Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Оқушылардың қазақ тілін меңгеруін туризм және өлкетану арқылы уәжтарын (мотивацияларын) жоғарлату»

«Оқушылардың қазақ тілін меңгеруін туризм және өлкетану арқылы уәжтарын (мотивацияларын) жоғарлату»


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Оқушылардың қазақ тілін меңгеруін туризм және өлкетану арқылы уәжтарын (мотивацияларын) жоғарлату»


Бүгінгі таңда егеменді еліміздің ең басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Қазіргі уақытта бірнеше тіл білу, сөйлеу тарихи факт болып отырған еліміздің мемлекеттік тілді меңгеруге, халқымыздың тарихы мен мәдениетіне танып-білуге ұмтылысының артқанын көріп отырмыз. Бұл аса көңіл бөлуді қажет ететін мәселелердің бірі. Қазақ тілінің мәртебесін арттыру бағытында Елбасымыз бен үкіметіміз белгілеп берген нысандарды нақты іс жүзіне асыру мектеп партасынан бастау алары сөзсіз. Қазақ тілі мұғалімінің басты мақсаты оқушының бойына салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, оларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, дүниетанымын арттыру, халқымыздың қасиеттерін кейінгі ұрпаққа сіңіріп, имандылық мінез-құлқын қалыптастыру, ата-бабамыздан қалған әдеби мұраларды, өсиеті мен өнегесін, ақ батасымен адал тілегін, дәстүрін, қанатты сөздерді, мақалдар мен нақыл сөздерді бүгінгі тәлім-тәрбие беретін асыл мұраларымызды өзге ұлт өкілдері оқушыларының бойына дарыту. Салауатты өмір салтын сақтау – адам денсаулығының табиғи қалпын сақтау. Дамыған 50 елдің қатарында болғымыз келсе, дені сау ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Мектеп оқушыларының шығармашылық ізденуі, әр оқушыны патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу, туған өлке тарихын біліп, оған деген қызығушылықтарының дамуын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану.

Қазақ тілін жетік меңгерген, қарым-қатынас жасай алатын, тіл байлығы жан-жақты ақпараттанған тұлға қоғамның жақсы дамуына үлкен үлес қоса алады. Қазақ халқының материалдық, рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы танытуға болады. Мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында оқу үрдісінде әртүрлі оқыту технологиялары мен тәсілдерді қолдану басшылыққа алынды. Қазақ тілі еліміздің тәуелсіздігін, ұлтаралық татулығын, қарым-қатынасын нығайтуға, отаншылдық сезімін қалыптастыруға зор үлес қосады. Қазақ халқының тіліне, салт-дәстүріне, тарихына, мәдениетіне, тұрмыс-тіршілігіне, рухани қасиеттеріне құрмет сезімін оятады. Осыған байланысты елімізде ең маңызды орын өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне бөлінуі тиіс.

«Терең ойлап, тиімді іс жүргізу» атты мағыналы сөз осы жағдайға қатысты айтылған. Оқушылардың қазақ тілін меңгеруін туризм және өлкетану арқылы алдымен уәжтарын (мотивациясын) жоғарылатуға тиіспіз. Мектеп оқушыларын туған өлкелерінің табиғатын қорғау ісіне, экологиялық жағдайларының мәселелеріне, негізгі халықтың салт-дәстүріне, тарихына кең түрде көңіл бөлуін қамтамасыз етуге қазақ тілі арқылы тәрбиелеу. Сонымен бірге адамның өзі – табиғаттың қорғауды қажет ететін, құрымдылық бір бөлігі, ол өскелең ұрпақты қорғаудың экологиялық жағдайларын қамтамасыз етуді талап етеді. Экологиялық саяхат (серуен, жорық, экспедиция және т.б. кіреді) экологиялық өлкетанумен бірліктегі қоршаған ортаны танып білуге кең көлемінде мүмкіндік беретін, туристік-өлкетану қызметі. Өлкетану арқылы оқушылар өз аймағының, өз Отанының, қоршаған ортаның тарихын танып біледі, ал туризм арқылы айналаны, өзі жүрген жерді, табиғатты, оның тылсым сырларын жете біле алады, өзінің зерттеу жұмысы арқылы мұражай, көрме мұрағаттарын байыта алады, табиғат қорғау мәселесі бойынша шығармашылық есеп береді. Қазақ тілі сабағын табиғат аясында, көлдің жиегінде, көшеде өткізгенде бала тілді өзгеше қабылдайды. Бұл жерде оқушылар мен табиғат арасында бір өзгеше қызық байланыс пайда болады.

Уәж (мотивация) – мемлекеттік тілді туризм мен өлкетану арқылы оқыту жүйесін бірізділікке түсіріп, оқушылардың ынта-ықыласын қалыптастыруға және әрдайым биік деңгейге ұстап тұруына қажетті психологиялық мәселе болып табылады. Уәж (мотивация) туғызу мен оны әрдайым жетілдіріп отыру керек, ол үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Қазақ тілі сөз өнері, сөйлеу үлгісі арқылы оқушының сезіміне, ақыл-ойына әсер етеді, ұлт пен адамзаттың адамгершілік, эстетикалық құндылықтарымен жақындастырады, өзге халық мәдениетіне достық сезімін туғызады. Қазақ тілін меңгеруде сайыс әдістермен ойын элеметтерін жиі қолдану тілге деген қызығушылық оятады.

Міне, осы мақсатпен әр сабақта кез келген тақырыпты өткен кезде, өз өлкесінің табиғатына, тарихына байланыстырып отыру керек. Мысалы «Отбасы» тақырыбын өткен кезде, бір оқушының отбасына саяхат жасауға болады. Мектептен шыққан кезден бастап, жол бойы балалардың көңілін қоршаған ортаға, табиғатына, ауа-райына, экологиялық жағдайға, кездескен құстар мен жануарларға, адамнан құстар мен жануарлар қандай көмек күтетіне көңіл бөліп отыруға болады. Сыныпты төрт топқа бөліп, әртүрлі тапсырма беруге болады. Бір топқа отбасының жеті атасын, екінші топқа отбасы мүшелері қандай аурумен ауырғандарын, үшінші топқа барлық отбасы мүшелері қандай жұмыс, мамандықпен айналысқанын, төртінші топқа қай жерде тұрғандарын зерттеуге тапсырма беріп, үлкен зерттеу жұмысын ұйымдастыруға тура келеді.

Сабақта «Қазақстан» деген тақырыпты өткен кезде, Қазақстанның әртүрлі жерлерін видеоролик, фильм немесе слайд түрінде көрсете отыра, саяхат жасауға болады. Сонда оқушылардың Қазақстанның түкпір-түкпірін өз көзімен көргісі келіп, саяхат жасаумен қатар қазақ тіліне де қызығушылығы оянады. Немесе Қазақстан туралы ауызша әлде аудио түрінде суреттеп берсе, сонда оқушылар өз отанының табиғатын, құс-жануарларын көз алдына елестете алады, соны суретке салып алғанда, өз отанын тануға қызығушылығы мен қатар өз бетімен зертеу жұмысын жүргізуге де тура келеді. Оқушы сурет салар алдында ата-анасынан сұрап, немесе интернеттен, кітаптан қосымша мәлімет ізденуіне тура келеді. Ізденіс жұмыстар да қазақ тілін меңгеруге уәжтарын (мотивацияларын) жоғарлата береді.

Соңғы жылдардағы зерттеулер, туристік-өлкетану қызметінің, әсіресе, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтар және мектеп оқушыларының дамуына ықпал ететін тиімді құрал екендігін көрсетті. Бұл қызмет оқушыларға табиғатпен қоян-қолтық араласуға, олардың бойында құнды жеке сапалар: көпшілдікке, қарым-қатынасқа, беріктілікке, шешімділікке және табиғатқа көмекке келу мүмкіндіктерін қалыптастырады. Туризм оқушыларды жағымсыз қылықтарға қарсы тұруға (темекі тарту, арақ ішу т.б.) мықты денсаулық негізін қалыптастыруға, пайдалы және қызық істерге, салауатты өмір салтына тәрбиелейді.

К.Д.Ушинский балаларды табиғат жиынтығына тәрбилеуге үлкен маңыз берді. Ол принципті бірнеше бағытта дамытты, оқушыларды табиғатты қорғау, табиғатпен жақындастыру арқылы оқыту, тәрбиелеу мазмұнын ашып берді.

Оқушыларды туған табиғатпен жақындастыру, өз Отанының тарихы мен мәдениеті туралы түсініктерін қалыптастырудың негізгі бірден-бір құралы болып табылатын бұл – туристік-өлкетану қызметі. Өлкетану туристік жорықтарымен тығыз бірлікте әртүрлі бағыттағы білім беретін экскурсиялар, оқушылардың шығармашылық зерттеулері, ізденіс жұмыстары оқушылардың барлық жастағы топтарына қажет. Бұның бәрін қазақ тілінде жүргізіп, қазақ тіліне деген қызығышулығын, сүйіспеншілігін артыруға болады. Бұл жағдай оқу-тәрбие үрдісінің бір бөлшегі.

Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тәрбие, оның ішінде ең тиімді құралы жазғы демалыс лагерлері деп танылды. Жазғы демалыс лагерінде қазақ тілінде саптүзеуді өткізіп, дене жаттығулар, экскурсия, туристік-өлкетану экспедицияларын жасағанда, әдебиет кештерін, мақал-мәтелдер сайысын ұйымдастырғанда, қазақ әндерін орындағанда, қазақтың ұлттық ойындарын ойнағанда, сонымен қатар тәрбиешілері мен аспазшылары қазақ тілінде сөйлескен кезде, жазғы лагерде қажеттілік орта туады, балалардың қазақ тілін толық меңгеруге уәжтары (мотивациялары) өсе береді.

Туристік-өлкетану экспедициялары-экологиялық бағыттағы тиімді тәрбие жұмысының бірі. Өлкетану оқушыларды тек өзінің туған жерін оқытып қана қоймай, мәдени деңгейін көтеруге тарихқа, өнерге, әдебиетке,тілге деген қызығушылығын көтеруге баули отырып, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа, ғылыми-ізденімпаздыққа бастап, таным кеңестігі мен ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық қабілетін арттыра отырып іс-тәжірибе жинауға, білімділік пен зияткерлік негіз қалыптастыруға, алдағы уақытта өзі сүйетін мамандықты дәл таңдауға көмектеседі. Бүгінгі мектеп оқушысы, сөз жоқ, ертеңгі студент. Ал сол студенттің ертеңгі елге қызмет ететін білікті маман екені дау туғызбайды. Сондықтан мемлекеттік тілді тез арада меңгеру үшін, сабақ қызықты өтуге тиіс. Ол үшін сабақта кинопроектор, кодоскоп, бейне жазба, аудиотаспа, күйтабақ, сызбанұсқа, сюжетті суреттер, плакатты-сызбалар, кеспе карта көрнекілігін пайдалана отырып, саяхат-сабағын, өлкетану экспедиция, зерттеу экспедициясын оқу процесіне енгізілу арқылы қазақ тілі сабақтың сапасын арттыруға болады. Мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру-өмір талабы. Ал, өмір талабын орындау-барлығымыздың парызымыз.










Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров187
Номер материала ДВ-202174
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх