Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / " Оқушылардың функционалдық сауаттылықтары арқылы экологиялық білімдерін дамыту".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

" Оқушылардың функционалдық сауаттылықтары арқылы экологиялық білімдерін дамыту".

библиотека
материалов

Идресова Камка Орынбасаровна

Бастауыш сынып мұғалімі

1ОЖББМ

Орал қаласы


Оқушылардың функционалдық сауаттылықтары арқылы экологиялық білімдерін дамыту.


Тәуелсіз еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Оқушы білімінің негізі бастауышта қалыптасады. Бала білімінің дамуына ұстаз бен ата-ананың жауапкершілігі мол. «Білім көзі-кітапта» демекші, бастауыштағы түрлі пәндер оқушының ой-өрісін дамытады.

Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспардың дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар, бұл функционалдық сауаттылық мәселесінің алаш арыстарының да ой-тұжырымдарынан қағыс қалмағандығын жұртшылық назарына ұсыну болды. Сондықтан да функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шараларда алаш арыстарының ұлт болашағы, оның сауатты, білімді, рухани дүниесі бай, ұлтжанды азамат тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары үнемі басшылыққа алуынуы қажет.

Сондықтан бастауыш сынып мұғалімінің басты міндеті-баланы сауатты оқуға, жазуға, қабілетін ашуға іскерлікпен дамыта оқыту болып табылады. Дамыта оқыту барысында жеке тұлғаны қалыптастыруда ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану пәндері баланың жан-жақта білім алуына арқау бола алады.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени саяси, экономикалық қызметтерге белсене араласуы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдана білуге үйрету.Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.

Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Алайда, әр мұғалімнің оң нәтижеге қол жеткізудегі мақсаты – заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыра алуы қажет.

Бала өмірінің алғашқы жеті жылы-денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эколгиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең. Менің шығармашылық ізденіс жұмысымның тақырыбы: « Экологиямен таныстыру арқылы қоршаған ортаны тануға деген қызығушылығын дамыту және функционалдық сауаттылығын арттыру».

Баланы өзі өсіп -өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері иуралы сұрақтарға жауаптар іздейді.

Сайф Сарай: -«Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа...»-деген екен. Балаларды өсімдіктермен таныстыру сабағында, олардың түрлерімен, пайдасымен танысып, далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады. Шоқан уәлиханов: «Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлер, жанға жайлы бір нәрсе бар»-деген екен.

Қазіргі таңда оқушылардың дамуына экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Экологиялық тәрбие балалрдың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанмыдардың орнығуына жәрдемдесе отырып, оныі дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.

Мен өз мақсатымды орындау үшін әр топқа жобалық жоспар құрдым. Техниканың жедел дамып, оның табиғатқа тигізетін ісерікүшейе түсіп отырған жағдайда. Мысалы: қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресрурстардың сарқылуы. Оқушылардың бойына табиғаттағы, оның байлығын, ол адамдарға тартатын сұлулықты аялау көзқкрксын тудыру міндетінің маңызы ееркше. Сабақтарда мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану өте тиімді.

Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту, тәрбиелеу үрдісімен байланысты.

hello_html_29b07331.gif

Осы сабақтастықтарды тиімді дұрыс пайдалану мектеп жасындағы баланы жан-жақты дамыта отырып, білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар сабақта алған білімдерін іс жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.

Егер оқушының бойына экологиялық тәрбие терең меңгерілсе, онда ол айнала қоршаған ортамен, ұжыммен жеңіл қажетті қатынас жасайды, жаңа ережелер мен өзгерістерді оңай қабылдайды.

Көркем шығармаларды сахналауда оқушылар өте қызығушылықпен қатысады. Мысалы: «Аңшы мен бала», «Гүлдер» бойынша сахналауда олар жағымды жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған балаларға ұқсастығы келетіндері байқалады.

Дүниетану пәні айналадағы дүниені танып білу, қоршаған ортаны түсіну, адам болмысы оны қоршаған табиғатпен тығыз байланыста үздіксіз қатынаста болатыны көрсетілген. Оқытудағы басты мәселе-оқушының шығармашылығын байыту, оны зерттей білуге назар аударту. Пән балаларды өмірмен, халықтың ұлттық ерекшеліктерімен, халықтың асыл мұраларымен, әсем табиғат сұлулығымен тығыз байланыстырады. Ел өмірінен есте қаларлықтай табиғат өзгерістерінен мол мәліметтер береді. Еліміздің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, мәдениеті мен өнер саласында қол жеткен табыстарынан хабардар етеді, таныстырады.
Дүниетану пәні балалардың табиғат құбылыстары, өзін қоршаған заттардың өзгерістері, табиғат байлықтары мен жыл мезгілдерінің өзгеруіне байланысты алған білімдерін толықтырып, оқығаны жайында өз көзқарастарын білдіруге, өз ойын еркін, түсінікті етіп саналы баяндауға, өз пікірі мен болжамын тиянақтап айта білуге баулиды.
Алайда, біздің балалар осындай дәрежеде ме? Өкінішке орай, ондай дәрежеде емес ...
Білімді меңгерту сөйлеу кезеңімен байланыста жүру керек. Еркін сөйлеу дағдысы да өздігінен келмейді. Ал бастауыш сынып баласының біршамасының ЖҮЙЕЛІ сөйлеу, өз ойын тура да толық жеткізе алу дағдысы әлі жақсы жетілмеген, қалыптаспаған. Кейбір баладан мәлімет алу үшін әңгіме барысында бірталай сұрақ қоясың.

Ана тілі сабағын дүниетану пәнімен байланыстыра өткіземін. Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңіне келетін болсақ. Алдымен мынандай сұрақтар қоя отырып, сабақты бастаймын:

Ы.Алтынсарин кім?

Оның қандай өлең, мысал, әңгімелерін білесіңдер?

Табиғатты қалай аялаймыз?

Аялау деген не?

«Өзен» сөзі арқылы тақырыпты ашамын. Су жөніндегі сұрақ оқушының сөздік қорын молайтады. Өлеңді мәнерлеп оқып, оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Сұрақ-жауап әдісі:

-Судың қандай пайдасы бар?

-Жалпы өсімдіктер мен жануарлардың өсіп тіршілік етуіндегі маңызды рөлді не атқарады?

-Судың адам өміріндегі пайдасы қандай?

Дәптерге өзен суретін салдырамын. Өлең мәнерлеп тізбектей оқытылады. Сөздің дұрыс, табиғатты қорғауға деген әдепті көзқкрастың қалыптасып дамуына септігін тигізеді. Су-тіршілік көзі, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Ұлы жазушы М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін –білім» деп айтқандай, елімізді өркениетке бастайьын жол бастауы-білім.

Тәуелсіз еліміздің шаңырағы биік болып дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдердің тізіміне қосылуы үшін білім мен ғылымды дамытуда, сапалы білім мен саналы тәрбие беру әр ұстаздың басты міндеті.

«Оқу мен жазуда сыни тұрғысынан ойлау» жобасын басшылыққа ала отырып көптеген әдіс-тәсілдерді сабақта қолданып келемін.

Оқушылардың пәнді сүйіп, кызығуына ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын үстінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінін іс әрекетімен салыстыру касиеттері жетіледі. Дүниетану сабағында «Құстар», «Жәндіктер», «Балықтар» тақырыбын өткенде мынадай ойын түрлерін пайдаланамын.

1. «Адам колымен жасалған заттар». «Табиғат қолымен жасаған заттар». Бұл ойынды суретті фишкалар арқылы орындатамын.

Көрнекілігі: суретті фишкалар.

Ойын барысы: 2 топқа бөлініп ойналады.

2. «Не ұшады, секіреді, жүгіреді, жүзеді, жор-ғалайды»? ойыны. Бр ойын аңның, құстың қайда тіршілік ететінін қимыл түрін көрсетеді. Бес басшыға әр түрлі түстегі үшбұрыш беріледі. Қалған балалар аңның, құстың, балықтың, жәндіктің суретін алады. Мұғалімнің белгісімен балалар кімнін колында кандай жануар, егер ол ұшатан болса көгілдір үшбұрыштың касына барады, суда жүзетіні көк үшбұрыштың, жүгіретіні жасыл, секіретіні қызылға, жорғалайтыны сары үшбұрыштың қасына барады. Көп ұпай алған топ жеңіске жетеді.

3. «Болады-болмайды».

4. «Өсімдіктерді топтастыр»: жарық, ылғал, құрғаққа, суықка төзімді, көлеңкеге, жылуға төзімді өсімдіктердің суретін таратып топтау ерекшелігі бойынша зейінділікке, кырағылыққа, жылдамдығын арттыруға, мергенділікке, тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады.

Атақты психолог Л.С.Выготский: «Баладар мен жасөспірімдердің көбінесе мақсатты дұрыс қоя алмайтын-дығын жиі кездестіреміз. Баланың белгілі бір істе нәтижеге қол жеткізе алмауы қолынан келмегендік емес, қайта не үшін жасау керектігінің өмірлік маңызын түсінбегендіктен болады». Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік - оянып келе жатқан жана қабілеттің алғашқы белгісі. Окушынын шығармашылық кабілетін дамытуға мектеп кана мақсатты түрде әсер ете алады.

Сондыктан баланың шығармашылык қабілетін дамыту үшін тиімді тәсілдер қолдану аркылы арнайы жұмыстар жүргізіп, оқушылардың өздеріне талдату, салыстыру, жалпылау, тұжырымдар жасатамын.
Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы кабілетті әр түрлі балалардың ортасынан кабілеті жоғары: баланы іздеп, онымен жұмыс жасауды ойладым. Оқушылардың шығармашылық деңгейін бакыладым.
Оқушыға өз болмысын тануға көмектесіп, кабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білгімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылык қабілеттерін сабақта және сабактан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың үсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген сабақ окушылардын ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жаткан ойын дамытып сөйлетуге үйретеді.
Қорыта келе, бойында  жан-жақты қабілеті бар мұғалім оқушылардың бойына,  сенімі және  ақылдылығы мен парасаттылық  қалыптастыра отырып, өмірге сыни көзқараспен қарай алатын, ұйымдастырушылығы жоғары  қабілетті тұлға қалыптастырады. Әрбір мұғалімнің  өзіне деген сенімділігі мен  қабілетін,  күш-жігерін  бағалай білуі қажет. Әрқашан жаңашыл болуға талаптану қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.      «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». 2012 ж.

2.      «Бастауыш мектепте оқыту» журналы, 2012 ж.

3.      1-4 сынып әдістемелік оқу құралдары.

4.      Дүниетану пәнін оқыту әдістерін жетілдіру бағытындағы қазіргі кездегі жұмыстар. (Реферат) №10,11

5.      Педагогика мәселелері №3 2014 ж.

 








Автор
Дата добавления 30.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров253
Номер материала ДВ-215227
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх