Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Оқушыларды сауатты жазуға үйрету
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Оқушыларды сауатты жазуға үйрету

библиотека
материалов


Тәрбие отбасынан басталады.
Тәрбие мәселесі берік жанұяның құрылуынан басталады. Жанұя құруға мән беріп,жауапкершілікпен қараған дұрыс.Жанұяда ата-ананың бірлігі, бірін-бірі құрметтеуі,әдептілігі, мәдениеттілігікез-келген жағдайды шешуде пікірлерінің үйлесімділігі, рухани жағынан өсіп-дамуы бала тәрбиесіндегі жақсы ,ұнамды қасиеттердің. Осындай қасиеттерімен ата-ана баланы әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейді .Жанұяның тұтастығы , беріктігі- бала тәрбиесінде қажет нәрсе.

Берік жанұя тәрбиенің негізгі тірегі.Ондай жанұяда жамандыққа жол берілмейді.

Жанұядағы бала тәрбиесінде қажетті шарттардың бірі ата-ана мен бала арасындағы татулық, сыйластық, береке бірлік болып табылады.

Кейбір ата-аналардан жиі еститініміз бала тілімізді алмайды, айтқанымызға көнбейді не істеуге болады? Осындай сұрақтардың себебін анықтап, соған байланысты шара қолдану керектігін,баланы қызықтыратын іспен шұғылдандыру қажет екенін түсіндіру керек.

Балаға өтірік айту,оны алдау ұрсу, бетін қайтару,зеку ,қол жұмсау дұрыс емес.Бұлай істеу ата-ана мен бала арасындағы байланысты нашарлатады. Өмірдің көркі де,сәні де, келешегі де –бала.Тұңғыш қазақ педагогы Ыбырай Алтынсарин бақша ағаштарын, А.С.Макаренко алма бағын,ондағы әсем гүлдерді,В.А.Сухомлинский бәйтерекке беретін нәзік түбірді күтіп баптау, өсіру, қамқоршы болу,қорғау қандай қажет болса,бала тәрбиелеуге де сондай қамқорлық керектігін айтады.

Тәрбие әрбір жанұяның отбасынан басталады. Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»-деген сөз бар. Сондықтан бала тәрбиесіне салғырт қарауға болмайды.Бала әр нәрсеге еліктегіш келеді. Өзі көрген нәрселерін, мінез-құлықтарды үйреніп, бойына сіңіріп алуға дайын тұрады. Балаға қатты әсер ететін үй –ішіндегі жағымсыз жағдайлар.Сол үшін әрбір ата-ана мұны үнемі жадында ұстап,ұстамды болған жөн. Олар еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеушілер.Бала мектепте алты сағат қана болады.Ал тәуліктің қалған барлық бөлігін үйде ата-аналарының қасында өткізеді.Бала үлкендердің ісіне араласып, көмек көрсеткісі келеді.Бұндай кезде баланы еш уақытта бетінен қағып,меселін қайтармаукерек. Өз көңіліндегі ой-арманын орындап отырса,оның жұмысқа ынтасы арта түседі.Қыз бала мен ұл баланың жұмысын бөлмеу керек.Баланын істеген жұмысына талдау жасап, лайықты баға беріп отыру қажет.Әрбір ата-ана баласына күнделікті көңіл бөліп қайда ,не істеп жүргенін біліп, назардан тыс қалдырмауы керек.Өз еркімен еңбектеніп үйренген бала, сабағын да өзі қарап ,тапсырманы өзі орындап үйренеді және соған қалыптасады. Әрбір ата-ана бала алдында үнемі байсалды, әдепті мінез көрсетуі тиіс.

Сапалы еңбек саналы азаматты тәрбиелейді. Баланың жасына қарай шамасы келетін жеңіл жұмыстарды істетіп үйреткен жөн.Әр баланың өзінен кішіге көмектесіп , үй жануарларына қамқорлық жасауы оның өсе келе мейірімді, қайырымды болуына жәрдемі тиеді.

Ата-ана балаларын тек сөзбен емес, өзінің еңбектегі үлгісімен, жанұядағы өнегелі мінез-құлқымен тәрбиелейді. Жанұя мүшелерінің арасындағы бірлік, ынтымақ, үлкенге құрмет,кішіге көмек,сыйластық, шыншылдық жас баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.Әрбір ата-ана баласының немен шұғылданып, кімдермен жолдас болып жүргенін білуі керек.

Ұлы Абай атамыз айтқандай, жақсы бала –ата-анаға қызық, жаман бала-күйік. Жақсы бала келешекті сеніп тапсыруға болатын жақсы азамат.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.
Баланы мектепке апарып алып қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады.

Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров110
Номер материала ДВ-490873
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх