Инфоурок Математика Другие методич. материалы" Оқушылардың сыни ойлауын дамыту жолдары"(Баяндама)

" Оқушылардың сыни ойлауын дамыту жолдары"(Баяндама)

Скачать материал

       «ОҚУШЫЛАРДЫҢ  СЫНИ  ОЙЛАУЫН  ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ»

                                             

                                     Изеева  Бибіжамал Жақсыбайқызы

                                  Астана қаласы.№59 мектеп лицей

 

    Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер (жаһандану, рухани құндылықтардың әлсіреуі, демографиялық ахуал, тыныштық пен қауіпсіздік,...) әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін көрсетіп отыр.Осы жағдайларға байланысты елімізде білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында

 « Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2010 жылы 7 желтоқсандағы Президенттің №1118 жарлығы бойынша бекітілген) қабылданды.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңымен қатар 2020 жылға дейінгі еліміздің білім жүйесінің барлық мәселелерін реттеуге арналған    Мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттарының бірі – педагог мәртебесі болып табылады.Яғни, бұл құжат бойынша педагогтардың мәртебесін моральдық және материалдық тұрғыдан жетілдіру қолға алынды. Осы бағыттағы басты жұмыстардың бірі – педагогтардың біліктілігін Кембридж университеті білім беру факультеті мамандары мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басқармасы бірлесе отырып дайындаған бағдарлама негізінде жетілдіру. .[1 ]

Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.[МАН,2014, 2, 9-бeт]      

  Сын тұрғысынaн ойлay – Қaзaқстaндaғы білім бeрyді дaмытy үшін мaңызды болып тaбылaтын қaзіргі eң бaсты пeдaгогикaлық  түсінік. Бұл модyль оқyшылaрдың дa, мұғaлімдeрдің дe сын тұрғысынaн ойлayды дaмытyды сaнaлы жәнe оймeн қaбылдayын көздeйді.[Мұғaлімдeргe aрнaлғaн нұсқayлық,2014, 2, 41-бeт]      

Жaлпы сын тұрғысынaн ойлaйтын оқyшылaр бeлсeнді болaды, олaр сұрaқ қойып, дәлeлдeрді тaлдaйды, мaғынaны aнықтay үшін сaнaлы түрдe стрaтeгиялaр қолдaнaды; олaр ayызшa, жaзбaшa, көзбeн шолy дәлeлдeрінe сeнімсіздікпeн қaрaй отырып, eштeңeгe сeнбeйді, мұндaй aдaмдaр жaңaшыл идeялaр мeн кeлeшeккe aшық болaды. [Мұғaлімдeргe aрнaлғaн нұсқayлық, 2014, 2,49-бeт]

Сын тұрғысынaн ойлay әдісі 2-дeңгeй бaғдaрлaмaсының жeті модyлімeн тығыз бaйлaнысты. Жeті модyльдің әрқaйсысын жeкe-жeкe aлып қaрaсaқ, бaрлығы дa сын тұрғысынaн ойлay әдісі aрқылы жүзeгe aсырылaды.

Джон Дьюи  білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды,ол білім бағдарламасының оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталуы тек оқушылар үшін ғана емес,қоғам үшін және барлық демократиялық  құрылыс үшін тиімді болатынын мойындады. Эдвaрд Глeйзeр (1941) сын  тұрғысынaн ойлay  қaбілeттілігі үш  элeмeнттeн тұрaтындығын болжaп бeрді:

1.Проблeмaлaр мeн мәсeлeлeрді шeшy кeзіндe өзінің тәжрибeсін қaлыптaстырy өрісінe кірeтін ойлay үдeрісін жүзeгe aсырy.

2. Логикaлық зeрттey мeн ой жүгіртy әдістeрін білy.

3.Бaлaлaр мeн eрeсeктeрдің сыни тұрғыдaн ойлayын дaмытyғa,  проблeмaлaрды зeрдeлey жәнe шeшімдeрді жeкeлeй нeмeсe топтaрдa қaбылдayғa  бaғыттaлғaн зaмaнayи білім бeрy бaғдaрлaмaсы aтaлғaн үш нeгізгі элeмeнткe сүйeнeді.Сонымен қатар сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды» қамтиды деп пайымдайды.Сын тұрғысынан ойлау –өз ойын бағалау ниетінің болуы және оны істей білу,ол кез келген субьект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл ашық дәйекті талдау жасауға қабілетті, білімқұмар,өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда парасатты болу ниетін дамытуды көздейді.[Мұғaлімгe aрнaлғaн  нұсқayлық, 2014, 2, 42-бeт]  

Бaғдaрлaмaның осы нeгізгі идeясын бaсшылыққa aлa отырып, мeн өзім өткізіп жүргeн сaбaқтaрдa кeлeсі мaқсaттaрды көздeдім:

-оқушылардың математика пәнінен логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру

- оқyшылaрдың математика  пәнінeн сыни ойлay қaбілeтін жeтілдірy;

- сұрaқ қою, диaлог aрқылы сыни ойлауын дамыту;

-  бaсқaлaрдың идeялaрын сыни бaғaлaй білy дaғдылaрын қaлыптaстырy;

- оқyшылaрдың өз пікірін дәлeлмeн тұжырымдaй aлyғa дaғдылaндырy;

 - жeті модyль мәнмәтініндeгі әдіс-тәсілдeр aрқылы сыни ойлayын дaмытy.

 «Ақыл тек білімде ғана емес, сол білімді пайдалана білуде» деген ұлы ойшыл Аристотель.Ал білімнің негізі математика екені белгілі.Математика сабағында оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктерін өз тәжірибемде қалыптастыру үшін өзіме мынадай сұрақтарды белгіледім

Оқушылар өз бетінше білімін қалай тереңдете алады?

Білімді өмірмен байланыстыру дағдысын дамыту жолдары қандай?

Алдыма қойған сұрақтарды шешу үшін топпен жұмыс істеу түрін таңдап алдым.Оқушыларға топтық жұмыстың ережелерін түсіндіру өте маңызды.Өздері құрған ережеге бағынады,бір-біріне сыйластықпен қарайды және өз пікірімен шектелмей өзгелермен кеңесе алады.Оқушылар бір-бірінің пікіріне  сыни тұрғыда қарап,өз пікірлерін білдіре алады.Бұл әдістің ең маңызды бөлігі оқушының өзін-өзі реттеуі. С.Н.Лысенкова «Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу,олардың білімге талабын арттырады.Алған білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйретеді,оқыған материалды терең де тиянақты меңгеруге жәрдемдеседі»-дейді.Оқушылардың басым көпшілігі математика пәнін тек қаптаған жалаң формулалар,заңдылықтар деп түсінеді.

Сондықтан математика пәніне қызығушылықты арттыруда теорияны практикамен ұштастыру,оқудың өмірмен байланысының тиімділігіне мән беру қажет,жаңа ұғымды,ережені заңдылықты оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдаланып түсіндіріп тұжырымдау, есепті талдап шығара білуі керек. 9-сынып геометрия оқулығында «Центрлік және осьтік симметрия», «Параллель көшіру» тақырыптарын өткенде қазақ халқының ұлттық тұрмыстық-қолданбалы ою-өрнектерінің симметриялығын былайша көрсетуге болады.

А) «Осьтік симметрия»  (Түйе мойын) б) «Параллель көшіру» (Сұқ саусақ)  в) «Центрлік симметрия» ( Өмір жолы)

 

 

Ғұлама ғалым  Әл-Фарабидің « Табиғат математикалық дәлдікпен жасалған оны сәл қозғасаң дүниенің тас-талқаны шығады» қанатты сөзі  математика пәнінің әрбір сабағында көрініс табады деуге болады. Мысалы «Дұрыс көпбұрыштар» тақырыбын өткенде  «гексагон»(грек. hex- алты және gonia- бұрыш ) – дұрыс алтыбұрыш табиғатта өте жиі кездеседі.Мысалы,көптеген жәндіктердің көздері ,бір- біріне  ұқсамайтын қар түйіршіктерінің негізі  гексагон болып табылатын кішкене алтыбұрыштардан тұрады.Аралар өз ұяларын алтыбұрыштардан құрастырады.  Себебі, тек гексагондар бір-біріне тығыз орналаса алады. Гексагонды салу үшін оның қабырғасының оған сырттай сызылған шеңбердің радиусына тең болатынын ескеру жеткілікті.[ 3,  б]

  Оқушының өздігінен білім алуына ынталандыру үшін мұғалімнің негізгі міндеті есеп шешуге  теорияны дәлелдеуге үйрету емес,керісінше таныс материал негізінде ойлануға,қорытынды жасауға,жалпылауға,саралауға машықтандыру.Алайда бұл міндетті мемлекеттік білім стандарты негізінде жүзеге асыру мүмкін емес.Факультатив сабақтарда,сыныптан тыс жұмыстарда да жүргізу керек.Математика сабағында оқушылардың тақырып бойынша есептерді шешудің өмірдегі қолданысы,маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру олардың пәнді терең игеруіне мүмкіндік береді.Сабақта рольдік ойындар,«Сен маған,мен саған» әдісі», «Ыстық орындық», «Ойлан,жұптас,талда», «Серпілген сауал»,ЖИГСО т.б жаңа әдіс тәсілдерді орнымен қолдану, бағалау кезеңінде бағалау критерийлерін дұрыс қолдана білу сабақта «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс ұсыну оқушының қызығушылығын арттыра түседі.

 Сыни тұрғысынан ойлауда сұрақтардың маңызы ерекше.Сыныпта әр түрлі сипатта сұрақтар қойылуы үшін оқушыны оған үйретіп қана қоймай,сонымен бірге сол ортаны жасау керек.Сондықтан мұғалімдер үшін нақты стратегия ұсынылады:

     - жан-жақты жауаптарды талап ететін сұрақтар қою;

     - сұрақ қойылған соң,оқушылар жауаптарын ойланып алу үшін уақыт беру;

     - «Сіз не қоса алар едіңіз?» деген жолай сұрақтарды қою;

     - « Қызық екен,мен ол туралы ойламаппын» деген түсінікті пайдаланып,естігендерін сынамай және қарсыласпай,өз пікірін айта білу;

    - сұрақтарды басқа оқушыларға   бағыттауға мүмкіндік  беріңіз  .[4,  17-б]

 Сыни ойлау сұрақ қоюдан басталып,шешімді қажет ететін проблемаларды айқындаудан басталады демекші,сабақтың мағнаны тану кезеңінде оқушыларды бағыттап,сұрақты дұрыс қоя білу де аса маңызды рөл атқарады.Мәселен есеп шарты бойынша «Берілген тапсырманы орындауда қандай алгоритмге сүйендік? Бұдан қандай қорытындыға келеміз?деген бақылау сұрақтары мен «Есептің шешімін табуда бұдан басқа қандай ережеге сүйенуге болады? «Сендер қалай шығарар едіңдер» деп  проблеманы шешетін сұрақтар қойса,оқушылар қойылған сұрақтарға ойлана отырып жауап береді. Жіңішке,жуан сұрақтардың да дұрыс қойылуының оқушы үшін маңызы зор.Американдық философ пен педагог Джон Дьюи ойлау оқушылар нақты проблемамен айналысқанда пайда болады деп тұжырымдайды. Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу мақсатында «Қара жәшік» тәсілін қолдануға болады.

Оқушылар  «Қара жәшік» ішінде жұмыс жасай отырып,есептің шешу жолдарын қарастырады,сыни тұрғыдан ойланады.Әр топ өз бетімен жұмыс жасап өз ойларын ортаға салады.Сыни ойлау  дербес ойлау дегендей әр оқушы өз идеяларын ,сенімін басқалардан дербес түрде құрастырады.

  Жаңа заман жаңа адамды талап ететін болса,ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады.Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп,қалыптасып, жаңарып отырады.М.Я.Выготский «Әр баланың өзіндік деңгейі болатындай,әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықталып беріледі .Әр баланы өзінің даму арнасында жетілдіру қажет» дейді

Келешекте осы Кембридж  және «Назарбаев Зияткерлік мектептері » басқармасы бірлесе отырып дайындаған  бағдарлама негіздерін, жеті модульді өз сабақтарымызда пайдалана отырып, жеке тұлғаны жан-жақты дамытып,сыни тұрғыда ойлай білетін,ақпарат құралдарын меңгерген,шығармашыл тұлға қалыптастырамыз деп ойлаймын.

 

 

 

                            

  1.Мұғалімге арналған нұсқаулық:Екінші (негізгі)деңгей/Бакиров.К.А,

Намысова         Г.А,Аушева И.У,Шаримова А.Г,Ғабдоллақызы.Б,БайкеноваБ.А-3 басылым.-   Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ

  2.    Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014ж.-292 бет  , -беттері   

            (Б.9,41,42,49)

  3.Математика және физика республикалық ғылыми-әдістемелік жорналы 2010  

     №4,2011ж №2

  4. С.Мирсеитова.  Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»-

      Қарағанды,2011 (17-б)

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

    Аннотация

 

 

В этом докладе написано об основных задачах метода критическое мышления. Ученик или учитель при освоении навыков метода критическое мышления усвоеивает при этом,что эти знания нужны не только для них,но и для того, чтобы применить эти освоенные знаниа  в жизни .Это связано с уроком.

In this article it is written about main tasks of methods of critical thinking.

In teaching process teacher or student will learn ways of methods of critical thinking and they will use it in their life. It is connected with the lessons of teaching

process.

 

 

                                    Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. 1.  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118    Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010ж.

2 Мұғалімге арналған нұсқаулық:Екінші (негізгі) деңгей/Бакиров.К.А,Намысова         Г.А,Аушева И.У,Шаримова А.Г,Ғабдоллақызы.Б,БайкеноваБ.А-3 басылым.-   Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ

 Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014ж.-292 бет  , -беттері (Б.9,41,42,49)

 3.Математика және физика республикалық ғылыми-әдістемелік жорналы 2010 №4,2011ж №2

4. С.Мирсеитова.  Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»-Қарағанды,2011 (17-б)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "" Оқушылардың сыни ойлауын дамыту жолдары"(Баяндама)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Самостоятельная работа по геометрии на тему "Аксиомы стереометрии и их простейшие следствия"
  • Учебник: «Математика: алгебра и начала математического анализа, геометрия. Геометрия (базовый и углубленный уровни)», Погорелов А.В.
  • Тема: 1. Аксиомы стереометрии
Рейтинг: 4 из 5
  • 02.02.2016
  • 94029
  • 2594
«Математика: алгебра и начала математического анализа, геометрия. Геометрия (базовый и углубленный уровни)», Погорелов А.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 5770
    • DOCX 446.8 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Изеева Бибижамал Жаксыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Изеева Бибижамал Жаксыбаевна
    Изеева Бибижамал Жаксыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18485
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Реализация межпредметных связей при обучении математике в системе основного и среднего общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 94 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика")

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания математики в среднем профессиональном образовании в условиях реализации ФГОС СПО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 522 человека

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек