Инфоурок / Другое / Конспекты / Оқушыларды мектепте кәсіби бағдарға баулу
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Оқушыларды мектепте кәсіби бағдарға баулу

библиотека
материалов

Оқушыларды мектепте кәсіби бағдарға баулу



          Мектепте еңбекке тәрбиелеу — тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты — жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
• Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
• Мамандықты таңдауға дайындау
Кәсіп-адамның қабілетілігі мен бейімділігінің арқасында бір іспен айналысуы. Кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмысы. 

Мен жұмыс істейтін «Парасат» мектеп-лицейі аудан орталығындағы «Левин» жиһаз шығару кәсіпорнымен тығыз байланыс орнатқан. Технология сабақтарында кәсіптік ақпарат,кәсіптік ақыл-кеңес алған жоғарғы сынып оқушыларын осы кәсіпорынға экскурсияға апарамын.Экскурсия барысында оқушылар әр цехта жұмыс істейтін ағаш шебері, темір ұсталарының, жиһаз жинақтаушылардың, дизайнер-құрастырушылардың жұмысымен жақынырақ танысады. Кейін мектеп түлектерінің көбісі осы кәсіпорынға келіп, өздеріне ұнаған мамандықтар бойынша еңбек жолын бастап та жатыр. Аудан орталығындағы жүргізушілер даярлайтын оқу орталығымен де жақсы байланыс орнаған. Екі жыл көлемінде теориялық білім алатын оқушылардың жүргізуші куәлігін алуға жасы жеткендері оқу орталығына барып, арнайы емтиханнан өтіп, жүргізуші куәлігіне ие болып жатыр. Бұл да олардың мамандық таңдауына білім ошағының қосқан үлесі деп білемін.
  Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық  пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру деп ойлаймын. Қоғамның басты талаптарының бірі — әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.
          Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
         Әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, шеберлігін, қызығушылығын ескеріп бағыт-бағдар беру, жекелеген мамандықтар туралы терең білім беру – біздің басты міндетіміз. Ал, мектебіңде қанша оқушы болса сонша оқушының жеке-жеке қабілетін, бейімділігін анықтап бағыт беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға жол сілтеу – үлкен мәселе. Сондықтан, әр мамандықтың адамға ұсынатын ерекшелігін, талабын алдымен өзіміз жақсы біліп алуымыз керек. Содан кейін ғана оқушыларға сенімді түрде толық ақпарат бере аламыз.
Мектепте бастауыш сыныптардан бастап баланың бейімін анықтау үшін түрлі сауалнамалар, тесттер алынып, диагностикалық картамен жұмыстар жасалады. Осылардың нәтижесіне сүйеніп әр баланың қай мамандыққа бейім екенін білгеннен кейін әрі қарай қандай жұмыстар жасалуы керек? Оқушының таңдаған мамандығына сәйкес дұрыс бағыт-бағдар беру үшін қандай жұмыстар жүргізуге болады? Олардың ата-аналарының пікірін тыңдау маңызды ма? Оқушының таңдаған мамандығы жоғары немесе орта білімді қажет етеді ме? Осы сияқты сұрақтарға жауап іздеп, оқушының дұрыс, өзінің қабілетіне сай келетін мамандықты қателеспей таңдауына, мектеп оқушылары мен ата-аналарына кәсіп туралы білім беруді дамытуға үлес қосуымыз керек.
Қазіргі балалар, бақылап қарасаңыздар, ойнамайды. Ойнамаған балада жаңаша ой, идея болмайтыны анық. Сондықтан, баланы ойнау арқылы ойлай білуге үйретуіміз керек. Ол үшін біздің бастауыш сыныптармен жұмысымыздың дені маман болып ойнау, сол мамандықтың жақсы, «жаман» («қиындығын» деген мағынада) жағын оқушымен біріге отырып талдауға қойылуы керек. Бірыңғай тест, сауалнама алу арқылы баланы жалықтырып алмайық!
             Мұғалімнің берген мәліметтерінен өзіне қажетін алып, оған өз ойын қосып, тамаша мамандықты ойлап тапқан бала, сол кәсіптің өзі білмейтін жақтарын сұрастырып біліп алуға ұмтылары хақ.
             Еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
        Адамның өзіне де, қоғамымызға да пайда келтіретін маман дайындауға үлесімізді қосуға барымызды салайық. Сонда ғана біздің тәуелсіз еліміз дамыған елдердің алдыңғы қатарында болып, ешқашан сол тұғырдан түспесі анық.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-366130

Похожие материалы