Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда диалогтік оқытудың маңызы

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда диалогтік оқытудың маңызы

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДА ДИАЛОГТІК

ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ



Бекенова Айгул Жанатовна

139 орта мектеп мұғалімі

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылы



Баланың бойындағы қабілетін ашу үшін ұстаз ең алдымен алдындағы оқушымен сұхбаттаса алуы қажет. Әрбір бала тұңған қазына, ал оның кілтін ашу ұстаз қолында.

Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін тілдің маңызды екендігін жазған.

Ойлау тілмен байланысты, онымен диалектикалық бірлестікте жүріп отырады. Ойдың тілсіз күні жоқ, өйткені ойлау әрекеті адамдардың пікір алысуының негізгі құралы. Ойлау мен сөйлеудің табиғаты әртүрлі болғаны мен, бір бағытта, бір арнамен жүріп жатады.[1,94бет]

Сыни ойлау – ойдың шыңдалған түрі. Оқушыларды сыни ойлауға қалыптастыруда диалогтік әдістің маңызы зор. Нақтылап айтсам оқушылармен сұхбат барысында Блум таксономиясының жоғары мәртебелі сұрақтарын қолдану жақсы нәтиже береді.

Диалог – ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынатар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатан прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінің идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады [2].

Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызады (мұғалімдер мен балалар бірін бірі тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады) және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады [МАН-51 бет].

Выготскийдің пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады [МАН-28 бет].

Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінің айтады.

Фриманның пірінше білім:

- Бірлескен-ынтымақтастыққа дайын

- Сыни-өзіндік рефлексивті және әлеуметтік рефлексивті

-жариялылық-мұғалімдер мен оқушылардың бірлесуі арқылы құрылған

-диалогтік-диалог шеңберінде қарастырылып, шешілетін мәселелер жинақталған

-Зерттеуге бағытталған - мұғалімдер мен оқушылар тәжірибеге, қоғамға және оқу материалына байланысты мәселелерді анықтайтын зерттеушілер болып табылады.

- Аффекті (эмоционалдық)- сезімдерді дамыту мен әлеуметтік зерттеулерге қызығушылық білдіріп, қайғыға ортақтасу.

Мерсер мен Литлон /2007/ зерттеулерінде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. «Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады» - деп қорытынды жасаған.

Кіші жастағы балалардың когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын оқушы ретінде суреттейді.

Когнитивті дамудың оқушылар өздерінің (ЖАДА) «Жақын арадағы даму аймағында жұмыс істесе» жақсаратының атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауға, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де бұл жағдайда оны білім берудің негізгі құралы деп есептейді.

Білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуге мұғалімнің рөлі ерекше.

«Диалог көптеген сабақтарда бірдей өтеді, әдетте мұғалім біршама «жабық» мәселе қояды - деді Мерсер.

Диалогтік тәсілмен сұрақ қою:

· оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

· оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін білдіреді;

·білімге құштарлықты дамытады және зерттеуді ынталандырады;

·оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

·оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;

·оқушыларды бір-бірінен үйренуге, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге және бағалауға үйретеді;

·әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

·оқытуды қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтауды.

Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтарың ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сауалдардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды.

Сабақ процесінде жабық сұрақтар қоймаудың бірден бір әдісі Блум таксономиясының сұрақтарын қолдану. Сондықтан да диалог дұрыс жүру үшін Блум сұрақтарын қолдануды әдетке айналдыруға тырысамын. Мысалы Адам.Қоғам.Құқық. пәні бойынша «Адамдардың қарым-қатынасы» тақырыбында өткізген сабағымда үй тапсырмасын Блумның жоғары мәртебелі сұрақтары арқылы тексеру.

Сабақта тұсаукесер кезеңінде өрбіген диалогқа тоқталсам:

Мұғалім: Адамдардың қарым-қатынасы дегеніміз не?

Оқушы: Адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуы.

Оқушы: Адамдардың бір-бірімен сөйлесуі.

Мұғалім: Адамдардың қарым-қатынасы дегенді қалай түсінесің?

Оқушы: Апай, осы қазір сыныпта сөйлескенімізді қарым-қатынас деп айтуға болады.

Мұғалім: Балалар, адамдар неге бір-бірімен қарым-қатыната өмір сүреді?

Оқушы: Адамдар бір бірімен қатынаста өмір сүрмесе жабайыланып кетеді.

Мұғалім: Адамдар қарым-қатынасының қандай түрлерін білесіздер?

Оқушы: Сөйлесу, хат алмасу, смс, ұялы байланыс.

Мұғалім:Адамдар қарым-қатынасы қандай жағдайда маңызды болады?

Оқушы: Егер екі жақ бір- бірінің пікірін тыңдай білсе.

Мұғалім: Адамдар адамдар арасында өмір сүрмесе не болады?

Оқушы: Адамдар, адам сияқты өмір сүре алмайды.

Мұғалім: Адамдар ешбір адаммен араласпай өмір сүруі мүмкін бе?

Оқушы: жай ғана тіршілік етеді

Мұғалім: ал өмір сүрсе ол адам қандай күйге ұшырайды?

Оқушы: жабайыланып кетеді

Мұғалім: адамар ненің нәтижесінде дамиды деп ойлайсыздар?

Оқушы: қарым-қатынас негізінде дамиды

Оқушы: Робинзон Крузоның киносы, Маугли

Мұғалім: ал шынайы өмірде сондай жағдай болып қалса ше

Оқушы: жабайыланып кетеді

Мұғалім: Адамдар ненің нәтижесінде дамиды деп ойлайсыздар

Оқушы: қарым-қатынастың нәтижесінде

Мұғалім: Адамдарға қарым-қатынас жасауы не үшін қажет?

Оқушы: Адам болып өмір сүру үшін.

Оқулықта кездесетін терминдер, ұғымдар сұралады. Оқушылар аталған терминдерге сипаттама береді. Оқушылар Адамдардың қарым-қатынасы тақырыбы бойынша өз өмірінде жинақтаған білімдеріне сүйене отырып жауап берді. Сонан соң өздері жасаған сипаттауларды тексеру үшін оқулықтан оқып шығу тапсырылады.

Негізгі бөлімде әр топқа әртүрлі қарым-қатынастың көрінісін көрсетуді тапсырдым. «Рөлдік ойыннан» соң оқушылармен аталған көріністер жайлы диалог жүрді. Сол диалогтан үзінді келтірсем:

- Бұл көрініс ұнады ма?

-Ұнаса, несімен ұнады?

-Қарым-қатынастың мұндай түрінің қандай жақсы жақтары бар?

-Ұнамаса, несімен ұнамады? Қандай зардаптары бар?

Жекелеген оқушылардың «Адамдардың қарым-қатынасы» деген тақырыпты толық түсінбей қалатындары кездеседі деген оймен кім жақсы түсінді?-деп сұрадым. Қол көтерген оқушыны «Ыстық орындыққа» шақырдым. «Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушы мен оқушылар арасында диалог жүрді. Бұл әдістің тағы бір артықшылықтарының бірі ұяң мінезді оқушылардың өз жолдарынан қалыспай қызығушылықпен білмей қалған сұрағын жолдасынан сұрауы.Немесе керісінше жаңғалақ бала да өз қатарластарынан қалғысы келмей өз сауалын қояды. Бұл әдіс арқылы барлық оқушы өзі нені түсінбегенін қандай нәрсе түсініксіз болғаның ой елегінен өткізді. Сабақ соныңда оқушылардың алған білімін қорытындылау мақсатында оқушылардан сабақ жөнінде рефлексияларын тыңдадым. Рефлексиясын сұраудың өзі диалогтық әдіске жатады. Бала өзіне-өзі: «бүгінгі сабақтан мен өзіме не алдым?-деп өзіне сыни тұрғыдан қарап жауап береді.

Қорыта айтқанда, диалог оқушының тек сыни сауаттылығын ғана емес сөйлеу сауаттылығын да дамытады.

Оқушылардың оқулықта жазылған термин сөздерді меңгерту үшін аталған терминді өздерінен сұрадым. Оқушылардан жанамалап болса да жауап берулерін сұрадым. Алғашында оқушылардың таңданғаның байқадым. Кейбіреулерінің қолдары оқулықты парақтап жатқаның көрдім де жалма-жан барлық оқулықтарды жинап алдым. Оқушылар «сенімді оқулықтары» болмағандықтан ба жәймендеп жауап бере бастады. Сонан соң оқулықтарын үлестіріп бердім де аталған терминдердің анықтамаларын оқуға тапсырма бердім. Оқушылар арасынан «мен жаңа осы жерін айтып едім дұрыс екенғой айтқаным деп қуанып жатты. Мен оларға жылы сөзбен мақтау сөз айттым.

Оқушыларды диалогтық оқытуға үйрету мақсатында өткізген сабағымда 3 (қанағаттанарлық( бағада оқитын А. Және А-ға көптеп сұрақ қоюға тура келді. Сұрақтарым төмендегідей үлгіде болды.

-Сіздің ойыныз қалай?

-Аталған тақырып бойынша көзқарасыныз қалай?

-Қандай ұнамды, ұнамсыз жақтары бар?

-Неге? Неліктен олай ойлайсыз? т.с.с.

Балалардың әдепкіде өз өздеріне деген сенімсіздігінің болмауы олардың айтарға жауап таба алмағандықтарынан байқадым. Мен, сенің ойын мен үшін құнды деп «ойына қанат бітірдім». Ж. есімді бала топтық жұмыста ғана белсенділік танытты. Оны диалогқа тарту көп қиындық туғызды және оқушыларға өз ой пікірлерінізді айтыныздар дедім. Оқушы әлі де өз-өзіне сенімсіз еді. Оларға қайта-қайта кітапқа қарай беруі қиындық туғызды. Сондықтан оқушылардың оқулықтарын жинап алуыма тура келді. Балалардың жүзінде бір таңданыс барын байқадым.Кейін келе оқушылар бірте-бірте ол дағдыларынан айырылғандай болды.Балалардың ойы кітаби ой пікірден шығар еді. Әр баланың өзіндік ой пікірі, өз-өзіне сенімі яғни өзіндік «Мен» пікірі қалыптасады. Кейбір оқушылар болады өз жауабын қате деп жаңсақ ойлап, қасындағы жолдасынан көшіреді. Сонан соң соған қалыптасып кетеді де нәтижесі түрлі жағдайларға алып келуі мүмкін.Оқушыларымнан сауалнама алу барысында өз оқушыларымның ішінде өз өзіне сенімсіздері барын байқадым. Олай дейтінім сауалнаманың жауаптарын қасындағы серігінен көшіруге ұмтылуы. Мен оқушыма оның пікірін құнды екенің, дұрыс емес деген жоқ, бәрі дұрыс деп қозғау салдым. Бір қуанарлық жағдай қорытынды сауалнама алу барысында әлгі А. есімді оқушымның өз жолдастары барлығы жауап беріп қайтіп кетсе де ол өзінің сауалнама парағын жәй белгілей салған жоқ және де жолдасынан көшірген де жоқ өзі қалып сұрақтарға жауабын белгіледі. Азғана уақыттың ішінде бұл оқушының бойында өзгерістер болғанына іштей қуандым. Кейін келе оқушымның өзіне деген сенімі артып диалогтық әңгіме барысында қойылған сұрақтарға берген жауаптары алғашқыдан гөрі көбейгені байқалды.

Абай атамыз бір сөзінде былай деген екен: «Өзіңе сен, өзінді алып шығар еңбегін мен ақылын екі жақтап» демекші қазіргі балаларымыздың өз сенімін арттыру үшін сұрақ қоя берсе балалар ұтымды ой айтады. Ойдан ой туындап баланың миы белсенді жұмыс істейді. Баланың физиологиялық дамуы қалыптасады.

Оқушыларға диалогті сауаттылықты қалыптастыру біртұтас әдістемедік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықты компаненттердің бірлігі арқылы жүзеге асады.Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұны оқушыны диалогты сауаттылығына негізделіп, сынып сайын күрделендіріп отыратын «Оқу еңбек» аялары бойынша құру тиімді болмақ.

Оқушылардың диалогін қалыптастыру үшін қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар арқылы кешенді жүргізулің тиімділігі жоғары болады.

Әсіресе дарынды, талантты оқушылармен кері байланыс жүргізуде Блум таксономиясының кері байланыс сұрақтарын қойған жөн.

Оқушылардан алған рефлексияларын оқыған кезімде олардың көпшілігі «сұрақтар ұнады» деп жазыпты. Сұрақты дұрыс қоя білу де өнер. Себебі дұрыс қойылмаған сұрақ оқушыны жалықтырып, сабаққа деген қызығушылығын азайтады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантануға кіріспе- Алматы: 2005.-94 б.

2.http://kk.wikipedia.org/wiki/Диалог#cite_note-1

3.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей).-2012 ж.









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.08.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров101
Номер материала ДБ-152524
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх