Инфоурок Другое Другие методич. материалыОқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар

Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар

Скачать материал

 

 

Ойын-тапсырмалар

«Қысқартып айт» (жылқы бағатын адам- жылқышы, көйлек тiгетiн адам тiгiншi…..).

Ойын–жұмбақтар. Жұмбақтың  негізгі  ерекшелігі - логикалық  астарында  болуында. Олар баланың ой  әрекетін  белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.   

Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Оқиғаларды  бейнелейді, бірақ  олар ерекше  түрде  ашып  көрсетіледі. Мысалы: «Бауырсақ»  ертегісінің  желісімен   орманға саяхат жасай отырып, кездесетін  аңдарды  атап, оның  ерекше  қабілеттерін  сипаттап көрсету.

Ойын - болжамдар. Бұл ойындар «Не  болар  еді?.....», «Мен  не істер  едім, егер....» деген сұрақтарға  негізделеді. Ойынның  дидактикалық  мазмұны  балалардың  алдына  проблемалық  міндет  пен  ситуацияны  қоюда  ерекшеленеді.

Ойын-әңгімелер. Ол  мұғалімнің  балалармен, балалардың  мұғаліммен  және  балалардың   балалармен  қарым-қатынасына  негізделеді. Бұл  қарым-қатынас  ойын  мазмұнында  ерекше  сипатқа ие. Ойынның  құндылығы - олар  эмоциональдық  түрде  белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет  жасауға, бірлесіп  ойнауға  мүмкіндік  туғызады.

Ойын-өлеңдер. Ойын барысында өзгеріссіз  жиі кездесетін  ұсақ  өлең түрі. Олар ойынның бір шарттарына байланысты  орындалады. Мысалы,  «Қаламақ»  ойнаушының қалауын  тақпақтата  білдіретін  ойын-өлеңдер қатарына жатады. «Алма кетті  домалап, өзен бойын жағалап........

         Балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі–ойын. Сондықтан біз ойын технологияларын пайдаланамыз.

         3.Оқушылардың  іс-әрекетін  бақылауға  бағыттаған  ойындар.

         4. Ізденіс  іс- әрекеттеріне  баттылған  ойындар.

         Бастапқы  дыбыстары  біркелкі бірдей  дыбыстардын  басталған  жұмбақтар  немесе жаңылтпаштар  жазыңдар.

Мысалы:  Ти  десем  тимейді,

                  Тиме  десем  тиеді.  (ерін)

(Жұмбақтың  шешуін  фонетикалық  талдау  жаса)

 

 

 

 

 

 

 

«Сөзтізбе»   ойыны.

Шарты:  әр  сөздің  соңғы  дыбысынан  басталатын   сөздер  тізбегін  жасаңдар.   Мысалы:  көйлек-кеме-ерін-наурыз-заман-нан-нар-рахмет-...

(Бұл  ойынды  кімде- кім белгілі  бір  уақыт  ішінде  (5 минут)   20 сөз  жазып  шықса,    сол  жеңімпаз  болып  саналады.)

         Ойын  түрлері  өте  көп.  Соның  ішінде  бастауыш  сыныптарда  пайдаланатын  ойын – сабақ,  ойын – жаттығу,   сергіту  ойындары,   дидактикалық  мақсаттағы  ойындар,  сөздік  ойындар,   логикалық  ойын – есептер,  ұлыттық  ойындар,  т.б.  Бұндай  ойындар  оқушыны  жан – жақты   дамытып,  білімді  толық  игеруіне  көмектеседі.

 «Кім   жылдам?»  ойыны

1.     А  әрпінен  басталатын  қалардың  аттарын  жазыңдар.

Мысалы:   Алматы,  Астана,  Ақтау,  Ақтөбе ....  ( Ол  қалардың  қай  жерде  орналасқанын  картадан  көрсетіп,  қала  туралы  не  білетіні  сұрау)

2.      Тек  қана  а, ә,  ы, і   дауысты  дыбысы  бар  сөздер  ойлап   жазыңдар.

Мысалы:   (а) шағала,   тамаша,  Тамара,   ...

(ы)  Ыдырыс,   ыдыс,  ыстық,   ...

(і)  ілгіш ,  ірімшік,  тіршілік,  ...

(е) Береке,  текемет,  ертең,   ...

3. Қай  жағынан  оқыса  да   мағынасы  өзгермейтін  сөздер  ойлап  жазыңдар.

Мысалы:  қазақ,  нен, керек,  қырық,   ата,  ана, ...

         Ойын - әңгіме. Бұнда бала жанды немесе жансыз затқа айналады. Осы образда әртүрлі мәселе жағдайларды шешіп, кеңес беріп, айналадағы орта туралы сұрайды. Ойын арқылы еске сақтау қабілеттері диалогтік сөйлеу және ойлау қабілеттері дамып, мұқият болуға үйретеді. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. 

«Адасқан  әріптер»  ойыны

     Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жазыңдар.

      1.  Р, о, б                                4. а, ш, а, ғ

      2.  т, р, е, м, е                        5. қ, ы, а, з,қ

      3. а, л, а, д                             6. і, м, б, л, і

        Тақтаға заттардың, жануарлардың суреттері ілінеді. Суретке байланысты айтылған мақал- мәтелдерді кім біледі?

(Көп айтқан оқушы жеңімпаз болады).

 

 

 

 

«Кім  білгір?» ойыны

 Ішінде антоним сөздер бар мақал-мәтелдер тауып жазыңдар.

    1 . Үйдің .............- .............қыс түскенде білерсің .

          Кімнің ..........- .............іс түскенде білерсің.

    2. Ашу- .........., ақыл- .............

(Оқушыларға антоним  сөздердің  мақал – мәтелдердегі  орны  туралы  айттырамын)

1.Қар жана ма?

2. Келіннің сөзі қандай, баланың сөзіқандай?

3. Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?

4. Бір қазанға симайтын қандай бастар?

5. Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді? Сонда қалай?

6. Адамның қай жерінен нан піседі?

7. Сиырдың сүті қай жерінде?

 8. Қандай бала сүймелі?

 9. Қандай кілт аспанда болады?

10.Тауық түс көреме екен?

            «Кім дұрыс пайдалана алады?» ойыны.

Плакатқа жазылған тұрақты тіркестерді тақтаға іледі, ойынға қатысушылар оларды қатыстырып әр қайсысына бір сөйлемнен жазу керек. Тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайлаланып,  сөйлем құрай білген балалар жеңіске ие болады.                                                                                                                                      

«Кім жылдам?» ойыны. Мынадай сөздердің қайталануымен аяқталған мақал-мәтелдерді кім тауып алады? Мақалдың мәнін түсіндіріңдер.

1.      ........   ......... шығады,

     ........   ......... шығады.

2.  ........   ......... ортақ,

    ........   ......... ортақ     

 3.  ........   ......... –бал,

    ........   .........- бал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Тапқыштар
Мақсаты:
Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.
Тапқырларға арналған әзіл викторина
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?
(сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)

Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс?

(шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады?

 (бәрі жарылып қалады)

Ойынның аты: “Жұмбақ зат”
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру,
Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім,жауабын айтпай сөзбен сипаттайды.Оқушылар шешімін табуы қажет.

Ойынның аты: “Сұрақ – жауап”
Ойынның мақсаты: Оқушыларды мақал – мәтелдерді тез есте сақтап,
Ойынның шарты: Оқушыға белгілі бір мақалдың негізіне құрылған сұрақтар
Мысалы:
– Елдің атын кім шығарады?
– Елдің атын ер шығарады.
– Әдепті бала қандай бала?
– Әдепті бала – арлы бала.
– Әдепсіз бала қандай бала?
– Әдепсіз бала – сорлы бала.
Ойынның аты: “Жаңылмаймын жаңылтпаштан”
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөйлеуге, дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Мысалы:
Жаңылтпаштарымнан жаңылысыңқырағандарың
Жаңылысыңқырамағандарыңды
Жаңылыстырмасаңдарсайшы.

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Айна
Мақсаты: Баланың зейіні мен байқампаздығын әрі әр түрлі дене қимылдарын жетілдіру.
Әр бала – «айна» болады. Жүргізуші әр айнаға бір барып, сол «айнаға» қарап, түрлі қимылдар жасайды. «Айна – бала» сол қимылдарды үлгіріп, әрі дәл қайталауы керек. Ең дұрыс «айна-бала» – жүргізуші болады. Ойын осылай қайталана береді.

Тақырыбы: Қызыл табан
Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа,   әдептілікке үйрету.
Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы лагердегі бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда бо
луы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.
Балаларды екі топқа бөлеміз. Жүргізуші әр топтың алдына келіп бір сөзді айтады. Сөздер алдын-ала дайындалады. Қай топ осы сөз кіріктірілген мақалдарды көп тапса солар ұтады. Мысалы: «тіл» деген сөзді қатыстырып мақал айту. «Тіл –тас жарады, тас жармаса бас жарады», т.с.с.
Логикалық ойындар
Тақырыбы: Балық, құс, аң
Мақсаты:
Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
-Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.

Қағазға жазылған әр түрлі мақалдар тең етіп екі топқа таратылады. Жүргізуші бір тақырыпты айтады. Сол тақырыпқа қатысы бар мақалы бар бала ортаға шығып, дәлелдер келтіріп, түсіндіруі керек. Қай топтан көбірек, әрі «дәлелі түсінікті» жауаптар болса, сол топ ұтады.

Өзін-өзі тануға арналған ойындар
Тақырыбы: Жақсы сөз – жарым ырыс
Мақсаты: Баланың білетін бар жақсы сөздерін достарына айтқыздыра отырып, өзара сыйластыққа, достыққа жетелеу, әрі сөздік қорын молайту. Өзін-өзі тануға, өзінің тіл байлығын бағалауға үйрету. Баланың бойындағы ізгілікті ояту, түрткі болу.

Қатысушыларды шеңбер бойына отырғызамыз. Жүргізуші «жақсы сөздерді» айта отырып, қолындағы допты кез-келген балаға лақтыра салады. Допты алған бала дереу бір «жақсы сөзді» айтады да келесі балаға допты лақтырады. Жақсы сөздер тізбегі осылай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша айтылған сөздер қайталанбауы керек. Сөз таппай қалған, немесе қайталанған сөз айтқан қатысушы ойыннан шығады. Ойынның тағы бір ізгі шарты бар: ойыннан шығып қалған баланы досы «жақсы сөз» сыйлап қайта кіргізе алады. Бірақ бір рет қана бұл мүмкіндікті пайдалана алады.

 

 

Тақырыбы: Мен кіммін?
Мақсаты: Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі ол арды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл бейненің жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп, түнеріп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше өз бойындағы өзіне ұнамайтын қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы беріледі.

Тақырыбы: Мамандықтар таңдау
Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.
Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.

Ойынның аты: “Жануарлар қалай дыбыстайды?”
Ойынның мақсаты: Балалардың тілін ұстарту.
Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар өздері білгенінше жануарлардың қайсысы қалай
Жануарлардың дыбыстауын ең көп білетін бала, былай түсіндіреді:
Жылқы – кісінейді, шұрқырайды, азынайды.
Сиыр – мөңірейді, өкіреді.
Қой, ешкі – маңырайды.
Түйе – боздайды, сарнайды.
Шошқа – шыңғырады, қорсылдайды.
Ит – үреді, ырылдайды, арсылдайды, қыңсылайды.
Мысық – мияулайды.
Тышқан – шиқылдайды.
Қаз – қаңқылдайды.
әтеш – шақырады.
Торғай – шырылдайды.
Бұлбұл – сайрайды.
Қарға – қарқылдайды.
Сауысқан – шықылықтайды.
Шыбын – ызыңдайды.
Жылан – ысылдайды, суылдайды.
Бақа – бақылдайды.
Аю – ақырады, өкіреді

 

 

 

 

«Қалалар» ойыны.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.

Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.

С

З

Ы

Л

А

Е

У

А

Т

Қ

Ы

П

А

Р

Д

А

Н

А

А

Р

А

В

А

Қ

Т

А

Р

О

Р

Ғ

Л

О

Д

С

Т

А

Л

А

А

П

Д

Ы

А

Р

З

 

 

 

 

«Жалғасын тап» ойыны

Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы                                      бітеді

Ә) Жақсы болсаң,                                        жүректе

Б) Ерлік білекте емес,                                 ашу-дұшпан

В) Жері байдың                                           ел

Г) Ақыл дос,                                                ардақты ат,

Ғ) Кім еңбек етсе                                         жақын көп

Д) Мал баққанға                                          сол тоқ

Е) Адам деген-                                             елі бай

«Кім тез?» ойыны.

Интерактивті тақтадан суреттер көрсету. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлайды. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрып, буын санын айтады.

«Қатесін тап» ойыны.

А) Материалды түсіндіру барысында мұғалім әдейі қате жібереді. Оқушылар сол арада мұғалімнің қателескенін шартты белгі арқылы ескертеді.

Б) Оқушыға әдейі жіберілген қателері бар мәтін беріліп, өзін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік беріледі.

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны.

Қойылған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру. (Е,Б,Ә)

1.     Сен бүгін нешеде тұрдың?

2.     Сен қандай үйірмеге барасың?

3.     Демалыста қайда барасың?

4.     Сабақ нешеде басталады?

«Ойлан, тап» ойыны.

Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу

1.     Шай қайнатым уақыт

2.     Аяқ астынан

3.     Кірпік қаққанша

«Кім тапқыр» ойыны.

 Суреттерді жасырып, соның белгілерін айту арқылы не жасырылғанын табу

«Бұл қай есімдіктер» логикалық ойыны.

1.     Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің түрі (біз)

2.     Басқасының бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды (сұрау есімдігі)

 “Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.

         “ Жалғасын тап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.

«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).

«Полиглот».

Сөздерді ағылшын тіліне,қазақ тіліне, орыс тіліне  аудару.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Көктем

Весна

spring

Мереке,

Праздник

holiday

Ойындар

Игры

games

Отан

Родина

motherland

Мектеп

Школа

school

 

 

Логикалық ойын.

“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?

“Жоғалған әріптер” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к… гершін
балдыр… ан
ән… ран
к… тап
к… ктем
… же
… ңгіме
о… ушы
айда… ар
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

Қимыл-қозғалыс ойыны Мен бұл ойын түрін оқушылар жаңа сабақты жақсы меңгеру және бекіту үшін қолданамын.

«Ұшты-ұшты» ойыны. Бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ал біздің ойыншыларымыз жаңылыспай ұшатын ғана затқа қол көтерген жағдайда ұпайға ие болады.

1-топқа

2- топқа

Ұшты-ұшты – тарақ ұшты
Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – үкі ұшты
Ұшты-ұшты – түлкі ұшты
Ұшты-ұшты –бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты –үйрек ұшты
Ұшты-ұшты – қызғыш ұшты
Ұшты-ұшты – сызғыш ұшты

Ұшты-ұшты – кекілік ұшты
Ұшты-ұшты – кекілің ұшты
Ұшты-ұшты – іркіт ұшты
Ұшты-ұшты – бүркіт ұшты
Ұшты-ұшты – ебелек ұшты
Ұшты-ұшты – көбелек ұшты
Ұшты-ұшты – тырна ұшты
Ұшты-ұшты – тырма ұшты

 

“Алтын күз” ойыны.
Ойынның мақсаты:  Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға картоннан жасалған   ағаштың бейнесі ілінеді. Жапырақтардың сыртына бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы жапырақты  алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, жапырақты ағашқа іледі.  Осы жапырақтағы сұрақтарға жауап бере отыра,күзгі ағаш бейнесі шығады.  Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 912 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.03.2017 931
    • DOCX 39.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Айгерим Ермековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Айгерим Ермековна
    Ахметова Айгерим Ермековна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20439
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе