Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / «Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

«Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу»

библиотека
материалов

Баяндама тақырыбы: «Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, жоғары

адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу»


Мақсаты: Жалпы оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,

əлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары

адамгершілік жəне көшбасшылық қасиеттерді дарыту.

Міндеті: Оқушылардың отансүйгіштікке тəрбиелеу жəне олардың азаматтық

белсенділігін, əлеуметтік жауапкершілігін жəне əлеуетін ашу тетіктерін

қалыптастыруда психологиялық әдістемелер кешені арқылы іске асыру.

Елбасымыз атап кеткендей, біздің балаларымыз нақ осы білім беру жүйесінде өсетіні және қалыптасатыны және есейетіні. Бұл әрбір отбасын да толғандырады. Өскелең ұрпақ  ел ертеңі , ұлт болашағы. Еліміздің дамуы жас ұрпақтың тәрбиесімен тығыз байланысты. Халық даналары «Балаларды жақсы тәрбиелеуде – бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу – бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы айыбымыз» - деген екен.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» бекітілгендігі баршамызға белгілі. Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі - өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.

Жас ұрпақтың болашағын қалыптастыруда педагог мамандардардың үлкен міндетінің бірі, міне, мен де педагог ретінде, яғни бүгінгі жұмысымды әр баланың бойындағы адами қасиетті психологиялық тұрғыдан қалыптастыру жолын қозғамақпын. Жас ұрпақтың саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мəдениетті тəрбиелеу, ұлттық сəйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылып келеді. 2011 жылынан бастап:

-білім беру ұйымдарында спорт секцияларының желісі дамытылып келеді;

-қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік рəміздерді таныту, тарих, салт-дəстүр жəне ана тілін білу жөнінде іс-шаралар жалғасын табуда;

-түрлі жобаларды іске асыру арқылы оқушылар арасында қайырымдылық мəдениетін қалыптастыру жөнінде мақсатты шаралар өтілуде.

-Девиантты мінез – құлықты балалармен жұмысты жоспарланып, облыстық көлемінде іске асырылуда. Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықтың алдын - алуы түрлі факторлардың өзара іс-қимылымен қамтамасыз етіледі: отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта жəне тұтас қоғам.

Осы іске асырылып жатқан бағдарламаның әр бөлігі әр баланың санасын, мінезін, болашаққа сенімін, қоршаған ортамен қарым-қатынасын байланыстырып, жеке тұлға ретінде дамуына зор үлесі бар.

Оқушылардың əлеуетін ашу тетіктерін іске асыру

Ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеті бар белсенді оқушылар мен шығармашыл оқушыларды қолдау мақсатында жыл сайынғы ұлттық конкурстар, ойындар, турнирлер, КТК, білім жетілдіретін байқауларға қатысу қамтамасыз ету көзделуде.

Оқушылардың əлеуетін ашу тетіктерін іске асыру жолдары:

- Тұлғаның өзіне сенімділігін қалыптастыру;

- Жеке, топтық кеңестер беру;

- Тренингтер, сауалнамалар жүргізу;

- Әңгімелесу;

- Ата-анамен, отбасымен, мұғаліммен тығыз байланыста болу;

Оқушылардың саясатын  жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында мынадай құндылықтар қалыптасады:

  • Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік екенін;

  • Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болуды;

  • Еңбекке құрметпен қарауды;

  • Дәстүрге адалдық, үлкенге де, кішіге де сыйлы;

  • Достық, өзара көмек көрсету мен бірлікте болуды;

  • Қиындықтан қорықпай табысқа жетуді;

  • Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет етуді.

Жас ұрпақ– келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш - жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Мектеп жасындағы баланың рухани - адамгершлік дамуы мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар алу арқылы бойында адами қасиеттер қалыптасады. Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,-дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына дарыту үшін:

  • Балаға жақын болу;

  • Мұғалім, ата-ана өзін тәрбиелеу керек;

  • Қазақтың әдебиетін, тарихын, мәдениетін білуі қажет;

  • Талап қою, орындату;

  • Жылы сөз, әдемі күлкі, терең ой, жақсы мінез қалыптастыру тиіс.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа - қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеуде жоғарыдағы ұстанымдарды ескерсек, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», - депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде» деген екен. Шындығында, бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. «Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек - ұлы жеңіс болары анық.

Осы орайда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет»,- деп айтқан болатын. Ал, сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық. Көшбасшы ұйымдағы адамдарға әлеуметтік, психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білім, моральдық құндылықтар беруші, қоғамдық өмірде, топта белсенді мүшесі. Ал, оқушылардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз – ол басқару іс-әрекетіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолдана алу қабілеттілігін сипаттайтын жеке тұлғаның кіріктірілген қасиеті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен?»деген сұрақтар туындайды.

Көшбасшы (интеллектуалды) тұлға дамыту үшін:

  1. Сенім

  2. Бақылау

  3. Қосымша жұмыстар (деректер, ізденістер)

  4. Жауапкершілік

  5. Бағалау

  6. Қолдау

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті. Әр баланың санасын ояту үшін, өмірге, болашаққа деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдана білуіміз шарт. Сондықтан да, болашақ жас ұрпақ өзіне керекті қызықты, өмірдің қыр –сырларын түсіну үшін, бойындағы шығармашылық, дарындылық қабілеттері мен ұйымшылдық, белсенділік қасиеттерін дамытатын әдістемелер, сергіту сәттері арқылы қалыптасады.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды»,- деп бекер айтпаған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез – келген іс – әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезіну керек, әр оқушының ойынға қатысудағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен қасиеті сипатталады. Ойын арқылы оқушылар отбасыға, отанға, жан-жағына деген қарым-қатынасы, сүйіспеншілігі, жоғары адамгершілік құндылықтарын бойларына сіңіреді. Ойын әрекеті әр оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым- қатынас жасауға тәрбиелейді, өмірге деген көзқарасы жақсарады, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады.Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С.Макаренконың: «Ойын балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды» деген ойымен келісемін. Оқушы өмірінің көп бөлігін 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренеді, бойына іздену, жауапкершілік, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеті дариды.

Оқушылардың шығармашылық, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін дамытуда:

Мәселен, «Менің бейнем», «Мен бақыттымын», «Белсендімін бе?», «Өмір керемет» атты тағы да басқа психологиялық жұмыстар жүргізу арқылы баланың өмірді, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын дуниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Ойын түрлері:

  1. Ұлттық.

  2. Дидактикалық.(пән бойынша тапсырма, мақал –мәтел, жұмбақ)

  3. Логикалық.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

  • Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

  • Ойынға кірісер алдында оның жүргізулі тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

  • Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне , ойлана білуіне жетелеу.

  • Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

  • Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Елжандылық адам баласына туа бітпейді. Ол айнала қоршаған дүниені дұрыс танып білгенде ғана пайда болатын құбылыс. Айнала қоршаған ортадан беймәлім нәресте дүниеге келгенде мейірімділік пен шындықты, батылдықты, жауапкершілікті, сатқындық пен әділетсіздікті, пайда күнемдікті кездестіреді. Өмірлік тәжірибесі енді ғана қалыптасып жатқан даланы ненің жақсы - жаман қасиет екенін тани білуге тәрбиелеу және қалыптастыру маңызды мәселе. Баланы елжандылық рухта қалыптастырудың алғашқы кезі мектепке дейінгі жастан басталып әрі қарай жан – жақты жүзеге асатын үрдіс. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары айналамен таныстыруда сезім мүшелерінің - көру, есту, түйсіну, иіскеу, сипап сезу сезімдері белсенді жұмыс жасап, одан әрі даму қарқынды түрде дамып отырады. Психология ғылымында ғалымдар сезімнің бірнеше түрлерін қарастырған: сезім тәрбиелеудің құралдарын қазақ халқының үш құндылық сезімі арқылы қарастыруға болады:

1.Адамгершілік (моральдық) сезім- жеке адамның өздерімен қарым- қатынасқа

түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық қатынас және Отанға, достыққа,

намыс – борышқа деген көзқарасы.

2.Интеллектуалдық (көшбасшылық) сезім- ақыл - ой процесінде пайда болған жеке дара сезімін, терең, ішкі толқыныстардың қанағат, ирония және жаңалыққа ұмтылуы. Тәрбиеге ең қиын нәрсе – сезе білуге үйрету. Балаларды сезе білуге үйрету, оларға өзінің эмоциялық – адамгершілік мәдениетін бере білу.

3.Патриоттық (отансүйгіштік) сезім – адамгершілік сезімінің бір қомақты саласы болып табылады. Сенім. Ел басшылығы, Үкімет орындағы халқының бейбіт, тынышта өмір сүруі мен жарқын болашағы үшін қызмет етуде.

Елжандылық сезімінің бастапқы кездерін еске алғанымызда, алдымен балалық шағымыздағы әсерлерге жүгінеміз: бұл тереземіздің түбінде өскен ағаштар, атамыздың жайқалған бау-бақшасы, ауылдастардың дастарған бастағы таусылмас әңгімелері, қосыла шырқаған тамаша әндері. аланың өз Отанымен танысуы табиғатпен тығыз байланыста болады. Ауладағы гүлдер, бақшадағы жеміс ағаштары, шомылатын көл, күнге қыздырынатын жағажай, барлығы баланың сезімінде мәңгі қалыптасып, сүйіспеншілік сезімін оятады. 

Мемлекеттің білімді, адамгершілігі мол, тапқыр, кез-келген жағдайда   дербес шешім жасай  алатын, ынтымақтасуға  және   өзара іс-қимылға қабілетті,  ел тағдыры үшін  жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына  жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы  азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеу Мемлекеттік  бағдарламасынан  және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда.

«Қазақ баласын ұлтжандылық, адамгершілік, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғарғы оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады»,-деген елбасымыздың сөзімен қорытындылай келе, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай патриоттық сезімдерді, адами қасиеттерді жеткізе білсек, өмірде соны өзіміз қолданып, әр оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті тұлға, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

Жас ұрпақтың тарихи тұлғалардың жүріп өткен жолынан алар өнегесі мен рухани тәлім-тәрбиесі ұшан-теңіз, осы адамгершілік құндылықтарды  оқушылардың бойына сіңдіре білу ұстаз - біздің парызымыз болмақ!


А.Құсайынов атындағы ЖОББМБ


















БАЯНДАМА


«Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, жоғары

адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу»

















Баяндамашы: психолог Г.К.Саламатова


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.09.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров581
Номер материала ДБ-185796
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх