Инфоурок Физика Другие методич. материалыОқушылардың физикалық ойлау және шығармашылық кабілеттерін дамыту

Оқушылардың физикалық ойлау және шығармашылық кабілеттерін дамыту

Скачать материал

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Университі

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы:

Оқушылардың физикалық ойлау және шығармашылық кабілеттерін дамыту

 

 

                                    Орындаған: 6М011000 физика мамандығының             магистранты Кизагалиева А.К

                               Тексерген:Сырым Ж:С

 

 

 

 

Орал-2015

 

Мазмұны:

1.    Кіріспе......................................................................................................3

2.    Физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту туралы.....................................................................................4

  1. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.....................................................................................................
  2. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту туралы

Ғылымның гуманистік аспектісі жаратылыстану пәндерінің мазмұнында ғылыми адамдардың қызметі, яғни олардың тарихы, сонымен бірге құнды ғылым аспектілірін ашу мен оқушылардың оларды ұғуынан көрінеді.

Мектепте оқытудың шынайы мазмұнына оқушылардың қызметін толықтырып, танымның әдісі мен үрдісі туралы ұғым беретін білімдердің көлемін көбейту керек. Бұл методологиялық және тарихи-ғылыми, әсіресе ғылымның гуманитарлық аспектілерін ашатын білімдер.

Қазіргі ғылыми білімдердің даму бағыттарының бағдарламаларды құрастыруға, мұғалім баяндамасына, оқыту үрдісіне тигізер әсері мол. Мұғалімге оқушылардың ғылыми ойлауын қалыптастыру мен оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін осы байланысты білу пайдалы.

Қазіргі ғылыми білімдердің даму бағыттарының оқу үрдісіндегі көрінісі.

Қазіргі ғылымға интергациялық және дифференциациялық бағыттары әсіресе ерекше. Ғылымның интеграциялық негізі бір ғылымның зерттеу әдістерінің басқа ғылымға енуі: ғылымдарды дифференциациялау олардың терең мамандандыру болып табылады. Бұл екі үрдіс өзара байланысты. Интергация үрдісі дифференциация ғылымдарымен ұйымдаса байланысады, себебі бір ғылымның әдістерін басқа ғылымдарда пайдалану шекара білімдерін бөліп шығарады (физикалық химия, химиялық физика, биохимия, биофизика және т.б.) Дегенмен, ғылымдарды дефференциациялаудың мәні  — құбылыстардың негізіне терең ену (жалпы айтқанда зерттеудің жаңа әдістерін пайдаланудың жанама түрімен байланысты). Қазіргі кезде дефферециялау үрдісі биология пәніне тән.

Білім мазмұнында ғылымның интеграциялуы және дифференциациялануы – кешенді оқыту пәндерін енгізу, түрлі пәнаралық байланыс қызметтерін күшейту сияқты жанама түрінде көрінуде. Мысалы, жалпы биология –1964-1966 жж. мектеп реформаларынан соң еніп, бірқатар: өрістетіп оқыту негіздері, циталогия, генетика, экология ғылыми пәндердің кешенді оқу пәндерінен тұрады. Бұған дейін жалпы биология негізінен өрістік ғылымдарды зерделеген. Бір оқу пәнінде басқа оқу пәндерінің теориясы мен әдістері қолданылуы мүмкін. Мысалы, физика, химия, және биология пәндеріне заттардың құрылу теориясы (малекулалық-кинетика және электрондық).

Зерттеудің бір объектісін құраған  ғылыми пәндерді біріктіруге негізделген интеграцияланған оқу пәндерін (биологияда бұндай объектіге адам өмірінің түрлі нысаны мен көрінулері жатады) оқудың түрлі объектілерін біріктіретін интеграциялық оқу пәндерінен (мысалы, оқушыларға алғашқы әлем суретін беру мақсатын көздейтін табиғаттану) айыра білген дұрыс. Физика мен астрономия немесе математика мен информатиканың біріктірілуі  жаңа интеграциялық курстардың тууына әкелмейді. Бұл жасанды біріктіру көп пәнділікпен күресу мақсатында жасалған.

Білімді генерализациялау мен ғылымдағы теория қызметін нығайту бағыты да маңыздырақ. Бұл үрдістің негізі білімді қайта құру мен қысқарту қызметін атқаратын жалпылама идеяларынан құралуында.

Ғылымдағы теория қызметін күшейту білім мазмұнында да сәйкес көрініс табады. Барлық оқу пәндерінде және мектептің барлық сатысында теория мен теориялық ереже рөлі күшейтіліп, теориялық ережеледің   жоғары сыныптан ортаға, сонымен қатар тіпті бастауыш сыныптарғада  (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконина, В.В.Давыдова зерттеулері) ауысу көрінеді. Бұл бетбұрыс теорияның ақпаратты қысқартып, құрылымдық жағынан ұйымдастыруға мүмкіндік бергендіктен өз негізімен міндетті.

Математикаландыру мен формализациялау ғылымдарының өсуіне байланысты  теория қызметін күшейту.

     Математизациялау ғылымының негізі құбылыс механизмдерін түсіндіру үшін математикалық үлгілерді құрудан тұрады. Оқыту құралдарын математизациялау да күшейтіледі. Мектепте білім беруде математизацияланған физика пәні: физиканы оқуда математикамен ерекше шұғылдану математикалық сыныптарда байқалады.

Ғылымды математикаландыру түсініктеме аппаратымен жұмыс істеуді талап етеді. Құбылыстарды, түсініктерді сипаттаудың анықталуы  математика ережелерінде операциялардың түрлі бір ережесін қолдану мүмкіндігі болатындай  болуы керек.

Түсінік, құбылыс, заң, теорияларының құрылысының негізі  операция ережесінің нысандарын  анықтап, қолдануға мүмкіндік береді.

Ғылымдағы тенденцияның құрылысы, түсінік аппаратының анықталуы мектеп білімінен көрініс береді. Ол түсініктердің анықталуы мен енгізілу тәсіліне назар аударудың ұлғайуы мен жаңа талаптарды қанағаттандыра алмайтындарды анықтау.

Қазіргі білімде тәжірибе рөлі өзгеріп, ойлау мен  тәжірибе арасында жаңа көзқарас қалыптасуда. Бұл бағыт бірнеше өзара байланысқан факторлардан : жаңа нәтижеге жеткенде тәжірибе (бұрын жаратылыстанудағыдай) теориялық құрылымды алдын ала бермейді, теорияны тексеру үрдісінде ол тек саты болып табылады; ғылым түсінігі абстрактілік сипаттамаға ие; ғылыми фактілер жанама түрдегі теорияның негізгі ережесіне енеді, тәжірибе қазіргі ойланылған ғылыми теорияларға енбеген.

Ойлау мен тәжірибе арасындағы өзара өзгеру білім мазмұнында (өте әлсіз болса да) зертхана жұмыстары мен оқу эксперименті қызметінің  өзгеруінен көрінеді. Оқулықтардан белгілі бір заңның көпжылдық тәжірибені жалпылау ретінде алынғаны туралы сөйлемде кездестіргенімізбен, өкінішке орай,  бұл заң айқын  емес және оны тікелей тәжірибелермен тексеру мүмкін емес. Басқа сөзбен айтқанда, тәжірибе мен теория құрылысы арасындағы күрделі байланыс анық емес түрде анықталады.

Бастапқы бетбұрыспен тағы бір-механикалық көрнекіліктің атқаратын рөлінің кішірейуі тығыз байланысты. Бұл құбылыстар механизмін ұсынуда жалғыз жол- механикалық бейнеге , өмірлік тәжірибеге сүйенуден көрінеді. Механикалық бейнесі мүмкін емес бірнеше қатар құбылыстар бар. Мысалы, толқынды және корпускулярлық қасиеті бар, бөлшектің механикалық, көрнекілік бейнесін құру мүмкін емес.

Механикалық көрнекіліктің атқаратын рөлінің азайюы (кейде тіпті одан бас тарту) сәйкес оқу құралдарының басқа көрнекілік нысандарының (график, формула, ой эксперименттерінің ) маңызын арттыруға  әкеледі. Мысалы, қазіргі физикалық теорияның негізгі ережелерінің барлығы- салыстырмалық теориясы мен квант механикасы-ой экспериментімін рәсімделеді. Бұл тәсіл ғылыми –танымал әдебиеттерде пайдаланылады.

Соңғы он жылдықта ғылымның өзін-өзі ұғуы қарқынды дамуда. Бұл бағыттың негізі  ғылымның өзін түрлі тұрғыдан зерттеу объектісі қылу.

Толық ғылымтану бағыты пайда болды. Ғылымның методологиясы бойынша жұмыстар пайда болып, ғылымның негізін танып білу үшін ғалымдардың  түрлі  таным әдістері мен жолдарына назар аударулары белең алуда.Ғылымының  өзін өзі тануының  өсуі білім мазмұнына әсер етеді. Ол ғылым әдістеріне  сонымен қатар жаңа компонент –методологиялық білімдер енгізуде көрінеді.

Біз оқу пәндері мазмұнындағы «ғылыми пәндер» жетекші компоненттерінің ғылыми көрінісін қарастырдық. Егер ғылымның жанама түрдегі көрінісі бағдарламада сауалнамалар тізімімен көрініс тапқан болса, оқушылардың  дағдысы мен біліктілігіне, білімдеріне жанама түрдегі әсері (ғылымды қызмет ретінде ашу, оның даму бағыттарының әсері ) білім  мақсатын қалыптастыруда, оқулық мазмұнында, оқу үрдісін ұйымдастыруда байқалады. Бағдарламаға енген ғылыми сауалнамалар тізімін кей жағдайда азайту пайдалы болса, ғылымның жанама түрін оқушылардың ғылыми  және шығармашылық ойлауын дамытып және дүниетанымын қалыптастыру үшін аса маңызы бар білімді, керісінше оқыту үрдісін және айтылғандарды, түрлі каналдарды пайдалану, күшейту керек.

 

Дамыта оқыту арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылықтарын арттыру

Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі.

Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады.

Қазіргі кезде оқушылардың білімге деген зейіндерін арттыру үшін көптеген жұмыстар ұйымдастырылады.

Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан физика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрлерін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек.

Мен физика сабақтарында оқушылардың білім деңгейлеріне қарай деңгейлеп дамыта оқыту әдісін қолданғанды жөн көремін. Өйткені оқушы өзін қызықтыратын нәрселерге ғана көңіл аударады. Физика бұл өте күрделі пән, бұл пән математика, тарих, жаратылыстану пәндерімен тығыз байланысты. Оқушылардың әр тақырыпты меңгеруі әр түрлі деңгейде болады. Сол себепті жұптық, топтық жұмыс бұл пәнге сай келеді. Сабақта есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін пайдаланғанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыруға болады. Осындай жұмысты бағалағанда тек нәтижеге емес, оқушының ынтасына да көңіл аударылады. Соңында жаңа материалды ғана емес, ненің ұнағандығын, қандай тәсілдердің қолайлығын да талқыға салып отыру керек. Кейбір кездерде ережелерді, тіпті терминдердің мағынасын үнемі талдап түсіндіріп отыру қажет, оның себебі физикалық терминдерді оқушылар үнемі естіп жүргенімен, өз ойларын түсіндіру кезінде жеткізе алмайды. Мысалы, диффузия – зат молекулаларының араласу құбылысы, деформация – қатты дененің өз пішінін өзгерту құбылысы, заряд – электр тогын тасымалдаушы бөлшек, температура – дененің жылулық дәрежесі т.б.

Әрекетті ауыстырып отыру да – демалыс екендігін ұмытпаған жөн. Сабақ жоспарын құрғанда әрекет бірегейлігін болдырмау қажет. Қалыпты жағдайда 4-7 әрекет ауыстыру шарт.

Оқу үрдісінде оқушыларға бұрын өткенді қайталай отыра, сол материалды үнемі жаңалап отырып, басқа қырынан көрсете білу керек. Өйткені бір айтқанды қайталай берген оқушыларды жалықтырып жібереді. Әрине оқушыны қызықтыру үшін, алдымен мұғалім өз пәнін сүюі қажет. Ал қызығушылық танытқаннан кейін, оны өшіріп алмаудың келесідей амалдарын келтіруге болады: физикалық практикум, салыстырулар, қарама-қайшылықтар, оқытудың әр түрлі тәсілдері, қызықты тәжірибелер, көрнекі түрде ұйымдастырылған жалпылама зертханалық зерттеулер, ойындар (ойын элементтері кірістірілген сабақтар), жарыстар т.б.

Дамыта оқыту әдісінің тиімділігі – оқушыларды жүйелілікке, ұйымшылдыққа, байқампаздыққа, оқыған затты талдай білуге, салыстыру жасауға, негізгіні аша білуге, жинақтап қорытынды жасауға дағдыландырып, білімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Деңгейді саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға әкеледі. Сонымен әр деңгейлік оқыту жүйесінің физика пәнінің сапасын арттырудың бірқатар тиімді жақтары бар. Біріншіден, топтағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады. Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады. Үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібі мен мінез-құлқына да тигізер ықпалы зор.

Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін басқа да келесі түрдегідей тапсырмалар беруге болады. Мысалы, әртүрлі тақырыптарда реферат беру, жылдың әр маусымындағы физикалық құбылыстарды бақылап, өзінің ойларын жазу немесе кейбір заңдылықтарға сүйене отырып эксперименттер жасауды үйрету секілді. Мұндай тапсырмалар оқушы бойындағы қызығушылықтарды оятады және жауапкершілікке баулиды. Жауапкершілікті сезіне отырып оқушының ізденімпаздылығы, шығармашылығы дамиды.

Физикалық эксперименттік тапсырмаларды беру осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Өйткені мұндай жергілікті табиғи және тұрмыстық (техникалық) жағдайлар ескеріледі.

Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процесі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Тапсырма дұрыс ұйымдастырылса, оқушылардың сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі. Берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың жұмыс дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады. Тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.

Физика пәнін күнделікті өмірмен байланыстырып, күнделікті кездесетін кейбір физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіне білуге, білімдерін дамытып, пайдалана білуге келесі түрдегі сапалық тапсырмалар пайдалы. Мысалы, адам үйдің полимерлі еденінде жүргенде, синтетикалық кілемді басқанда, үстінен нейлонды матадан жасалған киімді шешкенде электрлік зарядталу құбылысы байқалады. Себебі не? Себебі: синтетикалық материалдар электр зарядын өткізбейді, жақсы сақтайды.

2.Авиация саласында ұшақ қонғанда бірден металл трап қоймайды. Неліктен? Ұшақ әуеде ұшқанда ол ауамен үйкеліске ұшырайды, одан ұшақ электрленеді. Трос арқылы жермен қосып разрядталады.

3. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық ).

4. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды).

Немесе берілген мақал-мәтелдерден физикалық құбылысты түсіндіру. «Қарыстан сүйем жуық», «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді», «Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді», «Шапқан озар, жатқан қалар».

Оқушылардың ойлау қабілетін ойын элементтері арқылы дамыту. Ойын дегеніміз ұшқын, білуге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойын – ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ол белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұқсан келтірілмейтіндей бір-бірімен жымдасып, астарласып жатуы тиіс. Ойынға басшылық жасау дегеніміз – олардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жеңілдете түседі. Оқушының тез ойлау қабілетімен өз ойын жеткізе білу қабілеті дамиды.

«Конверттер сыр шертеді» — ойын элементі Оқушыларға электр тогы, ток сипаты, электрлік құралдар жайлы сұрақтар беріледі. Оқушылар сұрақтарға жауап беруі керек. Мұнда қойылатын сұрақтар түрлі түсті конверттерге салынған.

«Қызыл конверт».

1. Өндірістік жиіліктің шамасы қанша? Өндірістік кернеу шамасы қанша?

2. Мемлекеттік стандарт бойынша электр өлшеуіш құралдарға қандай талаптар қойылады?

«Ақ конверт».

1. Тұрмыстағы кернеу шамасы қанша? Жертөледегі кернеу шамасы қанша болуы керек? Неліктен?

2. Трансформатордың құрылысы, қызметі, түрлері.

«Көк конверт».

1. Төмендегі сипаттамадан қандай өлшеу құралы жайлы сөз болып тұрғанын түсіндір: 1,2I 175U 0,5%

2. Электр энергиясын өндіруші машиналардың түрлері, құрылысы

«Сиқырлы табло» ойын элементі

Таблода теріс аударылған карточкаларды төңкеріп, онда көрсетілген формуланың атауын, қандай тарауға жататындығын атауы керек. Мұндағы әр жасырылған карточкаға ауырлық деңгейіне қарай ұпай саны беріледі. Сайысқа әр топтан бір оқушы қатысады.

«Фильм, фильм, фильм…» — ойын элементі

Ендігі осы сайыста астрономия пәнімен байланысты киноларды қаншалықты көретіндіктерін тексереміз.

1 – кино. «Жерге үлкен қауіп төнуде. Өте ауқымды астероид Кассандра біздің ғаламшарға жақындауда. Ал соқтығысуға санаулы сағаттар ғана қалды…Ал адамдардың бұл алапат оқиғаның алдын алуға еш уақыты қалған жоқ… Ол кино қалай аталады?»

Жауабы: “Астероид”.

2 – кино. «Аменикандық оқушы Лео, астрономиямен шұғылданады, аспан кеңістігінен түсініксіз дүниені байқайды. Журналист Джени Лернер «Элли» мемлекеттік құпия бағдарламасының сырын түсінеді. Аспандағы табылған жаңа комета Жермен соқтығысуға жақын. Осы жағдайдың алдын алу үшін бір жыл уақыт бар… Ол кино қалай аталады?»

Жауабы: “Столкновение с бездной” (тұңғиықпен соқтығыс).

«Сөздік домино» — ойын элементі

Қойылған сұрақтар реті бойынша доминоны құрастыру. Топтарға бірдей домино-тілше қағаздар беріледі. Топ мүшелері домино тізбесін 1 минутта құрастыруы керек.

«Сөздік домино» сайысының тапсырмасы: Біздің Галактиканың қасында орналасқан тұмандық – Торпақ шоқжұлдызындағы жарық жұлдыз – Әлемнің гелиоцентрлік жүйесін құрастырған оқымысты аты – Юпитердің серігі – Жердің қорғаныш қабатын түзетін газ – Болгар, чех, поляк тілдерінде сенбіден кейінгі келесі күн қалай айтылады – Ежелгі Римдегі болашақты болжаушы — құдай, оның құрметіне айдың атауына есімі берілген – Бикеш шоқжұлдызындағы жарық жұлдыз.

Жауабы: Андромеда – Альдебаран – Николай – Йо – Озон – Неделя – Янус – Спика.

Оқытушы сабақта оқулықпен және дидактикалық материалдармен шектеліп қана қоймай әр түрлі ойын түрлерін дұрыс жолға қоя білсе, білім сапасы жоғары болары сөзсіз.

Қорытынды

Мен, деңгейлік оқыту әдісін қолдана отырып, оқушыны оңайдан қиынға, сатылып білім дәрежесін көтеруге ықпал еттім. Сабақ барысында оқушының деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы өзіндік даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түсетеді. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді.

Дәстүрлі оқыту жағдайында мұғалім сыныптағы әр оқушының жұмыс істеу ерекшелігін ескеріп отыруы мүмкін емес. Білім — әрбір оқушының бағындыратын шыңы. Шың биігіне жету жолында қандай қиыншылықтар кездессе, оқу, білімді меңгеруде де сондай қиыншылықтар кездеседі. Оны жеңілдету — ұстаздардың міндеті.

Мен де осы мақсатта педагогикалық технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін пайдалануға тырысамын. Әрбір жеке тұлғалардың білімділігі, кеңінен ойлауы, анализдей білуі тұрғысында тікелей жұмыстар жүргіземін.

Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты – өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан оқушыларыма өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын үйретемін. Сондықтан жаңартылған технологиялардың элементтерін пайдалану – әр мұғалім үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.

Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды, өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады, оқушылардың білімі әділ бағалануына, өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді. Сабақ кезінде түрлі әдістер қолдана отырып өткізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығуы артады. Ол өз кезегінде білім сапасына да оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын, сондай-ақ жастардың белсеңді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру.
Әр баланың бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, пәндік білім деңгейін терендету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінші білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады. Ертеңгі болашағымыз – жас ұрпақты саналы, білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор міндет пен жауапкершілік жүктейді. Білімді үйрену және оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір адамның ең қасиетті борышы, абзал парызы. 
Ұстаз еңбегі – шығармашылық еңбек. Өйткені, ол ұстаздан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді. Елдің ертеңгі-бүгінгі жас ұрпақ деп білеміз. Ал жас ұрпақтың білімді, саналы азамат болып өсіп қалыптасуы үшін оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт – бағдар беру керек. Оқушылар сабақта ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеп табу зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Сондықтан, мұғалімдер қауымының алдына үлкен міндет жүктеледі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін белсендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі – деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту мақсаты. Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп оқыту:
- әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
- әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- онда білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей, сондықтан әрбір оқушы оларды меңгеруі тиіс.
Деңгейлеп оқыту технологиясы нәтижелі болу үшін:
- жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- психологиялық даму еркешеліктеріне;
- пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақты өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбіне мына жағдайларға көңіл бөлемін:
- сабақтың мазмұны;
- сабақты өткізудегі әдіс-тәсілдерді таңдау;
- сабақтың нәтижелілігі.
Жалпы, менің мақсатым – оқушыларды өзбетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқытуды іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамыз етеді. Сабақтың тиімділігін арттырудағы негізгі тәсілдердің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Деңгейлеп оқыту технологиясының маңызы зор, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді.
Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында мынадай 4 деңгей көрсетілген:
1) Репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.
2) Алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгейге оқушы ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. 
4) Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өзігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. 
9 сыныпта «Бүкіл әлемдік тартылыс» тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымда тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.
І-деңгей: мындай сұрақтар беріледі.
1. Неге Жер Күнге құлап түспейді?
2. Жердің өз ісінен айналуының пайдасы мен зияны?
3. Қай жерде салмақ артық, полюсте ме, экваторда ма?
ІІ-деңгейде: есептер шығарылды: өте жақсы оқитын оқушылар А белгісімен, жақсы оқитындарға В белгісімен, нашар оқитындарға С белгісімен белгіленген есептер беріледі.
ІІІ-деңгейде: Венн диаграммасын қолданамын. Жер мен Күн ұқсастығы.
ІV-деңгей: шығармашылық есептер шығарып, мәнжазбаларын қорғап шығады.


8-сыныпта «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау сабағында да деңгейлік тапсырмалар беремін.
І-деңгей бойынша сұрақтар (13 сұрақ) қойылады. 13 сұраққа 5 балл беріледі.
ІІ-деңгей бойынша семантикалық карта толтыру тапсырылады.Оқушы өзі ізденіп, картаны толтырып береді. Оған 10 балл беріледі;
ІІІ - деңгейде денелердің электрленуіне мысал келтіру тапсырылады. Денелерді электрлендірудің зиянды жақтары айтылады, оған 15 балл беріледі.
ІV-деңгей бойынша шығармашылық деңгейдегі өздері дайындаған мәнжазбаларды қорғап шығады. Оған 20 балл беріледі.
Физиканың даму тарихына үңілсек, ірі жаңалықтардың көбі эксперимент нәтижесінде ашылғанын көрер едік. Есептер шығару барысында оқушы физикалық шаманы есептейді және заңдар мен заңдылықтарды тұжырымдайды. Оқушыларды олимпиадаға дайындау үшін оларға эксперименттік есептер беріп отырамын. Оқу әдісін қайталау, пысықтау сабақтарында оқушылардың білімін бағалау үшін сөзжұмбақтарды пайдаланамын. Үлкен тақырыптар мен тарауларды қайталағанда оқушыларға үйде осы тақырып пен тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып әкелуді тапсырамын. 
Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындайды. Мұндағы ең басты мақсатым мынау:
1) Оқушылар сөзжұмбақты құрастыруда өзбетінше ізденеді.
2) Әр түрлі ғылыми-техникалық басылым мен анықтамаларды қарайды, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары:
- сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы 
белсенділігін оятады.
- оқушы өз білімінің деңгейін көтеру үшін жұмыстанады.
- оқушының өзбетімен жұмыс істеудегі тиянақтылығы, 
ұстамдылығы, жауапкершілігі артады.
Физика, техника жайлы шығарма реферат жаздырудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Бұл – оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылық, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға үйретеді.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютермен оқыту дидактикалық құралға айналып отыр.Сондықтан, қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарды пайдалану –өзекті мәселелердің бірі.
Электрондық оқулықтарды теориялық сабақтарда пайдалану кезінде білім алушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өзбетімен шығармашылық тапсырмаларды орындайды.Әрбір оқушы таңдап алған тақырыбы бойынша тапсырмалар орындап, тесттер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сонымен қата
р, физика сабағында ойын элементтерін қолдана отырып, сабақ өткізу-әрбір баланың сабаққа ынтасын арттырып, қызығушылығын туғызады. Сабақта, сонымен бірге, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді өте тиімді пайдалануға болады. Мақал-мәтел, ертегілер сабақта өлең түрінде сұрақ, есептерді пайдалану. Бұл оқушыларды физикалық құбылыстарды түсініп қана қоймай ана тілін құрметтеуге тәрбиелейді. Физика сабақтарында тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер пайдалану төменде көрсетілген. 
Физикалық шамалар
« Қарыстан сүйем жуық»
«Жеті рет өлшеп, бір рет кес»

Диффузия зат күйі
«Бір құмалақ, бір қарын майды шіртеді»
«Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді»
«Піскен астын күйігі жаман»

Механикалық қозғалыс
«Қимылдаған қыр асар»
«Көрінген төбенің алыстығы жоқ»
«Жаяуға таяу жер де алыс»

Күш моменті
«Батпаққа батқан пілді, 
Піл ғана шығара алады»
«Биік ағаш бұрын құлайды»
«Әлін білмеген әлек »

Күш. Инерция
«Алысқа секіру үшін аршындап жүгіру керек »
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
«Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды
Тұлпар ерін сақтайды, ер елін сақтайды.»

Ойын элементтерін қолданып, «Электр құбылыстары» атты сайыс сабақ, «Халықтық ұғымдар мен салт-дәстүрлердің астрономиялық негізі» атты ойын сабақ өткіздім.
Мұғалім сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсетуге болады. Сондықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың:
● оқушыны өзбетімен іздене білуге;
● аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеуге;
● білім, білік, дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруге;
● шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды 
түсіндіру арқылы жүзеге асыруға;
● қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауына;
● оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыруға;
● қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту 
мүмкін болмайтын табиғаттың ғажайып үдерістерімен әр түрлі 
тәжірибе жасап, нәтижелерін көріп, сезінуге;
● оқушының ой –өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор.
Жоғарыда көрсетілген әдістемелер пайдалану арқылы физиканы оқыту әдістемесі жаңарып, жалаң заң мен формалар шеңберінен шығып, әлемдегі өркениет процестеріне жақындап, оқушыларымыздың рухани белсенділігін арттырудағы үлесі мол екенін көреміз.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі – қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін мемлекетіміздің болашағы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.


 

 

 

 

 


4. Л.И.Ерунова «Урок физики и его структура при комплексном решений
задач обучения»

5. А.Қ.Қаймолдина
«Физика есептер жинағы» Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10 сыныбына арналған оқу құралы.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.     Ағатаев А. Қазіргі білім мазмұнын ойластыру мәселелері. – Ұлағат, 1999, №1

2.     Беспалько В.П. – Слагаемое педагогической технологии. Педагогика, 1989

3.     Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы, 2007 ж. 27-шілде

4.     Есипов Б.П. Самостоятельные работы учащихся на уроке. – М.: Педагогика, 1961

5.     Физика және астрономия ғылыми-әдістемелік  журналы 2006-2007 жыл.

6.     Александрова Г.Н. Управление самообразованием педагогов в условиях внедрения новой технологии учебной и педагогической деятельности. – Директор школы, 2002

7.  Физика қазақстан мектебінде ғылыми-әдістемелік  журналы  2009 жы

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары

2.
А. К. Мынбаева, З.М.Садвакасова

3. «Физика және астрономия» журналдары № 1,2,3 2010,2013 жыл

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың физикалық ойлау және шығармашылық кабілеттерін дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 543 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.10.2015 3265
    • DOCX 109 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Киматова Гульшат Талаповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Киматова Гульшат Талаповна
    Киматова Гульшат Талаповна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27292
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека