Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасы мен мектеп тәрбиесі

Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасы мен мектеп тәрбиесі



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасы мен мектеп тәрбиесі


Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғам өркениетілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыпттасады.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десен, бесігінді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгінің ұстары, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отырады. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік - отбасы болса, екіншісі, алтын ұя - мектеп. Бұл екі ортаныңда мақсат мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата- анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.
Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көргендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетесы ата-ана арқылы отбасында қаланады.
Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс -әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала- ата –ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін – бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата- ана мен балалар арасындағы мейрімді, қарым- қатынастың қатынасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады. Баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа, адалдыққа баулып өсіруі шарт. Осы тамаша қасиеттердің бәрін ата - ана бойынан тауып, соған еліктеп өссе және әрбір ата - ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өміріндегі шынайы досына айналса, тер төккен еңбегінің жанғаны. Ал мектеп баланы болашаққа дайындап, келешек өмірін қай бағытпен жүрсе дұрыс екенін, өзідерінің керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя. Отбасынан кейінгі, үйіміз мектеп осы мектепте, отбасының тәрбие бағыт беріп келген жерінен бастап, сол тәлім –тәрбиені, бағыт беруші. Мектеп пен отбасы арасында саналы да тәрбиелі бала тәрбиелеу үшін өте тығыз байланыста болуы керек. Бірлік арқылы біз көздеген мақсатымызға жетеміз. Және де адамға тән жақсы қасиеттердің бәрі бойына алған саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз.
Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре береді. Сондықтан «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» екенін ескеріп, жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу – ең негізгі міндетіміз. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ
Бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман талабына ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Қазақ зиялылыарының бірі М. Жұмабаевтың «тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емесе, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы балалар тәрбиесінде ата-аналар алдында үлкен жауапкершілікте тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс. Бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болды. Біріншісі, отбасының мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отырғандығы. Мұнда ата-аналар балаларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін оларды ең таңдаулы мектепке оқуға береді. Оқушылардың ұлыттық тәрбие алу мен қоса әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалану қолға алынуда. Мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы нәтижесінде ата-аналар тарапынан мектептің педагогикалық қызметіне әр түрлі көмектер көрсету, атап айтқанда, демеушілік жасау, тәрбие тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби қызмет саласын кірістіру және т.б. жүзеге асырылады.
Екіншіден, отбасының мектеппен ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлық пен қарауы орын алуда. Бұл күн көріс жағдайы мен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті, ата-аналардың жиналысқа келмеуі, мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауы, бала тәрбиесінен қатысты аз оқитындығы және т.б. арқылы айқындалады.. «Баланы жастан»- демекші бала тұылғаннан бастап, оны тәрбиелеуміз керек. Бұрын бір кісі бір білімді, иманды молдаға барып «мен баламды қалай тәрбиелейін және қай уақыттан бастап деп сұраса? Сонда сол молда одан сұрапты, балаң қанша да? Ол 3 айлық дегенде онда сен үш ай кешігіпсің»- деген екен. Сол үшін менің балам әлі жас үлкейгенде ақыл кіреді,сонда бәрін түсіндіремін деп жүріп, уақыттың қалай өткізіп алғанын сезбестен, көпшілік ата-аналар баларын қолдан шығырып алуда. Кейбір ата –аналар бар өздерінің балаларының тәрбиесіне, оқына, күнделікті не істеп жүргенін қадағаламай, бір күні баласының жаман жолға түсіп кеткенін білген ата-ана мектепке барып, мұғаліміне айқайлайды , сонда оның ойынша мектеп жасындағы жасөспірімдерді тек мектеп ғана тәрбиелейді - деген ата-аналар аз емесе. Негізінде бұндай ой дұрыс емес , бала мектепте ары барса 3-4 сағат ғана болады, ал қалған уақытын үйде өткізеді емес пе? Қазіргі кездегі жасөспірімдердің байқаусызда жаман жолға түсіп кетіп жатқанының бірден бір себебі осы. Мекеп пен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың болмауы. Кейбір ата-аналар мектепте жйналыс болып жатса, бармайды «қойшы, айтатыны тек мектепке өз үлестеріңізді қосыңыздар, сұрайтындары, айтатындары тек ақша»-деп барғысыда келмейтіндер аз емес. Егер жиналыстарда мұғалімдер балаларының тәрбиесін, білім дәрежесінің қандай екенін, айтып ата-аналармен көп бірігіп жұмыс жасап, баланы екі жақтан қолға алып тәрбиелесе. Үйде ата –аналар баласының бүгін не істедің? Қандай сабақтар өттің, алып кел қай жеріне түсінбедің? Үй тапсырмасын бірге орындайық деп қадағалап отыратын болса.Келешектегі болашақ жастар саналыда, тәрбиелі,білімді болып өсер еді. Мұның барлығы негізінде мұғалімге келіп тіреледі. Әрбір мұғалім сынып жетекші болып, жұмыс істейді емес пе? Сол мұғалімнің ата-аналар мен қалай қарым-қатынас жасау қабілеті болу керек. Егерде сенің білім дәрежең жоғары, саналы жан болсаң. Сенің қасыңдағы кісі 90 жаста болсада, сен онымен қандай жағдайда болса да, оған түсіндіре алатын боласың. Әрбір мұғалім ата-анамен көп қарым-қатынас жасап, көп байланыста жүруі керек. Өйткені баланы тәрбиелеуге өзінің шамасы жетпейді. Халқымыз бекер айтпаған ғой « Бірлік болмай, тірлік болмас»- демекші ата –аналармен мектеп арасында тығыз байланыста болуы керек. Енді келешекте мекептерге, міне біздер мұғалім болып барамыз емес пе? Келешек ұрпақты біз тәрбиелейміз .Сол үшін біздер қазір қолымыздан келгенше сапалы білім алып, жан-жағымыздағы қандай жастағы адамдар болсын қарым-қатынас жасай білуге бейімделуіміз керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде ұлы Абайдың даналық ойларына терең үңіліп, ойымды аяқтай келе
Бес нәрседен қашық бол. Бес дұшпанын білсеңіз.
Бес нәрсеге саық бол, Талап, еңбек терең ой,
Адам болам десеңіз, Қанағат рахым, ойлап қой,
 
Тілеуің өмірің алдыңда, Бес асыл іс көнсеңіз.
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Мұндағы қашық болатын бес қасиет бала бойына алдыртпасақ, ал асық болатын бес нәрсені тәрбиенің түп қазығы етіп алсақ көздеген мақсатқа жетеріміз анық.. «Санаға сілкініс, тәрбиеге серпіліс»




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров358
Номер материала ДВ-261515
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх