Инфоурок География КонспектыОқушылардың функционалдық сауаттылықты дамытуда мектептен тыс қосымша білім беруді жоспарлау

Оқушылардың функционалдық сауаттылықты дамытуда мектептен тыс қосымша білім беруді жоспарлау

Скачать материал

Жоба құрылымы


І Кіріспе


ІІ Негізгі бөлім


ІІІ Қорытынды бөлім


ІV Ұсыныстар


V Пайдаланылған әдебиеттер

































Жоба жұмысының тақырыбы: Оқушылар қабілетіне қарай оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда мектептен тыс қосымша білім беруді ұйымдастыруды жоспарлау.

Мақсаты: Білім беру ұйымдарында жан-жақты дамыған, бәсекеге бейім,функционалды сауатты тұлғаны дамытуда оқушылардың қабілетіне қарай мектептен тыс қосымша білім беруді жоспарлауды үлгілеу

.

Міндеттері:

  • Мектепте функционалдық сауаттылықты дамытуда мектептен тыс қосымша білім беруді ұйымдастыру.

  • Оқушыларға қосымша білім беруді ұйымдастыруда мұғалімнің шығармашылық қызметін жетілдіру

  • Оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Зерттеу объектісі: Мектептен тыс қосымша білім беруді ұйымдастыру

Болжамы:

Егер мектепте оқушы қабілетіне қарай мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламасын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізілсе, онда оқушының дамыған функционалды сауаттылығы дамып,білім сапасы артады.


Жобаның жетекші идеясы: Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекттік бағдарламасы, “Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 ж арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары

Зерттеу әдістері: Іздену, оқушылардың бейімділігін анықтау, саралау

Күтілетін нәтиже: Мектепте функционалдық сауаттылықты дамытуда мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдастыралыды, оқушыларға қосымша білім беруді ұйымдастыруда мұғалімнің шығармашылық қызметі жетілдіреді, оқышылардың белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.


І. Кіріспе

Президент Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік эконмикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты » атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Аталған міндет, Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру процесінде де маңызды болып табылады. Еіміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыдан ойлауға шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұру болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға  арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. Бұл Ұлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда  мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың  қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің көп жоспарылы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндірілді. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзіретті, бәсекелестіктің қайсы бір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана, болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.

Бүгінгі оқушы – ертеңгі жан-жақты дамыған тұлға.

ІІ . Негізгі бөлім

Жалпы функционалды сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардын әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Яғни бүгінгі жаһандану заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен , функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалды сапалар:белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілетті т.б . Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік дене және рухани тұрғысынан дамыған азамат қалыптастыру. Оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осыған орай Ұлттық жоспарда функционалдылық сауаттылықтың төмендегідей механизимдерін бөліп көрсетеді . Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады. Олар :

  • Білім беру мазмұны

  • Оқыту нысандары мен әдістері

  • Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі

  • Мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары

  • Мектепті басқару моделі

  • Барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы

  • Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі

Функционалдық сауаттылық бойынша ұлттық жоспардың маңызы ерекше.
Жоспардың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
Бұл – дәстүрлі мектеп моделінен рационалды модельге, әрі қарай феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттаудегенді білдіреді.
Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады.
Ұлттық жоспарда
функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмін бөліп қарауға болады.

Бірінші механизм – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту.
Екінші механизм – оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту.

Функциональдық сауаттылықты дамытудың үшінші механизмі – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы.

Төртінші механизм – қосымша білім беру жүйесін дамыту.
Функционалдылық сауаттылықтың төртінші тетігіне (механизміне ) тоқталар болсақ, оған қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады . Бұл мәселе бізде толық қанды жүзеге асып отырмағандығы белгілі . Себебі, әлі күнге дейін стандарт пен оқулықтарға айтылған сын түзелмей отырған кезеңде мұндай қосымша білім функционалдық сауаттылық өз деңгейінде жүзеге асып отыр дегенді айта аламыз. Бұл тұрғыда да біз, алаш арыстарының бірі Ж.Аймауытов мына бір қағидасын басшылыққа алсақ, функционалдық сауаттылықтың төртінші механизімі жүзеге асқан болар еді. Ағартушы: «Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нарсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады, бала әлумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенімен өмір жүзінде пайдаланатын болады.

...Балаларға туған жердің табиғатын, туған елдің әлдің әдет-ғұрпын , мінезін үйреніп, хәкімшілік, әлеумет мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда кәсібімен, қатынау жолдарымен таныстырып , жергілікті тарихи ескерткіштердің қатынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін , жат нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныс қыламыз», - деп бүгінгі заманауи білім беру талабына сай функционалдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен айтпаса да, терең талдау жасап, нанымды тұжырым айтқан. Егерде біз қосымша білім беру және мектептен тыс сабақтарда осы қағидаларды басшылққа ала отырып, бағдарламалар түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын болсақ, онда функционалдық сауаттылықтың төртінші механизімі өз дәрежесінде жүзеге асады. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге, шығармашылық қабілетін дамытуға, тиянақтылыққа, жан-жақтылыққа   тәрбиелеу мақсатында мектептен тыс  мемлекеттік қосымша білім беру  мекемелері жұмыс жасап келеді. Олар  өнер мектептері, Балалар техникалық шығармашылық орталығы, оқушылар сарайы, туристік, спорттық, әдеби шығармашылық  және басқа да үйірме түрлері  бар.  Олар толықтай шеберханалармен, көрермендер залымен, спорт залымен, кітапханамен жабдықталған

Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған.
Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады.
Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б.
Қазірдің өзінде жас техниктер мен натуралистерге және басқа категорияларға арналған балалар танымдық журналдары шығарыла бастады.
 Жалпы білім беретін мектептегі және мектептен тыс ұйымдардағы әртүрлі бағыттағы үйірмелер, секциялар желісін кеңейту есебінен балаларды қосымша білім берумен қамту ұлғайтылады. Басты назар ғылыми-зерттеу жобаларына, техникалық шығармашылыққа, өнертапқыштыққа, модельдеуге, нанотехнологияларға, робот техникасына, легожобалауға және т.б. аударылады.

Қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің қызметін біріктіру: Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, білім беру ресурстарына (функционалдық сауаттылығына) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің қызметін біріктіру қамтамасыз етіледі. Жалпы біріктіру тұлғаның кәсіптік тұрғыда өзін-өзі анықтауына және оқушыда шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруғаықпал ететін болады. Осылардың бәрі – тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді.
Оқушылардың бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл жерде аймақтар әкімдерінің қолдауы өте қажет.
Өйткені, оқушыларды қосымша біліммен қамту бар болғаны 21%-ды ғана құрайды. 2016 жылы қамтуды 50%-ғажеткізу қажет.
Осыған байланысты аймақтарда қосымша біліммен қамтуды арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленуі тиіс.
Жалпы жоспарда 2016 жылға дейін іске асатын 37 іс-шара қарастырылған.
Олардың он бірі 2012 жылғы 4-тоқсанда басталады.
ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Ұлттық жоспарды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру 24,6 млрд. теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 22,7млрд.теңгені құрайды.
Ұлттық жоспарды іске асыру оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев ерекше көңіл бөліп отырған білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады.
Осылайша, әлемдік тренд пен білімге сәйкес келетін мектептің феноменальді моделі негіздерінің бірі қалыптасатын болады..

ІІІ. Қортынды бөлім.

Бүгінгі сапалы білім беру мен саналы тәрбие берудің мақсаты адамның ептіліктерімен дарындылығына сүйене отырып, жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамассыз ету. Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесінде , оқу процесінде өркениетті қоғаммен құқылы мемлекеттің, нарықты экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қаблеті мен шығармашылық, кәсіби біліктгі мен біімділігін керек ететіні белгілі.Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән саласы , еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып,оқушының білімге, ғылымға , шығармашылдыққа, өнерге деген ынтасын арттыру , олардың ақыл ой қабілетін, өмірлік мақсат – мүддесін айқындауға , жеке басының қасиеттерін дамытып оған қоғам талабына сай мектептен тыс қосымша білім беру маңызды рөл атқарады.

Оқушының қабілетін ашып, сезімін ояту және қызығушылығын арттыру мақсатында қосымша білім берудің маңызы :

  • Түсінігін жақсы жеткізе алады

  • Талдауға белсене қатысады

  • Өзіндік пікірін еркін жеткізуге үйренеді

  • Топта жұмыс істей алады

  • Жан-жақты дамиды

  • Өмірге деген көз қарасы өзгереді

  • Қоршаған ортаға қызығушылығы артады

  • Салт- дәстүрлерді құрметтеуді түсіне бастайды

  • Өзіндік белсенділігін таныта бастайды

-Ата-анасын, жолдастарын, мұғалімдерін құрметтейді.

«Бақыт жолы тек білімнен табылар» деп Ахмет Игүнеки айтқандай, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал ететін адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек – білімде. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы- оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамуына тікелей байланысты.

Ұсыныстар:

- Мектептен тыс қосымша білім беретін ұйымдардың санын арттыру керек

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда мектептен тыс қосымша білім беруді дамыту керек

- Жаңа заман талабына сай қосымша білім беру ұйымдарындарындағы үйреме жұмыстарын жандандыру


        



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың функционалдық сауаттылықты дамытуда мектептен тыс қосымша білім беруді жоспарлау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 533 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2016 2176
    • DOCX 27 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бугенбаева Назерке Молдахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9408
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 729 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 980 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 376 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека