Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Оқушылардың қазақ тілінен өздігінен орындайтын жаттығулар жүйесі және олардың ерекшеліктері

Оқушылардың қазақ тілінен өздігінен орындайтын жаттығулар жүйесі және олардың ерекшеліктері

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Абдрахманова Айгүл Ертайқызы

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы,

И.Құтпанұлы атындағы орта мектебі

Тел: 87757852532

hello_html_33608215.jpg

Оқушылардың қазақ тілінен өздігінен орындайтын жаттығулар жүйесі және олардың ерекшеліктері

Қазақ тілінен оқушылар орындайтын жаттығуларды әдістемелік еңбектерде: «Жаттығу – оқу материалын меңгертуді ұйымдастырғанда, оқу процесінде қолданылатын әдістемелік жүйенің құрылымдық бірлігі» деп анықтайды. Жаттығуларды өздігінен орындау негізінде оқушылардың ақыл-ой әрекеттері, ақыл-ой қызметінің белсенділігі қалыптасады, дамытылады. Тілдік және ой операцияларының күрделенуіне байланысты жаттығулардың бірінен соң екіншісі орындалады. Оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізуі үшін жаттығуларды ғылыми негізде тиімділікпен жасалуы қажет.

Жаттығуларды орындау барысында оқушылар төменде көрсетілгендей түрлі ізденімдік – зерттеу міндеттерін шешеді:

  • тілдік құбылысты бақылайды, оның қандай да бір қасиетін анықтау мақсатында бақылаулар жүргізеді;

  • сөздердің табиғатын тануда, жасалу процестерін талдауда фонетикамен, лексикамен, морфологиямен, синтаксиспен байланысын таниды;

  • түрлі шығармашылық мақсаттардағы тапсырмаларды орындайды.

Әдістемелік еңбектерге сүйенсек, тілдік және сөйлеу жаттығуларының қазіргі кезде 30 шақтысы белгілі, олар түріне, тәсіліне, типіне, мақсатына қарай жіктеледі.


Жаттығулар және олардың жіктелуі


2

Оқу материалы табиғатына қарай

Диалогтік тілдегі, монологтік тілдегі жаттығулар

3

Орындалу тәсіліне қарай

Ауызша, жазбаша, бір тілдік, екі тілдік, механикалық, шығармашылық, сыныптық, үйде орындайтын, индивидуалдық, екі-екіден, топтық жаттығулар

4

Сөйлеу қызметі түріне қарай

Айтылым (говорение), айту-тыңдау (аудирование), оқылым (чтение), жазылым (письмо) жаттығулары

5

Сөйлеу формасына қарай

Ауызекі сөйлеу тілі, жазбаша тіл жаттығулары

6

Тілдің аспектілеріне қарай

Фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік


Білімді теориялық деңгейде меңгеруі барысында оқушылар бір қабаттық жаттығу түрін орындаумен көзделген мақсатқа жете алмайды, себебі, бір деңгейде орындалатын жаттығулар оқушының теориялық ойлауын дамыта алмайды. Сол себепті жаттығуларды жүйелеп, әр түрлі деңгейге топтауға болады. Ол жаттығулардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.


Жаттығу жүйесі


І деңгей

Грамматикалық жаттығулар

Тілдік лингвистикалық жаттығулар, трансформациялық жаттығулар лингвистикалық эксперимент

ІІ деңгей

Логикалық жаттығулар

Ұғымды қалыптастыруға арналған жаттығулар, байымдау жасауға машықтандыратын жаттығулар

ІІІ деңгей

Танымдық жаттығулар

Ойын жаттығулар, тапсырмаларды өзара салыстыра алуға үйрету, мұғалімнің немесе оқулықта берілген оқу тапсырмаларын оқушылардың өз бетімен өзгертуі, «Дауыстап ойлауға» яғни өзінің тапсырманы орындау барысын комментарийлеп отыруға үйрету, графикалық модельдер жасатуға үйрету жолдары, оқушылардан компьютер арқылы тест алу

ІҮ деңгей

Рефлексиялық жаттығулар

Сөйлеуді өңдеуге дағдыландыру, проблемалық ситуациялар жасау және шешуді үйрету, байымдаулардың қарама – қарсылығын анықтауға дағдыландыру

Ү деңгей

Тіл дамыту жаттығулары

Танылып отырған нәрсенің басты, негізгі ұғымда анықтауға үйрету жаттығулары, алдағы кезеңде орындалатын әрекеттің мақсатын анықтай алуға дағдыландыру жаттығулары, орындалған оқу тапсырмасын талдай білу, қойылған проблеманы шешудің түрлі тәсілдерін алдын ала талқылауға үйрету жаттығулары

ҮІ деңгей

Тіл мәдениеті жаттығулары

Сөз дұрыстығы, сөйлеу шеберлігіне арналған жаттығулар

ҮІІ деңгей

Шешендікке баулу жаттығулары

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, шешендіктің алғашқы элементтерін меңгеруге, тілдік элементтенттерін меңгеруге, тілдік шешімдерге келу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар

Жаттығулар жүйесін іштей мұндай деңгейлерге бөліп және оларды жіктеу, сипаттау ісі өте күрделі. Өйткені, «тілдік» жаттығулар мен «ойлау» жаттығуларының, «сөйлеу» жаттығулары мен «танымдық» жаттығулардың нақты ара жігін ажырату мүмкін емес. Бір деңгейдегі жаттығуды орындау барысында оқушы екінші деңгейдің де міндет – мақсатын шешіп, астарласып, қайталап жататыны белгілі. Бұл деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушы алдымен тілдік бірліктердің нақты белгісін анықтауы керек, содан кейін, сол белгіні сыртқа жариялап тұрған ішкі қасиеттер мен заңдылықтарды «іздеп - зерттеу, табады», сосын барып оқушы өзінің ауызекі сөйлеуінде немесе жазба тілінде қолданады. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, жаттығулар жүйесі талдау жасаудан басталып, одан кейін оқушының өз бетінше орындайтын жаттығуларына – тілдік конструкцияларды жасауға, өзгертуге, алмастыруға ауысуы керек. Грамматикалық – тілдік жаттығулардың санын мол етіп бергенде, оның барлығы сабақта орындалмайтындығына назар аударғымыз келеді. Бір сабақта талдаудың екі не үш түрі орындалса да, терең, сабақтасқан талдаулар желісі оқушыда топтастырылған ұғым жасауға арналады. Бірақ, жаттығулар оқушылардың өз бетімен орындауына мүмкіндіктер жасап, мол етіп ұсынылады.

Төменде оқушылардың өздігінен орындайтын жаттығуларын 8 – сынып оқулығына қосымша ретінде дайындап, назарларыңызға ұсынып отырмын. Бұл жерде «Сөйлем түрлері» тақырыбына жеті түрлі деңгейдегі жаттығулар ұсынылып берілді және жаттығулар соңында тақырыпты бекіту мақсатында «Терме диктанты» алынады.


8-сынып

Сөйлем түрлері

І деңгей грамматикалық жаттығулар

1 – жаттығу. Берілген сөйлемдердің айтылу мақсатын анықтап, жақшаны ашып, көп нүктенің орнына қажетті тыныс белгісін қойыңдар. Жақшадан неліктен сол тыныс белгіні таңдағандарыңды түсіндіріңдер.

  1. Қазір ол келіп қалса ше ... (! , ? , . ).

  2. Жылқыны тез қайырыңдар ... (! , ? , . ).

  3. Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті ... (! , ? , . ).

  4. Пай-пай, мынаның шабысын-ай ... (! , ? , . ).

ІІ деңгей Логикалық жаттығулар

2 – жаттығу. Төменде берілген тұрақты сөз тіркестерінің баламасын жақшаның ішінен тауып (әліңе қара, қиянат жасамау, хабарласпау, өте тату), тұрақты тіркестерді қатыстырып, бұйрықты, лепті, хабарлы, сұраулы сөйлемдер құрастырыңдар.

  1. Арасынан қыл өтпейді

  2. Ешкімнің ала жібін аттамау

  3. Ат ізін салмау

  4. Көрпеңе қарай көсіл

ІІІ деңгей Танымдық жаттығулар (графикалық модельдеу жаттығуы)

3 – жаттығу. Берілген сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін графикалық модельмен көрсетіңдер.

  1. Алға қадам басты.

  2. Ол өз ойын басқаға айтар ма?

  3. Табиғат қандай тамаша!

ІҮ деңгей Рефлексиялық жаттығулар (проблемалық ситуациялар жасау және оны шешу жаттығуы)

4 – жаттығу. Сөйлем түрлері түсініктеріңді оппозициялық талдауға түсіріп, ортақ және айырым белгілерін анықтаңдар.

Ү деңгей Тіл дамыту жаттығулары

5 – жаттығу. Сөйлем туралы өздерің оқып жүрген орыс, ағылшын тілдеріндегі сөйлем түрлері жайында байланыстырып, дәптерлеріңе ғылыми-көркем шығарма жазыңдар.

ҮІ деңгей Тіл мәдениеті жаттығулары

6 – жаттығу. Берілген сөздердің синонимдерін анықтаңдар. Олардың әрбірін қосып бұйрықты, лепті, сұраулы, хабарлы сөйлем құраңдар да, синонимдерін алмастырыңдар, қандай мағыналық өзгерістер пайда болғанына сипаттама беріңдер.

  1. Сабыр

  2. Есті

  3. Қуатты

  4. Келбет

ҮІІ деңгей Шешендікке баулу жаттығулары

7 – жаттығу. Берілген сөз тіркестерінен рифмалық үлгідегі шешендік сөз үлгісін (сөйлем) жасаңдар.

Азған елдің белгісі, тозған елдің белгісі, көргенділік белгісі, надандылық белгісі, балалықтың белгісі, шалалықтың белгісі

Терме диктанты. Айтылу мақсаты мен сазына қарай сөйлем құрауға негіз болып тұрған сөздерді теріп жазыңдар.

Жиналыс басталды ма? Қане, жігіттер, аттарыңды қамдаңдар! Сонша малға жерді қайдан таппақсың? Жоғал, көзіме көрінбей! Өзіңіз қандай ақыл бересіз? Тыңда, дала, Жамбылды! Жарыс туын жоғары ұстайық! Жездең ертең келетін шығар? Тапсырманы орындамай көрші! Оған өлең ұнады білем, сірә? Бейшара-ай, мынаның тарта алмай келе жатқанын-ай! Не деген әсем дауыс!

Өздеріңіз байқағандай жаттығулар оқулықтан ауытқымай, тақырыпты жан-жақты ашуға мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылған. Мұндай тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқулық шеңберінен тыс жұмыс жасауына қолайлы.

Қолданылған әдебиет: Н.Құрманова, «Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы», Астана, 2007 жыл.






Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 18.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров11
Номер материала ДБ-364348
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх