Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Статьи / Оқушымның"Отбасым-менің тірегім" тақырыбына жазған шығармасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Оқушымның"Отбасым-менің тірегім" тақырыбына жазған шығармасы

библиотека
материалов

ҚАЗАҚТІЛІ. ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Жалпы білім беретін орыс мектебінің 1-4 сыныптарына арналған


Кіріспе

alt Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы ең əуелі оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тəсілдері түсіндіріледі.

Жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тəсілдермен жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай түсінгендері айқындалады, яғни жаттығу əдісі оқыту ісінің теориясын практикамен байланыстыруды жүзеге асырады.

Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс атқарғанына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді.


Шəкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда келесі талаптар қойылады.

1.Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.

2.Жаттығу оқушының тілге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруы тиіс.

3.Жаттығу белгілі-бір жүйеге сәйкес құрылуы керек.

4.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.

5.Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек.

Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынадай талаптар қамтылуы тиіс:

1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы;

2) жаттығу талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек.

Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тəжірибеде кездеседі. Құрастыру, салыстыру, талдау, табу, топтау, дəлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың əр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне байланысты.

Əрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалыптастыратын немесе қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын жаттығу əдістерін білгені жөн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерінше жұмыс атқаруға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады.


Фонетикалық жаттығулар


Фонетикалық жаттығулардың міндеті– оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын жəне оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

Фонетикадан алған білімдері мен жаттығуларды дұрыс жазу емле үшін ғана пайдалы болып қоймайды, сонымен қатар оқушыларды əдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін қолдануға болады.

Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады. Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек.

1. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.

Қаза...станның оңтүстіг...нде Отырар деген қала болған. Оны Шы...ғыс хан басып алғыс... келеді. Қала тұрғ...ндары Отырарды ерл...кпен қор...айды. Отырарды қорғауш...лардың ерліг...н хал...қ ешқашан ұм...тпайды.

Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

2. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.

Б...з к...ршілерімізбен тату-тəтті тұрам...з. Көршілер...міз

жақсы к...сілер. Олар бізге ...немі көмектеседі. Мен күнде аулада көрші балалармен ойна...мын. Мен...ң ор...с, қаза..., татар, ...йғыр көршілер...м бар.

3. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.

Мақта жазда гүлде...ді. Күзде мақтаның қауашақтары жарылады. Одан үлпілдеген ақ мақта көрін...ді. Мақтаның ашылмаған қауашағын қоза де...ді. Мақтадан көп нəрсе жасал...ды. Одан жіп иіріл...ді. Жіптен мата тоқыл...ды. Матаның шитінен май шығ...ды.

Мақта өте бағалы болғандықтан оны «Ақ алтын» деп те ата...ды.

Етістіктердің жасалу жолын көрсет.

4. Көп нүктенің орнына д, т әріптерінің тиістісін қой, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.

1. Жаңа ...əуір жастары өсіп келеді. Мен науқасымнан ...əуір болдым. 2. Сынып бөлмесі адамға ...олы екен. Оның көршісі - ...олы кісі. 3. Бұл поезд ...ақ күндері жүреді. Менің ақ көйлегіме ...ақ түсіпті. 4. Ғани мен Талғат екеуі мектептен ...ос. Сен əжеңді ...ос.

5. Берілген сөздерді буынға бөл, буын түрін анықта.

Осы сөздермен сөз тіркестерін құра.

Қалам, сызғыш, ұштағыш, желім, өшіргіш, күнделік.

6. Жуан түбірлі сөздерді теріп жаз.

Мектеп, оқушы, ұстаз, мұғалім, шəкірт, бала, қыз, үлгілі, тəртіпті, дарынды, сауатты.

7. Сөз тіркестерін көшіріп жаз, дауысты дыбыстардың астын сыз.

Үлгілі оқушы, жақсы бала, білімді ұстаз, мəдениетті адам, əдемі қыз, талапты шəкірт, сауатты əже.

8. Жіңішке түбірлі сөздерді теріп жаз.

Отан, ел, мемлекет, тəуелсіз, астана, əдемі, сұлу, халқы, ұлты, қорғайды, сүйеді.

9. Жіңішке дауысты дыбыстарды бір, жуан дауысты дыбыстарды екі сызықпен сыз.

Күз түсті. Айнала сап-сары алтындай. Астық тиеген машиналар тізіліп келеді. Алтын дəн – ел ырысы.

10. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз.

Кітапхана, мектепте, сыныпта, тақтада, бормен, терезенің, есіктің, оқушының, мұғалімнің, балаға, қыздарда.

11. Берілген мəтіннен жуан түбірлі сөздерді бір бағанға, жіңішке түбірлі сөздерді екінші бағанға көшіріп жаз.

Қарағанды жұртшылығы қонақтарды құрметпен қарсы алды. Абайлар кеш бата ауылға жетті. Ғарышқа ұшырылған ғарышкерлер жерге аман-есен оралды. Қазақстан бір миллиард 250 мың пұт астық тапсырды. Бүгін – құрылысшылар күні.

12. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қойып, көшіріп жаз.

Қа...ты жел тұрды. Тең...здің толқыны к...шейді. Асп...нды қара б...лт қор...ады. Бір кезде с...л қ...йып ж...берді. Біз қайы...ты жағаға т...стай бердік. Панала...ға жер іздед...к. Ол күні жа...ын ашылмады. Балы... аула...ға шыға алма...ық.

13. Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған? Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.

Панама, Колумбия елдерінде «таупа» деп аталатын пальма ағашы өседі. Жаңғақтарының салмағы 10 килограмға жететін бұл ағаш100 жыл жасайды екен. Жаңғақтың ішінде 6-10 дəннен тұратын бірнеше қауашақтары бар. Қаттылығы піл сүйегімен теңдес. Осы дəндерден түймелер, моншақтар жасалынады.

14. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді теріп жаз.

Талапты, қолөнер, көпшіл, қаламгер, атамдікі, өнерлі, ағар­тушы, күрекпен, кемпірқосақ, ғарышкер, шыдамды, əжелер, айлакер, терезе.

15. Əр топтан артық сөзді тап.

1. Ата, аға, қалам, құлын, əке, оқу.

2. Құттықтау, немере, шеше, мақала, таза, тамаша.

3. Мұғалім, шілдехана, қазақ, кітап, жаман, қалам.

16. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.

1. Ш...кірттер өс...п қанат қақты. 2. Б...з тапсырманы орындадық. 3. Қысқа дайындық жақсы ж...ріп жатыр. 4. С...зім – шекер, тіл...м – бал. 5. Жанат газетті үзбей оқ...ды. 6. Б...лекті б...рді жығады, б...лімді мыңды жығады. 7. Ол Қанат пен Н...рбибінің үй...н нұсқады.

17. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.

1.Жерді трактормен жыртады. 2. Егінді комбайнмен жинайды. 3. Бригада жұмысқа қызу кірісіп кетті. 4. Мен одан сөзді тоқтатуды талап еттім. 5. Ұжым тамаша табыстарға жетіп келді. 6. Ұстаздан шəкірт озар. 7. Жиналыста оқу-тəрбие жұмысын жақсарту туралы сөз болды. 8. Өзі қазақ тілінде судай сөйлейді. 9. Жəнібектің мұрны да, көзі де, бет-бейнесі де, басы да атасына тартқан.

18. Мына мақал-мəтелдерде берілген сөздерді буынға бөліп, буынның түрін ажырат.

1. Су – диханның қаны, жер – диханның жаны. 2. Еңбек – ердің сəні. 3. Еңбек түбі – береке. 4. Халықтың ортақ үйі – Отан. 5. Бірлік – бұзылмас қамал. 6. Білім – таусылмас бұлақ, өнер – өмірлік мұрат. 7. Өнерлі өрге жүзеді. 8. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. 9. Ер дəулеті – еңбек. 10. Ырыс алды – ынтымақ.

19. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаз. Мəтінді аудар. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.

Ине бұдан 10 мың жыл бұрын .... Ине ағаштан, сүйектен, қоладан, содан соң темірден .... Ал бай адамдар күмістен .... Болаттан істелген тұңғыш инені Еуропаға арабтар .... ХVІ ғасырда Францияда сым созатын машина ойлап табу ине, түйреуішжасау ісіне үлкен жаңалық .... Қазірине химиялық құрамы өте күрделі, сапалы болаттан ....

Қажетті сөздер: жасалады, жасалған, жасатқан, пайда болған, енгізді, əкелген.

20. Мəтінді оқы, аудар. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді тауып буынға бөл.

Қағазды біздің заманымыздың І ғасырында қытайлықтар ойлап тапты. VІІ ғасырда қағаз Парсы еліне, одан Арабияға тарады. Кейін арабтар оны Еуропаға əкелді. Тəжікстандағы Муг тауынан табылған VІІ ғасыр мұрағатының көптеген құжаттары қағазға жазылған.

Ресейде бірінші қағаз фабрикасы ХVІ ғасырда Мəскеу маңындағы Ивантеевка селосында салынды. 1716 жылы І Петр астанаға таяу жерден ірі қағаз фабрикасын салдырды.

Қазір қағаздың 600-ден астам түрі бар.

21. Əр топтан артық сөзді тап.

1. Қасық, табақ, шанышқы, сурет, шəйнек.

2. Студент, институт, дəліз, қонақ, талапкер.

3. Қуыршақ, тəулік, кітап, қаймақ, жəшік.

22. Көп нүктенің орнына қ, кдыбыстарының тиістісін қой, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.

1. Жеріміз енді ...өбейгелі тұрған жоқ па? 2. Басшысы болмаған елде елді... бар ма? 3. Ары... адамның ...өзі өт...ір болады екен-ау! 4. Баянауылсия...ты жерді ...ім сүймейді? 5. Бұл ...ыздың жасы он жетіге жаңа толды. 6. Бала атасының бетіне таңдана ...арады. 7. Анау ...езде отырғызылған жас шыбы...тар кө...теп қалыпты. 8. Өзінің жа...сы ...өретін о...ушыларының бірі Əділ е...ен. 9. Бү...іл ауылдың малы сол ...ұдықтан суарылады. 10. А...ыры асыға күт...ен ұшу сəті де жетті.

23. Көп нүктенің орнына н, ң дыбыстарының тиістісін қой, көшіріп жаз.

1. Үзілмей, қатаймай соққан, бір қалыппен желпіп соққан қо...ыр салқы... жел қа...дай рақат! 2. Мырзасы... қарай гөр! – деді біреу мысқылды ү...мен. 3. Мы... –мың рақмет, атажан! 4. Ой байғұс бала-ай! Қарғадай баламды тағы шырылдатты...-ау, қанішер Майбасар! 5. Ана көк шөпке бауыры...ды төсеп жатар ма еді! 6. Бұл туралы кеше айтпаға... да екенсің! 7. Айнала... а қарашы! Қа...дай тамаша! 8. Ол неғылған о...баған адам! 9. Мұ...дай сөздің кімге керегі бар?

24. Сөздің бір əрпін өзгертіп жаңа сөз құра.

Бар- қас- бес-

лақ- тар- шың-

25. Əріптерді орнына қой, сөздерді дұрыс жаз.

Текмеп, алқма, пткаі , ысбды, ріпə.

26. Көп нүктенің орнына ұ, ү, у дыбыстарының тиістісін қой, көшіріп жаз.

Дам...ы, р...лық, дə...ірін, к...нделікті, алыс..., отыр...мен, р...хани, а...ыз, м...ра, қырк...йек, к...ні, респ...блика, т...ралы, т...рақталып, ...лттық, дамыт..., қолдан..., т...рақтандыр..., атқарыл...да.

27. Жіңішке түбірлі сөздерді теріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.

Алматы– алғаш сақ, кейіннен үйсін тайпаларының мекені болған, орта ғасырларда салына бастаған қала. Қазақстан Ресейдің қол астына қарағаннан кейін Алматы тұрған жерге 1854 жылы «Верный» деген бекініс салынып, Алматы «Верный» деп аталып кетті. Ол 1867 жылы Жетісу əкімшілігінің орталығы болды. 1921 жылы наурыз айының 14-і күні қалаға бұрынғы Алматы аты қайта берілді. Алматы – 1939 жылғы желтоқсан айының 5-і күнінен бері республикамыздың астанасы болды. Бүгінгі күні Алматы – ғылым мен өнер, өндіріс пен демалыс орталығы.

28. Көп нүктенің орнына ө, о дыбыстарының тиістісін қой, көшіріп жаз.

Б...лме, ...лең, ж...лдас, ...қулық, б...с, ...рны, ...тбасымыз, т...рт, ж...қ, ...лардың, к...йлек, қ...нақ, ...тыр, д...п, ...т, ...рындық, ...рал, к...з, Ж...март, б...лсын, ...блыс.

29. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, буынның түрін анықта.

Солтүстігінде, табиғаттың, қолайлы, өлкенің, айдындарын, көлдерді, пайдаланады, үстіне, қара, өсімдіктерін, құюдың, қызуы, жергілікті, қолшатырды, елдерінде, тастармен, гүлдерімен, қауырсындарымен, əсемделген, жауыннан.

30. Əр топтан артық сөзді тап.

1. Қыс, көктем, қала, жаз, күз.

2. Дəрігер, ғалым, мұғалім, халық, аспаз.

3. Құлақ, мойын, мұрын, қол, көйлек.



Қазақстанда шыққан әдебиеттер:



1. Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С. – Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. – 328 б.


2. Аудармашыға көмек: Аударманың көкейкесті мәселелеріне арналған әдістемелік / Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы; Құраст.: Ақыпбек Ө., Тұтқышбаева Г. – Астана: ІС-Cервис ЖШС, 2005. – 240 б.



3. Аудармашыға көмек: Әділет министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы аударма бөлімінің іс-тәжірибесінен / Тіл комитеті. Құраст.: Ақыпбек Ө., Тұтқышбаева Г. – Алматы: Глобус, 2007. – 248 б.


4. Аударманың лексико-стилистикалық мәселелері. А., 1987


5. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. А., 1997


6. Айтбаев Ө. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – А., 1975


7. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – А., 1988.


8. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелері. А., 1998. Алдашева А. Аударматану (Лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер). Оқу құралы/Тіл комитеті; жауап. ред. Р.Сыздық. – Алматы: Арда, 2006. − 248 б.


9. Алтайбаева Д.Ю. Мир перевода. Учебное пособие для студентов специальностей «иностранный язык», «переводческое дело». – Астана: Логос-Астана, 2008. – 128 с.


10. Алтыбаева С.М., Маданова М.Х. Художественный перевод и сравнительное литературоведение: Учебное пособие. – Алматы: Казахская академия образования им. И.Алтынсарина, 2000. – 113 с.


11. Амирова Ж.Г. Основы профессиональной деятельности переводчика. – А., 2009


12. Ахметжанова Ф.Р. Аударматанудың кейбір мәселелері. − Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2009. − 155 б.


13. Ахметов З. Лермонтов и Абай. А., 1954


14. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. – Алматы, 1969


15. Әбілқасымов Б. XІX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі – А., 1982.


16. Әлімбаев М. Қалам қайраты: эсселер мен мақалалар.- А., 1976.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Статьи
Просмотров178
Номер материала ДВ-469019
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх