Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жолдары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физика

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жолдары

библиотека
материалов

Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді жолдары

Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.

Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамуы оқушыны сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ-ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Бағдарлама – мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру -оқушының, меңгерту – мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.

Бірыңғай тестілеу жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымыз бен  мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді. Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде тарихты оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны- Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін азаматтарды қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқарады. Міне, осы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі уақыт ішінде жылма-жыл оқушыларды физика пәнінен дайындап келемін. Оқушылар арасында тестіні жаттап алсақ болды деген теріс түсінікте қалыптасқан. Тест сұрақтарын үнемі жаттап алу, тестілеу кезінде жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып, оқушылардың шатасып қателікке жол беруіне әкеледі. Жаттау әдісі бойынша оқушы оқиғаның түп-тамырына назар аудармайды.

Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Менде тестіге қатысты тәжірибеде көзім жеткен, күнделікті жүргізіп отырған жұмысым туралы, оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда қолданатын әдіс-тәсілдеріммен ой бөлісіп, ортаға салғым келеді.  10-11 сынып оқушыларына алдымен ҰБТ-ға қалай дайындалу керек екендігі жөнінде түсінік беремін. Оларға мына жағдайларды қатаң есте сақтауларын талап етемін. 

1. Тақырыпты алдымен оқулықтан қарап шық.

2. Сабақты зейін қойып оқып, керекті жерлерін дәптерге түсір.

3. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беруге тырыс.

4. Дайындық барысында мектепте не болмаса үйде сұрақ-жауап әдісін пайдалан.

5. Тест сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін алдымен қате жауапты сызып таста.                                                                                 

  Мектебімізде 11-класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ  кестесі бекітіледі. Қосымша сабақ- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже - ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асады. Қандай сабақ болмасын қазіргі заманғы жаңа оқыту технологиясын кеңінен пайдалануға болады. Мысалы: проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, ойын, тірек-сигналдары арқылы оқыту түрлерін көбірек пайдаланамын. Тестке дайындық барысында оқушыларға екі дәптер арнатамын. Бірінші дәптер тақырыптарды қайталауға, екінші дәптер тест жұмыстарына арналады. Әрбір тақырыптық , аралық бақылау және сынама тестілері алынғаннан кейін оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі. Дәптердегі әрбір тест тапсырмалары орындалғаннан кейін сол күнгі алған балын жазып отырамын. Сабақ бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Онда көптеген жұмыс түрлері белгіленген. Әрбір сабақ сайын өтілген тапсырмалар бойынша  сұрақ-жауап  әдісін пайдаланамын. Ол үшін 7-11-сыныптардың оқулықтары бойынша сұрақтарды алдын-ала дайындап алдым. Дайындалған сұрақтарды оқушылардың қолына компьютермен көбейтіп беріп қойдым. Бұл сұрақтарға оқушы үйде өз бетімен дайындалады. Сұрақ-жауап әдісі бойынша сұрақты оқып, оқушылар дәптерге дұрыс жауабын жазып отырсада болады немесе ауызша жауап береді. Оқушылардың білімін бақылау үшін тест жүйесін қолданудың үлкен маңызы бар. Тест оқушылардың білімін анық көрсетеді. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері  және есте сақтау қабілеттері артты. Тест тәсілдері оқушыларды ойландыратындай, қызықтыратындай болуы керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету-мұғалімнің басты міндеті.Оқушыларды тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушының қиналмай жаттап, ұмытпаулары үшін тест тапсырмаларын мағынасына қарай іріктеп, жаттатуға болады.

ҰБТ -білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
ҰБТ – ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын жыл сайын оқу жылы басында құрып, сол бағдарлама негізінде жұмыстар жүргізіледі.
Бағдарламаның мақсаты: ҰБТ-ді оқушылардың сәтті және нәтижелі тапсыруына сапалы дайындық.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
11 сынып бойынша байқау сынақтарын өткізу кестесін жасау;
пән мұғалімдерінің оқушыларды ҰБТ-ге дайындау жоспарын құру;
ҰБТ-ге дайындықтың қосымша сабақтар кестесін жасау;
жекелеген оқушыға тест қорытындысы бойынша мониторинг жасау;
байқау сынақтарының сараптамасын талдау және оны оқушы мен ата-аналарға таныстыру;
байқау сынақтарынан төмен көрсеткіш көрсеткен оқушыларға көмек ұйымдастыру;
байқау сынақтарының салыстырмалы диагностикасын жасау;
мұғалімнің ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесінің болуы.
Мұғалімнің оқушыны
ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесі төмендегі кезеңдерден тұрады.
І. Ұйымдастырушылық кезең:
оқушыларды ҰБТ-ді ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру,
ҰБТ-ге арналған бұрыштама жасап ілу;
5-ші таңдау пәнін дұрыс таңдау мақсатында кәсіби бағыт бағдар беру;
жыл көлеміндегі және тоқсандық қорытынды бағаларының дұрыс обьективті
қойылуына бақылау жасау;
аралық байқау тестілеуіне мониторинг жүргізу.
ІІ. Ақпараттық кезең:
ҰБТ туралы сайттар мен қосымша әдебиеттермен таныстыру;
білім және ғылым министрі мен ұлттық мемлекеттік тестілеу орталығының нормативті құжаттарымен таныстыру.
ІІІ. Психологиялық кезең:
пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің іс-тәжірибе алмасу семинарларын өткізу;
оқушыларға арналған психологиялық тренингтерді ұйымдастыру және өткізу;
оқушыларға «Қорқынышты қалай жеңуге болады» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу;
«Менің түлегім» атты ата-аналар жиналысын өткізу.
VІ. Технологиялық кезең:
курстар мен үйрету семинарларына қатысу;
тесті құру теориясы мен тесті өңдеу технологиясын меңгеру;
күнделікті сабақта және бақылау жұмыстары кезінде тестілеуді қолдану;
оқушыларды тест жазу жұмысына үйрету;
пән бойынша (тарау, сынып, курс) тест тапсырмаларын құру;
мұғалімнің өзіндік білімін көтеру жоспарына ҰБТ жағдаяты туралы сұрақтарды енгізу.
Оқу үрдісінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ – ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.
Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:
– Психологиялық және әлеуметтiк – психологиялық тұрғыдан қиындық көрiп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезiнде көмек көрсету;
– Проблемасы бар балаларды жан – жақты зерттеп, оны туғызған себебiн анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргiзу;
– Дамуына ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерiн өндеу үшiн психологиялық тренингтер ұйымдастыру;
«Ұмытудың пайызын азайту үшін не істеу керек?
Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін қалай жаттықтыру керек?» – дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.
1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.
2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.
3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.
4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.
5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар
6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.
7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.
8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.
9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық – еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.
10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.
11. Таңертеңгілік 8 – 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді.
Жемісті жұмыстың шарықтау шегі – кешкі 19. 00 дейін.
12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.
Еске сақтаудағы маңызды құпия – эмоционалды еске сақтау.
Мұғалім ҰБТ-ге дайындалуда қандай мақсат қоюы тиіс?
Мақсаттар:
1.Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуі тиіс;
2.ҰБТ-ге сапалы дайындық ұйымдастыру;
3.Оқушыларды 100% оқу үлгеріміне талаптандыру;
4.ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарлату.

Мұғалімге мақсаттарына жету үшін үш топтың қолдауы қажет деп ойлаймын.

І. Ұжым

ІІ. Оқушы

ІІІ. Ата-ана

І Өздеріңізге белгілі ҰБТ-дің нәтижесі арқылы тек оқушының немесе жеке бір мұғалімнің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның, мектептің білім сапасы сарапқа салынады. Сондықтан ҰБТ-ға дайындыққа міндетті түрде бүкіл ұжымды араластыру қажет.

І. Ұжымнан көмек

1. Мектеп басшыларынан қандай көмек қажет?

А) ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жоспарын жүйелі түрде ұйымдастыруы,

Ә) Дайындық кестесі пән мұғалімінің сабағына сәйкес құруы,

Б) Пән мұғалімдерінің сағаттарын толықтыру

В) Пән мұғалімдеріне жеңілдіктер жасауы

Г) Сынама тест сараптамалары бойынша ата-аналар мен оқушылармен жұмыс жүргізу

2. Пән мұғалімдерінен қажет көмектер

А) Жекелеген оқушыларға сабақтар беру

Ә) Қиындық келтіретін сұрақтармен талдау жасауға көмек беру

Б) Тесттер,қосымша тапсырмаларды көбейтуге ат салысу

3. Сынып жетекшілерінен көмек

А) Оқушылардың дайындық сабақтарына толық қатысуын қамтамасыз ету.

Ә) Пән мұғалімдерімен байланыста болу

Б) Жекелеген оқушылардың қосымша сабаққа қатысу кестелерін реттеу.

В) Ай сайын алынған сынама тестердің қорытындысы шығарып, оқушыларды, ата-аналарды таныстыру

ІІ. Оқушы

  1. Мұғалімге сенім білдіруі;

Оқушы мен мұғалім арасындағы сенімнің болуы өте маңызды нарсе.

«Үйрету үшін ұрысудың, пайдалы болу үшін намысқа тиюдің қажеті жоқ» деп оқымысты Ларошуфенко айтқандай көп жағдайда мұғалімдер дайындық кезінде оқушыларды деңгейлеріне қарай топқа бөлуді әдетке айналдырған. Бұл үлкен қате және оқушының намысына тию деп есептеймін. Мейлі ол үздік оқушы болсын, үлгірімі жақсы не төмен оқушы болсын, қалай болғанда да ол мұғалімнің өз еңбегінің жемісі екенін ұмытпауымыз қажет. Осы мәселеге байланысты оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесінде түйгенім ұрысып, айқайлап, қорқыту арқылы оқушыға білім беру мүмкін емес екен. Ондай жағдайда оқушы білмегенін мұғалімнен сұрауға бата алмайды, қорқады немесе іштей ерегісіп оқуға деген ынтасы жоғалады екен.

Біз ұстаздар оқушыға сенім білдіруіміз керек, тек сол жағдайда ғана оқушыда мүғалімге сенеді.

  1. Оқушылардың дайындық сабақтарына уақытылы қатысуы.

  2. Қажетті оқу-құралдарының болуы .

Тест сұрақтары оқулықтардан дайындалатындықтан, 11-сынып оқушыларында төменгі сыныптың оқулықтарының болуы, білім сапасын көтеруге зор пайдасын тигізеді. Оған қосымша Шың кітабы, әр жылғы тесттер жинағы, 5+ тест , қосымша жұмыс дәптерлері болғаны дұрыс.

  1. Тапсырмаларды жауаптылықпен орындауы;.

Оқушыға берілетін тапсырма түрлері түрленіп отырғаны жөн. Тек тестпен жұмыс істеу оқушыны жалықтырады. Оқушыларға тапсырманы берген кезде міндетті түрде оқулықтардан іздейтіндей етіп берген жөн.

ІІІ. Ата-ана

  1. Мұғалімге және оқушыға қолдау көрсетуі.

(мұғалімге сенім білдіруі, кеңестерін орындауы, ескертпелеріне түсіністікпен қарауы кажет)

  1. Баласының дайындық сабақтарына жауапкершілікпен қарауы

(баласының үйдегі жағдайын жасауы,бірлесе дайындық жүргізуі)

  1. Қажетті оқу-құралдарымен, заттарымен қамтамасыз етуі.

Осы үш топтың арасындағы жұмыстар жүйелі түрде орындалса ғана мұғалім мақсатына жете алады

Мұғалім алдына қандай талаптар қоюы керек?

  1. Өзіне және өз біліміне деген сенімділік

  2. Оқушымен тіл табысып, жақсы қарым-қатынас орнатуы керек.

  3. Оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту қажет

  4. Жұмыс жоспарын жасап,тапсырма түрлерін көбейтіп, түрлендіріп, сараптамалар нәтижесін шығарып отыру қажет


ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?
күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
интерактивті технологияларды пайдалану;
жеке тұлғаның даралығын дамыту;
оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарының кезеңдері:

1-кезең.Диагностикалық:
бақылау жұмыстарын өткізу арқылыоқушылардың білім деңгейлерін анықтау
өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
ҰБт-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.
2-кезең.Практикалық:
тест жинақтарымен жұмыс,
күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
топтық және жеке дайындық;
тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең.Синтетикалық (анықтаушылық):
тақырыптар бойынша бақылау тестілері;
мониторинг;
қатемен жұмыс парағын жүргізу;
психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.

Алдын-ала сыныпқа бақылау кіріспе/нөлдік/ тест өткізіледі.Сыныпқа жеке папка дайындалады.Оның ішінде: байқау сынақтарының нәтижелері, өз бетімен білім-білік дағдысын айқындайтын мониторингі, қателерді талдау парағы, сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар. Сонымен қатар, мұғалім кабинетке барлық керекті қосымша әдебиеттер мен әртүрлі тест тапсырмалар жинағын үгемі толықтырып отыру керек.
Байқау сынақтары кезінде жіберген қателіктерінің себебін анықтап, оқушының алдағы міндеттерін көрсетіп отыру мұғалімнің негізгі жұмысы болып табылады. Байқау сынақтарында жіберілген қателіктер бойынша оқушының жеке жұмысының тақырыбы және көлемі шығып отырады.

Дайындық жұмыстарын неден бастаған дүрыс?

1) Жылдық жүмыс жоспарын жасау. Жұмыстарды алдын ала жоспарлау алудың маңызы зор. Жоспар оқулық материалдары негізінде жасалғаны дұрыс. Мен ҰБТ байланысты жылдық жоспар жасап, күнделікті пайдаланып жүрмін.

2) Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері. Менде 2005 жылдан бергі барлық тест түрлері жинақталған. Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың физика пәні бойынша дайындыққа септігін тигізеді.

Осы сынама тестердің де оқушыға пайдасы өте көп. Оқушы өзін ҰБТ-ы тапсырып отырғандай сезінеді, әрі жауабын білгенше асығады. Кейбір оқушылар жауаптарының қаншалықты дұрыстығын білу үшін мұғалімдерге тексертуге тырысады. Бұл дұрыс емес, оқушы әуелі өзі тексеріп, онан сон қасындағыларға тексертіп, тек күмәнданған сұрағын ғана мұғалімнен сұрауы керек. Мен оқушыларға өз сабағымды сынама тест аяқталсымен өздеріне тексертіп, жоғарғы жағына нешеу дұрыс екенін жаздырып қоямын. Кейін жауабы келгенде сол жауаппен салыстырып, қате кеткен жері болса, өздеріне қайта іздетемін. Сонда ғана оқушының өз ісіне деген жауапкершілігі арта түседі, әрі өзіне деген сенімі күшейеді. Тақырып бойынша бақылау тесттері менің соңғы уақыттағы көп пайдаланып жүрген әдісім. Жылдық жоспарым бойынша өтілген тақырыпты талдап болған сон, міндетті түрде сол тақырыпқа байланысты тест жұмысын аламын. Ол арқылы оқушының сол тақырыпты қалай меңгергенін көріп, қай жерлерді дұрыс меңгере алмағанын көруге болады. Тақырыпқа байланысты тест түрлеріне мен және әр тақырыпқа байланысты өзім жинақтап жазғандарымды пайдаланамын.

3) Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.

Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші ескеру керек нәрсе оқушының қызығушылығын ескеруіміз керек. Сұрақтарды баланы жалықтырмау үшін түрлендіріп отырған дұрыс. Сұрақтың мазмұнын ғана емес, берілу түрінде түрлі үлгіде жасаған дұрыс.

4 ) Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар; Деңгейлік тапсырмалар негізін мен «Достық» орталығынан бір оқушының алған журналынан көріп, соның негізінде жасай бастадым. Бұл жеке бір тақырыпта жұмыс істеуге өте тиімді тәсіл. Әр өтілген тарауды оқушылардың қалай меңгергенін осы тапсырманы орындатқаннан кейін анық байқауға болады.

  1. Логикалық тапсырмаларды талдау. Соңғы жылдары ҰБТ кезінде

берілетін сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмаларда енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға осындай сұрақтардың кездесуі мүмкін екенін түсіндіре отырып, логикалық тапсырмаларменде жұмыс жасап үйреткен дұрыс.
6) Топтық және жеке дайындық. Бұл екі дайындық түріменде жұмыс жүргізіп көрдім. Екеуі де өте тиімді.

Оқушыларды физика пәнінен ҰБТ-ге дайындаумен қатар 9-сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындаудың маңызы зор.

Физика пәнінен оқушыларды ОЖСБ-ға дайындау мақсаты:

  • оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

  • физикалық білім-біліктерді және физика ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау;

  • логикалық ойлау, таным іс-әрекеттерін дамыту;

  • қиынға ұмтылу, зерттеушілік қасиеттерін арттыру;

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге машықтандыру.

Міндеттері:

  • оқушыларға терең, кеңейтілген білім беру;

  • ОЖСБ-дан оқушылардың жоғарғы балл алуын қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды физикалық танымдық түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету;

  • оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіне ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:

  • оқушылардың кәсіби бағдар алып, таңдаған мамандығына жақын білім алуына мүмкіндік болады;

  • қиындық деңгейі жоғары есептерді шығаруға ұмтылады;

  • ОЖСБ-дан жоғары балл жинайтын оқушылар іріктеледі.

Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:

  • физика формулалары бойынша заттардың аталуын және сол бойынша жүргізілетін есептерді есептей білуі тиіс;

  • алған теориялық білімді іс жүзінде қолданудың жолын білу;

  • физикалық шамалар арасындағы байланысты терең зерделей білуі тиіс;

  • сызбада берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып, анықтай білуі тиіс;

  • физикалық құбылыстарды ажырата білуі тиіс;

  • физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білуі тиіс;

  • физика пәнінен меңгерген білім,білік, іскерлік дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білуі тиіс.

Оқушылар физикадан теориялық бөлігімен қоса эксперименттік және сандық есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру керек. Сондықтан ОЖСБ-да кездесетін есептердің шығарылу жолдарын меңгеруге көп көңіл бөлу керек.

Физикада есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі болып табылады.

Физика пәнінен ҰБТ –ге және ОЖСБ-ға дайындық кезінде жие қиындық туғызатын мәселе -оқушылардың формулаларды жаттамауы мен еске сақтай алмағандары, мәтінді есептерді шығаруда есепті талдай алмау жағдайлары кездеседі.


Есепті қалай шығару керек. Оқушыға кеңестер:
1. Есептің шартын мұқият, не берілгенін, нені табу керектігін қысқаша жазу керек
2. Есеп сұрағына жауап беру үшін нені білу керектігін ойлап, жоспар құр.
3. Егер жоспар құру қиын болса, есеп шартын тағы да оқып шығып, бөліктерге бөл.
4. Әрбір заттың атауын формуламен алмастыр.
5. Есепте берілген шамалар байланысын анықта.
6. Есеп шартынан туындайтын қорытындыны жаз.
7. Бұрын осыған ұқсас есеп шығарылған жоқ па, соны дәптерінен, кітаптан қара.
8. Есепті шығарып болған соң, тексер, шығару жолының басқаша түрі бар ма, ойлан.
Кез келген есепті шығарар алдында мына сызбаны оқушы есте сақтаған жөн.
Қосымша сабақтарды тарауды қайталау тест тапсырмаларын орындамас бұрын үнемі формулаларды дайын слайттар арқылы қайталау мен дәлелдеуден бастау керек.

Қайталау үшін әр тарауға жеке-жеке шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктемелерді кестелерге немесе сызба нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды. Әрі олар өз қолымен түсіне отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады.

Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек. Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана ала білуі тиіс.

Оқушылардың өздері орындауға арналған жаттығу жұмыстарында тестілеуде көп кездесетін есептермен қоса сол есептердің күрделі деңгейінің жоғары болуында көп көңіл бөлуді ұйғардым.

Соңғы жылдары экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты. Сондықтан да мектеп оқушылары арасында физика пәнін таңдайтын оқушылар қатарлары да көбеюде. ҰБТ- 11 сынып оқушылары үшін өмірлеріндегі аса маңызды жауапты кезең, өйткені ҰБТ нәтижелері оларды таңдаған мамандықтарына қарай алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Көздеген мақсатқа жету үшін оқушы мен мұғалімге де аянбай еңбек ету керек деген ой түйеміз.














Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Ақылдың кені – ұлағатты сөздер» 2008 ж. «Ана тілі» баспасы Құрастырған: Құбығұл Жарықбаев


  1. «Физика және астрономия» журналы №1 2011 жыл


  1. «Физика » журналы №2 2012 жыл


  1. «Мектептегі психология» журналы №2 2010 жыл


































  1. «Ақылдың кені – ұлағатты сөздер» 2008 ж «Ана тілі» баспасы Құрастырған: Құбығұл Жарықбаев



  1. «Шың» оқулығы 2005 жыл



  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №10 2010 жыл


  1. «Мектептегі психология» журналы №2 2010 жыл


  1. Оқулықтар 5-11-сыныптар


Тақырыбы: 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге математика және физика пәндерінен дайындаудың кейбір тиімді әдістері. Мақсаты: оқушыларға математика және физика пәндерінің арасындағы байланысты есептер шығару арқылы көрсету. ҰБТ-де келетін кейбір күрделі есептерді тез әрі уақытты үнемдеп шешуге үйрету. Дамытушылығы: оқушылардың ойлау,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін формулаларды түрлендіру, өлшем бірліктерді бір жүйден, екінші жүйге ауыстыру, есептер шығару арқылы дамыту. Тәрбиелілігі: оқушыларды өз беттерінше жұмыс істеуге,уақыты тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Көрнекі-құралдар: интерактивті тақта, компьютер, слайтар, таблицалар. І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгелдеу) ІІ. Сынып оқушыларына бүгінгі іс-шараның мақсатын хабарлау. ІІІ. Пән мұғалімдерінің кіріспе сөзі. ІҮ. Физика пәнінен ҰБТ-ке дайындау кезеңдері. Ү. Математика пәнінен кейбір есептерді тез шығарудың әдіс-тәсілдері І. Таңдау пәні ретінде физика пәнін алған әрбір оқушы ең алдымен 1-кезеңде :физикалық шаманың анықтамасын, өлшем бірлігін, формуласын,өлшеуіш құралын,белгіленуін білуі тиіс. 2-кезеңде: формуланы түрлендіру мен өлшем бірліктерді бір жүйеден екінші жүйеге он санының дәрежесін пайдаланып көшіре білуі тиіс. 3-кезеңде: 1-кезеңдегі, 2–кезеңдегі білімдерін есеп шығаруға пайдалана білуі. 1-кезеңде: сынып оқушыларына қойылған сұрақтарға жауапты блок–схеманы толтыру арқылы береді. 1. Жол деген не? 2. Жылдамдық деген не? 3. Үдеу деген не? 4. Масса деген не? 5. Күш деген не? 6. Импульс деген не? 7. Орын ауыстыру деген не? 8. Кинетикалық энергия деген не? 9. Жұмыс деген не? 10. Тығыздық деген не? 11. Потенциалдық энергия деген не? 12. Қысым деген не? 13. Қуат деген не? 1-кезеңді бекіту Есептер шығару №1 40 Н күштің әсерінен дене 2м-ге орын ауыстырды. Күштің жұмысы. Жауабы: А=80 Дж №2 Автомобильдің бірқалыпты үдемелі қозғала отырып, 5 с ішінде жылдамдығы 10м/с-тан, 15м/с-ке дейін өзгереді. Автомобильдің үдеуі неге тең? Жауабы: а= 1 м с 2 2-кезең Төменде келтірілген күштер мен заңдардың формуласын жазып ,оны бірнеше рет түрлендіру керек. 1. Ампер күші 2. Лоренц күші 3. Бүкіләлемдік тартылыс күші 4. Кулон заңы 5. Жұқа линзаның формуласы 6. Электр өрісінің кернеулігі 7. Толық тізбек үшін Ом заңы Өлшем бірліктерді бір жүйеден екінші жүйеге он санының дәрежесін пайдаланып көшіре білуі тиіс. 1.5 см²= ? м 2 2.25кН= ? Н 3.13мкм= ? м 4.10дм3 = ? дм3 5.4нКл= ? Кл 6.8пФ= ? Ф 7.15мА= ? А Жауаптары: 1.5 см²= 5 104 м 2 2.25кН= 25 103Н 3.13мкм= 13 106м 4.10дм3 = 10 103дм3 5.4нКл= 4 109Кл 6.8пФ= 8 1012Ф 7.15мА= 15 103А 3- кезең Есептер шығару: Математика пәнімен байланысы бар есептер шығару. 1.Бір-біріне 60º бұрыш жасай бағытталған екі қозғалыстың жылдамдығы 6м/с және 4м/с.Қозғалыстың қорытынды жылдамдығын табыңдар. Жауабы: υ= 2√7 м с 2.Координаталары (7;2) болатын нүктедегі дене координаталары (-5;7) нүктеге орын ауыстыру модулі неге тең? Жауабы: ІЅІ= 13м 3.Материялық нүктенің берілген санақ жүйесіндегі қозғалысы у=1+2t, х=2+t теңдеулермен сипатталады.Қозғалыс жылдамдығын табу керек. Жауабы: √5 м с 4.Егер 4 Ом сыртқы кедергіге тұйықтағанда тізбектегі ток күші 2 А болса, ЭҚК-і 12 В болатын батареяның қысқаша тұйықтау тогын табу керек. Жауабы: r=2 Ом, I=6 А 5.Индукциясы 10,4 мТл магнит өрісінде радиусы 10 см орбита бойымен, протон қозғалады.Протонның магнит өрісіндегі қозғалыс жылдамдығы қандай? (= 1,67 1027кг, е = 1,6 1019 Кл) Жауабы: υ≈ 9,96 107 м с 6.Нәрсе кескінін 5 есе ұлғайту үшін лабораториялық линзадан(F=13 см) нәрсе мен экранның орналасу ара қашықтықтары. Жауабы: =15,6см, =78см Математика пәнінен ҰБТ тесттерін тез орындау әдістері Сызықтық теңдеулер жүйесін тез шешу (Крамер әдісі бойынша) 1. 2х+у=-2 8х+9у=-5 Жауабы: х=-1,3 у= 0,6 2. х³+у³=65 х²y+ху²=20 Жауаптары: А) (4;1) В) (-1;4) С) (4;4) Д) (4;1) , (1;4) дұрыс жауабы Е) (4;4),(1;1) 4. .√х + у = 7 √х − у = 3 Жауаптары: А) х=25, у=24, В) х=29, у=20 дұрыс жауабы С) х=19, у=30 Д) х=24, у=30 Е) х=20, у=29 5. у= ln(5-х) функциясының анықталу облысын тап 6.Ағасы Әлішерден 3 жас үлкен,інісі Әлішерден 3 жас кіші ,кіші інісі Әлішерден 3 есе жас кіші, әкесі Әлішерден 3 есе жас үлкен.Барлығының жастарының қосындысы 114- ке тең.Әлішердің жасын анықтаңыз. Жауабы: 18 жас 3. (х-3)(х+1) ≤ 0 х-2 Жауаптары: А) (2;1] және-1 дұрыс жауабы В) (-1;-2) U (2;3) С) (-3;-2) Д) [-3;-2) , және-1 Е) (2;3] 7.Қабырғалары 25, 25, 14 см–ге тең болатын үшбұрыштың медианаларының қилысу нүктесінен үшбұрыштың төбелеріне дейінгі қашықтықтарды табыңыз. Жауаптары: А) 16 см, √115 см , √115 см дұрыс жауабы В) 17 см, √113 см , √113 см С) 16 см, √113 см , √113 см Д) 15,5 см, √113 см , √113 см Е) 16,5 см, √113 см , √113 см Қорытынды: 11 сынып оқушылары ҰБТ сендердің өмірлеріңдегі аса маңызды жауапты кезең,өйткені ҰБТ нәтижелері сендердің таңдаған мамандықтарыңа алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Көздеген мақсатқа жету үшін аянбай еңбек ету

Түсінік хат

Соңғы жылдары экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты.

Оқушылар физикадан теориялық бөлігімен қоса эксперименттік және сандық есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру керек. Сондықтан арнайы курста ОЖСБ-да кездесетін есептердің шығарылу жолдарын меңгеруге көп көңіл бөлу керек.

Физикада есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі болып табылады.

Қайталау үшін әр тарауға жеке-жеке шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктемелерді кестелерге немесе сызба нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды. Әрі олар өз қолымен түсіне отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады.

Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек. Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана ала білуі тиіс.

Оқушылардың өздері орындауға арналған жаттығу жұмыстарында тестілеуде көп кездесетін есептермен қоса сол есептердің күрделі деңгейінің жоғары болуында көп көңіл бөлуді ұйғардым. Себебі курсты таңдаған оқушы ОЖСБ-ге дайындалумен қатар жан-жақты ізденіп дайындалады.



Мақсаты:

  • оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

  • физикалық білім-біліктерді және физика ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау;

  • логикалық ойлау, таным іс-әрекеттерін дамыту;

  • қиынға ұмтылу, зерттеушілік қасиеттерін арттыру;

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге машықтандыру.



Міндеттері:

  • оқушыларға терең, кеңейтілген білім беру;

  • ОЖСБ-дан оқушылардың жоғарғы балл алуын қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды физикалық танымдық түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету;

  • оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіне ықпал ету.



Күтілетін нәтиже:

  • оқушылардың кәсіби бағдар алып, таңдаған мамандығына жақын білім алуына мүмкіндік болады;

  • қиындық деңгейі жоғары есептерді шығаруға ұмтылады;

  • ОЖСБ-дан жоғары балл жинайтын оқушылар іріктеледі.


Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:

  • физика формулалары бойынша заттардың аталуын және сол бойынша жүргізілетін есептерді есептей білуі тиіс;

  • алған теориялық білімді іс жүзінде қолданудың жолын білу;

  • физикалық шамалар арасындағы байланысты терең зерделей білуі тиіс;

  • сызбада берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып, анықтай білуі тиіс;

  • физикалық құбылыстарды ажырата білуі тиіс;

  • физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білуі тиіс;

  • физика пәнінен меңгерген білім,білік, іскерлік дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білуі тиіс.




Автор
Дата добавления 24.12.2015
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2459
Номер материала ДВ-283464
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Комментарии:

1 год назад
Маған өте ұнады Шығармашылық табыс тілеймін
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх