Инфоурок / Математика / Конспекты / Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру

библиотека
материалов

hello_html_m4afdf89b.gifhello_html_7dc6bbac.gifЖармыш орта мектебі мемлекеттік мекемесі





















Математика пәні мұғалімі: Булеубаева Акзиба Келдихановна











2015 ж

«Әрекет етудегі мақсатқа ең

алдымен өзін –өзі жетілдіру,

содан кейін айналасындағыларды

жетілдіру арқылы жетеді»

Әбу-Насыр Әл-Фараби

Қазіргі ғылым мен техниканың даму кезеңінде алдымыздағы шәкірттің жажақты, білімді, ой өрісінің кең болып шығуына ықпал ататін мұғалім екені түсінікті. Мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты –арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін , шығармашылық ойлауын дамыту, белсенділігін қалыптастыру, адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.

Оқушының математикаға ынтасын дамытуда мұғалімнің негізгі мақсаты.

Пәнге қызығушылықты дамытудың үш түрлі шарты бар

  1. Мазмұнның жаңғыртылуы, ілімнің прақтикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау

  2. Өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлерін, оқушының шығармашылық , практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері

  3. Оқушының қабілетін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті,талап қоюшылдығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай –ақ оқушылардың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті.

Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың математика пәніне қызығушылығын тудырудың жолдарының бірі – сабақ барысында оқушылардың алған білімін баяндауға ынталылығын, есептің текстік мазмұнының тартымдылығын арттыру керек.

Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызығушылықты материалдар, әр-түрлі қызықты тартымды есептер, математикалық софизмдер мен ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табу керек. Мұндай есептер оқушылардың математикаға деген ынта- ықыласын арттырып, есептерді өздігінен шешуге итермелейді, логикалық ой-өрісін дамытады. Қызғылықты есептер мен математикалық ойындар әсіресе бесінші, алтыншы сыныптар үшін пайдалы.

Оқушылар бірсарынды есеп шығарудан шаршамас үшін әр түрлі математикалық жарыстар, ойындар ұйымдастырылғаны жөн.

Мысалы өткен сабақта пысықтағанда оқушылардың ынтасын топтар арасында эстафеталар немесе ер балалар мен қыздар арасында ұйымдастыруға болады.

«Зымыран», «киіз үй құрастыру», «шыңның басына шығу», «жалаушаны бұрып алу», «аламан бәйге», ойындары арқылы сайыс сабақтарында деңгейлік есептерді шығару үнемі оң нәтижелер беріп, оқушылардың ынтасын арттырып, сабаққа құлшынысы күшейеді. Төменгі сыныптар үшін ертегі сабақ, сайыс сабақтардың маңызы зор. Көрнекіліктер әдемі, ойын түрлері қызғылықты болған сайын оқушы белсенділігі артатыны сөзсіз. Бұл пәнге барлық оқушы бірдей жақсы болуы мүмкін емес. Ол оқушы санасына байланысты мәселе. Десе де көтермелеу , мадақтау, қызықтыру арқылы белсенділігін, қызығушылығын арттыруға болады.

Мысалы бөлшектер тарауын өткенде «мақта қыз» ертегісінің кейіпкерлерін сабаққа қатыстырып, олардың «мақта қызға » берген тапсырмаларын орындатамыз. Осылайша толық тарауды өтіп болғанша Мақта қызбен бірге оған берген тапсырмаларды орындаумен боламыз. Бұл тәсіл балаларды ұйымшылдыққа, мейірімділікке, бауырмалдыққа баулиды. Мүғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Сабақ оқушыларды жалықтырмайтын және біркелкі болмас үшін мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта ықыласына әсер етуі керек. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру- мұғалімнің өз еңбегін жаңаша ұйымдастырып, ізденімпаздығын қалыптастыру, эксперименттік мәні бар тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады.

Оқушыларға қиындық әкелетін есептер –ол теңдеу құруға берілген есептер.

Теңдеу құру – есептің мазмұнын математика тіліне аудару болып табылады. Сонымен қатар геометриялық есептерді шығару кезінде оқушылар көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Жалпы есеп шығаруда оны талдаудың маңызы зор. Осы арқылы есептің дұрыс тәсілін табуды үйреткен дұрыс. Жалпы біздің мақсатымыз есепті оқушыға дәл және оңай жолмен жеткізу болып табылады.

Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа жаңа педагогикалық технологиялар, компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Жаңа технологияларды қолданудың ерекшелігі –оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

  • интерактивтік тақта;

  • мультимедия;

  •   Интернет кеңістігі;

  • электрондық оқулық.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және  пайдалану. Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының өсуіне мүмкіндік туғызады.Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады.Электрондық оқулықтар оқытудың модульдік технологиясы негізінде жасақталады. Әр сыныптың білім мазмұны модульдерге бөлініп, әр тақырып бірізділікпен, жүйелі түрде беріледі. Оқушылар электрондық оқулықтағы интерактивті тапсырмалармен жұмыстана отырып сабақта алған білімдерін кеңейтеді, өз бетімен шығармашылықпен жұмыстануға дағдыланады. Алған білімдерін өзбетімен тексеру үшін тест тапсырмаларын орындайды

Д.Пойа айтқандай «егер мұғалім өз пәніне шын ықыласымен берілсе, онда бүкіл сынып та бұл пәнге ықыласымен берілетін болады. Егер де пән сізді қызықтырмаса, оны терең білмесеңіз- онда сабақ беруден бас тарту керек. Себебі сіз ешқашан сабақты дұрыс бере алмайтын боласыз»

Расында пәнді сүю және оны терең білу –мұғалімге қажетті шарт, алайда бұл жеткілікті емес. Мұғалім өзінің пәнгше деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет

Общая информация

Номер материала: ДВ-041814

Похожие материалы