Инфоурок Начальные классы Конспекты"ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ"

"ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ"

Скачать материал

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ

 

Сыдыкова Назгуль Уалиахметовна

№30 ЖОББМ І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Орал қаласы

 

Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін оқыту, тәрбиелеу бесіктегі баланың нәрестелік шағынан басталып, үздіксіз дамыту барысында қалыптасатыны белгілі. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптың алатын орны ерекше. Оқыту мен оқу әрекетінің тығыз байланыста болуы, баланың ойының дамуына зор үлес қосады. Ал оқыту барысында төменгі сынып оқышыларының ақыл-ойын дамыту, бүгінгі күннің басты талабы.

Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін үдеріс [1].

Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда негізгі екі сатыға жіктеуге болады. Бірінші сатысында – бала мектеп жасына дейінгі ойлауын еске түсіру арқылы жаңғыртады. Бұл жерде оқу материалдарын талдау көрнекі құралдарды пайдалану арқылы баланың жадын қалпына келтіруге болады. Яғни бала нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді.

Ойлауды дамытудың екінші сатысы мұғалім балаларға игерілетін материалдардың жекелеген элементтерінің арасындағы байланысты көрсету үшін ерекше қадам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланысты күрделі тапсырмалар көлемін ұлғайтып отырады.

Педагогикалық үдерісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыстың алар орны ерекше. Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағып беру, логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығару, шығармалар жазғызу, рөлдік ойындар ойнату – баланың логикалық ойлауын дамытудың тиімді жолдары.

Ой әрекеті барысында адам қоршаған ортаны танып, білу үшін ерекше ақын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асады.

Балаларда логикалық ойлауды дамыту әдістемелері:

ü Талдау

ü Біріктіру

ü Салыстыру

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-қуаты мен сенімін арттыру қажет. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағып беріп отыру қажет. Оқушылардың білімді меңгеру үдерісі мына компонеттерден тұрады:

ü Қабылдау

ü Түсіну

ü Есте сақтау

ü Қорыту және жүйелеу

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан тәрбиеші баланың өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласы, құштарлығы болуы керек» [2].

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруға, есептің шартын құра білуге жетелейді. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға үйретеді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталғаны абзал, сонымен қатар, оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үдерісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

Сыныптағы оқушылардың білім деңгейі бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан мұғалім оқушыларға міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындатып отыруы тиіс[3].

Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:

·  есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;

·  сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;

·  Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;

·  Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;

·  Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.

Оқу үдерісінде осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.   Сейдахметова А. Даярлық сынып оқушыларының логикалық ойларын дамыту жолдары. // Бастауыш мектеп, 2000. №8,9.

2.   Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.//Білім әлемі. Алматы., 2004 ж. №6.

3.   Білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық Педагогикалық  оқулары « Педагогтің кәсіби өсуі - білім берудің  жаңа сапасын қамтамасыз  етудің  шарты» баяндамалар жинағы, Алматы, 2013 ж., ІІ бөлім, 293 б.

 

 

Тіркеу парағы

 

1. Аты-жөні (толығымен) - Сыдыкова Назгуль Уалиахметовна

2. Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы  - бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

3. Мекеме атауы, бөлімшесі - №30 ЖОББМ

4. Мекен-жайы, телефон, E-mail  -

5. Мақала атауы - Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту

6. Секция - 2.         Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді әдістері.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сыдыкова Назгуль Уалиахметовна- «Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды,ң тілдерін дамыту шығармашылыққа баулу» атты проблемалық тақырып бойынша жұмыстанып жүрген І санатты мұғалім. Мұғалім әр сабағында білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына ерекше мән береді. Оқушыларды шығармашылықпен айналысуына, дара қабілеттірінің жетілуіне, тұлға ретінде қалыптасуына көңілаударып отырады.

Мұғалімнің жетістіктері:

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының білім беру бөлімі,

Құрмет грамотасы

Облыстық «Самал » балалар және жасөспірімдергазеті,

Диплом

«Сәрсен Ақмурзин және ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі қазақ руханияты» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, оқылған баяндамасыжинаққа енгізілді.

Қала, облыс көлемінде ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізуге үнемі ат салысады. Мысалы: Облыс көлемінде қазақ тілі пәнінен “Зат есім” тақырыбы бойынша ашық сабақ, қалалық семинарда «Негізгі және туынды сын есім» тақырыптары бойынша ашық сабақтар берді.

«Бастауыш мектепте оқыту» республикалық әдістемелік журналындақазақ тілі пәнінен «Негізгі және туынды сын есім» атты сабағы жарияланды.

Оқушы жетістіктері:

2011 жылы “Туған жер-алтын бесік” атты қалалық шығармалар сайысында Кабибуллина Айнара,ІІ орын, Құрмет грамотасы

2011 жылықалалық «Жаңа жылдық сыйлық»атты қолөнер бұйымдары сайысы, Құмарғали Бибинур, Алғыс хат

2012 жылы “Таңғажайып әлем” атты қалалық сурет байқауында Құмарғали Бибинур, ІІІ орын, Құрмет грамотасы

2013жылы VI облыстық «Зерде» көпбағыттағы интеллектуалды байқау, Сайлау Сатыбалды, Диплом

2013жылы VI облыстық «Зерде» көпбағыттағы интеллектуалды байқау,Байболатов Азат , Диплом

2015 жылықалалық қазақ тілі пәнінен олимпиадада Орынғали Мәдина,

І орын, Құрмет грамотасы

2015 жылы «Обьективте» тақырыбындағы сырттай республикалық байқау, Жұмабаева Айша,Сертификат

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 557 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2015 2088
    • DOCX 18.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыдыкова Назгуль Уалиахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3166
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе