Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / Оқушыларды өмірді сүюге, құштарлыққа тәрбиелеу мақсатында жүргізілген сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Социальному педагогу

Оқушыларды өмірді сүюге, құштарлыққа тәрбиелеу мақсатында жүргізілген сабақ

библиотека
материалов

Өзін—өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №33 орта мектебі   Мерзім: 16 қараша  9

Мұғалім: Сайлаубаева Райгул Женисовна

Сынып: 5   Оқушылар саны:   

 Тақырып: «Сүйіспеншілік-өмір өзегі»

 Құндылық: Сүйіспеншілік  

Қасиеттер: Жақсы көру, ізгілік, жомарттық, кішіпейілділік

Мақсаты: Оқушылардың жақсы көру, мейірімділік,жақсылық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

Білімділік: Әлемдегі бар жақсылық сүйіспеншілік арқылы келетініне көз жеткіздіру.Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу.

Дамытушылық: Өзіне, ата-анасына, Отанына деген сүйіспеншілікке байланысты ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: Сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін ояту, жандарын нұрландыру, көңілдерін қуанышқа бөлеу, тәрбиелеу.

Ресурстар

Бейнефильм

Мелодиялар

 

Сабақ барысы   

Ескерту

  1.      Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме балалар! Көңіл күйлеріңіз қалай, бүгін сабақта кім жоқ? Сабаққа дайындығымыз қалай, оқу құралдарымыз: оқулық, дәптер, күнделік, қалам және түрлі-түсті қарындаштарымызды түгендейік.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»Әуен: Пионино-мои чувства

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге н/е парта үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

      Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

     Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

    Нұр бірте, бірте қарқын және щұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

   Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын....Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын»

    Осындай НҰР, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

    Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 Рахмет.

Сұрақтар:
1) Жаттығу барысында қандай сезімге бөлендіңіздер?
2) Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?
3) Нұрға бөленген кезде не сезіндіңіздер?
Қорытынды: Сонымен, балалар, жаттығу барысында нұрға бөленген кездегі мейірімділігіңізді және ішкі тыныштықты жүректеріңізде үнемі сақтаңыздар. Үнемі жақсылық жасаңыздар, аман болыңыздар.

 

  1.      Үй тапсырмасын тексеру:

-Балалар өткен сабақта не туралы айтып едік?

-Жақсылық туралы қандай дәйексөзбен танысып едік?

-Тағы қандай мақал-мәтелдермен жұмыс жасадық?

«Жақсылықпен жаным дос» тақырыбы бойынша «Жақсы болу өзіңнен» өлеңін жаттау, өз ойын айту.

Жақсы болу- өзіңнен,

Жаман болу-өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла!

Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен, шын көңілмен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.

-Ал осы жақсылықтың барлығы не арқылы жасалады? (Сүйіспеншіліктен)

-Ал сүйіспеншілік, махаббат дегенде ең алдымен кім естеріңізге түседі?

-Дұрыс, АНА

 

  1.      Дәйексөз. «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді»

В.Г. Белинский

Виссарион Григорьевич Белинский (1811 - 1848)
 аса көрнекті революционер-демократ,публицист, қарапайым шаруалардың мүддесін жақтаған. Ол 1811 жылы 11 маусымда Свеаборг (Финляндия) бекінісінде  дүниеге келген.  В.Г.Белинский дарынды сыншы болды, Ресейге, орыс халықына деген таусылмас жалынды сүйіспеншілікті аңғартты, оның жарқын болашағына сеніммен қарады. В.Г.Белинский де өз отанына сүйіспеншілікті басқа халықтарға терең құрметпен қарауды ұштастыра білді. Олар ХІХ ғасырдың 30-40 жылдардағы орыстың ой-пікірінің рухани көсемлері болды. "Кімде кім өз Отанының перзенті болмайтын болса, ол адамзаттың да перзенті бола алмайды”, - деп жазды В.Г.Белинский.

Дәйексөзді бірнеше оқушыға жеке-жеке және хормен айтқызу, дәптерге көшірітіп, жазғызу. 
 -Балалар ойланып көріңіздерші жер бетіндегі ең әдемі сөз қандай   (АНА)

-Дұрыс балалар адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі.

-Неге ананың қолы ең қасиетті, аялы дейміз?

-Ал ананың жүрегін ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі неге ешқашан сөнбейді дейді?

-Неліктен көзінен еш уақытта еш нәрсе де қалтарыс қалмайды дейді?

-Дұрыс балалар сенің жасың қаншада болсын-мейлі бес жас болсын, мейлі елу жас болсын, саған әрқашан ана керек, оның аясы, мейірімі керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөленеді.

 

  1.      Әңгімелеу (сұхбат) Мұғалімнің сыйы «Ананың қолында тірілген бала» бейнефильм

Сұрақтар:

-Балалар осы бейнефильмнен нені түсіндіңдер?

-Ананың риясыз махаббаты, сүйіспеншілігі балаға қалай әсер етті?

«Ана  махаббаты»
(аңыз әңгіме)
Төле бидің алдына бір балаға таласқан екі әйел шешім сұрап келеді. Екеуі де «бала менікі» деп бет бақтырмайды. Біреуі «бұл баланы мен тудым, бесіктегі жатқан шағында ұрлап кеткен еді. Бұны пәлен жеріндегі алақандай қалынан таныдым» десе, екіншісі «Ұрлаған түгім жоқ, 9 ай көтеріп тапқан ұлым» десе керек.
Сонда Төле би қолына қылыш алып «Бұл баланы екеуіңе қақ бөліп берейін» деп баланы қақ бөлмекші болады. Баланы 9 ай көтердім деген әйел бұл әрекетке міз бақпастан қарап тұрса, «ұрлатып алдым» деген әйел «Ойбай-ай, шаппаңыз! Қайда жүрсе де аман жүрсін!» деп жер тізерлеп отыра кетеді. Сөйтіп би баланы өз анасына қайтарып береді.
Сұрақтар:
1) Екі әйел Төле бидің алдына не үшін таласып келеді?
2) Төле би қолына қылыш алған кездегі мақсаты не еді?
3) Оқиғианың сонында не жеңеді?
Қорытынды: Байқадыңыздар ма, балалар, оқиғаның соңында әділдік риясыз махаббаттың жағына шықты. Өйткені риясыз сүйісеншілік қана барлығын жеңе алады.

 

  1.      Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сынып түстер әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр бір топ өздерінің сүйіспеншілік туралы түсініктерін, оның өмірдегі көрінісін плакатқа коллаж арқылы жасайды. Әр топта жұмыс істеу материалы әр түрлі болу керек:
1 топ – әр түрлі түймелер, ине-жіп, замок, биссер, су моншақ және т.с.с.
2 топ – газет-журналдардан сурет қиып алып, желіммен жапсырады.
3 топ – түрлі-түсті қағаздардан апплекация жасайды.
Қорытынды: Осы шығармашылық жұмыс барысында біз шабыттана түстік. Өз арман-қиялымызды жарыққа шығара алдық. Ең бастысы біз бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен сыйластық таныта отырып, ортақ нәтиже шығара алдық. Ендеше әр күнде осы бір сүйіспеншілік сезімін жүрегімізде сақтап жүрейік.

 

  1.      Топпен ән айту «Ана туралы жыр»

Сөзін жазған: Ғ.Қайырбеков

Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов

 

  1.      Үй тапсырмасы «Отан сүйер ұлан бол!» мәтінін оқу, Отан қорғаған ерлердің ерлік істерін еске түсіріп, мысал келтіру.

Б.Момышұлы туралы мәліметтер оқып келу.

 

  1.      Соңғы тыныштық сәті: (Жайлы, баяу музыка ойнап тұрады) Тыныштандыру сәті
    Мұғалім: Шеңбер құрып отырыңыздар, қолдарыңызды тізелеріне немесе үстел үстіне қойыңыздар, аяқтарыңызды айқастырмаңыздар. Арқаларыңызды тік ұстаңыздар... Көздеріңізді жұмыңыздар. Терең тыныс алыңыздар. Менің айтқанымды іштей қайталаңыздар.

Тыныштық тыныштық тыныштық тыныштық бар жерде, тыныштық тыныштық тыныштық тыныштық бүкіл әлемде
Бүгінгі сабақта қандай қасиеттер туралы айтылды? Жақсы көру және кішіпейілдік, жомарттық, аянбай қызмет ету, ізгілік. Ал бұл қасиеттерді біз жүрегіміздегі риясыз сүйіспеншіліктен аламыз.

 

 

 



Автор
Дата добавления 23.11.2016
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров35
Номер материала ДБ-381919
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх