Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру

Оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқушыларды логикалық ойлауға үйрету

Оқушылардың ой әрекеттеріндегі ақпаратты түсіну әрекеті оқулықтағы немесе мұғалім арқылы берілген дайын білімді меңгеруге бағытталған. Ал логикалық ойлау арқылы танымдық міндеттерді оқушы өз бетінше орындайды. Осы ойлау деңгейінде оқушылар өздері талдау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасау, дәлелдемелерді жүйелеу мен олардың арасындағы байланыстар мен үйлесімдіктерді табуға үйрене отырып, алған білімін бағалай алады. Сондықтан мұғалім оқушыларың ой әрекетін ұйымдастыру барысында жоғарыдағы әрекеттерді қамтитындай тапсырмалар дайындауы керек. Тапсырмаларды орындауда қарама-қайшылықтар туындауы арқылы жаңа білім қалыптасады. Мысалы, Дүниетану сабақтарында «Табиғаттағы су айналымы» тақырыбында оқушылар өзен-көлдер бетінен буланған судан бұлттар пайда болатынын біледі. Осы тақырыпта оқушыларға білімді өздері өңдеп бағалайтындай деңгейде проблемалық сұрақтар дайындау арқылы танымын тереңдетуге болады. Оқушы мән беріп байқамайтын күнделікті құбылыстарды сабақ тақырыбымен байланыстырып, проблемалық сұрақтар дайындаса оқушы өз бетінше жаңа қорытынды жасауға үйренеді, кез келген сұраққа жауап іздеуге ұмтылады. Сондай проблемалық сұрақтарға мысал келтірейік:

Таң атқанда шөптердің бетінде шық тамшылары байқалады. Шық тамшылары қайдан пайда болды? Неліктен шық тамшылары таңертең пайда болады? Оқушылар шықтың судың булануынан пайда болатынын түсіндіре алады. Алайда таңертеңгілік пайда болуын түсіндіруге талпыныс жасайды. Жауапты табу күрделі ой әрекеттерін керек етеді (Күндіз күн жер бетін жылытады. Кешке қарай ауа салқындайды . Жоғары қабаттағы салқын ауамен су буы жанасқанда су тамшыларына айналады)

Табиғат құбылыстары тақырыбында – Неліктен тұман көбіне күз мезгілдерінде жиі байқалады? (Күндіз жер беті қызады да күзде кешке қарай ауа тез салқындайды. Жердің беткі қабатына қарағанда ауа қабаты тез салқындайды да су буы майда су тамшыларына айналады)

«Қалалы жердегі тұман қою бола ма ,әлде ауылды жерлерде ме? Оны қалай түсіндіруге болады?( Қалалы жердің ауасында шаң мен күйе көп болады да олар су бөлшектерімен қосылып, тығыз қосынды түзеді) Егер осы сұраққа мұғалім дайын жауап берсе ,оқушы түсінер еді, ал өзінің жеке ой әрекеттері арқылы ізденуі оған жаңа тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Бастауыш сыныптардағы математика пәнін оқытқанда баланың ойын дамытатын дәстүрлі емес тапсырмаларды орындау қызығушылық тудыра отырып, логикалық дамуы мен ой икемділігін қалыптастыра отырып, оқу әрекетін жандандырады

Дәстүрлі емес тапсырмаларды орындау реттілігі:

Біртіндеп күрделендіре отырып оқушының деңгейіне сәйкес ендіру (шамасы келмейтін тапсырмалар оқушыны дамытпайтынын ескеру);

Тапсырмаларды оқушылардың өздігінше орындауы арқылы олардың қателесуіне жол беру, өздерінің қателерін түсінуіне мүмкіндік беру;

Оқушылардың дәстүрлі емес тапсырмаларды орындаудың басқа да мүмкін жолдарының болатынын түсінуі

Кез келген тапсырманы орындау барысында шешу жолдарын іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру ( тапсырма бойынша не белгілі , нені білу керек, шешу жолдарын іздестіру, оны тексеру жолдарын білу)

Оқушылардың ойын белсендіруге жаттығу

Тапсырма

6 6 6 санын ешқандай математикалық амалдар орындамай 1,5 есеге көбейтіңдер

Жауабы: 9 9 9 ( Алты санын төңкеру керек)


Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға есептер

Мысал

Тапсырма:

Кесте арқылы есеп шығару

Кестеде тек екі сан ғана берілген - 0 және 1

«1» - дұрыс , «0» - дұрыс емес

Растау ,растамау үшін « көмек» кестесін пайдалану арқылы балалардың серуендеуге пайдаланатын көлік түрлерін табыңдар


Машина

Мотоцикл

Ұшақ

Автобус

Кеме

Айша






Марат






Айнұр

0

0




Талғат

1

0

0

0

0

Алмат






Оқушылар үшін пайдалануға болатын көмектер:

  1. Айнұр мінетін көлік 6 жолаушыны ғана мінгізе алады (демек бұл машина, мотоцикл емес,Айнұрдың бағанына 0 санын қоямыз)

  2. Талғат өзі көлік айдайды( Талғаттың тұсына 1 санын қой)

  3. Қыздар кемемен серуендемейді

  4. Марат автобуспен серуендегенді ұнатады

  5. Айша серуендейтін көліктің екі доңғалағы бар

  6. Алмат су арқылы серуендегенді ұнатады



Математика сабағында оқушыларға шешімі болмайтын дұрыс емес құрастырылған тапсырмалар арқылы өздеріне талдау жасату арқылы ережелер құрастыртып, қорытынды жасатуға үйрету ойлау әрекетін дамытады.

Мысалы,

Екі бұрышы тік бұрыш болатын үшбұрыштарды сипаттаңдар.


Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін оларға өз бетінше талдау, жинақтау,салыстыру, қорытынды жасауға мүмкіндік беру керек.Оқушылардың ойлау әрекетін дамыту қойылатын сұрақтар сипатына да байланысты. Оқушыларға «ия» ,»жоқ» сияқты жауаппен шектелетін сұрақтарға қарағанда ашық немесе жетелеуші сұрақтар арқылы ой әрекетін белсендіру тиімді.

Оқушының қызығушылығы арқылы шығармашылық әрекетін белсендіру әдістері

Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

Әдістің мақсаты: түйінді ой негізінде әңгіме құрастыру арқылы оқушының сөздік қорын дамыту, талдау,жалпылау ой әрекеттеріне үйрету

Мәтін бойынша мақал құрастыру

Мақсаты: мәтіннің негізгі идеясын таба білуге үйрету, бағалауды үйренеді.


Мәтін мен әңгімені аяқтау

Танымдық белсенділік білімді меңгерудегі қызығушылықпен қатар жүреді. Оқу міндеттелмеу керек. Оқу - қызығушылықпен қатар оқушының таным қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі.

Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,,әңгіме құрастыру тапсырмалары

Тақырыбы: «Мәтіннің түрлері» Төрт топқа бөлініп беріледі. «Табиғат» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру.
1-топ: әңгімелесу мәтіні;
2-топ: сипаттау мәтіні;

3 – топ: салыстыру мәтіні
4 – топ : пайымдау мәтіні.


Оқушылардың ойын дамыту мақсатында шығармашылық бағыттағы жұмыстар: әңгіме, шығарма жазу, өлең құрастыру арқылы оқушылардың ауызша, жазбаша тілін өзара ұштастырады, сөйлеу мәдениетін және сөздік қорын дамытады. Мысалдар:

Қазақ тілі пәні бойынша: Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру , сол сөздерден сөйлем құрау жұмысы.

Тапсырма: Сөздің әрбір дыбысынан сөз құрастыру

Адам сөзіндегі әрбір дыбыстан адамның бойындағы болатын жақсы қасиеттерді сипаттайтын сөздер тудыру.

А - ақылды

Д- дарынды

А- адамгершілік

М - мейірімді




Шығармашылық тапсырма:



«Ауланы көгалдандырамыз» деген тақырыпқа «алдымен, содан кейін, сосын, ақырында» деген сөздерді пайдаланып, мәтін құрып жазыңдар.





















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 24.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров126
Номер материала ДВ-283401
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх