Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау"

библиотека
материалов


Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы

Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

бастауыш сынып мұғалімі Мақсат Айнагүл



«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау»

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны , баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» бөлімінде оқушының оқу жетістігін бағалау жүйесіне ішкі және сыртқы бағалау енген.Сыртқы бағалау 4-сыныпты аяқтағаннан кейін (аралық мемлекеттік бағалау) өткізіледі. Ішкі бағалауға оқу нәтижесін бағалау мен бақылаудың мынадай түрі енеді:1) ағымдық бағалау; 2) аралық; 3) қорытынды. Оқушының оқу жетістігін бағалау түрі: а)келісілген балдық жүйе, б) портфолио. 1-сынып оқушысының оқу жетістігі бағасыз жүйемен, 2-сыныптан оқу нәтижесін бағалау балдық жүйемен өткізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратынбілім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың» үлгі ережесінде « Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды», -деп жазылған. «2005-2006 оқу жылында 12 жылдық білім беру жағдайында бірінші эксперименттік сыныбына қабылдау мен оқыту бойынша «әдістемелік нұсқауда оқу әрекетін бағалауда 5- балдық бағалау жүйесі, сондай-ақ басқа да бағалау шкаласы қолданылмайды. Бірінші эксперименталды сыныптың мұғалімі оқушыларды «жұлдызша», «қояндар» т.б. белгілерімен бағалауға болмайды. Осы оқу кезеңінде балалар 
«Жарайсың!», «Ақылды!», «Сен өте қабілеттісің!» деген сияқты т.б. сөздермен ауызша мадақталады. Білім нәтижелерін бағалайтын негізгі көрсеткіш стандарттың міндетті деңгейіне сәйкестік емес, жеке тұлғаның өсу деңгейі болып саналады. Баға қоймай оқыту жағдайында әр оқушының жетістігін өзгелермен салыстырмалы түрде емес, оның жеке тұлға ретінде өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасау керек делінген. Бірақ мұғалімдерге баға қоймай оқыту жағдайында оқушының оқу жетістігін бағалау әдістерін көрсетпеген. Сондықтан жеке тұлғаның өсу деңгейінің динамикасы жасалынбаған. Бағасыз оқыту оқушының өзін -өзі бағалауына, өзінің жіберген қатесін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. 1- сынып оқушысының оқу жетістігін бағасыз жүйемен оқытуды жақтаушылардың «Баланың тұлғасын емес оның еңбегін бағалау керек» және С.Т.Щацкийдің «Баланың тұлғасын емес орындаған жұмысын бағалау керек» т.б. идеяларды, бағасыз оқыту жүйесіндегі көптеген әдістерді зерттей отырыпоқушыны төмендегі жолмен өзін өзі бағалауын ұсынамыз: -Бұны білемін, ол қолымнан келеді. -Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет. -Бұны мүлде білмеймін, білуім керек. Оқушы тапсырманы: -егер білсе, толық орындаса торды бояйды: -егер шала білсе, әлі үйренуі қажет болса торды жартылай бояйды. -Егер мүлде білмесе, үйренуі қажет болса торды сызып қояды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін осы әдіспен мұғалім жанына өз бағасын қояды. Оқушы және мұғалімнің қойған бағалауы көрсеткіші

Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

•    тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді.

•    әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

•    оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру – білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.

•    оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

•    білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

•    байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;

•    мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

•    бағаны әділ қойылуы;

•    оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

•    әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

•    бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі. 

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.

Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:

1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?

2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?

3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?

4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?

«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).

Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.

Формативті бағалау үшін не қажет?

- Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;

Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек.Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек. 

- Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.

- Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. 
Сондай ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде қарастыра білу керек.
- Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау кри-терийлерін құру керек.

Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалаудан бастадым. Мұндағы мақсатым –өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау. Бұл сабақтарымда мен бірінші бетпе -бет кезіндегі үшінші апта екінші күнде таратылған «Сыныптастармен өзара бағалауға көмектесу» атты қосымша материалды басшылыққа алдым. Ол қосымшада «Оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауға қарағанда, өзара бағалау және өзін-өзі бағалаудың мәні анағұрлым зор. Бұл үдерістің мақсаты олардың назарын өз жұмысының сапасына аудару және жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады. Нәтижесінде бұл оқушыларды оқытуды дамытуда жауапкершіліктің жалғыз мұғалімге ғана жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын жеңілдетуі тиіс.

- «Блум таксономиясы» бойынша бағалау

 Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→  бағалау деп жіктеледі.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға,әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген.

Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.

Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді.Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.

Оқушылар сұрақтарын қалдырады

Мысалы–

Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді? 
• Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау. 
• Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білім/түсінбеу саласын көрсету. 
Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру. 
«Басбармақ»
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

«Бағдаршам»

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.

Мысалы:

Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсін-беймін, жасыл = барлығы түсінікті). 
•Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін баға-лайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. 
•Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдар-ды және т.б. бағалайды. 
Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып,дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл тұсті көтеріп жатады.  Бағалаудың өзіндік қиындықтары да бай-қалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді.Ол жағ-дайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.

Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына сын көзбен қарайтын болсақ::

Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;

Білімге деген ынтасын арттырады;

Баланың өзіне деген сенімділігі артып,жауапкершілікті сезінеді;
Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес,кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.

Қорытынды

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын. Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин 
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Қазіргі бағалау түрлі нысанда, түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екіқұрамды жиынтық және формативті болуы керек. Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.

Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.





Қолданылған әдебиеттер:

1.Ксензова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя. Учебно-методическое пособие. М:Педагогическое общество России, 2000. 121с

2.Десятибалльная система оценки результатов учебной деятельность учащихся: Инструктивно –метод.Материалы /Под.ред. О.Е.Лисейчикова Мн:НИО, 2002.400с.

3.Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М., Алматы-2004, 3-басылымы 4.Мануал «12 жылдық мектептегі бастауыш білімнің құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері», Ж.Ш.Адамова, Д.А.Сүртібаева, МББҚБА және ҚД институты,2007 5.Мануалға қосымшалар, Ж.Ш.Адамова, Қарағанды,2008






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2441
Номер материала ДВ-118854
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх