Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Оқушылардың сабақ үлгеріміндегі ата-ананың рөлі" баяндама

"Оқушылардың сабақ үлгеріміндегі ата-ананың рөлі" баяндама



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқушылардың сабақ үлгеріміндегі ата-ананың рөлі

 

МАҚСАТЫ: Мектеп пен ата - ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата - ананың ықпалын арттыру.
Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, сабақ үлгеріміне үйден қадағалау жасау, ата - ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
Баланың тәрбиесіне біліміне ықпал ететін орта. Оқушыларының сабаққа қатысын қадағалау, Сынып жетекші. Ата - аналарды мектепке шақырып тұру. Ата - анамен жұмысты үйлестіру. Ата - аналарды мектепке шақырып тұру. Ата - анамен жұмысты үйлестіру.
Ата - ана: 1. Бала тәрбиесі үшін мектеппен байланыс орнату басты міндетім деп білуі тиіс.
2. Бала тәрбиесі мен білімі жайлы болған ата - ана жиналыстан қалмай сынып жетекшімен және пән мұғалімдерімен байланыста болу керек.
3. Оқу - тәрбие процесінде ата - ана мектеппен ынтымақтасып жұмыс жасау керек.

Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. Мұғалімнің түсініктемесі.
2 Ашық есік.
3. Сұрақ - жауап кеші.
4. Жалпы ата - аналар жиналысы.
5. Бұқаралық дөңгелек үстел ұйымдастыру.

Балалардың мына құқықтарын ата - анаға ескертеміз:
Мектепке тегін оқуға, Ойнауға. Демалуға. Театрға баруға. Өнермен айналысуға
Дәрігерлік көмекті тегін алуға. Дербес ойынға ие болуға. Қалаған спорт түрімен шұғылдануға. туыстарға қыдыруға. Өзенде шомылуға. Табиғатты қорғауға
Құстарға қамқорлық жасауға. Ата - аналарына көмек беруге Мұғалімдерін тыңдауға
Тәртіп бұзбауға. Саябаққа баруға құқықты. жаңа киіммен қамтамасыз етілуге.
Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата - ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз. 
Сондай кезде баламен ұрыс - керіс тудырмай - ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады. 
Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 15 кеңеске құлақ түріңіз1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. 
Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз. 
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз. 
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз; 
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз
Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз; 
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. 
Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тыңдауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз; 
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады; 
7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындамаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі. 
9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс; 
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындаңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз. 
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз. 
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін. 
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.
Халық даналығында: 
«Баланы 5 - ке дейін патшаңдай көтер, 
15 - ке дейін құлыңдай жұмса, 
15 - тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз құрметті ата – ана.
Кері қайту









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров173
Номер материала ДВ-453202
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх