Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Научные работы / Оқушыларды ғылыми-шығармашылық жұмыстарға баулу. Ғылыми жоба

Оқушыларды ғылыми-шығармашылық жұмыстарға баулу. Ғылыми жоба



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Иностранные языки

Название документа Жоба Диляра.pptx

Дарынды балалармен жарқын болашаққа! Оқушылардың олимпиадаларға, интеллектуал...
Тақырыбы: М.К.Жаманбалинов - әйгілі ақын әрі қоғам қайраткері
1. М.К.Жаманбалиновтың өмірін, шығармаларын жан-жақты зерттеу; 2. Ақын туралы...
Зерттеу барысында ақынның жаңа қыры – қоғам қайраткері екенін аштым. Зерттеу...
Ғылыми жұмыс әйгілі ақынымыз М.К.Жаманбалиновтың өмірі мен қоғам қайраткерлі...
Ақын болсаң, елінің жарығысың, Елің үшін жалының, жаның, ісін. Басқа жол жоқ...
Шығармалары
М.К.Жаманбалинов өткен ғасырдағы тұрғылықты аймағы мен көршілес Омбы облысыны...
Тоқта ауылында 19 ғасырдың аяқ кезінде мешіт салдырып, медресе ашқан Тәтента...
1996 жылы Шәнен қазіреттің баласы Жүніс Молланың қабірі басына да құлпытас о...
Қазіргі Панфилов атындағы селоның сыртындағы темір қоршалған мына зиратта 193...
Қазіргі аю зиратының батыс жағындағы жазықта Деревянка дейтін байдың құдығына...
ҚОРЫТЫНДЫ   М.К.Жаманбалинов өмірі, еңбек жолы, шығармашылық шарықтауы болаша...
Ғылыми-практикалық ұсыныстарым: 1. Туған жері Ертіс ауылында ақынға арналған...
 Назарларыңызға рахмет !
1. Алтын Бақраденова «Мүбәрак Жаманбалинов»(өмірі, шығармашылығы, тілдік ере...
журналист Ақын Өлкетанушы Балалар әдебиетінің атасы Қоғам қайраткері Мүбәрак...
1 из 17

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Дарынды балалармен жарқын болашаққа! Оқушылардың олимпиадаларға, интеллектуал
Описание слайда:

Дарынды балалармен жарқын болашаққа! Оқушылардың олимпиадаларға, интеллектуалды жарыстар мен ғылыми зерттеу жобалар байқауына қатысуы Павлодар облысы Ертіс ауданы № 2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Бектасова Диляра

№ слайда 2 Тақырыбы: М.К.Жаманбалинов - әйгілі ақын әрі қоғам қайраткері
Описание слайда:

Тақырыбы: М.К.Жаманбалинов - әйгілі ақын әрі қоғам қайраткері

№ слайда 3 1. М.К.Жаманбалиновтың өмірін, шығармаларын жан-жақты зерттеу; 2. Ақын туралы
Описание слайда:

1. М.К.Жаманбалиновтың өмірін, шығармаларын жан-жақты зерттеу; 2. Ақын туралы дерек жазылған кітаптарды оқып, саралау; 3. Ақынның ұрпақтарымен кездесу, сұқбаттасу; 4. Ақынның тарихтан алар орнын нақтылау; Зерттеу жұмысының Мақсаты: Зерттеу жұмысының міндеттері: Мүбәрак Кәрімұлы Жаманбалиновтың тұлғасы мен еңбектеріне бүгінгі күнгі тарих ғылымының биіктігінен баға беру; әйгілі ақынымыздың қайраткерлік жолын кейінгі ұрпақ арасында насихаттап тәрбиелеу құралына айналдыру.

№ слайда 4 Зерттеу барысында ақынның жаңа қыры – қоғам қайраткері екенін аштым. Зерттеу
Описание слайда:

Зерттеу барысында ақынның жаңа қыры – қоғам қайраткері екенін аштым. Зерттеу жұмысының жаңалығы: Зерттеу жұмысының болжамы: Зерттеу жұмыстары мен дерек көздеріне сүйене отырып, ақынның өмірі мен шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеуге талпыныс жасауда және оның еңбектеріне ғылыми баға беруде.

№ слайда 5 Ғылыми жұмыс әйгілі ақынымыз М.К.Жаманбалиновтың өмірі мен қоғам қайраткерлі
Описание слайда:

Ғылыми жұмыс әйгілі ақынымыз М.К.Жаманбалиновтың өмірі мен қоғам қайраткерлік істерінен мол, жан – жақты мағлұматтар береді. Зерттеу жұмысының қорытындысы: Зерттеу жұмысының әдістері: Жинақтау, саралау, талдау, салыстыру, жүйелеу; Зерттеу жұмысының құрылымы: Жоба кіріспеден, зерттеу бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

№ слайда 6 Ақын болсаң, елінің жарығысың, Елің үшін жалының, жаның, ісін. Басқа жол жоқ
Описание слайда:

Ақын болсаң, елінің жарығысың, Елің үшін жалының, жаның, ісін. Басқа жол жоқ ақынға бұл өмірде, Туады адам ақын боп халық үшін М.К.Жаманбалинов өзінің ісімен де, өмір жолымен де ата ұрпаққа үлгі болар көп істердің иегері болды. Бабалар аманатын сол күйінде келер ұрпаққа жеткізуді өзіне міндет санап, маржандай сұлу жырларымен елді сусындатып қана қоймай, сондай бір тазалықты, таңғы шықтай мөлдірлікті елден талап етуші тау тұлға талант иесі.

№ слайда 7 Шығармалары
Описание слайда:

Шығармалары

№ слайда 8 М.К.Жаманбалинов өткен ғасырдағы тұрғылықты аймағы мен көршілес Омбы облысыны
Описание слайда:

М.К.Жаманбалинов өткен ғасырдағы тұрғылықты аймағы мен көршілес Омбы облысының өткенінен деректерді де жинақтаған. Жазушы «Түгел батыр» деп аталатын кітабында елімізді жоңғар шапқыншылығынан қорғаған батыр туралы және осы аймаққа танымал оның ұлы, шешен Байсерке абыз жайлы баяндаған. М.Жаманбалинов әйгілі батырдың сүйегі жатқан жерді тауып, оған ескерткіш қойылуына мұрындық болыпты. 1994 жылы Түгел батыр мен Байсерке абыздың басын көтеруге рәсіміне жиналғандар Ертіс ауылындағы Ізбасты әулиенің зираты 1994 жылы қоршалып, басына құлпытас орнатылды. Ескерткіштер сыр шертеді

№ слайда 9 Тоқта ауылында 19 ғасырдың аяқ кезінде мешіт салдырып, медресе ашқан Тәтента
Описание слайда:

Тоқта ауылында 19 ғасырдың аяқ кезінде мешіт салдырып, медресе ашқан Тәтентай қазірет 1916 жылы Тоқта ауылының зиратында жерленген. Суретте 1995 жылы Тәтентай қазіреттің басына орнатылған күмбезшенің көрінісі. Ертіс ауданы Сілеті округіне қарасты Қызылағаш ауылына таяу жердегі Жуантөбе басында Түгел батыр мен оның атақты Байсерке абыз қабірлері 1995 жылы орнатылған құлпытас. 1994 жылдың жазында Сілеті округіне қарасты Қызылағаш ауылының шығыс жағындағы Жазы төбенің басында жерленген Жазы батырдың қабірі қоршалып қасына құлпытас орнатылды.

№ слайда 10 1996 жылы Шәнен қазіреттің баласы Жүніс Молланың қабірі басына да құлпытас о
Описание слайда:

1996 жылы Шәнен қазіреттің баласы Жүніс Молланың қабірі басына да құлпытас орнатылды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген (Иман деп те атайды) Шәнен қазіреттің сүйегі қазіргі алтыншы ауылдың сыртындағы Шәнен есімімен аталатын зиратта жерленген. Қабірі басына орнатылған құлпытас

№ слайда 11 Қазіргі Панфилов атындағы селоның сыртындағы темір қоршалған мына зиратта 193
Описание слайда:

Қазіргі Панфилов атындағы селоның сыртындағы темір қоршалған мына зиратта 1931-1932 жылдары аштан өлген жүзге жуық қазақ әйелдерінің мүрдесі жатыр. Олар совхоздың бөлімшесі болған осы елді мекенге қайыр сұрап келіп, ауылдарына қайта алмаған. Осы қазақ әйелдерінің қайғы қасіреті жайында ақын «Аштық азабы» атты поэма жазды. Аштық апатында Ертіс ауданының Қызылағаш болысының жиырма мыңға жуық қазағының жартысына таяуы қырғынға ұшырады. М.Жаманбалиновтың бұл поэмасына сол жылдардың бір ащы шындығы арқау болған.

№ слайда 12 Қазіргі аю зиратының батыс жағындағы жазықта Деревянка дейтін байдың құдығына
Описание слайда:

Қазіргі аю зиратының батыс жағындағы жазықта Деревянка дейтін байдың құдығына 1932 жылдың көктемінде аштан өлген жүзден астам қазақтың мүрдесі көмілген. 1993 жылы осы құдықтың жанына ескерткіш плита орнатылды. 1931-33 жылдары аштық пен қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткіш белгі Ертіс ауданының 2001 жылдың көктемінде орнатылды. Бұндай белгі Қазақстан Республикасы бойынша Ертіс ауылында бірінше рет орнатылған

№ слайда 13 ҚОРЫТЫНДЫ   М.К.Жаманбалинов өмірі, еңбек жолы, шығармашылық шарықтауы болаша
Описание слайда:

ҚОРЫТЫНДЫ   М.К.Жаманбалинов өмірі, еңбек жолы, шығармашылық шарықтауы болашаққа жол бастар өзендей. Қоғамға өз үлесін қосқан, көзге түскен қаламгер ақын. Ана тіліміздің дамуына, өркендеп түпкілікті орнығуына да ат салысты. Ақын, журналист ретінде Павлодар өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жазуға сүбелі үлес қосты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау» деген. Ендеше, осы асыл қазынамызды жоғалтып алмай, келешек ұрпақ қажетіне жарату - біздің еншімізде.

№ слайда 14 Ғылыми-практикалық ұсыныстарым: 1. Туған жері Ертіс ауылында ақынға арналған
Описание слайда:

Ғылыми-практикалық ұсыныстарым: 1. Туған жері Ертіс ауылында ақынға арналған мұражай ашылса. 2. Мұражайға құнды, заттай ұстанған деректері мен қолжазбалары жинақталса. 3. Ауданның және ауылдың бір көшесі ақынның атымен аталса. 4. Шығармалары тарих, әдебиет сабақтарына қосымша сағаттарға енгізілсе.    

№ слайда 15  Назарларыңызға рахмет !
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет !

№ слайда 16 1. Алтын Бақраденова «Мүбәрак Жаманбалинов»(өмірі, шығармашылығы, тілдік ере
Описание слайда:

1. Алтын Бақраденова «Мүбәрак Жаманбалинов»(өмірі, шығармашылығы, тілдік ерекшеліктері) монография Павлодар 2009 жыл. 2. З.Х.Латыпова «Проблемы поэтического перевода»Алматы 2008 жыл. 3. Мұхамеджан Дәуренбек «Замандастарым, қаламдастарым»Павлодар 2009 жыл. 4. С.Мәненұлы «Елін сүйген ақын азамат» №93 «Ертіс нұры»газетінен, 7 қараша,2009 жыл. 5. Ж.Ғалымов «Ақынның қоғамдық істердегі іздері»12 тамыз 2004 жыл. 6. Қажымұрат Смағұл «Өмір кезеңдері» №139 «Сарыарқа самалы» 30 қараша 1999 жыл. 7. Б.Айтбай «Жерлес жазушымыз» №19 «Ертіс нұры»20 наурыз 2003 жыл. 8. Әйгілі аудан Ертісім. 9. «Балалар бағының бағбандары». Анықтамалық. – Алматы: Құраст.: Шәкен Күмісбайұлы «Балалар әдебиеті» баспасы, 2008. – 300 б.   Қолданылған әдебиеттер тізімі:

№ слайда 17 журналист Ақын Өлкетанушы Балалар әдебиетінің атасы Қоғам қайраткері Мүбәрак
Описание слайда:

журналист Ақын Өлкетанушы Балалар әдебиетінің атасы Қоғам қайраткері Мүбәрак кім?

Название документа Титул.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Павлодар облысы

Ертіс ауданы

2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі



Бектасова Диляра

8 -сынып оқушысы


ТАҚЫРЫБЫ: М.К. Жаманбалинов - әйгілі ақын әрі қоғам қайраткері






Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секция: өлкетану




Жетекшісі: Көпеева Әлия Қамариденқызы





Ертіс ауылы, 2015 жыл





М а з м ұ н ы:

Аннотация

І. Кіріспе

1.1. Ақын болсаң, елінің жарығысың...

ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1. М.Жаманбалиновтың өмір жолы және ақындық ұстанымы.....1-7

2.2. Ескерткіштер сыр шертеді.....................................................................8-14

2.3 Қаламгерлер пікірлері ..........................................................................15-16

ІІІ. Қорытынды

3.1.Ақын өмірі - бізге тағылым................................................................17-бет

3.2. Ұсыныстар...........................................................................................18-бет

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................19-бет


















Аннотация

Бұл жұмыста Ертіс өңірінің абызы М.К Жаманбалиновтың өмір жолы, шығармашылығы, азамат ретінде қоғамдық істерге араласқаны зерттелген. М.К Жаманбалинов өмірі, еңбек жолы, творчестволық шарықтауы болашаққа жол бастар өзендей. Қоғамға өз үлесін қосқан, көзге түскен қаламгер ақын. Қазақ тілі қоғамның аудандық ұйымын да басқарып, ана тіліміздің дамуына, өркендеп түпкілікті орнығуына да ат салысқан. Ақын, журналист ретінде Павлодар өңіріндегі әлеуметтік - экономикалық өзгерістерді жазуға сүбелі үлес қосты.

М.К.Жаманбалиновтың шығармаларына шолу жасап, тарихи фактілерге назар аударып, ел мәселесіне қосқан қоғам қайраткерлігін таныту – жұмыстың мақсаты болып келеді. Сонымен қатар өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ауданымыздың тарихын танытудағы ақын атаның еңбектері мен шығармаларының маңызы өте зор. Жұмыстың мақсатына жету үшін М.Жаманбалиновтың шығармаларын толық зерттей отырып, ақынның ұрпақтарымен кездесіп, тарихи фактілерді зерттеу қажет. Және де ақынның еңбектері қоғамға пайдалы екеніне көз жеткізетін қорытынды шығару керек.

Сонымен жұмыстың нәтижесінде М.К.Жаманбалиновтың шығармаларын әдебиет, тарих сабақтарында Ертіс өңірінің тарихы деген тақырыпта қосымша әдебиет ретінде пайдалануға болатын анықтадық.










Summaru

In this work studied the live, creative work the contribution to the social causes of the prominent man from Yertis village Zhamanbalinov M.K

Zhamanbalinov's life, working activity, creative work open the way to the future. He is a prominent writer, which has contributed to the society.

He was at the head of the head of the Kazakh language’s society and has made an important contribution to development of our native language. As a writer and a gournalist he has made a contributeon to the economical changes of Pavlodar’s region. He has dedicated five books to our region’s history Everyone can not do the such work.

Aim of study: Study the creative work of Zhamanbalinov M.K., pay one’s attention to history facts, become acquainted with social activity.

Hypothese: If V.K. Zhamanbalinov’s works are appreciated, he will be recognized as a public man.

















Ақын болсаң, елінің жарығысың,

Елің үшін жалының, жаның, ісін.

Басқа жол жоқ ақынға бұл өмірде,

Туады адам ақын боп халық үшін.

І. Кіріспе

1.1. Өзектілігі. М.К.Жаманбалинов өзінің ісімен де, өмір жолымен де ұрпаққа үлгі болар көп істердің иегері болды. Бабалар аманатын сол күйінде келер ұрпаққа жеткізуді өзіне міндет санап, маржандай сұлу жырларымен елді сусындатып қана қоймай, сондай бір тазалықты, таңғы шықтай мөлдірлікті елден талап етуші тау тұлға талант иесі. Шығармашылық жолын педагогтік қызметте жүріп бастаған әрі балалар ақыны, әрі журналист, ел азаматы өзі қатарлас сөз шеберлерінің ықыласына әрдайым ие болып келді. Қазақ балалар поэзиясында өзіндік өрнегін салған, республикаға кеңінен танылған ақынның жинақтары балалар әдебиеті қорына қосылған өміршең дүниелер болып есептеледі. Ақынның жас ұрпаққа қатысты мол мұрасынан мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармаларды кездестіруге болады. Балалар әдебиетіндегі мысал өлеңдер жанрының ізімен қоғамдағы жат қылықтарды сынап – мінейтін салмақты жеңіл юморлы, сатиралық та жырлар жазды. Өткен ғасырдың 80 - жылдарының аяғына қарай қолға алынған тіл, діл, дін мәселелерінде өз сөзін айтудан тосылмаған. Павлодар – Ертіс өңірінің тарихын жинастырып, рухани асыл қазынасын жинауға ат салысты. 1958 жылдан Ертіс, Краснокутск, Железинка аудандары бойынша өзі меншікті тілші болып аралаған жерлерінің өмірі туралы тарихи деректер, аңыз – әңгімелер, шешендік сөздер, шежірелер жинастырды. Ақын туралы мағлұматтарды жинай отырып, тарих қойнауына саяхат жасап, шығармашылық еңбектерін қазіргі және келешек ұрпаққа аманат етуді өзіме парыз санадым. Мен өзімнің бұл қадамымды атаның «іздеушісі» болуға басқан алғашқы қадамым болар деп санаймын.



1.2. Зерттеу жұмысының мақсаты: Мүбәрак Кәрімұлы Жаманбалиновтың тұлғасы мен еңбектеріне бүгінгі күнгі тарих ғылымының биіктігінен баға беру; әйгілі ақынымыздың қайраткерлік жолын кейінгі ұрпақ арасында насихаттап тәрбиелеу құралына айналдыру.

1.3. Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • М.К.Жаманбалиновтың өмірін, шығармаларын жан-жақты зерттеу;

  • Ақын туралы дерек жазылған кітаптарды оқып, саралау;

  • Ақынның ұрпақтарымен кездесу; сұқбаттасу;

  • Ақынның тарихтан алар орнын нақтылау;

1.4. Зерттеу жұмысының жаңалығы: Зерттеу барысында ақынның жаңа қыры – қоғам қайраткері екенін аштым.

1.5. Зерттеу гипотезасы: Зерттеу жұмыстары мен дерек көздеріне сүйене отырып, ақынның өмірі мен шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеуге талпыныс жасауда және оның еңбектеріне ғылыми баға беруде.
1.6. Зерттеу жұмысының қорытындысы: Ғылыми жұмыс әйгілі ақынымыз М.К.Жаманбалиновтың өмірі мен қоғам қайраткерлік істерінен мол, жан – жақты мағлұматтар береді.

1.7. Зерттеу әдістері:

Жинақтау, саралау, талдау, салыстыру, жүйелеу;

1.8. Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, зерттеу бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.









II Зерттеу бөлімі

    1. М.Жаманбалиновтың өмір жолы және ақындық ұстанымы


Ғылыми жобалар сайысына қатысудағы мақсатым қазақтың көрнекті балалар ақыны, білікті ұстаз, елімізге еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, өлкетанушы, туған жердің мәңгі тұлғасы, өлкемнің қалаулысы Мүбәрак Кәрімұлы Жаманбалинов туралы сыр шертемін. Осы ақынның өмір жолдарына терең үңіліп, шығармашылығына, қоғамдық істеріне зерттеу жасай отыра, сіздерге толық мәлімет бергім келеді. Себебі ол жалғыз жерлес тұлға емес, сол сияқты жерлес дарынды, парасатты ақын-жазушыларымыз, айтыскерлеріміз көп. Олар Иса Байзақов, Аманжол Шамкеновтар сияқтылар.

Мүбәрак Жаманбалинов 1924 жылдың 7 қараша күні Павлодар облысының Железинка ауданындағы Тәттімбет ауылында дүниеге келген. Руы - Қанжығалының Қарасы. Қарадан - Елтай, Елтайдан - Топан,Топаннан тоғыз ұл екен. Кәрімнің әкесі Жаманбала Тоғызақ деген ең кенжесінен қалған ұрпақ біраз жылдар Тоғызақ деп аталған қоныста бірге тұрыпты. Кәрім арабша сауатты болған, ауыл молдасы болғандықтан, көптеген қуғын-сүргін көреді. Оның ағасы Қайыргелді байларды тәркілеу кезінің құрбаны, екі жылқысы, төрт сиыры болғандығы үшін қамалып, Ридерге жер аударылған. Болашақ ақынның жеті жасқа дейінгі өмірі Тәттімбет деген ауылда өтеді. Кейін, мектепке барар шағында ата-анасымен Новосібір облысының Венгерево ауданына қоныстанады. Басында ауылшаруашылық мектебінде оқып, содан соң Омбы педагогикалық училищесін бітірген М.К.Жаманбалинов алған мамандықтарына сәйкес агроном да, мұғалім де болып қызмет атқарады. Оның шығармаларында табиғатты суреттеудегі шеберлігі, балалар психологиясына жетіктігі бірден сезіліп тұруы осы мамандықтарына байланысты болса керек. Жас кезінен –ақ болашақ ақын дана халқымыздың төл поэзиясына ерекше қызығушылық танытады. Оның нақ қай кезде, қай күні шығармашылыққа бет бұрғандығын тап басып айту

қиын. 1949 жылы бастауыш мектептің меңгерушісі болып, өз оқушыларына өлең шығарып, оны оқыту үрдісінде пайдаланғаны белгілі. Сол кезден бері М.К.Жаманбалинов негізінен балалар, кіші және орта жастағы мектеп оқушылары үшін жаза бастайды. Оның алғашқы өлеңдері 1951 жылы «Қазақстан пионері» газеті мен «Пионер» журналында жарық көреді. Осы жылдары Әбу Сәрсенбаев, Сырбай Мәуленов, Мұзафар Әлімбаев, Дихан Әбілев, Сапарғали Бегалин сынды белгілі ақындардың ақыл-кеңестерінен тағылым алған М.К.Жаманбалинов ақындық өнердің қыр-сырын меңгеруге құлшына кірісіп, өндірте жазады. 1956 жылы Қазақстанның мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан оның «Айнабұлақ»атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. Осы шағын өлеңдері арқылы-ақ балалар әдебиетінің көрнекті ақыны ретінде республика жұртшылығына танылды. Бұл жыл М.К.Жаманбалинов үшін ұмытылмас белес жыл болды.

Ақын қаламынан туған «Ашық күн», «Ақын бала», «Батыр ұстаз», «Менің інім», «Толқын», «Жауқазын»атты жинақтары балалар әдебиетінің қорына қосылған өміршең мұралар болып табылып, балалардың тілін сындыратын, ойын ұштайтын, көңіл көкжиегін кеңейтетін өлеңдерден тұрады. Ақын шығармалары мектеп бағдарламасына еніп, өлеңдері қырғыз, түркімен, өзбек, латын тілдеріне аударылған. Мектебімізде бастауыш сыныптарға арналған «Мүбәрактану» курсы енгізіліп, жылда «Мүбәрак оқулары» ұйымдастырылып тұрады. 1962 жылы «Сәлем» атты екінші поэзиялық жинағы баспадан шықты. Бір жылдан кейін «Ертіс лебі» деген атпен үшінші өлең кітабы жарық көрді. Бұл кітабында автор табиғат, туған жер, нақтылы адамдар, өндіріс озаттары туралы сыр шерткен. Ақын ретінде М.К.Жаманбалинов республикамыздағы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі болып саналады. Қазақстанның халық жазушысы аталған арқалы ақын Қадыр Мырза-Әли:

Өлеңді ұқпаса,

өлеңнен кет дейді,

Жүректен шықпаса,

Жүрекке жетпейді,-

деп жырлағандай сол тәлімгерлігі мол кітаптарды оқырман қауым жылы қабылдамас еді, яғни М.Жаманбалинов поэзиясы жүрегінен шығып, басқа жүрекке жеткендігінің белгісі деп түсінеміз. Сол секілді кез келген өлең жолдарына ән жазыла бермейді, ал ақын өлеңдеріне Кереку сазгерлері, тіпті сонау Шымкент сазгерлерінің ән жазуы тегін емес. Атап айтсақ, «Ертісім менің Ертісім», «Қарттар болса біртіндеп кетіп жатыр», «Күншіл түлкі», «Шебер бала», «Көкек», «8 март күні», «Балбұлақ», «Бөспе мұрт» т.б. [1]

Бастауыш мектебінде үш жыл мұғалім болған 1951-54 жылдар аралығында М.К.Жаманбалинов оқушы балаларға жүздеген жұмбақтар құрастырып, елуге тарта тақпақ жырлар жазған. Төрт кластағы отыз оқушының психологиясын, қызығатын нысандарын дөп басып, алуан тақырыпқа бара білу, сөйтіп оқытуға біршама өзіндік дидактикалық жадығаттар табу-мұғалімге іскерліктің, ізденгіштіктіктің, одан артық болашақ балалар ақынының бойына табиғат берген дарынының нәтижесі. М.К.Жаманбалиновтың қай жинағын алсақ та, бүлдіршін тіліне, оқушы бала сөзіне, жас жеткіншектің өзіндік сөз саптауына кезігіп отырасың. Олар бірінен-бірі ажырап тұрады. Тіпті өлеңді жұмбақтары мен ойын өлеңдерінің мазмұнынан кімге арналғаны айқын көрінеді. Балалар тілінің бапкері М.К.Жаманбалинов өз шығармаларын жазуда қатысты елуінші жылдары К.Чуковский ұсынған ереже-шарттарды ұстанған сияқты.

Балалар поэзиясы-балаға сүйіспеншілік сезімнің сыртқа ақын жүрегінен лықсып шыққан пернелі туындысы. Қай өлеңнің тууына баланың бойынан өткізілген бір жағдаяттың негіз болғандығы М.К.Жаманбалиновтың шығармаларынан айқын байқалады. [3]

80-жылдардан бастап балалар әдебиеті бойынша кандидаттық диссертациялар жазыла бастады.Мысалы, К.Матыжанованың «Балалар фольклоры» 1990 ж., Б.Қ.Қапасованың «Қазақ балалар лирикасы» 2001 ж., А.Ахтанованың «Қазақ балалар драматургиясы» 2003 ж., Г.К.Қажыбаеваның «Қазіргі қазақ балаларына арналған поэмалар» 2005 ж. Бұл еңбектерде М.К.Жаманбалиновтың халқымызға рухани бұлақ көзі болған ауыз әдебиеті үлгісіндегі, баланың нәзік сезіміне мейірім шуағымен әсер ететін өзіндік қолтаңбалары, атап айтқанда, «Күж жалмауыз және Білек батыр» сияқты ертегісі мен бірнеше лирикалық жырлары өз биігінде көрсетілген болатын.

Қазіргі балалар әдебиетінің белгілі зерттеушісі Құлбек Ергөбековтің сөзімен айтқанда, «азғантай ақ жүрек талантты»шығармашылардың қатарына М.К.Жаманбалиновты жатқызуға болады деген. [9]

Сол секілді М.К.Жаманбалиновтың балаларға арналған бір де бір шығармасын қызықтамай оқуға болмайды. Ең кіші жанр - жұмбақ, жаңылтпаштары болсын, ірі жанр поэма - ертегілерінде де адам назар тоқтата алатын ғибрат тұр. Ақынның өлеңдері бала жасы сияқты тақырыбы, көлемі, идеялық мазмұнына қарай өсіп отырады. Шығармашылығымен бұрын таныс бала оқырманы қазір бір-бір ата-ана, әрі асқаны мектеп,жоғары оқу орындарында ұлағатты ұстаздық ұстанымдар да осы М.К.Жаманбалинов сияқты ақындардың ғибратты дүниелерімен жас бүлдіршіндерді сусындатуда деуге болады. Мектеп жасына дейінгі сәбилер дүниесін барлап, тақпақ, өлең жазуды балалар поэзиясының хас шебері Өтебай Тұрманжанов алғаш рет бастаса, әрі қарай уақытқа сай сұранысты өтеген Ж.Кәрбозин мен М.К.Жаманбалинов болды десек, артық айтқандық емес. Көптеген эссе-зерттеу мақалаларда М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Смақов, Қ.Баянбай сияқты балалар поэзиясын дамытқан ақынның тұрғылас қаламдастарының пікірлері осыны дәлелдейді. Өйткені дәл осы қаламдас ақындарының шығармашылық лабораториялары өздері қызмет еткен балалар редакциясы олардың шыңдалу мектебі болғаны мәлім.

Ақын атамыз поэзиямен қатар журналистика саласында ұзақ жылдар өте жемісті еңбек еткен. 1958-1990 жылдар аралығында Павлодар облысының «Қызыл ту»газетінің меншікті тілшісі, 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі»қоғамының төрағасы болып сайланады. 1991 жылдың 1 қаңтарынан Ертіс ауданының бұрынғы орыс тіліндегі «Иртыш»газетімен бірге, 2240 данамен екінші қазақ тіліндегі газет «Ертіс нұры»жарық көреді. Оның алғашқы редакторы болып М.К.Жаманбалинов тағайындалады. Осы газеттің редакциясын ұйымдастыру мәселесін «Қазақ тілі»қоғамы көтерген еді. М.К.Жаманбалинов жас журналистерді тәрбиелеуде де жалықпаған. Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, шебер журналист, бірнеше кітаптың авторы Ғалия Балтабай, жаңа шыға бастаған қалалық «Шаһар»газетінің редакторы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Ғалымбек Жұматов, өзінің баласы Ғылымиден Жаманбалинов ата үлгісінен бастау алады.

1958 жылдан КСРО журналистер Одағының мүшесі, 1970 жылдан КСРО жазушылар Одағының мүшесі болып бекітілген М.Жаманбалинов балаларға арналған он алты жыр жинақтарының авторы. Атап айтқанда: «Айнабұлақ»(1956), «Сәлем»(1962), «Ертіс лебі»(1963), «Кішкене достарға» ( 1965), «Менің інім»(1970), «Батыр ұстаз»(1972), «Балғын күндей балақан» (1974), «Толқын»(1979), «Ашық күн» (1984), «Солнечный день»(1987), «Жауқазын»(2001) т.б.

1991 жылдан бастап, еліне қамқор ақын аудандық «Ертіс нұры» газетіне редактор болып сайланады. Тоқыраудың ондаған жылдар бойғы қиғаш саясаты астарында қазақтың елді мекендерінің ана тіліндегі оқу-тәрбие орындарынан айырылып, мәңгүрттене бастауына қоғам мен аудандық газет қуатты, идеологиялық құрал болады. Қазақ балаларының түгелдей қазақша оқытылуын армандаған ақын өзі болып, отыз жыл бойы оқу ісі тоқырап қалған мектепте 48 бала қабылдатуға мұрындық болады. Ертіс кеңшары бойынша ашылған 14 қазақ класының саны келесі жылға 24-ке жеткізіледі. Газеттің «Тіл тағдыры - ел тағдыры» айдарында ақын өз мақалаларын жазады.Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, қала, жер-су атауларын қайтару, ауданның, қала берді облыстың, әйгілі адамдарының есімдерін мәңгілік ету, тарихи оқиғалар ортасында жүрген Ертіс өңірі би-шешендерін, балуан-батырларының есімдерін ел есінде сақтату, бастарына белгі қойып, тарихи оқиғалардан жас ұрпаққа естелік ескерткіштер тұрғызу ісіне де жан аямай кіріседі.

Талайы тағдырына орай Обь жағалауында балалық, жігіттік шағын өткізіп, сәбилерге шағын жырлар жазып, шығармашылығын шаң жұққызбай жалғастырып келе жатқан М.К.Жаманбалинов өмірінің толысқан,тіл тұғырының туған жерде бекіген шағында Ертіс өңірінің тарихи жолдарын сипаттайтын прозалық туындылармен де айналысады.

1994 жылы қазақ жұртшылығына бейтаныс болып келген жайларды баяндайтын тарихи деректері бар «Сөз сүйектен өтеді», 1995 жылы «Ертіс ауданының тарихы», 1998 жылы «Әйгілі аудан-Ертісім» атты өлкетанымдық тарихи кітаптың 1 - томын жазды. Сол кітаптардың мазмұнында Ертіс ауданының өткен ғасырлардағы тарихи беттерін ашып, 1998 жылы «Түгел батыр және оның ұрпақтары» атты кітапты өзінің қаламдас досы журналист Беделхан Айтбаймен бірлесе, өңірімізден шыққан батырлардың, билердің шешендік сөздерін, толғаулары мен тарихи дастан, шежіре-деректерін баяндайды. 2002 жылы «Әйгілі аудан-Ертісім» кітабының 2-томын екі тілде жинақтап, өз ауданының тарихы, тұрғындарының ата-тегі жөнінде шежіресі бар, жан-жақты мағлұматты деректер жеткізеді. 1989-99 жылдар аралығындағы ауылға төнген нарық қыспағына куәгер болғандықтан, үлкендерге басу айтты, ауыл жастарынан бастап бар қауымға арналған ғибрат жырлар жазды, кеңестік дүние белінен басқан елдің дәстүр-салтын түлететін батагөй жырлар жазды. Ақынның үлкендерге арналған осындай өлеңдерінің таңдамалылары 1999 жылы шыққан «Ақшам»деп аталатын жыр жинағында басылды. Жылдар өткен сайын мәдениет, әдебиет қайраткерлері халқымыздың жоғын жоқтап, барының бағасын асыруды қолға алды. Жұртына жақын болған ақын бұл бағытты да ұстанды. 2004 жылы өзінің кіндік қаны тамған Железинка ауданының тарихы жайында «Жайнаған өңір, жайнаған өмір» және сол жер тұрғындарының отызыншы жылдары бастан кешірген ашаршылық нәубеті жайлы «Аштық азабы» атты деректі поэмалар жазады.

М.К.Жаманбалинов жыр жазып қана қоймай, жыр семсері асыл сөздің, ана тілінің шынайы иегері, қамқоршысы республикалық, облыстық, әрдайым аудандық мәжілістерде өз айтары да бар. Жылдар бойы айтылған ұсыныстар, тілектері халық қазынасына айналды. Ақынның қоғам алдындағы азаматтық борышы үкімет басшылары тарапынан сан мәртебе марапатталады. Оның ішіндегі бірегей лауазымдары:

-1987 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері;

-2001 жылы Иса Байзақов атындағы облыстық әдебиет бірлестігінің құрметті төрағасы;

-2001 жылдан бастап Ертіс ауданының Құрметті азаматы;

-2002 жылы ақын Павлодар облысы әкім грантының иегері;





















2.2. Ескерткіштер сыр шертеді.


Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор.

Тоқсаныншы жылдардың бас кезіне дейін балалар ақыны ретінде танылып келген жерлесіміз М.К.Жаманбалинов еліміз егемендік алысымен, проза жанрына ауысып, аудан тарихын зерттей бастады. Ақынның аудан тарихын зерттеуден жинақтаған деректерінен бірнеше кітап жазылды. Атап айтсақ, «Сөз сүйектен өтеді», «Ертіс ауданының тарихы», «Түгел батыр», «Әйгілі аудан - Ертісім». Бұл жөнінде ақынымыздың айтар уәжі көңілге қонымды. Кешегі Кеңестік дәуірде қазақ халқының тарихы өрескел бұрмаланып келді. Орыстандыру саясаты белең алды. Қазақ тілінде оқытылатын мектептер жабылды. Ана тіліміз жойылуға аз ақ қалды. Еліміздің еркіндік алуымен байланысты бұл әрекетті жүзеге асырудың жолы ашылды. Жазушы туған өлке тарихын қағаз бетіне түсіру ақсақалдардың аузынан тарихи деректерді түртіп алуды дағдыға айналдырған. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, М.К.Жаманбалинов жазушылық шығармашылығы мен газет-журналдарға мақалалар беруді қатар жүргізіп, кейінгі жастарға лайықты оқу орындарына түсіруге көмектесіп, халықтың өткендегі тарихын, мәдени мұраларын, өнерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын уағыздау арқылы ұлттық сана-сезімді оятты; туған өлке тарихына, халықтық ұлттық мүдде тұрғысындағы материалдарды жинастырып, оларды жүйелі қалыпқа келтіріп бұқаралық беттеріне бастырып, аудан ауқымындағы тарихи географиялық ел-жер, ауыл-қыстақтарды анықтау, олардың байырғы атауларын қалпына келтіру істермен шұғылданды. Халыққа шарапаты тиген жерлес ата-бабаларды, аруақтарды ұрпақтарға таныстыру, атап айтқанда: батырлар, билер, ру басылар, байлар, шешендер; ғұламалар (ишандар, хазіреттер, ірі моллалар), ғалымдар; әр түрлі қасиет иелері (бақсылар, сәуегейлер, емшілер т.б.); ұлттық өнер иелері (ақындар, әншілер, күйшілер, аңшы-саятшылар, бапкерлер, ісмерлер т.б.). [5] Мүбәрәк Кәрімұлының 20 астам кітабы жарық көрді. Заман ағымына байланысты өткендігі аудан тарихы жөнінде «шежіре» жарық көрді. Аудандық «Қазақ тілі» ұйымының төрағасы қызметін атқарып жүріп 50-ші жылдардың кезінде жабылып қалған қазақша, аударма түріндегі газеттің «Ертіс нұры» атымен қайта шығуына басты себепші болды. Аудан басшыларымен бірлесіп аудан көлеміне бірнеше балабақшалар мен қазақ мектептерін, қазақ кластарын ашқызуда да бірталай іскерлік көрсетті. Қысқа мерзімді педкластар ашқызуға басшысы болды. Одан соң Ертіс өңірінің тарихын жан-жақты зерттеп, зерделеуге ден қойды, айтылмай келген ақикаттар - құнды еңбектері жарыққа шықты, азамат ретінде қоғамдық істерге араласып, бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуға қомақты үлесін қосты. Бұл кез - келгеннің қолынан келе бермейтін ізгілік. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата - бабалар әруағына тағзым етіп, олардың игілікті істерін еске алудан бастау алады. Осыған орай елдің есінде қалсын деп аяулы бабаларымыздың құрметіне ескерткіш белгілерін орнатуға М.К.Жаманбалинов тікелей араласқан. [8]


hello_html_m6cb2d83f.jpg


М.К.Жаманбалинов өткен ғасырдағы тұрғылықты аймағы мен көршілес Омбы облысының өткенінен деректерді де жинақтаған. Жазушы «Түгел батыр» деп аталатын кітабында елімізді жоңғар шапқыншылығынан қорғаған батыр туралы және осы аймаққа танымал оның ұлы, шешен Байсерке абыз жайлы баяндаған. М.Жаманбалинов әйгілі батырдың сүйегі жатқан жерді тауып, оған ескерткіш қойылуына мұрындық болыпты.

hello_html_m51c7e57f.jpg1994 жылы Түгел батыр мен Байсерке абыздың басын көтеруге рәсіміне жиналғандар.




hello_html_m125c899d.jpgЕртіс ауылындағы Ізбасты әулиенің зираты 1994 жылы қоршалып, басына құлпытас орнатылды.


Тоқта ауылында 19 ғасырдың аяқ кезінде мешіт салдырып, медресе ашқан Тәтентай қазірет 1916 жылы Тоқта ауылының зиратында жерленген. Суретте 1995 жылы Тәтентай қазіреттің басына орнатылған күмбезшенің көрінісі.
hello_html_m5c4021c9.jpg

hello_html_6164922e.jpg

Ертіс ауданы Сілеті округіне қарасты Қызылағаш ауылына таяу жердегі Жуантөбе басында Түгел батыр мен оның атақты Байсерке абыз қабірлері 1995 жылы орнатылған құлпытас.



hello_html_6818154.jpg


1994 жылдың жазында Сілеті округіне қарасты Қызылағаш ауылының шығыс жағындағы Жазы төбенің басында жерленген Жазы батырдың қабірі қоршалып қасына құлпытас орнатылды.







19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген (Иман деп те атайды) Шәнен қазіреттің сүйегі қазіргі алтыншы ауылдың сыртындағы Шәнен есімімен аталатын зиратта жерленген. Қабірі басына орнатылған құлпытас.hello_html_m5039c297.jpg







hello_html_7a939042.jpg


Қазіргі Панфилов атындағы селоның сыртындағы темір қоршалған мына зиратта 1931-1932 жылдары аштан өлген жүзге жуық қазақ әйелдерінің мүрдесі жатыр. Олар совхоздың бөлімшесі болған осы елді мекенге қайыр сұрап келіп, ауылдарына қайта алмаған. Осы қазақ әйелдерінің қайғы қасіреті жайында ақын «Аштық азабы» атты поэма жазды. Аштық апатында Ертіс ауданының Қызылағаш болысының жиырма мыңға жуық қазағының жартысына таяуы қырғынға ұшырады. М.Жаманбалиновтың бұл поэмасына сол жылдардың бір ащы шындығы арқау болған.

hello_html_693e84f7.jpg

1996 жылы Шәнен қазіреттің баласы Жүніс Молланың қабірі басына да құлпытас орнатылды.


1931-33 жылдары аштық пен қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткіш белгі Ертіс ауданының 2001 жылдың көктемінде орнатылды. Бұндай белгі Қазақстан Республикасы бойынша Ертіс ауылында бірінше рет орнатылған.
hello_html_m60029328.jpg


hello_html_m66e3cd64.jpg hello_html_1e4008ed.jpg


Қазіргі аю зиратының батыс жағындағы жазықта Деревянка дейтін байдың құдығына 1932 жылдың көктемінде аштан өлген жүзден астам қазақтың мүрдесі көмілген. 1993 жылы осы құдықтың жанына ескерткіш плита орнатылды.

М.К.Жаманбалинов аудан орталығының көшелеріне қазақша атау беруіне де үлес қосқан. Отыз бес көшенің отыз төрті орысша болатын. Бес көшеге Бөгембай, Қошқарбай, Жазы, Түгел, Қожаберген батырлар есімі берілді.



2.3. Қаламгерлер пікірлері

Балалар ақыны – бахтияр қаламгер. Мыңдаған, он мыңдаған, бәлкім жүз мыңдаған кішкентай оқырманның ілтипат-ықыласына татыған тамаша жырдың иесі болу - әрине – бақыт. Мүбәрак сондай бақытқа ерте кенелген егде таланттардың елеулілерінің бірі.

Мұзафар Әлімбаев

Қазір қазақ балалар әдебиетінде тұрақтап қалу, өзге жанрға мойын бұрмай, бойындағы бар талант жұпарын бүлдіршіндерге сарқып беру – ерлікке бара-бар іс. Мүбәрак Жаманбалинов – қазақ балалар әдебиетін көркейтуге жан-тәнімен қызмет етіп жүрген, осындай, ірі таланттарымыздың бірі. Ол өзінің балалар психологиясын жете зерттей жазған өлеңдерімен бөбектерді ұдайы қуанышқа бөліп келеді.

Қадыр Мырзалиев

«Айнабұлақ» деп аталатын алғашқы жинағынан бастап, Мүбәрак Жаманбалинов туа жаралған балалар ақыны екенін көрсетті. Халық жырларындай қысқа да қарапайым, нақты да жеңіл, көңілді, көркем дүниелер жасады. Балажанды, сәби жүректі сабырлы ақын аз жазса да, балдырғандардың көп оқитын, сүйікті сырласы болды.

Сағи Жиенбаев

Мүбәрак Жаманбалинов - өлеңнің шағын түрін дамытуда да қыруар еңбек еткен ақын. Жиырмаға тарта жыр жинақтарының бәрінде де баланың тілін сындыратын, ойын ұштайтын, көңіл көкжейегін кеңейтетін ұшқыр да ұтымды дүниелері көп. Жалпы, Мүбәрак Жаманбалинов жырларының өн бойынанда жақсылық атаулыға деген жан сүйсінісі аңғарылады. Ол ақынның өз жаратылысынан, азаматтық ар – иманынан, үлкен жүрегінен шығып жатса керек.

Сағи Жиенбаев

Өлең бәйгесіне елуінші жылдары Мүкендей талантты ақынмен қатар келгенімді мақтаныш көремін. Мүбәрак Жаманбалинов сол жылдардан бері бірыңғай балаларға жазып келеді. Жасыратыны жоқ, бүлдіршіндерге өңкей жақсы жыр сыйлап келе жатқан үздік ақынымыз. Мен әріптес ағамның жырдағы табысына әрдайым қызыға қараймын. Қуаныш көріп, табысын насихаттап, арнайы мақала да жазғанмын. 1950-1980 жылдар аралығындағы қазақ балалар поэзиясы әңгіме болған сәтте Мүбәрак Жаманбалинов есімі айрықша құрметпен аталуға тиісті. Ол – қазақ совет балалар әдебиетінің көрнекті өкілі.

Тұманбай Молдағалиев

Мүбәрак Жаманбалинов – баланы байлық тұтқан, оның қуанышын бақыт көрген балажан ақын.

Құлбек Ергөбеков



ІІІ. Қорытынды
3.1. Ақын өмірі - бізге тағылым


Қорытындылай келе, М.К.Жаманбалинов өмірі, еңбек жолы, шығармашылық шарықтауы болашаққа жол бастар өзендей. Қоғамға өз үлесін қосқан, көзге түскен қаламгер ақын. Ана тіліміздің дамуына, өркендеп түпкілікті орнығуына да ат салысты. Ақын, журналист ретінде Павлодар өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жазуға сүбелі үлес қосты. Сонымен қатар жас ұрпаққа ауданымыздың тарихын танытудағы ақын атаның еңбектері мен шығармаларының маңызы зор деп ойлаймын.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау» деген. Сондықтан да менің жұмысымның түпкі мәні - осы.

Ендеше, осы асыл қазынамызды жоғалтып алмай, келешек ұрпақ қажетіне жарату - біздің еншімізде.












Ғылыми-практикалық ұсыныстарым:

  1. Туған жері Ертіс ауылында ақынға арналған мұражай ашылса.

  2. Мұражайға құнды, заттай ұстанған деректері мен қолжазбалары

жинақталса.

  1. Ауданның және ауылдың бір көшесі ақынның атымен аталса.

  2. Шығармалары тарих, әдебиет сабақтарына қосымша сағаттарға енгізілсе.
























Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Алтын Бақраденова «Мүбәрак Жаманбалинов»(өмірі, шығармашылығы, тілдік ерекшеліктері) монография Павлодар 2009 жыл.

2. З.Х.Латыпова «Проблемы поэтического перевода»Алматы 2008 жыл.

3. Мұхамеджан Дәуренбек «Замандастарым, қаламдастарым»Павлодар 2009 жыл.

4. С.Мәненұлы «Елін сүйген ақын азамат» №93 «Ертіс нұры»газетінен,

7 қараша,2009 жыл.

5. Ж.Ғалымов «Ақынның қоғамдық істердегі іздері»12 тамыз 2004 жыл.

6. Қажымұрат Смағұл «Өмір кезеңдері» №139 «Сарыарқа самалы» 30 қараша 1999 жыл.

7. Б.Айтбай «Жерлес жазушымыз» №19 «Ертіс нұры»20 наурыз 2003 жыл.

8. Әйгілі аудан Ертісім.

9. «Балалар бағының бағбандары». Анықтамалық. – Алматы: Құраст.: Шәкен Күмісбайұлы «Балалар әдебиеті» баспасы, 2008. – 300 б.















Қосымша

Бірлескен жұмысты өзіндік бағалау

1


Жаңа идеялар мен бағыттарды ұсындым


+



2


Мақсаттарды анықтап мәселелер қойдым


+


3


Басшының көмегін тостым

+




4


Бірлескен жұмысқа қосылдым

+




5


Сауалдар қойып, фактілерді іздедім


+



6

Сараптама жасап көз қарастарға жалпылама жасадым

+





7


Қателерді тауып түзеттім


+




8


Көмек көрсеттім

+





9



Ортақ ісімізге жауапкершілікті сезіндім

+










Жоба жазу барысындағы күнделік

















Павлодар облысы, Ертіс ауданы №2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің

8 - сынып оқушысы Бектасова Диляраның

ғылыми жұмысына қатысты берілген

ПІКІР

Жас зерттеуші Бектасова Диляраның зерттеу жұмысы Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, өлкетанушы, туған жердің мәңгі тұлғасы, өлкемнің қалаулысы Мүбәрак Кәрімұлы Жаманбалинов өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған. Ата өмірінің кейінгі ұрпаққа тағылым болуы жолында біраз жұмыс жасаған. Диляра тек ата өмірін зерттеумен шектелмей, ақынның елге қосқан үлесін зерттеген. Оқушы ғылыми жоба жұмысына  таңдаған  тақырыбына  нақты  мақсат қойған. Ғылыми жоба жұмысын дайындау бағытында ізденіс аяларының мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалана білген. Ақын Мүбәрак Жаманбалинов  тұлғасын танытуда  қосымша деректер мен ғаламторлық мәліметтерді, әдебиеттерді, қоғам қайраткерлерінің пікірлерін басшылыққа алған. Ғылыми жоба баяндамасының жазылуы талапқа сай. Баяндаманың  бөлімдері  бойынша оқушы өзіндік ой түйіндеген.

Ғылыми жоба жазу барысында оқушы жетекшімен тығыз байланыста болды. Оқушының ғылыми жұмысын өз мәнінде жазуына, зерттелуіне басшылық жасалды.

Оқушы бұл тақырыптың өзектілігіне, маңыздылығына көңіл аударып, өз жоспарына сай тақырыбы мен мазмұнын аша білген.

Қазіргі таңдағы заман талабына сай әдеби, мәдени мұраларымызды жинап, зерттеу, ғылыми тұрғыда бағалау барысында оқушының бұл еңбегінен оның ізденімпаздық, білімдік деңгейі танылады.

Пікір жазған

ғылыми жетекшісі: Ә. Көпеева


Мектеп директоры: А.Сарсенова


















































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 10.10.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Научные работы
Просмотров31
Номер материала ДБ-249367
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх