Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;

библиотека
материалов

hello_html_m630599c2.gif«Тиімді және үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;

Міндеттері:

Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін;

- Тамақтану сауаттылығының негізін;

- Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін;

- Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу;

- «Әдемілік және диета» спорт арқылы бойға дариды;

- «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю.

Қолданылатын көрнекіліктер:

- Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы ;

- Дәрігердің кеңестері ;

- Дәрумендер жиыны;

- Көкөністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы;

- Жарнамалар.


Ақпараттандырылған тәрбие сағатының барысы :

І- бөлім

1.Бой жазу:

Мұғалім:

- Балалар, сендерге Данышпан атай жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар , өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі тәрбие сағатымыз да сол жұмбақтың жауабымен аталады.

Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сұреді.

Қадірін білген жарандар,

Байлық осы деседі. (денсаулық)

Мұғалім:

Сонымен құрметті оқушылар сендер түсінген боларсыңдар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Тиімді және үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі», яғни дені сау, сымбытты да сұлу болу үші қалай тамақтану керек және немен айналысу қажеттігі туралы ой қозғаймыз.

ІІ- бөлім: қызығушылықты ояту

Ас дастарханға қалай келеді?

Оқушылардың пікірін тындау.

ІІІ – бөлім: мағнынаны тыңдау

Нан туралы ақал - кеңестер.

*Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа жатпайды.

*Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.

*«Дүниедегі көп байлықтың негізгісі - нан».

*«Ас жүрген жерде - береке».

*«Дастархан дәмі - киелі».

ІV – бөлім: «Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар».

Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

3.Ас үстінен аттама

Астан үлкен емессің

4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.

5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды

6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды

7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.

8.Ертеңгі асты тастама

Кешкі асқа қарама.

Балаға ми жеуге болмайды.

Ми жемейді жас бала,

Миды ұсын басқаға,

Былжыр болып өсеміз,

Ынжық болу масқара.

9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.

10.Дастарханнан аттауға болмайды.

11.Өле жегенше,

Ағайынмен бөле же.

12.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.

- Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады.


Жұмбақ:

Алға жайып тұз дәмін

Келтіреді үй сәнін

Ол халқымның ақ жаны

Жақсы дәстүр маржаны

Кең пейілде арайлы

Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)

Олай болса бәріміз бірге «Берекелі дастархан» әннін шырқайық.


Мұғалім:

«Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі- киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астық киесі ұрады дейді. Естеріңде болсын, балалар! Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады. Сондай-ақ дастарханға алдымен нанды қояды.

Нан туралы тақпақтар

1. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірдің ана сүті арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

2. Бір кезде болып нанға зар,

Қадірін білген адамдар.

Әулие тұтып нанды ұстап,

«Нан ұрсын» деп қарғанар

Нан ардақты адал ас

Кәрі – жас одан аттамас.

3. Нанға үлкен жүрекпен қараңдар

Нанды өмір деп санаңдар

Нан болмаса

Қызығың, бақытың

Құр әуре, далбаса.


4. Нандай жоқ қой асыл дәм

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарқаннан нан кетсе

Береке кетер асыңнан

Ей, балалар, балалар

Болмаңдар сірә нанға зар

Өмірдің алтын арқауы

Бар қасиет нанда бар.


V – бөлім: ас ішу тәртібі

1. Тарта жесең, тай қалар,

Қоя жесең, қой қалар,

Қоймай жесең не қалар.

Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.

3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.

4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.

5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,

6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт тағы басқалар жатады.

Мұғалім:

-Ас ішу тәртібін өте жақсы біледі екенсіңдер, сонымен қатар спортпен де шұғылдансаңдар нағыз дені сау азамат боласыңдар. Ортаға спортшыларымызды шақырайық. Көрініс тамашалаңыздар.


Мұғалім:

-Қазіргі тойларда дастархан жаю мәдениет дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады. Әсіресе, жеміс пен көкініс дастарханның сәні.


Қауын –қарбыз, көкөніс

Қанша жидек, көп жеміс.

Қане, тойда тойыңдар,

Кәдеден соң ойын бар, - демекші енді ойын оынап алайық.


Ортаға жеті бала шақырылып, «пайдалы тағам» ойынын ойнайды.


VІ – бөлім: жағдаяттарды шешу:

Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дүрыс тамақтансаң қайтер еді ?» деді. Самат анасына : « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша ?» деді.

- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па ?

Оқушылар:

Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен

тиімді тамақтану қажет.

«Ән болса – дән болады, дән болса –нан болады» дегендей ән шырқайы бәріміз.


VІІ – бөлім: бата беру

Ас болған жерде бата беріледі. Ендеше батаға кезек береміз.

Амандық берсін басыңа

Қадір келсін қасыңа

Бар екем деп тасыма

Жоқ екем деп жасыма

Еңбек етсең ерінбей

Дәулет келер қасыңа.

Әумин!

VІІІ – бөлім: ой қорыту


Мұғалім:

- Балалар. Біз бүгін сендермен ата-аналардың, мектеп дәрігерінің ынытымақтасуымен «Салауатты өмір салтының » қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдадық.

Сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды білдіңдеріңді көрсеттіңдер.Білгендеріңді естен шығармай, өмірде орнымен қолдануға тырысуларың керек. Тәрбие сағатымыз аяқталды, сау болыңыздар.
















Тақырыбы:

«Тиімді және үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі»





Сынып жетекші: Таңатар Мөлдір Ботбайқызы

















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров129
Номер материала ДВ-396216
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх