Инфоурок Информатика Конспекты«Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда педагогикалық технологиялар»

«Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда педагогикалық технологиялар»

Скачать материал

Ойын технологиялар, ақпараттық технологиялар,  интеллектуалды ойын технологиялары

 

ХХІ ғасыр –қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бүгінде мұғалімнің басты міндеті –педагогикалық технологиялар арқылы оқушының интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарылатып, жекелігін, тұлғалығын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орны ерекше. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әртүрлі танымдық ойындар да қолданылады. менің тоқталатыным оқытудағы қолданылатын интеллектуалды ойындар.

Танымдық (интеллектуалдық) ойын бұл күрделі көп құрылымды құбылыс. Ол оқыту әдісі ғана емес білімді бақылау әдісі болуы мүмкін.

Информатика бойынша білімді бақылауды интеллектуалды ойындар қолдану оқушылардың өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін ашуға сабаққа дайындық деңгейін арттыра түсуге көмектессе ол мұғалімге оқушылардың блімде кеткен қателіктерді дер кезінде жөндеуге мүмкіндік береді. Ойын барысында оқушыларда белгілі бір мәселені шешу қабілеті өз бетінше ойлау қабілеті, білімге деген құштарлық пайда болады.  Сабақта алған білімін практикада іске асыру дағдыларын қалыптастыру үшін оның элементтерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын элементтері материалды түсіндіру кезінде берік меңгертуге септігін тигізеді. Қызықты ойын түрінен кейін оқушылар тез серігіп, тапсырманы әрі сапалы, әрі ықыласпен орындайды. Ойынға мынадай әдістемелік талаптар қойылады. Ойынның мақсаты нақты немесе керекті көрнекіліктер мен материалдар күні ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек. Ойынның жүру барысында мұғалім баланың түгел қатысуымен қатар олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне жетелеу керек. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл күйлерін көтеріп,қызығушылық қабілеттерін арттырады.

         Информатика сабағында өткізген, информатика пәніне қызығушылығын, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін, ынтасын арттыратын, алған білімін қорытындылауда түйінді ой айта білуге үйрететін «Не?Қайда?Қашан?» атты интеллектуалды сайыс сабағының жоспарын ұсынамын.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың өзіндік тұлғалық ерекшеліктеріндамыту, сабаққа дайындық деңгейін арттыру, өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі, белгілі бір мселені шешу қаблетін, өз бетінше ойлау қабілетін, білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақ мынадай кезеңдерден тұрады:

1-кезең: «Бәйге»

Бұл кезеңде берілген тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын арттырып, келесі тапсырмаларға дайындау.

Берілген түрлі анықтамалардың жауабын дұрыс тапқан оқушылар 10 ұпайға ие болады.

2-кезең. «Полиглот»

Бұл кезең тапсырмасы оқушыларды ойлау қабілетінің жан-жақтылығын анықтау, шапшаңдыққа үйрету.

Жасырылған мақалдардың жалғасын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. Әр тілдегі жауапқа 10 ұпай.

3-кезең. «Кім жылдам»

Бұл кезеңінің тапсырмасы оқушыларды аз уақыт ішінде тез жұмыс жасауға баулу.

4-кезең «Ғажайып алаң»

Бұл кезеңнің тапсырмалары оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Әр дұрыс жауапқа ұяшық номеріне сай ұпай саны беріледі.

Міне, осындай формадағы интеллектуалды ойындар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Бұл ойын түрінің әр түрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адам қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Интеллектуалды ойындарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі интеллектуалды ойындарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге де үйренеді деп ойлаймын.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыруда бірден-бір құрал — компьютер Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту:
-         жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
-         жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
-         жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
-         бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
-         мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
-         бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;

Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.

1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылың ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.

2. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.

Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.

Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;
- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);
- әрбір
оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

-  белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

 

Абай атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

Тұжырымдама

«Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда педагогикалық технологиялар»

 

 

 

 

Информатика пәні мұғалімі Г.Қ.Қошқарбаева

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Мұғаліммін

Мұғаліммін, мұғалімді түсінемін

Алғыс алған үлкеннен де кішіден

Әділдікті ту ғып үстап қашанда

Ізгілікті байқатамын ісімнен.

 

Мұғаліммін, мұғалімді білемін

Сан жыл өтсін ұмытпайтын түлегін

Ойлылық пен парасатқа меңзеген

Нұрға бөлеп шәкіртінің жүрегін

 

Мұғаліммін, мұғалімді ұғамын

Шықсам шыңға мұғалім боп шығамын

Жақсылықты жанға қуат етем де

Жамандықты мұғалім боп жығамын.

 

Мұғаліммін, мұғалім боп қиналам

Мұғалімдер өмірдегі сыйлы адам

Шәкіртінің білімі мен білігі

Бар байлығы күнделікті жинаған.

 

Мұғаліммін, мұғалімдер қилы адам

Бірін-бірі туысындай сыйлаған

Балдырғаны таңдай білсе тура жол

Бақыты сол –өмір бойы қимаған.

 

Мұғаліммін, мұғалім боп ойланам

Ешқашанда ізденуін қоймаған

Бір шәкірті бестік алса, мәз болып

Қуаныштан нұрлы жүзі жайнаған.

 

Мұғаліммін, мұғалімді қорғаймын

Естіледі бүгін міне сол жайлы үн.

Маңдайдағы сызығынан солардың

Еңбектерін айқынырақ болжаймын.

 

Мұғаліммін, мұғалім боп гүлденем,

Кейбір сәтте жайма шуақ түрленем.

Тілейтінім тек жақсылық сіздерге,

Жүрек жарды мынау ыстық жырменен.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда педагогикалық технологиялар»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 882 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.09.2016 1923
    • DOCX 24.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қошқарбаева Гүлзат Қанатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қошқарбаева Гүлзат Қанатқызы
    Қошқарбаева Гүлзат Қанатқызы
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10385
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек