Инфоурок Начальные классы КонспектыОқушыларды ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу

Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу

Скачать материал

Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз қажет.

 

                      Н.Ә. Назарбаев

 

 

 

 

Алғы сөз

 

Бүгінгі таңдағы білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, салт дәстүрге тәрбиелеу.

Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер бойында  игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Ұлттық сана-сезім, адамның рухани өмірінің қалыптасу деңгейінен адамның ана тіліне, туған елінің мәдениеті мен тарихына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен адамзаттығы көрінеді. Мектеп-қазіргі қоғамда ең басты тәрбие орнының бірі болып саналады. Ал мектептегі басты тұлға-мұғалім. Өркениетті әлемге бет түзеп тәуелсіз мемлекеттің шаңырағын көтеріп жатқан еліміз үшін кезек күттірмейтін ұлағатты міндет-ұрпақ тәрбиесі дейтін болсақ, оның негізгі тірегі ата-ана мен ұстаз еңбегі екені белгілі.Қазақтың «бала тәрбиесі-бесіктен» дейтіні де осыдан.

Баланы бесікке бөлеп, жырмен жұбату отбасының ғана салты емес, халықтық дәстүрге айналған. Ана тілінен, ана арманынан ұлы ниет жоқ. Сол жақсы ниет, сол ана тілі бала құлағына бесігінен сіңеді. Сол ана тілін құлағына сіңіріп өскен баланы жас кезден бастап еліміздің көк байрағына, елтаңбасына, әнұранына айрықша құрмет сезіммен тәрбиелеу керек. Қазақ отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орны ерекше. Халық тәрбиесі ең алдымен еңбекке негізделген, сондықтан ер баланың негізгі жұмысы сыртқы шаруашылық жұмыстарын жүргізу болған. Ал қыз баланы «жат жұртқа жаратылған» деп ерекше мән берген.... Халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуға ғасырлар бойы жемісін үзбей жалғасып келген өзіндік салт-дәстүр бар. Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болып, санамызды оятып, өмірімізге зор өзгерістер әкеледі. Тоқырау жылдарында қол үзген рухани асыл қазынамыз сал-дәстүрімізді жаңғыртудамыз. Қазіргі жағдайда оқушыларды ұлттық салт дәстүрге тәрбиелеу ең маңызды мәселе. Өйткені жас ұрпақты өнер сүйгіштікке, адамгершілікке, ізгі дінін салтын сақтауға тәрбиелеу-біздің бірінші кезекті бағытымыз.

ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-

тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттары айқындап педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейтесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн.» Олай болса, басты мақсат-жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сқтай отырып тәрбиелеу.

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

-оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

-жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

-ана тілі мен дінін оның тарихын мәдениетін өнерін салт-дәстүрін рухани-мәдени мұраларын қастерлеу;

-жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ ағайын-туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыздың өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті ұрпақтың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық елжандылық отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына  әкеледі екен, екіншіден қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге тиіспіз.

Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор мәні үлкен.

«Баланы жастан» демекші мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы –салт-дәстүрін дұрыс жеткізе білсек ертеңгі күні олардың зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Қоғамның белгілі қайраткері М.Шаханов «Халыққа ең бірінші ұлттық рух болуы керек» дегенін әр кез есте сақтап еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз ұстаздар қауымы оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін алтын дінгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің ірге тасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы- отбасында, екінші-мектепте болғандықтан ата-ана мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылдықтығы байланысты болуы шарт. Салт-дәстүрді дәріптеуде  Наурыз мейрамы, Ораза Айт күндеріне байланысты имандылық тәрбиесі сынып сағаттарында өткізіліп тұруы тиіс.

Еліміздің тәрбие беру ісінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) маңызы ерекше. Жаңа қазақстандық қоғамда теледидар мен радионы еркін пайдалануға мүмкіндік мол.

Радио мен телеарналарда біраз ұлттық болмысымызға сай бағдарламалардың жүргізілуін үлкен игілікті істің бастауы деп санауға болады. Мәселен: «мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Алтыбақан», «Ақсүйек», «Шаңырақ», «Бастаңғы», «Айтыс», т.б. бағдарламалардың тәлім-тәрбиелік құндылығы өте зор.

Сонымен қатар бала тәрбиесіндегі өзіміздің ұлттық дәстүрімізге

 жасалған мультфильмдердің кітаптар мен бейне таспа үлгілерінің

атқарар рөлі де ерекше деп білеміз.

Өскелең ұрпақ білім ұлттық негіздерін өзінің ұлттық мектебімізден алатыны сөзсіз. «Ұлттық мектеп дегеніміз –ұлттық рухта тәрбие беретін орын».

«Ұяда не көрсең,  ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне  отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Әйтседе, күнделікті тірлікте ортақ тәрбие құралы –бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып келеміз.

Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа  Шоқай былай деген:

«Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды».

Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда азаматтық игіліктерін, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін , тарихын білу, оны қастерлеу әрқайсысымыздың борышымыз.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.

Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, үлгілері мен өнегелері-соның айғағы.

 

Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы.

 

Жеті атасын білмеген-жетесіз

 

Шежіре тарату

«Шежіре»-араб сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «ағаштың бұтағы» деген мағынаны білдіреді. Қазақта әрбір адам өзінің арғы тегін кем дегенде жеті атасына дейін тарата білуі керек. Мұны білмегенді ел «жеті атасын білмеген жетесіз» деп сөккен.Сондықтан қазақ баласы әкесінен бастап жеті атасының есімдерін  кішкентай кезінен жаттап өсуі тиіс.Қазақ шежірені тарихты айтуымен бір деп есептеген. Ол тарих қызметін атқарған.

Әрбір адам өз ата-бабасының омірде жасаган ғибратты іс-әрекеттерін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша

жеткізіп, жастарды тәрбиелеп отырды. Шежірені кейде «Далалық тарихнама» деп те атайды.

Зерттеуші ғалымдар бір ата 13 атадан асса руға , бірнеше ру біріксе тайпаға, бірнеше тайпа  бірігіп

жүз болып қауымдасса-халық не ел болады деп есептейді. Қазақтардың шежірені ертеден

үздіксіз пайдаланып келуі олардың өткенін өмір бойы қадағалап, келешегін анықтап отырғандығынан хабар береді.

 

Жеті ата

«Жеті ата» (ғұрып). «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер». Әр адамның жеті атасын

білуі-көрегенділігі мен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе-«жеті атасын білмейтін- жетесіз» деп сөккен. Жеті атаны үйрету-әр ата-ананың басты борышы. Мысалы: өзі, әкесі, атасы,

бабасы жане оның арғы ата-бабасының есімдерін білу жеті атаны білу деген сөз.

 

Үш жұрт

Қазақ халқының дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты болады.

Ол ағайын, яғни өз жұрты, нағашы жұрты жане қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болып саналады.

Халық осы үш жұртына былай баға берген екен.

Өз жұртың- күншіл: бар болсаң- көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды, жақсы болсаң- күндейді, жаман болсаң жүндейді.

Қайын жұртың- міншіл: қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең-дауға қаласың.

 Нағашы жұртың-сыншыл: жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор қамқоршы болады.

Туыстық негізбен атаулар осы үш жұрттан басталып, жақындық, іліктік қатынас «ағайын», «туыс», «нағашылы-жиенді», «жамағайын», «жекжат», «жұрағат», «құдандалы» деп аталады.

Мұны бір сөзбен «туыстық атау» дейміз. Қазақтар жүзге, тайпаларга, руларга бөлінгенімен бірін-бірі бөтен санамаған.

Ағайын жұрт

Ағайын-туыс деп бір рудан, тайпадан өсіп, өрбіген ұрпақтар қауымы мен бірлігін айтады.

«Ағайын»немесе «туыс» деп те атала береді. Бұлар бір қауым, бір ауыл болып, бір-біріне

қамқорлық жасап, қиын сәтте қол ұшын беруге міндетті. Туыстар тату, бірлікшіл, бір-біріне

қорғаныш болуы керек. Туыстар жеті атаға дейін туыстықты үзбейді жане қыз алыспайды.

Жеті атаға толғаннан кейін ру ақсақалдары жиылып, боз бие сойып, баталасып, қыз алысып,

қыз беруге рұқсат етеді. Бұл дәстүр бүгінге дейін сақталып әрі жалғасып  келеді.

Қазақ халқы тек руласын ғана емес одан әрідегі қандас тайпалардан тарағандарды да жақын тартып туысқан болады.

Ата (ер)-әкенің әкесі.

Әже (әйел)-әкенің шешесі.

Әке (ер)-отбасының иесі.

Ана (шеше)-өзіңді дүниеге әкелген адам.

Бала (ұл қыз)-ата-анадан тараған ұрпақ.

Немере- ұлдың баласы.

Шөбере-немеренің баласы.

Ағайындылар-бір ата-анадан туған ұл мен қыздар.

Аға (ер)-бір әке-шешедентуған (немесе ағайын туысқандардың)

жасы үлкен жігіт өзінен кішілерге «аға» болады.

Іні (ер)- ағайынды адамдардың жасы кішісі үлкендеріне «іні» болады.

Апа (әйел)- бірге туған жане туысқандардың жасы үлкені өзінен кішілерге «апа» болады.

Қарындас (әйел)-Ағайындылар ішінде жасы кіші қыз ағаларына «қарындас» болады.

Сіңілі (әйел)-ағайынды қыздардың кішісі үлкендеріне сіңілі болады.

Жеңге (әйел)-ағаның әйелі.

Қайын іні (ер)-жеңгелер үшін күйеуінің інілері «қайын іні» болады.

Қайын сіңілі (әйел)-жеңгелер үшін күйеуінің қарындастары «қайын сіңілі» болады.

Келін (әйел)-Інінің әйелі келін деп аталады. Бала мен немеренің әйелдері  «келін бала» болады.

Абысын (әйел)- ағайынды жігіттердің әйелдері бір-біріне «абысын» болады.

Нағашы жұрт

Нағашы-ананың төркін жұрты балаға (жиенге)нағашы деп аталады. Нағашы жұртың  «сыншыл» дейтін жұрттың ішіндегі ең сыйлысы осылар. Олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырады. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығыда жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашы жиенін күндемейді, керісінше оның азаматтығы мен ізгі істеріне сүйініп, мақтанып мақтап отырады. Нағашылық жасқа қарайды.Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы мүмкін.

Нағашы жұрттың еркек-әйелдерінжиендері «нағашы аға» «нағашы апа», «нағашы женге», «нағашы қарындас», «нағашы іні», «нағашы ата»,  «нағашы әже» деп атайды.

Жиен- қыздан туған бала. Нағашы ауыл үшін ерке, аса қадірлі. Ол нағашыларынан үш рет қалаған нәрсесін алуға құқылы. Оған ұрысуға сөзін кекетуге болмайды.

Жиеншар-жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендік ғұрыпты жалғастырады.

Бөле-апалы-сіңілі қыздардың балалары бір-біріне «бөле» болады.

Бір-бірімен өте тату болады.

Қайын жұрт

Құда (ер)-қыз алып қыз беріскен ер адам «құда» деп аталады. Құдалар-қазақ арасында өте сыйлы құрметті адам. Үнемі тек төрден орын беріледі.

Құдағи(әйел) құданың әйелі және өзге де құдалар жағының әйелдері

«құдағи» деп аталады. Олда өте сыйлы, өзге қонақтардан жоғары отырады, ерекше құрмет көрсетіледі.

Қайын ата (ер)-әйел үшін күйеуінің әкесі, күйеу үшін әйелінің әкесі «қайын ата"болады.

Қайын ене (әйел)-әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі «қайын ене» болады.»

Құдаша (әйел)-жасына қарамастан құдалар жағының қыздары «құдаша» болады.

Құда бала (ер)-Құданың ұлдары «құда бала» болады.

Күйеу (ер)-бір рудың қызын алған жігіт сол елге «күйеу» болып есептеледі.

Жезде (ер)-әйелдің інілері мен сіңлілеріне оның күйеуі «жезде» болады.

Балдыз (ер, әйел)-әйелінің інілерімен сіңлілері «балдыз» деп аталады.

Бажа (ер)-апалы-сіңілілі қыздардың күйеулері бір-біріне «бажа» болады.

 

Шаңырақ құру салтанаты

Құда түсу

Ежелгі қалыптасқан дәстүр бойынша, қазақ халқында отау тігудің басты жолжоралғысы-құда түсу, қалың мал беру. Жігіт үйленер алдында өзіне  ұнайтын теңін іздестіреді. Мұны «қыз көру», «жар тандау» дейді. Кейде оның ата-анасы атастыруы яғни ғұрыптық салт бойынша алдын ала қыздың әке-шешесімен келісуіде мүмкін.Екі жақ келісіп құйрық-бауыр жесіп, баталасқаннан кейін қыз айттырылған немесе атастырылған болып саналады. Қазақ халқында тұрмысқа шығатын бойжеткен мен айттырылған қызды қалыңдық деп атайды. Қалыңдық атауы «қалың мал» созінен, яғни мал беріп әйел алуға байланысты шыққан. Құда түсуден соң алдын ала қалың мал төленеді. Келісілген мерзімде жастар міндетті түрде қосылатын болған. Қалыңдықтың басқа адамға шығуына қатаң тыйым салынған.

 

Қалың мал

Қазақ халқының дәстүрлі салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал «қалың мал» деп аталады. Қалың мал негізінен қалыңдықтың жасауына, сәукелесіне, той малына, кәделі алыс-берістеріне жұмсалады. Қалың мал әр аумақта әр түрлі болып кездесуі мүмкін. Дегенмен қалың мал шамамен мынадай бөлімдерден тұрады. Бас жақсы түзу мылтық, берік сауыт, сәйгүлік, түйе (немесе олардың әрқайсының орнына 20 жылқы береді). Қара мал қалың малдың ең өзекті бөлімі (21-25 жылқы) Ілу қызын тәрбиелегені үшін бұрын барғанда беретін кәде. Егер ілуге көп қаражат жұмсалса, тиісінше қара мал саны азайтылады. Той малы 20-70 жылқыға дейін жетеді.  Сүтақы-қалыңдықтың анасына беретін 1-7 түйе. Жігіт түйе-қыз әкесінің ата күшіне төленетін ақы. Бұдан екі түйе және міндетті түрде жақсы сырт киім мен ер тұрман беріледі. Қалың малдың он шақты қарадан аспай , кедейлер ортасына жүретін түрі- «дөңгелек қалың», әйелі өліп, орнына балдызын алғанда төленетін 37 ірі қара-«олқы қалың», өлі-тіріге апаратын мал т.б. түрлері болған. Ол өңірде әркелкі аталған және көлемі де түрліше болған. Қалың малды бөлу үстінде жылқышыларға «құрық бауға» бір мал, қойшыларға құрсақ бауға бір қой, бата оқыған көпшілікке «келін той» деп бір мал берген.Әйел үстіне әйел алған кезде бәйбішеден гөрі тоқалға, тоқалдан гөрі үшінші әйелге  қалың мал артық төленетін болған. Кейде «бас жақсыға» бір «жетім қыз» (күң), «аяқ жақсы» деп беретін  үш түйеге қоса бір «еркек жетім» (құл) бергені айтылады.Қалың мал мөлшеріқұдалардың байлығына әл ауқатына қоғамдағы алатын орнына қарай берілген Кезінде ол ірі байлар арасындағы екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Қалың мал түгелдей қыздың үйіне бармайды, «қап түбі», қыз жасауы, т.б. алыс-беріспен кері қайтады. Қазіргі уақытта қалың малдың мән-мағынасы, көлемі біршама өзгеріп, кейбір кәделері ғана сақталып қалған.

Үйлену тойы

Адам өміріндегі аса мәнді де сәнді мереке жастардың үйлену тойы.

 Бұл ұлдың ер жетіп, қыз  бойжетіп, кәмілет жасқа толған жастардың өмірден өз орнын тапқан салтанаты. «Отан отбасынан басталады» дегендей, қоғамның негізгі-отбасылық өмір. Үйлену тойын өткізудің әр халыққа қалыптасқан өзіндік ұлттық дәстүрі бар. Әр ұрпақтың өз заманына лайық той өткізу салты болады. Қазақтың дәстүрлі үйлену тойы, құдаласудан басталады. Ертеде олардың бел құда, бесік құда, қарсы құда деген түрлері кездескен. Жастар бір-бірін ұнатып, шаңырақ көтеруге  бел буған кезде өз ниеттерін ата-аналарына білдіреді. Екі жастың ата-аналары бұрынғы дәстүрдің негізін сақтай отырып, туған  туыстарын, ауыл аймағын, көрші-қолаңын жинап құдаласады. Бұл-екі жақтың танысуы, жастардың ниетін құптап, той өткізудің қамын ойластыру рәсімі. Құда болу деген сөз-ұзақ жылға созылған сыйластық, туыстық, туысқандық қарым-қатынастың орнауы деген сөз. Сондықтан қазақ «Күйеу-жүз жылдық, құда мың жылдық» деп мақалдайды.

Қыз ұзату тойы

http://baq.kz/foto/43297ae24c56ddc123f08c2f1d11a56e.jpgҰзату тойы қыздың әке-шешесінің ауылында болады. Онда жас жұбайларға арналып отау тігіледі. Қалыңдыққа сәукеле мен әсем киім кигізеді. Тойбастар, жар-жар, сыңсу айту сияқты ғұрыптық жоралғылар жасалынып, той бірнеше күнге созылады. Онда қыз қуу, құда тартыс, балуан күрес, айтыс, бәйге өткізілетін.

Келін түсіру тойы.

Келін түсіру тойы қыз жігіттің ауылына  келгенде болады. Тойбастармен қос «беташар» салты жасалынады. Қазіргі кезде қыз ұзату тойы мен келін түсіру тойы жиі кездеседі. Той рәсімі жастардың некелесуінен басталады. Қыз бен жігіттің қосылуы қала жағдайында арнайы неке сарайларында өткізіледі. Онда жастар жандарына ерген куәгерлермен, ата-ана, жақын құрбыларымен шағын топ болып барып, арнайы рәсім бойынша неке сақиналарымен алмасады. Неке куәліктерін алады. Мұсылман салтымен некелесу рәсімдерін мешіттерде өткізу ғұрпы кең тарала басталады. Жастардың жұптық өмірге жолдама алатын нағыз киелі сәті осы. Жас жұбайлар безендірілген көліктен алдын ала белгіленген жергілікті жерлердегі киелі орындарға, мәселен, Алматыда Райымбек атаның мазарына, Абай ата ескерткішіне,Тараз қаласындағы Айша бибі мазарына, Семей жеріндегі Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Еңілік-Кебек зираттарына барып тәу етеді. Бұдан соң жастар той өткізетін орынға келеді.

Той өтетін орын әсем безендірілуі шарт. Бұл орайда оның безендірілуі әркімнің көркем қиялымен талғамына байланысты. Жас жұбайларға тағлым боларлықтай өнегелі сөздер, құдаларға арналған тілектер жазып қою салты көп тойда кездеседі. Тойдың дастархан мәзіріне де аса мән беріледі. Мол дастархан жасау-жастардың келешек өмірі берекелі, салтанатты болсын деген тілектен туған ниет белгісі. Тойға келген қонақтарды ретімен жайғастырудың да орны бөлек. Төрдегі орынға жас жұбайлар жайғасқан соң, сыйлы дастархан алдымен құда-құдағайлар, олармен жапсарлас ауыл адамдары жастарына қарай орналасады.

Асаба тойды бастаған соң, есіктен енген келінге шашу шашылып, «жар-жар» айту басталады. Ертеде «жар-жар» айтыс түрінде айтылатын болған. Онда қыз жағы өз құрбыларымен отаудағы шымылдық ішінде отырса жігіт жағы атпен келіп, үйдің сыртынан өлең айтқан. Қыз жағы өзінің балалық өмірін, елін-жерін, ата-анасын, құрбы-құрдастарын қимайтындығын айтса, жігіт жағы оның табиғат заңы екендігін, олардың орынын басатын жаңа ел, жаңа туған –туыс,құрбы-құрдас болатынын айтып, жұбататын болған. Қазіргі «жар-жардың» сөзі де, әуені де мүлде жаңа және оның көпшілік бірігіп айтады.

«Жар-жар» айтылып жатқан кезде жас жұбайлар жанындағы серіктестерімен (қыз жолдас, жігіт жолдасы) топты жарып, ортадағы көрнекті жерге келіп тұрады. Бұл кезде келіннің беті ақ желекпен жабулы болады. Міне, осы кезде ортаға өнерпаз шығып «Беташарды» бастайды. «Беташардың» негізгі мақсаты-жаңа түскен келінді жұртқа, сонымен қоса келінге елді, туған туыстар мен ағайын –жекжатты таныстыру. Жыршы келінге жаңа түскен жұртының қайын атасы мен енесінен бастап таныстырады. Олардың аты аталған сайын келін иіліп сәлем етеді.

Бет ашушы домбыраның немесе қамшының ұшымен ақ желекті серпіп, келін бетін көрсетіп қояды. Келін иіліп сәлем жасайды. Соңы келінге өсиет айтумен аяқталады.

«Беташардың» үлгісі мынадай:

                  Уа, ағайын                            Осы күнді ойлаған.

Бір кәдеңе жарайын,         Ұлан-асыр жұрт жиып,

Бетін ашып келіннің           Келін тойын тойлаған,

Көрімдігін алайын              Омырауында жұлдызы

Ал қарағым, келінжан,      Жарқыраған , жайнаған,

Мына отырған, қайын атаң! Қайын атаңа бір сәлем!

Келіннің беті ашылған соң тағы да шашу шашылып, ағайын-туғандар бетінен сүйіп, батасын беріп, бет ашқан адамға тарту-таралғы сыйлайды. Тойдың сәні-ән-жыр, ойын-сауық. Асаба тойы өзі бастап, қыздырып әкетеді. Қонақтарға сөз берудің өзіндік реті болады.Оны той иесі алдын ала белгілеп, асабаға беріп қояды. Белгіленген ретпен құрметті қонақтарға ақ тілек айтқыза отырып, құда-құдағайларды айтыстырып та жібереді. Арнайы шақырылған әнші-күйшілерді ортаға шақырып, көпшіліктің қолдауымен ата-аналарға, құда-құдағайларға арналған әндер, жастарға арналған махаббат жырларын шырқақтап, би билетеді. Әрбір сөйлеген адамның өзіне өнер көрсетеді. Кейде құдалардың сыйлап алып келген өнерпаздары да болады. Қазіргі кезде тойға белгілі өнер ұжымдарын шақыру  да дәстүрге айналып келеді. Үзіліс кезінде би билеп, әртүрлі ойындар ойналады. Әрине, бұрынғыдай жамбы ату, қыз қуу, құда тартыс деген сияқты ойындар бүгінде жоқ. Бірақ той өтіп жатқан жердің мүмкіндігіне қарай ойынға екі жақтың құдалары көбірек тартылып, әзіл-оспақ көбейіп, көңілді де жарасымды ойындар ойнатылады. Жақсы ән салып, би билегендерге, ойын жеңімпаздарына сыйлықтар беріледі. Той соңында  той иесі (жас-жұбайлардың ата-анасы) жиналған көпшілікке алғысын айтады.

Жасау

Жасау-ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік. Жасауды ұзатылған

қыздың ата-анасы дайындайды. Сондай-ақ туыстары, ағайындары да өз үлестерін қосады. Жасау беру дәстүрі үйленген жастар, әсіресе тұрмыс құрған қыз барған жерінде қиналмасын, ешкімге кіріптар болмасын, өздері мен өздері күн көріп кетсін деген мақсатпен туған. Сондықтан жасау мүлкіне үй болу үшін ең қажет заттар кірген. Қазақ халқы қыздың жасуына ерекше мән берген. Бұрынғы жасауға сәукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әшекейлі бұйымдар, сауын мал, салт ат, т.б. қосқан. Ауқатты адамдар қызын ақ отау тігіп ұзатқан. ХІ ғасырдың 1-ші жартысына дейін ірі байлар жасауға күтуші қызды да қосып берген. Ал ІХ ғасырдың соңынан бастап жасауға пәуеске, самаурын, тігін машиналарын қосады. Жасау мүлкі әр заманның,

аймақтың салтына қарай өзгеріп отырған. Қызды жасаумен ұзату дәстүрі қазірге дейін сақталған.

 

Киіт

http://www.kazakh.ru/_adm/article/photos/small/6cfbc1bcb57d8229cc004f531515776e_imag01311-429x570.jpgКиіт-құдалықтың негізгі белгісі және олардың арасында жүретін, соған ғана лайықталған, сый-сияпат. Ол құдалар дәрежесіне, дәулетіне байланысты әртүрлі болып келеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, жақсы кілем т.б. қымбат бұйымдар, киімдер мен затттар берілген. Киіт қазір де бар.

Құйрық-Бауыр

Бұл құдалық рәсімі болғанымен, ұлт салт-дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға құйрық-бауыр салып арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық-Бауыр жеу қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі-құжат болып бекітілген.

Неке қияр

Бас қосқан ер мен әйелдің міндетті түрде некесі қиылады. Ол көпшілік алдында жасалады. Қосылған , бірақ некесі  қиылмаған адамдарды халық «некесіз» деп сөккен және оларға салқын қараған. «Ауыз әдебиетінде» некеқияр рәсімі кезінде айтылатын куәлар сөзі бар. Некеқияр сөз деп-неке қияр кезде екі арада жүретін  екі куәнің, жігіт пен қыздың ырзалығын сұрау барысында айтылатын сөздерді айтамыз. Мұның әні болмайды. Бірақ өлеңше ұйқасқан  қалыпта айтылады.

Мысалы:

Куә, куә, куәдірміз

Куәлікке жүрәдірміз

Мұнда халық алдында таңда хақ қасында екі кісі хақ куәлік бередүрміз.

Пәленшеден жаралған (әкесін айтады), пәленшеден туған (шешесін айтады) пәленше қызды (қызды айтады) халал қалыпта айтып, аяғында «пәленшеге халал жұптылыққа қабыл көріп алдыңыз ба ?

Осы сөздерде келтірілгендей, жігіт те, қыз да жұпты болғандығын өз аузымен мақұлдайды. Содан кейін екеуі де неке суын ішеді. Бұдан кейін олардың некесі қиылып, ерлі –зайыпты адамдар болып саналады. Үлкендер жақсы тілек тілеп, қол жайып бата береді.

Әмеңгерлік

Халқымыздың бұрынғы салты бойынша, күйеуі қайтыс болғанда оның жесірі «ерден кетсе де, елден кетпек жоқ», «аға өлсе-іні мұра» деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің ағасына не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен де негізделген. Күйеуі өлген жесірді басқа жаққа жібермеудің бірнеше әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де, оның балалары да туыс-туғанынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге тәрбие алады. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған.

 

Адамның бір қызығы –бала деген.

 

«Азан шақыру»-Ат қою

http://www.the-best-kz.kz/images/shildehana.jpgҚазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлер бар. Кейбір дәстүрлер сәл өзгерген түрде бүгінге дейін сақталған Бала дүниеге келгеннен кейін  атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Кейде баланың атын «азан шақырып» молда қоятын болған. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың.... (баланың аты айтылады)» -деп үш рет қайталайды.

Ат таңдаған кезде түрлі ырымдар, түсініктер, тілектері ескеріледі. Ата-аналар бала есімінің мағыналы әрі көркем болғанын қалайды. Ұл бала күтіп жүрген әке-шешесі кезекті қызына «Ұлболсын (ұл болсын)» деп ат қояды. Тілегені орындалған ата-аналар баларына:

«Қуаныш», «Құдайберген», «Күнтуды» деген есімдер береді.

Шілдехана

http://www.kazakhistory.ru/images/post9big9.jpgШілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне той. Оған көбінесе жастар жиналады. Олар шілдеханаға арнайы шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Бұл тойда «Балаңыздың бауы берік болсын!» деген құттықтау айтылады. Қонақтар таң атқанша домбыра тартып, өлең айтады. Түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырады. Жұмбақ, жаңылтпаш айтысып жарысады. Жеңгендері отбасының сый –құрметіне бөленеді.

Шілдехана-баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр. Сондықтан шілдехананы кейде «шілдекүзет» деп те атаған. Шілдекүзет кейде үш күнге дейін созылған.

Бесікке салу

Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді.Оның себебі-сәбиде кейін көп балалы болсын деген тілекпен байланысты. Баланы бесікке  салу рәсімін бесік сыйлаған анаға тапсырады. Ең алдымен, бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен  аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып, бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көрген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды. Тойға келгендер шашу шашып, балаға батасын береді.

Қырқынан шығару

Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады.Қырық күн өткеннен кейін баланың өмірінде жаңа кезең басталады деп есептеледі. Қазақ халқының ұғымында қырық саны-қасиетті сандардың бірі. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы

теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды  баланы шомылдыруға

қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте  баланың шашын, тырнағын

 алады. Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Баланы қырқынан шығару дәстүрін бесік тойымен бірге өткізу жиі кездеседі.

Тұсау кесу

Тұсау кесу- сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Ала жіппен тұсаудың негізінде  «Болашақта  бала ешкімнің ала жібін аттамасын!» деген тілек бар. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл-бала осы адамға тартсын деген тілекпен туған рәсім. Тұсау кесуші өткір қайшымен ала жіпті кесіп жатып:

-Қаз, қаз балам, қаз балам

-Қадам бассаң, мәз болам.

-Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін,-деп жырлайды.

Тұсау кескен әйелге баланың әке-шешесі арнайы сыйлық береді. Тұсауы кесілген баланы екі адам екі қолынан ұстап тез жүгіртеді. Баланың  алғашқы қадамына арналған той қызу әңгімемен, ән-күймен жалғасады.

Атқа мінгізу

Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі -3-4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай жасалған. Оның қолтырмашы-баланың белін буатын жұмсақ белбауы және тепкішегі –баланың аяғын салатын, үзеңгі орнында жүретін дорбасы болған. Осыған орай:

-Мықтап тарт ашамайдың қолтырмашын,

Жас болса, жол үстінде болдырмасын,-деген тілек айтылған.

Ашамайдың алды-артында биік сүйеніші болған.

Ашамайды жуас құнанға ерттеп, баланы  мінгізіп байлап қояды. Тізгіңді балаға ұстатып, бір адам құнанды жетектеп жүреді. Осыдан кейін ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізеді. Қариялар:

-Атқа жақсы шаба біл,

-Өнеге –өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл!- деп тілек-бата берген. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған. Үлкендерге қымыз ішіп, ет жеп, бата

беріп тараған.

 

Тоқым қағу.

http://cs624021.vk.me/v624021520/12ff6/5jWGNB1Rabk.jpgӨзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде баланың әке-шешесі мал сойып, ауыл адамдарына «тоқымқағар» тойын жасайды. Қуанышқа келгендер той иесіне:

-Баланың жолы болсын!

-Жақсы азамат болсын!

-Аман –сау оралсын!

-Оң сапар болсын! –деп тілектерін айтады. Жиналғандар домбыра тартып, ән салады. Шағын айтыс болып, арты  ойын-сауыққа айналады.

Сүндет той

Сүндетке отырғызу араб елдерінен шығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3,5,7,9 жаста отырғызған. Бұл салт көктем не күз мезгілдерінде атқарылған. Сүндетке отырғызу бала өміріндегі қуанышты кезең болғандықтан «сүндет той» жасалған.Алыс-жақын ағайын, дос-жаран, ауыл адамдары бас қосып, той-думан өткізген. Тойда құнан бәйгесі болып, балалар күрескен. Сүндетке отырған балаға көрімдік беріп, шашу шашылған. Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз саналып, балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырған.

Тілашар

Бала жеті жасқа толған соң, ата-анасы баланы медрессе не мектепке оқуға апарған. Баланың оқуға баруы-үлкен қуаныш, сондықтан әке-шешесі «тілашар» тойын жасаған. Тойға келген адамдар баланың әке-шешесіне құтты болсын айтып, шашу шашқан. Мал сойылып, тойға келген қонақтарға сый-құрмет көрсетілген.Қарттар оқуға алғаш барған жас балаға: «Хатты тез танып, он сегіз мың ғаламның тілін білсін.Еліне елеулі адам болсын!» -деп бата беріп, тарасқан.

 

Жас санау

 

  Қозыжасы                                                                                               Ұл бала 10 жасқа толған соң, оған қозы бақтырған.Сондықтан осы жасты «қозы жасы» деп атаған. Бұл-еңбекке баулудың алғашқы басқышы. Бала еңбектің қиындығын көріп, дәмін тартқан.

Қой жасы

Бала 13 жастан асқан соң қозы емес, қой бағуға ауысқан. Сондықтан 13-20 жастың арасын «қой жасы» деп есептеген. Қыстың суығына, жаздың ыстығына шыдап, бір қора қойды бағу оңай болмаған. Ит-құсқа жегізбей, ұры қарыдан сақтап, жоғалтпай бағу оңай болмаған. Ит-құсқа жегізбей ұры-қарыдан сатап, жоғалтпай бағу төзімділік пен шыдамдылықты қажет еткен.

Жылқы жасы

Қой бағуға төселіп, сыннан сүрінбей өткендер «жылқы жасына» ауысқан. Қызығы мен қиындығы көп жылқы малын бағуды 25-40 жас аралығындағы жігіттерге тапсырған. Сондықтан жиырма бесті «жылқы жасы» деп білген.

Патша жасы

40 жас «патша жасы» деп есептелген, себебі бұл жастағы

адамдардың кейбірі атқа мініп, ел басқарған. Өзінің ақылымен  батырлық, өнерлі шешімдігімен көпке танымал болып, даңқы шыққан.

Батамен ер көгерер

Бата-тілек

Бата беру- сөздің күш –құдіретіне сенген ертедегі адамдардың таным-түсінігінен туған көне дәстүр. Бата отбасы әдеп-ғұрыптарына қатысты айтылып, халықтың күнделікті өмірінен кең орын алған. Бұрынғы замандарда халық ізгі тілек, ақ бата арқылы мақсат-мұратқа жетуге болады деп сенген. Сондықтан халық «Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деп даналық сөздер арқылы тұжырымдай отырып, үлкендерден бата алуды мұрат санаған. Батаны оң бата  және теріс бата деп екіге бөледі. Бата берудің мақсат-мазмұны сан түрлі болып келеді. Сонау көне заманнан келе жатқан игі дәстүрге халық ерекше мән берген. Күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ақ бата берудің, алғыс айтудың жас ұрпақты кішілік пен кісілікке тәрбиелеуде айтарлықтай әсері бар. Өйткені бата-ізгі ниеттен туған игі тілек.

Ел сүйетін бала бол,

Ержеткенде дана бол,

Туып –өскен еліңнің,

Жел жағына пана бол!-деп балалардың бақытты болуына тілек білдіреді. «Жақсы сөз жарым ырыс» санаған халық алғысқа бөленуден артық абырой жоқ деп білген. Ақ бата жастарды алға жетелейді. Адамгершілік, қадір-қасиет қағидаларын нығайта түседі. Сондықтан әрбір жас батаны өмірге қажетті дана сөздер деп қабылдайды. Халық қыз ұзатып, келін түсірудің үлкен қуаныш санайды. Осындай жиын-тойлардың соңынан да бата беріледі.

Оның бір үлгісі мынадай:

Уа, жас отау иесі,

Қолдасын тәңір киесі.

Алған жарың жерік болсын,

Босағаларың берік болсын.

Жаның арамдыққа көнбесін,

Ошағыңның оты сөнбесін!- деп жас жұбайлардың арман-тілегінің орындалуына жақсы ниет білдіреді. Аталы сөз, ақ тілек айтылады. Бұл тілек отбасы татулығын арттырады.

Қазақ халқының күнкөріс кәсібінің бірі мал болған, оны бағып-қағу оңай емес еді. Жазда жайлауға көшіп, бие байлаудан халық мерекеге айналдырған. Осыған орай айтылатын тілек мынадай:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін!

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын

Көк жайлауды жайласаң,

Тай –құлынды байласаң,

Сабаң толсын қымызға,

Шараң толсын уызға.

Халық арасында ақ бата алдық, мұрат-мақсатқа жетеміз деген сенім ұялайды. Сонымен бірге алыс сапарға аттанғанда, айт мерекелері, «Ұлыстың ұлы күні» сияқты көп халық бас қосқан үлкенді-кішілі тойларда да бата беріледі. Жыл басында аман-сау бет көрісіп, береке-бірлік тілеу халқымыздың салауатты салтын, өнеге тәлімін танытады. Мысалы:

Ұлыс мұратты болсын,

Мекен тұрақты болсын

Малға құрақты болсын,

Елге шуақты болсын,

Өзенге суатты болсын

Ерлер қуатты болсын,

Алқап малға толы болсын,

Халқыңа береке берсін!-деген бата-тілек наурыз дастарханында айтылады. Көпшіліктің береке-бірлігіне кесірі тиетін жамандықтың үлкен-кішісі жоқ екенін есте  ұстаған.

Тіршіліктің талабы осыны қажет еткен. Сондықтан беделі зор қариялар:

Жалақтаған жаудан сақта...

Ашынған ұрыдан сақта.

Құлқыны құрыдан сақта!

Дауылдың кәрінен сақта,

Жыланның зәрінен сақта!

Аяқ-асты кезігер

Бәле –жаланың бәрінен сақта!-деп ел амандығын тілеген, көптің көңілдегісін айтқан.

Халық әрқашан жақсы салт-дәстүрді сақтап, өз ұрпақтарын кішіпейіл , бауырмалдыққа, әдепті, ибалыққа, білім өнерге баулып отыруды мақсат еткен. Мысалы:

Оқу оқып, ғалым бол,

Жанған оттай жалын бол.

Атың шығып халыққа,

Затыңменен мәлім бол!

Әділ шешер әр істі

Ақылың асқан дана бол!

Немесе:

Шыбықтан өсіп шынар бол,

Білім жолын қуар бол.

Ата-бабаң шықпаған,

Биікке шырқап шығар бол,

Аллаһуакбар!-деп тақпақтаған батаның ғибраты аз болмаған.

Үлкендердің жастарға үнемі бағыт-бағдар беріп, ақ тілек айтуы-ежелден келе жатқан дәстүр. Олар ұрпақ тағдырына енжар қарамаған. Әр кез ақ тілек, бата айтуды салт еткен. Жас ұрпақтың ел қамын ойлайтын азамат болуын армандаған. Бата жас өркеннің болашақ өміріне игі әсер етеді деп ұққан. Сондықтан ақсақалдарды шақырып, ақ батасын алу өнегелі дәстүр саналған.

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол,

Бір елдің баласы болма,

Бір елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!- деп бата берген.

Бата-беру ақ ниеттен туған жарқын салт. Ол жамандықтан қашық болуға үндейді.

Бата-тілекиің көркемдік бояу-өрнектері, мазмұны байлығы уақыт рухына сай өңделіп отырады. Бата-ізгі тілек. Одан халықтың алдан күткен үміт, арманы көрінеді. Бата-тілектің ұлағатты үлгісі үлкен, тәрбиелік мәні зор.

 

Тұрмыстық салт-дәстүрлер

Асату

Ет желініп болғаннан кейін төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатуға тиіс. Бұрынғы кезде жас балалар «ет асаймыз» деп қонақ келген үйдің маңында жүретін болған.

 

Айттық

Айттық-айт күні «айттық» деп сұраған адамдарға берілетін сыйлық. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Бұл айтты да, дәстүрді де, сұраған адамды да құрметтеудің белгісі болып табылады.

Ас беру

Қазақ халқының ертеден келе жатқан ең үлкен тойы-ас беру. Бұл-

дүниеден өткен адамдардың жылы толғанда оған жасалатын

 ақырғы зор құрмет және ұлы жиын, бас қосу. Аста жүздеген ордалар, киіз үйлер тігіліп, үш жүзге бірдей сауын айтылады.  Бұған әр елдің есімі белгілі ақсақалдар, батырлар, ақындар, балуандар, әнші-жыршылар, көкпаршылар, мергендер арнаулы шақырылып, жүйрік аттар келеді. Асқа өте зор қаржы, мал жұмсалған. Жеңімпаздарға зор бәйге тігілген.

Мұның сыртында шақырылғандар да аруаққа деп малын сойып, сабасын және әкелген. Аста елдің бірлігі  мен байлығы, мырзалығы, біліктілігі сынға түседі. Ас беру дәулетті адамдардың, елдің ғана қолынан келген. Ас беру дәстүрі қазір де жалғастырылып жатқанын айта кету керек.

 

Бастаңғы

Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «бастаңғы» жасайды. Бастаңғының мәнісі-жастардың сол үйге ойын-сауық жасап, бас қосуы. Дәстүр бойынша бұған тыйым салуға болмайды.

 

Ерулік

Ерулік беру дәстүрі-бүкіл қазаққа ортақ салт. Жарыса көшкен ауылдардың бірі озып, бірі қалып отырады. Сонда бұрын қонып отырған ауыл соңынан көшіп келіп, маңына қонған ауыл адамдарын қонаққа шақырып қонағасы береді Ерулік қазақтарды алыс  жақынына қарамай араластырып, бір-бірін қонақ етіп жақындастыра түсетін салт. Қазіргі күнге дейін, тіпті үлкен қалаларда да бұл жайт кездесіп тұрады: жаңа қоныстанған көршіні ерулікке шақырып жатады.

 

Бәйге

Бәйге-ұлы тойда, аста, мерекеде жыққан балуанға, озған жүйрікке, женген ақынға берілетін жүлде. Тойдың, астың дәрежесін, қызығын осы бәйгеге қарап анықтауға болады. Бәйгенің ең үлкені , әдетте, бас палуан мен жүйрік атқа тағайындалады. Әсіресе, ат бәйгесіне мол мал, дүние-мүлік тігіледі. Бәйге алдында  озып келген 10,15,20 атқа да беріледі. Аты озып бәйге алғандар оның бәрін еліне айдап кетпейді. Бұл-жомарттық, мәрттік, ерлікті көрсететін ғұрып. Оның біраз бөлігін аруаққа, ақсақалдарға атап, қалғанын жанындағы жолдастарына бөліп береді. Палуан бәйгесі де үлкен. Оған кілем жабылған түйе берілген, ақындарға шапан кигізіп, ат мінгізген.

Бәйге жеңімпаздарға берілетін жүлде болғанымен, кейде ат жарысының өзін де «бәйге» деп те айта береді. Бәйге-қазақ халқының рухани, мәдени дәрежесін көтеретін және көрсететін үлкен дәстүр.

 

Аманат

Аманат-бір адамның екінші адамға берген бағалы заттары. «Аманаттың» түбірі аман деген сөзден шыққан болуы керек. Аманатты сақтау және оны мезгілінде тапсыру зор адамгершілікке жатады. «Аманат амансақтайды» дейді халық. Аманатқа қиянат жасамайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі. Аманаттың бұрын ел аралық қатынаста да үлкен мән-маңызы болған. Көбінесе, ол бірлік, татулық, бітім жолына қызмет еткен. Тарихымызда «ақ үй аманат алып барған екен» деген деректер жиі кездеседі. Ерте кезде жауласушы екі ел татуласқан кезде аманатқа адам да қалдырып кететін болған.

 

Енші

Балалары ержетіп, жеке үй болғанда ата-анансы оған отау тігіп, дүние-мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп атайды. Қыздарға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады.

 

Жылу

Өртке ұшыраған, мал-мүлік суға кеткен немесе тағы басқа бақытсыздық жағдайға ұшыраған жанұяға ауыл-аймақта тұратын  ел мал, дүние беріп, ақшалай көмек көрсетіп, жәрдем жасауды халық «жылу» деп атайды. Жылу беру-адамгершілік көрінісі.

 

Көрімдік

Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға т.б. алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау-халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып-беруде ғана емес, жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Жоғарыда айтылған байғазы мен көрімдік-екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға жандыға, ал байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.

 

Көңіл сұрау

Ауырып жатқан адамның көңілін сұрау-адамгершіліктің белгісі.

Көңіл сұрай барған адам науқасты жұбатып, «ауырып тұрдың-аунап тұрдың», «ауру батпаңдап кіріп, мысқылдап шығады», «дертіңізге шипа берсін» деген сөздермен оның жазылуға деген сенімін арттыра түсуге тиіс. Бұл да адамға деген құрметтің бір түрі.

 

Қалау

Біреудің жақсы малына, затына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйге барып «қалау» қалайды. Яғни үй иесіне, әйеліне немесе баласына лайықты бағалы тарту жасап, қалауын айтады. Оның тартуының бағасы өзі қалаған затының бағасымен сәйкес келуі шарт емес. Дәстүр бойынша, үй иесі қалаушы адамды қонақасы беріп, қалағанын орындап, қайтаруға тиіс. Бұл –жомарттық пен мәрттіктің,  жақындық пен сыйластықтың белгісі.

 

Қонақасы

Халқымыздың тарихы, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларындағы ерекше қымбат дәстүр-қонақжайлық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасы беру-жомарттықтың елдіктің үлкен белгісі.Қазақ семіз қойын, басқа да жылы , жұмсақ тағамдарын қонаққа әдейі сақтап, «қонақ келді» деп күтініп отырған. «Құдайым би қылмасаң да, би түсетін үй қыл» деп тілек тілеген қазақ үйіне қонақ түскенді мәртебе, бақыт санаған. Қонақ та кез келген үйге түспей, қонақжай, дастарқаны мол, таза, көргенді ұл-қызы бар үйге түсетін болған. Қазақта

қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналады.

Қонақты арнайы қонақ, құдайы қонақ деп бөледі. Қыдырма қонақ деген

бар. Бірақ ол сыйлы қонақ емес.

 

Қол ұшын беру

         «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, жұмыс істеп жатқан жерге келер әр адам қанша асығыс болса да,сәл аялдап қол ұшын беруге тиіс. Мысалы үй салып жатқан жерде, ағаш, кесек әперу,егін жинап жатқанжерде екі-үш күрек дән тасып әкелу, тағы сол сияқты көпшілік жұмылған іске өз үлесін  қосу азаматтық борыш, міндет болып саналады. Егер мұндайда кейбіреу еңкеймей тұрса, онда оған «еңкей, қол ұшын бер, балаңның белі бүкір болады»  деген әзіл шыны аралас ескерту жасайды. Осындай көп жұмылған жерде бос тұру тәрбиесіздік әрі білімсіздік болып саналады.

 

Асар

Бір жанұяның қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін ауылдың адамдары «асар» жасайды. Мысалы: үй көтеру, егін салу, шөп шабу, тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға ауыл азаматтарын көмекке шақырады. Асарға келгендер еңбегі үшін ақша талап етпейді. Оның есесіне, асарға шақырушы адам оларға арнаулы мал сойып, қымыз құйып, демді ас әзірлеп тойғызады. Асар қазақ елінің ұжымдық топта жұмыс істеудің бір көрінісі деп қарауға болады. Мұндай жақсы дәстүр ел ішінде әлі де бар.

 

Сүйінші

Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші! Сүйінші!» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл-қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

 

Той

Той-сәби дүниеге келгенде, келін түскенде, бала сүндеттегенде, т.б қуанышты кездерде жасалатын салтанат. Мұнда да жоғарыда айтылған «Ас берудегі» дәстүрлер жасалады,бірақ көлемі, шығыны жағынан шамалас не кіші болуы мүмкін. Бұғанда көп адам жиналып, өнерлілер бәсекеге түсіп, тиісті бәйгесін алады.   «Той дегенде қу бас та домалайды» дегендей, оған жақын жердегі адамдар тегіс қатысуға тырысқан. Қазіргі кезде наурыз, айт күндері, жаңа жыл, Жеңіс күні,  әйелдер күні, 1 мамыр той-мереке қатарына жатады.

 

Сыбаға

Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп атайды. Айталық, ақсақалдарға, құдаларға т.б. жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады. Бас, жамбас, ірі малдың белдеме омыртқалары сыйлы мүшелер болып саналады. Сол сияқты құдаларға, құдағиға жая, жамбас, қыздар мен күйеулерге төс, балаларға құлақ, бүйрек сияқты лайықты сыбағалары беріледі. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Үлкен адамдарға жамбастың шұқыршағы (ірі малдың), жауырын, кәрі жілік асылмайды. Қыздарға кәрі жілік, өкпе берілмейді. Жалпы қол жіліктері құрметті адамдарға тартылмайды. Қазақ дәстүрі бойынша, әр жолаушы адам өзі қонатын үйде сыбағам бар деп санаған. Тиісті сыбағасын бермесе, қонақ ол үйді сынап, өкпесін айтып кетуге хақы бар.

 

Наурыз көже

Наурыз мейрамның ажырамас белгісі-наурыз көже дайындау. Наурыз көже азықтың жеті түрінен жасалады. Жеті түрлі азық халықтық дәстүрден шыққан. Қазақ тіліндегі жеті ата, жеті қазына, жеті қат жер, Жетіқарақшы, жеті түн, «Жеті жарғы», т.б. тұрақты  тіркестер халықтың ежелгі наным –сенімдерінен, астрологиялық түсініктерінен туған. Сондықтан кей жерлерде наурыз көженің құрамы өзгергенмен, ондағы азық-түліктің жеті түрі болуы мұқият сақталған. Көже, негізінен, бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, т.б. тағамдардан жасалады да, әр үй өз отбасынан дәм тартады. Бұған қыстан шыққан қазы, сүр ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады. Наурызкөзе ежелгі жомарттық, қонақжайлық сияқты бағалы дәстүрлердіңдің бір көрінісі ретінде қалыптасқан.

 

Қарашаңырақ

Құлын байлап, бие сауылып, сүті қорланып ашытылған соң, екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көршілер «қымызмұрын» шақырылады. Яғни, алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен қымыз береді. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып батасын  береді Халықтың бұл дәстүрі де қонақжайлық, мәрттік қасиеттерін арттыра түседі. Бие ағытылып, соңғы қымызға   осы кісілер тағы да шақырылады. Оны «сірге мөлдіретер» дейді.

 

Садақа беру

Садақа-жетім-жесірлерге, қаріп-қасірлерге немесе дін жолына ақшалай, заттай беріледі. Садақа беруші адам өзінің, үй ішінің амандығына қол жайып бата тілейді және «батаңыз қабыл болсын» деп бет сипайды. Мүсәпірлерге қайыр садақа беру әр мұсылман баласы үшін

міндетті болып саналады.

 

 

Сауын алу

Малы жоқ адамдар ауқатты адамдардан сүтін пайдалану үшін «сауынға» деп белгілі мерзімге сауа тұратын бие немесе сиыр сұрап алады. Сауын алушы өзі алған малын төлімен бірге аман әкеліп тапсыруға кепілдік береді.

 

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары

 

Ат тергеу

Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі-ат тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша, әйелдер атасының, қайын сіңлісінің, қайын інісінің атын тіке атамай, «мырза қайын аға» , «бай ағам», «жалқы бала», «тентегім» , «еркем», әйел болса «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөзім» деп лайықты ат қойып өзінше атайды. Жеңгелер жағы небір күлкілі аттар да таға береді Мысалы тапал бойлы болса сұңғағым жайбасар болса жүйрігім дейді Мұның бәрі шын мәніндегі  сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі болып табылады. Ер адамдар да ақсақалдар мен өзінен үлкендерді « ата», «әке», Ереке, Аха, Жәке, Сәке деп құрметтеген. Ат тергеу- біздің

 халқымыздың адам сыйлау  жөніндегі ізіттілік, көргенділік, кішіпейілдік қасиеттерінің биік көрінісі. Өзінен үлкен адамның атын тура атау анайылық болып табылады. «Ат тергеу» басқа да жағдайларда  да қолданылады. Мысалы, халық қасқырды «ит-құс» деп, қорасан сияқты ауруларды «әулие» деп атайды. Ол-осындай бәле-жала бізден аулақ болсын деген ырым, жоралғы.

 

Ауызбастырық

Біреуді сөзбен жығып, ұтып, орны орнынан тұрмастай етіп, өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастап ұялтқанда (немесе ұятты іс істегенде) ұтылған адам бұл туралы басқа адамға таратып жібермеу үшін «ауызбастырық» береді. «Ауызбастырықтың» мағынасы әлгі сөзді ешкімге айтпаңыз деген жалынуы, кешірім сұрауы болып табылады.

«Ауызбастырық» алған адам ол сөзді ешкімге айтпауы керек. Сонда «ауызбастырық» та серттің бір түрі болып табылады.

 

Бауырына салу

Баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы «бауырына салу» деп аталады. Бұл- ежелден бар қағида. Мұның да жөн-жоралары бар. Мысалы, қазақтың ежелгі заңы бойынша, асыраушы адам жаңа туған баланы шаранасымен етегіне салып алады. Нәрестеге атын қойып, оң қолына асықты жілік ұстатады. Асықты жілік ұстаған бала сол үйдің баласы деп есептеледі. Кейде ата, әже өзінің бірінші немересін «бауырына

салып»  алады. Бірақ ол асырап алғанға жатпайды.

 

Иткөйлек

Ырымшыл халқымыздың баланы «қырқынан» (туғанына қырық күн толған күн) шығарғаннан  кейін оның иткөйлегіне тәтті түйіп иттің мойнына байлап оны қуып  шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. Ал көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады. Иткөйлек ырымның шығуы иттің мойнына байлағандықтан ғана емес, баламыз көп болсын деген ырыммен «ит жеті қазынаның бірі деп есептейтін халықтың сенімі бойынша, ит өз иесінің үйінде баланың көп болуын тілейді екен дегенмен) астасып жатыр.

Осы жерде «қырқы» деген сөзге мән беру керек. Қайтыс болған адамның да «қырқы» беріледі. Бірақ баланы «қырқынан шығарылды» деп,  ал өлген адамға «қырқы берілді» деп айтады. Мұны шатастырып алуға болмайды.

 

Кәде

Ойын-тойларда, айт-мерекесінде, тағы басқа салт-дәстүрлер кезінде берілетін сыйды немесе алымды «кәде» деп атайды. Кәде-ойын-тойдың гүлі, оның сұрауға әркімнің де еркі бар. Кәде жоралғылары өте көп.

Той кәделері (жол жоралғылар): тойбастар, шашу, т.б.

Құдалық кәделері мен ырымдары: жаушы  жіберу, алдынан өту қалың мал беру, құда түсу, өлі-тірі , батааяқ, той малы, есікашар, атбайлар, тойбастар, құйрық бауыр, құда тарту, көрімдік, отқа құяр, түйемұрындық,

 құда атандырар.

Күйеу жолы мен кәделері: ұрын бару, есік көру, ентікпе, көрімдік, күйеу табақ, қалыңдық ойнау, қызқашар.

Құда-күйеу келгенде: сүтақы, атбайлар, босаға аттар, күйеу табақ, жеңгетай, отау жабар, қол ұстатар, шаш сипатар, ит ырылдатар, кемпір өлді, бақан салар т.б. Осыған байланысты «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды» дейді қазақ мақалы.

Бала туылғанда, жүргенде жасалатын дәстүрлер мен кәделер: шілдехана, қазақжарыс, кіндік кесу, көтеріп алу, ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндеттеу т.б.

 

Ауылдың алты ауызы

Ауылдың алты ауызы-дәстүрлі қазақ қоғамында үйге келген қонақты қолқалап, «қонақкәде» айтқызудан бұрын ауыл адамдарының, үй иелерінің өздері айтып беретін өлең-жыры. Қонақ тамақ ішіп, тынығып болған соң ауыл адамдары «ауылдың алты ауызын» айтып, қонақтың көңілін көтеруге тырысқан да, кезекті қонаққа беретін болған. Қонақтың не өлең айтып, домбыра тартуы немесе ертек айтып, «қонақкәдесін» жасауы шарт болған. Кәде орындалған соң ән айту үлесі өнерпаздарға тиіп, отырыс ойын-сауыққа ұласып отырған. Қазіргі кезде, негізінен, ауылдық жерлерде сақталған.

 

Қонақкәде

Үй иесінің қонағына «қонақкәде» айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар. Бұл «өлең айтыңыз, өнер көрсетіңіз» дегенді білдіреді. «Қонақкәденің шығуы көңілді отырудан, қонақ өнерін сынаудан шыққан. Сондықтанда болар, бұрынғы адамдар жастарды өнерге, айтысқа қолөнерге, шешендікке, өлеңге, домбыра үйренуге ерте баулыған.

Көрісу

Көрісудің екі түрі бар:

1.    Бұрынғы дәстүр бойынша ұзатылған қыздар жыл толмай төркін жұртына баруына болмайды. Бұл жаңа қауымға алаңсыз үйренсін деген мақсаттан туған. Елің, бауырын сағынып жүрген осындай кездерде  қыздың аға-інісі іздеп келгенде, қыз оларға өлең жырмен көрісіп, жылап, өзінің сағынышын, өкпе-назын, қуанышын білдіреді. Мұндай сәтте қыз туыстарына басындағы жаулығын көрсетуге ұялып, оны алып тастап, орамал тартып алады. Қыздың бұл көрісуі өте жарасымды әдет-ғұрып қатарына жатады.

2.    Туыс-туғандары, ет жақындары қайтпас сапар шеккенде артта қалған ағайын-туыстары, бала-шағасы көрісіп, жылайды, дауыс қылады. Еркектер де көріседі, бірақ әйелдердей жоқтау айтпайды.

Қалжа

Жас босанған әйелге арнайы мал сойылып, берілетін тамақ «қалжа» деп аталады. Жақын адамдар да «қалжа» әкеледі. Бұл-әрі сыйластық, құрмет, әрі босанған әйел тез сауығып кетсін деген мақсаттан туған елдік дәстүр, ғұрып.

 

Қорықтық құю.

Әлденеден қатты қорқып, шошынып ауырған адамға «қорықтық құйып», ем жасайды. Оның жасау жолы былай: бір ыдысқа қорғасынды салып, отқа қойып балқытады, қорғасын сұйық қалыпқа келген кезде басқа бір табаға май құйып, табаны адамның төбесіне ұстап тұрады да, оған балқыған қорғасынды  құйып жібереді. Сол уақытта адам неден қорықса, қорғасын соның бейнесіне түсіп қатады. Мысалы, иттің, адамның, жыланның бейнесі т.с.с шығуы мүмкін. Халықтың ұғымы бойынша ауырған адам неден қорықса, қорықтық құйғанда соның бейнесі түссе, ол жазылады деп түсіндірілген.

 

Құдайы

Құдайы-кездейсоқ апаттан аман қалғанда, қиын сапардан оралғанда,т.с.с жағдайда амандық жолына берілетін діни ғұрыптық дәстүр. Яғни «құдайға» мал сойып, елге ас беріп, көпшіліктің батасын  алады.

 

Құрдастық қалжың

Бір жылы туған адамдар құрдас саналады. Халық ғұрпы бойынша, олар бір-бірімен әрі тату, әрі қатты қалжыңдасып, тіпті бірі екіншісінің сыртынан да әзіл айта береді. Айы, күні қатар құрдастар «түйедей құрдас» деп аталады. Құрдастардың әйелдері де құрдас болып есептеледі.

«Әкесі құрдастың баласы құрдас» деп, олардың балалары да әзілге араласып отырады. Құрдастық қалжыңдар басқа түркі халықтарының арасында кездесе бермейді. Ел аузында құрдастық қалжыңдардың күлкілі әрекеттері мен әңгімелері көптеп кездеседі.

 

Өсиет айту

Өсиет-белгілі бір адамның жасы жеткенде немесе жан тәсілім алдында кейінгі ұрпақтарына, туған-туыстарына айтып кететін ақыл, кеңесі, өтініші немесе соңғы тапсырмасы. Дәстүр бойынша кейінгі адамдар айтылған өсиетті бұлжытпай орындауға тиіс.

 

Пітір беру

Жыл сайын ораза, айт кезінде мешітке арнайы барып, әр адам ата-бабаларына т.б. аруақтарға құран оқытып берілетін садақасының бір

 түрі. Пітір беру-діншілдік емес, ол тірілердің аруақтарға деген құрметі.

 

Сауын айту.

Бір елде, үлкен той болатын болса, ол күні бұрын (бірнеше ай, жыл) жан-жаққа хабарланып, сауын айтылады. Бұл жай шақыру емес, әр ел салт-дәстүр жолымен, яғни батыр, балуанымен, жүйрік атымен, ақын, жыршысымен, сойыс сабасымен келсін дегенді білдіреді. Және асқа, тойға келгендер де бір-бірінен асып түсуге тырысады. Сауын айтудың екінші жағы-оның көптің күші мен малы атқарылатындығында жатыр.

 

Сыйыну

Аруаққа, Тәңірге, пірге және басқа да күш пен сенім иесіне сыйыну-түркі халықтарының ежелгі дәстүрі. Мұнда әр адам жауға шапқанда , қиын сапар жолында немесе жайшылық уақытта, тыныш өмірде үлкен күшке сыйына береді. Әсіресе, балуандар, мергендер мен аңшылар, қарт адамдар тағы басқа әр іске талапкерлер көбінесе аруаққа сыйынады. Малдың да, жанның да сыйынатын пікірлері бар. Мысалы, арулар дерт иесі лұқпанға әйелдер Бибі Фатима анасына, жас батырлар Қабанбай, Бөгенбай аруағына сыйынады. Малшылар төрт  түлік пірлері-Қамбар ата, Ойсылқара, Зеңгі баба, Шопан ата, сексек атаға сыйынып, жұмысына кіріседі. Сыйыну-адамның сенім күшін, қабілетін арттыратын құпия

құбылыс.

 

Тасаттық

Бұл арабтың «тасаттық» - «құрбан шалу» деген сөзінен шыққан.

Құрғақшылық болып жаңбыр жаумай, шөп шықпаған жағдайда халық ортадан мал шығарып, Тәңірден жаңбыр тілеп, «тасаттық» жасаған. «Тасаттық» былай жасалады. Көпшілік ортадан мал шығарып, оны қорым басына, өзен жанына апарып сойып, асып, пісіріп жеп, құран оқып, Тәңірге жалбарынып, жауын тілейді. Қарттардың айтуынша, осыдан кейін жаңбыр жауатын болған, бұл салт қазірде бар.

 

Тымаққа салу

Ел арасында «шала туып, тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. Халықта, әдетте, шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстаға, бесікке салуға келмейді. Тымақ жылы әрі бөлеуге ыңғайлы болады. Сәбидің неше күні кем болса, сонша күн тымаққа салып, күн сайын керегенің келесі басына ауыстырып іліп отырады және осылай кереге басы арқылы қанша күн толғаны есептеледі. Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басынан кейін ғана бала тымақтан алынып, жаңа туған баланың рәсімі жасалады.Айталық , ат қою, бесікке салу т.б. (Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше жерге шеге қағылып ілінеді).

Топырақ шашу

Бір-бірін қатты жек көрген адамдар ат құйрығын кесісіп кетіп бара жатқанда әбден көңілін қалдырған адамның артынан топырақ шашатын әдет бар. Бұл енді көрмейміз, «қараң батсын» деген қатты қарғыстың бір белгісі.

 

Шашу

Шашу-қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда немесе құрметті кісі келгенде, тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпит, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

 

Ант

Ант, серт, уәде-халқымыздағы сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, еларалық уәде, келісім адалдықтан   айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан  қол қайда?» деген жерде еш адам анттан аттап кете алмаған. Ел ішінде ант бұзған адамды «ант атқан» деп жек көреді. Ант-адалдың сөзі.

 Бірақ «адал болсаң да, ант ішпе» дейді қазақ.

 

Қарғыс

Біреуден қорлық-зомбылық көрсе, сол сияқты біреудің кесірінен келеңсіз жағдайға тап болса т.с.с соны қарғау әдеті бар. Яғни «жер жастаңғыр», «өлім келгір» , «қарасаң келгір» , «өртеңгір» деген сияқты қарғыс сөздер айтылады. Ол адамға да, малға да дүние-мүлікке де бағыттала береді. «Ашынған  Тәңірісін қарғайды» дегендей, қарғыс ашу, ыза, кек үстінде айтылады. Қарғыстың ең ауыры-ананың ақ сүтін көкке саууы және атаның теріс батасы болып саналады. Бұрын аса көргенсіздік көрсеткен балаларына ата-ана осылай қараған. Сонымен қоса «қарғау» деген де бар. Ол біреу жала жапқанда, нақақ күйдіргенде өзінің адалдығын дәлелдеу үшін «жалғызымның қызығын көрмейін» , «құран ұстайын», «керегенің көгін жейін» деп қарғанады. Мұны адал адамдар ғана айта алған.

 

Әдепті бала арлы бала

Сәлемдесу-амандық білісудегі әдеп жолы. Халқымыздың сәлемдесу әдебі ғасырлар бойы қалыптасқан. Құран және пайғамбарымыздың хадистері бойынша да адамдардың бір-бірімен амандық сұрасып, сәлемдесуі игі іс болып саналады. Сәлемдесу адамдардың жас ерекшелігіне, жынысына т.б. байланысты әртүрлі болып келеді. Мысалы, үлкен адам мен жасы кіші адамның сәлемдесуі,аттылы мен жаяудың сәлемдесуі,  ер мен әйелдің сәлемдесуі, келіндердің ата-анаға

 сәлем беруі т.б.

Сәлемдесудің көп түрінің бірі-алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына , белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беруі. Қазақта «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деп жөн білетін үлкендердің өзі барып сәлемдесетін болған.

Ал келесі түрі-келіндердің сәлем салуы. Сыйлы ата-ене, қайын ағалары кездескенде, көріп қалғанда келіні оларға иіліп сәлем қылады. Келіннің сәлем салуы әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады.Сәлемдесудің тағы бір түрі-құрдас, құрбылас ер кісілердің сәлемдесуі. Олар бір-бірін көре қалғанда қол беріп, ал көптен көріспеген достар құшақтасып, төс қағыстырып сәлемдеседі. Жасы үлкен адаммен сәлемдескенде жасы кішілер жағы аттан, көліктен түсіп барып және әрқашан қос қолын беріп амандасады.

Төрге отырғызу-қазақ халқының күнделікті тұрмысында қадірлі, сыйлы, қонақты, қарт кісілерді құрметтеу әдебі. Халқымыздың тіршілігінде төрдің маңызы зор. Төрге отырғызу сыйлауды , құрметтеуді білдіреді.

Төрге отырғызу бірнеше жағдайларда орындалады.

Біріншісі, күнделікті күйбең тіршілікте төрге қария кісі немесе үйдің иесі отырады. Екінші жағдайда, той-жиындарда төрге ақсақалдар не болмаса жас ерекшелігіне қарай үлкен  ағалар немесе қызметі жоғары кісілер орын алады.

Ал үшіншісі, үйге қонақ келген жағдайда төрге міндетті түрде қонақ отырады.

Төрге отырғызудың тағы бір түрі-күнделікті тұрмыста бойжеткен қызды немесе төркініне келген қыздарды аяқ жаққа отырғызбай, төрге шығарады. «Төрге шықпаған қыз-төркінін кедейлетеді» деген сенім бар.

Адамның мінез құлқы іс-әрекеттеріндегі жағымды қасиеттер.

Адалдық- адам бойындағы кіршіксіз ақ, таза ниет, имандылық қасиет. Атам қазақ кейінгі ұрпақтың тәрбиесіне көп мән берген. «Кісінің ала жібін аттама» (яғни, ұрлық жасама), «өтірік айтпа», «біреудің ақысын жеме» деген сияқты тыйымдар арқылы балалардың адалдық қасиетін оята білген.

Адамгершілік-уәдеге берік, серттен таймайтын, кісіні ғайбаттамайтын, жалған сөйлемейтін адамға тән қасиет. Адамгершілігі мол адам барлық ортада сыйлы болады.

Кісілік-азаматтық  дәрежесі биік адамға тән қасиет. Бұл жақсы адамның қасиеті. Кей кезде «кісілік» деп мағынасы алғашқыдан мүлдем бөлек, өзгені менсінбейтін, өзін жоғары қоятын мінез-құлықты да айтады. Мұндай кісілік адамды жақсылыққа алып бармайды. Бұл тұста  халқымыз «ұлық болсаң, кішік бол» деп кісіліктің жақсы сипатын насихаттайды.

Алғырлық-сырттан келген ақпаратты тез қағып алатын адамның жақсы қасиеттерін насихаттайды.

Әдептілік-тәрбие көрген, ар-ұяты, мәдениеті жоғары адамның сипаты.

Адамның жағымсыз қасиеттері

Арамзалық-арамдығы жоғары, ниеті жаман адамның қасиеті. Арамза адам өзгелерді алдасам, олардан пайда тапсам деген ниетпен жүреді. Алайда өзгеге жамандық ойлаған адамның өзінде еш уақытта жақсылық болмайды.

Арсыздық- ар-намысы жоқ, ұятсыз, абыройсыз адамның адамгершілікке жат қылықтары мен мінез құлқы. Абай атамыз: «Өзін-өзі күндейді, жақынын міндейді, ол –арсыздық белгісі» -деп айтса, Шәкәрім атамыз «Айла, өтірік, арсыздық өнер емес, мен де анаудай болсам деп таласарлық» -деп түсіндірген.

Еріншектік-еңбекке зауқы соқпайтын жалқау адамның қасиеті. Қазақ халқы еріншектің жаман қасиет екенін үнемі даналық сөздермен білдіріп отырған. Соның бірі-ұлы ақын Абай атамыз кейінгі ұрпаққа бұл қасиетті мынадай сөздермен таратады: «Адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар:

Әуелі –надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық;

Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны». Сондай-ақ «Еріншек етікшіден,  елгезек масақшы артық», «Жабайы шөп етегіңді аздырар, еріншектік ерді аздырар» деген сияқты мақал-мәтелдерді айтып кетуге болады.

Жалқаулық-кежегесі кейін тартып тұратын еріншек адамның қасиеті. Жалқаулық-адамның ең нашар  қасиеттерінің  бірі. «Алма піс, аузыма түс» дейтіндердің кейпін киген жалқау адамдар көп жақсылықтан құр қалады. Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы атамыз «Еңбек түбі-рахат, жалқаулық түбі-азап» деп айтып кеткен.

 

Қазақ халқының ырымдар мен тыйымдары

Ырымдар

Ырым-халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. Айталық, шешен болсын деп аузына түкірту, отаншыл  болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп  батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Мысалы: Абай, Бауыржан, Сәкен, Қаныш сияқты есімдері қазірде ата-аналар өз балаларына ырымдап қойып жүр. Балаларым сондай қуанышқа жетсін деп келін түсірген, той болған үйден нан, бауырсақ, кәмпит салып әкетеді. Халықта жасы 100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған затын осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу салты бар. Сол сияқты баласы тұрмай  жүрген адамдар баласына  Күшікбай, Итбай, Итемген, Көтібар; Көтен, Малай, Бишай, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат қойса , өмірлі болады деп ырымдаған. Жалпы айтқанда, ырым-халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір көрінісі.

Ақсарбас

«Ақсарбас»- діни ырым, яғни адамның қауіп-қатерге ұшырағанда қысылғанда Алла атымен айтқан құдайысы.

Мұндай жағдайға ұшыраған адам «Ақсарбас» деп үш рет айтуы керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел-жұртты шақырып, құдайы береді.

Ақсарбастың үш түрі бар. Олар бозқасқа, көзқасқа, қызылқасқа. Бозқасқа десе-қой, көкқасқа десе-жылқы, қызылқасқа десе –сиыр құдайы береді.

Көз тию

Қазақтың ұғымы бойынша, жақсы адамға, жас балаға, жүйрік атқа, сұлу қызға көз тиеді деген ұғым бар. Ондай адамдарды «көзі бар» немесе «назар керде» дейді. Ас, тойларда шыққан балуанды жүйрік атты ел көзіне көрсетпейді. Ажары әдемі жас сәбилердің бетіне күйе жағып қоятын да ғұрып бар. Бұл көз күйеге тиеді деген түсініктен шыққан. Біреулер жас келінге, сәбиге сұқтана қараса, «көзін тиеді, түкір» деп түкіртіп алатын да ырым бар. Көз тисе «сұқ-сұқ» деп, тіл тисе «тфә-тфә» деп немесе біреуді мадақтағанда «тіл аузым-тасқа» деп ырымдайды.

 

Тізе бүгу

Өз шаруасымен бір үйге кірген әр адам сол үйге отыруы немесе тым асығыс болса да бір тізе бүгуі керек. Ертеден келе жатқан бұл ырым-сол шаңыраққа деген құрметтің белгісі. Егер келген адам түрегеп тұрып шаруасын айтып үйден шығып бара жатса, онда үй иесі «тізеңді неге бүкпейсің, біздің сиыры түрегеп тұрып бұзауласын дейсің бе?» деп өкпесін айтады.

Ұшықтау

Ұшықтау –ем, ырым. Тамақтан, желден, иістен ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу мен ырымның бір түрі. Мысалы, жығылған адамның бір жері қатты ауырып қалса, сол жерде «Кет, пәлекет, кет!», «Ұшық-ұшық!» деп ұшықтайды. Немесе ауруды күн батар алдында «жер ұшық» беріп, яғни екі-үш рет жығып ұшықтап, үйге әкеліп жылы жауып тастайды.

Үшкіру

Үшкіру-ем, ырым.Халық арасында  жеңіл –желпі ауруды емшілер мен молдаларға үшкірткен. Үшкіру де емделудің бір түрі.Емші дұға оқып «сүф-сүф» деп үшкіреді. Емшіге «орамал» (яғни зат, ақша мал береді) беріледі.

Аузына  түкірту

Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақта белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты- сәби сол адамдардай болсын өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған.

Шөп басын сындыру

Шөп басын (кейде шырпы, ши, шыбық) сындыру-әдетте, жақсылық

 жағдайда, жақсы іске байланысты жасалатын ырым. Мысалы,

сараңдар жомарттық жасаса, қорқақтар батырлық жасаса, немесе  жұрт күтпеген жерден біреулер жақсы істер жасаса, мұны естіген адам «мынау бір шөп басын сындыратын іс екен» деп жерден шөп алып сындырады. Бұл «көз, тіл тимесін» деген ұғымнан қалған.

Бірақ бұл әдетті «шөптің басын сындырмайды» деген тіркеспен шатастыруға болмайды. «Шөптің басын сындырмайды» деген сөз жұмыс істемейді, бос жүреді дегенді білдіреді.

Ақ құйып шығару

Қазақ халқы сүтті, қымызды, шұбатты, айранды, тағы басқа сүт тағамдарын (ақ( деп атайды да оны қасиетті, киелі деп ұғады. Ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды. Алайда кейде сол ақты жерге төгетін де ырым бар. Мысалы, қалың өрт келгенде алдына ақ шашады. Сол сияқты жылан кіріп кеткенде де оның басына ақ «сүт не айран) құйып, үйден шығарып жібереді. Мұндай әдет халықтың өз ауылына немесе үйіне келген дос, дұшпанына да алдымен құрметпен қарауынан шыққан болуы керек.

Ауыз  тию

Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол «қарашаңырақтың» киесі қолдасын деген сеніммен шыққан. Сондай-ақ дастархан үстіне келген адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертең астан міндетті түрде ауыз тиеді. Қазақтың дәстүрі бойынша  үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. Халықта «үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген сөз бар. Мұның бәрі- қонаққа да, асқа да ерекше ықыластың белгісі, халықтың өзіне тән қонақжайлығы мен кеңпейілділігі танытатын жайт.

Сарқыт

Сарқыт-қазақ халқының ежелден келе жатқан ырымы. Үлкен кісілер той –жиыннан үйдегі балалары мен келіндеріне кәмпит, құрт сияқты дәмнен сарқыт алып келеді. Тойдан алып қайтқан дәмді жақсылық дарысын деп ырымдап ауыз тигізеді. Сондай-ақ үлкен кісілердің алдынан қайтқан табақтан қалған етті де «сарқыт» деп жастар үлкендердің жолын, абыройын берсін деп ырым қылып жеген. Бұрын сарқыт қайтады деп келіндер үлкендердің табағын әдейі күтіп отыратын болған. Қазақ салтында сарқыттың ырымдық әрі тәрбиелік,  дәстүрлік маңызы зор.

Бойтұмар

Бойтұмар-мойынға тағылатын қастерлі зат. Қазақ халқы тіл-көзден сақтау үшін құран аяттарынан дұға жазылып оралған қағазды былғары не шүберектен жасалған қалташаға салып алқа ретінде мойынға тағады немесе киімнің ішкі жағына іледі. Кейбір халықтар бойтұмарға астрологиялық ишаралар немесе қасиетті кітаптардан алынған сөздерді жазады. Сондай-ақ оларға жазу жазылып, бедерлі суреттер түсіріледі. Алайда бойтұмар адамзатты түрлі бәле-жаладан, ауру-сырқаудан қорғайды деген ұғым барлық халыққа ортақ. Бойтұмар тағу-барлық

халықтарға тән ерте дәуірден келе жатқан ырым.

Айдар қою

Айдар –баланың төбесіне  қойылатын бір шоқ ұзын шаш. Айдар ер балаға қойылады. Халқымыздың бұрыннан келе жатқан бұл ырымы осы күнге дейін сақталған. Ертеректе баланың төбесіндегі айдарға моншақ араластырып өріп қоятын болған.

Тұлым қою

Тұлым-жас баланың шашын өсірмей , екі шекесіне қоятын ойма шаш. Тұлым негізінен қыз балаға қойылады.

 

Кекіл қою

Кекіл-жас балалардың шашын ұстарамен тегістеп алып тастап, маңдайынан қалдыратын бір шөкім шаш.Оның жиегін тегістеп, қиып тұрады. Кекіл ұл балаға да, қыз балаға да бірдей қойылып, оларға жарасымды ажар береді.

Базарлық

Базарлық-алыс сапарға, сауда жолына шыққан адамдардың туыстарына, жерлестеріне, көрші-қолаңдарына, сыйлас адамдарына, жас балаларға алып келген ірілі-ұсақты сыйлықтар. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

Байғазы

Байғазы-балалардың, жастардың жаңадан киген киімі, алған заты (мысалы, қамшы, шана, ер-тоқым) үшін берілетін сый. Байғазы ақшалай немесе заттай беріледі. Байғазы сұраудың ешқандай ұяттығы жоқ.

Аластау

Аластау-тіл көзден сақтану үшін үй ішін, жас нәрестенің бесігін арша бұтақтарын түтіндету арқылы жын-шайтардарды қашыру. Аластауды көбінесе жаңа үйге кіргенде немесе нәрестені бесікке ең алғаш рет жатқызар алдында қолданады. Аршаның хош иісі таптырмайтын ем саналатын болған. Ал қазіргі кезде аластау үшін көбінесе кептірілген адыраспан шөптері қолданылады. Адыраспанмен аластағанда үй ішіндегі жаман күштер мен жын-шайтандар қуылады деген сенім бар.

 

 

«Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу» барысында сыныпта өткізілген  тәрбие сағаттар

 

«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»

 

Мақсаты:

 

Білімділігі:         оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы, халқымыздың

салт- дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып «Наурыз»   

қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Дамытушылығы:     өлең, сөздер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз

ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелігі:                  Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:                нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар

Барысы:                      а) Ұйымдастыру

ә)Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру

 

І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар осы бүгінгі жиналып отырғанымыздың себебі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз-яғни жаңа жыл тойлау. Бұл жаңа жыл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп». Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айттарын есептемегенде, біздің қазақта жалғыз-ақ мейрам бар, ол-Наурыз.

Наурыз айының 22-сінде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір –бірін мерекемен құттықтайды.

Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. Енді, міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар бүгінгі болғалы отырған «Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1.    Наурыз-думан

2.    Наурыз-жыл басы

3.    Наурыздағы салт-дәстүрлер

4.    Ата-салтың –қазынаң

Оқушы  1: Аманбысың ардақты халқым менің

Ардақта  Наурыз тойын салтыңды елім

Мереке  басы болсын берекенің

Игі  еңбектің жемісін бәрін жегін!

Оқушы 2: Наурыз тойға жиналған халқым менің

Бәріңнің ойға алғаның  жарқын сенім

Бүгінгі той , ертеңгі ардақты ісің

Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің

Оқушы 3: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем

Жарығымен, шуағымен күн-ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем

Мұғалім: Балалар бүгінгі тойымызға Наурыз қыз қонаққа келе жатыр

Наурыз қыз:

Оқушы 4:

Мен наурыз қызбын

Ұлыс күнге

Жеттім міне асыға

Келген жылым

Жақсылыққа басташы

Қуанышпен әр үйдің

Босағасын атташы

Келген жылым

Шуағыңмен, тасып өт

Адамдарды бір-біріне ғашық ет

Келген жылым

Болсын дәйім бақытты

Оқушы 5: Қош келдің, Наурызым ардақты

Халқым саған  бар үмітті орнатты

Жылда осылай келе берші жасарып

Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты

Оқушы 6: Қиыры жоқ менің байтақ далама

Әсем, көркем ауылыма, қалама

Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді

Сырлы әніне құлақ түрмей бола ма?

Оқушы 7: Наурыз қайтып оралды аты да аңыз

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз

Үй –дастархан, даламыз-сахнамыз

Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз

ІІ. Наурыз жыл басы

Оқушы 8: Тәуелсіз биік халқымның

Желбіреп туы шалқысын

Әз Наурыз келіп еліме

Жер Ана бойы балқысын

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз –жыл басы! –дей келе ендігі кезек Наурыз мерекесінің тарихына тоқталсақ.

Оқушы 9: Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған

күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.

 

ІІІ: Наурыздағы салт-дәстүр.

Оқушы 10: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

Үлкен, кіші, жасымыз кәріміз де,

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге-деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек.

Оқушы 11: Наурызнама-шат-шадыман ойын сауық. Тойда ат-жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.

Наурызнамада қыз-жігіттер, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады.

Оқушы 12: Наурызшешек-Наурыз айында өсетін жапырақты түрлі-түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.

Оқушы 13: Наурыз көк-наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді.Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.

Оқушы 14: Наурызша-Наурыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.

Оқушы 15: Наурызкөже-Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы да басқа тағамдардан жасап, оған қазы, шұжық сияқты тағамдар қосып, мерекемен құттықтап келгендерге ықыласпен ұсынады.

Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік ұлттық тағлымы өте зор.

 

Мұғалім: Қазақтың түрлі -түрлі дәстүрі бар. Оның сырын ашқанға жұрт қызығар, жауаптарын таба ма екен деп  ата-аналар сендерге  қоятын сұрақтарымыз бар:

1.    Сұрақ: Ертеде жеті жігіт жеті шырақ шамды жағып ауылды аралайды екен? Неліктен?

Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.

2.    Сұрақ: Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағам болуы керек?

Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы, қарта

3.    Сұрақ: Наурыз тілек деген не?

Жауабы: Наурыз тілек –достық көңілмен тілектестіктің адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс-туғандарымен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.

4.    Сұрақ:Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?

Жауабы: 21-наурыз

5.    Сұрақ:Наурыз бата дегеніміз не?

Жауабы: Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі-Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге, ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.

 

Оқушы 16: Сәнді көктем-Наурыз

Наурыз тойы-жырымыз

Көңіл гүлдей жайнасын

Құлпырсын күн мен ай

Құтты болсын наурыз той

Оқушы 17: Ал, халайық тұрмайық

Әндетейік шырқайық

Ортамызды ашайық

Думандатып би билеп

Ән мен күйді төгілдіріп

Інжу-маржан шашайық

Жиналған жұрт таң қалсын

Өнерден күмбез жасайық

Мұғалім: Ендігі кезекте өнер көрсеткен оқушыларымызға Қыдыр атамыздан Наурыз бата сұраймыз. Ал, ата балаларыңызға батаңызды

беріп жіберіңіз.

Оқушы 18: БАТА

Наурыз бата берейін

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс береке берсін

Бәле жала  жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

              Уайым –қайғы жоқ болсын Қуаныштарың көп болсын!

 

 

Мұғалім: Сәулесіндей көрінді таңғы үміттің

Басын қостың салт-дәстүр сан ғұрыптың

Жаса Наурыз, жарқыра көкте күннің

Мерекесі достықтың, мәңгіліктің- деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Көріскенше, күн нұрлы болсын!

Қош сау болыңыздар!

 

Әндер:

1.    Құндызай-Желсіз түнде жарық-ай

2.    Ақжүніс-Асыл әжем

3.     Орынкүл-Қазақы дастарханым

4.    Бауыржан-Думанға толы

5.    Жансұлу-Ұстазым

6.    Перизат-Көк тудың желбірегені

 

Би:

1.    Қара жорға

2.    Вальс

 

Хор:

1.    Шақырады көктем

2.    Наурыз думан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ұлттық салт-дәстүр»

 

Мақсаты:           

 

Білімділік: Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы жалпы білім беру.

 

Дамытушылық: Бірігіп жұмыс істеу дағдысын дамыту.

 

Тәрбиелік: Эстетикалық сана-сезім мен ұлттық мәдениетке 

қызығушылық, өз халқының салт-дәстүрін сақтауға дайын тұлғаны қалыптастыру.

 

Түрі: өнеге сағаты

 

Көрнекілігі: Түрлі-түсті суреттер, кітаптар т.б.

Барысы

І.Кіріспе сөз:

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі өнеге сағатымыз «Ұлттық салт-дәстүр» тақырыбында.Біз қазақпыз, біз қазақтың ұлдары мен қыздарымыз. Сондықтан да біз өз ұлтымыздың ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Салт әр ұлттың , халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасқан.

Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттің көрінісі. Дәстүр мәдениеттің белгісі, дәстүр байлығы-мәдениет байлығы. Ол ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық. Мысалы: ата-ананы, үлкенді құрметтеу, сүйінші, құрдастық қалжың, сәлем беру, т.б. дәстүрге жатады. Бір таңқаларлық жай, қазақ халқы салт пен дәстүрге  өте бай, әдет-ғұрып, ишара, ырым-тыйым, дағды бәрі де салт-дәстүр мұхитының салалары мен тармақтары болып саналады.

Сондықтан да «Алты жыл аш болсаң да атаңның салтын ұмытпа». «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды» деген сөздер бар.

ІІ. Негізгі бөлім

Мұғалім: Қазақ халқы салт-дәстүрлерге, дәстүрдей болған ойындарға бай. Ендеше, соларға кезек берейік.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер

І. Айдар (ғұрып)

ІІ. Алтыбақан (дәстүрлі ойын)

ІІІ. Ат тергеу (ғұрып)

ІV.Бата (бата беру, бата алу)

V.Бәйге (дәстүр)

VІ. Бесікке салу( дәстүрлі ғұрып)

VІІ.Жеті қазына (ғұрып)

VІІ.Қыз қуу (дәстүрлі ойын)

ІІІ. Қорытындылау.

Мұғалім: Дәстүр –ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар, қоғамдық әлеуметтік дүние, ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы және іс-әрекеттің рухани негізі.

Салт-халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Қазақтың өмір салты мен сыйластығы өте зор. Біз қазақтың тәрбиелі ұлдары мен қыздары болайық!.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ата-баба дәстүрі-әдептілік негізі»

Мақсаты:

-Оқушылар бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіріп, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, кішіге қамқор болуға үйрету.

-Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін  бойларына дамыту, тіл байлықтарын арттыру;

-Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, салт-дәстүрден нәр алған иманды, ибалы, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу;

Міндеттері:

1.    Атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсінік беру;

2.    Әр оқушының санасына ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге деген құлшыныстарын қалыптастыру;

3.    Таным қабілеттерін арттыру;

Көрнекіліктері:

-Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, буклеттер, альбомдар, сөзжұмбақтар, ребустар салынған суреттер көрмесі;

-Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары

-интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Сабақты ашу

Залда «Қазақ осы» әуені орындалып тұрады. Қазақтың ұлттық киімдерін киген ұл-қыздар шығып, қонақтарды қарсы алады. Қонақтар жайғасып отырғаннан кейін, мұғалім қонақтардың назарын ұлттық киім киген оқушыларға аударады.

1-оқушы: Тегінде әдеп амандасудан басталады. Үлкенге  сәлем беру-кіші адамның міндеті. Сондықтан, достар, біз ең алдымен сабағымызды қонақтармен сәлемдесу салтымен бастайық!

Оқушылар хормен: «Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

2-оқушы: Туылған соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп

 

3-оқушы: Ата –бабам ардақты

Жамандыққа бармапты

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты

4-оқушы: Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай бар біздің

Дәстүр менен салтымыз.

Мұғалім:

-Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, мұраларымен танысу. Сондай-ақ, бүгінгі тәрбие сағатымызда біздің ұл-қыздарымыздың мұны қаншылықты біліп, құрметтей, қастерлей алатындарының куәсі боласыздар.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері:

Тұрмыстық салт-дәстүрлер

Бала  тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер

Әлеумет салт-дәстүрлер

-Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бастап жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлер жатады. Ендеше, баланың дүниеге келген күнінен бастап жүргізілетін қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

Баланың дүниеге келген күнінен бастап жүргізілетін салт-дәстүрлердің түрлері:

Шілдехана, сүйінші сұрау, шашу, бесікке салу, тұсау кесу, сүндет той.

-Міне сол туралы оқушыларымыз сіздерге қысқаша баяндап береді.

5-оқушы: Шілдехана-жаңа туған нәресте құрметіне жасалатын ойын-сауық той. Бұл тойға қонақтар шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Бұл өмірге адамның келгеніне, қуанышқа ортақтасу белгісі.

6-оқушы: Қуанышты хабар жеткізу «Сүйінші!», «Сүйінші!» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі. Сүйінші сұрау, оны алудың еш ерсіліг жоқ.

7-оқушы: Шашу-қуаныш айғағы ретінде жасалынатын салтанатты дәстүр. Кәмпиттер, теңгелер, тәттілер шашылады.

8-оқушы: Бесікке салу-халқымыз үшін елеулі дәстүр. Бесік-киелі, қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы болып табылады. Бесікке салу жолы елдегі үлкен тәрбиелі, өнегелі әжелерге тапсырылады. Бесікті отпен аластатып, тыштырма жасап алып баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі зат қойылады. Бесікке салған адамға сыйлық

беріледі.

Мұғалім: Қырқынан шығаруда баланың туғанына қырық күн толған соң,

оны ыдысқа қырық бір  қасық су құйып шомылдырады. Бұл рәсми дәстүр.

9-оқушы: Тұсау кесер- «Тұсауыңды кесейін-күрмеуіңді шешейін» деп сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалатын ырым. Ол үшін арнайы ала жіп даярланады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Баланың аяғын тұсап, аяғын жылдам басатын адамға қидырады. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашады.

 

 

10-оқушы: Сүндеттеу рәсімінде алты-жеті жасқа толған ер баланы сүндетке отырғызады. Сүндеттеу денсаулыққа, тазалыққа аса пайдалы. Баланы сүндетеу-үлкен рәсім. Ол әр ата-ананың ьрымы. Үлкен той жасалынады.

Мұғалім: -Міне, осындай баланың дүниеге келген күнінен бастап жүргізілетін көптеген салт-дәстүріміз бар екен. Біз солардың аз ғана бөлігін атап айтып отырмыз.

-Енді сіздер солардың бірі     «Бесікке салу» рәсімінен көрініс   тамашалаңыздар. Бесікке салу рәсімін Кәмшат анамызға береміз. («Бесік жырын» орындап, отырып, бесікке салу рәсімінен көрініс көрсетіледі).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: Жоғарыда айтып өткендей, бесікке салу- үлкен салт-дәстүр. Бесікке салған адамды ерекше құрметтеп, сыйлықтар береді екен. Ендеше Кәмшат анамызға зор денсаулық тілей отырып, 4 сынып оқушылары атынан сыйлықтарымызды ұсынамыз.

Дәстүр- ұрпақтан ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар, қоғамдық әлеуметтік дүние, ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы және іс-әрекеттің рухани негізі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу

 

 

 

 

 

(Жалпы білім беретін бастауыш мектептің мұғалімдері мен оқушыларына арналған)

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі: Аяпова Д.

 

 

Бұл жинақ кітапшада мектеп оқушыларын халқымыздың салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымен таныстыра отырып, көркем тілмен қысқа әрі нұсқа жазылған мәтіндер балалардың туған жері мен халқына, тілі мен дініне, әдебиеті мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімдерін оятып, ұлы ата-бабаларымыздың асыл мұраларын құрметтеуге баулиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1.    «Балдырған» журналының жинағы 2010, 2011, 2012 жж.

 

2.    «Жыл он екі ай» журналының жинағы 2009, 2010, 2011, 2012жж.

 

3.    «Сен білесің бе?» энциклопедиясы Алматы: аруана баспасы

 

4.    «Туған елім тірегім» Н.Ә. Назарбаев «Рауан» баспасы 2001 ж.

 

5.    Тәрбие сағаттары

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 657 020 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 10921
    • DOCX 7.2 мбайт
    • 86 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карасаева Сулушаш Жанбырбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67799
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 682 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2671 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 469 человек

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе