Инфоурок Другое СтатьиОқушының білім сапасын бағалаудың әдісі.

Оқушының білім сапасын бағалаудың әдісі.

Скачать материал

Оқушының білім сапасын бағалаудың әдісі.

Қазіргі таңда барлық педагогтар мен психологтар білімді, білікті және дағдыларды үйрену үрдісін бақылау қажет екендігін мойындайды. Бұл кез келген типтегі оқу мекемесіндегі педагогтардың жемісті еңбектенуінің міндетті жағдайы болып табылады, әйтпесе олардың іс-әрекеттері мағынасын жоғалтады. Бақылаудың мәні мен мақсатын ашу үшін білімді, білікті және дағдыларды бақылау дидактикалық жүйе ретінде қалыптастырылуы қажет.

         20-шы ғасырдың 80-90 жылдары В.И.Каган, В.М.Максимова, И.П.Подласый, П.П. Пидкасистый еңбектерінде дәстүрлі «білім, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымымен  қатар «диагностика» термині қолданыла бастады.

         Білім сапасын диагностикалау-  білім беру үрдісінің  маңызды бір компоненті. Оның мақсаты- дидакиткалық  үрдістің нақты нәтижесін анықтау, бағалау және оған талдау жасау, түзету, оқыту әдістемесінің   тиімділігін  анықтау.  Оның нысаны- адамның саналы бақылауында  болатын жүйе.  Оқытушының  диагностикалық  әрекеті  оның  кәсіби мамандығымен  тікелей  байланысты. Педагогикалық диагностика, біріншіден, жекелей оқыту үрдісінің  тиімділігін  арттыру, екіншіден, оқытудың  нәтижесін дұрыс анықтауды ұйымдастыру, үшіншіден, оқушыны мамандық тандауға бағыттауда  қолданылады. Осындай нәтижеге жету арқылы, бір жағынан оқу үрдісін, таным әрекетін жоспарлы  жүргізудің  жолдары айқындалады. «Диагностика»  оқыту тәжірибесіндегі «білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымын қамтығанмен, одан мазмұны, мақсаты ауқымды.  Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні көрсетеді.

         Оқыту нәтижелерін бақылау, тексеру дидактикада педагогикалық диагностика ретінде қарастырылады.

          Ал диагностиканы  бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерге талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісі жобалау, яғни педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін атқарады.

Педагогикалық әдебиеттерде оқыту үрдісі  нәтижелерін диагностикалап қана қоймай, сол нәтижеге жетудің жолдары мен амалдары талданылады. Олай болатын болса, білім жүйесіндегі өзгеріс, яғни 12-жылдық білім жүйесіне көшу біздің  алдымызға  келелі міндеттерді қойып, сол міндеттердің шешудің жолын қарастыруды талап етеді.

Нәтижеге бағдарланған білім беру жағдайындағы «білім нәтижелері» күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылатын мақсаттар жүйесі  екені белгілі. Бұл мақсаттар- мемлекеттік деңгейдегі (базалық компетенциялар), білім салалар деңгейіндегі (түйінді компетенттіліктер) және пәндік деңгейдегі  оқу жетістіктері (пәндік компетенттіліктері). Осы жағдайда білім, білік  және дағдыларды әртүрлі жағдайда кешенді қолданудың табыстылығы өлшенеді, әрбір күтілетін нәтижелер негізінде оқушылардың оқу жетістіктері бағаланады.

Оқушылардың білім мен біліктерін бақылаудың, тексерудің  бағалаудың отандық және шетелдік дидактикада нақты анықтамалары жоқ. Мұның ішінде  бақылау – оқушылардың білімі мен біліктерін  өлшеу мен бағалау тұрғысында оқыту процесінің құқрамдас бөлігі ретіндегі жалпы ұғым. Оның негізгі функциялары: оқу мақсатына жету дәрежесі жөнінде объективті ақпарат, оқушылардың даму деңгейін айқындау, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқу материалын игертуде кеткен кемшіліктерді өз уіақытында  айқындау. Тексеру мақсаты- оқушылар оқытылуының деңгейі мен сапасын және олрадың еңбектерінің көлемін анықтау. Тексерудің негізгі қызметі- білімді айқындау және өлшеу. Шетел педагогикасында тексеру әдістерінің ішінде ең көп тарағандары: бақылау, тестілеу, практикалық жұмыс; жазбаша тексеру ауызша тексеруге қарғанда өте үнемді, объективті және тиімді болып саналады.

Соңғы уақытта «дәстүрлік бақылау» түсінігінің орнына кең тараған «диагностика» түсінігінен басқа «мониторинг» түсінігі жиі қолданыла бастады. «Педагог-  білім алушы»  жүйесінде мониторингті  әрдайым жүргізілетін бақылаушы және диагностикалайтын шаралардың жиынтығы ретінде түсіндіреді. Бұл шаралар оқыту үрдісі мақсаттарына сәйкес жүргізіледі және білім  алушылардың  материалды игеру үрдісін бақылау  мен оны түзетуді қозғалыста  қарастырады.    Педагогикада «бағалау », «бақылау», «тексеру» және олармен байланысты басқа түсініктердің анықтамалары нақты айқындалмаған. Кейде олар араласып кетеді, бірдей немесе әртүрлі мағынада қолданылады. Алайда жалпы «түпкілік» түсінік ретінде «бақылау» білім алушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын анықтау, өлшеу және бағалауды білдіреді. Бақылау тексеруді, бағалауды үрдіс ретінде және бағаны тексеру нәтижесі  ретінде, көпшілік жағдайда оның шартты түрінде – бағаны білдіреді. П.И. Пидкастый білімді бақылаудың мәнін білім беру стандартына сәйкес келетін оқушылардың білім деңгейін анықтау екенін көрсетеді. В.С.Аванесов педагогикалық бақылауды студенттерді оқыту және тәрбиелеу нәтижелерін тексеру жүйесі ретінде қарастырады. Шетел педагогикасында білімді бақылау оқушылардың білімді игеру, оқыту, дамыту және тәрбиелеу деңгейлері қарастырылады. С.И.Архангельский ұсынған жоғары мектептегі оқу үрдісін сараптаудың мазмұнды- функционалдық концепциясында бақылаудың бағаны белгілеу үшін маңызы ғана айтылып қоймай, студенттің оқу іс-әрекеттері мен оқытушының оқыту іс-әрекеттерінің тиімділігінің дәрежесін анықтау үшін маңызы қарастырылды. 

Оқыту сапасын көтеру үшін мұғалім педагогикалық бақылаудың белгілі түрлерін және әдістерін орынды әрі сауатты таңдап қолдана алуы, олардың мақсаттары мен функцияларын нақты айқындай алуы керек. Оқушылардың білімдерінің сапасын бақылау үшін әртүрлі әдістер қолданылады, солардың бірі жазбаша бақылау жұмыстары.

Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмысын өткізгеннен кейін жіберген қате түрлерін анықтау арқылы да оқушымен жүйелі жеке жұмыс атқаруға болады. Осы орайда оқу үлгерім мониторингінің алар орны ерекше. Үлгерім монтиорингі дегеніміз- оқушыфлар үлгерімін жүйелі бақылау көрсеткіштері.

Мониторинг кезеңдері:

1.     Дайындық кезеңі

2.     Практикалық кезеңі

3.     Мониторинг нәтижесін талдау

4.     Шешім қабылдау

5.     Даму бағытын анықтау.

Мониторинг міндеттері:

1.     Пән бойынша нақты деңгейді анықтап, жұмысты жоспарлау

2.     Бөлім немесе бір тақырып бойынша оқушылардың қиындықтарын көре білу

3.     Коррекциялық жұмысты қолға алу.

Мониторинг мақсаты:

1.     Мектептегі үш жағдайды көру «Өткені», «Бүгінгі», «Болашағы».

 

Бақылау жұмыстары,тест жұмыстары бойынша  білім сапасын анықтау мониторинг бес кезеңінен құралады.

1.     Дайындық кезеңі:

ü Бақылау мазмұны, тақырыбы әдісі анықталады;

ü Стандарт талабына сай бақылау жұмыстары анықталады;

ü Оқушының қызметін байқау бағдарламасы анықталады;

ü Сынып оқушыларының мүмкіндіктері байқалады;

ü Мерзім белгіленіп кесте құрылады.

2.     Ақпаратты жинау.

ü  Бақылау жұмыстары жүргізіледі;

3.     Ақпаратты талдау:

ü Бақылау жұмыстары талданады, баға беріледі, бір жүйеге келтіріледі;

ü Оқушылардың жіберген қателеріанықталып, сараланады;

ü Диаграмма, кестелер жасалады.

4.     Шешеім қабылдау

ü Төмен көрсеткіштер көрсетіп отырған сыныптарда бақылау жұмыстары жүргізіледі немесе оқушылардың білімін тексеру үшін бақылау түрлері өтеді.

5.     Даму бағытын анықтау

(кесте,диаграмма)

Осындай кестені толтырғаннан кейін, мұғалімдер қате бойынша жұмыс жүргізеді. Қорыта келе оқушылардың білім сапасын арттыру үшін төмендегідей жүйелі жұмыс жүргізуді ұсынамыз.

1.     Тоқсандық юақылау және өзіндік жұмыстарды тест және шығармашылық жазба тапсырмаларды алғаннан кейін жүйелі түрде тексреу.

2.     Әрбір оқушының қатесіне тереңірек үңіліп саралау.

3.     Қателердің ұқсастығына қарай оқушыларды топқа бөлу

4.     Қатемен жұмысты әртүрлі тәсілмен әртүрлі ортада ұйымдастыру.

1.     Жеке баламен қатемен жұмыс жүргізу.

·        Талдау кезеңі. Оқушыға қатені өзіне анықтау.

·        Зерттеу кезеңі. Өзі анықтай отырып дұрыс жауапты іздеуді ұйымдастыру

·        Дәлелдеу кезеңі. Дұрыс жауапты анықтау, дәлелдеу

·        Қорытындылау кезеңі. Дұрыс жауапты айқын дәлелдеу арқылы жіберілген қатемен салыстыру.

2.     Топпен қатемен жұмыс жүргізу.

·        Талдау кезеңі. Бірін-бірі тексеру арқылы дұрыс жауапқа жетелеу

·        Зерттеу кезеңі. Тексерушінің ойын дәлелдету

·         Дәлелдеу кезеңі. Қате мен дұрыс жауапты салыстыру.

·        Қорытындылау

·        А. Қате жіберушінің «Мойындау» сезімін байқау

·        Ә. Қате жібермеудің тәсілін түсінгенін байқау, ұқсас тапсырма  арқылы қатесіз орындауды ұйымдастыру

Мониторинг жүйелі жүргізу нәтижесінде көп сыныптарда жоғары жетістіктер байқалды. Оқушылардың білім сапасын нақты қадағалап, мониторинг түрлерін жүйелі жүргізіп отырудың арқасында, үздіксіз үрдісінде тың өзгерістер болатыны сөзсіз.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушының білім сапасын бағалаудың әдісі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 586 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2016 4424
    • DOCX 22 кбайт
    • 38 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токтарова Сауле Назарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Токтарова Сауле Назарбековна
    Токтарова Сауле Назарбековна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22178
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе