Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыОқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту жолдары

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту жолдары

Скачать материал

Оқушылардың  шығармашылықпен  жұмыс  істеуін  дамыту  жолдары

         Мектептегі  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  басқышы  екенін  ескере  отырып,оқушыға  белгілі  бір  көлемдегі  білім-білік  дағдыларды  меңгертумен  бірге  табиғат,қоғам, адам, айналаны  қоршаған  дүние  туралы таныммен  қалыптастыру,оның  жеке  басының  қасиеттерін  жан-жақты дамыту,жоғарғы  адамгершілік  принциптерге  тәрбиелеу  бүгінгі  күннің  басты  талабы.

         Қазіргі  кездегі  қоғамдағы  болып  жатқан  өзгерістер  демократияландыру, ізгілендіру  процестері  баланың   еркін  дамуын  белсенді, шығармашыл  болуын  талап  етеді.Мектеп   бітірген  баланың өмірде  кездескен  сан  түрлі   қиындықтардан  қиналмай  өтуі  оның  ақылының,еркінің, сезімінің   және   оның  жалпы  дамуының   деңгейіне  байланысты.

         «Педагогика  бала  дамуының  кешегі  емес,ертеңгі  күніне  бағытталу  керек  керек... Білім  беру  тек  дамудың  алдында  болғанда   ғана  пайдалы   болмақ» - дейді  Л.С.Выготский.

         Әрине   әр  баланың  табиғаты  әр  түрлі  бірінің  есте  сақтау   қабілеті   зор  болса, екіншісінің  ойлауы,ал  үшіншісінің  елестету  қабілеті  дамыған.Дамыта   оқытудың  барлық  кешенді  мақсаттары   мен   шешімдері  бала  дамуына  бағытталады.Соның нәтижесінде   барлық  бала  ойлауға,  ізденуге, қорытындылауға  мүмкіндік  алып  өз  деңгейінде  нәтижелерге  жетеді.

         Қазіргі  күнде  мектептің  алдында  қойып   отырған  басты  мақсаты -  дамыта  оқыту  жүйесі  арқылы  баланы  мектепте  барлық  қабілет – қасиетін,  тұлғалық  белгілерін, шығармашылық  қабілетін  дамыту.

         Шығармашылық  дегеніміз не?Шығармашылық  дегеніміз – бүкіл  болмыстың, қозғалыстың,  дамудың,тіршіліктің  көзі.

Философиялық  анықтама: Шығармашылық –қайталанбайтын  тарихи  қоғамдық  мәні  бар,жоғары  сападағы  жаңалықты  ашатын  іс-әрекет.

Психологиялық  анықтама: Шығармашылық – жаңалық  ойлап табатын  іс-әрекет.

Педагогикалық  анықтама: Шығармашылық – іздену,іздеу,ойлап  табу,  жаңа  жол, жаңа  шешім  ойлап  табу,бастауыш  бала  үшін  шығармашылық – субъективті (өзі  үшін).

Ал  енді  қабілет  деген  адамның  іс-әрекеттің  белгілі бір  түрін  орындай алу  мүмкіндіктері.

Шығармашылық  қабілет – қабілеттің алғы  шарты –табиғи нышан. Ол  нышандар  баланың өзінің  іс-әрекеттері  арқылы  дамып  қабілет  деңгейіне  көтеріледі.Қабілетті  одан  әрі  дамытып  шығармашылық  деңгейге  көтереміз.

Оқыту – тәрбиеден  бір  елі  де  бөлінбейтін  біртұтас  процесс.Әл-Фарабидің: «Адамға  ең бірінші  білім  емес, рухани  тәрбие  берілуі  керек, тәрбиесіз  берілген  білім – адамзаттың  қас  жауы,ол  келешекте оның  барлық  өміріне  апат   әкеледі»- деген  сөзі  сабақты  ұйымдастырудағы  басты  мақсаты – оқушының  жан дүниесін  түсіну  екендігін  меңзейді.

Рас, оқу  процесінде адамгершілікке тәрбиелеу  мақсаты ешқашан  күн  тәртібіннен  түскен  емес.Мұғалім  баланы  өміріне  азық  болар  ең  қымбат  асыл  қасиеттер – адамзаттың  құндылықтармен, біліммен  қамтамасыз  етеді.

Ал  бүгінгі  күнгі   мұғалімнің  ең  басты  мақсаты -  өзіндік  адамгершілік  құндылықтарын  бала   бойына  дарыта   отырып, оның  жүрек  түкпіріндегі  рухани қазынасын  жарыққа  шығару, әрбір баланы  жеке  тұлға  ретінде   жетілдіру  үшін  оның   бойындағы  бар  құндылықтарын  дамыту.

Жас  ұрпақтың  бойынан  тауып  дамытып  немесе оған  сіңіруді   арман  етіп  отырған  адамзаттың  асыл  қасиеттердің  жиынтығын  алдымен  мұғалім  өз   бойынан  тауып   алмай,оны жарыққа  шығаруға  әрекет  етпей,  оларды  баламен  қарым- қатынаста  шынайы  түрде  іске асырмай,  ата-ана, қоғам, тіпті болашақ   алдындағы  жауапты  ісін  өз  дегейінде  атқара  алуы  мүмкін  емес.Өйкені  мұғалімнің  сабақты  ұйымдастырар  алдындағы  жауапты  ісіне  деген  құштарлығын   оятатын,  бойындағы   бар  қабілет – мүмкіндігін  жарыққа алып  шығатын  күш – осы   рухани   адамгершілік   құндылықтар.

Мұғалім  баламен  кездесек  сәттен  бастап,  оның  үйіне  қайтатын  уақытына  дейінгі  кезеңде  баламен  тікелей  қарым-қатынаста  екенін,онымен  ішкі   сезімі  байланысты  болатынын  бір  сәт  естен шығармаған  абзал.Сонда  ғана   білімді  де   білікті,салиқалы   да  парасатты, жан-жақты  жетілген   жеке  тұлғаны  қалыптастыруда  едәуір   табыстарға  қол   жеткізе  аламыз.

Әрбір  жеке  оқушы  мұғалімнің   оны  жан-жақты  тануға  бағытталған  зерттеу  объектісіне   айналуы   қажет.Оқушының  сезімін  оятып, шабытын   ұштайтын, сөйтіп  оны  шығармашылыққа  жетелейтін  бірден-бір жол  баланың  жүрек  түкпірінде   жатқан  асыл қасиеттерді  жарыққа  шығару.Ол  оқу-тәрбие  процесінде  үздіксіз   жүретін, мұғалім   мен  оқушы арасында  үнемі  байланыста  болатын  сезім жібі   арқылы   ғана    жүзеге асырылады.

Оқушылардың   қабілеттері   екі   түрлі   әрекетте  дамиды.Біріншіден, кез-келген  бала  оқу  әрекетінде  адамзат  баласының  осы кезге   дейінгі   жинақталған    тәжірбиесін  меңгерсе,екеншіден,кез-келген  оқушы   шығармашылық   әрекеттер   орындау   арқылы  өзінің   ішкі   мүмкіндіктерін   дамытады.Оқу   әрекетінен  шығармашылық  әрекеттің  айырмашылығы- ол  баланың   өзін-өзі  қалыптастыруын,өз  идеясын  жүзеге   асыруына   бағытталған  жаңа   әдіс-тәсілдерді  ізденді.Проблеманы   өзінше, жаңаша   шешуге  талпыныс  жасайды.

Екі  әрекетте  оқушылар  екі  түрлі   мүдделер   көзделген  әртүрлі    мақсаттар шешеді:Мысалы,оқу  әрекетінде  белгілі  бір ережені  меңгертетін   дағдыны  қалыптастыратын  жаттығулар  орындалса, ал  шығармашылық  әрекетте  баланың  іздену  жұмысы  басты нысанда  болады.Сондықтан   оқу  әрекеті баланың  жалпы  қабілетін  дамытса,шығармашылық  әрекет  нақты  жағдай  шешу  барысында  нәтижеге   жеткізетін  қабілеттер   дамытады.

Балалардың   бойындағы    шығармашылық  қабілеттерін   ашудың   және   дамытудың  көп   тәсілі  бар:

Әңгіме  бойынша сурет  салу.

Оқушылардың   жаңа  ғана  айтылған  ертегі   немесе   нақылға   орай  қандай  да болмасын  сурет  салуды  сұраңыз.Бала   өзін  бейнелеу   өнерінің  шебері   ретінде  сезінеді,  сонымен   бірге  әңгіменің  мазмұның  есінде  жақсы  сақтап  қалады.Өйткен  ол әңгіменің   мазмұның  ішкі  сезімімен   жеткізуде  көздейді.Сурет  салу  жалпы   бейнелеу   өнерінде   нақтылылығы  жоғары  бір  деңгейде  жұмыс   атқару   үшін,қабылдауды  дамыту,ойлау,  есте  сақтау   және   елестетуде   қабілетті  керек  етеді.

2.Белгілі  бір  суретке   қарап, соның  суретін   салғызуға  болады.Ол   үшін: суретті  мұқият қарауға   уақыт  беру, оқушыларға  берілген  тірек-схемалар: сенің  ойыңша  мына  сурет   қашан   салынған?Суретші  қандай  көңіл-күйде  болған?

Бейнелеу  өнері  балалардың  қызығушылық  көлемін  кеңейтуге, олардың  эстетикалық  мұқтаждықтарын   тәрбиелеуге,олардың  ойларын,шығармашылық  қиялын  есте сақтау  қабілетін, суретшілік  қызметте  оқушының  жеке  басының  құрылымының  танымдық – шығармашылық  компоненттерінің  белсенділігі  айқын  байқалады.Табиғатты  бейнелесек,еліміздегі  ең  әсем  жерлер  бірден  есте  тұрады.Оқушыларға  сол  табиғаттың  әсемдігін, қандай  құс, аңдар  мекендейтінін  мәнерлеп  баяндасақ, құстардың  дауысын  таспадан  тыңдату, балаларды  әңгіме  арасында  сөйлету  шабыттануға  ықпалын  тигізеді.

3.Жалпы  адамзаттық  құндылықты  бейнелеу.

Сабақтың  тақырыбы  бойынша  балалардан  адамның  әлдебір сапасы  туралы  айтатын  бір  нәрсені  бейнелеуді  сұраңыз.Мүмкін бұл  оларға  алғашқыда  қиын  тапсырма  болып  көрінер.Алайда,балалар  уақыты  келгенде  кез-келген  шығармашылық   ойды  қағаз  бетіне  түсіруге  болатынын  түсінеді   және  оны   өзіндік  пікірімен  қоса,әсерлі  жеткізуді  мақсат  етеді.

4.Проза  және  өлең  шығару.

Балалардың  ішінде  әлдекімге  өзінің  сезімдерін  суреттер  арқылы  емес, сөзбен  жеткізу  жеңіл  болады.Бұл  қабілет  егер  оқушылар  ән  айту  немесе музыка  тыңдау  кезінде  өздерінің  әсерлендірушілігі  туралы  жазуға  талаптану  кезінде  байқалады.Кейбір  балалар  сезімдерін  өзі  шығарған  өлеңдерінде  айқын  көрсетуге  қабілетті  келеді.Сонымен  қатар  өзінің  ішкі  ойын толықтыру  мақсатында  ақындардың  өлеңдерін  пайдаланады.

5.Ішкі   дүниенің  бейнелері.

Бұған  дейін  айтылғандай, тыныштықта   отыру   шығармашылыққа   кеңістік   береді.Егер  балалардан   өз  бойына   шолу  кезінде  олардың  нені  көргенін  қағаз  бетіне  түсіруді  сұраса, баланың  ішкі  дүниесінің  қаншалықты  бай  екеніне  көз  жеткізуге  болар  еді.Балалар  ойы  ғажап  бейнелерді  қамтуға  қабілеті  жететінін  тәжірибе  көрсетеді.Солардың  бір  жарыққа  малынған  бүкіл  әлемді  бейнелейді, басқалары  өз  жүрегіндегі  әдемі  гүл  түрінде  өзінің  сезімдерін  жеткізуге  тырысады.

6.Тіл  сабақтарында  оқушылар  ой-өрісін  кеңітетін  шығармашылығын  дамытатын   жұмыс  түрі – шығарма   жазу.

Дара  тұлға  сан  қилы,  бай  мазмұнды   жұмыс  нәтижесінде  ғана  өсіп  бекиді.Әсіресе  сабақта   баланың  жоғары   эмоционалдық  көңіл-күйде   болуының  мәні   зор. Көңіл-күй   субъектінің  қал-жағдайы, оның объектіге   көзқарасы.Оқушының  көтеріңкі  көңіл-күйде  болуы  берілген  тапсырманы  шығармашылықпен  орындауға,  ақыл-ой  жұмысын  ақырына   дейін  жеткізуге  жаңа  күштер  көздерін  ашуға   әсерін  тигізеді.Көркем   шығармалар  осы  аталған   қасиеттерді «оятуға»  бағытталған.Бастауыш  кластан  бастап   шығарманы  өнер  ретінде  оқытуды   көздеу  керек. Олар  кейіпкерді  түсінуге, іс-әрекетіне   талдау  жасауға, онымен  бірге  қуана, қайғыра   білуге   үйрену  керек.

Ар, ұят, қайырымдылық  сияқты   қасиеттер   ереже  жаттаумен  келмейді,  сол  шығармаларды  саналы, ішкі сезімдермен қабылдау арқылы, жүрегінен өткізу арқылы келмек. «Әдебиет-өмір мектебі» деген осы болса керек.

Оқу мен тәрбиенің біртұтастығын, сонымен қатар, оқушыны шығармашылыққа жетелейтін алып күш-рухани адамгершілік құндылықтардың маңызын айқындау мақсатында өзімнің сабақта қолданған жұмысымды көрсетіп, бөліскелі отырмын.

Мысалы, «Ана тілі» сабағында «Ғажайып бақ» ертегісі бойынша оқушылар бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қойды. Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасенге адал, еңбекқор, достыққа берік деп, қарияға әділ, шыншыл үшінші шәкірті қайырымды, рақымды, елін сүйетін адам деп мінездеме бере отырып, сол берген мінездемелерін ертегі оқиғасынан мысал келтіріп дәлелдей отырып сөйледі. Ертегідегі суреттелген ғажайып бақтың көрінісін көз алдарына елестете отырып, қағаз бетіне түсірді.

«Сен өзің осы алтында қайда жұмсар едің?» деген сұраққа оқушылар бірі «мен жетім балаларға көмектесер едім», бірі «мен барлы қайыр сұрап жүрген адамдарға, үйі жоқ адамдарға, үй салып көмектесер едім» десе, біреуі балық балалар тегін дем алатын демалыс үйін, аурухана салар едім» т.с.с пікірталас тұғызды.

Ал, «Жетім» әңгімесін оқи отырып, оқушыларға мынадай тапсырмалар берілді:

I топ. «Жас әдебиетшілер». Осы  әңгімені  оқығанда   қандай  сезімде  болдың? Неліктен? Не әсер  етті?

II топ. «Жас  суретшілер».Мәтіндегі  әңгіме   мазмұнына   қрай  табиғат  құбылысын   бейнелеп  көр.

Сурет  сабағында   табиғатқа  байланысты  С.Мәмбиев «Көктем»,  Қ.Шаяхметов «Туған  ауыл»,  С.Романов «Биші  қайыңдар»  және  де  Ә.Қастеевтің  табиғатты  бейнелеген  тамаша  шығармаларын  айтуға  болады.

Оқушылардың  қабілет  деңгейлерін  дамытуда «Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  бағдарламасының  маңызы да ерекше   деп  ойлаймын. Класс   оқушылары   топпен,жұппен жұмыс  істеу   арқылы  өзара  пікірлесіп, ең   ұтымды  жауапты   айтуға   үйренеді, тынымсыз  іздене   отырып,әр  оқушы   өз   ойын   еркін  айтуға, оны  дәлелдеп   қорғай   білуге  мүмкіндік  алады.

Шығармашылық  қабілетті  дамытудың  психология-педагогиялық  негіздерінің   жалпы   ережелерін;  оқытудың  өзегін  біртұтас  педагогикалық   процестің  бір   бөлігі   ретінде   қарастырғанда   бейнелеу   өнерінің  мұғалімінің   дидактикалық   дайындығында   төменгі   компоненттер   кіруі  керек: педагогикалық   қызметті  толық  білуі, оны  дұрыс  атқаруы; ақыл-ой   әрекетін  кезеңмен   қалыптастыру  теориясын  білу;  шығармашылық  процестің   негізін   меңгере  білу.

Мектеп  оқушыларының  шығармашылық   қызметі  екі  негізден  тұрады:  жеке  мүдделік   және   оның  адамгершілік  маңыздылығы.Педагогикалық    тәжірибеде   жүргізілетін   жұмыстар   оқыту  мен  тәрбие   берудін   бірлігінде.

Оқушының  өзіндік   шығармалары   түрлі  деңгейде,түрліше   мазмұнда  құрылуы  мүмкін.Бірақ  біреуін  жақсы, біреуін  нашар  деп   бағалауға  мүлдем   болмайды.Керісінше, мұғалім  жетпей  тұрған  жерін  атап  көрсетпей-ақ, мадақтап  отырса, оқушының   шабыты  асқақтап, шығарманы  тапсыру   мерзімі   өтіп   кеткеніне  қарамай, одан  да  басқаша, өзінше   терең   мағыналы   шығармасын   тағы  алып  келуі   мүмкін. Міне,  біздің    оқушыдан   күткеніміз де осы.Бұл   баланың  жан  құмарын  қанағаттандыруға   жасаған   әрекет  болып   табылады.Яғни,  оқушының  өзіндік   ой-пікірін  жарыққа  алып   шығу   мұғалім   үшін   зор   табыс   болуы  тиіс.

Құрғақ  тапсырма  мен  жалаң   сұрақтардың     әсері   оқушының   сезіміне   жетпей    қалуыда   мүмкін.Өйткені   олардың    ойы    ұшқыр, сезімі   сергек. Мұғалімнің көңіл-күйін   дәл   сезіп,  оздеріне   деген   ынта    ықыласын   байқап, бағдарлар  отыратыны   бәрімізге   аян.Сондықтан   мұғалім   әр  оқушыны   басқаларға    ұқсамайтын, оларды қайталамайтын  өзіндік  ой  пікірі   бар   жеке   тұлға    ретінде  қабылдап,  оның   жан  дүниесін   өзінің  ішкі   сезімімен  байланысқа  түсіруге   тырысқаны  жөн.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған   әдебиеттер:

 

1.Выготский Л.С «Воображение  и  творчество  в детском   возрасте» М.1967 г.

2.Кирцер  Ю.М  «Рисунок   и  живопись»  М-1992

3.Лихачев Б.Т.  Педагогика. М-1999.

4.Тұрғынбаева Б.А Басты  бағыт – дамыта  оқыту.  Алматы 1995.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 993 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.09.2015 1603
    • DOCX 58.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаймаганбетова Жанар Армиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаймаганбетова Жанар Армиевна
    Шаймаганбетова Жанар Армиевна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1709
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2688 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 482 человека

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1472 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 626 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 203 человека