Инфоурок Биология Другие методич. материалы8 сынып оқушыларына арналған зертханалық жұмыстар жинағы

8 оқушыларына арналған зертханалық жұмыстар жинағы биология

Скачать материал

 

 

 

Қостанай облысы

Ұзынкөл ауданы

«№2 Ұзынкөл орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биология пәнінің лаборатория жұмыстарын

жүргізуге арналған оқулыққа қосымша әдістемелік құрал

8 сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жыл

Сынып:

Күні:

№1 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жасушалар мен ұлпалардың микропрепараттарын микроскоппен көріп талдау

Жұмыстың мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, жасушалар және ұлпалар құрылысымен танысу.

Керекті құрал-жабдықтар: микроскоптар, әр түрлі ұлпа жасушаларының дайын микропрепараттары; Көлденең белдеуленген бұлшық ет ұлпасы , Тегіс бұлшықет ұлпасы, Сүйек ұлпасы, Бір қабатты эпителий , Жүйке жасушалары.

Жұмыс реті:

1.Әр түрлі ұлпа жасушаларының құрылысын дайын препараттарын қараңдар. Құрылымдық элементтерін (мембрана, цитоплазма, ядро) табыңдар. Микроскоп арқылы көрген органоидтерін көрсетіп, жасушаның суретін салыңдар.

2. Ұлпалардың аттарын анықтап, дәптерге салыңдар.

9.3.2. Соединительные ткани

Бұл ұлпалардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы қорытынды жасаңдар. Бұл ұлпалардың құрылымдық бөліктерін табыңдар. Ұлпаларда жасушалар бірдей орналасқан ба?

         Көрген ұлпаларыңның суретін алыңдар. Органоидтерін жазыңдар. Оқулықтағы ұлпалардың суретімен салыстырыңдар.

 

Қорытынды:  Әрбір ұлпа топтарының өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттаманы дәптерге жазып, ұлпа ұғымына анықтама беру.

 

 

 

Сынып:

ФИО:

Күні:

№2 Зертханалық жұмыс           

Тақырыбы: Тізе рефлексін бақылау

Жұмыстың мақсаты: Оқушыларды рефлекстерді практика жүзінде көрсету, тізе рефлексінің мысалында.

Қажетті құрал-жабдықтар: орындық, темір балға, сызғыш.

Жұмыс реті

    Бір оқушы орындыққа аяғын бірінің үстіне бірін қойып, яғни аяғын айқастырып отырады. Екінші оқушы резеңке балғамен немесе алақанның қырымен тізенің төменгі бөлігін жайлап ұрады. Осы кезде сіңір жалғамасында пайда болған қозу санның алдыңғы қабырғасының бұлшық етіне беріледі де, аяқ тізе буынынан бүгіліп, алға жоғары қарай тебіледі. Бүгілу сезімтал және қимыл-қозғалыс нейрондар есебінен болады, сондықтан  тізе рефлексі деп аталады.

 

Рефлекс доғасының суретін салыңдар. Оның бөліктерін түрлі түсті бояумен көрсетіңдер.

 

Қорытынды:  Рефлекс доғасы бөліктеріне сәйкестігін көрсетіңдер.

 

1.Рецептор

                            

2.Қимыл қозғалыс жүйке ұштары

 

3. Нейрондық синапс

 

4.Сезімтал жүйке талшықтары

 

5.Қимыл-қозғалыс жүйке талшықтары

А) қозуды жұмыс мүшесіне өткізеді.

Ә) қозуды жұмыс мүшесіне береді;

Б) ішкі мүшелерге тітіркенуді қабылдайды;

В) бір нейроннан басқасына жүйке импульсін береді;

Г) қозуды жүйке жүйесінің орталық бөліміне өткізеді;

Ғ) сыртқы ортадан тітіркенуді қабылдайды.

 

 

 

 

 

Сынып:

ФИО:

Күні:

№3 Зертханалық жұмыс

Тақыоыбы: Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Керекті құрал-жабдықтар: қатты қатырма қағаз, тақтай, шендеуіш, орамал.

 Жұмыстың мақсаты:

1.Сіңір созылғанда қысатын таңғыш сала білу.

2.Білек,иық, тізе, санға шендеуіш (шина) салу әрекеттерін түсіндіре білу.

3.Бас сүйегі, омыртқа жотасы, кеуде қуысының сүйектері сынған кезде алғашқы көмек көрсету ерекшеліктерін түсіндіре білу.

image134image138

Суреттерді дәптерге салып, сандардың аттарын жазып. Сіңірдің орналасқан жерін анықтау.

Қорытынды жасау.

 

 

 

 

Сынып:

ФИО:

Күні:

№4 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бұлшық еттермен жұмыс.

Керекті құрал-жабдықтар:  әртүрлі салмақтағы таразы тастары немесе оның орнын алмастыратын заттар.

 Жұмыстың мақсаты: Бұлшықеттің түрлері және олардың қандай мүшелерде орналасқанын , бұлшықеттің шаршауын анықтау.

Жұмыс барысы:

1.Бұлшық еттердің түрлерімен танысу (көлденең жолақты, бірыңғай салалы). Қандай мүшелерде орналасқанын білу және суреттерін салу.

безымянный007безымянный007безымянный007

 

Кестені толтыру 

 

Ерекше белгілері

Қаңқаның бұлшықеттері

Жүректің бұлшықет ұлпасы

Ішкі мүшелердің бұлшықет ұлпасы

Орналасуы

Талшықтарының пішіні

Талшықтарындағы ядро саны

 

2.Бұлшықеттердің шаршауын анықтау үшін сыныпта тақтаға жақындап біреудің қолыңа ауырлау затты (тас, іші затқа толтырылған ауыр сөмке) ұстаңдар. Ол үшін тақтаға жақындап, ұолды көлбей созып, ауыр заттарды қол шаршағанша ұстап тұрыңдар. Көмекші созған қолдың алғашқы қалпын тақтаға бормен белгілеп қояды. Күш түскен қол белгіленген қалыптан қаншалықты төмент түскенін, бұлшықеттің қанша уақытта шаршағаын сағатпн белгейді. Бұлшықет шаршағанда созылғанқол әлсіреп төмен қарай жылжи береді. Қолың талуы бұлшықеттің шаршауы болып есептеледі.

Қорытынды жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:

ФИО:

Күні:

№5 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Организмнің  дамуы мен өсу деңгейін анықтаудың антропометриялық әдісі.

Керекті құрал-жабдықтар: бойөлшегіш, сантиметрлік  жұмсақ таспа, салмақты өлшейтін таразы.

 Жұмыс барысы:

1.Әрбір оқушы бойын бойөлшегіпен өлшеп, көрсеткішті оқушының жұмыс дәптеріндегі кестеге жазу керек.

2.Жұмсақ таспамен иық жалпақтығын өлшеу.

3.бас шеңберін өлшеу.

4.Кеуде шеңберін өлшеу.

5.Бел шеңберін өлшеу.

6.Сан шеңберін өлшеу.

Көрсеткішті кестеге жазу.

Бойы, см

 

 Дене салмағы, кг

 

Иық жалпақтығы

 

Бас шеңбері

 

Кеуде шеңбері

 

Бел шеңбері

 

Сан шеңбері

 

 

Дене бөліктерің қаншалықты мөлшерлес (пропорционал) екенін ойланып, талдаңдар. Таңертеңгі гигиеналық гимнастикамен айналысыңдар.

Қорытынды жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:

ФИО:

Күні:

№6 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қанның құрамы және жасушаларының құрылысымен танысу

Керекті құрал-жабдықтар: адам қанының микропрепараты, микроскоптар.

Жұмыс барысы:

1.     Микроскопты жұмысқа дайындаңдар.

2.     Микроскопқа адам қанының микропрепаратын орнатыңдар.

3.     Препаратты қараңдар. Эритроциттерді тауып, суретін салыңдар.

клетки кровикровеносный сосуд

 

4.     Қан құрамы неден тұратынын анықтап, қан жасушаларының суретін салу.

кровь 1

 

Кесте толтыру:

Қорытынды жазу.

 

 

 

Сынып:

ФИО:

Күні:

№7 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын анықтау.

Керекті құрал-жабдықтар: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер

Мақсаты:

1.     Тамырдың соғуын есептеуге үйрену

2.     Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүрек жиырылуының жиілігін анықтауды үйрену. Оның әртүрлі жұмыс жағдайындағы ерекшеліктері туралы қорытынды жасау.

Жұмыс барысы:

1.Оқулықтан мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: тамырдың соғуы дегеніміз не? Оны қайдан анықтауға болады? Неліктен тамырдың соғуын адам денесінің сол жерінен табуға болатынын түсіндіріңдер.

2.Кәрі жілік сүйегінің білезік маңынан тамырдың соғуын есептеуді үйреніңдер.Сонымен қатар самайдан, мойынның екі жағынанн саусақпен ақырын басып жүрек соғуын (пульсті) тауып алуға да болады.

Тамырдың соғуы

Көрсеткіш

Жаңа туған нәресте

1 жас

7жас

8

9

10

11

12

13

14

15

ересектер

Тамыр соғуы

 (жиілігі) 1 мин

140-135

120

92

90

88

86

84

82

80

78

76

72

 

3.1 минуттағы: а) отырып; ә) тұрып; б) 10 рет отырып тұрғаннан кейінгі тамырдың соққысын санаңдар.

Денсаулығы сау машықтандырылған адамның жүрек жиырылуының жиілігі қалыпты мөлшері минут ішінде 60-89 рет соғуы қажет. Жастары бірдей ер адамдарға қарағанда әйел адамдардың пульсі 7-10 рет жиірек соғады. Жүрек жиырылуының жиілігін мына шкала арқылы бағалауға болады.

1 минут ішінде 60 тан кем соғу-"өте жақсы"

61-74 соғуы- "жақсы"

75-89 ға дейін соғуы- "қанағаттанарлық"

90-нан артық соғуы-"нашар"

                                  1 минуттағы тамыр соққысының саны  

Отырғанда

Тұрғанда

10 рет отырып, тұрғаннан кейін

 

 

 

4.Алған нәтижелерді салыстырыңдар. Өз жүректерінің тыныштық және жүктеме кезіндегі жұмысы туралы қорытынды жасаңдар.

Қорытынды жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:

ФИО:

Күні:

№8 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жүрек қан тамыр жүйесін бақылау

Керекті құрал-жабдықтар: тонометр

Мақсаты: Қан қысымын өлшейтін құралмен танысу және қанның қысымын өлшеу әдісін білу.

Жұмыс барысы:

         Жұмысты орындауға 2 оқушы қатысады. Бір оқушы орындықа тыныш отырған кезінде оң жақ иық (тоқпан жіліктің артерия қантамырларынан "қолдың қарынан" өлшейді) белдеуіне құралдың манжетасын байлайды. Шынтақтың үстіңгі тұсындағы,қызылтамырдың лүпілін сезу үшін фонендоскопты ұстап тұрады. Одан соң құралдың кранын жауып, алмұрт пішінді резеңке (груша) арқылы ауаны манжетаға айдайды. құралдың шкаласындағы көрсеткіш шамамен 140 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. одан соң алмұрт пішінді резекенің кранын ашып, ауаны жайлап шығара басайды. Ауаға толы манжетаның әсерінен сығылған қан тамырынан қан ағымы басталады. Бұл кезде фонендоскопты  құлағына салып тыңдап отырған оқушы "түк-түк" деген дыбыстың басталуы қызылтамырда қанның аға бастаған кезіне сай. Ол жүректің жұмысына байланысты, ал дыбыстың естілмеуі-қанның ағысынан толық жүруінен боады. Дыбыстың естілмей кетуі шкала бойынша есептеледі. Бұл қан жұмысына сай көрсеткіш кезең. Сөйтіп, "түк-түк" дыбысының басталуы жоғары қан қысымына немесе систолалық қысымға сай көрсеткіш. Ал дыбыстың естілмей кеткен кезеңі- төменгі қан қысымы немесе диастолалық қысым көрсеткіші. Дені сау адамның қанының систолалық қысымы 110-120 мм сынап бағанасымен, ал диастолалық қысымы 70-80 мм сынап бағанасымен өлшенеді. Мұны қысқаша 110/70 немесе 120/80 мм сынып бағанасымен деп жазады. Жасөспірімдердің қаннының қысымы ересек адамдардың қаннының көрсеткішіндей деңгейде болады.

 

Кесте толтыру:

 

Сыныптағы қан қысымы өлшенген оқушылардың тізімі

Өлшеген нәтижелері

Қанның қалыпты нормалары

 

 

 

 

Қорытынды жазу:

Өздеріннің қан қысымындарынды өлшеп төмендегі сұрақтараға жауап беріңдер.

1.     Қанның артериялық қысымы деген не?

2.     Қан қысымын қандай құралмен, дененің қай жерінен өлшейді?

3.     Гипертония, гипотония дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

Сынып:

ФИО:

Күні: 17.01.2015 жыл

№9 Зертханалық жұмыс           

   Қан кеткенде алғашқы көмек көрсету.

Керекті құрал-жабдықтар:  созылғыш дәке, қысатын таңғыш, әр түрлі созылғыш жгут, жай бинт, йодтың 5% дық ерітіндісі.

Мақсаты:

1.     Жгут салуды үйрену.

2.     Қан тамырлары жүйесінің құрылыс мен қызметі туралы білімдерін пайдаланып, артериялық және веналық қан кету кезінде жгут салу туралы әрекетті түсіндіру.

Жұмыс барысы:

1.Оқулықтан жгут салу ережесін оқып, досыңның білегіне жгут салуды үйрен.

Первая помощь при кровотечениях презентация - ваша презентация найдена2.Қан кету- ол қан тамырдың зақымдалу салдарынан одан қанның ағуы.Қан кетудің қанша түрге ажыратады?

 

3. Өз іс-әрекетіңді түсінідіріп, жгут салу ретін сипатаңдар:

а) алдымен қан кету түрін анықтап алу керек, себебі.......................................

 

 

ә) жгутты зақымданған жерге салу тәртібі:...................................................

 

 

б) жгутты былай салу керек:.....................................................................

 

 

в) жгутты шамамен ,............... сағат ұстау керк, себебі........................................................

 

 

4.Кестені толтыр:

Сала тамыр

(Артериялық )

Көк тамырлы

 (вена)

Қыл тамырлы

 (капиллярлы)

Іштей қан кету

1.

 

2.

 

1.

 

2.

 

3.

1.

 

2.

1.

 

2.

 

Қажетті сөздер: таңғыш салу, саусақпен басу, қысып байлау, бүгу әдісі, жәй ғана йодпен өңдеу, салқын қою, аурухана жеткізу

Қорытынды:

1.     Капиллярлық қан кетуді қалай тоқтады?

2.     Венадан қан кеткенде қандай көмек көрсету керек?

3.     Артериядан қан кетудің қауіптілігі неде? Бұны қалай анықтауға болады?

 

 

 

 

Сынып:

ФИО:

Күні:

№10 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Тынысалу және қан айналым жүйелерінің қызметтеріндегі өзара байланыс.

Керекті құрал-жабдықтар: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер

Жұмыс барысы:

1.     Өкпенің құрылысын кестеден, егер бар болса нақпішіннен (муляж) қараңдар. Сырттай қарағанда оң және сол жақ өкпелердің бір-бірінен айырмашылығы бар екеніне көз жеткізіңдер.

 

2.Бір оқушы орындықта тыныш отырған оқушының көкірек қуысының қозғалысын және 1 минуттағы тыныс алуын секундомермен санайды. Ол үшін бірінші оқушының кеуде қуысына қолын қояды. Тыныс шығаруды санамайды. Ал екінші оқушы бірінші оқушының оң немесе сол қолының білезік қызыл тамырының 1 минуттағы лүпілін санайды.

3.Бірінші оқушы 30 секундта 20 рет отырып тұрады. Содан кейін өзінің орнына қайта отырады. Ал екінші оқушы 1 минуттағы тыныс алуды, ал үшінші оқушы тамырдың лүпілін санауға кіріседі. Алынған сандық көрсеткіштерді дәптерге жазады.

4.Тынысалу мен қанайналым жүйелерінің  бір кезеңдегі ырғақтарын анықтау үшін білезік қан тамырының лүпіл санын тыныс алудың санына бөледі. Мысалы: бір минуттағы тамырдың лүпілі 72 рет, ал тынысалу 18 рет болса онда 72:18═4, яғни бір тыныс алғанда тамыр 4 рет лүпілдейді.

1 минуттағы тамыр соққысының жәнә тыныс алуыныңкөрсеткіштері

Өкпенің құрылысы

Отырғанда

30 секундата 20 рет отырып тұрғаннан кейін

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыныс алуы

Тамыр соғысы

Тыныс алуы

Тамыр соғысы

 

 

 

 

 

Қорытынды жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:

ФИО:

Күні:

№12  Зертханалық жұмыс

Сілекей құрамындағы  ферменттерінің крахмалға әсерін байқау.

Керекті құрал-жабдықтар: (Әрбір үстелде) крахмал (құрғақ), дәке, ыдыс (жайпақ ыдыс, түтікше сынауық), спирт ашамы немее электр плитасы, йодтың әіз ерітіндісі бар Петри тостағаншасы, басына мақта оралған сіріңке.

Мақсаты: сілекейде крахмалды ыдыратын фермент бар екеніне көз жеткізу.

Жұмыс барысы:

1.Ыдысқа аздап су құйып, бір шай қасық крахмал салып араластырып, ботқаға айналғанша қайнатыңдар.

2.Кішкене дәкені (бинт) крахмал ботқасына салып араластырып қойыңдар.

3.Сіріңкедегі мақтаны түкірікпен шылаңдар да (ауызда түкірктеу) яғни сілекейге батырып алып, крахмалданған дәке ортасына әріп жазыңдар.

4.Содан соң дәкені алақандарыңа алып, 2-3 минут қысып ұстаңдар.

5.Кішкене ыдысқа йод ерітіндісін (йодқа су қосады) құйып, дәкені йод ерітіндісіне салыңдар.

6. Йод ерітіндісінен алып қарағанда дәкенің крахмалданған жері көк түске, сілекей тиген (белгі салынған) жері боялмай сол күйінде қалады. Себебі, сілекей құрамындағы ферменттердің әсерінен крхмал глюкозаға дейін ыдырайды.

7.Қорытынды жасаңдар

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "8 сынып оқушыларына арналған зертханалық жұмыстар жинағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 508 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2016 19516
    • DOCX 23.4 мбайт
    • 142 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Капышева Канат Есетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Капышева Канат Есетовна
    Капышева Канат Есетовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36608
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 805 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 512 человек

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции