  іс-әрекеттің мазмұны - негізгі пәндік бағыттары;

-  іс-әрекеттің маңызы - әлеуметтік пайдалы бағыттылығы және мотивтері,жеке тұлғаның және ұжымның дамуындағы маңызы;

-  іс-әрекетті   ұйымдастыру - ұйымдастыру формасы, уақытты бөлу, іс-әрекет үрдісінің бірізділігі, мерзімін белгілеу;

-  іс-әрекеттің технологиясы - тиімді тәсілдерді таңдау, нақтылы білім, білік,дағдыларды меңгеруге қажетті құралдар;

-  іс-әрекеттің қарқындылығы, көлемі,  ұзындығының оқушылардың   жас мүмкіншілігі мен педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;

-  іс-әрекеттің қарым-қатынастығы (коммукативность) - қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін байланыстырудың, қатынастардың, тәуелділіктердің сипаты;

-  іс-әрекетті бақылау - критериилерге сипаттама, ұжымның қалыптасуының нәтижесі, белгілі біліктердің, білім сапасының меңгерілуі.

-   Ұжымдық іс әрекет үрдісінің тиімділігінің міндетті шарты - оны басқара білу. Басқару циклі үшкезеңнен турады: жоспарлау, талқылау (орындалуы), қоры Қарым-қатынастың көп қырлығы және көп сапалығы. Бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне қатынасы, ақпарат алмасуы. Жеке адамның өзара қатынас аспектісі – бұл құбылыстың бір ғана компоненті. Адамдық қарым-қатынастың ғылыми-технологиялық революцияның әсерінен ең кең тараған формасы – рухани коммуникация.

-  А.А. Леонтьев өзінің бір жұмысында «Қарым-қатынасты тек ғана жеке даралық деп түсінбеу керек, оны әлеуметтік феномен ретінде, оның субьектісін бөлек индивид емес, әлеуметтік топ және тұтастай коғам ретінде қарастыру керек» деген.

-  Осы айтылғанға анализ жасай отырып, Б.Ф. Ломов өз көзқарасын былай білдірген: «Біздің ойымызша әлеуметтік және интер жекедаралықты бір-біріне қайшы қою заңды емес, олардың арасындағы қатынас – жалпылық пен бірліктің көрінісі».

-  Қарым-қатынас және жеке адам. Қарым-қатынас және жеке адам ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Суретте көрсетілгендей 3 әр түрлі зона туралы айтуымызға болады.

-  А зонасында қарым-қатынас ұғымы көлемінің ерекшелігі көрініп тұр. Ол жеке адам феномені мазмұнына кірмейді. Қарым-қатынастың мынандай формаларымен байланысты: мысалы жекелік емес сипатта. Бұл жағдай қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірін тек ғана берілген функцияны орындаушы ретінде ғана қабылдайды. Мысалы автобустың жүргіншілеріне жүргізушінің жеке бас қасиеттері, профессионалдығына қарағанда көп мәнді емес.

-  Б зонасында қарым-қатынас мазмұны мен жеке адамның өмірлік іс-әрекеті бір-біріне дәл келіп тұр. Бул жерде карым-катынас бір жағынан топтық емес сипатта және сонымен катар, өзара әрекет, жеке адам аралық формада көрінеді. Ал екінші жагынан алып қарасак, жеке адамның коммуникативті белсенділігі әр түрлі формада көрінеді – коммуникативті мінез-құлық, коммуникативті іс-әрекет, қарым-қатынас жағдайындағы психикалық күй.

-  Қарым-қатынас және іс-әрекет. Біріккен әрекетте адам өзге адамдармен қажет болғандыктан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек. Бұндай жағдайда қарым-қатынас іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінеді. Бірақ мұнымен шектелмей адам өзін өзге адамдар орнына қояды, ерекшелігін, жеке даралығын көрсетеді. Бұл қосалқы пән. Бір жағы іс-әрекет пәні, екінші жағынан адамның өзін-өзі әлеуметтік ортада көрсету құралы. Сонымен іс-әрекет қарым-қатынастың бір қыры, ал сезіну іс-әрекеттің бір жағы, бұлардың барлығы бірлесе барлық жағдайда үзілмес бірлік құрайды. Қарым-қатынас үрдісіне енбейтін психикалық құбылыс жоқ.

-  Осы негізде психологияда қарым-қатынастың үш жағын қарастырамыз:

-  1) Ақпарат алмасу;

-  2) Өзара түсінушілік;

-  3) Өзара әрекеттестік.

-  Осыларға жеке-жеке тоқтала кетейік. Ақпарат алмасу – коммуникация. Ал коммуникация туралы сөз қозғағанда, бірлескен адамдардың көзқарасы, идеясы, қызығушылығы, көңіл-күймен алмасу жайында айта кету керек. Қарым-қатынас тек ғана ақпарат жіберу немесе оны қабылдау емес, сонымен қатар онда екі адам немесе екі индивид қатысады. Олардың әрқайсысы белсенді субъект. Яғни жоғарыда атап өткеніміздей қарым-қатынассыз кез-келген психикалық процесс тоқырауға ұшырайды.

Оқытудың тәрбиеленуші функциясы оқу үрдісінің ұйымдастыру формала-рын түрақты жетілдіріп отыруды талап етеді. Әрбір оқушыға дербес тіл табу -оқытудың маңызды ұстанымдарының бірі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің ұжымдық формаларын дамыту әрбір оқушының жақсы оқып жан-жақты дамуына тиімді жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Даралап оқытуды оқытудың ұжымдық формаларына қарсы қоймай, олардың өзара әрекеттестігін тиімді сәйкестендірудің жолдарын іздестіру қажет.

Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақтық жүйе. Оның бірқатар педагогикалық артықшылығы бар: педагогикалық урдістің реттілігін, ұйымдастыру дәлдігін, оқытудың жүйелік сипатын, мұғалімнің оқушылар ұжымына тұрақты идеялық-эмоциялық әсерін, ұжымдасып білім алуды қамтамасыз етеді. Мұның барлығы жалпыға міндетгі білім беруде сыныптық-сабақтық жүйенің өзін-өзі ақтағандығын, оны қастерлеүдің керектігін көрсетеді.

Сонымен бірге сыныптық-сабақтық жүйенің алдымызға қойып отырған жаңа оқу-тәрбиелік міндеттерді орындауға кедергі жасайтын кемшіліктері де бар. Салмақты кемшіліктердің бірі - теңестіру тұрғысынан қарау, "орташа" оқушыға теңелу. Бұдан нашар оқитын оқушы да, жақсы оқитын оқушы да азап шегеді. Нашар оқитындар сыныптың алға жүруіне ілесе алмаса, ал күшті оқитындар өз мүмкіндіктерін көрсете алмай зеріге бастайды.

Екінші кемшілік - алғашқы сыныптардан кейінгіге дейін сабақ құрылымдарының бір үлгіде болуы. Бұл оқушыларды қанағаттандырмайды. Үшінші кемшілік - оқыту үрдісіі барысында оқушылардың арасында ұйымдастырылған қарым-қатынастың жоқтығы. Төртінші кемшілік - оқушылардың дара оқу жұмыстарының басымдылығы, ұжымдық жұмыс формаларының нашар дамуы.

Жалпы мақсат болғанмен, ұжымдық жұмыс көрінбейді. Жан-жақты (фронталдық) жұмыстарда оқушылар бірге емес қатар әрекет етеді, әркім өзінше диктант жазады, есеп шығарады, мұғалімді тыңдайды. Оқушылардың негізгі іоәрекеті оқытуда ұжымшылдықтың элементтері аз көрінеді.

Оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын оятпай тұрып, әрбір оқушының шығармашылығын дамыту мен өздігінен білім алуға үйретуді іске асыс мүмкін емес.

Оқуға мотивтерін қалыптастыру жолдарының маңыздыларының бірі - оку-танымдық міндеттерді шешу барысында ұжымдық іс-әрекет формапарын ұйымдастыруды қолдану. Бірігіп еңбек ету және жолдастық өзара көмек жағымды эмоциялық ахуал тудырады, білімге деген құмарлықтың дамуына, таным үрдісінің нәтижелі болуына әсер етеді.

Ұжымдық оқу әрекеттерінің кейбір элементері: жолдасының жауабын толықтырады, әңгіме, пікірталастарда талқылауға көпшілік қатысады, шешіміи ұжымдасып іздейді, шағын топтармен орындаған жұмыстардың қорытынды-сын шығарып бағалайды.

Өзара оқыту идеясы ұжымшылдыққа баулиды. Мұнда ұжымның әрбір мүшесі бірін-бірі оқытады. Бұл туралы Я. Коменский "Ұлы дидактикасында "Басқаларды оқытатын адам өзінің білімін тереңдетеді, бекітеді" деп көрсеткен. Бұл идеяны Н.Крупская да қызу қолдап "Балалардың өзін оқытушылыққа тартудың үлкен тәрбиелік маңызы бар... бала өзінің білімін тексеріп, толықтырып отыруға мәжбүр болады, оларда ұстамдылық, шыдамдылық, жолдастарының жетістіктеріне деген қызығушылық тәрбиеленеді" деп жазады.

Шағын топтарда дербес жұмыстарды ұйымдастыру (еңбекті бөлісу) ұжымдық іс-әрекетке мол мүмкіндік ашады, әркім жалпы тапсырманың бір бөлігін орындайды, одан кейін топтың барлық мүшелері жұмыстың нәтижесін тыңдап бағалайды, сынып алдында сөйлеуге ұжымдық есеп даярлайды.

Сабақ оқытуды ұйымдастырудың бірден-бір, жалғыз формасы емес. Кейінгі жылдары сабақтан тыс танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың қызғылықты әр түрлі формалары іздестірілуде: жоғары сынып оқушылары кіші мектеп балаларының алдына білімді игеруде баяндамалар, мәліметтер жасайды, үйірмелер жұмыстарын басқарады, жолдастық көмек көрсетеді. Сабақтарда оқушылардың сыныптан тыс іздену іс-әрекетін тереңдету мақсатында мәселелер жиі қойылуы керек. Сыныптағы және сыныптан тыс іс-әрекеттердің мұндай байланысы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ынталандырып, білімдерін тереңдетеді, ой-өрістерінің кеңеюіне және бүкіл сынып оқушыларының білуге құмарлығын дамытады.

Оқушылардың бірігіп атқаратын жұмыстарында ұжымдағы іс-әрекет пен ұжымдық іс-әрекеттің айырмашылығы бар. Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің елеулі белгілері:

-      әрбір ұжым мүшелерінің күш салуын талап ететін, бірегейде маңызды іс-әрекет мақсатын түсіну;

-      іс-әрекетке қатысушылардың арасында міндеттерді, атқаратын істі бөлісу;

-      жұмысты орындауда өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынастарды орнықтыру;

-      бақылауды, іс-әрекетті бағалауды іске асыру.

Ұжымдық іс-әрекеттің сабақтарда және сабақтан тыс дамуы оқушылардың оқу еңбегінің "ұжымдық деңгейімен" қарастырылуы мүмкін. Бұл деңгейлерді анықтаудың өлшемдері ұжымдық іс-әрекет пен оның құрылымының негізгі белгілерінің сәикестігінде. Олар мыналар:

-  ұжымда бір мезгілде жұмыс жасау (ең қарапайым түрі);

-  жұптасып жұмыс жасау (екі жақты сипатта);

-  топтасып жұмыс жасау, ұжымдықтың негізгі белгілері толық іске асады,ең азы 3 оқушы, ең көбі 6-7 оқушы;

-  топаралық жұмыс, топаралық мақсат, міндет айқындалады, оқушылардың топаралық жұмысына мұғалім басшылық етеді;

-  фронталдық-ұжымдық іс-әрекет - оқу-танымдық жұмысты ұйымдастырудың жоғары деңгейі. Бұл деңгейдің ерекшелігі барлық балалар түгелдей қатысады, ұйымдастыру жағынан қиыншылықтар   болғанымен, ұжымның бірігуіне,ынта-мақсатына зор әсер етеді;

-  ұжымдық іс-әрекетті педагогикалық мақсаттарға пайдалану үшін мұғалім оқушының жеке тұлғалық дамуының және ұжымның дамуының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін білуі қажет.

Е.Конникова ұжымдық іс-әрекет жетістігінің үш негізгі шартын атап көрсетті:

-      ол қызықтаратын болуы керек;

-      ол балалардың қызығуларын ескеріп, оған сүйенуі керек;

-      әрбір оқушы оның белсенді мүшесі болып өзінің үлесін қосуы керек.      

 Ал ғалым И.Первина ұжымның дамуының негізгі төрт көрсеткіштерін көрсеткен:

-      ұйымдастырушылық бірлігі;

-      психрлогиялық бірлік (еріктік, эмоциялық, интеллектуалдық);

-      дайындық бірлігі (біріккен іоәрекеттегі әркімнің тәжірибесі);

-      іс-әрекеттің бағыттылығы.

Тәжірибелер көрсеткеніндей, танымдық міндеттерді шешуде педагогикалық мақсатта ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекет көпшілік жағдайда оқушыларға жағымды әсер етеді. Ол оқушылардың танымдық қызығуын оятады және тұрақты (зейінді), ықыласты қамтамасыз етеді.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің жемістілігі жөнінде В.Шатапов "Ілім -ұжымдық урдіс" деп өзіндік іс-тәжірибесін ұсына отырып, автор "тірек сигналдарын" қүрастыруда өзара көмек әдістерін оқушылардың ұжымдық әрекеттерінің өзіндік формасы деп таныды.

Балапар мен жасөспірімдердің ұжымдық іс-әрекетін сипаттауда оның қоғамдық бағыттылығы ерекше рөл атқарады. Тек осы жағдайда қоғамдық пікір қалыптастырады, әрбір ұжым мүшесіне жайлы эмоциялық ахуал туады, оқушылардың азаматтық ұстанымдарының тұрақтануына ықпал ететін ұжымдық адамгершілік дәстүрлер қалыптасады.

Ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін ескеру қажет. Сондықтан мұғалім олардың дамуы мен тәрбиесін жоспарлауда іс-әрекеттің тиімді формалары мен мазмұнын таңдауы керек.

Ынтымақты, үйлесімді, дәл ұйымдастырылған іс-әрекет баланы қуанышқа бөлеп қанағаттандырады. Ендеше танымдык, міндеттерді шешудегі оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің тиімділігі еңбекті ұйымдастыруға байланысты.

Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін екі түрлі өлшемдердің көмегімен жорамалдауға болады: субъективтік және объективтік. Субъективтік өлшемдер оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың, қоғам қайраткерлері-нің бағалаулары. Бірақ, ұжымдық іс-әрекетті жан-жақты бағалау үшін объективті көрсеткіштер керек. Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеті тиімділігінің объективті көрсеткіші ретінде тәуелсіз сипаттамалар әдістерінің көмегімен алынған нәтижелік бағалауларды алуға болады, олар - арнаулы сауалнамалар және ұжымдық іс-әрекет жемісінің талдауы.

Енді ұжым мен тұлға мәселесіне тоқталатын болсақ. Ұжым мен тұлға арасыңдағы байланыс — тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмады. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.

Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа. Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Оқушыларды - болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкіи. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметгік тәжірибесінде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сезім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бүлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама-қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. Өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсеңділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұңдай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.

Әрбір адам аз немссе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті. себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сөйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай дабыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педагогакалық жағдайдың объективті себептері бар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау мәдениеті-нің кемшілігі, жолдасының ескерте тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.

Ғылыми зерттеулер нәтижесіңде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған:

-      Тұлға үжымға бағынады (конформизм);

-      Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады.

-      Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік).

Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талаптарына өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.

Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін:

-      Тұлға өз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай бағынады;

-      Тұлғаның кейбір өзіңдік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді.

Мектеп ұжымдарында көп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс-қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары мен құндылықтарын сырттай қабылдайды, талқылау кезіңде ұжымның одан күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымдағы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ мектеп ұжымынан тыс жерде бұрынғы қалыптасқан тәжірибесі бойынша өзін басқадай ұстайды, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрынғы әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің мектептерімізде ұжымға ашық түрде қарсы шығу көп кездеспейді. Алайда, балалар кейде қарсылық білдіреді, оның өзі де негізсіз себептерден туындайды: көбіне өзін-езі қорғап қалу сезімінің үстемдігінен болады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай типі — бұл бірлікті өмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым-қатынаста болуы тиіс.

Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс. Нағыз лидер еңбектері, іс-әрекеттері ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын алады. Жарқын тұлға, оның өзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.

Психологтар мен педагогтар жекелік қасиетгердің жасырын түрде дамитын мектеп ұжымы мүшелерінің арасында кең тараған бағыт-бағдарын бөліп қарастырады. Берілген жұмыстарды, әсіресе жауапты тапсырмаларды  орындайтын оқушылар аз емес. Баршаның көпке түсу, басқаның үстінен өз билігін жүргізу олардың талпынысына күш-қуат береді. Олар ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына көп мән бермейді, басты мақсаты - өз беделін ғана таныту. [5. 241б]

Даму кезендерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ
Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудық мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.
Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттілігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады.
Белгіленген болашаң үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда сынып жетекшісінің ұйымдастыру жұмысы қажет. Міндеттері: оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, ңиялын ояту, өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашаң үміт дүниесін айңын, бейнелі, әсем суреттей білуі, балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызықты еткісі келетініне сендіруі, орынды талап қою, балалардың мүмкіндігіне сай жұмыстар беру, оның ұжымға және жеке тұлғаға қажеттілігін дәлелдеуі.
Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардық өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы - ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалау керек.
Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылды.
Іс-әрекеті - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Педагогикалық ұжымның міндеті - жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:
•  сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.
•  балалар арасында баңталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтык, бөлектенушіліктің болмауы.
•  басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.
Гуманистік қатынас - ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудық құралы.
Ужымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесіндеі жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.

Сәтті функцияланған оқушылар ұжымы оларды ортақ мақсаттарына қарай бағыттап отыратын ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның басты ұйымы жиналыс болып табылады. Оперативті тапсырмалардың орындалуы үшін староста  және профорг сайланады. Топтың бас мүшелері осылар болады.

  Старостаны жиналыста жақсы оқитын оқушылар қатарынан сайлап, оны оқу орнының директорының  рұқсатымен  бекітеді. Егер староста   өзіне жүктелген қызметті дұрыс орындай алмаса, топ басқа старостаны  талап ете алады. Староста оқу ісі меңгерушісінің басшылығында қызмет жасап, оған есеп беріп отырады.

  Топ старостасы (топ жетекшісі):  мұғалімдерге  сабақ өткізуді дайындауға көмектесуге,  оқушыларды ішкі тәртіпті  сақтаумен қамтуға, тәртіп бұзылған жағдайды топ жиналысында мәлімдеуге, кезекшіні тағайындап, оның өз міндетін атқаруын қадағалауға,  топы әр түрлі  кружоктар мен спорттық секцияларға қызықтыруға міндетті болып табылады. Профоргпен бірге староста сынып оқушыларының тәрбиесі туралы жиналыс өткізеді.

  Белсенді топтардың қарастыратын  мәселелері төмендегілер: үлгерімді жоғарылату,  нашар оқушыларға көмектесу, экзаменге дайындық, тәртіптің мықтылығы, мәдени шаралар жүргізу т.б.

  Белсенді топтардың жұмыстары әр түрлі формада келеді. Олар: индивидуалды  және топтық инструтаж, кеңесулер және тәжірибе  алмасу семинарлары, т.б. Актив  топтармен жүйелі түрде жұмыс жасау керек: индивидуалды кеңестерді  активист жұмыстарын анализдеу; оның топтағы нақты тіркелген жағдайының  тапсырмасын анықтау, кеңес рекомендацияларын  белсенді қабылданғандығын тексеру , өзі үшін қандай қортыдылар жасады осыны барлығын тексеру. Топ кеңестерінде оқудағы қорытындылар, конференцияға дайындық,, шығармашылық  қабілет мәселелері т.б. қаралады.

  Белсенді ұйымдастыру – бұл тұтасқан, мықты оқушылар ұжымының ұйымдасуына  алғашқы қадам болмақ .Мұндай ұжымдардың әрекеті тәрбиесіне  де зор үлесін қосады. Сапалы білім  мен  тәрбие алудағы  басты ролді  оқушылардың өздері иеленуі тиіс. Ұжымның  жұмысын оның мүшелері жауапкершілікті тек өздері үшін ғана емес жалпы ұжым үшін де сезінетіндей  етіп ұйымдастыру қажет.

  Ұжымды қалыптастыруда, ұжым мүшелеріне тапсырмалардың дұрыс бөлінуі де маңызды орын иеленеді. Әрбір оқушы  өз тапсырмасын орындау барысында  топ ісіне өз үлесін қосып отырады. Сондықтан,еңбек тәртібіне, жүріс-тұрыс мәдениетіне, еңбек қауіпсіздігіне дайын өнімді тапсыру мен ОТК –ға  жауаптыларды  тағайындау керек.

  Ұжым  уақытша, оқушылық, тәрбиелік бщлып бөлінед.

  Уақытша  ұжым -  шектеулі  уақытта құрылып, берілгені уақыт көлемінде өз қызметн атқарып, өмір сүруін тоқтады.

  Бұл ұжым өзінің уақытша екеніне қарамастан тұлғааралық қарым-қатынас пен уақытша ұжымдағы жұмыс істеу деңгейі  жоғары болуы мүмкін. Бұл ойлары, қажеттіліктері бір жерден шыққан оқушылар мен оқытушылар  тарапынан жүзеге асады.

  Профессионалды оқу орнының ұжымы басқа  ұжымдардан өзінің оқыту жұмыстарымен ерекшеленеді. Мұндай іскерліктің  мақсаты тек қана білім алу емес,  сондай-ақ қабілеттілік,  кей жағдайда тіпті өнімі шығару болып табылады. Аталмыш ұжымға қатынас спецификацияся ондағы оқушылардың  жас ерекшеліктерімен және педагогикалық емес ұжым құрылымымен анықталады. Топты басқару өндірістік оқытудың  шебері және сынып жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.

  Ұжым құрылымының  нәтижесінің көрсеткішіне: ортақ пікір білдіру мен талпыныс таныту тұтастығы, мақсатқа жетудегі бірізділік және  табандылық, іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және  сақтап қалу шеберлігі жатады.

  Тәрбиелік ұжым оның мүшелерінің   өзін-өзі  тануына, дамытуына зор үлес қосады.

  Оқыту ұйымы басқа әлеуметтік ұйымдарда оқитындарға тәрбие әсерін ескере алмайда. Олардың ішінде әншілер, суретшілер, спортшылар т.б. маңызды орынды иеленеді.Ұйымдар өмір сүру уақытымен (уақытша және тұрақты) басқару формасымен

( формалды емес ұйымдар) ,  кәсіпкерлік мазмұнымен ( қоғамдық – политикалық, потриоттық, танымдық т.б.) классификацияланады. Мұндай шағын ұйымдар оқушылар мен мұғалімдердің  бірігіп, жеке экономикалық  мәселелерді шешіп отыру үшін құрған топтары. Бос уақытқа арналған ұйымдар оқушылардың  сенімділігін , мәнерлі сөйлеуін, қабілеттерін, адамдармен қарым- қатынасын жасау мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі.

    Оқу орнында педагог пен оқушы алдында тұрған тапсырмаларға барлық оқушы өзінің қатынасын сезінетін қалпын жасауы керек. Бұл жағдайда  оқушылардың өз ұжымын басқару басты орынды иеленбек. Өзін басқарудың  дамуы әлеуметтік  қарым-қатынасты сезінуге көмектеседі.

  Өзін- өзі басқаруды түсінудің жаңа әдісі оқушылардың әлеуметтік қалыптасу шарттарының пайда болуын болжайды. Ал бұл ұжымдағы  күрделі мәселелерді шешуімен  қамтамассыз етеді. Оқушылар осындай күрделі мәселелерді шешуге атсалысу  барысында,  өмірде кездесетін қиындықты  төтеп бере алатын қасиетке ие болады. Басқарушылық  проблемаларының шешімін табу позициясы олардың  бірлескен іскерлікке деген қатынасына  тәуелді болады.

  Оқушылардың өзін -өзі басқару – қоғамдық маңызды  мақсаттарға жету  үшін өздігінен жеке шешімдер қабылдауды  дамытудағы  оқушылар ұжымындағы  ұйымның формасы. Өзін -өзі басқару ол оқушылардың  таңдау мен алға қойылған  мәселелерді өзі  шешім қабылдайтын жағдайда ғана пайда болады. Сонымен ұжымның дамуы мен  қалыптасуында шешім қабылдау ғана бастау болады.

 

  Өзін-өзі басқару  оқушылардың кез-келген қызметтері түрінде дамыды. Тез дамыған сайын қызығушылар көлемі де кеңейе түседі.

  Өзін-өзі басқарудың спецфикалық  қызметтерін мақсатты түрде бөлу Соларға өзін-өзі  реттеу,  ұжымдық өзін - өзі бақылау.

  Өзін-өзі активациялау - әртүрлі  сферадағы істердің  жүйелі орындалуына жііне басқару  мәселелерінде шешім  қабылдауда мүшелер санын көптеп кірістіруді  қарастырады.

  Ұйымдастырудың өзін-өзі реттеу -  ұжымның өзінің құралын  ұйымдастырудың мәселелерін шешуде одан әрі  жақсарту үшін және ұйымдастыру қызметтерін  шешуде ұжым мүшелерінің  табандылығы мен белсенділігі және  авторитеті  дегенді ұғындырады.

  Ұжымдық өзін-өзі бақылау – жеке ұйымдастырушы мен өзін-өзі басқару органдарының өзінің атқаратын іс-шараларына  өзін-өзі таңдау,  үнемі анализ жасап отыру – басқарудағы мәселелерге қолайлы шешім табуға  жол іздеу  үшін қолданылады.

  Өзін-өзі басқарудың дамуында өндірістік  оқыту шеберінің  ролі міндетті. Оның оқушыларға  олардың мүмкіндіктері  мен жауапкершіліктерін түсіндіріп отыру өте маңызды. Шебердің басты мақсаты – оқушылардың  белсенділігін  арттырып, іскерлік түрі мен  ұйымдастыру  формасын таңдауға көмектесу.

  Ұжымдағы өзін-өзі басқарудың  дамуындағы жетекші факторлардың бірі -  бұл оқушылардың  іскерлік белсенділігін арттырып қана қоймай,  қарсыластық рухпен  жігерлендіретін топаралық  бақталастық қарым-қатынас. Тек мұндай қарым-қатынастарды барынша адамгершілік құндылықтармен толықтыру керек, бұл оларды адалдыққа баулиды. Педагогтар өзара көмекке бағытталған іскерлікті қолдануы керек.

  Барлық оқу орындарындағы  ұжымындағы оқушылардың өзін-өзі басқарудағы дамуы топтағы өзін-өзі  басқарудағы дамуымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу орындарындағы өзін-өзі  басқару олардың алға қойған тапсырмаларын орындауға бағытталған. Топ ұжымы өзінің  өспелі және  тұрақты құрамымен олардың әрқайсысы үшін қоғамдық іскерлікке араласу мүмкіндіктерінжасайды. Сондықтан  оқу орындарындағы өзін-өзі басқару топтық ұжымдардың инциативасы мен дербестігін шектемеу керек.

Педагог оқу орындарындағы өзін-өзі басқару қалай жүзеге асыратылатындығын қадағалап отыру тиіс. Бұл үшін білім алушылармен сауалнама жүргізу  қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

2.1Оқыту    процесінде ұжымдық технологиясы

 

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауьшда "Білім беру реформасы — Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі.

Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет"деп атап көрсетілгендей, білім беру сала-сында елеулі өзгерістер жүріп жатыр.

Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды сипаты қазіргі кезеңдегі оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Осыған орай соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізілуде. Солардың бірі — Дьяченконың ұжым-дық оқыту технологиясы.

Ұжымдық оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

Ұжымдық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақ-сатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушьшьщ белсенділігі түрінде, ұжым мүшелерінің әрекеттестік, ынтымақтастық бірлігінде, олардың өзара қарым-қатынас сипатында, танып білу үрдісіңде.

Оқыту циклінің инварианттық негіздер жүйесінің 3 деңгейлік құрылы-мында көбіне репродуктивті әдіс пайдаланылады. Сұраққа жауап беру құқын топ жетекшісі анықтайды. Егер алдыңғы оқушы жауабында қателер жіберсе, жауап толық болмаса, онда келесі оқушы жауапты толықтырады, жіберілген қателіктерді түзетеді. Егер топтың басқа жауабы болмаса, онда оқулықтарды, оқу, дидактикалық, көмекші құралдарды пайдалана алады. Оқушылардың барлық жауабы (формулалар, сызбалар, суреттер, есептердің шығару жолы) бір ғана параққа түсіріледі.

Жаңа материалды меңгеру кезеңінде осы типтес тапсырмалар беріледі. Мысалы, сызбаны функцияның әр түрлі мәндеріне сәйкес тұрғызу (әрбір оқушы әр түрлі функция мәндерімен жұмыс жасайды).

Оқушылардың алған білімдерін жаңа жағдайда қолдануда ұжымдық та-нымдық іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясының 3 нұсқасы қолданылады.

Бірінші нұсқа бойынша барлық оқушыларға топта ұжымдық орындауды қажет ететін бірдей тапсырмалар беріледі. Бұл жұмысты ұйымдастырушылық қабілеті басым, достарының арасында беделі бар топ басшысы жүрпзеді. Бұл жерде мұғалім топ басшысы жұмысын нәтижеге қарай бағыттап, тек жол сілтейді.

Екінші нұсқа топ басшыларынан үлкен қарқынды жұмысты талап ететін ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруды көздейді. Бұл жерде оқушы-

ларға қиын есептерді шығару тапсырылады. Сынып бірнеше топтарға бөлінеді, алғашқы кезекте берілген есепті барлығы жеке шығарады. Есепті бірінші шығарып болған оқушы жұмысын мұғалімге көрсетеді. Егер есептің шешімі дұрыс болса, онда оқушы мұғалім тарапынан тиісті бағасын алады және мұғалім оған қосымша тапсырма береді. Осы кезде есепті екінші шығарған оқушы есептің шешімін бірінші оқушыға көрсетеді, бірінші оқушы екінші оқушының есебін бағалайды. Үшінші есепті шығарған оқушы жұмысын екінші оқушыға көрсетіп, сәйкесінше бағасын алады және солай кете береді.

Үшінші нұсқада жаңа меңгерілген білімді жаңа жағдайда қолдануды қажет ететін бірнеше сапалық есептерді шешуді ұсынады. (Есептің саны 5-тен артық емес.) Мұғалім 5 есептің тапсырмасын береді, оқушылар өздері қала-ған ретпен 5 есепті шығаруға кіріседі. Берілген есептер тоггга үлкен пікірталасты қажет ететіндей етіп алынған, сондықтан әрбір топ өзінің ұжымдық жауаптарын ұсынып, сабақ соңында толық әрі нақты жауап берген топ марапатталады.

Ең бастысы, ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру жұмысының басқа жұмыстардан едәуір айырмашылығы бар:

сабақта әрбір оқушының жеке орны, жеке рөлі болады;

    оқушы жаңа білімді мұғалімнің  аузынан  емес, өәзінің  іс-әрекеті
нәтижесінің арқасында алады;

    әрбір оқушы ізденеді, оқушы өз іс-әрекетін өзі бағалайды.

   Сонымен әрбір оқушының дамуына жағдай жасайтын ұжымдық оқыту мынадай міндеттерді шеше алады:

— оқушының базалық білім, білік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;

— оқыту үррдісінде оқушының теориялық және өнімділік ойлау әрекеттерін,танымдық қабілеттерін белсендіру;

— оқушылардың танымдық қызығуын, оқуга деген мотивациясын дамыту;

— белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, еріктестігін ұйымдастыру;

— кәбіне оку жұмысының топтық түрлерін қолдану;

— оқушының өзіндік ізденіс-зерттеу жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру;

— оқушының өз біліміне, күшіне сенімін арту'

— оқушының өзінің көршісінің (ұжымының) білімін тексеруге, бағалауға атсалысу;

— оқушының өз білімінөәзі бағалауы;

— оқу үрдісінде әр тұрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді (стандартқа сәйкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;

— дамытушы оқытуга арналган оиындарды қолдану;

— оқушының шыгармашылық қабілеттерін ашу.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үшін қазіргі кезеңде дарынды да талапты оқушы тәрбиелеп шығару — мектеп мүғалімдерінің алдына қойылып отырған басты мәселе. Ал бүл мәселені шешуде оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ұжымдық технологияны енгізудің маңызы зор.


 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Оқыту процесіндегі оқушыларды ұжымын нығайту жолдары

 

Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны таңдау. Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.

Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірдегі әр түрлі іс-әрекетке жеке тұлғаны ынталандыру, қызықтыру. А.С.Макаренко: "Егер балалар алдында қуанышты, қызықты, істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. Адам өмірін шын ынталандыру - ертеңгі қуанышты сезіну".

Жаңын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар.

Орта перспектива: балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу. Қашың перспектива -ұжымның немесе жеке адамның ұзаң мерзімге созылатын бір істі орындауға талаптануы. Қашық перспектива: келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе кәсіптік оқу орындарына түсу.

Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.

Әрбір мұғалімнің міндеті - перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалану, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындың дәрежесін еске алу.

Ұжым өмірінде дәстүрдің тәрбиелік маңызы зор. Дәстүр -бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер. А. С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітіп, нығайтып, оны толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжым өмі-ріндегі дәстүрдің түрлері: мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, аға ұрпақтың мүрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.

  А.С. Макаренко идеясын И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі" дамытты. Коммунар әдісінің мәні - ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлың іс-әрекет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдістері: ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттерді ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру. Бұл әдістер И. Л. Ивановтың "Кол-лектившілерді тәрбиелеу" атты еңбегінде жазылған.

Ұжымдық шығармашылың іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1-кезеңде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады. Іс жобасы жасалады.

2-кезеңде ұжымдың іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.

3-кезеңде ұжымдың шығармашылың іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.

4-кезенде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындың қорытындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы - сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.

5-кезенде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: "Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?" "Не істелмеді? Неліктен?" "Келешекке нені ұсынамыз?"- деген сұрақтарға жауап алады.

6-кезеңде ұжымдық іске ұорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.

Ұжымда балалардың іс~әрекеті мен қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.

 Даму кезендерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.

Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Мұндай психологиялық күш -болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.

Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттілігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады.

Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда сынып жетекшісінің ұйымдастыру жұмысы қажет. Міндеттері: оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі, балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызықты еткісі келетініне сендіруі, орынды талап қою, балалардың мүмкіндігіне сай жұмыстар беру, оның ұжымға және жеке тұлғаға қажеттілігін дәлелдеуі.

Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардың өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы - ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалау керек.

Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылды.

Іс-әрекеті - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.

Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Педагогикалық ұжымның міндеті - жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:

сергектік, ширақтың, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.

балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, түйықтық, бөлектенушіліктің болмауы.

басқа ұжымдарға жолдастың көмек беруге дайын тұру.

Гуманистік қатынас - ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудың құралы.

Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.[3. 239б]     Ұжым (collectives –лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.

  Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда  ұжым – ол топтардың  ең жоғары  дамыған сатысы.

  Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның  да немесе  индивидтің  және әлеуметтік  қауымның  қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға  қосылуы оның  мақсаттық бірлігіне,  қажеттіліктерінің құндылықты  бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне  негізделеді.

  Ұжымның негізгі белгілері  - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы,  олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде  әртүрлі әлеуметтік  істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.

  Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек  көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың  дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.

  Профессионалды білім алу саласында  ұжымдық бірлестік үшін маңызды ролді  оқушыларға деген нақты талап жүйесі  мен олардың жүріс – тұрысын иеленеді. Қоғамға пайдасы тиер  азаматты тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған  педагог бірінші күннен бастап-ақ  барлығына ортақ талап қоюуы тиіс. Бұл талаптардың қойылуы уақытына емес, әрбір  педагогтың жалпы  ұжымның үздіксіз әреккеті болуға тиіс. Егер оқушыларға  мақсатқа бағытталған  талапты  ұжым емес бір ғана педагог ұсынса бұл нәтижесіз болмақ.

  Оқушылар ұжымына деген жоғарғы талап – бұл тек қана олардың әрқайсысы үшін норма болып қалыптасуға тиісті  ережелерді  орындау ғана емес, осыған қажет шарттар да болып табылады. Осындай шарттардың бірі – педагогикалық  ұжымның өзіндегі жоғарғы талап:  педагогикалық жұмыскерлерге  - админстрация, әр педагогты – жолдастарына, ал ең басты - өз -өзіне. Тек осылай ғана тәрбие жұмысында біріккен, ортақ, ұжымдық методиканы жасап шығаруға болады.

  Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының  педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен педагогикалық талаптардың  мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын нықтау мен әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау  олардың, яғни кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

  Әрбір педагог оқушылар ұжымына немесе оның  бір мүшесіне қойылатын талаптардың  нақтыланған, сарапталған болуы керектігін жақсы біледі. Ал оқушылар болса мұндай жағдайда өздерін қалай  ұстау керектігін өте жақсы білуі тиіс. Педагог оқушыдан не талап ету керектігін, ал оқушы өзіне қойылған талаптың қандай екенін түсінгенде ғана ұжымдағы талаптылық бекілген.

  Ең мақсаты деп табылатын талаптар қатарына мыналар жатады:

-         жалпы талаптар

-         теориялық оқу сабағындағы оқушылардың өзін - өзі ұстауына қойылатын талаптар.

-         шығармашылық  оқудағы оқушыларға қойылатын талаптар.

-         Жатаханадағы жүріс- тұрысына қойылатын  талаптар.

  Аталмыш талаптарды орындау оқушыларға оның мән-мағынасын, мазмұнын, жүйелік дайындығы мен бақылауын түсінуге көмектеседі. Түсіндіру немесе анықтау талаппен жүргізіліп отыру тиіс, оны алмастырудың  қажеттігі жоқ . Талаптың міндеті орындалуын талап ете алатын және сол талаптарды категориялық  формада ұсынып білетін оқытушылар мен  шеберлер ғана  мұндай біріккен, ортақ талаптардың   орындалуына  қол жеткізе алады.

  Оқушының бұл талаптарды орындау маңыздылығы мен пеагогтың қатаң талабын  түсіну өте қажет. Жүріс – тұрыс ережелерін орындау талабы оқушының бұйрығы түрінде де жүзеге асуы тиіс.

  Қойылар талаптардың орындалуына оқушылардың еркін араласуы, яғни оқу орнындағы кезекшілік арқылы тәртіп  сақтаулары да үлкен орынды иеленеді. Бұзылған тәртіп ережелері өз уақытында көңіл бөлінуі тиіс. Бірақ, бұл дифференциалды түрде, жүріс – тұрыс мотивтарын  ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жағдайда индивидуалды әдіс ең маңызды педагогикалық  жағдайлардың бірі болмақ .

  Барлық  талаптарды орындау  жұмыстары тек оларды жүйелі бақылауға алғанда ғана жүзеге асады. Бақылау әсері оның үнемі  жүргізіліп отыруына байланысты әрі оқушылар шығарылған  қорытындыларды біліп  отыруы тиіс.

 

Біз қазан айының 1-і мен 27-сі аралығында мектептерге ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі бойынша практикадан өттік. Мен Бейімбет Майлин атындағы №3 орта мектептің 1а - сыныбына бөліндім. Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеу жұмысым 3 бөлімнен тұрады: бірінші, сынып оқушыларының мектепке қабылданғаннан бергі бір ай уақыт ішіндегі қалыптасқан ұжым деңгейін социометрия әдісі бойынша анықтадым. Екінші, ұжымды қалыптастыруға және нығайтуға 1-сынып оқушыларына арналған педагогикалық-психологиялық ойындар жүргіздім. Үшінші, ұжымды нығайтуға арналған ойындар жүргізіп болғаннан кейін, оқушыларға жұргізілген ойындардың нәтижесін, яғни оқушылар ұжымын алғашқы деңгейден айырмашылығын тағы да социометрия әдісі бойынша анықтадым.

Зерттеудің бірінші бөлімі: Социометрия әдісі адамның қарым-қатынасының психологиялық жақтарын анықтайды. Мысалы, оқушыдан тікелей «Сенің достарың кім?», «Кім саған ұнайды?» деген сұрақтар арқылы нақты жауап ала алмауымыз мүмкін. Сондықтан адамның белгілі бір іс-әрекетке араласуы кезіндегі өзара қарым-қатынасын анықтауқойылатын сұрақтардың дұрыстығынада байланысты. Социометрия әдісі бойынша «қай досыңды туылған күніңе шақырасын?» әдісін қолданып, балалардың бір-бірімен қатынасын анықтаймыз. Оқушыларға парақ таратылып беріліп, сыныбынан туған күніне шақырғысы келетін үш оқушыны жазғызады.

Зерттеудің екінші кезеңі жүргізіледі. Балалардан «сені кім шақырды деп ойлайсың?» деп сұралады. Зерттеу қорытындысы шығарылып, сыныптағы оқушылардың белсенділері және оқшау қалғандары анықталады. [6. 317б]

Социометрия әдістемесінің мақсаты: сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу.

 

 

Таңдау матрицасы

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қанша рет таңдады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзара(бір бірін қанша рет таңдады?)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социограмма

4 шеңберден тұрады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-ші шеңберге (орталыққа) ең көп таңдалуға ие болған оқушылар жазылады.

2-шеңберге таңдау кезінде орташа ұпай жинаған оқушылар жазылады.

3-шеңберге орташа саннан төмен ұпай иеленген елеусіз балалар қамтылады.

4-шеңберге оқшау қалған балалар жазылады.

 

Бірінші бөлімнің қорытындысы бойынша: 1а –сынып оқушыларына осы социометрия әдісі бойынша жүргізілген зерттеу кезінің нәтижесі: сынып оқушыларының арасындағы ең көп таңдалғаны бес рет болды. Олар: Ақбота және Мұхамбет. Ал Асхат, Ерасыл, Жасұлан және Томирис деп аталатын оқушылар бір рет қана немесе мүлдем таңдалмаған оқушылар. Яғни бұл оқушылар «оқшау қалғандар».

Зерттеудің екінші кезеңінде оқушыларға мына ойындарды өткіздім:

 

Гүл ұсыну

Мақсаты: балаларды бір бірімен жылы қарым қатынастыққа тәрбиелеу.

 

Мазмұны: Балалар шеңберге жиналады. Педагог қолындағы әдемі гүлді дөңгелене тұрған баларға ұсынады. Балалар бір біріне гүлді кезек кезек үсына отырып, өздерінің жылы сөздерін айтып, тілек тілейді.

 

 

Күн шуағы

Мақсаты: балалардың бір біріне деген достық қатынасын тәрбиелеу.

 

Мазмұны: Педагог айнаның көмегімен «Күн шуағын» ұстауды ұсынады. Бұдан әрі педагог «шуақты» ұстап алғанын, оны бір біріне шеңбер бойымен жағалата жіберіп, әрқайсысы сипап, жылу алуларын ұсынады. «Күн шуағы» педагогка қайта оралғанда, балалардың ықыласына бөленіп, олардың жылуынан нәр алғандықтан үлкейіп, алақанға симай тұрғандығына назар аудартады. «Шуақты» босатып жібереді, алайда оның жылуы мен нәзік сәулесі балалар жүректерінде қалады.

 

Аңдар мектебі

Мақсаты: баланы қайырымдылыққа үйрету.

 

Мазмұны: Педагог сиқырлы орманға саяхат жасауды ұсынады. Балалар жайланып отырып, көздерін жұмады. Олар өздерін күн шуағы түскен алаңда отырғандай сезінеді. Педагог төбедегі жапырақтың сыбдырын, аяқ астындағы шөптің жұмсақтығын сезініп, естуді ұсынады.

-Алаңнан сендер «Аңдар мектебін» көресіңдер. Айналаға қараңдар. Бүл мектепте қандай аңдар оқиды? Қай аң мұғалім? Оқушылар немен шұғылданады? Өздеріңді қандай аңға ұқсатасыңдар? Мен онға дейін санағанша, сендердің «Аңдар мектебінде» тағы да бола тұруға мүмкіндіктерің бар, енді көздеріңді ашыңдар.

Педагог балалар көздерін ашысымен қолдарына ермексаз алып, не коргендерін мүсіндеуді немесе бейнелеуді ұсынады.

Сабақ соңында балалар өз мүсіндерінен өздеріне ұнаған аңның бейнесін табады.

 

Сиқырлы гүл

Мақсаты: Өз ойын жеткізе білуге және топтағы өзге балаларға өзін таныстыруға баулу.

 

Мазмұны: Балаларға өздерін кішкентай гүл өсінділері тәрізді сезінуді ұсынады. Өз қалаулары бойынша гүлдерді таңдап алады. Бұдан әрі саз ырғағымен гүлдің ашылуын көрсетеді.

Әр бала өзі жайлы, яғни кіммен бірге қай жерде өскенін, өзін қалай сезінетінін, нені армандайтынын әңгімелеп береді.

 

Түрлі түсті гүл шоғы

Мақсаты: Балаларды өзара әрекеттестікке, одан ұуаныш пен қанағат алуңа баулу.

 

 Мазмұны: Әр бала өзін гүл ретінде хабарлайды және гүл шоғын құру үшін гүл таңдап алады д, себебін түсіндіреді. Гүлдердің «күшкене шоқтары» бірігіп, «үлкен гүл шоғына» айналады. [10. 45б]

 

«Карусель»

 Мақсаты: қарым-қатынасты дамытуға арналады.

 

Топ мүшелері екіге бөлінеді. Бірінші топ ішкі, екінші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі тпо пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы-сатып алушы; мұғалім-оқушы; дәрігер-қаралушы; полиция-шофер; әке-бала; анасы-қызы.

Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезің, көңіл-күйін, қабілетін өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

    Жүргізілген зерттеуді қорытындылайтын болсақ сынып оқушыларына жоғарыда аталған ойындар жүргізілгеннен кейін балалар достасып, өздерін өздері басқара бастады. Өздерінің табыстарына деген сенім, мақтаныш пайда болды. Жақсырақ жұмыс істеуге қызығушылықтары қалыптасты. Істеген жұмыстарының сапасы жақсарды.

Үшінші кезеңде қайтадан социометрия әдісін жүргізіп, ұжымның қайта қалыптасу деңгейән анықтадым. Бұл кезең бойынша қорытынды: сынып белсенділерінің Ақбота мен Мұхамбеттің қатарына Гүлім мен Айжан қосылды. Ал оқшау ұалғандардың қатарынан Асхат пен Ерасыл шықты. Олар ойында өздерінің белсенділіктерін және тапқырлықтарын көрсету арқылы сынып арасындағы беделдерін көтерді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оқушылардың  қоғамдық бағыттылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі - ұжымның өмірін жандандыру, мазмұнын тереңдету. Бұл жөнінде оқушылардың ұжымдық іс-шаралардан алған әсерлері айғақтайды (пікірталас, тақырыптық кеш, кездесу, жорық). Ал ұжымдық іс-әрекеттің тәрбиелік тиімділігінің маңызды көрсөткіштері - балалардың белсенділігі мен ынталылығын көтеру, сыныпта және мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту. Ұжымдық іс-әрекеттің әрбір түрі өз белсенділерін шығарады, бірқатар жағдайларда өзін-өзі басқару органдарын құрады. Ұжымдық таным-дық іс-әрекетті ұйымдастыру оқу белсенділерінің есуіне, танымдық дербестіктің, қызығу мен шығармашылықтың нығаюына ықпал етеді.

Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасуына ұжымдық іс-әрекеттердің түрлі формаларының әсерін анықтау үшін мектепте және мектептен тыс өтетін сабақтарда жан-жақты талдау керек.

Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейін үлгіретін және үлгірмейтін оқушылардың пайызымен емес, әр оқушының оқу мен дамуындағы апға басуымен, жұмыс атқаруға деген талпынысымен өлшеуге болады. Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру оқушылардың жеке тұлғалық жауапкершілігін, өзара тәуелділігін дамытады.

Танымдық белсенділік пен дербестікті қалыптастыру оқушының жеке тұлғалық шығармашылық бағыттылығымен дамытудың қажетті шарты болып табылады. Ұжымдық еңбектену үрдісінде оқушылардың жеке тұлғалық қызығуы мен бейімділігін тереңдетудің алғы шарты жасалынады, қарым-қатынас аясы кеңейеді, әлеуметтік және адамгершілік тәжірибелер жинақтайды.

Оқушылардың дамуындағы алға басуы сынып жетекшісі әзірлеген жеке тұлғалық мінездемелерінде жазылады. Шығармашылық белсенділігі үш жақтан (сынып, белсенді мүше, мұғалім) бағаланады, бұл оқушының даралық шығармашылығының қалыптасуы жөнінде нақты мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Оқу-танымдық іс-әрекетте оқушының даралығын дамытудың маңызды көрсеткіші оқудан тыс бірлестіктерде қызығуларына қарай қатысушылар санының өсуінен көрінеді. Оқушылар өздерінің бейімділіктері мен қабілеттерін "шебер қолдар" үйірмелерінде, ғылыми қоғам, көркемдік студияларда, өлкетану саяхаттарында, өнертапқыштар клубында қолданады.

Ұжымдық іс-әрекеттің тиімділігінің маңызды шарты - оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының болуы. Балалар іс-әрекетке құр орындаушы ретінде қатыспай, оның дамуына өзінің шығармашылық үлесін қосуы үшін бар мүмкіндіктерді жасауы керек.

Ұжымдық іс-әрекеттің тәрбиелік тиімділігінің қажетті шарттарының бірі: оған кәсіби педагогикалық басшылық ету. Тәрбиелеу әдістемесін меңгеруден, әр жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін білуден басқа педагог оқушылар ұжымын, ондағы іскерлік және эмоциялық қарым-қатынастарды тиянақты зерттеп, ұжымдық іс-әрекеттің мақсаты мен міндетгерін түсініп және оны ұйымдастырудың түрлі тәсілдері мен амалдарын қолдана білуі керек.

Ұжымдық іс-әрекеттің тәрбиелік тиімділігінің шарттарын қарастыра отырып, бұл іс-әрекет оқу-танымдық үрдіс пен жеке тұлғаны тәрбиелеудің жалғыз ғана формасы деп түсінбеу керектігін ескертеміз. Ол оқушының жеке және дербес жұмысымен өзара үйлескенде ғана жақсы нәтиже береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.       Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Муканова, «Педагогика», Алматы-2005

2.       С. Әбенбаев, Ж. Әбиев, «Педагогика», Астана-Фолиант-2009

3.       Ш. Құрманалина, Б. Мұқанова, Ә. Ғалымова, Р. Ильясова, «Педагогика», Астана-Фолиант-2010

4.       Қ. Сейталиев, «Педагогиканың жалпы негіздері», Алматы-Өлке-2009

5.       С. Мұсаева, Т. Бегалиев, «Жас ерекшелік педагогикасы», Астана-2010

6.       С. Әбенбаев, «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы, Дарын-2004

7.       Педагогика. Лекциялар курсы. - Алматы, 2003.

8.                Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындагы жаңа серпіліс жасау қарсаңында /Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана.   2006 жылғы 1 наурыз.

9.                Мұсаева СА., Зейдалиева Ж. Қысқаша педагогика-психологиялқ сөздік-Тараз, 2001.

10.   «Бейнелеу өнері» журналы

11.   Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі-Алматы-1995

12.   Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы-Алматы-1995

13.   Е. Сағындықұлы, «Педагогика», Алматы-1999

14.   Р. Қоянбаев, «Тәрбие теориясы», Алматы-1991

15.   Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, «Педагогика», Алматы-1998-2000

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолы" (Курстық жұмыс)"

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.07.2017 29686
    • ZIP 584.6 кбайт
    • 182 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шынболат Феруза Рахымқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шынболат Феруза Рахымқызы
    Шынболат Феруза Рахымқызы
    • На сайте: 6 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 97386
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы кризисной психологии

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 325 человек

Курс повышения квалификации

Современные нейропсихологические технологии в обучении детей, в том числе с трудностями в обучении

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 321 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 620 человек

Курс повышения квалификации

Базовый курс по нарративному подходу в психологии

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек