Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Оқушының ғылыми жұмысы "Сексеуілдің өсу жолдары мен түрлері"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Оқушының ғылыми жұмысы "Сексеуілдің өсу жолдары мен түрлері"

библиотека
материалов

Сексеуілдің өсу жолдары мен түрлері

Жұмыстың аяқталған жылы: 2012ж

4. Жұмыс көлемі: 15 бет

5. Әдебиет көздерінің саны: 8

Жұмыстың сипаттамасы:

  • Ғылыми жобаның мақсаты: Ұланғайыр қазақ жерінің шөл даласына сән беретін сексеуілдің қадір қасиетіне баса назар аудару. Сексеуілге биология тарапынан зерттеу жүргізудің маңыздылығы мен ерекшелігіне ғылыми тұрғыда зерттеу, зерделеу, дамыту. Сексеуілге жанашырлықпен қарап оны қорғау, қастерлеп күтуге тәрбиелеу

  • Жүргізілген зерттеулер әдісі: Қажетті дерек көздері мен мағлұматтарды оқу, түсіну, салыстыру, жүйелеу, зерттеу, өзіндік ой-пікір қалыптастыру.

  • Ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері (ғылыми, тәжірибелік): ғылыми жоба жасау, қорғау

  • Ғылыми зерттеулерді қолдану туралы құжаттар (бар)

 











КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.

Сексеуілдің өсу жолдарымен түрлерімен арттыруда ғылыми жұмысында алабұта тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, аса биік емес ағаш бұта сексеуілді пайдалану. Сексеуілдерде өте ұсақ қабыршақ тәрізді жапырақ болғанымен ол тіршілік етпейді. Сонда жапырақсыз өсімдік қалай тіршілік етеді? Құпия мынада – мыңдаған жылдар бойы ыстық жерде өсуіне байланысты кәдімгі жасыл жапырақтың қызметін бір жас бұтақ атқарады. Осы арқылы көптеген гүлді өсімдіктердің жапырағын түсіріп суыққа бейімделгені сияқты, сексеуіл де күннің ыстығында жапырақсыз өсуге бейімделіп алған. Сексеуілдің жапырақ қызметін атқаратын жас бұтақтары жапырақтары жылда түсіп қалады.Сонымен, мәселенің өзектілігі мыналармен түсіндіріледі: жергілікті жердегі сексеуілді қорғаудың тиімді шешімін табу, тұрмыста пайдалану.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Оқушы тақырыптың мәні мен мағынасын ашу үшін мысалдар келтіре отырып зерттеулер жүргізген. Сексеуілді қазақ халқының кеңінен қолданылуына қол жеткізе отырып, оны жойылып кетуінен сақтау.

- Сексеуілге ғылыми зерттеу жүргізу жағдайында мағлұмат. деректер жинақтаған.

Қазіргі кезде сексеуілдің қажеттілігі құны жоғары екені жайлы айтылған оған мысал: Көне көз қариялардың күнделікті тұрмыста сексеуілді пайдалануы нақты дәлел.

1.Сексеуіл сілтісінен (яғни күлінен) ертеде сабынның жоқ кезінде сабын жасаған.

2.Сексеуіл сілтісі мал ауыратын қотыр ауруына ем.

3.Сексеуіл сілтісі ата көкелеріміз ататын насыбайға да қосылады.

4.Сексеуіл сілтісі үй үлескесіне тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

5.Сексеуіл отын ретінде (көмірмен бірдей) үй жылытады.

6. Сексеуіл ұста көрігіне пайдаланылған

7. Сексеуіл бұтасы төрт түлік малға азық болған. т.б.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Ұланғайыр қазақ жерінің шөл даласына сән беретін сексеуілдің қадір қасиетіне баса назар аудару.Сексеуілге биология тарапынан зерттеу жүргізудің маңыздылығы мен ерекшелігіне ғылыми тұрғыда зерттеу, зерделеу, дамыту. Сексеуілге жанашырлықпен қарап қорғау, оны жойылып кетуден сақтау,қастерлеп күтуге тәрбиелеу




Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Сексеуіл – қасиетті ағаш. Ілгеріде ата – бабаларымыз сексеуілдің бірер бұтағын немесе томарын үйдің үстіне шығарып қоятын еді. Үлкендердің сөзіне қарағанда бұл ырым «Жамандықтан сақтайды, найзағай ұрмайды» деген сенімдікті беретін көрінеді.

Бір қызығы сексеуілдің жасын анықтауға да халық даналығы себеп болыпты В.Леонтьев өз саяхатында бір ауылда қаралы жиынға тап болады. Саяхатшы өлген адамның жасының қаншада екендігін сұрағанда бір ақсақал «бар болғаны сексеуілдің жасында қайтыс болды»- деп жауап береді. Сексеуілді 400 жыл жасайды деп түсінетін саяхатшы бұған таң –тамаша болып анықтап сұрағанда, марқұмның жасы қырық бесте екен. Осы сөз себеп болған ғалым сексеуілдің жылдық шеңберін мұхият зерттеуге кіріседі. Сөйтсе осы уақытқа дейін жұрттың шатастырып жүрген сексеуіл сабағы басқа ағаштар сияқты жылына бір рет ғана шеңбер емес сегізге дейін жалған шеңбер жасайды екен. Егер төрт жүзді сегізге бөлсек сексеуіл жасы орташа 40-50 жыл болады. Сексеуілдерде өте ұсақ қабыршақ тәрізді жапырақ болғанымен ол тіршілік етпейді. Сонда жапырақсыз өсімдік қалай тіршілік етеді? Құпия мынада –мыңдаған жылдар бойы ыстық жерде өсуіне байланысты кәдімгі жасыл жапырақтың қызметін бір жас бұтақ атқарады. Осы арқылы көптеген гүлді өсімдіктердің жапырағын түсіріп суыққа бейімделгені сияқты сексеуіл де күннің ыстығында жапырақсыз өсуге бейімделіп алған. Сексеуілдің жапырақ қызметін атқаратын жас бұтақтары жапырақтары сияқты жылда түсіп қалады. Сексеуіл басқа өсімдіктердей жылда гүлдейді. Ұсақ реңсіз гүлдері бір жылдық бұтаққа сағақсыз орналасады. Үш төрт жылдық сексеуілдер гүлдей бастайды, ал 6-12жасқа келген сексеуілден 5 келіге дейін жинауға болады. Бір гектар сексеуіл тоғайы 150-200 келіге дейін тұқым береді.Сексеуіл тұқымы күздің аяғында пісіп жерге шашылады да, қантардың жылылығында өне бастайды. Сексеуіл сырын жақсы білетін орманшылар күздің аяғында тұқым жинауға кіріседі де, қаңтардың басында себеді. Себілген сексеуіл тұқымы тез өседі. Бұлай шұғыл қимыл жасамағанда жағдайда тұқым өнімділігінен айырылып қалады.Сексеуіл құмды шөлдің қорғаны болады, ол құмды бекітіп ұстап тұрады.Алайда шөл даланың көркіне айналған, елді мекендерді құм көшкінінен қорғайтын сексеуілге жанашырлық жасау, адамдар санасынан кемшілік көруде.Шөлейтті дала құм көшкінін «кісендеп» ұстайтын, ұлан-ғайыр адырлардың топырағын эрозиядан сақтайтын, атыраптарда тіршілк ететін елді мекендерді дауылдардан қорғайтын сексеуілдің қадір- қасиетін білмейтін адам аз болар. Шеткі көзге шалынбасқұладүзді құлазудан құтқаратын табиғаты айрықша ағаштың бұл түрі негізінен оңтүстік өңірінің Қызылорда облысы, Арал, Қармақшы аймақтарында өседі. Егер өсімі жақсы болса, тамыры 30 метрге дейін тереңдеуімен жерге де, елге де паналық пайдасы орасан сексеуіл қоры көп. Қызылорда облысыныңҚармақшы ауданына барып тіреледі. Шөлейтті, құмды далада табиғи өсетін қатты ағаш тұқымдасқа жататын сексеуілдің жалпы ақ, қара Зайсан деп аталатын үш түрі бар. Қармақшыда екеуі өседі. Ағы құмды төбелерде, қарасы тегіс жазықтарда өседі.

 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Сексеуілдің түрлері, оны пайдалану жағдайы және сипаттама беру

Сексеуіл- түрік сөзі , қазақшаға аударғанда «аттың құйрығы » деген мағына береді Ауа райы ыстық, құрғақ болғанда жапырақтары түсіп, төмен қарай иілген бұтақтары шыныменде аттың құйрығына не жалына ұқсайды. Алоэның грекше «халоксилон» атауы «тұздыағаш» деген мағына береді. Оларәбден қурағанда топыраққа өте көп мөлшерде тұз бөлінеді, сондықтан Сексеуілдің діңінің астына көптеген өсімдіктер тіршілікете алмайды. Жеті қатжер астынан кен іздеушілер еліміздің заңдары бойынша ормен қорының меншігіндегі аумақта бұрғылау ісін орындауға кірісер алдында сол тұстағы құнарлы топырақ қыртысын залалсыз орынға ішінара белгіленген алқапта,сынған бақтақтарын, қурағандарының санитарлық мақсатта ғана кесуге рұқсат етіледі. Бірақ, кейбір үйлердіңауласында тау-тауболып үйілген сексеуіл дөңкелері оған місе тұтушылықтың, қанағатшылдықтың жоқ екендігін айқын аңғартып тұр. Сексеуіл егістік қорғау ормен алқабын отырғызуда, құмға, әсіресе топырағы тұзданған құмдарға отырғызуға пайдаланылады. Сексеуіл ормандарын мемлекет өз қорғауына алды. Сексеуіл тұқымын кейде самолетпен шашады. «Қаланы құм баспасын десеңіз, далаға сексеуіл егіңіз!» деген сөз бар емес пе? Бүгін де кең-байтақ қазақ жерінің 60 пайызы шөлді аймаққа айналып, топырақтың құнарлылығы төмендеп, тұзданып барады. Сәйкесінше,мал және өсімдік шаруашылығындағы өнімділік азайды. Қоршаған ортаға орасан зор залал келіп, халықтың денсаулығынашарлап кетті. Сондықтан орман-тоғайларды қорғап, өсімдік пен ағашқорын көбейтіп, жасыл белдеулер жасау, табаны құрғап, миллиондаған тонна тұз бен құмы, шаңы мен тозаңы көкке көтеріліп жатқан Арал өңірін көгертуге барынша күш жұмсау қажет. «Балапанды күзде санайды» демекші, шығымдылығы 60 пайызды құраса, мақсатымызға жеткенбіз. Ауа-райы жауын-шашынды болса, сексеуілдің өсуіне қолайлы болар еді. Ең бастысы, тамырланып кетсе, әрі қарай көкке мойнын соза береді. Сексеуіл алқабының ауқымын ұлғайтуға қатысты қажетті жағдайлардың бірі ауа райының қолайлылығына тікелей байланысты екенін білдік. Бұл оны қолдан өндіру. Яғни, піскен дәнін жинап, Алматыдағы арнайы зертханадан сұрыптаудан өткізіп, осы мезгілде айдалған жерге тұқымын себу. Мұның да өзіне тән ерекшелігі, қиындығы бар. Көктемде жердің бетіне қылтиып қана өскен балапан сексеуіл жылдың осы мезгілінде суықтық 7 градустан аспаса және жаз аптабынан аман қалса, одан әрі ызғарға көндігіп,бой алып өсіп кетеді.Өнгені күзде 25 пайыз деп есептелінсе, әрі қарай күтімге алынады.Бұдан төмен болса есептен шығарылады.Сексеуіл егістік қорғау ормен алқабын отырғызуда, құмға, әсіресе топырағы тұзданған құмдарға отырғызуға пайдаланылады. Жалпы, әлем елдерінде сексеуілдің онға тарта түрі болса, біздің елімізде оның ақ, қара және «зайсандық» деп аталатын үш түрі ғана кездеседі. Ал біздің облысымызда сек­сеуілдің ақ және қара түрлері кездессе, зайсандық сексеуіл тек Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аумағында ғана өседі. Сексеуіл құмды шөлдің қорғаны болып табылады. Олай дейтініміз құмды бекітіп ұстап тұрады.Сексеуілдің жас өскіндері түйеге, қойға жақсы азық. Оның себебі жас бұтақ жапырақтың қызметін атқаратын болғандықтан құрамында малға қажетті барлық органикалық заттар болады және көп суы бар. Бұл малға бір жағынан азық болса, екіншіден сусын. Сексеуіл шөлдің тірі қазба байлығы болып табылады. Оның себебі отқа жаққандағы қызуы жағынан нағыз қазба байлық тас көмірден кем түспейді.Сексеуіл күлінен сақар (тыңайтқыш) өндіріледі .Сексеуілдер қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтап тұруда ерекше орны бар. Дүлей соққан желден құм көштерін тоқтатады.Сексеуілдерді қорғаныш ететін жан-жануарлар мен жәндіктер қаншама. Әсіресе түз тағылары киіктерге сексеуілдер арасы өсіп өнулеріне өте қолайлы.Қазақстанда қолданылуы мен жойылуы. Қазірге дейін жұрт сексеуілдерді отқа тамызық ретінде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгерді. Көмірдің жетіспеушілігі мен қымбаттаушылығы елді мекендерде тұратындарға ауыр тиіп, сексеуілді таза отын ретінде қолдана бастады. Бұрын ауыл іргесінде өсетін сексеуілдерді қазір елу, алпыс шақырым қашықтықтардан ғана көре аламыз. Қалаларда кәуап орындары көптеп ашылып, сексеуілге деген сұраныс барынша артқанда, жұрт алатынды шығарды. Соның салдарынан сексеуіл алқаптары бұрынғы көлемдерінен мүлдем кішірейіп кеткен. Тіптен тұқымы құрып кету алдында тұр десек асылық айтқандық болмас. Бұл қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізуде. Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшіп, аңдары басқа жаққа ауып жатыр. 2007 жылды тілге тиек етсек, тек Қызылорда облысында 450 заңсыз сексеуіл кесушілер ұсталған. 2011 ж. қазанның 14. Қызылорда облысында Арал теңізінің кеуіп қалған терең түбіне сексеуіл отырғызу жұмыстары басталды, осы арқылы ауаға тұзды шаң қалдықтарының таралуын төмендету көзделіп отыр. Аймақтық бағдарлама бойынша, облыстық бюджеттен қаржыландырылған сексеуіл отырғызу көлемі осы жылы 2 600 гектарды құрамақ. Қандай бір ағзаның сусыз тіршілік ете алмайтыны белгілі. Ал құмды, шөл жерде судын аз екендігі өзінен – өзі түсінікті. Осыған орай сексеуіл су «аулауға да » бейімделіп алған, осы жас сексеуілдің өсуін бақылаудан айқын байқауға болады. Көктемде сексеуілдің тұқымы өне бастасымен –ақ жер асты суы ысттықтың әсерінен тереңге «қаша »бастайды. Тұқымнан шыққан тамыр тез өсіп суды қуалағандай тереңге тез ұзартып өсе береді. Осы жылдамдық пен сексеуіл тамыры бірінші жылы үш метрге дейін ұзарады. Бұдан кейінгі жылдары сексеуіл тамыры 20-30 метрге дейін ұзарып өседі. Дегенмен, осы қаулының өмірге келуіне Алматы қаласының (1,5 млн халқы бар) жанындағы Балқаш өңіріндегі және Тараз қаласының (1.млн-ға жақын халқы бар) жанындағы Мойынқұм өңіріндегі сексеуіл қорының күртазайып кетуісебеп болды деп ойлаймыз.Себебі, қала халқы сексеуілді құрып кету қаупі төнді. Бұл дер кезінде қолданылған оң шара болды.Біздің аймақтағы 6,2 млн. Гектар орман қорына 2001 жылы « Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» есеп жүргізді.Облыс көлемінде 397,5 мың гектар жерде 2 млн. Текше метр пісіп жетілген және толық қартайған, шіріп құлаған сексеуіл қоры 10 жыл бойына пайдаланылмады. 700 мың тұрғыны бар біздің облыс халқы жылына 40 мың текше метр отын пайдаланылады дегеннің өзінде, 50 жылға жететін отындық сексеуіл қоры бар. Орман шаруашылығын ғылыми негізде жүргізу ережесібойынша мұндай көлемде пісіп жетілген, қартайған-шіріген сексеуілдікті одан әрі ұстап тұру, жалпы орман шаруашлығына кері әсерін тигізеді. Ол жерде тамыры арқылы және тұқыммен өсіп – жетілген өскіндердің көбеюі шектеледі. Темірді қыздыру, басқа металдарды балқыту үшін ұсталар қызу-қуатымен сексеуіл шоғын пайдаланды.Шөлейтті, құмды далада табиғи өсетін қатты ағаш тұқымдасқа жататын сексеуілдің жалпы ақ, қара, Зайсан деп аталатын үш түрі бар. Қармақшыда оның алдыңғы екеуі өседі. Ағы құмды төбелерде, қарасы тегіс жазықтарда өседі. Оларға баяу бой көтерер кірпияздық тән. Жиырма бес жылда 1,5-2метрге дейін өседі. Олар осы кезде ғана пісіп жетіледі.Ақ сексеуіл – бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейін жететін тал-шілік. Негізінен құмдауыт әрі сортаңдау жерлерде өседі. Құрғақшылыққа бейім. Жапырақтары өте кішкене. Бұтақтарында ұсақ, жұмыр, шырынды, күңгірт Органикалық заттар өркендерде ғана бар. Көктемнің бас кезінде өркендерінде ұсақ – ұсақ жасыл түсті гүлдер шығады да, тұқымы күзде піседі. Тұқымы жалпақтау келеді де, оның бозғылт немесе қызғылт түсті үлпілдектері болады, сол арқылы бір жерден екінші жерге ұшып кетеді. Сексеуілдің өркенін ауызға салып шайнаса, оның дәмі сортаң-кермек татиды. Сексеуілдің жас бұтақтары мен тұқымын түйе жыл сайын күзде және қыста жейді. Оның тамыры 10-11 метр тереңдікке дейін кетеді. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биіктігі 5 метрге дейін өсетіндері бар. Қара сексеуіл аққа қарағанда жуандау әрі ірі келеді. Оның өсу биіктігі көбіне 10-12 метрге дейін жетеді. Ал тамыры 11 метрден де тереңдікке кетеді. Сұрғылт қоңыр түсті діңінің диаметрі 35см. Оның ұшында жоғары қарай тік өскен әжептәуір шырынды жас бұталары бар. Жетілмеген жапырақтары сүйел тәрізді. Топырақтың тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы көбейе алады. Ағашының көлденеңінен сынуы өте қиын, оның есесіне ұзынынан жақсы ажырайды. Бұлар шоғырланып өседі. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрізді. Өз ұрығы есебінен табиғи түрде өсуге бейім. Біздің елімізден басқа Орта Азияның шөлді, құмды, сортаң жерлерінде көп кездеседі. Сондай-ақ, тақыр жерлерде де өсуге бейім. Қара сексеуілдің де жас әрі жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйісініп жейді.

 

 








1.2 Сексеуілдің жойылу қаупі

Биология ғылымында «энтомология» сөзі бунақдене деген мағына береді.Сондықтан сексеуілдің ең бірінші жауы Сүген қоңызы болып табылады. Оның личинкалары температура көп өзгермейтін сексеуіл тамыр мойынның айналасын бұрандалап тесіп кіріп алады да жыл сайын көбейе береді. Оның тескен «туннелъдеріне» шөл саңырауқұлағы-перия орны теуіп, ағашты жей береді. Біртіндеп сексеуілдің ара да балта да сындыра алмайтын темірдей ағашы борпылдап жұмсарады енді күшті жел соққан кезде әлі де көп жыл жасауға шамасы бар сексеуіл ағашы құлап қалады.Сексеуіл өсімдігінің маммалогиялық жауларына жер асты құм тышқандары жер астына сексеуілдің тамырын түк қалдырмай жеп қояды. Құмтышқан жерасты жұмысымен қанағаттанып қана қоймай сексеуілдің гүлі мен жемісін де жеп қояды. Жемісі жер бетінінен 2-3 метр биік орналасқанына қарамастан тышқан оған өрмелеп шығып, бұтағын бағбандарша кесіп түсіреді. Кейде бір жылдық жемісті түгелдей құртып жібереді. Құмтышқандар суы мол шырынды жас бұтақтарды да қиып түсіреді де, сусынын қандырады. Кесілген бұтақтың орнына бұрынғыдан да шырынды бұтақ өседі, тышқан оны кесіп сусындайды. Осылай көп қайталанған соң ақыры сексеуілдің күші таусылады да кеуіп қалады.Ал сексеуілдің үшінші антропогендік жауларына адамдар жатқызылады екен. Жуырда Қазақстан Республикасының Құ­қық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің отырысында кеңес төрағасы Қайрат Мәми сек­сеуілдің барлық түрлерін Қазақстанның Қы­зыл кітабына енгізуді ұсынған болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31-мамырдағы №441 қаулысына сәй­кес­ сексеуілді кесуге 10 жылға дейін мораторий жарияланғаны белгілі. Сондай-ақ елі­мізде сексеуіл өсіруді жылдан-жылға көбейту де қол­ға алынуда. Өткен жылы сексеуіл тұқымы 6000 гектар жерге себілген болса, биыл 6500 гектар жерге себілген. Айта ке­терлік жайт, басқа ауыл шаруашылық өнім­дерін техникаландыру мәселесі дұрыс жол­ға қойылғанымен сек­сеуіл тұқымын жинау да, себу де аса қиын. Мұның барлығы қолмен атқарылады. Жуырда сексеуіл өсірудің өзбекстандық технологиясын қолданып көр­генмен, ол да жетіл­меген технология болып­ шыққанға ұқсайды. Ал елімізде сексеуілді кесуге 10 жылға мо­раторий жарияланғанымен, толысып, өсіп жетілгендерін, яғни 25 жылдан ары қарайғы сексеуілдерді арнайы рұқсатпен кесуге болады. Қазір сексеуілдің 1 текше метрінің сатылу бағасы 1200-1800 теңге көлемінде. Ал заңсыз кесілген сексеуілдің 1 текше метрі үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл 6490 теңге болады екен. Яғни сатылу бағасынан 5 есе көп.Бірақ құқық қорғау органдары табиғатты қорғау мәселесін дұрыс көтеріп жатқанымен оны заңға сүйеніп те, заңсыз да  кесу тоқталар емес. Мысалы, өткен жылы Біріккен Араб Әмірліктерінен дуадақ аулауға келген араб шейхтарына сексеуілден 315 текше метр отын дайындап берілген болса, биыл оларға деп 400 текше метр сексеуіл ағаштары кесіліп отыр. Яғни отын дайындау өткен жылғыға қарағанда 85 текше метрге артқан. Биылғы жылы отынды шейхтарға Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік меке­месі дайындап беріп отырған көрінеді.

Бұған қарап елімізде сексеуіл өсіруді арт­тыру шетелдік қонақтардың көңілінен шығу үшін қолға алынып жатқан жоқ па екен деп те ойлап қаласыз. Оңтүстіктің аязы қысып тұрған шақта қызуы қатты отын – сексеуілге ауыл тұрғындары жаудай тиюде. Арнайы қозғалатын аймақтағы отын атаулыны жүк көліктерімен де,арба мен де тасып түгесуге кіріскендей. Тіпті оған осы аймақты қорғауы тиіс қызметкерлердің өзі де бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кетіпті. Табиғатқа қорған болуы тиістілердің өздері сексеуілдің жойылу қаупі алдында тұрғанын ойламайды. Сексеуіл тұқымын қорғап қалу мәселесіне байланысты РеспубликаҮкіметінің 2002 жылғы «Қазақстан Республикасындағы алқаптарда сексеуілді қорғау шаралары туралы»қаулысы қабылданғанға дейін сексеуіл кесудің белгілі бір мөлшерде лимиті болған. Сол лимит бойынша сол жылға дейін 1630текше метр жердің сексеуілдері кесіп алынды. Өкініштісі сол кесуге тыйым салынған қаулыдан кейін, сол жылдың өзінен-ақ облыс көлемінде сексеуілдің санитарлық кесу көлемі 8701 текше метрге өсіп кетті. Негізінен санитарлық кесуге ауырған және отыз жалдын асып шіри бастағандары қорғау басқармасы тарапынан сарапшылар тобы құрылып, сексеуілді алқаптарды аралап, кесу лимитін нақты анықтауы қажет.Сексеуілдің ұлғаюы, экологиялық жағдайды жақсартуға, құм көшкінін тоқтатуға, мал жайылымын жақсартуға,микроклиматты оңалтуға, адамға, жан-жануарға пайдалы. Сондықтан сексеуілді «Қызыл кітапқа» енгізу жөніндегі ұсынысты толық мақұлдауға болады. Орман шарушылығын жүйелі түрде, ғылыми негізде жүргізу үшін жоғарыда айтылғанжайттар толық ескеріліп, жүйелі түрде арнайы мамандардың бақылауымен санитарлық кесу жүргізіп отыру қажет. Бұл орманды таза сақтау үшін арнайы жүргізіп отырмаса болмайтын шара. Әрі халық қажетті отынмен қамтамасыз етіледі. Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы табиғи өсіп тұрған өсімдіктер мен бұталар, сонымен қатар адам қолымен егілген сексеуіл және басқа өсімдіктер толық «Қызыл кітапқа» енгізілуі тиіс. Себебі ондағы әрбір өсіп тұрған өсімдік экологияны жақсартуға жұмыс істеп тұр. Сексеуілді отап, құртып жоюдан арыға аса алмайтын пенделер арамызда аз емес көрінеді. Нақты кезеңде Қармақшы ауданында 546000 гектар аймақта тоғайлы сексеуілді алқап бар. Әрине бұның өзі аз көрінеді. Жаппай жаңа шаруашылықтар ашыла бастаған 1964 жылдан бастап 2001 жыл аралығында осы өңірдің өзінде 11 мың гектар жердің сексеуілі құртылған деген қорытынды келтірілген: құртылуының себебі сол кезеңдерде құрылыстар салу мал қораларымен қыстауларды орналастыру кезінде табиғатпен санасқан ешкім болмағаны көрініп тұр. Бүгінгі таңға дейін сексеуілдің орны үңірейіп тұрса да, сексеуілді ұрлап сататын қарақшылар азаймаса күннен – күнге көбею үстінде Сексеуіл тұқымнан өніп биіктей бастасымен оның көлеңкесіне күннен қашқан қияқтар мен астық тұқымдастары қоныстана бастайды. Олардан қорғаланған сексеуіл жерден сорып алған тұздардың артығын денесінен шығарып, жерге шашады. Жылдан жылға жиналған тұз қалыңдап, топырақ беті тұздан тұратын қалыңдығы саусақтың қалыңдығындай қабыршаққа айналады. Бұл кезде күннен қашқан астық тұқымдастар мен қияқтар сексеуіл түбінен қолмен сыпырғандай жоғалып, әлі де сексеуіл көлеңкесі түсетін тұзды қабыршақты шетіне жағалай орын ауыстырады.

Бір гектар сексеуіл орманынан 2 тоннадан 50 тоннаға дейін отын алынады. Ал 1 текше метр сексеуілдің беретін жылуы 1,7 текше метр қайың отынына тең.Сексеуілден лимон, қымыз қышқылдары, сода, С витамин, түрлі бояу т.б. заттар алынады. Халық аңыздарында сексеуілдің қасиетін даралап пір тұтады. Мысалы: бір деректе «Ол бір түйемен Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи әулиеге он түйеге артарлықтай сексеуіл жеткізеді . Шаршап бір сексеуілдің көлеңкесіне демалайын деп қисайдым, көзім ілініп кеткен екен».Сан ғасырлық тарихы бар қазақ жерін қай саласына қарай ойыса айтсақта мүмкіндігіміз мол. Елімізден 6000- ға жуық өсімдіктер түрлерін кездестіруге болады. Тіпті бірінші орында тұр десекте болады.Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішінде мол қасиеті мен маңыздылығымен ерекшеленетін бұта тектес өсімдік сексеуілдің ерекше қасиетін зерттеудің маңыздылығы айтпасада түсінікті деп ойлаймын. Мал бағумен ықылым заманнан айналасқан қазақ халқы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Сондықтанда осы жүзеге асыру мақсатында сексеуілдің халықтық педагогикасында алатын орны ерекше.

ҚОРЫТЫНДЫ

Тұғыры биік Қазақ жері ұланғайыр. Өлкеде орманды, далалы, таулы, шөлді, шөлейтті және тағы басқа да табиғи жағдайлар әр түрлі болып келетін аймақтар бар.

Міне, сондықтан да Қазақстан өсімдіктер дүниесі бай және олар алуан түрлі деуге болады. Нақты мысал ретінде өзімнің көне көз атамнан күнделікті тұрмыста көріп жүрген сексеуіл туралы білетінімді айтқым келеді.

1. Сексеуіл сілтісінен (яғни күлінен ) ертеде сабынның жоқ кезінде сабын жасаған. Біздің үйде әжем жасаған сабын болатын еді (Сахар-ақ сабын). Қазір әкеле алмай қалдым. Сіздерге келесіде әкеліп көрсетемін деп уәде беремін.

2. Сексеуіл сілтісі мал ауыратын қотыр ауруына ем. Әсіресе майда малға (қой , ешкі, қозы,лақ) Сілтіні теріге сіңіріп сылайды. 4 -5рет жаққанда қотыры түсіп қалады.Мен атамның емдегенін көзіммен көріп атама көмектескенмін.

3. Сексеуіл сілтісі ата көкелеріміз ататын насыбайға да қосылады.

4. Сексеуіл сілтісін үйдегі азын аулақ жерге жүйектеп егетін көкөніс қарығына күзден бастап сеуіп қояды.көктемде топыраққа араластырып кетпендеп, тырмалап көкөністі егеді. Ол жерге арам шөп шықпайды, шықса да аз мөлшерде шығады. Мол өнім береді.

5. Сексеуілдің қызуы көмірмен бірдей тіпті одан артық деуге де болады үй жылытуда.

6. Сексеуіл шоғын ертеде аталарымыз ұста көрігіне, төрт түлік малды таңбалауға (арнаулы темірді қыздыруға) пайдаланған.

7. Қазір көше бойында, базарларда, тіпті сый қонаққа дайындайтын шащликті сексеуіл шоғына қақтаған

8. Сексеуіл шоғына піскен таба нан өте дәмді болады.

Сан ғасырлық тарихы бар қазақ жерін қай саласына қарай ойыса айтсақта мүмкіндігіміз мол. Елімізден 6000-ға жуық өсімдіктер түрлерін кездестіруге болады. Тіпті бірінші орында тұр десекте болады. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішінде мол қасиеті мен маңыздылығымен ерекшеленетін бұта тектес өсімдік сексеуілдің ерекше қасиетін зерттеудің маңыздылығы айтпасада түсінікті деп ойлаймын.

Мал бағумен ықылым заманнан айналасқан қазақ халқы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Сондықтанда осы жүзеге асыру мақсатында сексеуілдің халықтық педагогикасында алатын орны ерекше.

Сондықтанда осы ойымды жүзеге асыру мақсатында

 

ҰСЫНЫС:

1. Шөлді, құмды жерлерде қорған болған сексеуіл аз зерттелген, сондықтан да зерттелу аясы кеңейсе.

2. Қазіргі кезде сексеуілді алқапты қорғау аймақтық дәрежеде, осы қорғауды мемлекеттік қорық деңгейіне жеткізсе.

3. Жоғарыда атап өткен халық педагогикасына сүйене отырып, сексеуілді тұрмыста кеңірек қолданысқа енгізсе.

 









ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

«Сыр елі: Қызылорда облысы» энциклопедиясы, Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 446-447 б.б.

«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» Б.Мұханов, Т.Мұсақұл, Н.Суворов, Алматы 1966 ж, 46-47 б.б.

«Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» Ә.Іскендіров, Алматы «Қазақстан» 1982 ж

«Жабайы өсімдіктері сыры» Қ.Ж.Сыбанбеков, Алматы Қайнар, 1986 ж, 24 бет

«Табиғат және адам» С.Ысқақов, «Қазақстан», «Алматы», 1967ж


















МАЗМҰНЫ

Кіріспе ……………………………………………………………………….4-5

І тарау Сексеуілдің түрлері, оны пайдалану жағдайы және сипаттама беру ………………………………………………….. 6-11

Сексеуілдің қоршаған ортаға тигізетін пайдасы…………………………………………………………9-10

1.2Сексеуілдің жойылу қаупі……………………………………………..11

ІІ тарау Сексеуілдің халық педагогикасында алатын

орны мен ролі ………………………………………………………………..12

Қорытынды……………………………………………..……………13

Ұсыныс ………………………………………………………………………….14

Пайдаланылған әдебиеттер………………………..…………………….15





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-421523

Похожие материалы