Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / «Оқушылардың тілдік қорын және оның ішкі интеллектуалды ішкі жиынын өркендету» курстық бағдарлама 1 сынып

«Оқушылардың тілдік қорын және оның ішкі интеллектуалды ішкі жиынын өркендету» курстық бағдарлама 1 сынып

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Павлодар облысы Лебяжі ауданы

Бекмұрат Уахатов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп






Жұмыс бағдарламасы


«Оқушылардың тілдік қорын және оның ішкі

интеллектуалды әлеует жиынын өркендету» курсы

3-сынып












Оқыту түрі: күндізгі


Дәріс 33сағат


БАРЛЫҒЫ: 33 сағат











Құрастырған: Бастауыш сынып мұғалімі

Исагалиева Айгүл Сабыржановна.


Мерғалым ауылы Қорт - 2015 жыл.

Кіріспе


Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан модернизациялау үдерісі – білім мазмұны мен сапасын арттыру,білім берудің ұлттық моделін жетілдіру ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру бағыттарында жүзеге асып жатыр.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей,кез-келген мемлекеттің экономикалық,әлеуметтік,мәдени жетістігі сол елдің білім жүйесі мен білім дәрежесіне байланысты.Өйткені,білім мен ғылым арқылы қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.Сондықтан да бүгінгі өркениет білім парадигмасын өзгертуді талап етеді.

Бүгінде білім – қоғамның әлеуметтік-экономикалық,интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес,сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің де кепілі.Осы мәселеде Н.Ә.Назарбаев 2050-стратегиясында интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың үш аспектісін атап көрсетті.Олар:білім,ғылым,инновация.

Бағдарламаның ерекшелігі-дайындықтың барлық деңгейлерінде білімнің жаңа сапасына көшу.

Тіл - ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар көзі. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазіргі және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден – бір сенімді құрал. Елімізді, туған жерімізді ана тіліміз арқылы танып білеміз, халықтың рухани байлығының сарқылмас бастауы да осында. Ана тілін оқыту тілдік қорын және олардың интеллектуалды әлеует жиынын өркедетуді дамыту жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деуге болады. Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған баланың сөйлеген сөзі де, жазғаны да түсінікті болатыны айқын.

«Оқушылардың тілдік қорын және оның ішкі интеллектуалды ішкі жиынын өркендету» курсының басты мақсаты – баланың ойлай білу, оны сыртқа дұрыс қорытып айта білу қабілетін қалыптастыру. Қазақ сөзінің құдіреті, сөйлеудегі керемет тіршілігін сезіндіру, ана тілінің сырларын білу, сөйлеу өнерін игеруге ұмтылу. Осы орайда оқушылардың тілдік қорын және оның ішкі интеллектуалды ішкі жиынын өркендетуде мәдениетті сөйлеуге, қарым – қатынас жасау үшін мынандай талаптар қойылады.

    Біріншіден, сөз мазмұнды болу керек. Бұл талапта оқушылардың сөйлемдегі сөздердің мәнін, мағынасын толық түсінуін қамту. Біздің қоршаған дүниені танып білудің екі жолы бар:

а) бақылау арқылы (көру,есту,сезу)

ә)   сөз арқылы жаңа ұғымды қабылдау.

Бұл екі тәсіл де белсенді ойлау, есту қабілеттері арқылы жүзеге асады.

   Екіншіден, сөз жүйелі болу керек. Бала өз ойын ауызша, жазбаша айту кезінде ойға байланысты негізгі сөзге назар аударады.

   Үшіншіден, сөзіміз нақты және анық болу керек. Баланың өз ойын жеткізуде ең қажетті сөздерді, сөз тіркесін, сөйлемдерді ретке алады.

   Төртіншіден, сөзіміз мәнерлі болу қажет, ол сөздер оқушылардың сезіміне әсер ету керек.

   Бесіншіден, сөзіміз түсінікті болу қажет, оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығы, білім деңгейі еске алынады. Тілдің дұрыстығы, нақтылығы, дәлдігі, түсініктілігі, мәнерлілігі тіл дамыту жұмыстарын жүргізудегі басты міндет.

Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдай меңгерту-оқушылар білімін тереңдетіп, берілген білімнің ұзақ уақыт естерінде сақталатындығын көрсетеді.

«Оқушылардың тілдік қорын және оның ішкі интеллектуалды жиынын өркендету» мәселесі – күрделі әрі ұзақ түрде жүргізілетін процесс.

Олай болса,бастауыш сынып оқушыларына лексикалық қорын және олардың санасына жаңа ұғымдарды тұрақтандыру,оқушылардың құзыреттілігін ,сонымен қоса оқушылардың ішкі интеллектуалды әлеут жиынын ілгерілету және ырықтандыру керек..
































Курстың мақсаты:


- оқушының сөздік қорын молайтуға дамыту;

- өз ойларын емін-еркін айта білуге үйрету;

- көркем мәтіндерді мәнерлеп,сазына келтіріп оқуға баулу;

- шығармашылық қабілеттерін дамыту;


Курстың міндеті:

- ой қабілеттерін шынықтыру;

- сөйлеу өнерін игерту;

- ауызекі және жазбаша тілдерін дамыту.

- өз бетімен іздене білуге үйрету.

- қосымша материалдармен сауатты жұмыс істей білу.

- шығармашылық қасиеттерін дамыту.




Оқушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар.



Оқушылар білуі керек:

-тіл заңдылықтарын қолдануын;

- ауызекі сөйлеуін;

- өз ойын анық айта білу;

- ойын жазбаша бере білуін;

- каллиграфиялық дағдыларын меңгере білуі керек.


Оқушылар игеру керек.


- Өзіне берілген тапсырманы тиянақты орындауды;

- білік пен дағдыларын ойын арқылы ұштастыруын:

- грамматикалық ұғымдарды;

-өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуін.













Міндетті деңгейге қойылатын талаптар:


  • өз беттерімен мәтіндер, әңгімелер құрастыра білу;

  • талдау, пікір айта білу;

  • Шағын мақала, өлең, ертегілерді ойдан шығарту, талдау жасауға икемдеу.



Мүмкіндік деңгейге қойылатын талаптар:


  • қазақ тілінің сөз байлығын, әр сөздің мағыналық ерекшелігін жете танып, өмірде таңдап, талғап қолдана білу.

  • Ауызекі сөйлеу барысында, түрлі жазба жұмыстарын орындау барысында сауатты сөйлеп, сауатты жазу машығын қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже:


  • өздігінен шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады;

  • сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады;

  • сөздік қорын өз бетінше толықтырады;

  • оқу материалдары бойынша (диалог, сұхбат, әңгіме, пікір алмасу) т.б. қажетті дағдыларды меңгереді
























1- сыныпқа арналған


«Оқушылардың тілдік қорын және оның ішкі интеллектуалды әлеует жиынын өркендету» курсы бойынша бағдарлама


1-бөлім. Кіріспе

«Оқушылардың тілдік қорын және оның ішкі интеллектуалды жиынын өркендету» курсы туралы түсініктерін кеңейту.


2-бөлім.

Дидактикалық ойын.

Мақсаты:Оқушылар арқылы байқампаздыққа,ізденімпаздыққа,

продуктивті ойлау қабілеттерін дамыту.

3-бөлім.

Танымдық ойын.

Мақсаты:Оқушыларды ойлай білуге,өз бетімен жұмыс жасауға,тапқырлыққа үйрету.


4-бөлім.

Рөльдік ойын

Мақсаты:Тілін дамытуда,сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін,дүниетанымын жетілдіру.


5-бөлім.

Шығармашылық ойын.

Мақсаты:Берілген тапсырманы ынтамен,зейінін салып,ықыласпен

орындауға үйрету.


6-бөлім.

Алгоритмді ойын.

Мақсаты:Тапқырлыққа дұрыс жауап беруге дағдыландыру.


7-бөлім.

Интеллектуалды ойын.

Мақсаты:Зейінін жинақтап,сабақты көңіл қоя тыңдатып,берілген

білім мен дағдыны меңгерту.









«Оқушылардың тілдік қорын және оның ішкі

интеллектуалды әлеует жиынын өркендету»

курсы бойынша күнтізбелік жоспар

1-сынып

2013-2014 оқу жылы


Р.с

Тақырыбы

Сағ.

саны

Мерзімі

1

Тіл дамыту туралы түсініктерін кеңейту

1


2

Суретке қарап шағын әңгіме айту

1


3

«Қажетті сөздерді тап» ойыны

1


4

«Менің отбасым» тақырыбына әңгіме

1


5

Күзгі табиғат

1


6

Саябаққа саяхат

1


7

Саябаққа саяхат

1


8

«Алтын күз бізге не береді?» (мазмұнды ойын)

1


9

Қыс қызығы

1


10

Қыстап қалатын құстар

1


11

Қыстап қалатын құстар

1


12

Ертегілер әлеміне саяхат

1


13

Көктемгі жаңбыр

1


14

«Көктемгі жауын» (қимылды ойын)

1


15

Көктемгі жаңбырдан соң

1


16

«Көрікті көктем» (ертеңгілік)

1


17

Жаз мезгіліндегі сауықтыру мерекесі

1


18

Әдептілік әліппесі

1


19

Еңбек етсең ерінбей

1


20

Табиғат тамашалары

1


21

Табиғат тамашалары

1


22

«Қыс қызығы» әні

1


23

Менің Отаным - Қазақстаным

1


24

Менің Отаным - Қазақстаным

1


25

«Сөз ойлан,тез ойлан»

1


26

«Менің алтын ұя мектебім» (тақырыбына мәтін құрастыру)

1


27

Ребус ойлап табайық

1


28

Нақыл сөздер жаттайық

1


29

Тірек сөздер арқылы мәтін жазайық

1


30

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

1


31

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

1


32

«Жақсы мен жаман» (мақал-мәтелдер сайысы)

1


33

Шығармашылық жұмыстар. (Қорытынды сабақ)

1








Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақ тілінен сын жұмыстары.К.Ерешова,Ұ.Ботабаева,РМуханова

2.Өтірік өлеңдер. Б.Кірісбаев

3.Жұмбақтар. Қ.Қайым

4.Жаңылтпаштар С.Қапшықпайұлы

5.Бала тілі бал Ж.Нұсқабайұлы

6.Ғажайып ойындар. А.Амангелді

7.Әңгімелер,ертегілер

8.Бастауыш мектеп

9.Газет-журналдар

10. «Шың» № 4 2006 , № 1 2006 , № 4 2003 ж. баспа кітабы.

11. «Жаңылтпаштар» Т.Дәуітұлы, Алматы 2004 ж.

12. «Жыл он екі ай» журналы № 3 , № 4 2010ж

13.«Ақылдың көзі» Алматы, «Жазушы» 1990ж

14. Қазақ тілінен -Дайындауыш сабақ -Көкшетау 2008ж

15. С.Мәуленов, «Жазушы» А, 1982ж

16. Қ.Мырзалиев «Күміс қоңырау» «Атамұра», А, 1989ж

17.Қазақ тілі.Суретті сөздік.Еденбаева З.И,Искакова Р.А.

18. Дыбыс жүйесінің негіздері .А.Е.Исабаев

19. Ж.Сәтібеков, «Таңсәрі», «Жазушы», А, 1995ж

20.Қырық қазына Ә.Доспамбетова Алматы 1987



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Номер материала ДВ-186343
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх