Инфоурок Другое СтатьиОқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында "Ықшам сабақтар"

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында "Ықшам сабақтар"

Скачать материал

hello_html_m66c4443c.gifhello_html_m4aa00a53.gifhello_html_28c9c18c.gifhello_html_m647414e4.gifhello_html_69226424.gif«Бар ғылымның бастауы – мектеп, сондықтан
біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту»

Н.Ә.Назарбаев

«Тегінде адам баласы бір-бірінен  ақыл, білім, ар мінез деген нәрселермен озады» - деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтқандай қазіргі заман- тек білім мен ғылымның ғана заманы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақта» -деп, ертенгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет тек – білімде. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы- оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамуына тікелей  байланысты. Еліміз егемендік алғалы онды өзгерістерге толы игі істердің игілігін көруде. Игілікке  жараған өзгерістердің бірі – білім беру саласы. Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты. Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны - «ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі-оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Білім беру жүйесін жаңғырту жолында бүгінгі мектеп оқушыларға білім берумен қатар білімді өз бетінше ала алу, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын алу әрекеттерін де меңгертуі тиіс. Бұл – функционалдық сауаттылық мектеп қабырғасында қалыптастыру ісі болып саналады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚР Үкіметінің 2012жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. Ұлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі жоспарында мақсат, міндеттер нақты қойылған. Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
     Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында біздің мектебіміздің мұғалімдері де өз үлестерін қосуда. Мектебіміздегі үлкен – кіші болсын барлық мұғалімдер өз сабақтарында әр түрлі жаңа технологиялар элементтерін пайдаланып қана қоймай, оны іс жүзінде де дәлелдеп көрсетуде. Соның бір дәлелелі мектебіміздегі 27 мұғалім «Деңгейлік курстан» өтіп, өз іс – тәжірибелерімен басқада курстан өтпеген мұғалімдермен семинар, ашық сабақтарда көрсетіп бөліссе, қалған курстан өтпеген мұғалімдеріміз осы аталған курс жаңалықтарын өз сабақтарында сол мұғалімдермен бірдей дәрежеде қолдануда. Оның дәлелі ретінде метебімізде бастауыш сыныптар арасында үш топқа бөлініп өткізіліген «Ықшам сабақ». Бұнда бастауыш бірлестігіндегі 20 мұғалім әрқайсысы 3 – 7 минут аралығында 20 - ға жуық әр түрлі сабақ стратегияларымен бөлісе білді, нәтижесінде бұл сабаққа қатысушы мұғалімдер әр мұғалім іс – тәжірибесінен көптеген әдіс – тәсілдер үйренгендіктерін, енді оны өз сабақтарында пайдаланылатындықтарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Соның дәлелі ретінде осы сабақ жоспарларының бірнеше үлгісін де жіберудемін.
Ықшам сабақ

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

10 мин.

1.«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.
Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.

-Мына құралдар қай мамандық иесіне қажет?

-Кімге сурет салған ұнайды?

-Салған суреттерің  өздеріңе әрқашанда ұнайды ма?

-Өз жұмыстарың ойдағыдай болу үшін не істеу керек?

-Әр адам суретші бола алады ма?

-Ол үшін қандай қасиеттер болу керек?

2.Кластер құру. «Суретші»



3.«Серпілген сауал» әдісі


4.Мәтінді зерттеу картасы.











(Суретте бояулар,планшет,қағаз,қарындаштар.)

Бұл құралдар суретшіге қажет






еңбекқор, сезімтал, ойы ұшқыр, талантты, ұқыпты, байқампаз


Сұрақ-жауап


Әңгіменің тақырыбы,кейіпкерлері, авторы

Үй тапсырмасын бекіту 2мин.

Тест

Тест шешеді

Тест:

1.«Сурет салғым келмейді» мәтінінің авторы кім?
а) Төлеген Айбергенов
ә) Марат Қабанбай
б) Мұхтар Әуезов

2. Мұғалім кім туралы әңгімеледі?
а) оқушы туралы
ә) Ана туралы
б) Әке туралы

3. «Жамал» қай суретшінің туындысы?
а) Леонардо да Винчи
ә) Қанафия Телжанов
б) И. Левитан

4. Қазақтың белгілі суретшісі
а) С. Айтбаев
ә) Ә. Қастеев
б) С. Мәмбеев

5. Ержан неліктен сурет салудан бас тартты деп ойлайсың?
а) Ержанның сурет салуға құралдары болмады.
ә) Ержан анасынан айрылып қалған еді.
б) Ол Салауат ағайды ұнатпайды

Мәтінді зерттеу картасын толтыр.

Әңгіменің тақырыбы

Кейіпкерлері

Авторы






Суретші

Кластер құр











-Мәтінде қандай суретшілердің атын білдік?

-Жамал шығармасының авторы кім?

-Сүйікті шеше мен әкпе,қарындастарының қына бояумен бейнелеген кімдер?

-Оқушылар қай үйірмеде отыр?

-Салауат ағай кім туралы айтты?

-Кенеттен қандай жағдай болды?

-Ағай қандай сезімде болды?

-Әңгімені өз ойымен аяқта.

-Ержан неге сурет салмады?

-Оның үйінде жазда қандай жағдай болды?

-Осы әңгімеден қандай әсер алдыңдар?

-Ержан біздің арамызда болса не істер едіңдер?

-Ержанға қандай ақыл айтар едіңдер?

Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Назгуль Исмаиловна





Тақырыбы: «Жылы жүрек – жақсы тілек» стратегиясы
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, ізгілікке,
Кеңпейілдікке тәрбиелей отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, әрдайым жақсылық, қамқорлық жасай білуге баулу.

Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: 

-Балалар, барлығымыз ортаға шығып, «жақсылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымызды жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтерінкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік:
Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың, мейірімдісің, өте ұқыпты баласың, еңбекқорсың, ақкөңілсің, жақсы оқитын оқушысың.

Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жүректеріңнен шыққан жылы тілектеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

Тақтаға назар аударыңдар. Сендер екі жүректің суреттерін көріп тұрсыңдар. Бір жүрек қара түсті, ал екінші қызыл түсті. Балалар, мына жүрек неге қара түсті. Кім өз ойын айтып береді. Ал екінші жүрек – қызыл яғни жүректің жылуы мол. (Оқушыларға өз ой – пікірлерін айтқызу) Бастауыш сынып мұғалімі: Б.Абдримова

Сабақтың тақырыбы: Қорыту

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Абай туралы білім – білік дағдыларын есепке алу, табиғаттың жыл мезгілдеріне байланысты өзгерісін байқап, бақылай білу дағдыларын арттыру, мәнерлеп оқуға машықтандыру және өлең мазмұнын түсінуге және өз бетінше ізденуге үйрету

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, өзіндік

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер

Сабақтың түрі: ықшам сабақ, топтық

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Үлестірмелер тарату (Мозайка стартегиясы «Жыл мезгілі» туралысуреттерді қиылған құрастыру, ондағы сұрақтарға жауап беру, сурет бойынша ой тұжырымдату топпен жұмыс)

1 – топ

Абай Құнанбаев өмірі мен қызметі жайлы әңгімеле

Неліктен біз «Абай дана, Абай дара» дейміз

Абайдың табиғат жайлы жазған бір әнін орындаңдар

Сурет бойынша тұжырымың?

2 – топ

Абайдың жақсы – жаман әдеттен аулақ болуға шақырған өлеңдері жайлы әңгімеле.

Абай қандай тілдерді білген деп ойлайсың?

Абайдың орыс достары жайлы не айтасың?

Сурет бойынша ойың№

3 – топ

Абайдың неше қара сөзі бар? Бір қара сөзі туралы әңгімеле

Абайдың ұрпақтары жайлы не білесің?

Сурет бойынша Абайдың бір әнін орындаңдар

Қорыту

Н. С. Байсеркеева

Бекіту кезеңі: Суретпен жұмыс Суреттерді тақырыппен байланыстыру.

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақтан алған білімдерін тиянақтау

  1. Суреттердегі оқиға қай пікірге сәйкес келкді?

  2. Мәтіндегі айтылған пікірге байланысты қандай сурет салар едіңдер?

  3. Қандай адам нағыз Адам?

  4. Мәтін неліктен «Нағыз адам» деп аталған?

  5. «Тазалық» ойыны арқылы кері байланыс орнату

Ойын шарты: Қатысушыларға ет тертқыш, қоқыс жәшігі, чемодан суреттерін тарату және тақырып бойынша сөйлемдер таратып, ондағы қажет сөйлемдерді чемоданға, қажет емес сөйлемдерді қоқыс жәшігіне, ал егерде сөйлем толықтыруды қажет етсе, онда ет тартқышқа салу.

Бастауыш сынып мұғалімі: Шуманова Шадия

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы түсінік беру, сөйлеу, жазу стилінде дұрыс қолдана білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: Сан есім сөз табыекенін және ойын арқылы түсініктері артып, кеңейеді.

Үшінші кезең: Ой толғау

Бұл кезеңде қабылдаған жаңа сабақ пен өткен сабақтың ара қатынасы ашылады. Оқылған материалдарға талдау жасалынып, тақырыпты одан әрі мегеру бағыты айқындалады. Мағынаны тану кезеңіндегі білімге сүйене отырып, өткен сабақ пен жаңа сабақ арасындағы байланыс салыстырылады.

  1. «Венн диаграммасы» арқылы өткен сабақ пен жаңа сабақ айырмашылығын салыстырту

  2. «Рефлесивті» сұрақтар қою арқылы «Иә, жоқ» ойыны арқылы сабақты пысықтау.

Сан есім сөз табы ма? (иә)

Зат есім мен сан есімнің айырмашылығы бар ма? (иә)

Зат есім сан есім бола ма? (жоқ)

Сан есім заттың іс – әрекетін қимылын білдіре ме? (жоқ)

Сонымен қатар өткен аптада мектебіздің бастауыш сыныптардан басқа 8 пән бірлесітігі де «Ықшам сабақ» өтіп, өз әдіс – тәсіл, іс – тәжірибелерін ортаға салды. Бұндада мұғалімдердің көптеген сабақта қолданған стратегияларымен танысып, өз сабағымызда қолданатындарын үйреніп, өз ризашылықтарымызды әріптестерімізге айттық және осындай «Ықшам сабақ» ұйымдастырып өтуге ықпал жасаған директордың әдістеме жөнінідегі орынбасары Княз Исжанова Муслимқызына рақметімізді айттық. Келешекте де осындай «Ықшам сабақтар» ұйымдастырылып өткізіле берсін деген тілектеміз.

Осы «Ықшам сабқтарда» пайдаланылған сан қилы ойындар, жарыстар, әр түрлі стратегиялардың оқушының функционалдық дамуына әсері мол болмақ. Мұғалімдер әр сабағын бір сарынмен өтпей жандандырып, жаңалықтармен қамти берсе өзіне әрине оқушыға пайдасы зор.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында "Ықшам сабақтар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2016 5183
    • DOCX 32.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсеркеева Нурпия Сатыбалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 61728
    • Всего материалов: 39

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции