Инфоурок Директору, завучу Статьи"Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің маңызы" (Мақала)

"Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің маңызы" (Мақала)

Скачать материал

ОҚУШЫЛАРДЫ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ

 

Шынболат Ф.Р.

 

№280 негізгі мектебі, Қызылорда қ., Досан ауылы

 

    Елбасы Н.Нзарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» Жолдауында: «Білім беруді дамыта алмаған ел ХХІ ғасырда күйреуге ұшырайды» деп атап көрсеткен болатын.

    Дүниежүзілік өркениет білім берудің заманауи деңгейінде бірқатар талаптар қойды. Көптеген елдерде орта және жоғары мектепті жаңалау жылдам қарқынмен жүргізілуде. ХХІ ғасырда білім беруге мынадай факторлар әсер етіп жатыр:

-                     ғылыми-техникалық прогресс қарқынының өсуі;

-                     елдер арасындағы бәсекелестік күрестің шиеленісуі;

-                     экономиканың, саясаттың және мәдениеттің жаһандануы;

-                     дүниежүзілік қауымдастықты ақпараттандыру [1, с.35].

    Ал, біздің бағалауымызша осы факторларды шешу үшін ең алдымен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңартқанымыз абзал. Елімізде, бәсекеге қабілетті жоғары деңгейлі елдердің қатарына қосылу жағдайларында, мемлекеттік құрылысқа, экономикаға, әлеуметтік және рухани өмірге деген көзқарас, шетелдік үлгілерге жақындап келеді. Осы орайда, елімізде қолданылып келе жатқан білім берудің жаңа, әрі тиімді әдістерін одан әрі дамыту қажеттігі туындайды.

    Сонымен қатар, сабақ – оқытудың басты формасы. Сабақ сапасын арттыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын басты мәселе. Бұл ретте білім деңгейін өсіру үшін сабақты ерекше етіп өте білген жөн. Оқушылардың білімі төмен болуы көбіне мына факторларға байланысты болады екен:

1.      Ойлау қабілетінің және интеллектінің төмен болуы;

2.      Сабақтан қалу, сабақты жіберу, сабаққа бармау;

3.      Денсаулығының төмен болуы;

4.      Сабаққа қалауының болмауы;

5.      Жанұяның және құрдастарының кері әсері;

6.      Оқушылардың білім деңгейінің төмен болуы;

7.      Оқулықтардың, көрнекі құралдардың жеткіліксіз болуы [2, с 137].

    Осы ретте білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін одан әрі дамытып, тәжірибемізде қолдана білсек жоғарыда аталған факторларды шеше алатынымыз абзал. Осыған орай, оқытудың жаңа әдісі сыни тұрғыдан ойлау білудің маңызы жөнінде айтып өтпекпін.

    Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

    Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.

Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:

• тиісті ақпарат жинауды;

• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;

• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

    Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды.

    Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.

    Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек.

    Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:

Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақ қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзіндік сана-сезімге қатысты эмоция да болуы ықтимал).

Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.

Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.

Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық көзқарастарға көңіл бөлу).

Өзіндік сана-сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.

Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.

Төменде берілген құрылымды өзіңіздің оқытуыңыз бен баланың оқуы жайында сын тұрғысынан ойланып-толғануда да қолдануға болады:

1. Балаларды оқыту үдерісін бақылау нәтижесінде алынған дәлелдемелермен танысыңыз.

2. Тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсініңіз.

3. Оқу мақсаттары мен ол мақсаттарға жету үшін оқушылар атқаратын жұмыстардың әдістері мен олардың жетістіктері арасындағы қарым-қатынастарға талдау жасаңыз.

4. Жеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын салыстырыңыз.

5. Барлық сынып көлемінде көрсетілген іс-әрекеттің нәтижесі туралы ойлану үшін өз зерттеулеріңіз бен осы ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтаңыз.

6. Балаларға білім беруге қатысты қызметтің шартты түрдегі табысы немесе күйреуі туралы қорытынды жасап, бағалаңыз.

7. Бұл сыни бағалаудан алған түсініктеріңізді келесі тапсырмалар мен жобаларды жоспарлауда пайдаланыңыз.

8. Дәлелдерді дамытып, тұжырымдамалар мен қорытындыларды құрастыру үшін, қоғамдық ғылымдарда оқыту мен оқу нәтижелерін анықтау үшін сын тұрғысынан ойлаудың пайдаланылуын негіздеңіз [3, с.45].

    Қорытындылай келе, елімізде, бәсекеге қабілетті жоғары деңгейлі елдердің қатарына қосылу жағдайларында, мемлекеттік құрылысқа, экономикаға, әлеуметтік және рухани өмірге деген көзқарас, шетелдік үлгілерге жақындап келеді. Елімізде қолданылып келе жатқан білім берудің жаңа, әрі тиімді әдістерін одан әрі дамытып, мектеп қызметінде тиімді пайдалана білсек, бәсекеге қабілетті, сыни тұрғыдан ойлай алатын ұрпақ тәрбиелер едік.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      Салыстырмалы педагогика,  А.Құсайынов. Алматы-2011.

2.      Ғылыми хабаршы. Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті. Желтоқсан, 4/2014.

3.      Нұсқаулық, бірінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің маңызы" (Мақала)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.07.2017 3453
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шынболат Феруза Рахымқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шынболат Феруза Рахымқызы
    Шынболат Феруза Рахымқызы
    • На сайте: 6 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 97212
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы металлургии

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе