Инфоурок Другое Другие методич. материалыОқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану

Скачать материал

Оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін арттыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану

     Бүгінгі таңда мемлекетіміздің  білім жүйесінің стратегиялық мақсаты - берген білімді, дағдыларды меңгеретін, бәсекелестік қабілеті мол, шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Еліміздің  ертеңгі тағдыры – жас ұрпақтың қолында болса, жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Ендеше, мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіре отырып , балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу- тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету - біздің басты мақсатымыз.

Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық,  мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» дeп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау дербес  пікір айтуға, баламалы шeшімдeрді қабылдауға, ойлау жәнe іс – әрeкeтімізгe жаңа нeмeсe түрлeндірілгeн тәсілдeрді eнгізу дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрeкeттeргe жәнe басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдірeді. Сыни тұрғыдан бағалау мeн бақылау жүйeлі түрдe даму үрдісінe жeтeлeйді.

       Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуында сыни тұрғысынан ойлай білуінің ықпалы зор: бірлескен әрекеттер  арқылы  құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеялар ұсынып, қорғауға мүмкіндік алуы оқушы белсенділігін арттыруда  өз тиімділігін көрсетеді.

       Оқушылардың тіл байлығын дамытуға, сыни ойлауға, өз ойын жеткізе білуге, ізденімпаздыққа, өздерінің ескі білімдері мен жаңа сабақты ұштастыра білуге үйрету  үшін алдымен мұғалімдеріміздің сабақ өту тәсілдеріне өзгеріс енгізіп, сыни ойлауын, кәсіби дамуын жетілдіруіміз қажет. Осы орайда сын тұрғысынан ойлау стратегиялары балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар, ақыл-ой, шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін өте тиімді.

      Сын тұрғысынан  ойлаудың «Қызығушылықты ояту» кезеңінде оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.Сондықтан да,сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Осы кезеңге  «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б.  стратегиялар жинақталған.

      «Мағынаны ажырату» кезеңінде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі -INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында V- «білемін»,- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат» ?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT –оқығаның түсінуге, өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну-күрделі жұмыс. Бұл кезеңінде үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп, сұрауға әзірленеді.

    «Ой толғаныс» кезеңі оқушының өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруіне үйретеді.Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл кезең  оқушылардың  бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасауды үйретуді көздейді. «Ой толғаныс» кезеңі – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай  қолданылады.

     Өз сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларының  көрініс табуын үнемі жоспарлап отырамын. Абай Құнанбайұлының «Ескендір» дастанының  мазмұнын  талдай отырып,  негізгі тақырыбы мен идеясын таныту мақсатында  өткен сабағымды  «Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы сұхбат алудан бастадым. А оқушы В оқушыға  2 сұрақ қойып,  жауап алады. С оқушы оларды қағаз бетіне түсіріп отырады.  Осы арқылы оқушылар өздерінің  тақырып бойынша не білетіндіктерін еске түсірді. Содан соң оқушылар адам бойында болуы тиіс қасиеттерді қағаз бетіне түсіріп шықты. Жазғанын көршісімен алмасып, бір-бірінің жұмысында қалып қойған қасиеттерді толықтырды. «Жигсо»  әдісі бойынша поэма мазмұнын меңгеріп, топ ішінде шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні жайлы пікір алмасып, әр топ өз ойын ортаға салды. «Ой толғаныс» кезеңінде  «Еркін ой» стратегиясын қолдандым. Оқушылар  «Мемлекетті   басқаратын  адам  қандай    болу  керек?» тақырыбында өз ойларын жазбаша білдіріп, топ ішінде талқылап, үздік деп санаған жұмысты көпшілікке ұсынды. Оларға бағыт бере отырып, ұйымшылдықпен жұмыс жасағандарын бақыладым. Оқушылар тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындай білді . Бірлесе отырып жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып , талқыға салды, пікір алмасты , ой жарыстырды, жасаған жұмыстарын қорғады, нәтижеге бірлесіп жетті.Әр топ арасында кері байланыс орнады. Топ ішінде оқушылармен ой бөлісу кезінде  тұйық оқушылардың қатарластарымен біріге отырып қызығушылық танытып, тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіруге талпынғаны мені қуантты. Жаңа сабақ туралы өзіндік пікір қалыптасты. Оқушылардың пікірін тыңдап болған соң ғана толықтырулар енгіздім. Сабақ барысында оқушыларды ынталандырып отырдым. Оқушылар қызықты болжамдар айтып, ой алмасуды қолдану арқылы идеяларды жақсы құра білді. Оқушылар бірлескен оқу үдерісінде  белсенді араласуға тырысты.  Сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдану арқылы   оқушының ой көкжиегінің кеңеюіне, қызығушылығының  артуына,  көркем туындыны қабылдай білу шеберлігіне, сондай-ақ интеллектісінің қарқынды  дамуына ықпал етеміз.

          Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі. Сол сияқты оқыту мен оқуға өзгеріс енгізіп, нәтижесін көру бірнеше сатыдан тұратын күрделі процесс. Әр мұғалім жұмыс тәжірибесінде  орын алған оң өзгерістерді  жүйелі түрде өз әріптестерімен бөлісе отырып,  олардың да  тәжірибесіне өзгеріс енгізуге үлес қосып отырса, заман талабына сай, қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қалыптастыра алады деп ойлаймын. Сондықтан, ұстаздар қауымы  үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болып, өзгелердің үлгісін өз ісінде шеберлікпен пайдаланып, түрлендіріп отырса – білім берудегі жетістігі сол болмақ.

                      

                               Пайдаланылған әдебиеттер:

   

1.      «Қазақ тілі мен әдебиеті» Республикалық  ғылыми-педагогикалық және әдістемелік журнал.

2.     Мұғалімге арналған нұсқаулық ,I деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.

3.     Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Алматы.

4.     Электрондық ресурс:  Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі үлгісі. http://go.mail. ru.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 533 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.10.2015 1428
    • DOCX 64.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Агабекова Куляш Маханбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Агабекова Куляш Маханбетовна
    Агабекова Куляш Маханбетовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44081
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе