Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Статьи / ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ МАҚАЛ МЕН МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ МАҚАЛ МЕН МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Дахбай Б.Д, Исабекова А.Р. (E-mail: aikosha_issabekova@mail.ru)

Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова, Казахстан, город Караганда.


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ МАҚАЛ МЕН МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал-мәтел көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады.

Қазақ халқы да, өзге халықтар сияқты, атам заманнан қорланып, сұрыптала сұлуланып, жиналы сақталып, бүгінгі күнге жеткен фольклоры бар халық. Халықтың өмір тәжірибесін, жақсылық пен жамандық туралы ұғымын, тіршіліктің сан тарауына берген бағасын, белгілі бір құбылыстардың қорытындысын, тобықтай түйінін әрі қысқа, әрі нұсқа етіп айтатын ғибрат сөздер - мақал-мәтелдің ауыз әдебиетінде алатын орны бірегей. Мақал-мәтелдерде халықтың дүниені танып-білуінің дәрежесі байқалады, адамшылық, отаншылдық, еңбекшілдік, мәрттік, ізгілік, қаһармандық, мейірімділік секілді қасиеттердің парқы ажыратылып көрсетіліеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда мақал-мәтелдерді қазақ қауымының ғибрат кітабы, ұстаздық, тәлімгерлік шежіресі, педагогикалық көзқарасы ретінде де бағалауға болады.

Фольклорлық афоризмдер саналатын мақал-мәтелдерді зерттеу орыс тіл білімінде ертеден-ақ қолға алынған. Бұл салада пікір айтқан ғалымдар қатарында А.А.Потебня, В.П.Аникин, Г.Л.Пермяков, З.К.Тарлановтар бар.

Қазақ тіл білімінде халық философиясының көрінісі саналатын мақал-мәтелдерді зерттеу басында М.Әуезов, М.Ғабдуллин тұрды. Бұл салада жемісті еңбек етіп, елеулі пікір айтқандар қатарында Р.Сәрсенбаевты, М.Әлімбаевты, М.Балақаевты, Б.Адамбаевты атау орынды. Сол сияқты мақал-мәтелдердің жазу мен сөйлесуде қолданылуы, зерттелуі, аударылуы, түрлі синтаксистік, морфологиялық, лексикалық-өзгеріске түсіп қолданылуы тұрғысынан өз пікірлерін ортаға салған Ө.Айтбаев, Г.Турабаева, О.Сұлтаньяев. Қазақ тіл білімінде халық философиясының көрінісі саналатын мақал-мәтелдерді зерттеу басында М.Әуезов, М.Ғабдуллин тұрды. Бұл салада жемісті еңбек етіп, елеулі пікір айтқандар қатарында Р.Сәрсенбаевты, М.Балақаевты, Б.Адамбаевты атау орынды. Сол сияқты мақал-мәтелдердің жазу мен сөйлесуде қолданылуы, зерттелуі, аударылуы, түрлі синтаксистік, морфологиялық, лексикалық-өзгеріске түсіп қолданылуы тұрғысынан өз пікірлерін ортаға салған Ө.Айтбаев, Г.Турабаева, О.Сұлтаньяев сияқты зерттеушілер еңбектерінің қазақ парамиологиясының қалыптасуына елеулі үлесі бар.

«Энциклопедиялық әдеби сөздіктен» афоризмдерге фольклорда мақал-мәтелдер, ал көркем әдебиетте (жазба әдебиетте) гнома, сентенция, максима, апофтегма, хрия секілді нақыл сөздер жататыны атап көрсетіледі әрі афоризм жеке жанр ретінде белгілі болғаны да ескертіледі /Ларош, Паскаль, Прутков/ [1].

Ана тілімізде мақал-мәтелдердің алғаш жазба деректерде кездесуі Ш.Уәлиханов есімімен байланысты. Тұнғыш ғалым Н.Ф.Костылецкий үшін жинап, «Үлкен орданың мәтелдері» деп атаған қолжазбасына 33 мақал-мәтел енгізген екен. Ы.Алтынсарин өз хрестоматиясында халқымыздың ең тандаулы, көркем санаған мақал-мәтелдердін он түрлі мағыналық топқа жүктейді. Сондай-ақ А.Диваев пен И.Ибрагимов жинастырған мақал-мәтелдер 1889 жылы Ташкентте жарық көрген. А.Вамбери, И.Терентьев сияқты орыс миссионерлерінің бұл салада азды-көпті үлесі байқалады. 1923 жылы Москвада «Мың бір мақал» жинағы орыс тілінде жарық көрсе, 1941 жылы басылған «Қаһарлы сөз қамал бұзады» деген жинағы мен ұлы Отан Соғысынан кейін шығарылған кітаптарға ана тіліміздіің алтын қорындағы бұл мақал-мәтелдердімізбен аударма арқылы да қосылған біраз қазына енген.

А.Х.Қожахметованың еңбегінде фразеологизмдердің көркем шығармаларда қолданылу мүмкіндіктері қарастырылған. Автор В.В.Виноградов пен Н.И.Шанский классификациясына сүйене отырып, фразеологиялық тіркестердің семантикалық ұласуын 4 топқа бөледі де, мақал-мәтел афоризм, қанатты сөздерді фразеологиялық түйдектер қатарына жатқызады [2,3]. Қазақ фольклорындағы шағын жанрларды қарастырған Б.Адамбаев «Халық даналығы» атты кітабының I тарауын мақал-мәтелдерге арнап, олардың шығу төркіні, қалыптасу жолдары, зерттелуі, мағыналық топтары, құрылымы мен поэтикасы туралы өз ойларын салады.

Негізінен ғалым пікірлерімен келісетінімізді айта отырып, филология ғылымының докторы, профессор О.А.Сұлтаньяев [4] көрсеткендей, мұнда мақал-мәтелдердің логико-семантикалық топтарының мүлде аз көрсетілгенін айта кеткіміз келеді. Ал аталған автор қазақ паремияларын алғаш қағаз бетіне түсірген Ш.Уәлихановтың топтамасы туралы құнды пікір айта отырып, бұл қазынаны аудару ісінде «ұлтық колорит, бейнелілік, тілге жеңілдік» сақталуы аса зәру қажеттілік екеніне назар аударады. Сондай-ақ Ө.Айтбаевтың тақырыптағы мақаласы да көніл қоярлық дүние болып табылады [5].

«Фольклорлық афоризм» тіркесінің өзі алогизм болып келуі мүмкін, сондықтан осы терминге тоқтала кетуді ретсіз бола қоймас деп есептейміз.

Фольклор – ауыз әдебиеті, яғни ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп, шығарманың әу бастағы шығарушысы, айтушысы ұмытылып қалған әдеби мұра екенін ескерсек, афоризм, яғни «авторы бар нақыл сөз» деген ұғыммен тіркесі көңілімізге бірден қонбайды. Жалпы редакциясын қазақтың әлемге танымал сөз зергері М.Әуезов басқарған «Қазақ әдебиетінің тарихы» оқулығында мақал-мәтелге мынадай анықтама берілген: «Мақал-мәтел – халық әдебиетінің қоғамдық құбылыстарды кең қамтитын, өмірдегі әр қилы қарым-қатынастарды әсерлі беретін, мазмұны бай, ең бір мол саласы.

Мақал-мәтел дегеніміз – халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшам түрде, ұтымды, өткір етіп айтып беретін кестелі сөз. Мақал толық тұлғалы болады, ойы тұтас келеді, әдетте ол бір немесе бірнеше толық сөйлемнен құрылады. Ал мәтел, мақал сияқты, толық түрінде құрылмай, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты, орамды сөйлемше түрінде жасалады» - дейді [6].

Қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші М.Әуезов, М.Ғабдуллин мақал-мәтелдердің халық философисының көрінісі екенін көрсетіп, олардың жоғарыда аталған белгілерін, бейнелілік, әсерлілік сияқты сипаттарын, оларды қолданушылардың көзқарасын білдірер қасиеттерін атайды: «Мақал – үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді, ол адам өмірінде, тұрмыс тіршілігінде, қоғамдық жағдайларда кездесетін оқиғаларға берілген даналық баға, байсалды тұжырым есебінде қолданылады» [7]. Мақал-мәтелдер сөйлем құрылысына өте жақын: жай сөйлем және құрмалас сөйлем түрінде келеді. Мақал-мәтелдердің қайсы түрі болса да, хабарлы сөйлем тобына жатады. Бір тармақтан тұратын мәтелдер жай сөйлем деп қаралып, жақты, жақсыз, белгісіз жақты және жалпылама жақты, толымды, толымсыз, атаулы сөйлем түрінде келеді.

Екі тармақтан құрылатын мақалдар құрмалас сөйлемдердің үлгісімен жасалады. Салаласа байланысқан құрмаластардың баяндауыштары тиянақты болады. Сабақтаса құрмаласа байланысқан мақалдардағы шартты, қарсылықты, себеп, мезгіл және салыстырмалы бағыныңқылардың баяндауыштары ықшамдылып, басыңқы тармақтың мағынасын толықтыру, пысықтау, анықтау мақсатында қолданылады.

Мақал-мәтелдердің зерттерлеуін, бір тармақта болса олар жай сөйлем, екі тармақты болса құрмалас сөйлем үлгісінде жасалады.

Мақал-мәтелдерді мынадай ерекшеліктері арқылы ажыратуға болады:

1.Мағыналық мазмұнына байланысты. Мақал белгілі тиянақты ойды астарлы ауыспалы мағынамен образды түрде жеткізіп отырады. Мұнда себеп-салдар мен дәлел қатар беріледі.

«Келін жақсы болса, немересі тәтті»

«Аузы күйген, үріп ішер» дегендердің алғашқы тармағы оқиғаның себебі мен салдарын баяндаса, соңғылары дәлелі мен қорытындысын білдіреді.

Мәтел мақалға қарағанда өмір құбылысын болжал, ишаратпен ғана бейнелейді де, ойды толық аяқтамайды.

«Бетегеден биік, жусаннан аласа».

2. Синтаксистік құрылысы жағынан да өзгеше болады. Мақал, мәтелге қарағанда, құрмалас сөйлем күйінде жиі ұшырайды.

«Батыр туса, ел ырысы,

Жаңбыр жауса, жер ырысы».

Ал, мәтел, көбіне бір жәй сөйлем түрінде кезедеседі. Мәтел, қашан да оқиғаны, өмір құбылысын толық сөйлем күйінде білдірмей, ойды аяқсыз қалдырып отырады.

3. Тағы бір ерекшелік – ол етістік баяндауыш сөздердің түсіп қалу заңдылығы. Мәтелдің құрамындағы етістіктен болған баяндауыш сөз көбіне айтылмай, түсіп қалады. Бұл жағдай, мәтелдіің оқиғаны ишаратпен ғана жеткізуіне лайықты жасалатын тәсіл.

Сонымен, мақал мен мәтелдің айырмасы олардың құрамындағы компоненттердің санына да байланысты. Халық қашанда «мақал-мәтел» деп қосып айта салады да, ол екеуінің айырмашылығын ашып жатпайды. Өйткені, бұл екеуінің сыртқы, ішкі құрылысы бір-біріне өте жуық жатады. Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, өзінің қысқа көлемділігі мен аса терең, айқын образдылығы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Олар түйдек бір пікірді бір сөйлем арқылы да бере алады.

Қорыта келгенде мақал тиянақты ойды ауыспалы, астарлы мағнада, себеп-салдар мен дәлелі қатар беріледі. Ал, мәтел мақалға қарағанда өмір құбылысын болжап, ишаратпен беріледі және баяндаушысы болмайды.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Литературный энциклопедический словарь. – Москва, 1987, С.138.

  2. Тұрабаева Г.К. Оккозиональные преобразование пословиц и поговорок в казахском языке. Автореф. дис.канд., - Алматы, 1989, С. 26

  3. Қожахметова Х.А. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданыстары. – Алматы: Мектеп, 1972, 112-б.

  4. Султанбаев О.А. Премя через призму двуязычия. // Акт. проб. двуязычия и пути совер. подготовки кадров в республики. – Караганда, 1997, С. 46-51.

  5. Айтбаев О. Мақал –мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі. Сөз өнері – Алматы: Жазушы, 1978, 37-45-бб.

  6. Әуезов М.О. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т.- Алматы, 1960, 394-б.

  7. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы, 1958, 93-б.


Автор
Дата добавления 31.05.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Статьи
Просмотров91
Номер материала ДБ-105817
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх