Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Статьи / Оқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары

Оқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:


Оқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі" – деп белгілі қаламгер Жүсіпбек Аймауытов айтқандай өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу ұстаздар қауымының еншісіне тиіп отыр. Бүгінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін және білім сапасын көтерудің басты бағыттарының бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Бұл жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ге оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде мектеп бітірушілерін математикадан дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.

Бірақ математика пәнінен ҰБТ-де оқушылардың жинаған балы төмен болады. Себебі неде?

Оның бірнеше факторлары бар.

   Себебі, қазіргі таңда еліміз егемендігін алып, қоғам дамуы демократиялық сипат алуынан, математиканы оқытудың әртүрлі әдістемелері мен ұсыныс-пікірлері тексерусіз, ғылыми тұрғыдан дәлелденбей–ақ, эксперименттік бақылауға ұсынылды.

   Сонымен қатар білім беру жүйесіндегі тұрлаусыздықтар, яғни білім беру стандарттарының, оқу бағдарламаларының жылда өзгеруі, оқу құралдарының жетіспегендігімен тұрмай, ішкі құрылымның жылда өзгерістерге ұшырауы, тіпті оның ішкі құрылымындағы тақырыптардың мән-мағынасының, сапасының төмендігі не күрделендіріп берілуі оқушы түгел мұғалімдердің де өз міндеттеріне деген немқұрайлығын туғызуы әбден мүмкін.

  Математика пәнін оқытудың мақсаты төмендеді. Бекітілген уақыт көлемінде қарастырылатын материалдың көпшілігінен күрделі есептерді орындау, дәлелдеу, түрлендірудің стандартты жолдары ғана қарастырылып, шығармашылық тұлғалардың қалыптасуына, математикалық идеялардың туындауына мүмкіндіктің болмауы.

    Оқушылардың ойлануының психологиялық  дамуын ескермей олардың жалпы логикалық дамуына ғана назар аударуынан.

   Оқушыларды тек дайын білімді қабылдаушы ретінде қарау, яғни, мұғалім береді олар сақтайды. Нәтижесінде элементар математиканың қалыпты тәсілдерін ғана меңгереді. Мектеп оқушыларын бағдарламалық материалдарды ысырып қойып, тек ғана ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау, кез келген әдіс- амалмен ұпай жинауға бейімдеу.

Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – мұғалім. Мұғалімге қойылатын талаптар :
- Оқушыларға бағыт–бағдар беру;
- Пәндік оқытуды ұйымдастыру;
- Тиімді технологияларды қолдану.


Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?

«Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді:

бірі - математикамен шұғылдану, екіншісі

одан сабақ беру»   С.Д.Пуассон


1. Оқушыларды сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету;
2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;
3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;
4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.

ҰБТ тақырыбы осы отырған көпшілігімізді ойландырып жүрген үлкен тақырып екені бәрімізге мәлім. Мен оқушыларды ҰБТ-ға дайындап жүргеніме он жылдың үстіне шықты. Сол уақыттар ішінде өзімнің жинақтаған тәжірибелерімді сіздермен бөліскелі отырмын. Бүгін осы баяндамамда осы мектепте ҰБТ-ға қатысты жүргізіліп жатырған жұмыстармен сіздерді таныстырып өтсем деймін.

Қай пән мұғалімі болмасын, жұмысты бастар кезде алдына мақсат қойып сол мақсатына жетуге тырысады. Мұғалімнің негізгі мақсаты оқушыларын жоғарғы көрсеткішке жеткізу. Ал ол үшін мұғалімге қандай қолдау, қандай көмек қажет?

Өз мектебіміздегі жұмыстарды сарапқа сала отырып, мен мынадай шешімге келдім.

Мақсаттарына жету үшін мұғалімге үш топтың қолдауы қажет деп ойлаймын.

І. Ұжым

ІІ. Оқушы

ІІІ. Ата-ана

Өздеріңізге белгілі ҰБТ-дің нәтижесі арқылы тек оқушының немесе жеке бір мұғалімнің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның, мектептің білім сапасы сарапқа салынады. Сондықтан ҰБТ-ға дайындыққа міндетті түрде бүкіл ұжымды араластыру қажет.

І. Ұжымнан көмек

1. Мектеп басшыларынан қандай көмек қажет?

А) ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жоспарын жүйелі түрде ұйымдастыруы,

Ә) Дайындық кестесі пән мұғалімінің сабағына сәйкес құруы,

Б) Пән мұғалімдерінің сағаттарын толықтыру

В) Пән мұғалімдеріне жеңілдіктер жасауы

Г) Сынама тест сараптамалары бойынша ата-аналармен, оқушылармен жұмыс жүргізу

2. Пән мұғалімдерінен қажет көмектер

А) Жекелеген оқушыларға сабақтар беру

Ә) Қиындық келтіретін сұрақтармен талдау жасауға көмек беру

Б) Тесттер, қосымша тапсырмаларды көбейтуге ат салысу

3. Сынып жетекшілерінен көмек

А) Оқушылардың дайындық сабақтарына толық қатысуын қамтамасыз ету.

Ә) Пән мұғалімдерімен байланыста болу

Б) Жекелеген оқушылардың қосымша сабаққа қатысу кестелерін реттеу.

В) Ай сайын алынған сынама тестердің қорытындысы шығарып, оқушыларды, ата-аналарды таныстыру

ІІ. Оқушы

Мұғалімге сенім білдіруі; Оқушы мен мұғалім арасындағы сенімнің болуы өте маңызды нарсе. «Үйрету үшін ұрысудың, пайдалы болу үшін намысқа тиюдің қажеті жоқ» деп оқымысты Ларошуфенко айтқандай көп жағдайда мұғалімдер дайындық кезінде оқушыларды деңгейлеріне қарай топқа бөлуді әдетке айналдырған. Бұл үлкен қате және оқушының намысына тию деп есептеймін. Мейлі ол үздік оқушы болсын, үлгірімі жақсы не төмен оқушы болсын, қалай болғанда да ол мұғалімнің өз еңбегінің жемісі екенін ұмытпауымыз қажет. Осы мәселеге байланысты оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесінде түйгенім ұрысып, айқайлап, қорқыту арқылы оқушыға білім беру мүмкін емес екен. Ондай жағдайда оқушы білмегенін мұғалімнен сұрауға бата алмайды, қорқады немесе іштей ерегісіп оқуға деген ынтасы жоғалады екен.

Біз ұстаздар оқушыға сенім білдіруіміз керек, тек сол жағдайда ғана оқушы да мүғалімге сенеді. Кейбір оқушылар сынама тесттен кейін өзіне сенім білдірген мұғалімнің сабағынан төмен балл алған жағдайда өз ісіне ұялып кешірім сұрап, келесі жолы қайтсе де жақсы балл алатынын айтып, уәде беріп жататын кездері бар.

Тағы бір оқушылар арасындағы қиындық, кейде олар өздері таңдаған мамандыққа сәйкес емес пәндерді таңдап алады. Оның мынадай себептері болуы мүмкін:

1.Сол таңдаған пәніне қатысты мамандық түрлері көп және оқуға грантпен түсу мүмкіндігі бар деп ойлауы мүмкін;

2. Сол пәнді оңай деп ойлауы мүмкін;

3. Пән мұғалімдеріне қарап таңдауы мүмкін.

Бұл қиындық таңдау пәндерінің арасында болатын жағдайлар. Оқушыны өзіміз шатастыратын кездерімізде көп. Мысалы: оқушы биологияны таңдаса, биология пәнінің мұғалім сен физиканы таңда, ол пәнді таңдасаң грантпен оқуға түсу мүмкіндігің көп деп басқа пәнге шығарып салуы мүмкін. Мұндай жағдайларда біз оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, өзіне қажеттісін таңдауға көмектесуіміз қажет.

Оқушылардың дайындық сабақтарына уақытылы қатысуы.

Қазіргі кезде оқушылардың қосымша жүргізілетін дайындықтарға деген жауапкершілігі де, ынтасы артып келе жатыр. Әрине қазір ҰБТ-ға дайындайтын орталықтар қазір көптеп ашылған. Ақылы болғандықтан көптеген оқушылардың оның ішінде ауыл балаларының қалталары оны көтере бермейді. Сондықтан дайындық сабақтарын тегін мектепте ұйымдастырған дұрыс.

Бұл кестеден басқа да жекелеген оқушылармен кешкілік немесе таңертең ерте жұмыс жасайтын мұғалімдерде бар. Ауыл мектептерінде ақылы дайындық түрлері мүлдем жоқ немесе сирек болуы мүмкін деуімізге болады.

Қажетті оқу-құралдарының болуы .

Тест сұрақтары оқулықтардан дайындалатындықтан, 11-сынып оқушыларында төменгі сыныптың оқулықтарының болуы, білім сапасын көтеруге зор пайдасын тигізеді. Оған қосымша «Шың» кітабы, әр жылғы тесттер жинағы, «5+» тест , қосымша жұмыс дәптерлері болғаны дұрыс. Мен 10-11-сынып оқушыларына мектеп кітапханасынан төменгі сыныптың ескі оқулықтарын таратып беремін, олар сол оқулықтармен дайындалады.

Тапсырмаларды жауаптылықпен орындауы;.

Оқушыға берілетін тапсырма түрлері түрленіп отырғаны жөн. Тек тестпен жұмыс істеу оқушыны жалықтырады. Оқушыларға тапсырманы берген кезде міндетті түрде оқулықтардан іздейтіндей етіп берген жөн.

ІІІ. Ата-ана

Мұғалімге және оқушыға қолдау көрсетуі (мұғалімге сенім білдіруі, кеңестерін орындауы, ескертпелеріне түсіністікпен қарауы кажет).

Ауылдық жерде көп ата-ана жұмыссыз немесе үй шаруасында отырғандар. Олар ҰБТ-ның не нәрсе екенін дұрыс түсіне бермейді, тек ҰБТ-ы арқылы баласы оқуға түсуіне болатынын біледі де, баласының сабақ үлгірімін ескермей, қайтсе де барады деп тұрып алады. Бұл жағдайда ата-ана мұғалімді тыңдамауы мүмкін. Осы жағдайды зерттей келе менің түйгенім ата-анамен айтысудың еш қажеті жоқ. Кез келген ата-ананың мектепке болсын, мұғалімге болсын көзқарасы баласы арқылы қалыптасады. Баласы жақсы сөз айтса жақсы, жаман айтса жаман деп ойлады. Бізге баласы арқылы баға береді және баласының пікірімен санасады. Бұл мәселеде біз осы жағдайды пайдалануымыз керек. Баласы ҰБТ-ға барғысы келмесе ата-анасы оны зорлап жібере алмайды. Сондықтан біздің басты мақсатымыз оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру.

Баласының дайындық сабақтарына жауапкершілікпен қарауы (баласының үйдегі жағдайын жасауы, бірлесе дайындық жүргізуі). Ауылдық жер болғандықтан үй шаруасындағы жұмыс түрлері өте көп. Ал ҰБТ-ға баратын оқушыға көп дайындық керек. Бұл жағдайда мұғалім ата-анамен байланысып, үй шаруасына қатысты жұмыс түрлерін азайтудың баласының болашағына қандай жетістіктер әкелетінін түсіндіруі керек. Күн режимін құрған дұрыс.

Қажетті оқу-құралдарымен, заттарымен қамтамасыз етуі. (ҰБТ- ға қажетті оқулықтардың өте қымбаттығынан  оқушылардың көбінің   оқулықтармен толық қамтамасыз  етілмеуі)       

Осы үш топтың арасындағы жұмыстар жүйелі түрде орындалса ғана мұғалім мақсатына жете алады.

Мұғалім алдына қандай талаптар қоюы керек?

Өзіне және өз біліміне деген сенімділік

Оқушымен тіл табысып, жақсы қарым-қатынас орнатуы керек.

Оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту қажет

Жұмыс жоспарын жасап,тапсырма түрлерін көбейтіп, түрлендіріп, сараптамалар нәтижесін шығарып отыру қажет.

Дайындық жұмыстарын неден бастаған дүрыс?

1)Жылдық жүмыс жоспарын жасау. Жыл бойы жасалатын жұмыстарды алдын ала жоспарлау алудың маңызы зор. Жоспар оқулық материалдары негізінде жасалғаны дұрыс.

2)Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері. Менде 2000 жылдан бергі барлық тест түрлері жинақталған. Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады.

1)Мұғалімнің тест жұмыстары көбейеді.

2)Мұғалім оқушыдан бұрын тесттерді қарап шығып, жауаптарын дайындайды, қиындық келтіретін сұрақтарға талдау жасайды.

3)Кейін осы тесттердің барлық оқушыларға таратып, талдау жасайды.

Осы сынама тестердің де оқушыға пайдасы өте көп. Оқушы өзін ҰБТ-ы тапсырып отырғандай сезінеді, әрі жауабын білгенше асығады. Кейбір оқушылар жауаптарының қаншалықты дұрыстығын білу үшін мұғалімдерге тексертуге тырысады. Бұл дұрыс емес, оқушы әуелі өзі тексеріп, онан сон қасындағыларға тексертіп, тек күмәнданған сұрағын ғана мұғалімнен сұрауы керек. Мен оқушыларға өз сабағымды сынама тест аяқталсымен өздеріне тексертіп, жоғарғы жағына нешеу дұрыс екенін жаздырып қоямын. Кейін жауабы келгенде сол жауаппен салыстырып, қате кеткен жері болса, өздеріне қайта іздетемін. Сонда ғана оқушының өз ісіне деген жауапкершілігі арта түседі, әрі өзіне деген сенімі күшейеді. Тақырып бойынша бақылау тесттері менің соңғы уақыттағы көп пайдаланып жүрген әдісім. Жылдық жоспарым бойынша өтілген тақырыпты талдап болған сон, міндетті түрде сол тақырыпқа байланысты тест жұмысын аламын. Ол арқылы оқушының сол тақырыпты қалай меңгергенін көріп, қай жерлерді дұрыс меңгере алмағанын көруге болады. Тақырыпқа байланысты тест түрлеріне мен «Шың» кітабынан алғандарым бар және әр тақырыпқа байланысты өзім жинақтап жазғандарымды пайдаланамын.

Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын талдау - Бұл тестпен жұмыс жасау кезінде байқағаным оқушының қызығушылығы басым болады екен. Әрқайсысы қасындағы оқушыдан көбірек жауап тапқысы келіп мұқият зерттеп қарай бастайды екен. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өте қажет тест түрі.

Логикалық тапсырмаларды талдау - Соңғы жылдары ҰБТ кезінде берілетін сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмаларда енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға осындай сұрақтардың кездесуі мүмкін екенін түсіндіре отырып, логикалық тапсырмалармен де жұмыс жасап үйреткен дұрыс.
7)Топтық және жеке дайындық. Бұл екі дайындық түрімен де жұмыс жүргізіп көрдім. Екеуі де өте тиімді.

Аралас топтар: бір топта үздіктер, жақсылар, орташалар да бар болатындай етіп топтастырамын. Талап бәріне бірдей. Топта тек өзін ғана ойлауға болмайды, қасындағыларға да өз білетінін үйретуге міндетті. Берілген тапсырманы топ мүшелері түгел орындап болған жағдайда ғана келесі тапсырмаға көшуге болады. Және тапсырманы орындауға байланысты топтарға орын беріледі.

Ал енді топпен жүргізген жұмыстарыма қысқаша тоқталып өтсем деймін. Менің ҰБТ –дегі басты бағытым- тапсырма беру, соның орындалуын талап ету.

Жалпы айтқанда ҰБТ-ның сапасын көтеруде жеке жұмыстың да, топтық жұмыстыңда пайдасы мол.

«Ұстаз ұстаз емес, өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт шәкірт емес, өз ұстазын сүймесе»,- деп қазақтың белгілі ұлдарының бірі Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай бұл жетістіктерге ұстаз бен оқушының бірлесе жасаған жүмыстарының арқасында жетіп отыр десем болады.

«Ең ұзақ сөйлемнің де соңына қойылатын нүктесі бар,- деп қазақтың белгілі жазушысы Ғабиден Мұстафин айтқандай мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте - Ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Олай болса, сол қойылар соңғы нүктеміз сәтті сөйлемнің соңынан қойылса деп тілейік. Білім нәрін сеуіп жүрген шәкірттеріңіз биіктерден көрініп, жетістіктерге жетіп, сіздердің мерейлеріңізді арттыра берсін демекпін. Құрметті ұстаздар қауымы, «Ел болашағы - білімді жастардың қолында», ал сол жастарды білімді етіп тәрбиелеу - біздің қолымызда екенін жадымыздан шығармайық.
















Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Математика
Подраздел Статьи
Просмотров207
Номер материала ДБ-010293
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх