Инфоурок Другое СтатьиОқушылардың құндылық бағдарын қалыптастыру

Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастыру

Скачать материал

Оқушының құндылық бағытын қалыптастыру

Мотив адамның мінез-құлқына қозғау салатын, жағымды әрекеттерге бағыттайтын күш. Тиісті мотивтер болмайынша мінез-құлықтың қажетті нормалары бекілмейді, адамгершілік қасиеттер қалыптаспайды. Сол себептен педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған оқу - тәрбие процесі әдет пен дағдыны, адамгершілік қасиет пен құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жолы болып табылады.

Әдет - әрекет жасауды қажетсіну, ал әдет дағдымен тығыз байланыста болады.

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының қалыптасуы, егер оқушы мен студент үшін оқу, оқу еңбегі шын мәніндегі іштей күйзеліс тудырып, білім деңгейлерін көтеру үшін талпынатын болса, белгілі бір қажеттілікке айналса, онда оқу еңбегі олар үшін құндылық болып табылады. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивация саласының негізін құндылықтар қалайды.

Соңғы кездердегі жеке тұлғаның мотивациялық - құндылық аспектілеріне жасалған зерттеу жұмыстары кең дербес жеке тұлғалық қалыптасу ретінде дамудың танымдық, іс-әрекет және мотивация салаларымен анықталады. Сондықтан жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивтері қандай, болса мотивтердің қалыптасуы қажет пе деген басқа да сауалдарға шешім табу міндеті түр.

Құндылық бағдарға қызығу, ынталану, талпыну ұғымдарының студенттің болашақ іс-әрекетгерінің объектілері мен субъектілерімен біртұтас байланысы ғана емес, сонымен бірге сол жеке тұлғаның құндылық бағдарына дұрыс көзбен қарауы деп қарастыру қажет. Ол көптеген психикалық процестерді, қабілетті көтермелейді, оларға дем береді, адамның іс-әрекетін толыққанды, қуатты және жарқын болуына көмектеседі.

Құндылық бағдарының маңызды қасиеттерінің біріне оның серпінділігін, яғни жай ғана қызығушылықтан жеке бастың тұрақты қасиетіне дейін өзгеруін жатқызуға болады.

Білуге, үйренуге қызығушылық адамның ми қабатында оптимальды қозу ошағының пайда болуымен байланысты; адамның бір нәрсеге қызығуы кезіңде оны тез арада жақсы түсініп, тұрақты қабылдаудың физиологиялық тұрғыдан түсіндірілу себебі де осыдан.

Білуге, үйренуге қызығушылықтың адамның санасын оятатын зор күші бар, ол қызығуды қанағаттандыру үшін амалдар мен қажет заттарды іздестірудің пәрменділігін, нәтижелігін арттыруға мәжбүр етеді.

Жалпы алғанда, жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесіне қызығушылық мынадай факторлардан тұрады деп санаймыз:

1.     Жеке тұлғаның құндылық бағдар проблемасына қызығу.

2.             Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесін меңгеруге талпыну, ықылас білдіру.

3.             Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасын меңгеруге ұмтылу, талпыну.

4.  Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін игеруге ықылас білдіру, қызығу.

Сонымен, жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесінің мотивация саласы: жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі; жеке тұлғаның құндылық бағдары; жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы және жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін меңгеруге, қалыптастыруға деген ынта-ықыластың пайда болуымен анықталады. Бұл басты өлшемдердің жекелеген көрсеткіштері;

1.    Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңыздылығын түсінуге, жеке тұлға проблемасына, жеке тұлғаның құндылық, бағдарының ерекшеліктерін білуге ынталану, талпыну.

2.   Жеке  тұлғаның  құндылық  бағдар  процесінің маңыздылығын түсінуге, құндылық бағдар процесінің ерекшеліктері мен зандылықтарын білуге, жеке тұлғаның  құндылық бағдар процесінің амалдарын үйренуге, құңдылық бағдар процесінің қайшылықтарын жеке білуге талпыну, қызығу, ынталану.

3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының маңыздылығын түсінуге, диагностиканың бағдарламасын жасай білуге, диагностиканың нәтижесін «көре білуге», диагностиканың нәтижесіне қарай тәрбие жұмыстарын жоспарлай білуге, жалпы тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтап, белгілеуге қызығу, ынта-ықылас білдіру, ұмтылу.

4.  Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесінің маңыздылығын түсінуге, ғылыми әдістемені тиімді пайдалана білуге, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ұмтылу, қызығу, ынталану.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 891 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.10.2016 2475
    • DOCX 15.5 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургазы Мадина Турсынгазыкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нургазы Мадина Турсынгазыкызы
    Нургазы Мадина Турсынгазыкызы
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 113674
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой