Инфоурок / Другое / Статьи / Оқушылардың рухани танымдарын дамыту
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Оқушылардың рухани танымдарын дамыту

библиотека
материалов

Оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттеріне

бағыт-бағдар беру.

Абдыкасымова Галия Жумановна

А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия

Қостанай облысы, Арқалық қаласы

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар шешуші рөл атқарады.

Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты үрдіс. Бір жағынан үлкендердің, ата-аналардың, ұстаздадың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалының әртүрлі әдістерін пайдалана отырып ұстаз істеген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиеленушілерінің жетістіктеріне зер сала талдау керек.

Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарас та күннен-күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы – балалардың сана-сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатігездікке құрылған фильмдердің еркінде кеткен жатарымызды қалай дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын, санасы сергек барша қауымды толғандырады. ХІХ – ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин, ХХ-ғасырдың басындағы – 30-жылдардағы ағартушы-педагогтар А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев балалардың көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасы рөлінің маңыздылығын ескере отырып, ондағы әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, жасы үлкендердің отбасында басты тәлімгер екендігінөздерінің жеке бастары мен шығармаларында айрықша көрсете білді. Олардың пікірінше, балаларды тәрбиелеу үшін ата-ананың өздері тәрбиелі болуы керек екндігі, отбасында балаларды ана тілі, ата-баба дәстүрлері, ауыз әдебиеті, халықтың тарихы мен мәдениеті арқылы тәрбиелеуді қажет деп санады.

Педагогика ғылымында тәрбиені бірнеше бағытқа бөледі, олар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, зерде мәдениеті, рухани-адамгершілік, салауатты өмір салты, экономикалық талғам, этникалық және жанұялық өмір мәдениеті дейді. Көп жылғы педагогикалық тәжірибемізден байқап жүрміз, жоғарыда айтылған тәрбие жүйесімен көптеген ұрпақ тәрбиеленіп келеді. Бірақ бұл тәрбие түрлерінің қарқынды жүргізілетіне қарамастанақ жолдан, адал жолдан адасып, азғындаушылыққа ұшырап, жастарымыздың бұзылуы неліктен? Тұрақсыздық көрсетіп, мұз үстіне тұрғандай өмір жолында «тайғанақтап құлап жататыны қалай?» Бұл сұрақтардың жауабы біреу-ақ, ол – рухани тәрбиенің жетіспеуі. Жоғарыда аталған тәрбиенің толып жатқан түрлерінің нәтижесіз болуы рухани тәрбиемен байланыспауы. Ендеше тәрбиенің барлық салалары бір арнаға тоғысуы керек. Ол арна – рухани тәрбие. Қазіргі кезеңде ұстаздардың алдында тұрған мәселе – жастарға рухани тәрбие беру.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар, сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, адамгершілігі мол, парасатты, халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуді мақсат етіп жүрміз. Себебі ұлы бабамыз әл Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген екен. Ал ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы «Біз әрқашанда білімге ұмтыламыз. Негізінде ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет».

Адамгершіліктің негізгі мінез-құлық нормалары мен ережелерден тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан көрінеді. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары бұл – сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастардың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Мақсаттық бағытпен берілген педагогтық жұмыс еңбексүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп нәрсені өз қолымен жасай алуға және өз ісіне қуана білуге, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға, тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайынатқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-472446

Похожие материалы